Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы



Жоспар
Кiрiспе

I Тарау. Балалар мен жастар хабары
II Тарау. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау
психологиясы Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері
III Тарау. Ересек адамдар психологиясы және телебағдарламалар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе

I Тарау. Балалар мен жастар хабары

II Тарау. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау
психологиясы
Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері
III Тарау. Ересек адамдар психологиясы және телебағдарламалар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Бүгінде жаһандану үрдісі қоғамға жаңа леп әкелді. Бұл жаңашылдық
қай салаға болмасын әсерін тигізіп, даму процесіне де елеулі өзгерістер
енгізді. Бұрын төрт қабырғада қамалып отырған жұртшылық ақпарат ағымына тап
болғандай. Бүгінгі заң журналитикасы, әсіресе теле журналитика аз уақыт
ішінде түрленіп, бағыт-бағдарын да өзгертті. Кеңістік жүйе кезінде
бұқаралық ақпарат құралдары үкіметтің саясат жүргізетін құрал болса, қазір
ол бұқара санасын билейтін үлкен күшке айналып отыр. Телевиязияның адам
психикасына әсерін батыста кеңінен пайдалануда. Шет елдің арзанқол, жабайы
мәдениетін насихаттайтын хабарларын қарап, олардың талғамының биіктігінең
кейде қайран қаламыз.
Ал шындығына келсек, адам психикасын шаршатып, болмашы нәрсеге
эмоциямызды көл етіп батыстың таусылмас сериалдары, шытырман оқиғалы
фильмдері (айта кетерлігі, сол фильмдердің бас кейіпкерлері американдықтар,
сол елдің серілері де, ал жеккөрінішті, сұмырайлары не орыстар немесе
азиаттар болып келеді) түптеп келгенде еріккеннің ермегі емес. Мұның
астарында да үлкен саясаттың иісі аңқиды. Мысалы, жұмыстан қажып, шаршап
келген адам сондай телеөнімдерді көріп, жүйкесін тоздырып, моральдық
жағынан қажиды. Ондай адамдардың бар проблемасы мен бар қуаныш-қайғысы
сол фильмдердің кейіпкерлерінің өмірі. Ал саясатқа, қоғамдық өмірге
араласуға оның қажыры да қайраты да жоқ. Бұдан шығатыны батыстың жабайы
мәдениетінің, тобырларға арналған телевизиялық өнімдердің артында қоғам
санасын мәңгүрттеу саясаты жатыр. 90-шы жылдары біздің еліміз сондай
телебатпаққаң бөлшесінен батқан еді. Сол кездегі бағдарламалар тізіміне
көз салмаңыз, Қазақстанның телеарналар торы тек көтеру мен шетелдік
фильмдерден ғана тұрған болатын. Ал ағартушы-танымдылық мінездегі
бағдарламала тіптен жоғалып кеткен болатын. Бүгінде отандық телеарналарда
әр түрлі сипаттағы теле өнімдер саны артқан. Бірақ, олардың мазмұны, сапасы
бүгінгі қоғам құндылығына сай ма? Адам психологиясына, қоғам санасына әсері
қандай? Менің магистрлік диссертациямның тақырыбын қазіргі заманға
тележурналитиканың психологиялық аспектілерің деп алуыма түрткі болған осы
мәселе еді.
TNS Gallup Medіa Asіaң тәуелсіз зерттеу компаниясының мәліметтеріне
жүгінсек, прайт-тайм мезгіліндегі 2003 жылғы телеарналар рейтингісі мынадай
болмақ:
2003 (қаңтар-сәуір телеарналардың көрермен жинау % 2001, 2002-ші
жылғы таблицамен салыстырғанда бірінші орынды жылда 1 Еуразия-Қазақстан
арнасы еншілейді. Ал КТК арнасы 2001 жылы 8,67% -ті көрсетіп, 5-ші орыннан
17%-ды көрсетіп 2-ші орынға жылжыған. Бұл кестеден байқағанымыз өзіміздің
