Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мен
мақсаты және міндеттері
1.2 Қаржылық менеджменттің біліктілік сипаты және оның функциялары
1.3 Қаржылық менеджменттің қызметтері

2 ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі мен құрылымы ( АҚ «ОТАН» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры мысалында
2.2 Кәсіпорынның қаржы стратегиясын жоспарлау
2.3 Қаражаттау және несиелеу

3 ТИІМДІ ҚАРАЖАТ МЕНЕДЖМЕНТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындардағы қаржы менеджменті
3.2 Қазақстан кәсіпорынының қаржы менеджменті

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мен
мақсаты және
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
1.2 Қаржылық менеджменттің біліктілік сипаты және оның функциялары
1.3 Қаржылық менеджменттің
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі
мен құрылымы ( АҚ ОТАН ашық жинақтаушы зейнетақы қоры
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Кәсіпорынның қаржы стратегиясын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.3 Қаражаттау және
несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
3 ТИІМДІ ҚАРАЖАТ МЕНЕДЖМЕНТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорындардағы қаржы
менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Қазақстан кәсіпорынының қаржы
менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас
бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджменттің жұмысында басты, ол оның фирманы
басқарудағы жоғарғы буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық
сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық
ақпаратты берумен байланыстылығы табылады.Фирма басқарудың ұйымдастушылық
құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына жауап береді.
Кез-келген ірілеу компания белгілі-бір дәрежеде қаржылық рынокпен
байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда
болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер,
алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар
қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдауына әр
түрлі көз қарастар бар.Соның ішінде: қаржылық рынокта саудасы жүзеге
асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды көздейтін контрактыны
білдіреді.Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды, облигация, фьючерстарды
жатқызуға болады [ 11 ].
Қаржылық менеджменттің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі.
Оларды үш топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық
және арнайы.
Бірінші топқа несиелеу, ссудалық – қарыздық операциялар , кассалық
және есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі
қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік операциялар,амортизациялық
аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің
жалпы логикасы олардың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе
міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде
орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті
дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары
нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.
Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау
әдістері, үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша
жасалған.
Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің
дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың
арнайы тәсілдері алады Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр,
бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар,
франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық
құралдар жатыр.
Қаржылық басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып
қаржылық сипатты кез келген мәліметтер,соның ішінде бухгалтерлік есепті,
қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің
ақпаратын, тауарлық , қорлық және валюталық биржалардың мәліметтерін, өзге
де ақпараттарды айтуға болады.
Қаржыларды басқарудың техникалық қамтамасыз ету жүйесі дербес болып
табылады және оның негізгі элементі болып табылады.Көптеген, қазіргі
таңдағы қағассыз технологияға негізделген (банкаралық есептесулер өзара
есептесулер, несие карточкалар арқылы есептесулер, клирингтік есептесулер)
жүйелер ЭЕМ желісін, персоналды компьютерлерді,қолданбалы бағдарламалардың
қызмет ету пакеттерін қолданусыз мүмкін емес.Ағымдағы сараптамалық
есептерді орындау үшін қаржылық менеджмент стандартты бағдарламалық
қамтамасыз етумен, соның ішінде Excel типіндегі программаларымен қолдануы
мүмкін.
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және
нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады Оған президенттің
заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары министрлер мен ведомствалардың
бұрықтары мен нұсқаулары жатады [ 12 ].
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні
мақсаты және міндеттері. Қаржылық менеджменттің эволюциясы

Бухгалтерлік есепке қарағанда қаржылық менеджмент дербес ғылым
ретінде жақында ғана құрылды. Қаржы теориясы бойынша жекелеген жасақтауы
екінші бүкіл дүние жүзілік соғысқа дейін жүргізілген: соның ішінде, 1938
жылы Дж. Уильямс ұсынған қаржылық активтің құнын бағалауды белгілі үлгісін
атап кеткен жөн.Ол фундаметалды көзқарастың негізі болып табылады Соған
қарамастан, бұл процестің негізін қалаған Г. Марковица екендігін санаған
жөн. Бұл жұмыстарды қаржылық активтердегі инвеститциялау саласында
қабылданған шешімдердің әдістемесі беріліп, сәйкес ғылыми инструментари
ұсынған. Ұсынған идеялар математикалық ақпарат секілді елеулі дәрежеде
теориялық сипатқа ие болады, ол олардың тәжірибедегі қолданысына
қиындатты. Кейіннен Марковицаның шәкірті Ульям Шарп математикалық ақпаратты
анағұрлым тиімді және жеңілдетілген вариантын ұсынды.Оған бір факторлы
үлгі деген атау берілді.Шартпен берілген техника жүздеген қаржылық активтер
кіретін ірі портфельдерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді.
Бұл бөлім өзінің одан ары дамуын бағалы қағаздардың баға
қалыптастыруына, капитал рыногының тиімділік концепциясын жасауына
тәуекелмен кірістіліктің үлгісін құруға және олардың эмпирикалық
бекітілуіне, жаңа қаржылық құралдардың жасалуына арналған зерттеулерді
алады.
Соның ішінде 60-жылдарында У. Шарп, Дж. Линтер, Дж. Моссина күшімен
портфельдің жүйелі тәуекелділігі мен кірістілігін білдіретін қаржылық
активтердің ( Capital Assets Pricing Model, Capm) кірістілігін бағалаудың
үлгісі жасалды. Бұл үлгі қаржылар теориясындағы анағұрлым маңызды ғылыми
жетістік ретінде қалып отыр. Соған қарамастан, ол белгілі бір сынауға
тұрақты ұшырап отырды. Сондықтанда Capm үлгісіне ұқсас бірнеше тәсілдер
жасалынды.Соның ішінде бұл арбитражды баға қалыптастырудың
теориясы,опционалдық бағасының қалыптасу теориясы және белгісіздік
жағдайындағы преференция теориясы.
