Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

БІРІНШІ ТАРАУ.
«Нәзирагөйлік» дәстүрдің қалыптасып, дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ЕКІНШІ ТАРАУ.
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса . дастандар» үрдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҮШІНШІ ТАРАУ.
Қисса . дастандардың дәстүрлі ерекшеліктері мен көркемдік
жалғастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

БІРІНШІ ТАРАУ.
Нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасып,
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8

ЕКІНШІ ТАРАУ.
Орта ғасыр әдебиетіндегі қисса – дастандар
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .16

ҮШІНШІ ТАРАУ.
Қисса – дастандардың дәстүрлі ерекшеліктері мен көркемдік
жалғастығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 41

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Бүгінгі күннен бастап кемінде екі жарым
– үш мың жыл бұрынғы тарихтар дерегінен бастау алатын қазақ әдебиеті
өзінің даму барысында талай–талай кезеңдереден өтті. Тарихтың сан тарам
жолдарында көптеген халықтармен тоғысты, мәдени байланыс, қарым-қатынастар
жасады. Соның айғақты іздері қазақ әдебиетінің әр саласынан табылады.
Қазақ әдебиетінің тарих бетінде айрықша із қалдырған замандары ислам
мәдениетінің өркендеуі мен түрік Оянушылығының тұсы болды. Бұл кездері
ислам мәдениетінің аясында өркендеген араб, иран, Орта Азия елдерінің
әдебиеттегі қарым-қатысы орасан зор болды. Содан да қазақ қисса-
дастандарындағы кейіпкерлер Үрім, Шын-Машын, Бағдат, Исфахан, Мысырды еркін
шарлай берді. Тұран мен Иран, араб елдері мәдениетінің тамырластығы біздің
Әл-Фараби бабадан бұрын да, кейін де жалғасқан.
Түрік әдебиетіндегі нәзира дәстүрі ежелгі сюжеттерді жаңғырту
идеясынан шыққан. Бұл – Оянушылықтың негізгі белгілерінің бірі. Оянушылықты
Қытай әдебиетінде фугу - көне дәуірге қайта оралу деп атаған (фу – қайта
оралу, гу – көне дәуір). Италияда қайта туу деген ат берген.
Айналып келгенде, Оянушылықтың төркіні – көне мәдениетті қайта
тірілту. Осы дәстүр ислам мәдениеті аясындағы араб-иран, қытай
әдебиеттерінде басталған уақытта оны түрік ақындары да шығармашылық жолмен
қабылдап алып, жалғастырды. Түрік ақындарының қайта оралуы - ежелгі
мұсылман мифтері мен аңыздары, антикалық ойшылдар идеясы болғанымен,
түріктік мүддені көтеруді ұмытқан жоқ. Сондықтан да, түрі Оянушылығы
дегенді батыл айтуға болады. Өкініштісі сол, әдебиетімізде бұл мәселе әлі
арнайы зеттелмеген. [27. 1-17]
Оянушылық дәстүрінің көне деректері Египет әдебиетінде кездеседі
екен. Мысалы, біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырларда Сайс Ренессансының
болғандығы тарихта бар. Сайс Ренессансы кейде Еуропа Оянушылығымен (XV-XVI
ғ.) салыстырыла айтылады. Египетті Александр Македонский (б.д.д. 332 ғ.)
басып алған замандардан бастап, эллиндік мәдениеті (б.д.д.
V-IV ғ.) қалыптаса бастайды, осы кездегі тарихи даму көне Египет және грек-
македония мәдениетінің симбиозы (араласу) түрінде қалыптасты. Сол арқылы
бүкіл шығысқа тарады. Еуропа Оянушылығы Шығыстан бастау алды.
Енді әдебиет тарихындағы жаңғырту дәстүріне келсек, Ассирия –
Вавилон әдебиетінен бері қарай бар екен. Ол кезде де бұрынғы сюжеттерді
қайталай жазып, белгілі мифтер мен культтерді жаңғыртатын болған.
Негізінен, өлең түрінде жазылып, туындыгерлері лақап атымен ғана белгілі
болған. Ассирия – Вавилон нәзирасы түгелімен шумерлердің әдеби сюжеттерін
қайталап берді, тек құдайларының аттары ғана өз заманына сай өзгертіліп
жазылды. Шумердің Гельгамеш жыры Вавилон мәдениеті дәуірінде нәзира
дәстүрімен қайталап жазылып қалған. [27.29]
Нәзиралық шығармалар мұнымен ғана шектелмеген. Осы дәуірде жазылған
Даналық пірін мадақтайтын (Да прославлю я владыку мудрости. Өлеңінің
аты бірінші жолындағы сөздерден алынған) атты шығарма да нәзиралық үлгіге
жатады. Онда құдайдың жолын ұстаса да, бейнет пен азаптан шыға алмаған кісі
туралы, не қыламын десе де, бәрі – құдайдың қолында, - деген ой айтылады.
[14. 32] Осы мазмұндас Вавилон теодициясы (б.д.д. XI ғ.) және Құдайдың
құлы, маған бағын (б.д.д. X ғ.) атты шығармалар да бар. Бұл сюжеттер кейін
Тауратқа да кірген екен. (Иов кітабы. Құранда – Айып пайғамбар). Б.д.д.
VI ғасырда ассирия патшаларының дана уәзірі Акихор туралы повесть
жазылған. [27.32]
Шығыс әдебиетіндегі нәзирашылық дәстүріне ұқсас үрдісті, сондай-ақ,
ежелгі грек әдебиетінен табамыз. Нәзира Фирдоуси заманынан өріс ала
бастаған кезінде оның негізгі тақырыптық аясы шығыс мифологиясы болып
басталып, одан діни сюжеттерге, қаһармандық, ғашықтық мәселелеріне ауысқан
деуге болады. Грек кикликтерінің негізгі тақырыптары да ежелгі мифология
болатын. Бір ғана Илиада мен Одиссеяның (б.д.д. IX-VIII ғ.) айналасында
қаншама шығарма жазылған. Біздің жыл санауымызға дейінгі 700-жылдар
шамасында өмір сүрген Гесиодтың Теогониясы жазылып кеткен сюжетке қайта
айналып соғу үрдісінің бастамасын жасаған. Одан кейін Апполодордың (б.д.д.
III ғ.) Құдайлар туралы сын, рим ақыны Овидийдің Метаморфозасы, тіпті
ескі мифологияны жаңғыртушы Гекатей Милетский (Генеология), Геродот
(Тарих) сияқты тарихшылар да бар. Бұл дәстүр бірте-бірте құдайлардың
ғашықтық оқиғаларын суреттеуге ұласқан. Осыған қарап, шығыс нәзирасы -
гректің кикликтермен тамырлас үрдіс деген ой туындайды.
Қиссаның (қисса араб сөзі: баяндау) тууына тікелей негіз болған
Құран сюжеттері, Мың бір түн, Тотынама, Шахнама желілері болғанымен,
оның түркі бастауларында жоғарыдағы Ассирия – Вавилон, грек, шығыс
фольклоры, алғашқы қауымда пайда болған архаикалық мифтерде жатыр. Қисса
жанры өзнің қалыптасу кезеңінде осылардың бәрін сіңірді. Ол – жазба
әдебиеттің басталу тұсында әлі ауызша әдебиеттен ажырай қоймаған кезеңде
туған көне жыр.
Қиссаларда дүние-жаратылыстың пайда болуын, жанды-жансыз нәрселердің
шығу тегі мен себептерін, өзен, тау, тас, аспан әлемі, жұлдыздар туралы
түсніктер бар. Космогониялық мифтің көріністері кездеседі. Дүниені
мекендеген әртүрлі мифтік мақұлықтар: дию, пері, жын-шайтан, жалғыз көзді
дәу, аң-хайуан бейнелі адамдар көне заман түсініктерінен туғандығы айқын.
Қиссада адамзат дәуірлерінің қоғамдық қалыптасуының бас кездерінде
пайда болған мифтік түсініктер мен қала мәдениетіне тән оқиғалар атасып
жатады.
