Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің арасындағы келісім – шарт



Мазмұны
І. Кіріспе

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім.шарт, оның мәні ... ... ... 4
2.2. Зымыран әкелетін зардап ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

а) Аймақтың ауа.райы және оған «Байқоңырдың» әсері ... ... ... ... ... ... ... ..9
ә) Қоршаған ортаға тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
б) Адам денсаулығына тигізетін әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.3 Байқоңыр болашағы . «Бәйтерек» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ІІІ. Қорытынды
Алапаттың зардабын аластатайық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Мазмұны

І. Кіріспе

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш
айлағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .2

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім-шарт, оның мәні ... ... ... 4

2.2. Зымыран әкелетін
зардап ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...6

а) Аймақтың ауа-райы және оған Байқоңырдың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 9
ә) Қоршаған ортаға тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
б) Адам денсаулығына тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 17

3. Байқоңыр болашағы -
Бәйтерек ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...19

ІІІ. Қорытынды

Алапаттың зардабын
аластатайық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21

Кіріспе

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы

Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында
орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997
жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа
– райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-
дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып
тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен
көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай
бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз.
Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында
құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз
айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал
жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді.
Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы аса құпиялы
қала болып есептелініп келді.
Бүгінгі таңда Байқоңыр – қасиетті мекен, киелі орда әлемге әйгілі
ғарыш алаңымен танымал. Ол – көкке самғаған зымырандардың алтын ұясы. Бұл
күнде ғарыш айлағының көлемі 6800 шақырым көлемінде. Ұшу трассасы - Арал
теңізінен Камчаткаға дейін созылып жатыр.
Кез-келген құбылыстың өзіне тән алғышарты болатыны тәрізді аспан
кеңістігінің жер планетасындағы айлағын салу ісінің де өз қайнар бастауы
бар. Бұл жағдай КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылы континентарлық
зымырандарды сынақтан өткізіп, қару ретінде қатарға қосу және жасанды жер
серіктері мен космостық нысандарды іске қосу үшін ғылыми сынақ полигонын
ашу жайында шешім шығаруынан қанатын кеңге жая бастады. Таңдау Арал
теңізінің Шығыс жағына, Ұлытаудағы Байқоңыр қонысының түстік беткейінен 100
км жерде орналасқан шаң далаға түсті. Ғарыш алаңын салмас бұрын
таңдалынатын жердің елді – мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына
жақын болуы, зымыран ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық
объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.
Мұнда келешек жер кіндігі атанғалы тұрған аумақтын тек өзінде ғана емес,
сонымен қатар ұшырылатын зымырандардың бауыры астында жататын аймақ бойында
тұрған халық санының сиректігі бірінші қатерге ілінген.
Бұл аймақтарды мұқият зерттеген орыс ғалымдарының ұсынысы бойынша
Кеңес өкіметі 1955 жылдың 12 ақпанынды ғарыш айлағын құру жөнінде шешім
қабылдайды. Осылай ғарыш айлағы Қазақстанда ең алғаш рет 1957 жылы Байқоңыр
қаласында салынады. Ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықты
көктеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының
қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Т.Уәлиев, полковник Ә.Исмайлов т.б. болды.
Байқоңыр ғарыш айлағының көлемі – 6717 шаршы шақырым. Ол -
солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым
қашықтыққа созылып жатыр.
1957 жылдың 4 қазанында ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш зымыраны сәтті
ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС)
орбитаға шығарды. Алайда ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді
де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихында тұңғыш рет
зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі, ұлы конструктор С.П.Королевтің
басшылығымен ұшқыш - космонавт Ю.А.Гагарин Восток ғарыш кемесімен
ғарышқа аттанды. Ол ғарыш кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып
шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл –
геостанционарлық орбита болатын.
1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
Союз Т-13 ғарыш кемесімен ғарышқа көтерілді.Одан кейін Талғат Мұсабаев
ғарышта 2 рет ( 1994 және 1998 жылдары ) болды.
өткізіледі.
Жалпы 1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни
42 жыл ішінде, Байқоңыр ғарыш айлағынан 1129 зымыран 1115 басқадай ғарыш
кеңістігін зерттейтін аппараттар үшырылған.
Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл
бастамалардың старттық орнына айналды. Себебі, планетааралық зымырандарды
ұшыру тек қана Байқоңыр ғарыш айлағында сынақтан өткізіледі.
1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының иелігіне
өтті.

Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің
арасындағы келісім – шарт

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында
Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясы-на оны
жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшы-лары қол
қойған. Жал мерзімі – 20 жыл деп белгіленген.
Ал 2004 жылдың 9 ақпанында Владимир Путин және Нұрсұлтан
Назарбаев аренданың уақытын тағы да 25 жылға ұзартты.
Ресей жағы Байқоңыр ғарыш айлағының және сол аймаққа жақын
жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет
іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, ол жағы
бізге беймәлім?!
Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына
айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі,
шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Ғарыш
корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген
жоқ. Тек қана Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде болғандықтан, Ресейдің
Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей
Федерациясы өздерінің білгенін істейді.
Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы
тәсілдерімен тазартылу керек - деген келісім – шартта баптар бар.Тазарту
жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен
қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті
заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын
тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан
5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан
Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отыруы тиіс. Дауды дер
кезінде шешіп отыратын түрақты комиссия бар. Ол комиссия "Байқоңыр" деп
аталады.
Бұл күнде ғарыш айлағының көлемі – 6800 шақырым көлемінде. Ал оның
қалдықтарының түсетін аумағы 18 млн гектар алқап.Әлемде теңдесі жоқ бұл
шахарды көршіміз Ресейдің жалға алғанына да он жылдан асты. Келісілген
жалға беру құны - 115 млн доллар белгіленген қаржыда өтеле бастаған
сыңайлы. Ал кейбір ресми деректерде Ресейдің ғарышқа бір рет зымыран ұшыру
бағасы – 50 млн доллар делінуде. Келісімге қол қойылғаннан бергі уақыттан
орташа айына 4 реттен зымыран ұшырылып жүр.
Сондықтан да Байқоңыр – екі ел үшін маңызды нысан болып табылады.
Алайда, әрбір ұшырылған зымыран өзімен бірге қанша залал әкелуде. Мысалы,
1986 жылы Байқоңырдың әсерінен миллион киік қырылды. Одан басқа мысал,
аспанда жарылған темір-терсектер, әйтеуір жерге түседі. Ол әсіресе қазіргі
таңда теталл сынықтары Қызылордаоблысын айтпағанда, Ұлытау, Жаңаарқа, Шет,
Қарқаралы, Баянауыл аймақтарына нөсер боп жауса керек. Сол темір -
нөсер және жанармай есебінде бактеріне құйылғанаса улы химиялық қоспаларды
былай қойғанда, міндетті түрде радиациямен сәулеленген болып келеді. Біздің
мемлекетпен келісімінде сол радиациялық қоқыстарын, барлық медициналық
қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өздері жинап – теріп алуы тиіс еді. Ол
жоқ. Денсаулыққа аса зиян қаңылтыр, басқа да темір – терсек ешқандай
радиация жөніндегі қауіпті нұсқаумен таныстырылмаған жергілікті
тұрғындардың сарай, қораларының шатыры болып шыға келді. Жылтырақ ұсақ –
түйек детальдары балалардың ойыншықтарына айналды...
Осындай түскен, болған және болатын залалдарды 115 миллион
доллармен есептеуге болар ма еді?!
Кезінде, ұлтымыздың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров:
Байқоңырды өзіміз халықаралық ғарыш айлағы қылайық - дегенде, құлақ
асатын ешкім болмады.
Қазір ғаламда ғарыш саласының дамуы қарқынды. Әсіресе, АҚШ пен
Ресей алдыңғы сапта. Қытай ше? Бұл бағытта Үндістан алдыңғы он жылдықта 1,6
млрд доллар жұмсамақ ниетте. Жапония мен Бразилия да қол қусырып отырған
жоқ. Дүние жүзінде 125 ел ғарыштық қызметпен айналысады. Олардың жиырмадан
астамы өздерінің ғарыш қондырғыларын ұшыру үстінде.
Ғарышқа зымыран ұшыру, даңғазалыққа жатпаса керек.Өйткені қыруар
табыстың қайнар көзі.Оған мына деректер дәлел: әлемде бұл саланың 1998-2002
жылдары әкелген табысы – 577 млрд доллардың үстінде. Ал ғарыш байланысының
1999 жылғы таза пайдасы – 7 млрд доллар көлемінде. Компю-тердегі интернет
жүйесі, ғарыштық қондырғылар жасау, т.б қомақты қаржылардың шынайы екені
рас.
Алдыңғы уақытта аэроғарыш - Қазақстанның экономикалық стратегиясы-ның
маңызды саласы болмақ. Бұл турасында елдің 2005-2007 жылдары ғарышты дамыту
жөніндегі бағдарламасында айтылған.
Мамандар сараптамасы бойынша Байқоңырды жалға беру уақытша ғана пайда
келтіреді. Егер өзіміз батылырақ қимылдасақ қаржыға кенелер едік. Өйткені
кешен-ғарыш ғылымы және жаңа технологияларды дамыту ерекше сипатқа ие.
Еліміз 2006 жылы тұңғыш жер серігін ұшырмақ ниетте. Жұмысты қаржыландырущы
– Қазақстанның даму банкі. Енді бірнеше жылдан соң ғарыш қондырғыларын
жерден басқаратын Бәйтерек кешені өмірге келеді. Оның артықшылығы -
экологиялық тиімділігінде.
Ұлттық ғарыштық жүйені дамытуға жыл сайын Ресей – 200, Германия-650,
Италия – 1,2 млрд, Қытай – 1,5 млрд, Жапония – 3,5 млрд, АҚШ – 13 млрд
доллар бөлген. Бұл цифрлар мемлекеттің бюджетінің 0,8-0,9 пайыздары ғана.
Ал Қазақстанның 2002 жылы мұндай мақсатқа жұмсағаны 370 мың доллар, 2003
жылы бұл қаржы екі еседей өскен.