Анағұрлым танымалдықты арбитражды баға қалыптасу теориясы алды
(Arbitrage Pricing Theory, APT). APT концепциясы қаржы саласындағы белгілі
маман Стивен Росспен ұсынылды үлгінің негізіне кез келген акцияның
фактілігің кірістілігі екі бөліктен тұрады деген пайымдау енгізген: қалыпты
немесе күтілетін кірістілік және тәуекелділік немесе белгісіздік
кірістілік.Соңғы момент бірнеше экономикалық факторлармен анықталды.
Мысалы, елдегі нарықтық жағдаймен, ішкі жиынтық өнімімен бағаланатын
әлемдік экономиканың тұрақтылығымен, инфляциямен,пайыздық ставкалардың
динамикасымен анықталады.
CAMP басқа екі алтернативті үлгілері – опциондар бағасының қалыптасу
теориясы (Option Pricing Theory OPT) және белгісіздік жағдайындағы
преференция теориясы ( State Preferens Theory SPT) белгілі бір себеп
бойынша жеткілікті дәрежеде дамыған жоқ және қалыптасу сатысында тұр.Соның
ішінде SPT теориясына қатысты оның теориялық сипат иеленетіндігі туралы
айтып кетуге болады. Мысалы, рыноктың болашақ жағдайын нақты бағалаудың
анықтау қажеттілігін көздейді OPT теориясының қалыптасуының Ф.Блэк және М.
Скоулз аттарымен байланыстырды,ал преференция теориясының Дж. Хиршипр
атымен байланыстырды.
Қаржылық активтердің және ақпараттың құнының өзара байланысы 50-
жылдардың аяғында зерттелді. Бірақ, ақшалай болып Ю. Фамның мақаласы
саналады. Онда капитал рыногының тиімділігінің үш нысанының бөлінуі
қарастырылады. Ол күшті, бәсең, әлсіз болып бөлінеді. Бұл саладағы
жаңалықтар ұсынылған топтамалардың теориялық аспектілерін қарастырмады, тек
оның бекітілуінің эмпирикалық жағын қарастырды.
50- жылдарының екінші жартысында капитал құрылымының теориясымен
қаржыландырудың көздерінің бағасы бойынша қарқынды зерттеулер
жүргізілді.Бұл зерттеулердің бастамасы 30- шы жылдары Дж. Ульямс жұмысымен,
кейінінен 50-жылдары Д. Дюранның жұмысымен басталды. Соған қарамастан бұл
бөлім бойынша негізгі үлес Ф. Модильяни және Ф. Миллерге берілгендігі
жалпыға белгілі болып табылады. Олардың теориясы шектеуші сипатқа ие
болатын бір қатар алғы шарттарға негізделген.Осы саладағы одан әрі қарайғы
зерттеу осы шектеулердің әлсізденуінің мүмкіндіктерін зерттеуге
арналған.Сонымен қатар әр түрлі үлгілерді қолданылу мүмкіндігі, соның
ішінде әр түрлі көздердегі капиталдың құнын есептеу үшін CAMP зерттелді.
Барлық аталған жаңалықтардың ішінен екі бағыт – портфель теориясымен
капитал құрылымының теориясы ірі компанияның қаржыларының басқаруларының
ғылыми мен техникасын негізін білдіреді.Олар екі маңызды мәселелерге жауап
беруге мүмкіндік береді: қаржылық ресурстарды қайдан алу керек, және қаржы
ресурстарды қайда салу керек? 1958 ж. Модильян мен Миллердің пионерлік
жұмысы басылып шыққаннан кейін қаржы теориясы аясында ірі мамандар Т. Е.
Коупленд және Дж. Ф. Уенстонмен қазіргі уақытта жаңа қаржы теориясы ретінде
танылған, қолданбалы микроэкономикадан жеке бағыт ретінде бөлінген бұл
жұмыс қарастырылған [ 1].
Қаржылардың қазіргі таңдағы теориясының шеңберінде қаржылық
менеджменттің қолданбалы пәні қалыптасты.Ол ірі компанияның қаржыларын
басқарудың техникасымен әдістемесіне арналған ғылымы ретінде қарастырылды.
Бұл негізінен қаржылық ресурстардың теориясының базалық бөлімдерін
бухгалтерлік есептің (компанияның қаржылық жағдайының анализі, дебиторлық
борышты басқару мен анализ) сараптамалық бөлімдерімен табиғи толықтырылу
жолымен жүзеге асты.Сондай-ақ басқарудың теориясының бір қатар апараты
арқылы жүзеге асады.Осы жаңа пән бойынша алғашқы монографиялары 60 –
жылдардың басында ағылшын тілді елдерде қалыптасты.Оны оқу құрал ретінде де
қолдануға болады. Қазіргі таңда қаржылық менеджмент туралы дербес ғылыми
бағыты ретінде және тәжірибелік қызметі ретінде ғана емес,сондай-ақ оқу
пәні ретінде де қалыптасқандығы туралы айтуға болады. Басқару теориясының,
қаржы теориясының, бухгалтерлік есептің сараптамалық апаратының дербес
бағыттағы – қаржылық менджментке синтезі толық түсінікті бола ғана қоймай,
сондай-ақ тиімді болып табылмайды. Басқару аспектілердің күшімен қамтамасыз
етілген мұндай метамарфозалар маңызды болып табылады. Анағұрлым көрсеткіш
мысалы ретінде бухгалтерлік есептің англо-американдық үлгінің шеңберінде
басқару есебінің трансформацияы көрінеді. Мәселелердің сәйкес көлемі
шығынның есебі ретінде және басқарма есебі ретінде қамтылады.
