Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау ... ... ... ... .13
2.Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау ... ... ... ... ... ... .42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері ... ... ... ... 47
3.Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы ... 50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы ... ... ... ... ..65
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ..

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық
құқықтағы маңызы

1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында
алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау ... ... ... ... .13

2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша
калификациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау ... ... ... ... ... ... .42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері ... ... ... ... 47

3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау

3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы ... 50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының
субъективтік жағын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы ... ... ... ... ..65

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...73
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 5

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз
демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады.
Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық
саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык
катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға
бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге
асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды
міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да
жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды
жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан
айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды
жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық -
нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру
міндеттері түр.
Қазақстан Республикасы Конституциясында сәйкес біздің
мемлекетіміз демократиялық құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып
табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы,
құқық қорғау органдарының маңызы ерекше.
Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде
құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын
мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің
бір болып саналады.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі
ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстың
жауаптылықтың негізгі мен шектерін сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық басқа да құқық салалары сияқты белгілі бір қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқықтың бірден – бір жалғыз формальды қайнар көзі –
Қылмыстық Кодекс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 11 - бабын алатын
болсақ, онда Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы деп аталады. Қазақстан
Кодексінің 11 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс
ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық
әрекеттер қатарынан тұрады
Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы
үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса немесе мұндай қылмыс
үшін қылмыстық жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет
жасалған деп танылмайды - деп Қылмыстық Кодекстің 11- бабының үшінші
бөлімінде анық айтылған, сол сияқты, бұл жағдайды Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Пленумы да бірнеше рет атап көрсеткен.

1 - Тарау Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы
маңызы

1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында
алатын орны

Қылмыс құрамының басты элементтерiнің бiрi және қылмыстың жасалу
процесiнiң бастапқы кезеңiнде орын алатын субъективтік жаққа қатысты
белгiлер болып табылады. Қылмыс құрамында субъективтік жақтың алатын орнын,
ол қылмыстың iшкi жағына қатысты сипаттаманы, яғни жасалған қылмысты iс-
әрекетке және тағы басқа белгiлеріне байламысты адамның ми жұмысында болған
сезімдердi ашу және осi негiзде iс-әрекетке құқықтық баға беру ретiнде
түсiну керек.[1]
Бiз бұған дейiнгi бөлiмдерде қылмыстық субъективтiк жағының
белгiлерiмен объективтiк жақтың белгiлерiнің арасындағы байланысты бір
медальдiң екi жағы түрiнде бағаладық. Себебi қоғамға қауiптi iс-әрекет,
елеулi зардап және қылмыстың орны, тәсiлi тәрiздi белгілер қылмыстың сыртқы
көрінісін көрсете алғанмен, оның iшкi жақтарымен, яғни адам психикасындағы
қоғамға қауіпті ой, ниетпен үндесiп жатпаса, онда қылмыс құрамының
субъективтiк жағы. субъектiсi тәрiздi элементтерi жоқтығын көрсетедi.
Сондықтан қылмысқа квалификация жүргізуде Қ.К. Ерекше бөлiмi баптарын
қолданудың басты талабы барлық жағдайда заңмен қорғалатын объектiнің
бұзылуы болып қана қоймайды, сонымен бiрге заңның нақты бір бабына сәйкес
келетiн қылмыстың объективтiк және субъективiк белгiлерiнiң бiр-бiрiмен
мағынасы бойынша сәйкес келуi деп түсіну керек. Анығырақ айтқанда қылмыстық
субъективтiк жағындағы белгiлердi объективтiк жақ көшірiп, қылмыстың
жасалғандығын көрсетеді.
Қылмыстың субъективтiк жағы дегеніміз, қоғамға қауіпті iс-әрекет
жасаған адамның психикалық сезiмдерiн бiлдiретiн қылмыс құрамының iшкi жағы
белгiлерi болып табылады. Субъективтiк жақты құрайтын қылмысқа деген кiнәлi
адамның ми жұмысындағы iшкi жақтың белгiлерiне кiнә, ниет және мақсат
жатады. Осы үш белгi қылмыстың және қылмыстық құқықта зерттелетiн қылмыстық
құрамдардың субъективтiк жағын толық ашып беруге жарамды деп саналады.[2]
Жасалған қылмыста субъективтік жақты сипаттайтын белгілердің бар екендiгін
анықтау кезiнде қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетiн кінәні
анықтаудың өзi де жеткiлiктi болып табылады.
Жасалған қылмыста басқа құрам элементтерi болғанмен субъективтiк
жақтың болмауы, ол адамның кiнәсiз зардап келтiргендiгiн бiлдiрiп, қылмыс
құрамының жоқ екендiгiн көрсете алады. Адамның белгiлi бiр іс-әрекет жасау
кезiнде алдымен оны ми жұмысында шешетiндігiне байланысты, егер ми жұмысы
әрекеттi билей алмаса, онда ондай әрекет жасаған адамның есi дұрыс емес деп
танылады. Демек, адамның iс-әрекетке және оның нәтижелерiне деген ми
жұмыстары тек қылмыстың субъективтiк жағына ғана қалтысты емес, ол қылмыс
субъектiсi мәселесіне де қатысты болып табылады. Бұл екi мәселеде адамның
ми жұмысының құқықтық тұрғыда қолданылуында айырмашылық бар. Қылмыстың
субъективтік жағында iс-әрекет жасау кезiнде есi дұрыс адамдардың ми
қызметi туралы айтылса, ал қылмыстық субъектiсіне қатысты мәсіледе есi
дұрыс еместiк туралы айтылғанда, ми қызметi дұрыс еместiк түрлерi
келтiрiледi.
Қылмыстың субъективтiк жағына қатысты мәселелер қылмыстық құқық
теориясында күрделi болып табылады. Қылмыстық құқықта заңның Ерекше
бөлiмiнде қарастырылған кейбiр қылмыс түрлерiның, мысалы өзiн-өзi өлтiру
жағдайына жеткізу қылмыстың кiнә нысандары даулы болып кездеседi. Қылмыстық
құқық туралы оқулықтардың кейбiреулерi бұл қылмыстың кінә нысанын
абайсыздық және қасақаналық деп анықтаса, ал кейбіреулерi тек жанама
қасақаналық деп айып жатады[3].
Бұл тақырыптың практикалық тұрғыдан күрделiлiгi, ол кiнәлінің
әрекеттерiне және оның зардабына деген психикалық қатынасын, яғни әр түрлi
психикалық қатынастарын көру, ашу барлық кездерде мүмкiн бола бермеуiне
байланысты. Бұл мәселенi анықтау үшiн практика қызметкерлерi адамның
жасаған әрекетiнің сипатына, түрiне және өзге де объективтiк жағдайларына
көңіл аударып, ол адамның қылмыс жасау кезiндегi ойын ашуға тырысады.