Төңкеріске дейін шыққан кітаптар да мұсылман дініне байланысты
әңгімелерді Хикая деген. Сондай-ақ қазақтың аз өмір тіршілігінен алынған
жырлар Қисса Алпамыс, Қисса Айман-Шолпан деп атала береді. Бірақ оларды
қисса ретінде қарастырмаймыз. [28.51]
Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі, қисса-дастан жанрының туып дами
бастауы XIII-XIV ғасырларға тура келеді. IX-XV ғасырлар – Орта Азия, Иран
және Солтүстік Батыс Индия тарихында гуманизмнің гүлдену дәуірі. [34.7]
Алтын Орда дәуірінде туған қиссалардан ежелгі мифтік бейненің көркем
шығарма қаһарманына айналуын (Қисса Жүсіп), ғашықтық тақырыбының
келтірілуінің (Хұсрау уа Шырын), діни ағартушылықтың туа бастауын
(Жұмжұма, Гүлстан бит-түрки, Қисас-үл әнбия) шығармаларынан көреміз.
Қисса-дастан қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың бас кезінде дамып – қалыптасты. Онда түрік Ислам дүниесінің мол
мұралары қамтылып, заман адамдарының зердесінде қазақ мәдениетінің мыңдаған
жылдық тарихы бейнеленіп: әне, мәселе қайда? – дегендей, ой түрткі
салынды. Түріктік – Исламдық дүниелердің мәні мен маңызын түсіндіруді
мақсат еткені үшін, оны жазған ақындарды пантүрікшіл, панисламшыл, -
деп айыптаған кездері де болды. Әдебиетте саясаттандырудың салдарынан көп
жылдар ғылыми зерттеу объектісіне айналмады. [27.39]
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты – қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың генезисі мен
дамып-қалыптасуын айқындау:
- X-XIV ғасырлардағы түрік әдебиетіндегі Оянушылық мәселесі және нәзира
дәстүрінің тууына тоқталу;
- XIII-XIV ғасыр әдебиетіндегі нәзира дәстүрінде – жазылған қисса –
дастандарды талдау (Гүлстан бит-түрки, Хұсрау-Шырын).
- Қиссашы ақындар шығармашылығына тоқталу;
- XIX-XX ғасыр басындағы қисса-дастандарды сюжеттік негіздеріне қарай
жүйелеу;
- Қисса-дастанның өзіндік ерекшеліктерін түйіндеп көрсету;
- Қисса-дастан жалғастығының кейбір мәселелеріне назар аудару.
Тақырыптың игерілуі мен зерттелуі: Қисса-дастан мәселесінің жалпы
жағдайлары М. Әуезов (1964; 1991), С.Мұқанов (1974), Е.Ысмаилов (1956;
1960), Қ.Жұмалиев (1958; 1967), Б.Кенжебаев (1973; 1976), М.Ғабдуллин
(1974), Б.Шалабаев (1961), Х.Сүйіншәлиев (1986), Ө.Күмісбаев (1994)
еңбектерінде сөз болды.
Қиссашы ақындарды әдебиетке кіргізіп, ақтап алуды қарастыру талаптарын
профессор Б.Кенжебаев еңбектерінен көреміз. Б.Кенжебаев Шәді, М.Жүсіп,
Н.Наушабаев, т.б. Шығыс сюжетіне өлең жазған ақындарды ағартушылық
бағыттағы ақындар деп бөлу арқылы, оларды, кертартпа, ескішіл деген
айдар тағудан ажыратып алды: Алайда, әне бір жылдары бізде XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиетін менсінбеушілік, жете бағаламаушылық болды. XX
ғасыр басында бізде шын мағынасында әдебиет болған жоқ десті. Осыдан XX
ғасыр басындағы әдебиет жинап, бастыру, зерттеуге тиісінше көңіл
бөлінбеді, деп жазады. [22.112]
Сондай-ақ М.Бөжиевтің (1964); М.Бөжиев – З. Ахметовтің (1968)
еңбектері осы мәселені алғаш көтерумен құнды болды. Ә.Қоңыратпаев (1994),
Ы.Дүйсенбаевтың (1973) еңбектерінде жүйелене бастады. Қиссашы ақындардың
бірі Шәді Жәңгірұлының шығармашылығын Н.Келімбетов арнайы зертеу
тақырыбына айналдырды. [28. 63]
Осы кездерде қисса-датстандарды жариялап–жарыққа шығару жұмысы
басталды. Алғаш У.Суханбердинаның құрастыруымен жарық көрген Ғашық наме
(1976), Қисса-дастандар (1986) кейін Ғашықтық дастандары (1994) болып
басылды. Сондай-ақ, Б.Әзібаеваның құрастыруымен Дастандар (1990) екі
томдығы жарық көрді. С.Қасқабасов, Қ.С.Матыжановтар құрастырған В.В.Родлов
жинаған қазақ фольклорының үлгілерінен бірнеше қиссалар қосылды.
Қисса –дастандар фольклорлық тұрғыда танып-білудің маңыздылығын талдап
жазған Д.Бердібаев еңбектерінің мәні зор болды (1970, 1980).
Сексенінші жылдан бері қарай қазақ-шығыс әдеби байланыстары жөнінде
елеулі еңбектері жазылды. Бұл салада Ш.К.Сәтбаеваның (1972; 1982; 1990),
Ө.Күмісбаевтың (1982; 1994; 1996) кітаптары жарық көрді. С.Қасқабасов бұл
мәселеге фольклор тұрғысынан келіп, тың пікірлер айтты (1972, 1984). Ежелгі
қиссаларды зерттеу талаптары көрінді. Қисса-дастандар жайлы еңбек жазған
А.Қыраубаева есімін айтуға болады.
Қисса-дастандар зерттеушілер тарапынан терминдік мәселеде әр түрлі
айтылып жүр: Қисса, қисса-хикая, дастан, рыцарлық дастан, қисса-
дастан.
Е.Э. Бертельс – рыцарлық дастан деп атаса (1934), В.М.Жирмунский,
Х.Т.Зарифовтар (1947), Е.М.Мелетинский (1983) сондай-ақ қазақ
зерттеушілерінің Б.Азибаева (1991) романдық дастан дейді. Ы.Дүйсенбаев
ғашықтық қисса-дастандарды лиро-эпостық жырлар деп есептеген (1973).
С.Мұқанов (1974), М.Бөжиевтер (1971) қисса дейді. Соңғы зерттеулерде
дастан атауы жиі қолданылып жүр. Дастан - шығыс сюжеттеріне жазылған
поэма мағынасын береді.
Бұл жанр көне дәуірлерден бері қарай қарастырылатындықтан, қисса-
дастан деген дұрыс болар. Өйткені, ежелден қалыптасқан қисса сөзін алып
тастаудың реті жоқ. Қисса осы жанрдың мағыналық жағынан айырмашылықтары
мен ерекшеліктерін жан-жақты аңғартатын сөз дейді белгілі ғалым
А.Қыраубаева. [28.70]
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазақ әдебиеті тарихын
зерттеудің тәжірибелері, жүйесі, ғылыми нәтижелері, заңдылықтары
пайдаланылды. М.Әуезов, Е.Ысмаилов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев,
Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдардың тұжырымдары мен жазған еңбектері
пайдалынылды. Сонымен қатар, В.М.Жирмунский, Н.И.Конрад, Е.Э.Бертельс,
И.С.Брагинский т.б. шығыстанушылардың пікірлері кездеседі.
Дипломның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ортағасыр әдебиетіндегі нәзирагөйлік дәстүрдің қалыптасып, дамуы

X ғасырдан бері қарайғы түркі әдебиетін Ислам мәдениетінен бөліп
қарауы мүмкін емес. Өйткені Египеттен – ұлы Қытай қорғанына дейінгі
аралықта билік құрған араб халифатының қол астына қараған елдер Ислам
мәдениеті дейтін өркениеттің ортақ ошағын тұтатқан еді.
Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицина сияқты
ғылымдарды Ислам өркениеті арқылы білді. Көне антикалық мәдениет дәстүрі
мен Шығыс дүниесін біріктіру арқылы Еуропалық Оянушылыққа жол салды деп
есептейміз. Әл-Фарабидің: Адамзат өз мекенінде тәртіппен жарастықты
жәрдеммен, үнемдік өлшемімен, ынсаппен өмір сүруі керек, - дейтін
пәлсафалық түйіні түрік әдебиетінің негізгі ойларымен қабысты. Ислам
мәдениеті ғылым, поэзия, өнер т.б. салаларда өзіндік өркениет деңгейіне
жетті.
Ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед Пайғамбарымыздың (570-632)
өсиет-өнегелері, өмірбаяны, оның сахабалары, әулиелер жайындағы әңгімелері
бүкіл Ислам әдебиетінің негізгі тақырыптарының бірі болды. Бұл дүниеде жаңа
дін жасаймын немесе дін жол сараптарына өзгеріс енгіземін деп
талаптанғандар аз емес. Оған қолы жетіп, тарихта аты қалғандар да, қолы
жетпегендер де бар. Мұхаммед Пайғамбар адамгершілікке, сүйіспеншілікке,
әділеттілікке негізделген жаңа діннің негізін қалады. Құдайды сүйгеннен
кейінгі басты парыз – бір-біріңді сүй, - деп үйретті. [29. 35]
Ата-анаға құдайдың нұры жаусын... егер Олардың біріне екеуі бірдей
жер таянып, қартайып қалса, сырт беруге тиісті емессің. Ұрыспа, дауыс
көтеріп, қатты сөз айтушы болма. Мейлінше рақымды бол.
Пақырға қол ұшын, жоқ- жітікке қайыр-садақа бермеген адам – Алла-
тағаланың өсиетін аяқ асты етіп бұзған адам. [26. 15] Тағы-тағы имандылық
жолына салатын осындай қағидалар мен хадистер түрік әдебиетімізде негізгі
идеялық-көркемдік тақырыптарына айналды. Дүние-таным адамгершілік мұраттар
бірлігінің түп қазығы болды.
Ислам тарихы білім, ол үлкен білім... Ислам, араб өнері, жалпы
дүниежүзілік ғылым сана табысына көп ғасыр бойында аса зор жемістер берген.
Ескі антик өнері мен Еуропаның бері де келіп шыққан ояну дәуірінің арасында
жатқан бірнеше жүз жылдар меңіреулігі бар. Сондағы көп ғасырдың қараңғылық
заманына сәуле беретін, тек араб мәдениеті екенін айтып өтті. Арыдағы
Сократ, Платон, Аристотель мирастарының бүгінгі өнерлі халықтар қауымына
әкеліп жеткізушілер Шығыстан шыққан данышпандар болғанын ескертті. [28. 85]
Мұхаммед Пайғамбар негізін салған діннің жиынтық ойлары құранда
жинақталды, ол арқылы бүкіл Ислам елдеріне таралды.
Әбубәкір Халифаның тұсында (632-634) хатқа түсе бастаған Құран кітабы
үшінші Халиф Османның кезінде (644-656) беделді редакциядан өткізіліп,
жүйеленді. Кейінгісі қисса-дастандарға сюжет болған. Нұх, Мұса, Ибраһим,
Ысмаил, Дәуіт, Сүлеймен, Жақып, Жүсіп, Иса пайғамбарлар оқиғасы олардың
өмірінен алынған дидактикалық әңгімелер Құран арқылы кең тарады. [28. 37]
Ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошақтары – Талас, Сыр бойындағы
Отырар, Сайран, Түркістан (Иасы) қалалары болды. Одан жүздеген ақын-
жазушылар шықты. Исламдағы сопылық ағымның өкілдері Ахмет Яссауи, Ахмет
Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ақындар болды. Ислам әлеміндегі
әл-инсан әл-кәміл мәселесін мораль философиясы негізінде қалыптастырған,
әрі осы білім саласын ғасырлар бойы насихаттап дамытушылар софылық әдебиет
өкілдері.
Қарахан мәдениетінің алып тұлғалары Баласағұн қаласында туып-өскен
әйгілі ақын Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари еңбектері. Бұлар –
дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар.
Осы қалада туып-өскен Ж.Баласағұн Құтатғу білік атты кітабымен
әлемге әйгілі болды. Қарахан мемлекетінің тағы мәдени ошағы – Қашқар
қаласында Махмұд Қашқари атты филолог өмір сүрді. Ол да үш кітаптан тұратын
Түрік сөздігінің жинағын жазып, өрелі еңбек жасады.
Тамыры терең түрік әдебиетінің ескерткіштері Орхон жазулары, Қорқыт
ата, Оғыз қағандығы туғызған халық ежелгі Құран, Таурат, Інжіл,
Рамаяна, Панчатандра, Шаһнама миф-аңыздары мен салалана түсті. Діни
дидактика жанры туды.
Осы мәдени үрдіс монғол жаугершілігі тұсында да толастаған жоқ.
Сондай-ақ Сарай, Сарайшық қалалары да осы дәуірдегі өзіндік
өркениеттің белгілеріне жатады. Өркениет деген сөзді біз тек Еуропа
елдеріне, оның қазіргі қалпына қарай отырып айтамыз, ал негізінде өткен
тарихи жағдайлар тұрғысынан қарасақ, X-XIV ғасырлардағы Қазан мәдениеті
өзіне тән өркениет дәуірін кешті деп айтсақ қателеспейміз. [27. 85]
Қала мәдениетінің дамуы әдебиет пен ғылымдағы Ұлы тұлғалар Фараби,
Яссауи, Баласағұни, Қашқарилердің, Әли, Рабғұзи, Құтб, Хұсам Кәтиб,
Хорезмилердің шығармашылығы X-XIV ғасырдың әдебиетінде жан-жақты өсу
үрдісінің болғандығын көрсетеді. Осындай даму үрдісі өз ішінде трік
Оянушылығын туғызды.
Әдебиеттегі түрік Оянушылығының белгілері, екі үлкен жаугершіліктерден
кейін көрініп отырды. X-XII ғасырда Баласағұни Құтты білікте державалық
түрік мемлекетінің төрт құбылысы тең үлгісін жасағанда, Өтүкен бектері,
Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөктер құрған Ұлы түрік қағанатын елестете
отырып жазса, М.Қашқари түрік елінің бай мәдениетін, тілін жан-жақты
сипаттап, түрік рухын ірілендіре түсті. Яғни түркі әдебиетіндегі
оянушылықтың (Ренессанс) бастамалары осы туындыгерлерде жатыр.
Түркі оянушылығының екінші бір көтеріле түсу тұсы XIII-XIV ғасыр
әдебиетінде көрінді. Орта Азияда Науаи, Әл-Фараби шығармашылығында
Оянушылық көріністері бар екені В.М.Жирмунский еңбегіне сүйеніп, қазақ
әдебиет тануында алғаш сөз еткен ғалым Әуелбек Қоңыратбаев болған.
[30. 66] Түрік әдебиетіндегі оянушылықтың пайда болуын олардың өзін өзі
тани бастауынан және Ренессанс мәдениетінің ошағы болған көрші Иран
әсерінен – деп біледі. И.С.Брагинский Ренессанстың негізгі шарты орта
ғасыр жағдайындағы қала мәдениетінің дамуы, қол өнері, сәулет өнері,
сауданың дамуы деп біледі. [10.74] Осы аталған шарттардың X-XIV ғасырдағы
Қазақстанда толығымен болғандығын зерттеулерден көреміз.