Бұл пәннің мазмұнды бөлігі әр түрлі жағдайда анықталуы мүмкін.Соның
ішінде тәсілдердің бірінен көрінгендей ол осындай болуы мүмкін.Ірі
компанияның қаржыларын басқару оның иелерінің мүдделеріне байланысты жүзеге
асырылады.Жоғарыда аталғандай негізгі мақсат айқындалады: оның
капитализацияланған құнның өсіру арқылы фирманың құның өсіру арқылы,
фирманың құның максимизациялау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін
компанияның қаржыларын басқару шегінде шешімдер үш бағытта қабылдануы
керек:
1) инвестициялық саясат;
2) қаржы көздерін басқару (яғни құралдарды қайдан алуға болады);
3) дивиденттік саясат.
Революцияға дейінгі Ресейде қаржылық менеджменттің дербес ғылым
ретіндегі ұғымы болған емес. Соған қарамастан осы ғылымның базалық
құрылымына кіретін екі бағыт қажет. Олар: қаржылық есептесулер мен
баланстық тандау. Бұлар сол кездің өзінде де сәтті дамыған.
Қаржылық есептер капитализмнің пайда болуымен қалыптасты, бірақ жеке
сала ретінде 19- ғасырда ғана қалыптасты. Сол кезде олар комерциялық
есептерге немесе коммерциялық армифметика ретінде белгілі. 19-ғасырда бір
қатар елдердің экономикалық өсімін коммерциялық білімнің таралу жүйесін
қолдаудың дәрежесімен байланыстырады. Соның ішінде, Германияда сол жылдары
осы білімді тарататын 24- жоғары коммерциялық училище өмір сүрді.
Коммерциялық ғылымның негізін қоланылуы әр бір қаржылық
операцияны,әр бір сауда актісін әр қашан алып жүру ғана емес, көбінде оны
ғылым ретінде коммерциялық арифметика құрады. Қазіргі таңның көзқарасы
тарапынан жаңа ғылымның процедуралық жағы қиын емес, ол пайыздық есептеу
техникасын, вексельдік есептеу техникасын, вексельдік бағам және
операциялар бойынша есептеу техникасын енгізді. Бірақ, коммерциялық
арифметиканың мазмұнды жағы қазіргі таңда да өзекті болып отыр.
Экономикасы дамыған елдерде қаржылық анализді капитал рыногындағы
анализдің әрекетін аясын шектейтін тәсіл бар. Осы тәсілге сәйкес қаржылық
менеджмент- бұл ірі компанияның қаржыларын басқару бойынша маман, қаржылық
сарапшы – белгілі бір дәрежеде анағұрлым тар маман .
Сонымен қаржылық менджментке қатысты бұл бағыт әлеуметтік
экономикада бір қатар себептерге байланысты қалыптаса алмады. Соның ішінде
бағалы рыногының болмауынан және кәсіпорынның қаржылық дербестігінің
болмауынан орын алған.
Сондықтанда менеджмент неғұрлым тәуелсіз болса. Ол соғұрлым еркін
әрекет етеді.

1.2 Қаржылық менеджменттің біліктілік сипаты және оның функциялары

Қаржылық менджменттің біліктілік сипаты оған оның теориялық
дайындығына және жұмысының тәжірибесіне талаптар қояды. Біліктілік сипаты
екі бөлімнен тұрады: Білуі қажет және жасай алуы керек.
Кәсіпорынның қаржы менеджменті келесілерді білу қажет:
1) менеджмент теориясын;
2) қаржының, несиенің, ақша айналымының теориясын;
3) қаржылық менеджмент теориясын;
4) бухгалтерлік есепті;
5) экономикалық статистиканы, статистикалық есепті;
6) қаржылық , несиелік, банктік, биржалық қызметінің
саласында ҚР заңнамасын білу;

7) халықаралық есеп және сыртқы экономикалық қызмет бойынша
нормативтік заң актілерін;
8) бағалы қағаздардың түрлерін және олардың айналымдарын.
бағалы қағаздардың шетелге айналымын;
9) ҚР ішкі қаржылық рыногындағы операциялардың жүргізілу
ережесімен тәртібін;
10) халықаралық қаржы рыногында операцияларды жасаудың ережесімен
негіздерін;
11) шаруашылық субъектісінің экономикасының негіздерін;
12) экономикалық анализдің әдістемесін мен әдісін;
13) іс жүргізуді және корреспонденцияны.
Келесілерді жасай білу қажет:
1) бухгалтерлік балансты оқу;
2) шаруашылық субъектісінің статистикалық, бухгалтерлік есепті;

3) қаржылық ақпаратты білу;
4) шаруашылық субъектісінің сауда - өндірістік және әсіресе қаржылық
қызметінің нәтижелерін анализдеу;
5) капитал салу бойынша шаралардың экономикалық тиімділігін
анализдеу мен бағалау;
6) капитал салудың нәтижелерін болжамдау, нақты шешімдерін қабылдау
мен бағалау;
7) қаржылық ресурстарды пайдаланудың бағдарламасын жасау;
8) қаржылық ресурстарды пайдалану бойынша және қаржылық жоспарды
орындау бойынша есеп жасау;
9) қаржылық жоспарды құру;
10) банктерге, салық қызметіне өзге де басқа да органдарына беру
үшін қаржылық мәселелері бойынша құжаттарды дайындау;
11) қаржылық мәселелер бойынша басқару органдарымен және шаруашылық
субъектілерімен хат алысуды жүргізу;
12) қаржылық жоспардың, қаржылық бағдарламаның көрсеткіштерінің
орындалуына, қаржылық ресурстарды, негізгі қорды, активтерді, айналым
қаражатын тиімді пайдалануға, бақылауды жүзеге асыру.