2.2. Зымыран әкелетін зардап...

Біз Байқоңыр ғарыш айлағынан қандай жақсылық көрдік? Ресей жазық
даламызда күнде ғарыш зымырандарын ұшырып, ғылыми игілігін көрген де
болар. Өткен жылдар ішінде Байқоңырдан 1200 ғарыш аппараты мен 1186
континентарлық баллистикалық зымыранды ғарыш көгіне самғатты. Бұл зымыран
тасымалдаушы Протон секілді кемелерді қоспағанда... Тіпті, бұған дейін
дүниені дүркіретіп жатқан ғарыштың пайда-зияны жөніндегі мәлімет те құпия
болды. Шынында, ғарыш – қазба байлыққа, ауа райын болжау, экологиялық
болжау, дақылдар шыдамдылығын анықтау, теледидар, радио, интернет,
электрондық почта, телефон байланысына қызмет ететін көрінеді. Ресей үшін
оның ең маңыздысы - әскери міндеттерді шешуге қатысты стратегиялық
ақпаратпен қамтамасыз етеді, навигациялық координатты анықтайды. Ең
маңыздысы - ең соңғылары. Әлемнің алдына түсемін - деген Ресей, осы
мақсатта аянып қалмақ емес. Әлемдегі 30 ғарыш айлағының төртеуі Ресей
меншігінде. Олар – Плесецк Свободный, Капустин Яр және біздің – Байқоңыр.
Капустин Яр Қазақстанмен шекаралықта жатса, Байқоңыр – отанымыздың
ортасында. Басқаларға қарағанда Байқоңыр - ғарыштық сынақ секілді.
Сенімсіз қауіпті әуе кемелерін алдымен Қазақстаннан ұшыруды жоспарлайтын
сияқты. 1964 жылдың 23 қазаннан бастап 1999 жылдың 27 қазанына дейін
зымыран тасушы кемелердің жиырмасы Қазақстанның тас төбесінен құлаған
екен. Әуе кемесі өз басымен кететін, ұшып келе жатқан құс емес, жұлдыздың
ортасынаң жарып түскен метеорит емес, ол қазақ даласын қасірет арқалап келе
жатқан құбыжықтың өзі еді. Сол құбыжықты көзіңізге елестеткіңіз келсе,
мынаған қараңыз. Мысалы: Протон, әуе қара темірінен санағанда, салмағы –
50 тонна. Ол жағатын отын немесе жанармай салмағы – 662 тонна. Барлығы –
712 тонна. Осыны ойлағанда құбыжық екеніне күмәніңіз қалмайды. Ол осы
салмағымен тұрмай жоғарғы және төменгі орбитаға 25 тонна жүк алып ұшады
екен. Осындай алпауытты ғарыш көлігіне шығару үшін жер бетіндегі электр
қуатының, дария, жер асты суының қаншасы керек. Жағатын гептил отынының
зияндылығын былай қойғанда, 750 тоннадай кемені жер бетінінен қазақ
даласына кереғар әсері болмай қалмасы белгілі. Міне, Протон секілді
құбыжықты көтеретін 4 ғарыш алаңы тек Байқоңыр айлағында бар. Біз ғарыш
кемесіне бастау болған қазақ жері - құтты қоныс деп әлем алдында
масайрап жүрдік. Ал құтты қоныстан Протонның 280-і ұшырылғанын білсек,
280 есе бақыттымыз деп айта алар ма едік?! Ресейдің өз территориясындағы
3 ғарыш айлағынан Протон үшін бір ұшу алаңын салуға күші, не ақылы
жетпей отырған жоқ. Ақиқаты сол үшін өзінің денсаулығы қымбат.