Жетпісінші жылдарға таяу алпысыншы жылдардың аяғында бүкіл түрік
әдебиетінің тарихына қатысы бар Орта Азия Ренессансы туралы
В.М.Жирмунскийдің мақаласына ілесе түрік әдебиетіндегі Ренессанс белгілері
туралы ойды татар ғалымдары қозғаған болатын. (Хисамов Н.Ш. 1979) Бұл
мәселе қазақ әдебиетінде әлі де арнайы зерттелген емес. Армян, грузин,
иран, қытай, араб т.б. Шығыс халықтары әдебиетіндегі ренессанстың
бастамалары, оның Еуропа әдебиетінде жалғастық тауып, Италияда аяқталғаны
туралы біршама еңбектер жазылған.
Бір мәселе Әл-Фарабидің ғылымдағы тұлғасының Леонардо да Винчимен
ұқсастығы Ж.Баласағұнидің көне антика әдебиетінің принциптеріне сүйенетіні,
ежелгі грек ойшылдарын дәріптеуі; Яссауи және оның ізіне ерген Иүгінеки,
Бақырғани, Хакім аталардың гуманизм идеяларын ту етуі; Нәзира дәстүріндегі
хиссалардың ежелгі сюжеттерді қайталай жаза отырып, онда адамгершілік,
түріктік мәселелерді көтеруі.
Осы көне дәстүр араб тіліндегі әдеби үрдіс ретінде тарап, араб
халифаты қарамағынан шығып, саманид патшалығы құрыла бастаған парсы
әдебиетінде қайта жаңғырда. Ал түрік-қазақ әдебиетінде Алтын Орда
мемлекетінің кезінде негізгі әдеби үрдіске айналды. Нәзираның негізгі
тақырыптары әлі қол үзіп кетпеген көптеген араб сюжеттері және оны
жаңғыртқан парсы қисса-хикаялары болғанымен, ол түркі Оянушылығымен астасып
кетті. Ақындар ежелгі мифтерден әділ патша және адамгершілік желілерін
алып дамытты.
X-XIV ғасырдағы түрік ақындарының Баласағұниден - Әлиге дейін ел
тәуелсіздігі мен бірлігін ұстай білетін әділ де айбарлы патша бейнесін
жасауға тырысуы; араб және монғол шапқыншылықтарынан кейінгі түрік
мемлекетінің іргесін түрік қағанаты тұсындағыдай нығайту қажеттігінен туса
керек. Ол - Баласағұниде Күнтуды Еліг пен Айтолды уәзір, Қисса Жүсіптегі
- Жүсіп патша, Жұмжұмадағы - Жұмжұма сұлтан т.б. әкімдер мен хәкімдер.
Нәзиралық әдебиет, қисса-дастан жанрының түрік әдебиетінде дамуына
көрші жатқан Иранмен әдеби байланыстар зор әсер етті.
Парсы әдебиетінде XIII-XI ғасырдың бас кезінде классикалық даму үрдісі
болды. Араб тілді әдебиеттің аясында мұсылмандық дәуірге дейінгі парсы
мәдениетінің культтеріне деген қызығушылық оны жаңғыртушылық басталды.
Классикалық әдеби дәстүр - әлем халықтары мәдениеттері тарихының
әртүрлі дамуы, қалыптасу кезеңдерінде байқалатын ықпалды арналар. Азия,
Еуропа, Америка, Австралия, Африка құрлықтарында мекендейтін халықтардың
бәрінде өздеріне тән ұлттық, әрі әлемдік ықпалдасу, араласу, сіңісу
құбылыстарының болатынын көреміз. Әдеби дәстүрдің дамуы құрлықтардағы
бірнеше халықтардың қолданылуында басым, белсенді қызмет атқаратын тілдерге
де байланысты болды...
Классикалық Шығыс әдебиеті байланыстарының негізгі дәнекері
мұсылмандық ағартушылық. Мұсылмандық ағартушылық Шығыс елдеріне кеңінен
тарауына себепкер болған негізгі қозғаушы ықпал – Ислам діні. Ал, Ислам
дінінің араб халифаты қарауына кіретін аймақтарға кеңінен таралуында аса
маңызды өркениеттік, мәдениеттік қызмет көрсететін ағартушылық құрал – араб
жазуы. Ислам дінінің негізгі кітаптары Құран мен Мұхаммед Пайғамбардың
хадистері араб тілінде жазылып, тарағандықтан мұсылмандықты ұстанған
елдердің оқу-ағарту, білім алу, адамгершілік тәрбиесі және т.б. сөз өнеріне
негіз болатын бастаулардың бәрін де осы тарихи жазылуда, ауызша айтылуы да
ортақтық мән-маңыз алды. Бұл жағдай халықтардың әдеби-фольклорлық
шығармашылық өнерінде елеулі ықпал жасады. Әрбір халықтағы әдеби
фольклорлық мұралардың қалыптасуы мен дамуына тән тарихи-әлеуметтік
ықпалдардың болатыны – тарихи шындық. VIII-XIV ғасырда түрік халықтары
мекендеген географиялық кеңістікке Ислам дінінің таралуы араб халықтарының
идеологиялық бағдарламасы жұмыстарымен де сабақтас болды.
Қазақ поэзиясының қалыптасу, даму жолына ықпал жасаған шығыстық
классикалық әдебиеті ұғымының аясына біз түркі өркениеті дәуіріндегі әдеби
шығармаларды басты назарда ұстаймыз. Сонымен бірге Ислам діні арқылы аса
ауқымды арнаны құраған араб-парсы әдебиеттерінің ықпалы да айқындалды.
Бұлармен бірге – сонау ежелгі замандардан XIII-XIV ғасырға дейін халықтар
арасын байланыстырған Ұлы Жібек жолы және т.б. сауда-экономикалық қарым-
қатынас жүйесі арқылы жетіп отырған ежелгі Хараппа өркениетінің, Ұлы
Моғолдар империясы дәуірі арқылы жаңару нәтижесі болған. Үндістан
тайпалары мәдениетінің ықпалы да болғанын ескереміз.
Классикалық дәстүр дегеніміз не? Классика (латынша classicus)
ұлттық және әлемдік мәдениеттегі құнын жоймайтын бағалылықты иеленетін
әдебиеттің және өнердің үлгілі, көрнекті туындылары. Ежелгі замандардан
басталып, кейінгі ғасырларда жинақтала қорытылып, белгілі заңдылықтар
нақтылы, айқын түрде қалыптасқан үлгілер жүйесі классикалық ұғымдардың
аясында қарастырылады. Классикалық әдебиет, классикалық мұра,
классикалық мәдениет, классикалық білім беру, классикалық философия,
классикалық саяси экономика т.б. алуан түрлі салалық, мағыналық
қолданыстағы сөз тіркестері – бұл атаудың рухани және материалдық мәдениет
тармақтарындағы қолданыстарының кең ауқымдылығын көрсетеді. [15. 19]
Классикалық әдеби дәстүр - әлемдік сөз өнері мұраларындағы өзара
ықпалдастық байланыстарын айқындайтын құбылыс. Бұл дәстүр әлемдегі
өркениеттік даму деңгейлері жоғары сапада дамыған елдердің мәдениеттік
мұрасы арқылы айқындалады. Классикалық дәстүр – ең озық жетістік деңгей
көрсеткіштеріне ғана қолданылатын анықтамалық ұғым. Әсіресе, рухани
мәдениетті құрайтын жазулардың, оқу-ағартудың, білім, ғылым игеру дамудың
аясында өркендейтін әдеби шығармашылық туындыларын біз классикалық мұралар
ретінде бағалаймыз. Мысалы, біз Еуропа елдерінде классикалық әдеби, мәдени
мұралар шоғырын құраған туындылар және олардың авторларына қатысты
тарихнамалық жол өзара жалғасқан, сабақтасқан кезеңдерден құралады. Ал,
шығыстың классикалық әдеби дәстүрдің дамуы: 1. VIII-XV ғасырлардағы араб
халифаты кезеңіндегі әдеби даму. Шығыстық классикалық әдеби дәстүрдің араб
халифатына қатысты елдерге таралуындағы байланыстар жүйесі хақында
профессор Ә.Дербісалиевтің пікіріне құлақ түреміз: Иран мен Сирия
территориясы арқылы Жерорта теңізі мен Қиыр Шығысты жалғастырған маңызды
сауда жолының өтуіне байланысты аббастық халифалар тұсында сауда-саттық
қатынастар әрі қарай дами түседі. Сонымен қатар, Индия, Индонезия,
Қытайменен де теңіз арқылы қатынас жасауға арабтар Африкамен дәстүрлі түрде
сауда байланысын жалғастыра береді. Олар сондай-ақ хазарлар, көшпелі
түркілер және Русьпен де товар алысқан. Сөйтіп, бір орталыққа бағындырылған
орасан зор мемлекеттің жүйелі түрде басқарылуы мен салық алынуы және
шекараның тұрақты бағындырылуы сақталынуы аббастықтар халифаты арқылы
тасылатын жүк қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен бірге сауда мәдени
байланысқа да кең жол ашқан. Демек, осы аталған кезеңдегі араб халифаты
мәдениет байланыстарының қанат жаю, таралу кеңістігіндегі халықтарға да
Ислам діні ықпалындағы классикалық әдеби дәстүрдің сіңісуі қалыптасқан.