Практикалық тұрғыдан бұл мәселенің келесі күрделілігі және өзектігі,
адамның кінә түрін дәл анықтаудың қылмысты квалификациялауда және
жауаптылық белгілеуде маңызды, шешуші роль атқаруына байланысты болып
табылады. Сот-тергеу қызметкерлерінің іс-әрекетті субъективтік жағы бойынша
қате квалификациялауы жиі кездеседі. Мысалы М. Және Ю. мас күйінде
төбелесіп, М. ауыр жарақат келтіруі мақсатымен Ю.-ны самбоның тәсіліне
салып басынан асырып лақтырып жібереді. Осы тәсілге салып лақтырудың
нетижесінже Ю. канализация құдығынан шығып тұрған бетон плаформасына
басымен соғылады. Бұдан кейін М. оның басынан бірнеше рет ұрады, осы алған
жарақаттардан Ю. ауруханада қайтыс болады.[4]
Бұл істі Қарағанды қаласының Ленин Аудандық соты ҚК 103 бабының 3
бөлімімен абайсызда мәжбүрлеушінің өліміне соқтырған қасақана денсаулыққа
ауыр зардап келтіру деп бағалайды. Қарағанды обылыстық сотының қылмыстық
істер бойынша сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалған.
Ал ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы 101 баптың
1 бөлімімен абайсыздықта қаза келтіру ретінде және 104 баптың 1 бөлімімен
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру деп квалификация
жасайды.[5]
ҚР Жоғарғы Сотының Президиумы жәбірленушінің арызы бойынша істі
қарап, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша алқасының қаулысын дұрыс емес
деп бағалайды және 1 инстациядағы соттардың квалификациясын дұрыс деп
қайтадан ҚК 103 бабының 3 бөлімімен белгілейді.
Жоғарғы Соттың Президиуімі М. арнайы лақтыру тәсіліп қасақана
қолданып отырып, Ю.-дың денсаулығына ауыр зардап келуі мүмкіндігін көре
білген және осындай зардаптың келуін тілеген. Бұл туралы М.-нің кейінгі
әрекетінен жәбірленушінің бетінен бірнеше рет ұруы дәлел бола алады. Сот –
медециналық сараптамасының қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр дәрежелі
зардап спорттық тәсілді қолдану және бетінен ұру нәтижесінде келтірілген.
Жәбірленушінің өліміне М.-нің кінәсі абайсыздықта болған, ол жәбірленушінің
өлімі болу мүмкіндігін көре білмеген, бірақ көре білуге мүмкіншілігі және
міндетті болған дей отырып, әдепкі қараған соттардың квалификациясын дұрыс
деп таниды.
Жоғарыда мысалда көрініпте тұрғандай, қылмыстық субъективтік жағына
қатысты белгілер қылмысты іс-әрекет жасалар алдында немесе жасалу кезінде,
бірақ бәрібір әрекеттен бұрын анықталып отырады. Субъективтік жаққа қатысты
белгілердің бір ерекшелігі, ол қылмыс жасау кезіндегі объективтік
жағдайларға қарай өзгеріп отыруы да мүмкіндігінде. Мысалы, қарақшылық
әрекеттер қылмысты жасау барысында кісі өлтіруге, ал ұрлық қылмысы тонауға
айналуы мүмкін. Бұл жағдайлар кінәлінің қоғамға қауіптілігін нақтылап, ол
қылмысты квалификациялауғада әсер етеді.
Қылмыстық құқықтығы және Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстардың
субъективтік жақ белгілері осы элементті сипаттай алатын барынша елеулі
белгілер болып табылады, олар қылмыстың ішкі көрінісін талдауда қылмысты
сипаттап берудің бір тәсілі ретінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар
қылмысқа квалификация жүргізуде маңызды роль атқарады. Кейбір оқулық және
зерттеу әдебиеттерінде субъективтік жақ белгілерінің қатарына кінә, ниет
және мақсатпен қатар қылмыстың жасалу кезіндегі адамның ашулану, қуану,
таңқалу түріндегі ерекше көңіл күйін білдіретін эмоцияны да қосады. Эмоция
кейбір қылмыстарға тән білгі деп тануға болады. Өйткені ашу шегінен,
қажетті қорғану шегінен шығып адамның өміріне және денсаулығына зардап
келтіруде эмоциональдық момент маңызды белгі ретінде бағаланады[6].
Сонымен қатар қылмыстық заңның өзге баптарында қарастырылған
қылмыстарда кейде эмоциональдық күйде жасалуы мүмкін. Бірақ
қолданыстағы қылмыстық құқық құрам элементтерінің қатарында эмоцияны
жатқызбайды.
Қылмыстың субьективтік жағын күрделі мәселелердің қатарына жатқызушы
келесі себеп, ол адамның сезінуі мен қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау
түріндегі шешімін байланыстыратындығында болып табылады. Бұл сезіну мен
ерікті білдіру кезеңдерінің арасындағы байланыс кейде бір біріне сәйкес
келе бермеуі де мүмкін, яғни еріктілік немесе жасалған шешім сезінуден асып
немесе оған жетпей жатуы кездеседі.
Мұндай жағдайларда квалификация жасаудың жекелеген тәртібі
қолданылып, егер сезінуге ерік білдіру жетпей жатса, онда іс-әрекет оқталу
деп, ал сезінуден ерік, шешім білдіру асып кеткенде кінәнің аралас нысаны
деп бағаланады.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері қылмыстың объективтік жағы
белгілерінің көрініс алуының себепшісі болуынан басқа, қылмысты
квалификациялауда қолданылатын өзгеде объективтік білгілердің кездесуіне
әсер ете алады. Мысалы, қылмыс объектісінің, затының, құралының, тәсілінің,
уақытының, орнының, жағдайының анықталуына, сондай ақ ауырлататын
құрамдардың орын алуына, кінәні ауырлататын белгілердің кездесуіне басты
себеп бола алады. Демек осы белгілердің барлығына кінәлінің қылмысты іс-
әрекеті психикалық қатынаста болады. Егер бұл белгілердің қылмыс оқиғасында
көрініс алатындығын кінәлі білмесе, сезбесе немесе сезінуге мүмкіндігі
болмаса, онда бұл белгілер осы қылмыс үшін қылмыстық құқықтық маңыздылыққа
ие болмайды. Кінәлі көре білмеген объективтік өзге белгілер, ол айыпталатын
бапта немесе оның жауаптылықты ауырлататын бөлімдерінде тікелей көрсетілген
болуы да мүмкін. Бірақ бәрібір бұл белгілердің қылмыста көрініс алатындығын
көре білмесе, ондай жағдайлардың бар екендігін сезінбесе, онда кінәлі тек
сезінген, көре білген жағдайлар бойынша айыпталады. Бұл ереже қылмыстық
құқықта қылмыс түрлеріне түсіндірме беру кезінде кездеседі. Мысалы,
қасақана кісі өлтіру қылмысында кінәлі қайтыс болған әйелдің жүкті
екендігін білмесе немесе әйел зорлау қылмысында кәмелетке толмаған адамды
зорлағанын білуге мүмкіншілігі болмаса, онда оның әрекеттері қылмыс
құрамына қатысты белгілердің ішінен тек өзі білген, сезінген белгілерді
қамтитын қылмыс құрамы бойынша квалификацияланады. Қылмыстың субъективтік
жағының қылмысты квалификациялаудағы маңызы да осында, яғни бірінші тарауда
кваливикация жүргізу кезінде қолданылатын негізгі қағидалардың бірі ретінде
аталған, кінәлінің қасақаналығының бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға
беру немесе квалификациялау осыны білдіреді. Кейде сот тергеу қызметкерлері
нақты жасалған іс-әрекет немесе туындаған зардап бойынша қылмысқа құқықтық
пара беріп, квалификация жүргізу кезінде негізінен субъективтік жаққа, оның
ішінде қасақаналығының бағытына, қылмысты ниетінің түріне, алдына қойған
мақсатына қарай қылмыстың түрі анықталатынын естен шығарады. Қылмысты
квалификациялауда мұндай қағиданың қолданылу себебі, ол біріншіден
кінәлінің жасағысы келген қылмыс түрі бойынша қоғамға қауіптілігі
анықталатындығына байланысты және осы қауіптілік деңгейінде жауаптылық
қолдану үшін, оның қасақаналығына кірген қылмыс түрі немесе заң бабы
қолданылу керек. Екіншіден, субъективтік жақ белгілерін алдыға қоймай нақты
зардап бойынша квалификация жасайтын болсақ, онда қылмыскердің көре
білмегені немесе көре білуге мүмкіншілігі болмаған, оның еркінен тыс
туындаған зардаптар бойынша да айыпты деп таныр едік және ол адамның
қауіптілік дәрежесіне сәйкес келмейтін басқа баппенайыптап, жауаптылықты
тым ауыр немесе жеңіл белгілеген болар едік.