1.3 Қаржылық менеджменттің қызметтері

Қаржылық жоспарлау бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін ақша
қаражаттарын шығындаудың бағыттарын барлық оның кірістерін жоспарлау болып
табылады. Қаржылық жоспарлау әр түрлі мазмұндағы және бағыттағы қаржы
жоспарлаудың міндеттерін және объектілеріне байланысты жүзеге асырылады.
Осыны басшылыққа ала отырып, қаржылық жоспарларды перспективті жә-
не ағымдағы оперативті деп бөлуге болады.
Перспективті және ағымдағы жоспарлаудың мысалы болып бизнес – жоспар
табылады. Ол дамыған капиталистік елдерде жаңа кәсіпорын құру кезінде
жасалады. Ол үш жылдан бес жылға дейін мерзімде жасалады, өйткені жоспарлар
одан көп жылға жарамауы мүмкін. Бизнес-жоспар тек қаржылық жоспар болып
табылмайды. Ол нақты инвестордың белгілі бір жағдайда жаңа кәсіпорынды
құруға немесе жаңа өндірістік бағдарламаны қаржыландыруға қатысуға тартудың
стратегиясын жасау үшін қажет.
Бизнес-жоспарды құру сөзсіз кәсіпорынды ішкі басқаруды қамтамасыз
етеді. Өйткені ол мақсаттардың қойылуымен олардың тәжірибе жүзінде іске
асырылуы жасалады. Бинес-жоспардың кәсіби құрылымы инвесторлардың
қаражаттарын сақтауға және банкроттық ықтималдылығын төмендетуге мүмкіндік
береді. Кәсіпорынның басшылығы барлық уақытта таңдау алдында тұрады. Ол
жүзеге асырылуы тиімді бағасының таңдауын жүзеге асырады, несиелік және
инвестицилық саясаттың саласындағы шешімдерді қабылдайды.
Кәсіпорының барлық қызметі рентабельді болу, кәсіпорынның жұмысының
нәтижелеріне мүдделі тұлғалардың тобын (меншік иелері, кредиторлар т.б)
қанағаттандыратын көлеміде ақша қаражатының түсімін қамтамасыз ететін
жағдайға жету қажет. Экономикалық қызметтің күтілетін нәтижелерін бейнелеу
болашақта кәсіпорынның бюджетін құрған кезде орын алады [ 2 ].
Жалпы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ажыратады.
Қабылданатын шешімдердің бір қатарының мәні өте ұзақ мерзімді
перспективаларға таралады. Бұл мысалы, негізгі капиталдың элементтерін алу,
кадр саясаты шығарылатын өнімнің түрлерін анықтау секілді салалардағы
шешімдерге қатысты болады Мұндай шешімдер кәсіпорынның қызметін бірнеше
жылға алға анықтайды және ұзақ мерзімді жоспарда көзделу қажет. Ондағы
дәйектілік дәрежесі жоғары емес. Ұзақ мерзімді жоспарлар құрамдас элементі
қысқа мерзімді жоспарлар болып табылатын шектеулі конструкцияны білдіруі
қажет.
Негізінен кәсіпорындарда қысқа мерзімді жоспарлау қолданылады, және
бір жылға тең жоспарлы кезеңге қатысты болады. Бұл мұндай аралықта
кәсіпорын өміріне қатысты жағдайлар орын алады.Өйткені бұл мерзімде
коньюктураның мерзімді қозғалысы теңеседі. Уақыты бойынша жылдық бюджетті
айлық немесе кварталдық бюджет деп бөлуге болады.
Бюджеттің дәйектілігінің деңгейін бекітетін жалпы ережелер
жасалынады. Бірнеше кезекте құрылған есептердің өнімділігі деңгейінің
қаншалықты жоғары екендігіне байланысты.Сонымен қатар,әр бір нақты
кәсіпорында жекелеген жоспарланған әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ету
үшін бюджеттердің қажетті дәйектілік деңгейін бағалау қажет.
Жоспарлау мақсаты әр түрлі кәсіпорында әртүрлі. Жоспарлаудың
функциясына кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әр түрлі мағына беруі
мүмкін.Бюджет экономикалық болжау секілді. Кәсіпорынның мүдделі тұлғалар
оның жұмысының нәтижелеріне аз талаптар қояды. Сонымен қатар қызметтің бір
қатар түрлерін жоспарлаған кеде қойылатын міндеттерді орындау үшін қандай
экономикалық ресурстардың талап етілетіндігі туралы білуі қажет. Бұл
мысалы, капиталды тартудың аясындағы жоспарлауға (несие алу акционерлік
капиталдың ұлғаюы және т.б)және инвестиция көлемін анықтауға қатысты болып
табылады.
Бюджет бақылау үшін негіз болып табылады. Бюджеттегі жоспарлаудың
жүзеге асырылуы бойынша кәсіпорынның қызметінің фактілік нәтижелерін тіркеу
қажет. Жоспарланған фактілік көрсеткіштерінмен салыстыра отырып бюджеттік
бақылауды жүзеге асыруы мүмкін.Бұл жағдайда негізгі назар жоспарлаудан
алшақтайтын және осы ауытқулардың негізінде анализделетін көрсеткіштерге
бөлінеді. Осылайша, кәсіпорынның барлық жағы бойынша ақпарат осылай
толықтырылады. Бюджеттік бақылау кәсіпорынның қандай-да бір жоспарланған
жоспарларды қанағаттанарлықсыз болуының мән – жайын анықтайды. Бірақ,
мұндай жағдай орын алған кезде бюджеттің өзі нақты емес жағдайлардың
негізінде құрылуы мүмкін. Екі жағдайда да басшылық осы туралы ақпарат алуға
мүдделі болады.
