Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық (1929-1933 жж.)



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8

1 Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру: барысы және оның салдары
1.1 Ұжымдастыру қарсаңындағы өңірдің әлеуметтік,
экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.14
1.2 Ұжымдастыру барысы және салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.23

2 Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық
2.1 Жетісу (Сарқанд) көтерілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.30
2.2 Шұбар көтерілісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.37
2.3 Балқаш Шоқпар наразылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37.41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42.44
Пайдаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45.47

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8

1 Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру: барысы және оның салдары
1.1 Ұжымдастыру қарсаңындағы өңірдің әлеуметтік,
экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 9-14
1.2 Ұжымдастыру барысы және
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-23

2 Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылық
2.1 Жетісу (Сарқанд)
көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 24-30
2.2 Шұбар
көтерілісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..30-37
2.3 Балқаш Шоқпар
наразылықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
7-41

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .42-44

Пайдаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...45-47

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан егемендігін алып, халықаралық
мемлекеттер жүйесінде тең құқылы мемлекет ретінде өзін жариялағаннан кейін
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, Отандық тарихтың күрделі де өзекті
мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Қалыптасқан саяси және
экономикалық қондырғы өзгерген кезде халықтардың санасына әсер ететін
тарихтың орны ерекше. Кеңестік заман кезеңінде тарих ғылымы қоғамдық
процестерді идеология тарапынан түсіндірді. Сондықтан да өзіміздің отандық
тарихтың назардан тыс қалған, немесе белгілі бір себептерге байланысты
өзгеше талданған мәселелерін қайтадан қарайтын уақыт келді.
Ауыл шаруашылығын кооперациялаудан бастау алған, қазіргі уақытта
жартылай шешілген өзекті мәселелер жеткілікті. Олардың қатарына дәстүрлі
шаруашылықтың күйреуі нәтижесінде қазақтар санының азаюы, қазақ даласында
мыңдаған өзге ұлт қоныстанғаннан кейінгі этникалық дағдарыс, ұлттық тілдік
ортаның бұзылуы сияқты мәселелер жатады.
Кеңестік заманда бұрмалаушылыққа ұшыраған және идеологиялық себептерге
байланысты зерттеу аймағы болмаған тарих бұл – 30-шы жылдардың тарихы болып
табылады. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастарды сталиндік-
голощекиндік оқиғалармен алмастыру оқиғасы қазіргі таңда төл тарихымыздың
зерттеу аймағынан өзіндік орнын тауып жатқан өзекті мәселе.
Кеңестік заманда 30-шы жылдарда жүргізілген ұжымдастыру мәселесі, оның
қазақ халқы үшін болған салдарлары мен нәтижелері туралы шынайы ғылыми
тарихнама қалыптаспады.
30-жылдары жүргізілген реформаның нәтижесінде 2 200 000-нан астам адам
аштан өлді. Осындай қазақ халқы үшін орны толмас салдарларға әкелген
оқиғалардың шынайы тарихын қалыптастыруға тәуелсіздіктен кейін қол
жеткіздік. Қазіргі кезде, дәстүрлі көшпелі шаруашылық мәдениетін бір ортаға
басқаратын ұжымға біріктірудің, отырықшыландырудың тарихы мен тағылымын жан-
жақты зерттеу уақыт талабы болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігін
айқындайтын үш мәселені бөліп көрсетуге болады: біріншіден, тақырыптың
ерекше ғылыми-танымдық маңыздылығы; екіншіден, саяси-тағылымдық маңызы;
үшіншіден, тарихи шындыққа қол жеткізуден туған қажеттілік. Сонымен бірге
қазақ халқының тарихында идеологиялық себептерге байланысты ақтаңдақ болып,
ғылыми назардан тыс қалып кеткен тақырыптарды зерттеу болашақ ұрпақты өз
тарихын танитын, патриот ретінде тәрбиелеуге де үлкен үлес қосары сөзсіз.
Тоталитарлық жүйе өзінің қазақ шаруаларына жасаған шараларының заңсыз
сипатын жасыру үшін, мұрағат қойнауындағы көптеген деректерді құпия ұстап
келді. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының комиссиясы өз жұмысының қорытындысында Қазақстан
Республикасының ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында зерттеулерге
20-30 жылдардағы күрделі оқиғаларға талдау жасауды енгізе отырып, зерттеу
мәселелерін кеңейту ұсынылды 1,2. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бітіру
жұмысының өзектілігін айқындай алады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұрын айналымға түскен,
ғылыми айналымда жарық көрген Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру шараларының,
оның салдарларына байланысты тарихи шындықты көрсету. 1929-1933 жылдар
аралығындағы ұжымдастыруға қарсы наразылықтардың барысын, нәтижесін
көрсету. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер жүктеледі:
- Ұжымдастыру қарсаңындағы Жетісу өңірінің әлеуметтік, экономикалық
жағдайын анықтау;
- Күштеп ұжымдастыру барысын, жолдарын көрсету;
- Күштеп ұжымдастыруға қарсы наразылықтарды, оның ішінде Жетісу (Сарқанд)
көтерілісінің барысын нәтижесін, Шұбар көтерілісінің барысын нәтижесін,
Балқаш Шоқпар көтеріліс барысындағы халықтардың наразылықтарын көрсету.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Ірі жеке меншік мал иелерін
жеке қожалықтардан айырудан бастап, Қазақстандағы зорлап отырықшыландыру
саясатын қамтып, ұжымдастырудың алғашқы нәтижелері белгілі болған уақыт
аралығын, яғни, 1929-1933 жылдарды қамтиды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Кеңес идеясының ықпалынсыз дайындалған ашық пікірлер ол кезде жасырын
немесе сырт елдерде жарық көріп тұрды. Солардың бірі-тарихымызға тәуелсіз
көзқарас қалыптасқанға дейін бір жақты баға алып келген Мұстафа Шоқайдың
көзқарастары мен деректері. Алаш қайраткері Жас Түркістан, Кеңестер
билігіндегі Түркістан атты еңбектері арқылы кеңестік биліктің сұрқия
беттерін Европаға паш етті. Ауыл шаруашылығындағы кеңес үстемдігі жайлы
Мұстафа Шоқай бірнеше мақалалар жариялады.
Көтерілістен - ұйымшылдыққа атты мақаласын Түркістанның әр
жеріндегі жаңа құрбашы көтерілістері туралы хабарлар жетуде... көптеген
түркістандықтар осы жаңадан шығып жатқан көтеріліске біздің көзқарасымызды
білгісі келетіндіктерін айтады... біз өзіміздің ой-пікірімізді жариялауды