Мысалы, соттардың мынадай квалификациясымен келісу қиын. 1988 жылы
17 желтоқсанда Б. өзара ұрыс-керіс жағдайында А-ның төсіне пышақ ұрып, оның
денсаулығына ауыр зардап келтіргені үшін ҚР. ҚК 103 бабының 1 бөлімімен
айыпталады. Адамның өмірі үшін маңызды органдар днп танылатын іш-құрылысқа
немесе төсіне қылмыскер пышақ жұмсағанда денсаулыққа зардап келтіру үшін
емес, адамның өміріне қарсы әрекет жасайды. Ал кінәлінің еркіне тәуелсіз
себептермен жәбірленуші қайтыс болмай, тек денсаулығына зардап келгені үшін
103 баппен бағалау – іс-әрекеттің түрі реттінде көрініс табатын кінәлінің
ойына, мақсатына және қасақаналығының бағытына сәйкес келмейді.
Қылмыстың жасалуында субъективтік жақтың белгілері мен объективтік
жақ белгілерінің арасындағы ауытқулар екі түрлі жағдайда кездеседі. Бңрақ
нақты қылмыстың обективтік белгілері, мысалы зардаптің түрі кінәлінің
қасақаналығына, әрекеттің мақсатына сай келсін немесе сай келмесін, бірақ
қылмысты квалификациялау қасақаналықтың, мақсаттың түріне қарай
жүргізіледі. Объективтік және субъективтік жақ белгілерінің бір-біріне
сәйкес келмеуі, бірінші жағдайда кінәлінің алдына қойған мақсаттарына
еркіне тәуелсіз себептерге байланысты жете алмауы түрінде көрінеді. Мұндай
жағдайда іс-әрекет қылмысқа оқталу және даярлану деп бағаланады. Формальдық
құрамдарда осы тәріздес аяқталмаған қылмыстарды квалификациялауда аса
қиындық тудырмайды. Ал материалдық құрамдарда, яғни кінәлінің қасақаналығы,
мақсаты ауыр зардаптар келтіруге бағытталып, біақ оның еркіне тәуелсіз
себептермен жеңілірек зардап келтірумен аяқталғанда квалификация жүргізу
қиындайды. Мысалы, қылмыскердің мақсаты адам өліруге бағытталып, біақ
нәтижесінде денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежелі зардаптар келтірумен
аяқталса, мұндай ірекеттірді квалификациялауда практикада әртүрлі нұсқаулар
кездесуі мүмкін. Мысалы:
1. Кісі өлтіруге оқталу және денмаулыққа зардап келтіру қылмыстарының
жиынтығы.
2. 103 немесе 104 баппен денсаулыққа зардап келтіру.
3. Кісі өлтіру қылмысына оқталу.
Бұл нұсқаулардың ішінен бірінші келтіріп отырған кісі өлтіруге
оқталу және денсаулыққа зардап келтіру түүрінде квалификация жасау дұрыс
емес болып табылады, себебі кінәлінің қасақаналығында бір қылмыс жасау,
яғни кісі өлтіру мақсаты болды. Ол қауыпті әрекеттерін екі қылмыс жасауға
бағыттаған жоқ. Оның еркінен тыс жағдайға байланысты басқа қылмыс түрінде
қарастырылатын зардап туындады. Демек денсаулыққа қарсы әрекеттер жасау
кінәлінің қасақаналығында болған жоқ, сондықтан 103 немесе 104 баптарды
қолдану дұрыс емес. Екінші нұсқа түрінде, яғни нақты келтірген зардап
бойынша квалификация жасауда қате болып табылады, себебі іс-әрекетке мұндай
баға беруде кінәлінің қоғамға қауіптілігінің жоғарғы дәрежесі мүлдем
көрінбей қалады, соған сәйкес денсаулыққа зардап келтіру үшін белгілеген
жауаптылықты ғана қолданумен шектелуге тура келеді. Бұл нұсқаулардың ішінен
тек үшіншісін, яғни кісі өлтіруге оқталу деп бағалау дұрыс деп танылады.
Себебі, біріншіден мұндай квалификация жүргізуде кінәлінің қасақаналығы,
оның қандай қылмыс жасағысы келгендігі, соған сәйкес адамның қоғамға
қауіпті ойының жоғарғы мөлшері заң жүзінде көрініс табады. Екіншіден,
қылмыскердің еркінен тыс туындаған жеңілірек зардабы оның мақсатына,
қасақаналығына кірген ауырырақ қылмыстың жауаптылығына сияды және ауыр
қылмыс түрімен квалификацияланғанда жасалған қоғамға қауіпті әрекет және
туындаған зардап кісі өлтіру сиаөты ауыр қылмыстың белгілерінен асып, ауыр
болып көріне алмайды.
Іс-әрекеттің түрінің, келтірген зардабының қылмыскердің
қасақаналығының бағытына, мақсатының түріне сәйкес келмейтін жағдайлардың
бірі, ол келген зардаптың кінәлі тілеген зардаптан абайсыздыққа асып кетуі
болып табылады. Мысалы, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зардап
келтіру әрекеттері абайсызқта өліміне соқтыруы мүмкін. Өйткені денсаулыққа
ауыр зардап келтіру қылмысының басты белгісі, адамның өліміне қауіпті
жарақаттар келтіру болып табылады. Мұндай кездерде де практикада бірнеше
квалификация түрлері кездесуі мүмкін. Мысалы:
1. Абайсыздықта қаза келтіру;
2. Абайсыздықта қаза келтіру және денсаулыққа ауыр зардап келтіруге
оқталу;
3. Абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр
зардап келтіру.
