Жеке тұлғаның қоғамдық мәні



Жоспар

1. Жеке тұлғаның қоғамдық мәні
2. Адамның қажеттері мен мотивтері
3. Бейімділік пен қызығу
4. Дүниетаным туралы түсінік
5. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұраттың маңызы
6. Адамдар арасындағы қарым . қатынас
7. «Топ», «ұжым» ұғымдары
8. Қарым . қатынас мәдениетіне жетудің мәні
9. Тұлға атрибуттары
10. Тұлғаның тұрақты компоненттерінің кешені
Қолданылған әдебиеттер
Тұлға туралы жалпы түсінік.
«Бала туылған кезінде адам емес тек адамдыққа кандидат». А. Пьерон.
Адам – дамудың ең жоғары деңгейін қамтитын мән, тарихи – қоғамдық субъект болып табылады. Адам физикалық және психикалық, генетикалық шартталған және өмір бойы құралған, табиғи және әлеуметтік бұзылмайтын бірлік. Адамның кім екенін анықтағаннан кейін бала туылған кезде олай аталмайтынына қорытынды жасауға болады. Туылған кезде бала индивид, яғни тірі ағзаның көшірмесі болып табылады. Индивид - әлеуметтік маңызды тұрақты жүйе. А. Пьерон өз ойымен адам деген түсінікті одан жоғары шеңберде түсіндіргісі келген болар. Оның ойынша, адам – бұл тұлға, ал бала – бұл индивид.
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі , тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасы үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұта білген, адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имансыз», «көргенсіз» деп жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар – ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез – құлықтың әртүрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасқан. Кісіліктің басты белгілері: ар – ұятты қастертеп сақтау, намыстылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде
сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Қолданылған әдебиеттер

1) Человек и культура: Индивидуальность в истории культуры. М., 1990, с. 164-190
2) Гольбах П. Здравый смысл // П. Гольбах. Письма к Евгении. Здравый смысл. М., 1956. С. 303-305
3) Сеченов И.М. Рефлексы головного мозга // Избранные произведения. Т. 1. М., 1952. С. 122-123.
4) Павлов И.П. Двадцатилетний опыт объективного изучения высшей нервной деятельности (поведения) животных. Сборник статей, докладов, лекций и статей. 7-е изд. М., 1951. С. 9-10.
5) Цит по: Трущенко Е. Социалистический реализм и прогрессивная литература зарубежных стран // Новый мир. 1954. № 10. С. 239. (Было приведено в романе Токунаго Сунао «Тихие горы»)
6) Маркс К. Тезисы о Фейербахе // К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., изд. 2-е. Т. 3. С. 1.
7) Маркс К. Тезисы о Фейербахе // К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Изд. 2-е. Т. 3. С. 3.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Жеке тұлғаның қоғамдық мәні
2. Адамның қажеттері мен мотивтері
3. Бейімділік пен қызығу
4. Дүниетаным туралы түсінік
5. Жеке тұлғаның қалыптасуында сенім мен мұраттың маңызы
6. Адамдар арасындағы қарым – қатынас
7. Топ, ұжым ұғымдары
8. Қарым – қатынас мәдениетіне жетудің мәні
9. Тұлға атрибуттары
10. Тұлғаның тұрақты компоненттерінің кешені
Қолданылған әдебиеттер

Тұлға туралы жалпы түсінік.

Бала туылған кезінде адам емес тек адамдыққа кандидат. А. Пьерон.

Адам – дамудың ең жоғары деңгейін қамтитын мән, тарихи –
қоғамдық субъект болып табылады. Адам физикалық және психикалық,
генетикалық шартталған және өмір бойы құралған, табиғи және әлеуметтік
бұзылмайтын бірлік. Адамның кім екенін анықтағаннан кейін бала туылған
кезде олай аталмайтынына қорытынды жасауға болады. Туылған кезде бала
индивид, яғни тірі ағзаның көшірмесі болып табылады. Индивид - әлеуметтік
маңызды тұрақты жүйе. А. Пьерон өз ойымен адам деген түсінікті одан жоғары
шеңберде түсіндіргісі келген болар. Оның ойынша, адам – бұл тұлға, ал бала
– бұл индивид.
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа
көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен
солын, өзінің менін басқа мендерден, яғни басқа адамдардан ажырата
білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі , тұлға деп айту
қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не
тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір
тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам –
мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті
бірсыдырғы қалыптасы үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз
бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды ғана кісі,
не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен,
топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып
жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер
адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді,
көргенсізі, өнегелі, өнегесізі т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына
дарыта білген пенделерді ғана пір тұта білген, адамгершілігі төмен, не одан
жұрдайларды имансыз, көргенсіз деп жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі
күнәлі деп саналып, ерте ме кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің
басты белгілерінің бірі – ар – ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау.
Қазақта жарлы болсаң да, арлы бол деген сөз осыған орай айтылған. Ар –
ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез – құлықтың әртүрлі жағымды жақтары кісілік
ұғымының төңірегіне топтасқан. Кісіліктің басты белгілері: ар – ұятты
қастертеп сақтау, намыстылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі
үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде
сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап,
орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен
оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың
өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары:
мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім,
мұрат пен талғам.

Тұлғаның қасиеттері

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір
түрткі болады. Бұл түрткіні психолгияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай
болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген
ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән жайын толық
түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі
өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де, мақсатқа жету
үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түркінің өзгеруі іс - әрекеттің
бағыт – бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті
түрткі іс - әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай
болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері,
яғнибір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету
процесінде қалыптасқан. Сырқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі
үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер ( тамақ, баспана,
киім, еңбек құралдары) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған
еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық
қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді
туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің
қанағаттандырылуына
байланысты. Адам қажеттердің дамуы – тарихи дамудың елеулі кезеңдерінің
бірі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын
негізгі түрткілер. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп
солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге
мүмкіндік алады. Өйткені қажет – адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі болыр табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз
қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса,
адамдардың қажеттері – іс - әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның
психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат

Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып,
білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады.
Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып
табылады.
Қызығулар да бейімділіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде
ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге,
тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есі –
дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың
маркасын жақсы айыра алатын болады. Қызығу құбылысының табиғаты өте
күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір
адамның қызығуы кең, жан – жақты болып келеді де, екінші біреудікі
керісінше тар болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде
басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу
әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты,
мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері
Жеке тұлға және мәдениет
Тұқым қуалаушылықпен ортаның жеке адамды қалыптастырудағы орны, рөлі
Адам өмірінің мәні жайлы
Тұлға әлеуметтенуінің механизмі
Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті
Баланың тәрбиесі мен қалыптасуын сипаттау
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Пәндер