Суфизмнің діни философиясы



ЖОСПАР
І Кіріспе
1. Суфизм . түсінігі мен қысқаша тарихы.

ІІ Негізгі бөлімі
1. Суфизмнің діни философиясы
2. Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі
3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық

ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті

Реферат

Тақырыбы:Суфизм немесе сопылық

Орындаған: Бижанов Асылжан

Тексерген: Дәрібай Мұратбек

Астана 2012

ЖОСПАР

І Кіріспе

1. Суфизм – түсінігі мен қысқаша тарихы.

ІІ Негізгі бөлімі

1. Суфизмнің діни философиясы

2. Қожа Ахмет Иассауидің діни ілімі

3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы сопылық

ІІІ Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Суфизм немесе сопылық – бұл этикалық және діндар адамның
өміріндегі моральдық нормалар, оның жан дүниесінің түрліше күйлерінің
көрінісі болып табылатын исламдағы мистикалық – аскеттік бағыт.
Ағым ретінде, - деп жазады Рукайя Мақсұд, - суфизм исламда тамыр жайған
пайдасыз доктринаға жауап түрінде пайда болды. Алайда ол қашанда
Пайғамбарға ұқсап, өздерін өмірлік құлшылық етуге жәнеТәңірге жақын болуға
арнаған мұсылмандардың діни өмірінде негізгі рөл атқарды. Көптеген сопы
емес мұсылмандар бұл қозғалысқа күдікпен қарағанмен, оны исламнан
бөлектеуге болмайды, өйткені оның негізінде шынайы мойынсұнушылық пен
тағзым ету арқасында жүректің оянуы жатыр.
Кейбір мұсылмандар суфизмді исламның аса маңызды аспектісі санайды, ал ол
кезде діни өмірдің эмоционалдық және ішкі түйсік жақтарына (әртүрлі өзін –
өзі азаптау, өзін – өзі кінәлау әрекеттеріне толы) сенбейтіндер оны
(суфизмді) қосымша, жанама құбылысқа жатқызады. Барлығы да қай
мұсылманның қандай тұлғалық түрге жататынына байланысты. Сопылықтың
құндылығын ұққан және түйсінгендер оны исламның жүрегі немесе жаны десе, ал
өздерінің сенімін мойынсұнушылық пен исламның барлық салттарын жүйелі
орындауғы негіздеген және қандай да бір жаңашылдықтан (бида) үркетін
мұсылман оған күдікпен қарайды. Суфи (сопы)
сөзінің шығу тегі ғылыми дереккөздерде әртүрлі түсіндіріледі: біреулер ол
жүн дегенді білдіреді дейді, өйткені дәруіш сопылар жүн матадан тігілген
немесе жүннен тоқылған киімдер киіп жүретін болған, ал оның өзі сопылықтың
айрықша белгісі саналатын. Екіншелері, гректің sophia – даналық
мағынасындағы сөзімен ұқсастырса, үшіншілері суфи сөзі арабтың тазалық
деген мағына беретін сафа сөзінен немесе сафва - таңдаулы болу деген
етістігінен шыққан деп есептейді. Сопылықтың саф, яғни таза, мінсіз деген
сөзден шығуы да мүмкін. Қалай дегенде, сопы немесе тауасуф сөзі термин
ретінде Құран мен хадисте кездеспейді. Дегенмен, хазіреті Пайғамбардың
өмірі тəуекелмен, тақуалықпен, түні бойы көз жасын төгіп, Жаратқанға
жалбарынумен, қанағатпен жəне сабырмен өткені белгілі. Міне, осындай
Пайғамбар өмірін өздеріне өнеге етіп алған алғашқы тақуа сахабалар да
пəнидің өткінші қызығынан бас тартып, өз өмірлерін мəңгілік мұрат жолында
сарп қылды. Сондықтан, сопылық жолы өзге ислам ілімдері сияқты
мұсылмандықтың қайнар көздері Құран мен хадистен бастау алды деуге толық
негіз бар. Өйткені, бүкіл сопылық тариқаттардың силсала-шежіресі хазіреті
Əбубəкір (р.а.) мен хазіреті Əли (р.а.) арқылы хазіреті пайғамбарымызға (с.
ғ. у.) барып тіреледі. Оның үстіне сопылық зуһд, тəуба, тəуекел, уара,
тақуа, тəсілім, тəсбих, шүкір, мухаббатуллаһ, ихлас жəне зікір сияқты
Құранда айтылатын ұғымдармен тығыз байланысты. Ислам дініндегі бұл бағыттың
атауының шығу тегі ғана жұмбақ болып отырған жоқ, суфизмнің мәнінің өзі
мыңдаған жылдар бойы адам баласынынң барлығы үшін де құпиялардың құпиясы
болып келеді. Кейбіреулер айтып жүргендей, сопылық ілімі исламға жат
құбылыс емес. Сопылық, яғни тауасуф ілімі ежелгі үнді, грек немесе парсылық
сенімдердің əсерінен туған немесе сырттан келген дүние емес, ол исламның
қайнар бұлағынан туындаған рухани құндылық. Сондықтан, сопылық сөзі гректің
софос сөзінен емес, арабтың суф деген сөзінен шыққандығы белгілі. Уақыт