[11. 44] Шығыстың классикалық әдебиеті дегеніміз – араб, парсы және туысқан
түркі халықтар, ақын-жазушылар шығармашылығының Ислам дінінің идеялық арқау
етуі негізінде қалыптасқан, нығайған шығармашылық дәстүр. Араб халифатының
және ежелден желісі үзілмеген Ұлы Жібек жолы қатынас жолының әсерімен
Шығыс елдерінің барлығына тараған ағартушы оқымыстылар, ақындар шоғырының
шығармалары кеңінен танымал болды. Классикалық әдеби дәстүрді
қалыптастыратын – шығармашылық және орта ғасырлар арқылы жүзеге асырылатын
әдеби, мәдени байланыстар. Бұл орайда біз Шығыстық классикалық әдебиетін
қалыптастырғандардың қатарында мынандай ұлы тұлғаларды айтамыз: Әбілхасан
(Әбу Абдаллах Жафар Ибн Мұхаммед Хаким ибн Әбрахман), Рудаки (860-941),
Әбілқасым Фирдоуси (940-1020 ж.ж. шамасы), Насыр Хусрау Әбу Муин (1004-1072
ж.ж.), Жалаледдин Руми (1027-1273 ж.ж.), Саади (Сағди) (1203 және 1210-
1292 ж.ж. арасы), Хафиз (Хафиз Ширази), Шамседдин (1325-1389 немесе 1390
ж.ж. шамасы), Әбдірахман Жәми (1414-1492), Әбу Нуас (747-762 және 813-815
арасы), Әбу Фирас (923-967) және т.б. Бұлар – Шығыстың классикалық
поэзиясын қалыптастырған араб және парсы ақындары.
Шығыстың классикалық әдеби дәстүрінің гуманистік арқауы қасиетті
Құран кітабында сүрелер және Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистері.
Әлем халықтары сөз өнерінің мұраларындағы өзара үндестік, тектестік,
ұқсастық ерекшеліктерінің болуы – табиғи заңдылық. Әрине лирикалық және
эпикалық туындылардың тақырыптық – идеялық, жанрлық, стильдік-көркемдік
ерекшеліктерінде ұлттық сарындар, тілдік, этнографиялық, этнопсихологиялық,
этнопедагогикалық және т.б. өзгешеліктер болды. Себебі, әрбір халықтардың
қалыптасу, даму тарихына тән ұлттық ойлау кеңістігі, қоғамдық-әлеуметтік,
мәдени-эстетикалық көзқарастар жүйесі – бәрі де өзгешеліктер шоғырын
құрайды. [15. 23]
Класикалық әдебиет дәстүрлерінің аса ықпалды дәнекерлік құралы оны
аудармалық шығармаларында ұлттық және әлеуметтік әдеби процесс
сабақтастырудағы маңыздылығы анық. Қазақ поэзиясының көп ғасырлық тарихында
Шығыс халықтарының әдеби-фольклорлық мұраларының аударма тәсілі арқылы,
халқымызға жетуі - әдеби байланыстардың рухани мәдениеттік ықпалының
көрінісі. Шығыстанушы профессор Ө.Күмісбаевтың: Аударма әдебиеттерді бір-
бірімен таныстырады, табыстырады. Аударма өркендеген елдің өскен мәдениетін
көрсетеді ол да көркем шығарма есепті өз алдына жеке өмір сүруге хұқы әбден
бар. Аударма дегеніміз бүгін келіп, ертең кетіп қалатын мейман емес, ол да
бізге өзге жұрттан қалап әкеліп, өз алдына отырғызған жеміс ағашындай ғой.
Күтсең, бабын тапсаң нәрін, жемісін алақаныңа салады деген пікірі дұрыс
айтылған. [27. 58]
Көркем аударманың шығармашылық ықпалы әлем әдебиеттерінің тақырып,
идея көркемдік тәсілдер жақтарынан өзара үнес бір-біріне үйрене дамуына,
баюына нақты әсер етіп келеді. Бұл – арнайы зерттеулердің арқауы. Ал,
шығармашылық ықпалдастықтың нәзира дәстүріндегі үлгілері Шығыс әдебиеттері
байланыстарында кең өрістеді.
Әлем әдебиеттері классикалық мұраларының қалыптасуындағы бұл
құбылыстың, сөз алыптарының мұраларында тұрақты дәстүрге айналғанына
Н.И.Конрад ғылыми баға береді. Мысалы, Шығыстың Ромео мен Джульеттасы
болған Ләйлі мен Мәжнүн туралы әзірбайжан ақыны Генджеви Низами (1141-
1209) ғажайып эпикалық туынды жазса, өзбек ақыны Әлішер Науаи (1441-1505)
өз тілімен сол сюжетті жырлады. Ал, қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің
жырлаған Ләйлі–Мәжнүн де суреткер ақындықтың үздік нәтижесінің көрінісі.
Н.И.Конрад өз тілінде сол сюжетті қайталап жырлаушылар өздері қалаған,
қалыптастырған ерекше бір шығармашылық тәсіл екенін атайды. Ғалымның осы
құбылысқа байланысты тұжырымына ден қоямыз: ... воссоздание чужого
произведения на другом языке в те времена было актом творчества и при том
творчества свободного. Әрине, әлем әдебиеттерінде, оның ішінде Шығыс
халықтары сөз өнері мұраларындағы бұл құбылыс қазақ әдебиеттануы
ғылымдарының тарихында М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Н.Ғабдуллин,
Ш.Сәтбаева, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев және т.б.
зерттеушілердің еңбектерінде нәзира, нәзирагөйлік дәстүрлі атауымен де
бағаланып келеді. Мысалы, профессор Н.Ғабдуллин нәзираның араб сөзі
екенін, Шығыс халықтары әдебиеттеріндегі осы дәстүрді ұстанған Фирдоуси,
Низами, Науаи және орыс ақын-жазушыларының (Тургенев, Лермонтов т.б.) да
шығармышылығында орын алған үлгілерін атайды, осы дәстүрдің табиғатына
ғылыми сипаттама береді: Нәзира да кейінгі ақын алдыңғы ақын жырлаған
тақырыптың сюжет желісін алады, шығарманың негізгі қаһармандарын,
оқиғаларын ұзынырғасын сақтайды. Сол себепті екі шығармадағы әңгіме бірдей
сияқтанып тұрады. [15.88] Нәзира – екі шайырдың бәсекесі емес, өнерге
өнермен қайтарылған жауап. Нәзира да алдыңғы ақын суреттеген оқиғалар
мазмұны қайталанғанымен, кейінгі ақынның сол оқиғаларды сипаттап айтуында,
қаһармандардың әрекеттерін бейнелеуінде осы шайырды өзіндік сарынмен
танытатын ерекшелігі болады.
Демек, Шығыс халықтары ақындарының классикалық шығармаларындағы ортақ
сюжеттерді қайталап жырлау арқылы әрбір шығармашылық тұлғаның өзіндік
суреткерлік шеберлік қырларының айқындалатынын аңғарамыз.