ұлттық сипаттағы арналардың бағдарламаларына сұраныстың аз болуы. Оған
біріншіден мына фактор әсер етеді. Қазақ тілді бағдарламалар қанша деңгейі,
сапасы жоғары болғанмен аудиториясы аз. Еліміздегі парламент, сенатта
отырған халық қаоаулыларыныңң өзі қазақ тіліне үрке қарайтын болса,
қалғандарына не демекпіз? Ал, екіншіден технологиялық жағынан мешелдеу
болып келеді. Бұл туралы технологияның Қазақстандағы санаулы мамандарының
бірі Сұлтан Ыбырай журналистң газетіне берген сұхбатында былай дейді:
Қазақстандағы көп телекомпаниялар қолдағы техниканы толық игере алмай
келеді. Технология жылдан-жылға күрделеніп келеді. Оны сауатты басқаратын
арнай дайындықтан өткен мамандар жоқтың қасы. Бүгінгі технология
мүмкіндіктерін теле-жаңалықтарда таратқанда, сонтаж жасағанда, кадрды
байытуға және эстетикалық құндылығын арттыруға кеңінен қолдануға болады.
Біздің елде әлі күнге дейін журналитер монтажды оператордың көмегімен
жасайды. Әр монтаж бөлмесінде бір-бір оператор отырады. Бұл дұрыс емес,
ертең ол алыс сапарға кетіп, шетелдерден хабар жіберуі тиіс болса,
жылжымалы монтаж аппаратымен қалай жұмыс істейді? Кадрдағы әрбір бейненің
өзіндік эмоциональді, мазмұнды жүгі бар. Дамыған елдерде журналитке деген
талап мүлдем басқа. Олар әрі жазады, әрі оператордың міндетін өздері
атқарадың. (Сұлтан Ыбырай: Телетехниканың дәуірі туып келедің).
Журналистң газеті, № 8, шілде, 2003 ж).
Біздің тележурналистердің кемшілігі де осында. Кейде олардың айтқан
сөздері мен берген бейнелері мүлдем қарама-қайшы болып жатады. Жаңалықтар
топтамасы болсын, бағдарлама болсын журналистер сюжеттеріне ыстық
фактілерң әсерін бергісі келіп, сорақы жағдайларды жинайды.
Мысалы, соңғы кезде сенат немесе мәжіліс отырысратын конференциялар
туралы айта келе ұйықтап немесе көңілі басқа жаққа ауып отырған адамадырды
көрсету дәстүргең айналып кетті. Әрине, әрқашан тілшілер мұндай сынды
аузымен айтуға батылы бара бермей, сипақтап жақсы жағын айтқан сиды. Ал
бейнекадрлардағы кереғарлықты көріп отырған көрермен ойы мүлдем басқаға
ауады. Осыдан соң журналист сөзіне қайдан сенім тусын?!
Тележурналистиканың газет, радио айырмашылығы мен қуаттылығы да
осында. Телевиязияның адам санасына, психикасына әсері күшті. Өкінішке орай
бұл факторды есінде ұстамайды. Жалпы, бүгінгі таңда телебағдарламаға сын
азайған. Журналистер демократия мен этиканың шекарасын солғындатып,
біржақты болып кеткен сыңайлы.
Біздің телеарналар соңғы кезде жаңалықтардың өзін объективті емес,
саясаттандырып жіберген. Әрине, әр телеарна, ақпарат құралдарының ар
жағында бір алпауыттың тұратыны қазіргі уақытта заңдалыққа айналып кеткен.
Бірақ, сонда да журналист ақша мен мансаптың құлы емес, көрерменге қызмет
ететінін есте ұстауы шарт. Тек Қазақстан емес, жалпы әлемде суыт
хабарларды, лаңкестік пен қылмыс хроникасын беруге құштарлық белең алуды.
Кадрда қантөгіс пен соғыс-жанжалдарды көрсету әдетке айналған. Мұны көріп,
үндемей кеткен. Әрине, теледидар тек жамандық хабаршысы деуден аулақпыз.
Бірақ, журналистика төртінші билік, қоғам санасын тәрбиелеуші десек,
бүгінгі қоғам, әсіресе жастардың ой-санасына, бағдарына қарап мұндай пікір
қалыптасырмасқа шара жоқ.