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде белсенді пайдаланатын 15 ғарыш айлағы
бар. Ондай АҚШ-та – 3, Жапонияда – 2, Индияда – 2, Қытайда – 2, Израйль,
Кореяда және Францияда бір-бірден. Әлемдік тәжірибе бойынша осылардың
барлығы дерлігі мұхит ортасында, аралшықтарда, елді – мекеннен алыс
жағалауда олналасқан. Ал, бізде қазақ ауылының ортасында орналасқан. Тұран
ойпатының төсіне жайғасқан. Қазақстанмен өтетін ғарыш жолдардың өзі елді –
мекеннің үстінен тартылған. Тағы айтамыз, үстімізден ұшып баражатқан аққу,
не қаз емес. Тотықтырғыш арқылы гептил майын жағып, оның улы газын жан-
жағына таратып бара жатқан ауыр салмақты ғарыш кемесі. Оның біздің елге
әсер ету аймағы ғылыми түрде белгіленген. Одан бөлінетін бөлшектердің де
құлайтын аудандары да көрсетілген. Біз қатердің астында отырмыз. Ал,
шетелдік ғарыш айлақтары бұл қалдықтарды мұхит үстінде қалдыруды жоспарлап,
сызып қойған. Ресейдің жоспарлы жолы қазақтың тас төбесінен өтетін болды.
Біздің түсінігіміз бойынша, ғарыш кемесі кеңістікке шыққанша бірнеше
орбиталық белестен өтеді. Бірінші белеске шыққан кезеңде кемеден тұтастай
бөлініп қалатын жанар-жағар май ыдысында міндетті түрде 1,5 тоннадай
кепілдік қалдық қалады. Ол қалдықтың Қазақстан жеріне келіп түсетіні -
мойындалған шындық.
Ресей Қазақстан халқының тағдырына көз жұмып қараса, Қазақстан Ресейдің
қалта қамын ойлап, қалайша бас қатырады. Қысқасы, ХХ-ХХІ ғасыр кезеңінде
гептил біздің ұлттық қасіретімізге айналмаса екен. Осы кез ауыз
әдебиетіндегі:
Зымыран деген бір құс бар,
Көмірден болар тамағы,
Темірден болар жүрегі,- деген еске түседі.
Тағы бір айта кететін, Атасу ауылдығы жағдай. Кезінде осы өңірге
Протон кемесі құлап төңірегі сап-сары болып күйіп кеткен. Біздікілер
соның пайда зиянын анықтау үшін Ресей сарапшаларына жүгінді. Әлгі
сарапшылар зардап шеккен аймақты қарап:
Протонның, гептилдің адамға, ауаға, малға ешқандай зияны жоқ.
Залалды деген гептил буланып ауаға ұшып кетті,- деп теледидардан сұхбат
беріп жатты.
Әйтеуір бізге қатер деген нәрсенің бәрі ауаға ұшып кетіп жатты.
Сол ауаны Америкадан, Жапониядан біреу келіп жұтып кетпейді, онымен
демалатын біздер. Кезінде Давид Кугульдинов Калмыкияға жақын сынаққа
қарсылығын білдіріп тұрып:
Жарылудың адамға еш залалы жоқ дейсіздер. Неге онда бәрін Мәскеуге
әкеліп, Қызыл алаңның ортасына жармайсыздар. Көпшілік кереметімізді
көрсін, - деген еді.
Міне, ауаға ұшып кетудің астары осы. Себебі, диметил –
гидразиннің (гептил) қаншалықты залал екенін дәлелдеп берген Қазақстандығы
Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының Казмехонбр бірлестігі және