Бюджет үйлестіру құралы ретінде. Бюджет өндіріс, шикізат сатып
алуда, өндірілген өнімді жүзеге асырудың саласындағы құндық
көрсеткіштерінде көзделген әрекеттердің бағдарламасын білдіреді.
Әрекеттердің бағдарламасында жекелеген шаралардың уақытша және
функцияналдық үйлесімділік қамтамасыз етілуі қажет. Оның рентабельділігі
мысалы, жеткізушінің күтілетін көлемінен, өндіріс жағдайына байланысты.
Шығарылатын өнім саны – жүзеге асырудың күтілетін көлеміне байланысты.
Шығарылатын баға көлемі өндірістің бағдарламасына талап ететін
материалдардың көлеміне байланысты.
Бюджет міндет қою үшін негіз ретінде келесі кезеңге бюджетті жасай
отырып, осы кезеңге қызметтің басталуына дейін шешімі қабылдануы керек.
Мұндай жағдайда жоспардың жасаушысына баламалы ұсыныстарды таңдауы үшін
уақыттың жеткіліктілігінің ықтималдылығы жүзеге асады.
Бюджет құзіретті бөлу құралы ретінде. Бюджеттің жоспарының кәсіпорын
басшылығымен мақұлдануы одан арғы шешімдердің бөлініс деңгейінде
қабылдауының белгісін білдіреді. Әрине егер ол бюджетпен белгіленген шектен
шықпаса. Егер де бөлініс деңгейіндегі бюджет жасалмаса, онда кәсіпорынның
басшылығы мұндай жағдайда жедел шешімдерді қабылдау процессінің
децентрализациялануына жақын болуы екі талай.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты.Өте шағын
кәсіпорында басқару функциялардың бөлінісі орын алмайды. Осыған орай
басшылар барлық мәселелергі өздері шешуге мүмкіндік алады. Ірі
кәсіпорындарда бюджетті ( жоспарды) құру бойынша жұмыстар орталықтан тыс
болуы қажет. Бөлініс шенберінде ғана өндіріс саласында тәжірибесі бар
кадрлар үйлеседі емес пе. Сондықтанда бөліністерде болашақта қабылдануға
тиіс әрекеттерге қатысты ұсыныстар ұсынылады.
Бөлімшелердің бюджеті бір бірінен алшақталмаған, есептеу кезінде
мысалы, сатудың жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде өндіріс жағдайын
білу қажет. Үйлесімнің жүйесін қамтамасыз ету үшін көптеген кәсіпорындарда
бюджетті құру бойыша нұсқаулар жасалады. Онда уақытша жоспар, сондай-ақ
бюджеттік көрсеткіштердің есебі кезінде міндеттер мен жауапкершілікті бөлу
орын алады.
Кәсіпорындағы жоспарлау туралы әдебиеттерде әдетте бюджетті құру
бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі схемасын ажыратады: Break-
Down(жоғарыдан төменге) әдісі бойынша және build-up (төменнен жоғарыға)
әдіс бойынша. Brek-down тәсілі бойынша бюджеттік құру жұмысы жоғарыдан
басталады. Яғни, кәсіпорын қаржылық менеджменті оның міндеттерімен
мақсаттарын анықтайды. Содан кейін бұл көрсеткіштер кәсіпорын құрылымының
төмен деңгейіне қарай қозғалысы бойынша, барынша дәйектелген формада
бөлімшенің жоспарына енеді. Build-up тәсілі бойынша керісінше жүзеге
асырылады. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу
бөлімшелері бастайды, одан соң кәсіпорынның өткізу бөлімінің бастығы бұл
көрсеткіштерді соңына кәсіпорынның жалпы бюджетін(жоспарының) құрамдас
бөлігіне кіруі мүмкін біріңғай бюджетке енгізіледі.
Break-down және Build-up тәсілі қарама- қарсы тенденцияны білдіреді.
Тәжірибеде бұл екі тәсілдің біреуін қолдану тиімсіз. Бюджетті жоспарлау мен
құру түрлі бөлімшелер бюджеттерін үйлестіруді тұрақты жүзеге асыру қажет
болатын ағымдағы процесті білдіреді [ 3].
Жоспарлау процесі кәсіпорын екі негізгі экономикалық аяда жоспарлау
мен бақылаудың жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жерде оның жұмысының пайдалылығы
мен оның қаржылық жағдайы туралы сөз болып отыр. Сондықтанда пайда мен
қаржылық жоспар бойынша бюджет ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементі
болып табылады.
Айналым капиталын қажеттілікті жоспарлау. Кәсіпорында пайдалану
жоспарын жүргізу қажет. Бұл жоспардың негізгі фокторы болып кіріс пен шығыс
түсімінің уақытын жоспарлау болып табылады. Кәсіпорынның айналым
капиталының болуы, өндірстің басталу уақытынан басталып тұтынушымен өнімді
төлеуге дейін шығысты жабуы қажет.
Негізгі капиталға деген қажеттілікті жоспарлау. Кәсіпорынның даму
аясына қарай, технология өзгереді, жаңа ғимараттар, жабдықтар, компьютерлер
қажет етіледі. Негізгі капиталды сатып алу мерзімі жеткілікті дәрежеде жиі
жоғары болады.