өте келе сопылық дүниеқұмарлыққа, құлқынның қалауына ерік бермей, нəпсіні
тежеу; фəни дүниенің рахатын тəрк ету; харам мен күдікті нəрселерге, тіпті
дінде рұқсат етілген мубах жəне халал нəрселерге де аса сақтықпен қарап,
тақуа өмір кешу деген сияқты ұғымға айналып кетті. Кейбір тасаууф
кітаптарында сопы, дəлірек айтқанда суфи сөзінің асхаб суффа, яғни
суффа сахабалары деген сөзінен шыққаны жайлы да айтылады. Бұл жерде
қолданылып отырған суффа сөзі араб тілінде көлеңкелік деген мағына
береді. Бұл сөздің шығу төркініне тоқталсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа
(с.ғ.у.) Мəдина шаһарында салдырған мешіттің бір бұрышына құрма ағаштарынан
көлеңкелік баспана жасатқан еді, міне, сол жерде тұрғандар кейінірек
асхабы суффа деп аталып кетті. Суффа сахабалары отбасылары мен дүние-
мүліктері жоқ баспанасыз һəм кедей сахабалар болатын. Суффада күнелтіп,
пенделік əрекеттерден бойларын аулақ ұстап, күйбең тірлікке көңіл аудармай,
бар өмірлерін ғибадат жасауға жəне Құран үйреніп, Пайғамбарымыздан (с.ғ.у.)
тəлім алуға арнаған олар дін негіздерінің кейінгі ұрпақтарға дұрыс
жеткізілуіне өздерінің өлшеусіз үлестерін қосты. Сондықтан, біздің
ойымызша, сопы сөзін суффа сахабаларына байланыстырып қарау да мағыналық
жағынан дұрыс болып табылады. Суфизм,
көптеген зерттеушілердің пікірлерінше, VIII ғасырдан бастау алады, алайда
оның қайнар көзі болған аскеттік ниеттер исламмен бір мезгілде пайда болған
– ды. VIII ғасырда және ХІ ғасырдың басында олар аскеттік – мистикалық ағым
болып қалыптасты. Оның әлеуметтік негізін хадистерді жинаушылардан
шыққандар, ел кезіп жүретін жыршылар мен уағызшылар. Құран оқитындар,
діндар қолөнершілер және саудагерлер, сонымен қатар христиан жұртышылығының
исламды қабылдаған бөлігі құрайды. Суфизмнің пайда болуы жайлы басқа да
көптеген көзқарастар бар. Соның бірі Роберт Грейвс қазіргі заманғы сопы
Идрис Шахтың Суфизм деген іргелі еңбегіне кіріспесінде:
Сопылар шығу тегі ешқашан анықталмаған және жылы, айы –
күні белгіленбеген ертедегі рухани бауырластық болып табылады. Олардың
өздерінің ойлау қабілеттерінің, ойлау салттарының көрінуіне жасалған
сілтемелерді қанағат тұтып, мұндай зерттеулерге үлкен қызығушылық білдіре
қоймайды, - деп жазды.
Суфизм көпқырлы діни ағым. Суфизмнің ғаламат құпиясы да, біздің ойымызша,
оның осы көпқырлылығында жатыр, өйткені Шындық бағына әркім өз жолымен
барады, ал оны табу оңай шаруа емес. Маңызды нәрсе мынау: сопылықтың
қасиеттілеріне жанасқанда ол, пайда бола бастаған ең ерте шақтарда – ақ
ежелгі данышпандар бұл ілімнің мақсаты – елдер мен халықтардың саяси
өміріне араласатын жаппай ұйымдарды құру емес, адамды адамгершілік
тұрғысынан жетілдіру деп санағанын қашан да есте ұстау қажет. Ілімнің дәл
осы саяси ұсынылмайтындығы зияткер исламдық Жаңғырудың ірі зиялылары –
ғалымдар мен ақындар үшін тартымды болды. Оларды сонымен қатар бұл ілімнің
Құдайға жеткізетін кез - келген, бірақ тек шынайы Жолды құптайтын терең
төзімділің тартқан. Сахаба жəне табиəин кезеңінде Құран ілімі, хадис ілімі
жəне фикһ ілімі сиқты ислам дінінің негіздері жинақталып, жүйеленіп
жатқанда, исламның ішкі, рухани мазмұнына тереңірек үңілген тақуалар да
Құран мен хадиске жəне пайғамбар сүннетіне сүйене отырып, тасаууф ілімнің
негізін қалаған еді. Иман тақырыбына терең бойлап, амалдың тұңғиығына
сүңгіген алғашқы сопылар жаратылыстың таңғажайып сырлары мен Құранның ішкі
мəнін жəне адамның болмысын ұғынуға талпыныс жасады. Осылайша, жүрек пен
көңілге негізделген исламның рухани өмірі кемелдене түсті. Қасаңдыққа бой
алдырмай, шынайы ықыласпен жасалған бұл талпыныс кезінде сопылар Құран мен
тəпсірге, хадис пен сүннетке жəне шариғаттың қағидаларына сүйеніп отырды.
Сондықтан, сопылық жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Жүнейд Бағдади былай
дейді: Сопылық ілімі Құран мен сүннеттен бастау алады. Сондықтан, сопылық
жолда Құран мен хадис білмейтін кісіні пір тұтуға болмайды.