Шығыстанушы Н.И.Конрад жоғарыда аталған әлемдік әдеби байланыстардың
негізгі ықпалды қозғалысы бір халық әдебиетінің басқа халық әдебиетінің
ішіне кіруі, сіңісуі екенін айта келіп, ұлттық бейімделуі (национальная
адаптация) атты тағы бір түрін атайды. Зерттеуші Қытай әдебиеті
мұраларының Жапондық болып сіңісіп кетуіне мысалдар келтіреді. Бұл
құбылыстың жаңа жанрды қалыптастыру үшін қолданылғананына тоқталады. Бұл,
әрине, табиғаты жағынан нәзиралық дәстүрге ептеп ұқсайды.
Н.И.Конрад Шығыста бір халық әдебиетінің келесі халық әдебиетіне еніп
кетуінің тағы бір дәстүрлі үлгісі әлем елдеріне (Үнді, Парсы-пехлеви, араб,
еврей, эфиоп, армян, латын, грек) яғни батыс Еуропалық раман-герман,
славян және Шығыстың тибет, қытай, монғол тілдеріндегі буддизмнің негізін
салушы Будда хақындағы аңыз негізіндегі тіршілік хикаяттары туралы
айтады. Әрине, әлем халықтарының негізгі діндерінің басты тұлғалары, оның
ішінде пайғамбарымыз Мұхаммед және оған дейінгі пайғамбарлар хақындағы
аңыздық – тарихнамалық хикаяттардың кеңінен таралғаны мәлім. Бұл – шығыстық
классикалық әдеби дәстүрлерінің Ислам дінінің қалыптасуымен, таралуымен
біртұтас қозғалыста болып жүйеленген әдеби шығармашылық дәстүр. Қазақ
поэзиясы тарихының Исламдық көзқарастармен жырланған кезеңдеріндегі
Мұхаммед пайғамбарымыз бен оның сахабарлары хақындағы хикаяттардың қисса-
дастандары болып жырланғыны – классикалық дәстүр ықпалдастығының нақты
көрінісі. [15. 90]
Қорыта келгенде, әлем халықтары әдебиеттерінің дамуы жергілікті
аймақтық – этникалық және Ұлттық деңгейдегі екі сатылы дәуірлерден
құралады. Шығыстанушы И.С.Брогинскийдің пайымдауына сүйене отырып, әдеби
байланыстардың генетикалық, ұласпалы, типологиялық атты түрлерінің
болатындығын көреміз. Ал, зерттеуші ұсынған Әдебиеттік синтез құбылысы да
әлем әдебиеттерін үндестіктерінің тектестік, үндестік сипатына тән
ерекшеліктер. Ал, көрнекті Шығыстанушы Н.И.Конрадтың әдеби байланыстардың
түрлеріне арналған жіктеулері де ғылыми мәнділігімен ерекшеленеді. Яғни,
өзге халық әдістері үлгілерін сол негізгі түпкі тілдік нұсқа қалпында
игеру, аудармалық үлгіде меңгеру, нәзиралық дәстүр мен өнер жарыстыру,
басқа халық туындысының фабуласы сақталып, кейіпкерлер әлемі, бүкіл
композициясы, сюжеті ұлттық бейімделуге ұшырауы – бәрі де әлем халықтары
әдебиеттері араласуына тән дәстүрлі ерекшеліктер. [15.91] Сонымен, қатар,
пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер хақындағы хикаяттардың халықтар арасында
кеңінен таралып жырлануы да әдеби байланыстар ауқымының шексіздік
өлшеміндегі кеңістігін дәлелдейді.
Шығыс халықтары классикалық әдебиеттерінің өзара араласа дамуы адамзат
тарихының көркемдік-эстетикалық дүниетаным кеңістігін танытады.
Шығыс поэзиясының тарихи тамыры тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр.
Шығыс поэзиясының классиктер жазған Ұлы туындылар қазақ қауымына ертеден-ақ
жақсы таныс болған.
Шығыс классикалық әдебиеті көтерген ең басты идея – адамға ғана тән
абзал қасиеттерді мойындау, қастерлеу. Ал, бұл гуманистік әдебиеттің
негізгі қаһармандары - жеке бас бостандығы бар, жан-жақты ерікті, азат
адамдар, ғылымның сан түрлі салаларын игерген ғылым, шеберлігімен жұртты
сүйсіндіретін өнерпаз, парасатты, мейірбанды жандар. Сонымен, Шығыс
поэзиясында өз заманының биік талаптарына сай келетін, ғылым мен өнер,
философиялық теориялар мен қоғамдық тәжірибені жете меңгерген ақыл-ой
алыптарының ғажайып белгісі жасалады.
X ғасырдың бас кезінде саманидтер мемлекеті болып араб халифатының
бөлінген кезде парсы тілді Иран әдебиеті жаңа қарқынмен дамыды. Оның
орталығы болған Бұқара бүкіл Иран мен Орта Азия елдерінің мәдени кіндігінің
бірі болды. Парсы әдеби мектебі қалыптасты. Осы дәуірде Рудакидің соңын ала
елуден астам тілде жазатын ақындар пайда болған. Оның ішінде Патшалар
кітабын жазған Дакики, осы дастанды жетілдіріп, құлпыртқан. Фирдоусилер
(Шахнама) бұл дәуірдегі парсы әдебиеті елдік рухты көтерді. Ө.Күмісбаев:
Қайта өрлеу дәуірінің гуманизмі, адамға деген, ілтипат, оның құдайға
көзқарасы Фирдоуси фундаментін берік қалап тастады - дейді. [27. 79]
Нәзиралық шығармалар туды. Парсы тіліндегі сопылық поэзия мен проза
бастапқы тұлғаларының бірі – Абдоллах Ансари (1006-1086). Поэмадағы
гуманистік бағытты дамытқан ақындар Омар Хаям (1040-1131) мен Низами болды
(1141-1203). Бұлардың ішінде Ансари мен Низами түрік нәзираларының алдында
ғана өмір сүрген немесе замандастары еді. Олардың түрік ақындарына
шығармашылық әсері зор.
Түрік әдебиетіндегі қисса жанрының дамуы тікелей осы нәзира
дәстүрімен байланысты болды. Нәзиралық әдіспен жазылған шығармалар қисса
деп аталады. Қиссаның тамаша үлгілері XIII-XIV ғасырдағы түрік әдебиетінде
туды. Олар: Әлидің Қисса Жүсібі, Хұсам Кәтибтің Жұмжұмасы, Құтбтың
Хұсрау Шырыны, Рабғұзидің қиссалары. Сондай-ақ, Сайф Сараидің Гүлстан
да адамшылық мәселесін көтерген дидактикалық шығарма ретінде, кейінгі
әдебиетке жол салды.
Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбардан бір қызық қисса (әңгіме баяндау
айтып беруді сұрағанда, ол өсиет-өнегеге толы әдемі бір әңгіме айтты дейді.
Пайғамбардың бұл әңгімесі Қисса Жүсіп болатын). Түрік әдебиетіндегі Қисса
жанрының басы – Қисса Жүсіптен басталатын себебін осы аңыздан іздегеніміз
жөн сияқты. [29. 45] Жалпы, нәзира жанрын қисса деп атау да осыған
байланысты шықса керек.

Орта ғасыр дәуіріндегі қисса-дастандар үрдісі

Түркі қазақ әдебиеті тарихындағы шоқтығы биік белестердің бірі – Алтын
Орда дәуіріндегі әдебиет. Алтын Орда дәуірі – көне әдебиетіміздің
тарихындағы жазба мұраға аса бай жемісті кезеңдердің бірі.