Бұл қаржылық жоспарлауды кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау
прцесіне енгізу маңызды болып табылады. Егер кәсіпорын жаңа рыноктарды
игергісі келсе ол маркетинг бойынша ұзақ мерзімді жоспарың қалыптасу
кезінде капиталға қажеттілік туралы назар аударуы қажет.
Табыс көзін жоспарлау. Кәсіпорын қорларының өнімді сатудан түскен
табысты, оның меншік иелерінің инвестициясын, сонымен бірге займды қосқанда
көптеген көздер бірлігі бірінші кезектегі міндет, нақты қажеттілік
туындаған уақытта әрбір қажеттілігі үшін, нағыз көздерін табудан көрінеді.
Сапалық жоспарлау қажетті қорды тек уақытынан ғана емес, сондай- ақ
төменгі баға бойынша алудан көрінеді. Бұл үшін қазіргі оларды көрсететін
табыстан түсімдер немесе акция шығару мен банктік займға ғана қарап отыру
болмайтындықтан, түрлі қаржы көздерін жинақтап пайдалану қор көздерін
қалыптастыратын банкті табу қажет. Соның ішінде, уақытты дұрыс таңдай білу
қажет: акция рыногы жанданғанда акция сату қажет, есептік ставка жоғары
болғанда қарыз алмау керек және т.б.
Баланыстың Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым қатынастары
бөлігі (алғашқы екі бөлімдері- кірістерді және шығыстарды теңестіруші)
бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды
көрсетеді.Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс
бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталады.
Қаражаттарының айналым үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер
екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды,
оларды бюджеттен бөлінетін қаржы кірістердің құрамына, ал бюджетке
төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу( бекіту)
арнаулы қаржы жоспарында – төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. Түсімдер
бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс,
банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық
берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай түсімдері, кассадағы
және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі.Шығыстар бөлімінде
тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды
төлеуге, банк несиелерін өтеуге, кредит үшін пайыздарды төлеуге жұмсалатын
шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің
көмегімен шаруашылық жүргізуші субъктілерде айналымдардың көлеміне қарай
қысқа уақыт шінде( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық
жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін
нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар баланстарын
толықтырады.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
кәспорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың
бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг
стратегиясын,өндірістік, ұйымдық және заңдық жоспарларды, тәуекелдікті
бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды - өнім
өткізудің болжамын, табыстыр мен шығыстардың кестесін,ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен
пассивтердің балансын және графигін ( залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын)
қосымша жасайды [ 4 ].
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі.
Жоспарлау мыналардан тұрады:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Сонымен қатар кәсіпорын тауар өткізуді әр айға және аптаға
жоспарлайды. Егер тауарларды қайта бөлу тенденциясына байқалмаса, онда
басты негіз ретінде тауарларды уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады.
Мұндайда жылдық мөлшерін шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық
айналымның бөлігі ретінде есептейді.
Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс
процессі, әдетте, тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін тауар
өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасы тәсілімен жасайды.
Жоспарды сандық көрсеткіштермен жасағаннан кейін құндық
көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда әдетте орташа бағаға
сүйенеді.
Болжау - қаржылық менеджменттегі болжамдау объектінің қаржылық
жағдайының өзгеруін жасау. Болжау жоспарлауға қарағанда жасаған болжаудың
тәжірибеде жүзеге асырудың тікелей көздемейді.Бұл болжамдар белгілі бір
өзгерістердің көзделуін байқатады. Жобалаудың ерекшелігі болып қаржылық
көреткіштердің құрылымы табылады. Жобалау өткенінің болашаққа ауысуы
негізінде жүзеге асырылады. Олардың алдын ала көруі негізінде басқару
қаржылық менеджменттің белгіл-бір рыноктың механизмінің сезімталдығымен
интуициясын, сондай-ақ икемді экстренді шешім қабылдауын қалыптастыру талап
етіледі.
Қаржылық болжау – кәсіпорынның мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын
ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжанған кезеңдегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің
органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі
нұсқауларын ,қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін
белгілеуге мүмкіндік береді [ 5 ].
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
1) экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы
жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық
үлгілерді жасау;
2) корреляциялық- регрессиялық талдау;
3) тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Ұйымдастыру - қаржылық менеджменттегі ұйымдастыру қызметі белгілі
бір тәртіптер мен жағдайларды қаржылық бағдарламаны бірігіп жүзеге асыратын
адамдардың бірлестігін білдіреді. Тәртіптер мен жағдайларға басқару
органдарын құру басқару аппаратының құрылымын қалыптастыру, басқару
бөлімшелері арасындағы өзара байланыстарды бекіту, нормалалар нормативтер
және әдістемелер жасау жатады.
Сонымен қатар қаржылық менеджментін ұйымдастыру - басқарудың барлық
буындарының жөнге салатындығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары
нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін
білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің – қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шарушылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылуы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық
қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Ұйымдастыру қызметінің міндеті, еңбек әректі элементтер мен олардың
өзара әрекет ету тәртібі арасындағы жұмыскерлердің орны мен рөлін
белгілеу,оларды бөлімшелер мен буындарға орналастыру, бұлардың бірлескен
іс-әрекеттерін ұтымды ұйымдастыру, аппараттағылардан, жекелеген
қызметшілердің, жұмысшылардың іс әрекеттерін белгілейтін құжаттар әзірлеу
арқылы жоспарда көрсетілетілген шаралар мен өндірістік процестерінің
мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Реттеу - қаржылық менеджменттегі реттеу – берілген параметрлерден
ауытқу туындағанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы жағдайына қол жеткізу
мүмкін болатын басқару объектісіне әсер етуді айтамыз. Реттеу бекітілген
нормалар мен нормативтерден, жоспарлық міндеттерін, графиктерден туындаған
ауытқуларды болдырмау бойынша ағымдық шараларды қамтиды.