Жалпы, бүгінгі қазақ журналитикасы қандай десек, ең алдымен ұлттық
арналарға көз саламыз.

Жиырма бірінші ғасырға иен қазақ даласы зор жетістіктермен, жаңа
бастамалармен еніп отырғандығы анық. Егемендік алған еліміздің ақпарат
әлемі бүгінгі таңда өзінің аудиториясын бағдарламаларының тартымдылығы, сан
алуандағы, сапалылығы мен шеберлігімен тәнті етуде.

Белгілі журналист Құдайберген Тұрсын “Қазақ теледидары қай деңгейде?” атты
мақаласында былай дейді: “Қазақ теледидары қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі
ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ. Жүрдек уақыттың уысынан
шыға алмай, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның
қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де
болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер
таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен
ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан
жазғандай, “ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды”.
Шын мәнінде солай.

Расында да әр нәрсеге екі жақты баға береміз. Себебі, дүниенің тұтқасы
тепе-теңдікте болса керек. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақстан
теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемендік елестен
шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге де елдердің
телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әрі
жас буын әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы
өзгермелік ахуалдың құбылмалылығы да қазақ телесахнасының эстетикалық
құндылықтардан ажырай бастауына, есесіне жеңіл-желпі үрдістік танымға
бейімделуімізге негіз болды десек, әсте артық айтқандығымыз болмас. Дәстүр
мен жаңашылдық кең мағынасында – философиялық ұғым. Барлық даму атаулының
негізі. Әлемдегі бар нәрсе уақытқа, ортаға, кезеңге сай түрлене, жаңарып
өзгеріп отырады. Ол кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасында
тамырласа, іштей өзектесе байланысып, жаңашылдықпен түрлене дамиды. Демек,
әр бағдарлама дүниеге келген кезде өзінің заманының тынысына сай негізделіп
шығады. “Қазақстан” телеарнасындағы бағдарламалар легі ұлттық нақышқа
негізделіп, ұлттық идеологияның оңтайлы қалыптасуына септігін тигізіп
жатқаны бесенеден белгілі. Әрине, жеміс бірден болмасы анық аксиома. Дей
тұрсақ та, әр нәрсенің тәй-тәй басып буыны қатқанда жетістік болатынын
ескергеніміз абзал. Соңғы жылдары серпін алған “Қазақстан” телеарнасындағы
бағдарламалардың мазмұны тағылымды болып көрерменнің жүрегіне жол табуда.
Бірақ, бір айтатыны біз бағдарламалардың мазмұны мен формасын бірінші
орынға қойып, ал сол бағдарламалардың көрерменге психологиялық әсерін
елемей келеміз.