басқа да ғылыми мекемелердің тұжырымдары. Жалпы бүгінгі таңға дейінгі
Байқоңыр ғарыш айлағының тиімді, тиімсіз жағын сарапқа салудан жасқанып
отырғанымыз – адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс.
Кім үшін қысыламыз, кімнің жағдайын ойлаймыз, қай елдің абырой-ұятын
қорғаштаймыз. Осының бәрі алдымен Қазақстан мен Қазақстан халқы үшін керек
емес пе?
Біз ғарыштық дүниенің қасіретімен қатар, қолдасып өмір сүріп
келеміз. Осы жөнінде Тоқтар Әубәкіров бұған дейін парламентке ғарыш кешенін
сақтау шекарасы, оған қатысты ғылыми кемесінің сәтсіздігі жағдайында айып
ақы белгілеу, ғарыш жолындағы елдің денсаулығы, тағы басқа ұсыныстар қойып,
өткізе алмағанын, Заң қабылдаттыру мүмкіндігі туралы айтты. Қазақстанда
арнаулы заң болмаса, Ресейдің заңсыз әрекетке баратыны белгілі жағдай. Әлі
күнге дейін бізде зымырандық – ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға есерін,
оны зерттейтін зертханалық әдістемелік база жоқ. Тіпті, авариялардың халық
денсаулығы мен қоршаған ортаға зардабы туралы еш жерден ғылыми дерек таба
алмайсың. Экологиялық аудит жүргізілмейді. Мониторинг үшін жедел талдау
жүргізілетін шағын зертханалар да жоқ. Мы-салы, ұшу траекториясы өтетін
аудандардағы Қарқаралы, Жаңарқа,Оскаровка қыстағы тұрғындарының халдері
әлдеқайда төмен болып шықты. Тұтқасын тапқанмен оны дәлелдеудің Қазақстанда
ресми жүйесі, жалпы бұл бағытта мемлекеттік кешенді бағдарлама жоқ.
Бір ғана мысал келтіруге болады. Парламент басшылары ғарыштық
мәселені жүйелеу жөнінде Үкімет аралық министрліктер мен агенттіктерге,
институттарға міндетті және жүзеге асуға тиісті жұмыстарды белгілеп
беріпті. Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке ғарыштық сипаттағы төтенше
жағдайларды жою, әсер ету аймағындағы халық үшін зымырандық – ғарыштық
қызметтің қауіпсіздігі жөнінде арнаулы білім беру бағдарламаларын әзірлеп,
енгізу туралы ұсыныс қойыпты.
Әлемде ғылыми күрделі құбылыс жүріп жатыр, онда біреу пайда, біреу
зиян көріп, ел Парламенті болып талқылауда. Осы ғылыми процестен үлес
салмағын алу, сақтану шекарасын ғылыми негізде ұйымдастыру үшін кешенді
партиялық функционерлердің білім – білігі жетер ме екен?
2000 жылы протонның Арқа өңіріне бірнеше мәрте құлағанын білеміз.
Аталған өлкенің бір ұшы Қызылорда облысымен шектеседі. Екі аймақта емін
еркін жүрген ақбөкенге тағы да зобалаң туды. 130 шақырым жерге гептил уы
сіңіп, жануарлардың тіршілігі тоқтады. Қазір ресми деректер бойынша Сыр
өңірі мен Арқа аумағында қасірет шеккен 300 мыңдай ақбөкеннің келешек
тағдыры туралы оптимистік көзқарас танытудың өзі қиын. Алайда білмейтініміз
қаншама...