Қарахан дәуіріндегі түркілік әдебиеттің жаңаруы мен жаңғыруы өзгеше
қарқында өрістеді. Алтын Орда дәуірінде түркі ұлыстар мекен еткен
мемлекеттің ірі мәдениет орталықтарында, тіпті Алтын Орданың шекарасынан
шалғай Мысыр еліндегі түркі ұлыстарының жазбаша мәдениетінде жалғасын
тапты. Бұл дәуірде Қарахандар кезеңіндегідей дидактикалық сипаттағы
ақиқаттық – ағартушылық мазмұнды шығармалар ғана емес, сонымен қатар ежелгі
дәуірден жеткен жазба әдеби мұраларымыздың басым бөлігі поэзия жанрында
жазылған, заңгерлік осы әскери іске қатысты еңбектер де дүниеге келді. XIV
ғасырда, әсіресе, Мысыр мен Алтын Орда мемлекетінің территориясында
көркемдік деңгейі аса жоғары туындылар туып, араб-парсысының айтулы
ақындарының әйгілі шығармаларынан нәзиралар жазылды. Сырдария өзенінің
төменгі ағысында, Хорезми ақынның Мухаббат-нама поэмасы, Хорезми
аймағында оғыз-қыпшақ жазба әдеби тілінде Нахж-үл Фарадис қаламға алынып,
Құтб ақын парсының әйгілі шайыры Низами шығармасына нәзира ретінде жазған
Хұсрау-Шырын поэмасын дүниеге әкелді. Ал, Мысыр елінде Сайф Сараидің
Сағдиға жазған нәзира дастаны Гүлстан поэмасы түркі әдебиетінің сол
дәуірдегі шыққан биігін танытса, араб ғалымдарының Алтын Орда мен Мысыр
елін мекен еткен түркі ұлыс-тайпаларының тілін үйреніп, түрлі сөздіктер мен
грамматикалық еңбектер әзірлеуі түркі әдеби тілінің өзге елдердің
арасындағы шынайы беделінің белгісі. Қыпшақтармен тығыз қарым-қатынаста
болған немесе көрші қонған елдер сол кезеңнің саяси мұқтаждығынан қыпшақ
тілін үйреніп, мәдениетін тануға ұмтылған. [29. 110]
Алтын Орда дәуіріндегі шығармалардың тілінде аздаған диалектологиялық
өзгешеліктер болғанымен бәрінің негізгі көне қыпшақ тілі. Сол себепті де,
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттер қыпшақ тілді әдебиет немесе қыпшақ
әдебиеті деп атауға болады және бұл Алтын Орда мемлекеті туғызған сол
территорияда ғана жасалған әдебиет емес, XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда
дәуірінде өмір сүріп, сыр бойында, Хорезмде, Каспий маңында, Египетте т.б.
аймақтарында тіршілік еткен Түркі тілдес халықтар жазып қалдырған әдеби
ескерткіштер қыпшақ-оғыз сияқты ру ұлыс тайпаларының жасаған ортақ
әдебиеті.
Қарахан дәуірі әдебиетінде дәстүрлі сипат алған діни сарын, ақлиқаттық-
ағартушылық бағыт Алтын Орда дәуірі ортақ түркі әдебиетінде де желісін
үзбей, жалғастығын тауып жатты. Рабғұзидің Қисас-үл әнбия Сайф Сараидің
Гүлстан бит-түрік Махмұт бин Әлидің Нахж-үл Фарадис т.б. шығармалары
діни тақырыптарда да жазылған. Алайда Құтты білік, Ақиқаттар сыйы
поэмаларында мұсылманшылық сарын көркемдік әдеп ретінде ғана көрініс тапса,
Алтын Орда дәуіріндегі Қисас-үл әнбия, Гүлстан бит-түрік, Нахж-үл
Фарадис сияқты туындылар шариғат шарттары, Ислам қағидалары, Құрандағы
аңыз-әңгімелер, сопылық ілімі секілді таза діни тақырыптарды толғайды.
Аталмыш әдеби мұралардың тағы бір өзгешелігі жанрлық сипаттарында. Бұлардың
бірінде проза мен поэзия жанры араласып келеді. Сондай-ақ бұл шығармалар
Алтын Орда дәуірінде өзгеше өріс алған аударма-нәзирашылық шығармаларға
жатады. Белгілі ғалым А.Қыраубайқызы Алтын Орда дәуіріндегі көркем
әдебиеттің екі түрін атап көрсетіп, біріншісі аударма-нәзиралық
шығармаларға Хұсрау-Шырын, Гүлстан, Қисас-үл әнбия, Нахж-үл
Фарадис, Қисса Жүсіп, Жұмжұма кітабын жатқызса, екіншісі – тың тума
әдебиет үлгісі деп Мухаббат-наманы атайды. [28. 97]
Шығыстағы нәзира салтының аударма тәсілінен өзгешеліктер заңдылықтарын
ескерсек, бірінші топтағы туындыларды да сол кездегі әдебиеттің көркемдік
тілін танытар тың туындылар деп бағалауға болады. Мәселен, әйгілі тюрколог
ғалым Әмір Нәжіп түркі тілдерінің тарихына арналған зерттеу еңбегінде
Құтбтың Хұсрау-Шырын поэмасына аудармадан гөрі, нәзираға айналған тың
туынды деп баға береді. Ғалымның Сайф Сараидің Гүлстан поэмасы жайлы
пікірі де осы сипатта. Бір сөзбен айтқанда әдебиеттегі нәзирашылдық – Алтын
Орда дәуірі түркі әдебиетінің даму бағытын айқындаған айрықша көркемдік
салт.
Бұл көркемдік салттың игі ықпалымен Құтты білік дәуірінде іргесі
нығайған әдебиеттің қоғамдағы әлеуметтік-моральдық рөлі арта түсумен
бірге түркі әдеби түрлері Шығыстық нақыштарымен толығып, көркемдік-
эстетикалық танымның көкжиегі кеңейді. Түркі тілді әдебиет тақырып, мазмұн,
форма көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан мейлінше байыды.
Орта ғасырлық мұсылман Шығыс әдебиетінде кеңінен тараған мәснәуи
жанрының өзгермес композициялық түзілімі әдебиеттегі дәстүр жалғастығының
көрінісі ғана емес, сонымен қатар тұрақты тәртіп, қалыпты қағидаға
негізделген жанрлық канон.
Мәснәуи (мәснәви араб сөзі, қосарланған деген мағына береді) араб-
парсы, түркі тілді әдебиеттердегі қостармақты шумақ қолданылатын өлең түрі.
Әйгілі Фирдоусидің Шахнамасы, Низамидің Хамзасы түркі әдебиеттерінде
Құтты білік те мәснәуи түрінде жазылған. Мәснәуи өзара ұйқасып келетін
қос тармақты өлең деген мағынада да осы үлгідегі жазылған өлеңнің жанрлық
түріндегі мағынада да қолданылады. Жанрлық түрі ретінде мәснәуи поэмалардың
өзіне тән композициялық құрылымы бар. Мәснәуи поэмалары да автор бірден
негізгі тақырыпты толғамайды.
Мәснәуидің жанр ретіндегі сипаты ең алдымен оның сыртқы құрылымдық
ерекшеліктері арқылы айқындалады. Әр бәйттің қос тармағының өзара ұйқасып
келуі (аа-әә-бб түрінде), аруз өлшемінің қысқа қалыптарымен жазылуы және
өзіне тән басқа жанрларда қайталанбас композициялық құрылымы - мәснәуидің
жанрлық табиғатын танытатын басты белгілері. [9. 68]
Жалпы алғанда, мәснәуи жанрының тақырыбы өте кең. Мәснәуи жанрында
жазылған шығармаларға негізінен махаббат, дін және сопылық ілім, үгіт-
насихат, ерлік, сұлулық және әр түрлі сатиралық тақырыптар арқау бола
алады. Құтыптың мәснәуи поэмасы сюжетті шығарма. Бұл поэма әйгілі парсы
тілді ақын Низамидің Хұсрау-Шырын атты мәснәуи поэмасына жазылған нәзира.