жөн көрдік деп бастайды. Ой-пікірдің 1930 жылы жарияланғанын ескерсек,
Жаңа құрбашы қозғалыстары 1929-1930 жылдары Сырдария округінде өткен
ұжымдастыруға қарсы шаруалар қарсылығы екенін түсіну қиын емес. Ол кісі бұл
көтерілістің себебін, Түркістандағы орыс большевиктерінің әдеттен тыс езуі
мен қанауы, қатыгездігі болып отыр - деп дәл тапқандығын уақыт дәлелдеуде
–деді 2, 72. Кеңестік ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылығының
деңгейін, құрылымын зерттеу соғыстан кейін 40-жылдардың соңына таман
қозғала бастады. 1947 жылы 15-19 мамыр аралығында Қазақ КСР Ғылым
академиясының тарих, археология, этнология институтының І сессиясы болып
өтті. Ғылым академиясының мүшесі Юшков Қазақстан тарих ғылымының негізгі
міндеттері атты баяндамасында ... кеңестік Қазақстан тарихының маңызды
мәселелерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды зерттеуді жолға
қоюды тапсырды. Б.Тұрсынбаев та осы сессияда сөйлеген сөзінде кеңестік
Қазақстан тарихында ауылды кеңестендіру жөнінде мәнді зерттеулер жоқ, тек
қана қателер жеткілікті журнал мақалалары ғана бар деп айтып өтті.
Тарихшы Тұрсынбаев байлар мен жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеу
оларға соңғы соққы болып, көптеген жерлерде қазақ ауылдары ұжымдастырудың
шешуші базарларын қылыптастырды, астық дайындау кезінде ауылдар мен
деревняларда тап күресінің шиеленіскенін айта келіп, көп жағдайларды
партияның ұйымдастырушылығы мен тап күресінің маңызына көп көңіл қояды.
Дегенмен де, коммунистік идеология қыспағында болғанымен ұжымдастырудың
Қазақстанда партия бағытын бұрмалаушылықпен жүргізілгені туралы пікірге
тоқталады. Ұжымға кіру кезінде еріктілік қағидасы бұзылып, күштеп кулак
ретінде жойыласың, сайлау құқығынан айырыласың деп қорқытып
жүргізілгенін айтуға алғашқылардың бірі болып батыл қадам жасады. Өлкелік,
жергілікті ұйымдар астықты аудандардағы ұжымдастыру қарқынын артта қалған
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы аудандарына ойланбай енгізуі
секілді тағы басқа бұрмалаушылықтар, шаруалардың көңіл қоярлық
наразылықтары белгілерінің білінгенін көрсете келіп, ол партияның тез
араласуы арқылы орнына келтірілді деп жазады 3, 15.
1950 жылдардың ортасынан бастап ұжымшар тарихнамасында жаңа серпіліс
байқалды. Бұл ХХ съездің Жеке басқа табынушылық пен оның зардаптарын жою
туралы қаулысы негізінде қалыптасты. Аталған қаулы жаңа деректерді кеңінен
пайдалануға мүмкіндік жасап, қалыптасқан сталиндік теория шеңберінен
босатқандай болды. Алайда, бұл кеңшілік ұзаққа созылмай, тарихшылардың
Жеке басқа табынушылық келмеске кетті. Қоғамдық ғылымдарға, оның ішінде
тарих ғылымының шығармашылық дамуына барлық жағдай жасалынды 4,21 деген
тұжырымдары өз уақытынан ерте айтылған болып шықты.
Сол кезде басып озу, феодализмнен социализмге бірден аттап өткен
Орта Азия Қазақстан республикаларының даму тәжірибесін насихаттау жан-жақты
жүргізіліп жатқан болатын. Капитализмнің дағдарысын әшкерелеу идеясының
шеңберінде жазылғанымен Б. Тұрсынбаевтың, Г. Дахшлейгердің, тағы
басқалардың зерттеулері көп еңбек сіңірумен, мұрағат құжаттарын кеңінен
пайдаланумен ерекшеленді. Алайда, бұл еңбектер ауыл шаруашылығы жөніндегі
коммунистік партия саясаты аясында орындалғандықтан жаңсақ пікірлер мен
теориялардан ада еместігін айтуымыз қажет. А. Тұрсынбаев қазақтың дәстүрлі
шаруашылығының дала өмірі жағдайындағы артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан
қорғаған қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтармен бірге Швецов,
Чаянов, Сириус, Доничтің еңбектерін сынап, 1930 жылдардан келе жатқан
коммунистік теорияларды қолдайды. Бұларды ұжымшарға қарсы элементтерге
жатқызып, жергілікті жерлердегі зорлыққа қарсы наразылықтарды
ұйымдастырушылар ретінде көрсетеді.
Сол кездегі еңбектердің басым көпшілігінде ұжымдастыру қозғалысының
үрдістерін, қарама-қайшылықтарын ашудағы зерттеу тәсілдерінің бір-бірінен
айырмасы жоққа тән. Г. Дахшлейгер өз монографиясында түсінікті тілменен
ұжымдастыру алдындағы орталық және республикалық партиялық-кеңестік
органдардың дайындық жұмыстарын, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын
бұрын қолданылмаған құжаттармен орнықты жеткізе білген 5,35. Бұл кісі де
өз замандастары секілді ұжымдастыру бағытында жүргізілген іс-шараларға
таптық күрес тұрғысынан баға береді. Аталған еңбегінде Е. Полочанский, В.
Соколовский, С. Швецовтардың зерттеулерін
қоғамдық қатынастардағы таптық күресті жоққа шығарушылық, ауыл
шаруашылығының капиталистік даму жолын дәріптеушілік бар деген көзқарасты
сынайды.
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру мәселесі 1960 жылдардан бері
көтеріліп келе жатқан мәселе. Әрине кеңес тарихшылары 60-шы жылдары бұл
тақырыпты өз идеологиясының тұрғысында жазды. Бұл ізденістер мақалалар,
баяндамалар, арнайы ізденістер ретінде жарық көрді 6,85.
1960 жылдар әдебиеттерінің қатарынан елеулі орын алатыны –
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (1926-1941, маусым) атты екі
бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы. Бұл жинаққа дейін
Қазақстанда ұжымдастыру тарихына байланыста құжаттар мұндай дәрежеде
топтастырылмаған еді. Бірінші бөлімнің қамтитын хронологиялық шеңбері 1926-
1929, маусым; ұжымдастыруға дайындық деп басталып, 1929, қараша -1932
жаппай ұжымдастыру мен осының негізінде кулак пен байларды тап ретінде жою
деп аяқталады. 1926-1929 жылдардағы құжаттарды жинақтауда лениндік
кооперация жоспарына сай республикамыздағы ұжымшар қозғалысына дайындық
жұмыстарындағы коммунистік партияның басшылығына көп көңіл бөлінген.
Алайда, көшпелі, жартылай көшпелі ауылдардағы аграрлық қайта құруларға
қатысты әкімшілік, ұжымдастырудың жасанды жолдарына, ұжымшардың жоғарғы
нысандарына бірден секіріс жасаудың кері нәтижелері туралы құжаттар жоқтың
қасы. Екінші тарауда жиырма бес мыңдықтардың жұмыстары мен ролі көптеп
дәріптеледі де, Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктерін жою іс-шаралары
жан-жақты ашылмаған.
1980 жылдары бұл тақырыпқа қалам тартқандардың қатарында Н.Алимбаевты
айтуға болады 7. Н.Алимбаев ұжымдастыру тарихнамасын кеңестік тарих
ғылымында қалыптасқан үш кезеңге сәйкес бөледі: біріншісі – 20-шы жылдардың
соңы, 30-шы жылдардың ортасы аграрлық мәселелердің қалыптасуы деп алып,
екінші кезең – 30-шы жылдардың соңы 50-ші жылдардың ортасы – кәсіби сапаның
қалыптасуы; үшінші кезең – 50-ші жылдардың ортасынан қазіргі кезге дейін
деп көрсетеді.