2.2. Байқоңыр экологиясы

а) Аймақтың ауа-райы және оған Байқоңырдың әсері.

Осы уақытқа дейін бұл ғарыш айлағының адамдарға немесе қоршаған
ортаға тигізетін әсерін қазақстандық және ресейлік ғалымдардың айта
алмайтындығы аймақ тұрғындары үшін ауыр қасірет болып тұр. Көңілге кірбің
ұяталар тұс осы.
Ауа райының жақсы болуы – адам денсаулығының жақсы болуы. Осы ауа
райы мәселесіне тоқталып көрейікші.
Атмосферадаға стратосфера қабаты жер бетіндегі тіршілікті
ультракүлгін сәулелерімен қорғау арқылы ерекшеленеді. Зерттеулер
көрсеткеніндей республика бойынша мұндағы азон қабатының қалыңдағы 5-7
пайызға азая түскен. Стамбұлдағы Бағазис университетінің доценті Хазрет
Делдоестің пікірінше, ауадағы көмір қышқыл газының көбеюіне байланысты күн
жылуы мүмкін. Эколог – профессор Атилла Слоренің айтуынша жер бетінің ыси
түсуіне себепші озон қабаты тесілуі – мәңгілік мұздардың еруіне әкеліп
соғады және бұл дүниенің болашағына қауіп төндіреді екен.
Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып
жібереді. Өйткені зымырандардың, отынның қалдықтары озон қабатына айрықша
әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған
отындарынан өте улы қосылыс — көміртектің радиоактивті элементтердің қос
тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық
тірі ағзаларға өте улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі
радиациялық тепе-теңдікті бұзып жібереді. Егер ауада көміртектің қос тотығы
молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады.
Көне заманда мұндай көріністер болғанын ғалым-биологтар жақсы біледі. Күн
сәулесі жерге түспегендіктен, жердің үстіңгі қабаты жылынып, тау
шыңдарындағы мәңгі қар мен мұздар еріп кетіп, теңіз және мұхит суларының
деңгейін көтереді. Қүрғақ жерлерді су басып, "топан суы" қаптауы сөзсіз
деп ғалымдар дәлелдейді.
Ақыр заман боларда, топан суы қаптайды екен- деген қағидалардың
бар екенін қазақ елі жақсы біледі. Ауа райының жылынып келе жатқанын халық
сезеді. Өйткені бұрынғы кездерде болатын аяздар осы уақытта аз болмады.
Ауа райының ластануы адам денсаулығына да зиянын тигізеді. Мысалы,
1999 жылдың 5 шілдесі мен 27 қазаныңда ғарышқа көтерілген екі бірдей
Протон зымырандары Қарағанды жеріне құлап түсті. Тек біреуінің 420
гептил майы төгілген. Ал 1996 жылы 14 мамырда Байқоңырдан ұшқан Союз-5
зымыраны Жезқазған маңына құлап түсті. Зымыраннан төгілген адамға зиянда
гептил 120 литр және азот тетрациді 420 литр. Зымыран жарықшақтары 60
шақырымға дейін шашылған.Олар білген жанға жай қалдықтар емес – радиациялы,
улы, сирек кездесетін металдар. Сол құнды заттарды терушілер – осы
маңайдың тұрғындары. Опат боламын деп ойламайды, бұл мақсаты - оң жолы
болу, баю қамы. Тіпті қалдықтардан мал қорасын тұрғызғандар баршылық.
Есептей келсек, жағдайымыз мәз болмайтыны анық. Өйткені гептил
төгілген жер 300-400 жылға дейін іске аспайды екен. Ал жарты ғасыр ішінде
ғарыш айлағынан гептилмен жұмыс істейтін 2000-ның үстінде зымыран
тасығыштар ұшырылыпты ... Сол радиация уынан Сыр халқы зардап шегуде.
Байқоңырды Ресей жалға бергеннен бүкіл сол аймақтағы жұрт қаншама
қасірет шегіп отыр. Одан ракета ұшты дегенше, бұл өңірде ауа райы қақап
сала береді.Ондай суық қатарынан 3-4 күнге созылады, қыс болса, алай-дүлей
борандатып, екі аяқты бір етікке тығады. Жаз болса дауыл тұрып, топырақ
суырады.
Осындай зобалаңнан Сыр бойы жылдан-жылға жұтап барады. Жайқалып тұратын
даланы қуаңшылық жайлады. Шабындық, жайылымдық, шөп біртін-деп азайып,
бұрынғы тәп-тәуір шаруашылықтар малдың бар түрінен айрылды. Қызылқұм,
Қарақұл өңірі бос қалды.
Мұндай қүбылыстар ғарыш айлағы орнамай тұрған уақытта болмаған.
Қандай болмасын, ұшырылған ғарыш кемелері мен оларды ғарыш кеңістігіне
шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер
енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде
жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған ғарыш кемелері және басқадай ғарыштық аппараттар табиғи
жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұзып
жіберетіні белгілі болды;
2. Ғарыш кемелерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы
(радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған
ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
3. Ғарыш кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар
дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік
ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте
қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп,
оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер
не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ғарыш кемелерінің қалдықтарының
жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау
аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы
көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады. Зымырандарға
жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компаненті - сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек
, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек
болады.
ә) Өте улы зымыран отынның қүрамында — улы тотықтандырғыш типіне жататын
(радиоактивті) "самин" және (радиоактивті) "меланж" болады. Сонымен қатар,
симметриялы емес радиоактивті — диметил-гидразин (гептил) бар. Осы аталған
компаненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы
заттар адамзат баласынын тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін
айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі
де мүмкін.
Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран-тасымалдаушылар апатқа ұшырауы
– табиғи қүбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкім де апат
болмайды деп кепілдік бере алмайды. Ғарыш кемелерін жасағанда, оларды ғарыш
айлағында ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымыраңдар жер
бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты
кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған
кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым-жартысы
әуеде жанып кетеді де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
ТМД-ғы интеграция тарихы
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Пәндер