Реттеу - бұл фирма менеджментінің тиімді жұмыс жасауына ықпал
жасайтын (сыртқы) факторларды зерттеу және сырқы факторлар
сұранымына,менеджмент жүйесінің параметрлерін (сандық, сапалық
көрсеткіштерін, белгілерін) сай келтіру жолындағы шешімдерді қабылдау.
Фирманың менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс жасауында ықпал жасаушы
сыртқы орта факторлары:
1) фирманың іс-қызметі шеңберіндегі ғылыми-техникалық процестің даму
қарқыны;
2) тұтынушылардың жаңа қажеттіліктері және олардың бұрынғы
өнімдерге қояр кіналары;
3) қамтамасыз етушілер саясаты;
4) бәсекелердің нарықтық стратегиялары;
5) сыртқы экономикалық іс- қызметтердегі мемлекет саясаты;
6) баға саясаты;
7) басқа факторлар: нарық инфрақұрылымдары мемлекеттік макро орта,
фирманың микро ортасы және аймақтың инфрақұрылымдары.
Фирманың сырқы орта факторлары ықпалдарын бағалау бағыттары:
1) фирманың күнделікті іс қимыл қызметінің әр түрлі жағдайларына ықпал
жасайтын өзгерістер;
2) фирманың күнделікті іс қызметіне қауып- қатер тигізуші
факторлар;
3) бәсекелестерінің нарықтық стратегиясын талдап, тексеріп, бағалап
отыру;
4) фирманың стратегиялық және күнделікті(қысқа мерзімдегі)
мақсаттарына жету жолындағы қосымша мүмкіндік факторлары.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталатын, мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдіреді.
Ынталандыру - қаржылық менджменттегі ынталандыру – қаржылық қызмет
жұмыскерлердің өздерінің еңбектерінің нәтижелеріне мүдделігінің оятудан
көрінеді. Ынталандыру арқылы жұмсалған еңбектің сапасы мен санына
байланысты материалдық және рухани құндылықтарды бөлуді жүзеге асырылады.
Үйлестіру - қаржылық менеджменттегі үйлестіру барлық мамандардың,
басқару апаратының және басқару жүйесі буындарының жұмыстарының
келісілгендігін білдіреді. Үйлестіру басқарудың объектісін,субъектісін,
басқару апаратын және жекелеген қызметкердің қарым-қатынасының бірлігін
қамтамасыз етеді.
Қаржыларды басқару – бұл қаржыны және шектеушісі экономикалық және
әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау
процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне
жетуді және мұның негізінде тисті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл
тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты, қаржы механизмі – бұл мақсатқа
жетудің құралы, қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің
түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижелерге жету үшін
объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады [ 6
].
Активтерді басқару - көптеген кәсіпорындардың қорын жұмсап жаратудан
келесі негізгі бағыттар бар: шикізат, бөлшек сатып алу, жұмысшыларға және
қызметкерлерге еңбекақы беру, коммуналды қызметтерге, салықтарға төлемдер,
пайыз төлеу.
Активтердің ұлғаюы - қолма қол ақша, сатудан түскен кіріс, запастар,
жабдықтар, ғимарат, жер – осының барлығы активтер. Активтерді кез келген
ұлғайту қоры пайдалануды білдіреді.
Пассивтердің азаюы - кәсіпорынның пассивті басқаларға берешек
жағдайынның барлығы: банктік қарыздар, жеткізушілерге төлем және салықтар.
Кәсіпорынмен алынатын қорлар пассивтерді азайта алады, мысалы, банк
қарыздарын қайтару.
Меншік иелеріне төлемдер. Жеке кәсіпорындардағы және
серіктестіктердегі активтерді ұлғайтудан және пассивтерді азайтудан кейінгі
қалғаның барлығы меншік иелерінікі. Корпарацияларда кәсіпорын өзіне
пайдаланбайтын капитал, меншік иелеріне дивидент түрінде төленеді.
Ағымдағы активтерді басқару - ағымдағы активтер ретінде кәсіпорын
бір жыл ішінде пайдаланатын активтері түсіндіріледі. Айналым капиталының
циклі. Ағымдағы активтер айналым капитал ретінде қолданылады. Айналым
капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі бір сатыдан өтеді. Өтімді
активтер дайын өнімге айналатын бастапқы материалдарын сатып алуға
пайдаланылады, дебитор шотын құра отырып, өнім несиеге сатылады, дебитор
шоты төленеді және өтімді активтерге айнала отырып инкассацияланады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану. Айналым капиталынның қажеттілігі
үшін пайдалынатын кез келген қорлар, пассивтерді төлеу үшін бағытталуы
мүмкін. Сонымен қатар, олар негізгі капиталды сатып алу үшін пайдалануы
мүмкін немесе меншік иелеріне кіріс ретінде төленуі мүмкін. Айналым
капиталын үнемдеу тәсілдерінің бірі, материалдық техникалық ресурстарды
басқаруды жетілдіруді көрінеді. Ол келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
1) қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
2) қатаң өндірістік жүйелерді енгізу;
3) жаңа қоймаларды пайдалану;
4)сұранысты болжауды жетілдіру;
5) жедел жеткізу.
Айналым капиталындағы қажеттілікті қысқартудың екінші жолы, басқа
мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін қажеттсіз қорғауларды бағалауда, төлемге
ұсынылатын шоттарды бағалауда несие саясатын күшейту жолымен [ 7].