Біріру жұмысының тақырыбына байланысты кеңінен баяндау бағытындағы
еңбектер қатарында К. Нұрпейісовтың Кеңестік Қазақстан шаруаларының
тарихы еңбегі қомақты орын алады. 1985 жылы жарық көрген атаулы еңбек
танымдық сипатымен тартымды. Солай бола тұра, кеңестік жүйе кезінде жарық
көргендіктен, авторлар ұжымдастырудың тек жақсы, күнгей жақтарына көп көңіл
бөлген 8,247.
Зерттеу объектісіне айналып отырған мәселенің жаңаша, тәуелсіз
методологиясына негіз салу 1985 жылдың екінші жартысынан басталады. Алғашқы
кезде ұжымдастыру қасіретін әшкерелейтін зерттеулер тарихи мақалалардан
басталады деуіміз шындыққа сияды.
Х.М. Ғабжалилов өзінің 1929-1931 жылдардағы халық наразылықтарының
тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында зерттелуі атты мақаласында былай дейді:
Тәуелсіздік тұсында зерттеушілер мына мәселелерге баса назар аударды:
- көтерілістер сипаты;
- олардың шынайы тарихын қалпына келтіру;
- олардың ауыр салдарларын зерттеу;
Қазақстанда тәуелсіздіктің басталуына байланысты осы мәселенің
төңірегінде алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген және осындай жабық
тақырыпқа алғаш рет қалам тартқан Т.Омарбеков болды. Бұл мәселе оның
алғашқы еңбектерінде кеңінен әңгімеленді. Ол осы, тарихымыз үшін аса
маңызды тақырыпты сонымен бірге өзінің 1997 жылы жарық көрген 20-30-шы
жылдардағы Қазақстан қасіреті деп аталатын монографиялық еңбегінің ІҮ-
тарауында тереңдете зерттеді. Бұл тарау Меншіктен айыруға және күштен
ұжымдастыруға қарсы халықтық наразылық деп аталады. Осында, бірінші
параграфында шаруалар көтерілісінің себептеріне, қозғаушы күштеріне және
сипатына шын мәніндегі жаңа көзқарас негізделген. Онда Т.Омарбеков 1929-31
жылдары Қазақстанда орын алған 372 шаруалардың бұқаралық бас көтерулерінің
әр жылдарға шаққандағы санын, сонымен бірге осы жылдарда болған
көтерілісшілердің әртүрлі топтарының санын оларға қатысқан адамдар сандарын
және олардың кеңестік жүйеге қарсы іс-әрекеттерінің сипатын айқындап
көрсетті. Мұнда берілген нақты деректер Қазақстан Республикасы
Президентінің мұрағатының құпия қорынан алынған және кеңестік Қазақстан
тарихындағы аса құпия мәліметтер болып табылады. Осы мәліметтерді талдау
арқылы Т.Омарбеков бұл көтерілістердің және халық наразылықтарының шын
мәнінде Қазақстанда жалпы халықтық қана емес, ұлт-азаттықта сипат
алғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді 9,79.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің тарихында көптеген ақтаңдақ
мәселелерге тарихшылар қалам тарта бастады. Олардың ішіндегі аса күрделісі
– 1929-33 жылдардың аралығындағы қазақ даласында болған шаруалар
наразылықтары еді. Тарихшылар көтерілістердің сипатына, олардың шынайы
тарихына, олардың салдарларына көңіл аудара бастады. Қазақстанда осы
мәселенің төңірегінде алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген тарихшы
Т.Омарбеков деп айтуға болады. Бұл мәселені автор 1994 жылы докторлық
диссертациясында, 1997 жылы 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті атты
монографиялық еңбегінде аталмыш тақырыпқа қалам тартты. Тарихшы шаруалар
көтерілісінің себептеріне, қозғаушы күштеріне, сипатына жаңаша түсініктеме
берді. Т.Омарбеков 1929-1931 жылдары қазақстанда болған 372 шаруалардың
бұқаралық бас көтерілулерінің әр жылдарға шаққандағы санын, көтеріліске
қатысушылардың санын, олардың іс-әрекеттерінің сипатын көрсетті.
Т.Омарбеков жаңа методологиялық тұрғыдан былайша өзгеріс енгізуді
ұсынады: алғашқы кезең – 20-шы жылдардың орта шенінен зорлап
отырықшыланудың және жаппай ұжымдастырудың басталуына, яғни, 1929 жылға
дейін; екінші кезең – 1930-1980 жылдар аралығы деп алынып, үшінші кезең –
1985 жылдан бастау алады.
Аталмыш тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізген қазақстандық келесі
тарихшы О. Мұхатова. Тақырыпқа қатысты автордың Қазақстандағы ХХ ғасырдың
20-90 жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы атты еңбегі бар.
О.Мұхатова коммунистік тоталитарлық біздің Отанымызда 30-жылдардың соңына
қарай берік орнаған, ал тарих ғылымы осы жүйені қорғаушы сарай
төңірегіндегі ғылым ретінде 1985 жылғы сәуірге дейін созылды, - деген
10.
Қазақстандағы жаппай, күштеп ұжымдастыру 1931-33 жылдардағы
ашаршылық, 1929-1931 жылдардағы көтерілістер жайлы зерттеулер 90-шы
жылдардың басында жариялана бастады. Мысалы, М.Қ.Қозыбаевтың,
К.Нұрпейісовтың, Қ.Алдажұмановтың, Ж.Әбілғожиннің, М.Хасанаевтың тағы да
басқа белгілі ғалымдардың жаңа көзқарастары жариялана бастады. Академик М.
Қозыбаев ұжымдастыру барысындағы оқиғаларға жаңаша көзқараспен қарауға
ғылыми негіз салса, оны Қ. Алдажұманов, Ж. Әбілғожин, Т. Омарбеков тағы
басқалар өз еңбектерінде дамыта түсті. Халық наразылықтарына бұрын
қалыптасқан Кеңес өкіметі тұсында баяғы күйінен айырылып қалғандардың
қарсылығы деген пікірге жаңаша өкіметтің қатаң саясаты мен зорлық-
зомбылығынан жәбір көрген шаруалар өз мүддесін қорғады делінген шынайы
баға берілді 11.
1929-1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға –
сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған халық наразылықтарына нақты тарихи
деректерге сүйеніп баяндауда Т. Омарбековтың еңбектерінің орны ерекше.
Голощекиндік аграрлық саясаттың нәтижесіндегі шаруа көтерілістері мен
халыққа қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін науқаны
Қ. Алдажұмановтың зерттеулеріне де арқау болды. Автор
тарихнамаға шаруалар көтерілістері мен толқуларын қарсыласу қозғалысы
деген атаумен енгізілді.
Т.О.Омарбековтың мақаласында Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың және
зорлап отырықшыландырудың ауыр зардаптары қазіргі Қазақстан тарихында
біршама жазылып жүр. Бұлардың ішіндегі ең ауыр дерт ашаршылықтан адамдардың
қырылып қалуы-осы жылдардағы орны толмас демографиялық апат. Жоғарыда
айтылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңеес Төралқасының осы
мәселелерді зерттеген комиссиясы өзінің қорытындысында тарихшы
демографтардың жүргізілген алдын ала талдаулары Қазақ елі аштықтан және
соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары
болуынан 2 млн  200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 49 процентінен
айырылғанын дәлелдегенін атап көрсете отырып, сонымен қатар қасірет
құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашық қалып отырғанын де
көрсетеді, - деп айтылады 12,303.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тармақтан тұратын
екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру: барысы және оның салдары