Бұлардың ішінен бірінші нұсқаны қате деп бағалауға болады, өйткені
тек абайсыздықта қаза келтізу деп квалификациялағанда, біріншіден қылмыс
жасау туралы қасақана кінә нысаны көрінбей қалады, екіншіден қасақаналықтың
бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға берілмейді, үшіншіден мұндай
жағдайларда кінәліні өз қауіптілік деңгейінен жеңіл жазалауға тура келеді.
Себебі абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын 101 баптың 1 бөлімі бойынша
ұш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу немесе бас ботандығынан айыру
келтірілген. Демек кінәліні өз деңгейінен жеңілрек жазалауға тура келер
еді.
Екінші нұсқадағы абайсыздықта қаза келтіру денсаулыққа ауыр зардап
келтіруге оқталу деп бағалауда дұрыс емес, себебі мұндай квалификацияда
біріншіден бір қылмыстың ой немесе мақсат екі қылмыс деп бағаналар еді.
Екіншіден, мұндай жағдайда жасалған қылмыс уақиғасының объективтік жақ
белгісі бойынша бір қылмыс, яғни абайсыздықта қаза келтіру деп, ал
субъективтік жағы бойынша екінші қылмысты, яғни денсаулыққа зардап
келтіруге оқталу деп бағалар едік. Үшіншіден, бір әрекеттегі абайсыздықта
қаза келтіру және денсаулыққа зардап келтіруге оқталу сиыспайтын жағдайды,
мағынасы бойынша бір*біріне қарама-қайшы квалификацияны білдіреді.
Бұл мысалда үшінші нұсқаны дұрыс деп бағалау керек, өйткені
қылмыстық заңның бабы немесе оның бөлімі жасалған қылмыстың белгілерін
толық қамтып тұрса, онда басқа баптарды қолдану артық, әрі қате
квалификацианы білдіреді. Қылмыстық заңда әдетте баптың бірінші бөлімінде
келтірілген қылмысты іс-әрекеттің абайсыздықта одан да ауыр зардаптар
келтіруге ықтималдығы бар деп танылса, онда кінәнің аралас нысаны түрінде
сипатталатын ауыр зардаптардың туындағанына жеке квалификация тәртібін,
жеке жауаптылық түрін белгілейді. 1998 жылға дейін қолданылған қылмыстық
заңнан қазіргі қылмыстық заңның сапалығы және заңды қолдану жұмысындағы
икемділігі, ол ауырлататын құрам ретінде кінәнің аралас нысанымен жасалатын
құрамдарды қажетті баптарда көрсету болып табылады. Қасақана қылмысты
әрекеттердің абайсыздықта ауыр зардапиарға соқтыруын қарастыратын құрамдар,
әйел зорлау, нәспі құмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрлау, бас
бостандығынан заңсыз айыру, психатриялық стационарға заңсыз орналастыру,
кепілге алу, терроризм тәрізді баптарда келтірілген.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері қылмыстық заңның баптарында
барлық кездерде анық көрсетіле бермейді. Көпшілік жағдайда, ол қылмыстың
объективтік жағын бейнелейтін іс-әрекет түріне, сипатына байланысты талдау
кезінде ашылады. Іс-әрекеттің сипатын, түрін немесе мағынасын ескере
отырып, кейбір қауіпті әрекеттер тек қасақаналықпен жасалады деп бағалауға
болады. Мысалы, парақорлықпен, бұзақылықпен, кәмілетке толмағандарды
қлмысқа, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тарту сиақты т.б. әрекеттер
мағынасы бойынша тек қасақаналықпен жасалатындағы белгілі. Сондықтан мұндай
қылмыс түрлеріне келгенде баптардың диспозицияларында кінә нысаны туралы
артық міліметтер келтірілмейді. Кінәнің нысанын заңды тікелей көрсету, яғни
тек қасақана түрде жасалатындығын көрсету, бұл әрекеттің абайсыздықпен және
қасақаналықпен жасалуының арасында елеулі айырмашылықтың бар екендігін
білдіреді. Мұндай жағдайдағы бірінші айырмашылық, іс-әрекет абайсыздықта
жасалғанда, оның қасақана жасалуымен салыстырғанда қоғамға қауіптілік
дәрежесі бойынша елеулі айырмашылықтың болуы болып табылады. Мысалы 96
баппен тек қасақана кісі өлтіру квалификацияланады. Қсақана кісі өлтірумен
абайсыздықта қаза келтірудің арасында қылмыскердің белсенділігі немесе оның
қоғамға қауіпті пиғылының арасында елеулі айырмашылық жатыр. Демек, бұл 96
баптың көлемінде абайсыздықпен қаза келтіруді де қарастыру, абайсыздағы
өзге адамның өміріне зардап әкелетін әрекеттерді қасақана кісі өлтіруге
жақындастыру болар еді. Қазіргі заң бойынша бұл қылмыстырдың кінә нысаны
ғана емес ұғымы да, қауіптілік дәрежесі де бір-біріне бөлек жатыр.
Субъективтік жақтың белгілерін Ерекше бөлім баптырында тікелей көрсетудің
келесі себебі, ол белгілі бір әрекет түрінің қасақана және абайсыздықта
жасалуының арасында іс-әрекеттің қылмысты болуы немесе болмауы мәселесінің
жатқандығы болып табылады. Мысалы 134 баптағы баланы ауыстыру қылмысында
қасақаналықтың тікелей диспозицияда көрсетілуінде, абайсыздықпен баланы
ауыстырған адамның қауіптік дәрежесі тым төмен деген мағына жатыр. Яғни
абайсызда баланы ауыстырып жіберген адамның іс-әрекеті қылмысты деп
бағаланбайды. Ол үшін әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықтар туындайды.
Демек, баптың атауында диспозициясында кінә нысанының тікелей көрсетілуінде
бұл әрекеттің осы кінә нысанына қарай қылмыстылығын көрсету мағынасы да
жатады.
Ерекше бөлім баптарының көпшілігінде субъективтік жаққа қатысты
белгілер келтірілмеген. Мұндай қылмыстарды талдау кезінде объективтік жақ
белгілеріне, оның ішінде іс-әрекеттердің әр-түрлі көріністеріне, мағынасына
терең үңілу арқылы бұл қылмыстың қасақаналықпен де абайсыздықпен де жасалу
мүмкіндігі ашылады. Мұндай қылмыстарда заң шығарушы субъективтік жақ
белгілерін анықтауды қылмыстық-құқықтық талдаудың еншісіне қалдырады.
Мысалы, 172 баптың 2 бөлімімен бағаланатын мемлекеттік құпия мәліметтерді
жариялау. Бұл қылмыс қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.
Бірақ бапта қылмыстың кінә нысандарына қатысты диспозицияда ештеңе атпайды.