I ТАРАУ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ХАБАРЫ

Өскелең ұрпақ үшін радио — жан-жақты азамат болып қалыптасу
университеті, адам баласының ең асыл қасиеттерін тарату мектебі. Радионың
басқа ақпарат құралдарынан негізгі айырмашылығы да, пәрменділігі де балалар
мен жастарға әр түрлі дыбыс арқылы әсер ететіндігінде болса керек. Олардың
дыбыс құдіреті арқылы түрліше көңіл-күйге түсіп: қуануы мен ренжуіне,
ойлануы мен толғануына, ең бастысы, жаңалық тындауына мүмкіндігі мол.
Ондай мүмкіндікті қазір жас шамалары әркелкі балаларымыз пайдалана
алады. Мысалы, Бүкілодақтық радионын, балалар мен жасөспірімдерге арналған
хабарлар бас редакциясының Бас редакторы қызметін атқарған А.Меньшикова ол
тұрғысында былай дейді: Бүкілодақтық радионың программасында әлі жаза,
сыза білмейтін сәбилерден бастап, орта мектепті аяқтап, өмірге қадам
басқалы отырған жасөспірім қыздар мен жігіттерге де арналған хабарлар бар.
Дәл осындай хабарлар Қазақ радиосынан да беріледі.
Дыбыс ерекшелігін жас балалар жақсы ұғынып, тез қабылдайды. Олар бір-
біріне қайсыбір оқиғаны, ойды жеткізу үшін екеуара диалогтан гөрі, әр түрлі
дыбыстарға көбірек сүйенеді ғой. Ондағы дыбыстар олардың сол құбылыс жайлы
түсініктерімен ұштасып жатады. Осыдан-ақ дыбыстардың балалар жан дүниесіне
ерекше әсері бар екенін аңғару қиын емес. Сондықтан балалар хабарында әр
түрлі дыбыс сөйлем, музыкалық үн бір-бірімен жымдасып тұрса, мазмұны мен
тартымдылығы үйлесіп кетсе, ол жақсы тындалады.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: Балалық шақ— күн сайын айналада болып
жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жанаша қабылдау. Туған жерді,
Отанды тану осы кабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам
жанының сұлулығы мен дүниеде ешбір асыл затқа тендесі жоқ Ұлы Отан ұғымын
қалыптастыру осы кезден басталады - деген еді. Яғни жас ұрпақты өнегелі
тәрбиелеп өсіру ісі Отан, ел мүддесімен берік қабысып жатуға тиіс. Ұлы
тәрбиеші, тамаша педагог Біздің балаларымыз - еліміздің және әлем
азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз —
болашақ аналар мен әкелер, олар да өздерінін балаларын тәрбиелейтін болады.
Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда әңгіме мұнымен
бітпейді, балаларымыз - бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие - бұл
біздін бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие - бұл біздің болашақ қайғымыз, көз
жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінәміз болып табылады
деген еді. Осы орайда радиохабарлары өзінің ең басты міндетінің бірі -
балаларға жас кезінен қоғам, семья алдындағы өз борышын сезінуді,
еңбексүйгіштік қасиетті бойына сініруді үйрету, жақсылықка, сұлулыкка баулу
деп біледі. Оны Қазақ радиосы өзінің алғашқы хабарларынан бермен қарай
мақсат тұтып келгенін білеміз.
Республикалық радионың балаларға арналған алғашқы хабарларының мәтінін
мұрағат қорларынан кездестіру қиын. Бірақ оның қай кезден бастап
берілгендігі туралы мағлұмат берерлік деректер бар.
Бүкілодақтық радио Таң шапағы радиогазетін 1934-жылдын 1-қазанында
эфирге шығарса, ал Қазақ радиосы бойынша балаларға арналған хабар 1931-
жылдың 15-қарашасынан бастап берілді, - деп жазды
Р. Сағымбеков өзінін Алматыдан сөйлеп тұрмыз деген кітабында. Бірақ осы
кітаптың тағы бір жерінде бұған қайшы пікір бар. Оның Түңғыштар сөйлейді
деген тарауында жазушы Айтпай Хангелдин: 1930-жылдардың бас кезінде
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті жанындағы Өлкелік радио-комитеті Карл
Маркс көшесіндегі бір кездегі музей болған үйге көшіп келді. Бұл кезде мен
осы комитеттін председателі едім... 1932-жылы радио арқылы берілетін
хабарлардын көбі қазақ тілінде жүргізілуі керек деген нұсқау болды. Келесі
жылы (1933-жылы - Н.О.) көктемде балалар хабарын ұйымдастырдық. Бұған негіз
болған Алматыдағы Үлгілі қазақ мектебінің оқушылар хоры, сол хордың
бастаушысы - Мина Сейітова көп кешікпей-ақ радиоға диктор болып орналасты.
Бұл кісі сонғы күндерге дейін осы қызметті атқарып келді — дейтін естелік
бар.
Сонымен, екі дерек екі түрлі мерзімді: яғни, бірі — 1931-жылдын күзі
десе, екіншісі — 1933-жылдың көктемі дегенді айтады.
Осы жерде еріксіз ойландыратын бір мәселе бар. Ол Р.Сағымбеков алғашқы
мерзімді атағанда нендей дерекке, болмаса естелікке сүйеніп отырғандығын
көрсетпейді. Егер бұлтартпас дәлел келтірсе, оның үстіне әлгіндей қайшылық
болмаса, зерттеуші тұжырымына иланар едік.
Біздің ойымызша, екінші мерзім көңілге қонарлықтай. Қазақ радиосынын
тұрақты жұмыс істегенінен бастап, оның алғашқы жетекшісі, яғни
радиокомитеттің тұңғыш төрағасы болған адам қолымен қойғандай етіп айтса,