1. Ұжымдастыру қарсаңындағы өңірдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы
1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар
болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн
пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық
тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты
көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға
душар етті. 1920-1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен
салыстырғанда 75 % кеміді.
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл
аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың адам, Оралда – 400 мың, Семей
губерниясында – 500 мың, Орынборда – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты.
Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық аштан қырыла бастады. Көшпелілер
арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, аудандарда халықтың
75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық
бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бірболыс ұйымдастыруға тұра келді.
Әулиеатада шіри бастаған өліктерді жинап алуға мұрша жоқ - делінген
Түрікатком атына жолдаған жеделхаттардың (телеграмма) бірінде 13, 35.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ даласы әртүрлі өзгерістерге толы
болды. Сондай өзгерістердің бірі – 1928 жылғы жаңа территориялық бөліс
аймақтарға жіктеу еді. Жаңа бөліс кезінде аудандар ерекше рөл атқарды.
Аудандарға бөлу кезінде ауылдардың белгілі бір шаруашылыққа икемделуі,
мәдени ұқсастығы, ұлттардың құрамы ескерілді. 1930 жылы аудандар
ірілендіріп, олардың саны 121-ге кемітілді. 1932 жылы қазақстанда обылыстық
бөліске көшті. Нәтижесінде 6 обылыс құрылды, оның ішінде Жетісу аймағының
орталығы Алматы қаласы болды 14.
1930 жылдан бастап, Қазақстанда қайтадан территориялық-әкімшілік
жағынан бөлуге даярлық басталды. 1930 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан
Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімі бойынша
Жетісу аймағында төмендігідей аудандар болды: Алакөл, Лепсі, Ақсу, Қаратал,
Талдықорған аудандары. 1932 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Орталық
Комитетінің ҮІІІ шақырылған ІІ сессиясының шешіміне байланысты Қазақстанда
6 обылыс құрылды, жаңа территориялық басқару жүйесінің енгізілуіне
байланысты бұрынғы аймақтық есептеу мекемелерінің орнына 6 облыстық халық
шаруашылық басқармасы енгізілді.Жетісу обылысы 1932 жылы 10 наурызда Алматы
обылысы болып өзгертілді. Онда Ленин, Сталин, Октябрьский, Фрунзе аудандары
болды. Обылыстың жалпы территориясы 104,0 мың кв.км. Табиғи байлығы алтын,
түсті көмір, тұз, құрылыс заттары, қамыс, известь, мрамор, кварц, пластин
болды. Су көздері – Балқаш көлі, Алматы, Таскүл, Сарыбұлақ, Есік, Тұз көл,
өзендері – Іле, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелен, Баянкөл, Текес.
Сонымен Жетісу аймағының обылысында барлығы 411 селолық советтер болып,
онда 920301 тұрғын болған 14, 115.
Жетісу аймағының құрамына кірген аудандар: Шұбартау, Аякөз, Үржар,
Мақаншы, Алакөл, Шу, Балқаш, Бөрлітөбе, Қаратал, Талдықорған, Ақсу, Сарқан,
Андреевка, Дзержинский, Қордай, Красногроск, Қастек, Еңбекшіқазақ, Қоғалы,
Шелек, Октябрь, Жаркент, Ұйғыр, Кеген, Нарынқол және обылыстан тыс Алматы
қаласы.
1930 жылдардағы елдің саяси-экономикалық дамуы Жетісу өңіріндегі
әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей әсер етті. Халықтың сандық және
сапалық жағынан өзгеруі ішкі және сыртқы көші-қондық процестерге тікелей
байланысты болды. Халықтың сан жағынан дамуы табиғи жолмен өсіп, оған өз
әсерін тигізіп отырды. Елде жаппай ұжымдастыру науқаны басталды. Бұл
науқанның мешеу дамыған Қазақстанда алдыңғы қатарлы аудандармен бір
мезгілде жүргізілуі және жаппай отырықшылықпен қатар жүргізілуі негізінен
ізгі ниетті көздегенімен, көп қиыншылықтар туғызды. Қазақстандағы жағдайды
жақсы білетін Тұрар Рысқұлов сияқты Мәскеудегі көрнекті партия
қайраткерлері бұл науқанға аса тыңғылықты алдын-ала дайындық қажет
екендігіне тоқталып, ұжымдастыруды Қазақстанда бірінші кезекте емес, екінші
мерзімде, Орта Азия Республикаларымен бір мезгілде жүргізу қажет екендігін
айтты. Ол ескертпелер қабылданған жоқ. Сол кездегі Қазақстан өлкелік партия
комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің субъективті көзқарасы мен
авантюристік пиғылдарының салдарынан өсіп келе жатқан қазақтың жас ұлттық
интеллегенциясын оңшыл, солшыл, ұлтшыл деген айыптар тағып қызметтерінен
қуды.
Кеңес үкіметінің Қазақстандағы саясатының ең ауыр кезеңі республиканың
партия басшылығына Ф.И.Голощекиннің келуімен байланысты болды. Бұл кезең
бізге Кіші Қазан атымен белгілі. Ол 1925 жылғы өзінің ең алғашқы сөйлеген
сөзінде Ауылда (республиканың бәрінде) совет үкіметі жоқ, тек байлар
билігі бар, - деді. Сондықтан ауылдарда Кіші Қазан жүргізу керек,
байларға қарсы күресте кедейлерге көмектесу керек, егер азамат соғысы болса
біз оны жақтаймыз-деген 14,574. Ол өзінің сөзінде партия құрамында
орыстық (великорусский) шовинизм, қазақ ұлтшылдығы етек алған деп жала жабу
арқылы өзіне қарсы тұрған қазақ зиялыларын жоюға кірісті. Ұлтшыл-уклонистер
деген жаламен қазақтың белгілі коммунистері Т.Рысқұлов, С.Қожанов,
С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, С.Мендешев, Н.Төреқұлов айыпталды.
Т. Рысқұлов қазақ халқы трагедиясының ең басты себебі көшпелі және
жартылай көшпелі ауылдарды отырықшылыққа күштеп көшіру болғанын сезіне
отырып, КСРО мен РКФСР ХКК-не отырқшылыққа көшірудің жоспарын қайта қарап,
бекітуді тапсыруды, тұрғындарды отырған жерлерінен көп қозғамай, оны
аяқтаудың мерзімін белгілеуді, суарылатын жерлер мен көгалдарды,
құрылыстарды тиімді пайдалануды ұсынды.
Қаулыда көптеген шаралар белгіленгенмен іс жүзінде түпкілікті
өзгерістер бола қойған жоқ. Барлық деректер бойынша колхозшылар мен ТОЗ
мүшелеріне 768127 мал қайтарылып берілген. Бірақ мұнда 1933 жылы
Қазақстанда қожалықтардың 61 пайызы сиырсыз және 20 пайызы мүлдем малсыз
болғанын ұмытпаған жөн. Қаулыға сәйкес колхоздарды қайта ұйымдастыру мен
оларды уақтап бөлу басталды. Мал санының күрт төмендеуінің басты
факторларының бірі-ет дайындау еді. Бұл іспен арнайы құрылған компаниялар
айналысты. Жоспар шамадан тыс көп болды. 1930-1931 жылдары компанияларға
колхоздар мен совхоздар соңғы малдарын берді. Тек Овцеводтрест бойынша
1931 жылы 41887 центнер ет өткізу керек болатын, ал даярланған ет 14727
центнер болды. Мал шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, жоспар 55
пайызға көтеріліп ет өткізу жоспары 75873 центнер болып белгіленді.
Жоспарды орындау үшін қалған малдың көпшілігі сойылды. Қазақ ауылдарындағы
кедейленудің тағы бір себебі отырықшылыққа күштеп, ойланбай көшіру болды.