Қылмыстың субъективтік жағының қосымша белгілері болып табылатын
ниет пен мақсатта осы тәріздес мағыналарда заң мазмұнында кездеседі. Ниет
пен мақсат бір жағдайларда қылмысты әрекеттің қылмыстылығын көрсетіп, бұл
әрекеттің қылмыс ретінде заңда өмір сүру мүмкіндігін білдіріп тұрса (мысалы
206 баптағы жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе өткізу қылмысы
үшін осы баптың диспозициясында өткізу мақсатын арнайы көрсетеді. Егер
адам жалған бағалы қағаз немесе ақша жасағанмен, бірақ өткізу мақсатында
жасамаса, онда қылмыс деп танылмайды), келесі бір жағдайларда мақсатпен
ниеттің баптың диспозициясында көрсетіліуінде кінәні немесе жауаптылықты
ауырлататын жағдай ретінде тану мағынасы жатады.
Мақсатпен ниет субъективтік жақтың қосымша белгілері ретінде
бағаланатындықтан, көпшілік баптарда бұл белгілер туралы айтылмайды. Мұндай
қылмыстарда мақсат көбінесе іс-әрекеттің түпкі бағытын білдіретіндіктен
квалификацияға әсер етпейді, сондай-ақ қылмыстық ниеттерде іс-әрекеттің
қоғамға қауіптілік дәрежесін ауырлату немесе жеңілдету негіздеріне әсер ете
алмайды [7].
Қылмыстың субъективтік жағының белгілерін құрайтын кінә, ниет және
мақсат нақты өмір сүріп отырған құбылыстың объективтік шындығын, өмір сүру
негіздерін білдіреді. Олардың мағынасын, мазмұнын жасалған қылмыстардың
объективтік белгілеріне талдау, бағалау жасай отырып анықтауға болады,
сонымен қатар бұл белгілер бойынша ұқсас қылмыстарды ажыратып квалификация
жүргізуге де болады.[8]
1.2.Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау

Кінә-қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады,
себебі қылмыстың құрамының өзге элементтері жасалған қылмыс уақиғасында
болғанмен қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса,
онда қылмыстың субъективтік жағыда жоқ деп танылады.
Қылмыстың заң – қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі ретінде
қолданылатындықтан, осы заңда қарастырылған барлық қылмыстардың құрам
белгілерін анықтауға негіз береді. Соның бірі кінә мәселесіне тек қылмыстық
– құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік саяси жағынан да мағына беріліп
адамды жауапкершілікке тартуда кінәліліктің сақталуын талап етеді.
Кінәліліктің құқықтық мәселе ретінде әлеуметтік-саяси ролін, оның
конституцияда тікелей көрсетілуі мен түсінуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында кінәлілігі дәлелденбей
ешкімнің де жаза тартылмауы тиіс екендігі және айыпты деп тану тек
соттардың құзіретіне жататындығы көрсетілген.[9]
Кінә - жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық тәрізді
құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының бір кепілі түрінде
бағаланады. Өйткені адамның кінәсі анықталған жағдайда ғана жауапқа тарту –
құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағдайда емес, белгілі бір заңды негіз,
яғни кінәлі болу нәтижесінде тартылуы, ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан
қарағанда дұрыс, әділ жұмыс істеуді білдіреді.
Кінәлілік қағидасымен заңдылық қағидасының байланысын, қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңның бүкіл мазмұны бойынша емес оның
тек белгілі бір баптары бойынша ғана кінәлі немесе жауапты деп танылуымен
анықтауға болады. Әрине заңдылық қағидасы нақты мағынада алғанда заңның
дұрыс, толық қолданылуымен және құқық бұзушылықтардың түрлері заңда
көрсетілуімен анықалады.
Қылмыстық құқық қоғамға қарсы әрекеттердің ең қауіптілерін
қамтитындықтан және өзге құқық салаларымен салыстырғанда да жауаптылықтың
ауыр түрлерін, көлемін қолданатындықтан кінәлілікте құқықтық қағидаларының
бірі ретінде келтіреді. Бұл қағида қылмыстық құқықта кінәлі жауаптылық
деп аталады. Немесе мағынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде
жасаған және кінәсі анықталған адамдарға қылмыстық жауаптылық қолданылатын
білдіреді. Сондықтан кінәсі дәлелденбеген адамдарға қатысты қозғалған
қылмыстық істер уақытша тоқтатылады немесе кінәлі деп жауаптылыққа
тартылған адамдар кінәсіз екендігі дәеледенгенде жауаптылықтан немесе
жазадан босатылады және ол адамдармен мемлекет атынан кешірім сұралады[10].

Кінәлілік қағидасын екінші мағынада жеке кінәлі жауаптылық деп
түсінуге болады. Себебі, 1960 және 1998 жылдардан бастп қолднылған
қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғана жауаптылыққа
тартылуға жатады. Қылмыс жасаған адамның жақын адамдары, туыстары
қудалауға, құқықтық шектеулерге алынбауы тиіс. Қылмыскер деп танылған
адамдардың отбасы мүшелерін, яғни жұбайы немесе зайыбын, баласын, өзге
туыстарын қосып қудалау (мысалы, жұмыстан шығару, жұмысқа алмау, сенім
көрсетпеу, арнай лагенге қамау т.б.) ел тарихында кеңес өкіметі өмір сүрген
ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында болған. Бұл кезең тарихта сталин репрессия деп
татлады. Қылмысты деп танылған аданың отбасында қосып қудалау жеке кінәлі
жауаптылық деген қағиданың мемлекеттік – құқықтық тұрғыда мойындалмаған
кезеңде өмір сүрді.
Қазіргі қылыстық заң кінәлінің қағидасын, оның негізгі нышандарын 19
барта келтіреді және осы баптың екінші бөліміне сәйкес, объективті
айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол
берілмейтіндігін ескертеді. Сондықтан қандай ауыр зардаптар туындаса да,
бірақ адамның ол зардаптар үшін кінәсі болмаса, онда қылмысты немесе кінәлі
деп танылмайды.
Кінәсіз зардап келтірудің түрлері Қылмыстық кодекстің 23 бабында
келтіріледі. Зардап келтірудің мұндай түрінде адамның жасаған іс-әрекеті
туындаған зардаппен себепті байланыста болуы мүмкін, бірақ ол зардаптарға
қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі кінәсі болмайды. Демек, жазықсыз
зиян келтіруде қылмыс құрамының субъективтік жақтан басқа барлық
элементтері болуы мүмкін.
Кінәсіз зардап келтірудің келесі жағдайы, ол мұндай зардапты
абайсыздықта келтіргені үшінде жауаптылықтың заңда қарастырылмауына немесе
зардаптың туындау мүмкін екендігін көре білуге мүмкіншілігі және
міндеттілігі болмауына, сондай-ақ адамның психо-физиологиялық немесе жүйке-
психикалық жағдайларда зардапты тоқтата алмауына байланысты субективтік
жақтың белгілері немесе кінә жоқ деп танылуы болып табылады.