Негізгі бөлім. Суфизмнің діни философиясы

Ислам дінінің көптеген елдерге тарауының арқасында сопылық
мистика тарап, дамып отырды. Суфистік мистика басқа діни ғибадаттан
айрықша, оның сыртқы формасы діни болып келгенімен, оның негізінде айқын
және айрықша, өздерінің функциялық қызметтері бар. Суфистер әдеттегі діни
әдет – ғұрыптардан шығып тәжірибеге, объективті ортаға байланысты
ғибадаттық жұмыстар атқарады. Олардың көбі діни – психологияға үлкен көңіл
бөледі, сол себепте олардың көбі экстазтиқалық қабілетке түсіп, әр түрлі
символикалық әдістерді қолданады, сол жолда өзіндік әлемге түсіп, қайта
оралады. Ондай халде адам өзіндік естен кетіп, әрбір заттарға ортақ
ақиқаттығын танып, адамзаттың негізгі мақсатын біліп суфизм ілімінің басқа
ілімдерге қарағанда айрықшалығын ажыратады. Теологтардың пайымдауынша,
сопылық - не нәрсені де әділдік, ұят және сұлулық өлшемімен
бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық,
Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық – этикалық, эзотерикалық қырлары
көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің
кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс, Құран-хадисті ең жоғары
дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім - тасаууф. Ол тәңіртануды,
адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани,
ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған.
Суфизм ұсынған концепция гуманистік идеялармен белгіленіп, ой бостандығын
және де осы ой иесі адамды, оның адамгершілік қасиеттерін паш етіп, рухани
әлемді дәріптейді. Сопылар
əуелгіде, яғни табиəин кезеңінде өздерін заһидтер, яғни зуһд жолын
ұстанушылар деп атаған. Ал, сопылық ілімнің бастапқы əрі негізгі
ұғымдарының бірі зуһд – Алла Тағаладан басқа барлық нəрседен (ма сиуа Алла)
бас тарту болып табылады. Сонымен бірге зуһд дүниені түгелдей керексіз
қылып, тəрк ету емес, ол Хақ Тағаланың үйі – жүректі таза ұстау, Алла
ырзалығын басты нысана етіп алып, сол үшін өмір сүру. Басқаша айтқанда,
тасаууф ілімі – дүниені қолдан шығарып, тəрк ету емес, жүрекке дүние
сүйіспеншілігін орнықтырмау. Өйткені, тауасуф ілімінде жүрек –иманның
тұрағы, ұлы Жаратушыға деген сүйіспеншіліктің мекені болып табылады.
Өйткені, адамның өзегі, дəні, дененің патшасы болып табылатын жүрек немесе
көкірек көзі иманмен оянып, мағрифатпен қанаттанып, махаббатпен шабыттанып,
шегара танымай, заттың ішкі мəніне бойлай алады, тылсымды түсініп, ғайыпқа
құлаш ұрады. Зуһд, сонымен қатар Алла Тағаланың берген сыйы мен нығметіне
шүкірлік ету, қысылып тарыққан шақта азға қанағат қылып, сабырлы болу.
Мақам, мансап, атақ, дəрежеге көңіл аудармай, одан аулақ болу да зуһд болып
табылады. Мақтағанға малданбау, даттағанға шамданбау, ашуланып, қорланбау
да сопылықтың уағызы.