1933 жылдың 17 ақпанында БК (б)П Қазөлкекомы барлық обком, облыстық
атқару комитеттеріне телеграмма жіберіп, онда ТОЗ-дардың жанында фермалар
қалдырылмасын, мал фермаларды жеке пайдалануға берілсін деп талап етті.
Бірақ, мал сатылып берілді және де басқа да шектеулер болды. Берілген мал
өзге біреуге сатылып, не ойылса, иесі қатаң жауапкершілікке тартылды. 1933
жылғы 22 шілдедегі Қазхалком және БК(б)П Қазөлкекомының қаулысына сәйкес
мал өзінің жеке пайдалануында малы жоқ, үлгілі еңбек тәртібі мен жоғарғы
еңбек өнімділігін көрсеткен ең жақсы колхозшы екпінділерге берілді. Мал
колхозшыларға олардың тапқан еңбек күндеріне сай есептеліп берілді. Бір
сиырдың бағасы 105 еңбек күн, ал ұсақ малдың (қой, ешкі)-25 күннен аспау
керек болатын. Алған малдың еңбеккүнін колхозшы ұсақ малдікін 2 жылда, ал
ірі қараны 3 жылда өтеуге міндетті болды.
Халық шаруашылығы басқармасының есебі бойынша Қазақтсандағы 1 маусым
әр жылғы есеп бойынша халықтың өсу динамикасы төмендегідей болды: 1930-
5873,0 мың, 1931-5114,0; 1932-3227,0; 1933-2493,5; 1934-2681,8.
Қазақстаннан КСРО-ның басқа жерлеріне қоныс аударғандар 1930-1932 жылдары –
1,3 млн. адам 15. Осы жылдары Қазақстанда мал шаруашылығы да қатты
жұтады. Егер республикада 1930 жылы мал басы 24,4 миллион болса, 1931 жылы
11 миллионға дейін, 1932 жылы мал басы 3,3 миллионға дейін, ал 1933 жылы
2,5 миллионға дейін, 3-4 жыл ішінде 10 еседей кеміді. ВКП(б) Орталық
Комитетінің 1932 жылғы қыркүйек айындағы Ауыл шаруашылығы және атап
айтқанда Қазақстанның мал шаруашылығы туралы арнаулы қаулысы
республикамызды еліміздің шығыстағы негізгі малды аймағына қайта айналдыру
жөнінде үлкен рөл атқарды, бірақ ол тым кеш қабылданды. Л.И.Мирзоянның
1938 жылы жала жабылып кетуінен шетке көшіп кеткен босқындарды қайтару
науқаны төрт жылдан соң жарты жолда қалып қойды. Кейбір толық емес
мәліметтер бойынша Қазақстандағы жалпы мал басы 48 миллионнан 3 млн.-ға
дейін кеміген. Оның үш жылдағы беретін өнімін есептесек онда 70 млн. мал
құрып кеткен. Енді бұрынғы шаруаларға малды малды шет жақтан негізінен
Қытай мен Монғолиядан және қырғыз бен түрікменнен алып келіп таратты.
Республиканың, әсіресе, қазақ халқының осы кезеңде барынша әлсіреген және
аса қатты олқылаған демографиялық негізін мүмкіндігінше қайта қалпына
келтіру жұмысы ұзақ мерзімді қажет етті және ол тағы да шашырап, босып
кеткен халықты өз отанына қайтару шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар
Республикаға басқа ұлт өкілдерінің келуі тоқталған жоқ. Мысалы, орыстардың
республикадағы пайызы 12-ге, татарлар – 30-ға, белорустар – 22 пайызға
өсті. Есеп бойынша 1174 мың адамға көбейді. 20-жылдардың ортасына дейін
созылған стихиялы түрде қоныс аудару енді ұйымдасқан, жоспарлы түрде өте
бастады. Елдің орталық өнеркәсіптік аудандарында жұмыссыздардың саны толық
емес дерек бойынша 1,3 млн. адамға жетті 16.
Ауыл шаруашылығында да қоныс аудару жүріп жатты. 20-шы жылдардың
аяғында, 30-шы жылдардың басында Қазақстан территориясына байлығынан
айырылған шаруалар келе бастады. Ресейден, Украинадан және басқа да жақтан
келген адамдар елдің еуропалық бөлігі мен Сібір жерінен келді. Олар келіп
қоныстанған жерлеріне коммуналар мен артельдер ашып отырықшылыққа көшті.
1928-1930 жылдар аралығында қазақстанға совхоздарға КСРО-ның әртүрлі
аудандарынан жұмыс істеу үшін 65 мың жанұя көшіп келді. 1940 жылы
ұйымдасқан түрде Украинадан, РКСФСР аудандарынан, Молдавия мен Чуваштан,
Татарстаннан және басқа да автономиялардан, жері аз жерлерден өз еркімен
қоныс аударғаншаруалар келді. Осының нәтижесінде Қазақстанға 24,2 мың жанұя
келіп республиканың солтүстік аудандарына тың жерлерді игеріп егін салу
үшін қоныстандырылды.
Отырықшыландыру кезеңі Жетісу аймағында қилы тарихи оқиғалармен тығыз
байланысты болды. Ауыр кезеңдерді басынан өткерген аймақтың шекарамен
байланыста орналасқан жерлері болды. 1929-1931 жылдары шекарада орналасқан
көтеріліске шыққан Балқаш, Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу, Сарқанд,
Жаркент және Бөрібай аудандарының ауылдары. Тұрғындары Қытай шекарасынан
өте бастады. Толық емес мәліметтер бойынша 1930 жылдың басынан бастап
шаруалар көтерілісі кезінде өздерінің тұрған жерлерін тастап 281230
шаруашылық көшіп кетті, оның ішінде 83 мыңы Солтүстік Қытай және
Ауғаныстанға кетті.
1926 жылғы халық санағы бойынша республика территориясында 6198467
адам тұрған. 1926 жылғы санақ пен 1939 жылғы екі санақ арасында қазақтардың
үлес салмағы, 58,5 – тен 38-ге дейін төмендеді. Ал басқа республикалардағы
қазақтардың бүкіл қазақ халқының ішіндегі пайызы 1926 жылы 8,5 пайыздан
1939 жылы 26 пайызға дейін өсіп, саны 787 мыңға жетті. Бұл Қазақ КСР
–індегі қазақтардың барлық қазақ халқының ішіндегі пайыздық үлес салмағын
1926 жылғы 91,5-тен 1939 жылы 74-ке дейін төмендетті. 1930-1934 жылдары
халықтың күшті көші-қонына байланысты басқа республикаларда тұратын
қазақтардың саны 2,6 есе, Өзбек КСР-інде тұратындар 1,7 есе, Түркмен КСР-і
мен Тәжік КСР-інде 7 есе, Қырғыз КСР-інде 10 есе өскен. 1939 жылы көрші
одақтас республикаларда және шетелдерде Қазақстаннан көшіп барған босқын
қазақтар саны 1 миллион 350 мыңға жеткен. 2-3 жыл аралығында шетте жүрген
қазақтар санының 16-дан 41 пайызға дейін көтерілгенін көруге болады.
1926-1939 жылдары Қазақстан халқы 1 пайызға ғана өскен. 1926-1939
жылдары Қазақстанда бұрын болып көрмеген өндіріс қарқыны болды. Өндіріс
орындары, жаңа қалалар бой көтерді. Осы жылдың ішінде қала халқының саны
басқа республикалар мен село халқының қалаларға ауысу есебінен 325 пайызға
өскен. Осы жылдардың ішінде қаладағы қазақтар саны 6 еседей көбейді. 1939
жылы республиканың село халқы 1926 жылғыдан 20 пайызға немесе 1 млн. 114
мың адамға кеміді. Осы уақытта оның қала халқы 1 млн. 170 мың адамға өсті
16, 115 б..
1932 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша Жетісу аймағының тұрғындар саны,
қалада Алматы – 146500, Жаркент – 14300, Аягөз – 17800, Қоңырат – 10000;
аудан орталықтары: п. Ақсу-Ақсу ауданы – ауылдық жерде 78345, Алакөл ауданы
– село Үшарал – 28024, Аягөз ауданы барлығы 64290, Балхаш – 35147, Іле –
45497, Қастек – 39060, Қаратал – 67498, Кеген – 53126, Қордай – 36392,
Үржар – 46318, Шет – 42228, Шұбартау – 24229, Шу-68880, Еңбекшіқазақ –
43992. Барлығы аймақ бойынша 1163267 халық болып, оның ішінде211700 қалалық
жерде – 951567 ауылда тұрды 17.
1926 жылы 1939 жылғы қазақ санақтарының материалдары негізінде 18
жастан жоғарғы тұрғындардың саны алынып олардың жынысына қарай және қалалық
жерлер мен ауылдық жерлердегі халықтың жалпы санының 1939 жылғы әкімшілік
басқару территориялық шекара бойынша есептеді 18.