Қылмыстық субъективтік жағы объективтік жақ белгілерінің ішкі
мазмұны анықтайтындықтан, яғни іс-әрекетке және зардапқа, өзгеде белгілерге
қатысты қылмыскетдің сезімін және шешімін білдіретінгіктен, бұл жағдайлар
кінә ұғымында ескерілуі тиіс. Сондықтан кінә дегеніміз, қасақаналық немесе
абайсыздықпен бейнелейтін адамның өз іс-әрекетіне және оның нәтижесіне
деген психикалық болып табылады. Бұл анықтамадағы іс-әрекетке деген
психикалық қатынас белгісі, адамның жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің
қоғамға қауіптілігін сезінуімен, одан белгілі бір зардаптар туындауы
мүмкіндігін көре білуімен, сондай-ақ қылмыскердің нәтижеге деген психикалық
қатынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жасалуын немесе елеулі
зардаптардың туындауын тілеу, сондай-ақ саналы түрде жол беру немесе
зардаптың пайда болуына мән-мағынасыз, яғни бәрібір деп қарау немесе
болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау, зардаптың болу мүмкіндігін
көре білуге мүмкіндігі, міндеттілігі болғанда, бірақ көре білмеуімен
анықталады. Демек, іс-әрекеттің орындалуына немесе зардаптың туындауына
деген кінәлінің психикалық қатынастары кінә түрлерінде еріктілік және
интеллектуальдық моменттері арқылы шешіледі.
Анығырақ айтқанда психикалық қатынас қылмыскердің кінә түрлерінің
интеллектуальдық және еркін білдіру моментеріне қатысты анықталады.
Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежелері кінә түрлеріне
байланысты деп барлық жағдайда айтуға болмайды. Әрине қылмыс объектісіне,
объективтік жақ белгілеріне байланысты ауырлататын белгілер қылмыскердің
психикалық қатынастарынан шығатындықтан, бұл бір жағынан осылай болып
көрінуіде мүмкін.[11]
Бірақ кінә түріне немесе кінә дәрежесіне байланысты қылмыстардың
ауырлық дәрежелері анықталмайды. Кінәнің ең жоғарғы, қауіпті жәрежесі
тікелей қасақаналық болып табылады, өйткені мұндай кінә түрінде қылмыскер
іс-әрекетінің қауіпті екендігін, зардаптің туындайтын біліп қана қоймайды,
ол сонымен бірге осындай задаптың болуын тілейді. Тікелей қасақаналық пен
салыстырғанда жанама қасақаналықты дәрежесі бойынша сәл төмендеп бағалауға
болады, себебі мұндай қасақаналықта қылмыскер зардаптың туындауын
тілемейді, ол саналы түрде жол береді немесе зардаптың болуына мән-
мағынасыз қарайды. Жанама қасақаналықпен салыстырғанда қылмысты менмендік
дәрежесіне қарай жеңілірек кінә түрінде бағалануы мүмкін, себебі
менмендікте қылмыскер іс-әрекеттің қауіпті екенін және бұл әрекеттің
зардапқа соқтыру мүмкіндігін көре біліп, бірақ басқа нәтижеге жету үшін
зардапты болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасайды.
Сондай-ақ менмендікпен салыстырғанда қылмысты немқұрайлылықтың
белгілері қауіптілік дәрежесі бойынша жеңілірек болып табылады, өйткені бұл
кінә түрінде адам зардаптың туындау мүмкіндігін білуге міндетті және
мүмкіншілігі болғаны үшін қылмысты деп танылады. Демек кінә дәрежесінің ең
ауыр түрі тікелей қасақаналық, ал ең жеңіл түрі немқұрайлық болып шығады.
Кінә түрін былай дәрежелеу қылмыстың құқықта қолданылмайды себебі
қылмыстардың қауіптілік жәрежесі мен сипаты кінә дәрежесі бойынша барлық
қылмыстар осылай болып келе бермейді. Мысалы ашу шегінен, қажетті қорғау
шегінен шығып кісі өлтіру тікелей қасақаналықпен де жасалады. Мұндай
жағдайларда қылмыс жасау кінәні және жауаптылықты жеңілдететін құрамдар
түрінде бағаланады. Ал адамның өміріне зардап келтіру мүмкіндігіне
мағынасыз қарап бұзақылық ниетпен өзге адамға қару жұмсағанда қылмыскерде
жанамақасақаналық бола алады. Яғни қылмыскерге адам өлеме, өлмейме бәрібір
болуы немесе ол жағын мүлдем ойламауыда мүмкін[12].
Мұндай жағдайда қажетті қорғау шегңнен шығып тікелей қасақаналықпен
кісі өлтірген адамның қауіптілігінен жанама қасақаналықпен жасалған
қылмыстың ауырлығы асып кетеді. Сондай-ақ немқұрайлықтың салдарынан ауыр
апатты жағдайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, жарылыс қауіпі бар объектілерде
немқұрайлылықтың салдарынан жарылыс болғанда, оның зардаптары тікелей
қасақаналықпен жасалған қылмыстардан асып кете алады. Сондықтан қылмыстың
ауырлық дәрежелері барлық кездерде кінә, мақсат, ниет түрлеріне байланысты
емес, ол өзге құрам белгілеріне де қатысты бола алады. Кінәнің қылмыстық
құқықтағы басты ерекшеліктерінің бірі, ол қылмыстың жауаптылықтың бір
негізі болып саналатын,субьективтік негізді білдіруі болып табылады.
Қылмыстың құқықтағы кінә түрлерін, яғни тікелей немесе жанама
қасақаналық деген ұғымдарды кең ұғымдар деп санауға болады. Қылмыстың
құқықтағы тек тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмыстардағы әрекеттердің
өдзі, мағынасы бойынша нақты қасақаналықтарды білдіреді. Мысалы тонау
қылмысында бөтеннің мүлкін ашық түрде қайтарусыз алу туралы қасақаналық
болса, ал қорқытып алушылық қылмысында кінәліде қорқыту арқылы мүлікті
немесе мүлікке құқық беретін құжатты талап етуге қасақаналық болады. Демек
қылмыстардың қасақана немесе абайсыздықпен, олардың түрлерімен сипатталуын
кінә мазмұны арқылы ашу керек. Бірақ кейбір әдебиеттерде айтылғандай, кінә
нысанын ары қарай кінә мазмұнына бөлудің еш қажеті жоқ. Объективтік жақ
белгілері бірдей анықталатын қылмыстардың кінә нысаны баптың атауында
тікелей көрсетілмегенде, кінә мазмұны бірдей анықталатыны белгілі В.