Сопылық ілімнің негізгі қағидаларының бірі зікір салу болып табылады.
Тауасуф ілімінде зікір – Алла Тағаланы еске алу, Оны ұмытпай, үнемі ойлау,
Одан ғафыл қалмау деген ұғым білдіреді. Зікірдің үлкені – Құран оқу.
Сондықтан болар, Құранның бір аты – Зікір. Намаз да зікірдің бір түрі болып
табылады. Сонымен бірге намаздың белгілі уақыты болғанымен, зікір уақыт пен
мекен талғамайды. Өйткені, Құран Кəрімде тақуалар туралы: “Олар Алланы
тұрып, отырып, тіпті жамбастап жатып та зікір етеді, яғни еске алады” деп
айтылады. Сондықтан, зікір – таңғажайып тылсым дүниенің көркем
көріністеріне көз жіберіп, көңілге тоқу арқылы Алла Тағаланың əсем аттары
мен сипаттарының сəулесін оқи білу; Алланы əрдайым еске ала отырып, Оның
əмірлерін терең түсіну жəне ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезім мен
Оған құлай беріліп, сүю.

Сопылардың Аллаһ тағалаға жақындаудың негізгі сатыларын алып қарастырайық:

Шариғат – мұсылмандық заңдылықтарды барлық ұсақ – түйектерімен қоса
бұлжытпай орындау. Шариғат (жибарут мақам - жол) – ұлықтық ғалам. Кәлима
кілті: Лә - иллаһа ил- лаһу Мухаммадун расулиллаһ.

Ұстанатын тәртіп заңы:

1. Иман келтірмектік.
2. Намаз оқу. 3. Ораза
ұстау. 4. Зекет беру.
5. Қажылық.
6. Мәдениеттілік, сыпайы қарым
– қатынас жасау, сөйлесу. 7. Білім үйрену.
8. Пайғамбарымыздың сүннеттерін мүлтіксіз
орындау. 9. Жамағатқа дін ислам жөнінде насихат айту
(Әмір Мағруп). 10. Жаман іс - әрекеттен бойды аулақ ұстау.

Тариқат – басқаша айтқанда, сопылық жолына (тарик) түсу, (Шындықты
мистикалық тану жолы). Тариқат (малакут мақам - жолы) – періштелер ғаламы
және оның кәлима кілті.