Кесте №1
1926 жылғы санақ 1939 жылғы санақ
Барлығы Қалада Ауылда Барлығы Қалада Ауылда
ҚазКСР 6037092 519074 5518018 6093507 1689450 4404057
Алм. обл 393676 45385 318591 480983 241384 239599
ТҚО 361576 16898 344678 317078 55247 261831

Осы кестеден көріп отырғанымыздай 1926 жылғы санақ қорытындысына
қарағанда халық санының жалпы республика бойынша өсімі төмен болғанымен
жекелеген аймақтардағы өсу жоғары болғандығы көрінеді. Мысалы, Жетісуда
халық саны 393676 адамнан 480983-ке дейін өскен, сонымен қатар 1926 жылғы
Жетісудағы қала халқының саны аз болса, ал 1939 жылы қала мен селодағы
халықтар арасындағы айырмашылық өте төмен көрсеткішті береді.
Сонымен қатар көптеген ұлт өкілдерінің сан жағынан азайғанын көреміз.
Мысалы, қазақтардың үлесі 63,8% кеміді, украиндар 76,3%, өзбектер 79,8%,
ұйғұрлар бұрынғы санынан 55,7%-ға кемісе, ал басқа ұлт өкілдерінің
республикаға қоныс аударуы тоқтамады. Мысалы, орыстар саны 92%-ға өсті,
татарлар 34%, белорустар 22%. Осы кезде Қиыр Шығыстан Қазақстанға 95 мың
корейлерді жаппай қоныс аудару басталды. Демографиялық жағдайдағы ірі
өзгеріс орыстар санының орташа үлесі 20 % өссе, ал қазақтар осыншама
кемігенін көреміз 19.
Халықтың ұлттық құрамына келсек, басым көпшілігі қазақтар мен орыстар
болды, 44,1% және 33,4%. Бұлардан кейінгі орындарды мыналар иемденді:
украиндар 11,8%, немістер 1,8%, өзбектер мен кәрістер 1,6% және 1,5%, басқа
ұлттардың өкілдері 5,8%. Ауыл халқын 1926 жылғы санақпен салыстырсақ,
орыстар 16,7% -ға, татарлар 0,5%-ға, немістер мен кәрістер 1%-ға, ұйғұрлар
0,3%-ға азайған. Аталған халықтар сан жағынан азайғанымен аласапыран
жылдары қазақтардай құрбандық шеккен жоқ. Украиндықтар Ресей жеріне,
өзбектер мен ұйғұрлар Орта Азия республикалары мен Қытай, Ауған, Иран
елдеріне қоныс аударды.
1926-1939 жылдар аралығында 12 жыл ішінде республикадағы этностық
жағдай өте күрделі өзгеріске ұшырады. Республиканың тұрғындары бұл жылдары
105 мың адамға немесе 1,7 пайызға кеміді. Аштықтан өлу және басқа жаққа
қоныс аударудан қазақтар саны көп кеміді, 1926 жылмен салыстырғанда
қазақтар саны 1314 мыңға кеміп, 36,2 пайызға кеміді, украиндар саны 203
мың, өзбектер 26 мыңға, ұйғұрлар 28 мыңға кеміді. Бірақ 1926-1939 жылдар
аралығында басқа этностардың саны өсті. Әсіресе, орыстар 1174 мыңға,
татарлар 7 мыңға, белорустар 6 мыңға т.б. Осылайша 1939 жылы Қазақстанда
этностық құрамы әртүрлі халықтар пайда болды. Оның негізі Ресей
империясының кезінде патшаның отарлау саясатында басталған еді. Көші-қондық
процесс өте тез қарқынмен жүрді. Қазақтардың өсуі 1939 жылы 1926 жылмен
салыстырғанда 20,5% төмендеп кетті, сөйтіп 38% ғана болып қалды,
украиндықтар 13,9%-дан 10,8-ға, өзбектер 2,1%-дан 1,7%-ға, ұйғұрлар 1%-дан
0,6%-ға кеміді. Орыстар енді Қазақстандағы үлкен этностық топқа айналып, ол
40,2% құрды. 1939 жылы немістер 1,5%, корейлер 1,6%-ға, татарлар 1,7%-ға,
белорустар 0,5%-ға өсті 19,221.
1937-1939 жылы Қазақстан халқы 966 мың адамға өсті. 1937-1939 жылы ең
тез өскен халық ол орыстар 531, қазақтар 132 мың, украиндықтар106,8 мың,
немістер 118 мың, татарлар 148 мың, өзбектер 6,7мың адамға кеміді. Село мен
қала арасындағы тұрғындардың көші-қоны және сыртқы, ішкі көші-қондық
процестер халықтың ұлттық құрамының да өзгеруіне алып келді. 1939 жылы
халық санағы бойынша Жетісу аймағындағы халықтың ұлттық құрамы төмендегідей
болды:

Кесте №2
Терр. Бәрі Оның ішінде

Орыс Қазақ Укр Ұйғұр Корей Татар Неміс Басқасы ААО 79871
402340 237321 55661 33720 19477 13415 7054 29730 Қала халқы
296631 202950 40134 20839 7556 4511 7208 897 12536 Ауыл халқы
502087 199390 197187 34822 26164 14966 6207 6157 17194 Ауд.
кірме итінқ. 264970 185444 33787 19955 6201 241 6524 860 11958
Алматы қаласы 230503 166439 25601 16675 4328 229 5998 766 10467

Алматы облысында және Алматы қаласында орыстар мен қазақтардың сан
жағынан басымдылығын байқаймыз. Аймақтағы халықтың сан жағынан ғана емес
оның сапалық құрамында да ірі өзгерістер болды. Екі санақ арасында орыстар
19,7%-дан 40%-ға, белорустар 0,4%-дан 0,5%-ға, татарлар 1,2%-дан 1,7%-ға,
кәрістер 42 адамнан 95903 адамға, немістер 0,8%-дан 1,5%-ға, поляктар 3762
адамнан 54696 адамға көбейген. Бұл халықтардың өсіміне табиғи өсім мен
әртүрлі тарихи жағдайлар септігін тигізді. Мысалы, 1936 жылы бұрынғы КСРО-
ның Польшамен шекаралас аудандарындағы жер аударғанда көпшілігі біздің
республикамызға келді. Ал, 1937 жылы Қиыр Шығыстан 95 мың кәрісті
Қазақстанға жер аударған 19,232.