Курдрявцев әр қылмыстың субъективтік жағын тек қасақаналық немесе
абайсыздық құрамайды, оны осы қылмысқа ғана тән белгілі бір ой мазмұны
қамтитын қасақаналық немесе абайсыздық құрайды. Мысалы тонау тікелей
қасақаналықпен жасалғанмен, ондағы қасақаналықтың әйел зорлау қылмысындағы
тікелей қасақаналықтан мазмұны бөлек деп қылмыстардың кінә нысаны бірдей
болғанда, олар бәрібір кінә мазнұны бойынша бірдей болмайтындығын
келтіреді.[13]
Кінә мазмұнын кінә нысандарымен салыстырғанда кең ұғым ретінде
қабылдауға болады, өйткені оған қылмыс жасалар алдында немесе жасау кезінде
қылмыскер көре білген, оның қауіпті ойымен қамтылған объективтік жақ
белгілерінен басқа да жәбірлеушіге, қылмыс объектісімен затына қатысты
жағдайлар енеді. Сондықтан кінә мазмұны ретінде жасалған іс-әрекеттің
елеулі құқықтық белгілерінің, оның қоғамға қауіпті салдары туындау
мүмкіндігінің және қылмыс жасау жағдайының субъектінің санасында
бейнеленуін түсіну керек. Кінә мазмұнын дұрыс түсіну және оны Ерекше
бөлімдегі қылмыстарда қолдану маңызды болып табылады. Қылмыстың құқықтың
Ерекше бөлімінде әр қылмысқа құқықтың талдау берілу барысында кінә нысанын
анықтау үшін, кінә мазмұнын бір қырынан қолданамыз. Бірақ адамның қылмысқа
деген психикалық қатынастарын және іс-әрекеттегі кінә мазмұнын дұрыс аша
білмеу себебінен, кейбір қылмыстардың қылмыстық құқық тұрғысынан кінә
нысандарының анықталуы даулы болатын кездер болады.[14]
Кінәнің нысандары қылмыскердің іс-әрекетіне және оның нәтижесіне
деген психикалық қатынастарының түрлеріне қарай қасақаналық және абайсыздық
деп бөлінеді, қылмыстық құқықта әртүрлі психикалық қатынастар адамның іс-
әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты интеллектуальдық және еріктілік
моменттерімен түсіндіріледі. Қылмысқа квалификация жүргізу барысында бұл
белгілердің анықталуының маңыздылығы ретінде қасақана немесе абайсыздықтағы
қылмыстар деп бөлінгенде, осы интеллектуалбдық және еріктілік моменттері
қолданылытынын ескеру керек.
Қасақаналықтың өзі кінәлінің өз іс-әрекетіне және оның зардабына
қатысты еркін білдіру түріне қарай тікелей және жанама қасақаналық деп
бөлінеді. Қылмыстың заңының 20 бабының 2 бөлімінде Егер адам өз іс-
әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптары
болуының мүмкін екінін немесе осы зардаптардың болуын тілесе, тікелей
қасақаналықпен жасалған қылмыс деп танылады деп отырып анықтама берген.
Бұл анықтамада психикалық қатынастардың үш түрі келтірілген. Олар адамның
іс-әрекетінің қауіпті екенін сезінуі немесе ұғынуы, екінші зардаптың
туындау мүмкіндігін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білуі немесе көре
білуі, үшінші зардаптың болуын тілеуі. Бірінші және екінші кезекте
келтіріліп отырғандар интеллектуальдық белгілер болып табылады, яғни қылмыс
жасау жағдайында кінәлінің объективтік жағдайлар туралы хабардарлық
дәрежесін білдіреді, ал үшінші кезекте айтылып отырған тілеу еріктілік
белгісін білдіреді немесе адамның шешімін көрсетеді. Уақыты бойынша
интеллектуальдық белгілер зардап туындағанға немесе қылмыстың жасалуын
білдіретін әрекет орындалғанға дейңн анықталады. Ал еріктілік белгісі
қылмыс жасау әрекетін орындау немесе зардаптың туындау уақыттарында болады.
Жанама қасақаналықтың тікелей қасақаналықтан айырмашылығы еріктілік
моментінде, яғни зардаптың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол
беруінде немесе немқұрайлы қарауында болып табылады.[15]
ҚК 20 бабында берілген тікелей және жанама қасақаналықтар
анықтамаларының мазмұнына назар аударсақ, онда бұл анықтамалар тек
материалдық құрамдағы қасақаналықтың түсінігіне арналған тәрізді. Өйткені
қоғамға қауіпті зардаптардың болу мүмкіндігін көре білуі және осындай
зардаптың туындауын тілеу немесе саналы түрде жол беру деген белгілер
кінәлінің тек зардапқа қатысты психикалық қатынастарын анықтауға
арналғандығын көрсетіп тұр. Ал іс-әрекетке қатысты психикалық қатынастар
тек адамның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезіну түрінде
берілген.
Формальдық құрамдарда интеллектуальдық және еріктілік моменттер тек
қылмысты іс-әрекетке деген кінәлінің психикалық қатынастарымен анықталады,
яғни формальдық құрамдарда қылмыскер өз іс-әрекетінің қауіптілігін сезінеді
және осындай іс-әрекеттердің жасалуын тілейді немесе міндетті әрекеттің
орындалуынан саналы түрде бас тартады. Формальдық құрамдарға жататын
қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады деген пайымдау
кездеседі. Шынында да моральдық зардаптар қарастырылған басқа формальдық
құрамдарда қылмыстың аяқталуы және қасақаналығы заң бойынша қылмысты деп
тиым салынған іс-әрекетті жасау немесе жасамау туралы шешімімен, еркімен
анықталады.
Қасақаналықтың түрлері қылмысты квалификациялауға әсер етеме деген
сұрақ туындайды. Кейбір қылмыстардың кінә нысаны бойынша тек тікелей
қасақаналықпен жасалатындығы белгілі, мысалы ұрлық, тонау, қарақшылық,
алаяқтық, әйел зорлау т.б. қылмыстар. Бұл жағынан алғанда, яғни кейбір
қылмыстардың тікелей қасақаналықпен қылмыстық құқықта сипатталуы
квадификация мәселесіне әсер етеді. Мысалы жоғарыда аталған қылмыстар
жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін емес. Екінші жағынан бұдан бұрынғы
бөлімде айтқандай, заңның ешбір бабы тікелей қасақаналықпен жасалған ...
әрекеттер деп баптың атауында немесе диспозиясында қылмысқа түсіндерме
бермейді. Заң кең ұғымда пайдаланады. Мысалы 96 бап, ...құқыққа қарсы
қасақана қаза келтіру. Демек заң жанама қасақаналықтың осы қылмыста
кездесу мүмкіндігін шектемейді.
Кінәнің тікелей қасақаналық түрі қылмыс қатысушылықпен жасалғанда
(онда да барлық қатысушылар қылмыстың орындалуына мүдделі болғанда), қылмыс
жасау туралы ой кінәліде алдын-ала пайда болғанда, сондай-ақ қылмысқа
оқталу немесе даярлану орын алғана кездеседі.