Ұстанатын тәртіп заңы:

1. Тәубеге келу.
2. Пірге қол беру – мүрит болу. 3.
Қауіп пен ража, яғни Жаратушы Иенің рақымынан үміттеніп, жазасынан қорқу.
4. Тәннің ұятты
жерлерін жабу. 5. Шауһат ләззатынан
тиылу. 6. Тамақ - нәпсіден тиылу.
7. Пір қызметінде болмақтық.
8. Насихат – уағыз тыңдау.
9. Әрбір нәрсенің ара – жігін ажырата білуді
үйрену. 10. Оңашалықта, жалғыздықта болу.

Мағрифат (лакут мақам - жолы) – Аллаһ Тағала ғаламы. Мұнда дін, білім,
ғылым жолдарының амалдарын жүзеге асыра отырып, Аллаһты тануды мұрат
тұтады. Мағрифат – яғни пендауи өмірден безіп, дәруіш бола жүріп адам өзін
– өзі жетілдіру арқылы Құдайды танып – білу.

Ұстанатын тәртіп – заңы:

1. Пәнилік болу, яғни өлмей тұрып өлмектік. 2.
Дәруіштік салтты қабыл-дап, мойындау. 3. Әрбір
қиындыққа шыдам-дылық таныту. 4. Адалдық жолымен, таза
талаптанбақтық. 5. Терең білім алу.
6. Шариғат және тарихат жолымен бірдей амал
жасау. 7. Дүние, мал – мүліктен қол үзіп, көңіл суыту,
баз кешу. 8. Ақыреттің барлығын мойындау.
9. Болмыс тылсымы туралы мақам – жолды игеру. 10.
Ақиқат сырларын игеру.

Ақиқат (Насут мақам - жолы) – адамдар өмір сүретін ғалам. Бұл жол – сопылық
ілімнің шыңы. Шариғат, тарихат, мағрифат жолдарының амалдарын жүзеге асыра
отырып, Алланың барлығын және бірлігін тану – оның басты мақсаты. Ақиқат -
яғни Ақиқат, жердегінің бәрі сөніп, адам Аллаһпен бірігіп кеткендей,
Аллаһқа сіңіп кеткен (фана фи - алла).

Ұсынатын тәртіп – заңы:

1. Аллаһ жолын ажырату.
2. Пақырлыққа көңіл тоқтатып, мойынсұну. 3.
Шариғат пен Тарихат тәртіп – заңын білу. 4.
Мағрифат, Ақиқат тәртіп – заңын білу. 5.
Алланың берген несібесіне қанағат ету. 6.
Адамдардың, әркімнің көңіл сырын жаймау, сыр сақтай білу. 7.
Кісіге азар бермеу, айыпты бетке баспау. 8.
Жақсы, жаманның ара – жігін ажырату, тану. 9. Асқа елден
бұрын қол созбау. 10. Білген,
білдірілгендерді іске асыру.

Ғалымдар сопылық сатысы туралы Сопылықтың төрт сатысы- ның қайсы сол
жолдағы адам- дар үшін міндетті?

Бұл жөнінде Ә.Нысанбаев былай дейді:

Сопылық – адам туралы ілім. Иә, қоғамды жетілдіру үшін алдымен адамның өзі
жетілу қажет деп есептейді сопылар. Кемел нисан, яғни кемел адам қалпына
жетіп, жаратқан Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігуің үшін төрт
сатыдан өтуің қажет. Біріншісі – жұрттың бәріне ортақ шариғат жолы. Яғни
Жаратушының өз сөзі – Құранда айтылатын парызыңды орында, өтірік айтпа,
ұрлық қылма, зәбір жасама, т.б.

Шариғат – әрбір мұсылманға ортақ діни қағидалар. Шариғат талаптарын орындау
әрбір мұсылман адамға, өзін мұсылманмын деп санаған жанға міндет. Шариғат –
болашақ сопыға аса қажетті іс. Себебі, шариғат тәртіптері адамның өз еркін
меңгеруде, тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб-мұсылман философиясы
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Философияның көрнекті өкілінің бірі Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Ортағасырлық суфизм ілімі
Идея Құдайдың ойлары
Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Мұсылман әлемі философиясы
Ислам мәдениеті
Орта ғасырлар философиясы
Пәндер