2. Ұжымдастыру барысы және салдары

30-шы жылдардың басында Қазақстанда колхоздастыру мен отырықшыландыру
кезінде ашаршылықтың күшеюіне мал-мүліктің дұрыс қоғамдастырылмауы да үлкен
себеп болды. Қазақ ауылдарында тап күресі ол кезде тоқтамаған.
Колхоздастыру алдында шаруашылықтың 13 пайызы, ал мал басының 50 пайызы әлі
де ауқатты бай-кулактардың қолында болды. Колзоздастыруға жататын 600 мыңға
жуық қазақ шаруашылықтарының көпшілігі (1930 жылы 70 пайызы) толық көшпелі
немесе жартылай көшпелі еді. Ал, отырықшылықтың өзі ол кезде бір жола
бекіп, нығайып үлгермеген еді. Ауылдағы халықтың күн көрісі тек малға
қарайтын, малға деген жеке меншікшілдік мінез – құлық шаруалардың бойында
күшті қалыптасқан. Қазақстанды социализмге Шығыста бірінші етіп
жеткіземіз - деп ұрандаған Ф. И. Голощекин мұнымен санасқысы келмеді
22,37.
Бүкіл бес жылдыққа белгіленген үлкен науқанды – қазақ ауылын, оның
ахуалын бұрын естіп, көріп білмеген Ф. И. Голощекин бір-ақ жылда
тындырмақшы болып, И. В. Сталинге бес сауал қойып хат жазғаны қазір
анықталып отыр. Ол Қазақстанда Қазан революциясы болмаған екен, болса да ол
қазақ ауылын тек жанап өткен көрінеді, сондықтан бұл өлкеде Кіші Қазан
революциясын жасауға рұқсат беріңіз деп, әсіресе Алматы жанындағы Асы
жайлауында қазақ ауылын бір-ақ рет көрген Ф. И. Голощекин осындай жасанды
революция жүргізбек болған. Колхоздастыру кезінде тап күрестерінің
арасындағы тартыстар мен жасырын әрекеттердің нәтижесінде Асыра сілтеу
болмасын-аша тұяқ қалмасын деген аса зиянды бүркеме жалған пікірлер тарап
кетеді. Колхоздастыру мен отырықшылыққа қарсылар кедей және орташа
шаруаларға өз малдарын қырғызып және өздерінің малдарын да талан-таражға
салады. Колхоздастыру алдындағы шаруалар копперацияларының алғашқы түрі –
ТОЗ-ды қазақ шаруаларына теріс түсіндіреді. Малы барлар өздерімен мал бағып
жүрген орташаларды ертіп үдере шетелдерге көшіп кетеді.
1931-1933 жылдары Қазақстанда аштық болды, ол күшпен ұжымдастыру және
көшпелі халықты зорлықпен отырықшылыққа айналдыру нәтижесінде туды. Аштық
Қазақстанның барлық халықтарын қамтыды, мыңдаған орыстар, украиндықтар,
ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері өлді, ең көп өлген ол қазақтар болды.
Қазақ ауылындағы Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты 1930-1934 жылдары
жаппай аштыққа және тұрғындардың еріксіз түрде көшіп-қонуына алып келді.
1921 жылы аштық ресми түрде айқындалып көмек сұралса, 1932-1934 жылдары
аштықты үкімет мойындамады. 1931-1932 жылдардағы ашаршылық демографиямызға
орны толмас өкініштер әкелді. Қазақстандағы байырғы тұрғындардан 2 млн 200
мың адамның өмірі мезгілсіз қиылды. Бұл 4 млн. 120 мыңға жетіп қалған
қазақтың жартысынан астамы, яғни, 53 % еді. Мысалы, Балқаш ауданында
(жергілікті ОГПУ-дің мәліметі бойынша) 60 мың қазақтың 32 мыңы құрбан болды
деген дерек бар 23,158.
1932-1933 жылдары енді туған балалардың 23, ал мектеп жасындағылардың
жартысы қайтыс болды. Сондықтан да Республиканың Жоғарғы Кеңесінің 1992
жылғы күзгі сессиясының шешімімен ұлы жұттың 60 жылдығына байланысты 31
мамыр қазақ халқының қаза болғандарды еске түсіру күні ретінде аталып
өтетін болды, қазақ қайғылы жылдарында халқының жартысынан айырылды.
Қазақстанның демографиялық базасы ұзақ жылдарға әлсіреді. Халықтың
кемуі әсіресе, көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда басым болды. Қазақ
халқының ең тығыз орналасқан мекені – Сарыарқа қаңырап бос қалды. Шұбырған
халық егіншілігі бар оңтүстік пен солтүстікке ығысты. Бірнеше жүз мыңдаған
адамдар өз республикасын тастап, Орта Азия Республикалары - Өзбекстанға,
Түркменстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, РКФСР-дің жапсарлас жақын
облыстарына барып, жан ауғалады. Олардың 11% өзге жарда қайтпай қалып
қойды. Осы жылдары деректер бойынша Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға,
Иранға, Түркияға кеткендердің саны 205 мың адамға жеткен. Жаркент уезіне
Батыс Қытайдан 625 адам, немесе 163 қазақ шаруашылығы, Шелек ауданына 52
шаруашылық, Үржар ауданына 250 адам қайтып келді 24,208. Жетісу атқару
комитетінің төрағасы Молдажанов жазбасы бойынша 14 ауданнан Қытайға 11530
шаруашылық көшсе, 28 шілде 1932 жылы Қытайдан 305 шаруашылық қайтып келді.
Олардың қайта көшіп келуі стихиялы түрде жүріп олардың тұрақтанбауының
себебі сонда болды. Оларға үкімет тарапынан көмектің уақытында берілмеуі
1932 жылы олар бір жерден екінші жерге көше бастады 25,400.
Осы күшпен жүргізілген өкімет саясатына қарсы халық көтерілістері
болды. Соның ішінде Қастек, Балқаш, Шұбартау. Ол халықтың басқа
республикаларға, сонымен қатар шетелдерге қоныс аударуымен аяқталды. 1930
жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейін Қазақстан территориясынан 281230
шаруа шаруашылықтары көшіп кетті. Олардың көпшілігі Қытай, Иран, Ауғанстан
жерлеріне барды. Ашаршылық кезінде Қазақстаннан 1 млн. 130 мың адам көшті,
оның 676 мыңы туған жерлерінен біржола кетті, ал 454 мыңы ғана қайта қайтып
келді. 1929-1931 жылдардағы көтерілістер мен қозғалыстарға қатысқаны үшін
сотқа 5551 адам тартылып, оның 883 атылды. Аштыққа, сонымен байланысты
жұқпалы аурулардан осы жылдары бүкіл қазақ халқының 49 % қайтыс болды
21,79.
1929 жылы орталық өкіметтің қолдауымен Ф.И.Голощекин республикада
үкімет жанынан Көші-қон басқармасын құрды. Оның Уставында көшіп
келгендерге арнайы жер беріледі, жаппай ұжымдастыру және жаппай
отырықшыландыру арқылы жерге жергілікті халық өкілдерін орнықтыру жүзеге
асырылады – деп жазылды. Аз уақыт ішіндеші қабылданған халыққа қарсы
шаралары кейінгі қайғылы оқиғаларға алып келді. 1928 жылы 27 тамызда
Қазақстан Орталық атқару Комитеті мен ҚазКССР ХКС О конфисакции байских
хозяйств, 13 қыркүйекте Об уголовной ответственности за противодействие
конфискации и выселению крупнейшего полуфеодального байства, ал 19 ақпан
1930 жылы О мероприятиях по укреплению социалистического переустройства
сельского хозяйства в районах сплошной коллективизации и по борьбе с
кулачеством и байством біріккен шешімі қабылданды 20,51б..
Асыра сілтеушілік кезінде шаш ал десе бас алғанныңбір көрінісі –
бұрын егін екпеген халыққа астық салығын салу болды. Мал өсірудің орнына
қуаңшылық жерде егін егуге мәжбүр болған жұрт, енді мемлекетке астық құю
үшін өзінің қалған азын-аулақ малын сатты.
Малдың азайып кетуі, астықтың шықпай қалуы және тұрмыстағы басқа да
қауырт өзгерістер азық-түлік тапшылығына алып келді. Бұрын онша байқала
қоймаған індет аурулары елде қаптап кетті, әсіресе аштықтан пайда болған іш
сүзек аурулары халық отырықшыланған немесе біржола көшу үшін топталған
жерлерде үлкен қауіп тудырды. Бұрын-соңды болып көрмеген керемет ашаршылық
пен індет аурулардың жойқын апаты, әсіресе, 1932 жылы күшейіп кетті. Бұл
жылдар халқымыздың есінде асыра сілтеушілік деген ұғыммен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру туралы
Қазақстандағы Кіші Қазан төңкерісі
Пәндер