Мысалы 2001 жылы 24 қаңтарда Ц. өзара ұрыс- керіс жағдайында Н-ның
кеудесінде екі рет пышақ ұрып, оның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап
келтіреді.[16]
Жамбыл облыстық соты Ц- ның әрекетін 96 баптың 1 бөлімімен ( кісі
өлтірудің жай түрі ) және 24 баптың 3 бөліміне ( қылмысқа оқталу ) сілтеме
жасай отырып квалификациялайды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер туралы алқасы
бұл квалификацияны өзгертіп, ҚК 103 бабының 1 бөлімімен денсаулыққа ауыр
дәрежелі зардап келтіру деп бағалайды және қайта квалификация жүргізу
себебін былай түсіндіреді. Ц бірінші рет пышақ салғанда денсаулыққа ауыр,
ал екінші рет салғанда жеңіл дәрежелі зардаптар келтірген және жарақат
келтіргенен кейін де таң атқанға дейін бір пәтерде бірге болған. Осыған
байланысты Ц-да кісі өлтіру қасақаналығы болса, оған оны аяғына дейін
жеткізуге ешқандай кедергі болған жоқ, сондай- ақ ҚК 24 бабының 3 бөліміне
сәйкес, қылмысқа оқталу тек тікелей өасақаналықпен жасалады, ал пышақты
жәбірленушіге салу арқылы Ц. ешқандай арнайы мақсат көздемеген.Ол өз
әрекеттерінің салдарына мағынасыз қараған деп түсіндерме береді. Бұл
мысалға сүйенсек, онда қылмыскердің қасақаналығының түрі қылмыс жасау
кезінде қандай түрде болғандығы қылмыс жасау кезінде қандай түрде
болғандығы қылмыс уақиғасынан кейін де анықталына алады. Бұл қасақаналықтың
кісі өлтіруге оқталу немесе денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру
екендігі, ол қылмыс жасау әрекетерінен кейінде қылмысын аяғына дейін
жеткізу мүмкіндігінің болуына байланысты емес, іс-әрекет жасау кезіндегі
зардапқа қатысты психикалық қатынасының түрімен шешілу керек. Жоғарыдағы
мысалда Ц. кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекеттерді жасаған, бірақ ондай
зардап туындамай тұрып қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тартқан. Бірақ
әрекеттерінде басқа қылмысты яғни, денсаулыққа зиян келтірудің құрамы
болғандықтан 103 баптың 1 бөлімімен квалификациялануы дұрыс. Қылмыстық
құқық теориясында қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлуден басқа,
пайда болу уақытына қарай алдын-ала пайда болған және кенеттен пайда болған
қасақаналықтар, анықталу дәрежесіне қарай анықталған және анықталмаған
қасақаналықтар деп бөлу кездеседі. Кенеттен пайда болған қасақаналықтың бір
түрі аффектілік қасақаналық болып табылады.
Қасақаналықты мұндай пайда болу уақытына және анықталуына қарай
келтіру қылмыстық құқықта заңды негізде қолданылмайды. Оның себебі мұндай
түрлердегі қасақаналықтардың кінәлінің іс- әрекетке және оның зардабына
деген психикалық әр түрлі қатынастарын, сондай- ақ интеллектуальдық және
еріктілік моменттерін қамти алмауына байланысты болып табылады. Мұндай
қасақаналық түрлерінің қылмыстық құқықта өмір сүруінің себебі қарапайым,
яғни қасақаналықтың пайда болу кезеңіне және нақты анықталу дәрежесіне қаай
осындай түрлерге бөлуге де болады. Шындап келгенде бұл қасақаналықтар
тікелей және жанама түрдегі қасақаналықтардың бсқа қырынан қарағандағы
түрлері деп түсіну керек. Мысалы алдын- ала пайда болған қасақаналық барлық
жағдайда тікелей қасақаналықты білдіреді. Қылмыс жасау туралы ниет алдын-
ала пайда болғаннан немесе күні бұрын жоспарланғаннан кейін, қылмыскердің
қандай әрекетті қалай жасайтындығы, не үшін осы қылмысты істейтіндігі
қандай зардапты келтіретіні белгілі болады. Бұл тікелей қасақаналық. Алдын-
ала пайда болған қасақаналық қылмысқа даярлау болғанда немесе топ адамдар
түрінде, ұйымдасқан топ немесе қауымдастық нысандарында қылмыс жасағанда
міндетті түрде болады. Сондықтан тікелей қасақаналық түрінде бағаланатын
алдын- ала қасақаналықпен қылмыс жасалғанда, ол қылмыстық құқықта тікелей
қасақаналықпен жасалады деп танылатын қылмыстарды квалификациялауда
ескеріледі.
Кенеттен немесе аяқ астынан пайда болған қасақаналық тікелей және
жанама қасақаналық түрінде кездесе алады. Мұндай қасақаналықта кінәліде тек
қылмыс жасау туралы ой алдын- ала пайда болмайды, онда қылмыс жасау туралы
шешім аяқ астынан пайда болады. Мысалы ұрлық жасау туралы ой ұрыда ыңғайлы
сәтті көруге байланысты кенеттен пайда болуы мүмкін. Бұл тікелей
қасақаналық. Ал жанама қасақаналықта кінәлінің зардапқа деген психикалық
қатынасы саналы түрде жол беру немесе зардаптың болуына көз қарасы бәрібір
деген сияқты сипатта болады, бұл көпшілік жағдайда аяқ астынан пайда болған
қасақаналықта болады.
Анықталған қасақаналықта қылмыскр қоғамға қауіпті әрекетті не үшін,
қандай мақсатқа жету үшін жасайтындығы белгілі болады және зардаптың қандай
түрі келетінін біледі.[17] Сондықтан анықталған қасақаналықтың мазмұны
тікелей қасақаналықты қамтиды. Анықталған қасақаналықтың бір түрі балама
қасақаналық болып табылады. Балама қасақаналықта кінәлі жасаған іс-
әрекетінің түріне, мағынасына және бағытына байланысты қандай зардаптардың
туындайтынын көре біледі, яғни бір зардап болмаса, онда екінші бір зардап
болатынын біледі. Мысалы адамның өмірі үшін маңызды деп танылатын дене
мүшесіне қару қолданғанда, жәбірленушінің я өлетінін немесе өлмеген
жағдайда денсаулығына зиян келетінін біледі. Мұндай жағдайда тікелей
қасақаналыққа жатқызу себебіміз, ол қылмыскердің екі зардаптың біреуінің
болатындығын біліп, оның болуын тілеуіне байланысты болып табылады.
Анықталмаған қасақаналықта кінәлі зардаптың болуын немесе болмауын
санасында анықтамайды, ол қауіпті әрекеттер жасай отырып зардаптың
туындауына саналы түрде жол береді. Бұл жанама қасақаналықты білдіреді.
Анықталмаған қасақаналық тікелей немесе жанама қасақаналық түрінде бола
алады деген көзқарас кездеседі. Бірақ олар дәлелдеп көрсетпегеннен кейін,
біз анықталмаған қасақаналық жанама қасақаналықты білдіреді дейміз.
Анықталмаған қасақаналықта кінәлінің іс-әрекеті нақты туындаған
зардап түрін қарастыратын қылмыс түрімен квалификацияланады. Кінәлінің
қасақаналығының түрі негізінен зардапқа деген қатынасымен анықталады,
себебі қасақаналықтың түрлерінің және қылмысты менмендіктің де
интелектуалдық белгілері бірдей деуге болады. Сондықтан зардаптың болуын
немесе болмауын кінәлі өз ойында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік құпияны жария ету
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыстық құқық жайлы
Қылмысты ашу
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс заты
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмысты саралау
Қылмыс құрамы жайлы
Пәндер