Шығыстың классикалық әдеби дәстүрдегі эпикалық дастандар жазу
үрдісінің белсенді жырланған саласы – діни дастандар. Ислам дінінің
қалыптасуы, даму тарихының барлық кезеңдерін, ондағы көрнекті
қайраткерлдердің өнегелі, тағылымды істерін айту арқылы адамзатты
имандылыққа ұйыту, тәрбиелеу мұраттары жырланған мұсылмандық мазмұндағы,
діни дастандар әлемдік өркениеттің рухани өсуінде елеулі маңызды орын алып
келеді. Классикалық Шығыс әдебиеттердің бастауында тұрған қасиетті Құран
кітабы мен Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен туындайтын әрі эпикалық әрі
лирикалық-публицистикалық, сонымен қатар дидактикалық-философиялық мазмұны
бай, Исламдық қисса-дастандар қазақ поэзиясының имандылық нысандарын
кеңейте, тереңдете түсті. Ислам тақырыбындағы қисса-дастандарда Мұхаммед
пайғамбарымыздың Алладан жеткен аян кітап Құранды, мұсылмандық-ағартушылық
жолды уағыздауы, Исламды таратқан, нығайтқан, насихаттаған пайғамбардың
сахабаларын, мұсылмандықты ұстанған қалың жұртшылықты ақындар көркем тілмен
жырлады. Бұл - Ислам дінін шын ниетпен беріле түсініп қабылдаған халық
көңілінің көрінісі.
Шығыстың классикалық әдебиетіндегі мұсылмандық ағартушылық бағдардағы
қисса-дастандардың нысанды тақырыптары мынандай болып келеді: - біріншісі
– Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына (Әубәкір, Оспан, Омар, Әли)
байланысты деректі және аңыздық оқиғалардың жырлануы; екіншісі - Құран
кітабы сүрелеріндегі аяттарда есімдері аталатын Дәуіт, Сүлеймен, Мұса
пайғамбарларға, Жәбірейіл, Әзірейіл періштелерге байланысты оқиғалардың
арқауы етілуі.
Ислам кітаптарының кітабы - Құран күні бүгінге дейін мұсылман жұрты
үшін адамзаттың мәні бар шығарма ретінде маңызын жойған жоқ. Құран -
біреу жаратпаған, Алланың өзі сияқты мәңгілік өмір сүретін кітап, билік
сөзі.
Құранның 12 сүресінде Жүсіп әңгімесі әңгімелерінің ішіндегі ең
көркемі. Жүсіп Шығыс әдебиетіндегі сұлулық эталоны. Бұл әңгіменің желісі
кезінде Шығыс жұлдыздары Фирдоусидің Иусуф вә Зулайха, Әлидің Қисса-и
Иусуф, Дүрбектің Иусуф вә Зулайха сияқты атақты дастандарына негіз
болды.
Құран - әлем халықтарының әдебиетінде тақырыптық-идеялық, сюжеттік
желілеріне арқау, негіз болған қасиетті кітап. Құрандағы Мұхаммедке дейінгі
пайғамбарлар (Нұх, Ибраһим, Иусуф, Мұса, Иса т.б.) туралы хикаяттардың
Шығыс әдебиеттерінде дастан жанры болып тұрақты жырланып қалыптасқан.
Шығыстың классикалық әдебиетінің өкілдері де әуелі осы Құран кітабының
мазмұнына қанық болып, оны жете меңгеріп, өзінің ақындығының тірегі ретінде
сезінген. [9. 70]
Ал, ғалым А.Қыраубайқызы: Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбардан бір
қызық қисса (әңгіме, баяндау) айтып беруді сұрағанда, ол өсиет-өнегеге
толы әдемі бір әңгіме айтты дейді. Пайғамбардың бұл әңгімесі Қисса
Жүсіп болатын. Түрік әдебиетіндегі қисса жанрының басы – Қисса Жүсіптен
басталатынын осы аңыздан іздегеніміз жөн сияқты. Жалпы нәзира жанрын
қисса деп атау да осыған байланысты шықса керек дей келіп, Қисса-
дастандар атты арнаулы еңбек жазып, онда қазақ сөз өнеріндегі халықтық
орны бағаланып келген осы жанрдағы шығармаларды мынандай жүйелер бойынша
қарастырады: Мың бір түн, Тотынама желісіне жазылған қисса-дастандар;
Діни сюжеттер желісіне жазылған қисса-дастандар; Әлидің Қисса Жүсібі
(XIII ғ.) және Ж.Шайхсламұлының Жүсіп-Злиха (XX ғ. басы) нұсқасы;
Шахнама желісіне жазылған қисса-дастандар осылай талдай отырып, оның
әдеби шығармашылық табиғатына баға береді: Қисса-дастанның түр-төркіні көп
жағдайда жазба әдебиеттен келген және оның қазақша нұсқаларын шығарушылар
жазба ақындар, олар жинаушы ғана емес, сол сюжетті жазып шығарушылар екенін
ескермеуге болмайды. [28. 123]
Ө.Күмісбаев әлем әдебиеттеріне біраз тараған осы жанрдың ерекшелігін
айта келіп, халықтарға (тәжік, өзбек, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр, грузин)
таралу жағдайын сипаттайды.
Ал, қиса-дастандар жанрлық мазмұнына әдебиеттің де фольклордың да
ерекшеліктері өзара араласа, кірсе тұтасып кеткендігін байқаймыз.
Зертеушілер А.Қыраубаеваның, А. Квятовскийдің пікірлері де осы ерешелікті
көрсетеді. Мысалы А. Квятовский өзінің Поэзиалық сөздік атты еңбегінде
де жанрдың ерекшелігін, қалыптасу, таралу кеңстігін нақтылап көрсетеді:
Қисса - әңгімелесу, оның оның аңыз түрінде келетін шым-шытырық оқиғаға
құралған ғашықтық, тарихи-қаһармандық сипаттағы әдебиеттің және
фолькорлықдың жанры. Бұл жанр Таяу және Орта Шығыста, Орта Азияда кең
жайылған. [29. 137]
Ал, Н.Келімбетов: Қисса, хикая, дастан деген
ұғым-терминдердің түптөркіні бір-біріне жақын. Бұлар
өзара мағыналас, мазмұндас, астарлас сөздер дей келе, оларға жеке –жеке
тоқталып өтеді: Қисса-араб тіліндегі ертегі, әңгіме, мысал деген мағына
береді. Қисса сөзін – хикая немесе хикаят деп атай береді. Қазақ
әдебиеттану ғылымында Шығыс поэзиясы сюжетті негізінде жазылған
дастандарды, жырмен баяндалған ертегі хикаяларды Қисса деп атайды. Әйтсе
де қисса сөзінің мағынасын терең, әрі ауқымды болып келеді. Түркі тілдес
халықтардың әрқайсысы Қисса сөзіне әр түрлі қосымша мағына беріп те айта
береді.
Дастан термині-парсы тілінде ертегі, батырлық жыры, тарихи әңгіме
деген мағынаны білдіреді. Дастан –эпикалық жанр.[20.211]
Түркі әдебиетіндегі осы Қиссажанрының дамуы тікелей дамуы нәзира
дәстүрімен байланысты болды.
Шығыс әдебиеттеріндегі қалыптасқан классикалық дәстүрлер бойынша кең
таралған кейбір сюжеттерді әр бір елдегі ақындардың өзіндік авторлық
шешімімен көркемдік нұскасымен жырлайтындығы әдебиеттану ғылымының
қазіргі ұстанып жүрген қағидасына сәйкес шығыстанушы Ө.Күмісбаев: бұл-
Нәзира (араб Нәзират –жазып, ұқсату мағысында) -мұсылмандық Шығыс
поэзиясында орта ғасырда қалыптасқан әдеби үрдіс. Белгілі бір ақының өзіне
дейінгі классикалық шығармаға жауап қатуы түрінде, өнер сынасу, өлең
жарыстыру мақсатында пайда болған.[24.147]
Енді Шығыстың класcикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихы
жайына тоқтала кетсек, Шығыс поэзиясыда барша оқырман қауымға бұрыннан
мәлім болған белгілі болған бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Пәндер