Айналым капиталының шығындарын қысқартудың үшінші жолы қолма қол
ақшаларды дұрыс пайдаланудан көрінеді. Фирмалар өздерінің өтімді активтерін
ұстайтын банктік шоттар пайыз төленбейді. Бірақ, басқа өтімді
активтер(қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік
сертификаттар, алдын ала келісімі аталатын бірдей уақыттың зайымның
әртүрлілігі) түрінде табыс әкеледі.
Негізгі активтерді басқару - негізгі активтерге фирма бір жылдан аса
уақыт пайдаланатын активтер жатады. Оларға негізгі капитал және табиғи
ресурстар жатады. Қаржыгерлердің міндеттерінің бірі ретінде қолда бар қорды
пайдаланудың вариантын таңдау болып табылады: негізгі капиталды алуға
немесе ағымдағы активтерді ұлғайтуға, немесе пассивтерді қысқартуға немесе
меншік иелерін төлеуге шешім қабылданатын кезде жаңа капиталдың, құны оны
пайдаланғанда болатын шығындарды қысқартудың мөлшерімен немесе құнымен
салыстырылуы қажет.
Негізгі капиталды алу шешімі капитал салымының және олардың
қайтарылуының сметасын құрған кезде қалыптасады. Бұл күрделі процесс
өйткені қосымша негізгі капиталдардың плюстері әдетте бірнеше жыл өткен
кезде байқалады.
Қаржыгерлер үшін негізгі капитал басты болып табылатын жағдай,
оларды жылжымайтын мүлікті тиімі басқарудың қажеттілігінен алаңдатпауы
қажет.
Қаржыны басқарудың екі түрі бар:
1) қаржыны стратегиялық басқару - қаржылының болашағын, мақсатын,
бағдарламалардың қаржылай ресурстарын және басқаларды болжау;
2) қаржыны оперативтік басқару -ақшалай қаржы қорларын құру мен
пайдаланудың күнделікті нақты міндетін шешіп отыру.
Кәсіпорындарда, бірлестіктерде дербес құрылымы болып табылатын қаржы
бөлімі жұмыс істейді. Шағын кәсіпорында қаржы бөлімдерін өткізу немесе
бухгалтерия бөлімдерімен қосылады. Қаржы бөлімдері ағымдағы қаржылық
жоспарлаудың жаңа формаларын пайдалана отырып, кәсіпорынның қаржы
ресурстарын жүзеге асырады.
Сонымен қатар басқару кәсіпорын қызмет мақсатының бағыт- бағдарын
сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі өтуі
мүмкін.
Бірінші тип мақсатты басқару - барлық өндірістік және басқадай
басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші
рөл атқарады Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық дербес
бөлімшелерін ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде
бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір
басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік
алады,дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді
ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен
кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді
шығаруға көшу, жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б шараларды орындау
үшін қолданылады.
Екінші типі бағдарламалық басқару - мұнда нақты тапсырманы мұқият
ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір бірімен
байланысын анықтау көзделеді.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі- тапсырманы орындауды
кідірістен қолға алуға, осал тұстарын анықтауға,реурстарды қайта бөлуге
мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті
бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарды қолданылады.
Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын
менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:
1) менеджменттің жоғары деңгей кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын
және жұмыс жоспарын анықтатайды. Жоғарғы деңгейді әдетте жалпы менеджмент
деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда
табуға бағытталған;
2) менеджменттің орташа деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін
басқаруға арналған, сондықтанда олфункционалды менеджмент деп аталады.
Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды
енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.
Менеджменттің төменгі деңгейіне алғашқы буындағы жетекшілерді
жатқызады.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей
басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың
сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы, мемлекеттік қаржысы. Оларға басқарудың мына
субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бөлшімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады [ 8 ].
Кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады:
меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда),басқалары),
банк несиелері, бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар, мемлекеттік
кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджетпен және
бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады, кооперативтерде –
кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдардың өсімін
қаржыландырудың көзі кәсіпорының қарамағында қалдыратын және тікелей осы
мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары - өндірісті дамыту қоры
(қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа
инвестициялық қорлар арқылы жұмсалатын таза табыс(пайда) болып табылады.
Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері: негізгі капиталдарды
қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді,айналым капиталдарын қаржыландыру үшін
қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады
Бақылау - қаржылық менеджментегі бақылау, қаржылық жұмысты
ұйымдастыруды және қаржылық жоспарлардың орындалуының тексеруін білдіреді.
Бақылау арқылы қаржы өзгерістер енгізіледі. Бақылау қаржылық нәтижелерге
талдау жасауды білдіреді.Талдау – қаржыларды жоспарлау процесінің бөлігі.
Сәйкесінше қаражаттаржы қалай пайдаланғандығын туралы объектінің қаржылық
жағдайы туралы ақпарат жинақталады, қосымша резервтер мен мүмкіндіктер
ашылады, қаржы бағдарламаларына,қаржы менеджменттің ұйымдастыруға, қаржылық
бақылау – қаржылық жоспарлаудың айналым жағы болып табылады және оның
құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы керек – қабылданған шешімдердің
орындалуына, қаржылық жоспардың орындалуына бақылау жасайды.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын
жасау,бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған
айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.
Ол басқарудың қаржылық жопарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа
элементтерімен тығыз байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа
субъектілерімен,жоғарғы ұйымдармен және қаржы –кредит мекемелерімен өзара
қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаржаттың жұмсалуын тексеру ( шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларын сақталуын тексеру.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: заңдар талабының сақталуы;
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу үйлесімдерінің
оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің маңызы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Қаржы менеджментінің теориялық негіздері
Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
Қаржылық мониторингі қағидаттары
МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТУРАЛЫ
Қаржылық ресурстарды басқару
Пәндер