қалай сенбеске. Ендеше, Қазақ радиосынын балаларға арналған хабарларынын
эфирге шығуы 1933-жылдын көктемі деген мерзім дұрыс болуы керек. Бірақ
бұған дейін балаларға арналған хабарлар берілмеген деп кесіп айту да қиын.
Өйткені Радиослушатель журналынын 1929-жылғы 15-нөмірінде басылған
Орынбор радиостанциясының бір күндік бағдарламасында: жарты сағаттық
балаларға арналған: Насекомдар мен жануарлар өмірі деген әңгімелесу, бір
сағаттық Радиопионер газеті деп көрсетіледі. Ал осындай хабарлардың Қызыл-
орда, Ақмола радиостанцияларынан да берілуі мүмкін. Өкінішке орай,
микрофондык материалдардың сақталмауына байланысты оған нақты жауап беру
қиыңдап тұр. Сондықтан біз Қазак радиосының балаларға арналған хабары деп
тек республикалық радионы бөліп әдейі айтып отырмыз.
Жазушы-журналист Б.Қойшыбаев Қазақстан пионері газетінің елу жылдық
төл мерекесіне орай Біздің өмірбаян атты жинақта Қазақстан балалары
газетінің 1930-жылдан бастап шыға бастағанын айтады. Ал Қазақ радиосында
қырық жылға жуык еңбек етіп, көп жылдар бойы жастар мен балалар
редакциясының бас редакторы қызметін атқарған Нәзила Баймұратова: Пионер
серігі радиогазетінің іргетасы қашан қаланғаңдығы туралы: ...қырық
бірінші жылы осы радиоға келгенімде, онда балаларға арналған хабар тек кана
сегіз минуттық, таңертенмен берілетінді. Оны Пионер таңы деп атайтынбыз -
деп есіне алады.
Иә, онан бері талай жылдар өтті. Қазақ радиосының ол кездегі хабарлары
мен қазіргісін салыстырып болмайды. Қазақ радиосының балалар редакциясының
хабарлары олардың жас ерекшеліктері мен дүниетанымдарына қарай үш топқа
бөлінді. Олар:
балдырғандар мен төменгі, орта және жоғарғы класс оқушыларына арналған
хабарлар.
Ал Қызықты кездесулер мен Қарлығаш интернационалдық достық
клубтары, Бұл сендердің оқулықтарында жоқ және Шынар әдеби
радиожурналдары мен әр тоқсан сайын балаларға арналған жаңа туындылар
қабылдап отыратын балалар радиотеатры мектеп оқушыларының барлық буындарын
қамтиды.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған хабарлардың қалыптасуына, дамуына
осы редакцияның ардагерлері - Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері Рәуия Абдуллинаның, Нәзила Баймұратованын, Қасымхан Ерсариннің,
ақын-жазушылар: Әзілхан Нұршайықов пен Кәбдікәрім Ыдырысовтың, Мұзафар
Әлімбаевтың сіңірген еңбектері бар.
Мейлінше кең жариялылық, шындықты ешбір бүкпесіз жалпы жұртшылық
назарына ұсынып, оны көпшілік талқысына салу арқылы қоғамдық пікір туғызу
бүгінде радиохабарларына да тікелей қатысты басты талаптардын бірі болып
отыр. Бұл - хабардың ықпалы мен тиімділігін арттырудың, оны, шын мәнінде,
миллиондар аудиториясына айналдырудың бірден-бір жолы. Мысалы, Қазақ
радиосының жастар хабарлары редакциясындағы жаңа ізденістер -
тындаушылардың телефон арқылы берген сауалдарын магнитті таспаға жазып
алып, соған жауап беру, тікелей эфирге жиі шығу осының айғағы.
Жасыратыны жоқ оқиға болған жерден тікелей эфирге сапалы хабар жасау
екінің бірі атқаратын дағдыға айналды деу қиын. Тікелей эфир журналистен
ой ұшқырлығы, қиял жүйріктігін, тапқырлықты, білімділікті талап етеді.
Оқиға ортасында тұрған жүргізуші көз алдындағы көрініске лезде дәл баға
беріп, оның дыбыстық көшірмесі — сөзбен салынған сурет күшімен тындаушыны
сол құбылыстың ортасына алып бара білуі қажет. Жұрт оқиға ортасында
жүргендей болып, оны қабылдағыштан тындап отырғандығын ұмытуы керек.
Біз мұны жай ақылгейлікпен айтып отырғанымыз жоқ. Бүкіл одактық
радионың белгілі журналистері: Л.Мафачев, В.Синявский, Ю.Гальперин,
С.Смирнов, К.Ретинский, Ю.Летунов, А.Ревенколар кезінде репортаждарын
осындай биік деңгейде жүргізген. Тамаша репортер, талантты журналист Вадим
Синявский күнде ертеңгісін балконға шығып, көшедегі көріністерге қарап
тұрып, репортаж беруді әдетке айналдырған екен. Ол өзін қиын да қызықты
мамандығына осылай дайындаған. Қазак эфирінде Совет Масғұтов, Марат
Барманқұлов және Ғаділбек Шалахметовтер бұл дәстүрді тәуір жалғастырды.
Қазір ол мектептің дарынды шәкірттері де жоқ емес.
Микрофон алдында ойды шашыратпай анық, әдемі жеткізу екінің бірінің
қолынан келе бермейтіні анық. Ол жүргізушіден тапқырлықты, суырып салу мен
шешендікті де қажет етеді. Әрі сөз күші мен дыбыс өнеріне де лайықты мән
берілуі керек. Әр сөзге екпінді дұрыс түсірмей, үзіп-жұлып, қақалып-шашалып
айтқан әңгіменің қуаты болмайды. Айтайын деген ойды, идеяны толық жеткізе
алмайды. Немесе радиохабарының негізгі бейнелеуші құралы - нәрі де, сәні де
– сөз. Дұрыс сөйлей білетін адам бүкіл информациянын 40%-ін тек интонация
арқылы жеткізе алатындығын ескерсек, Өнер атасы — сөз деген халық
даналығына жүгінсек, жақсы радиохабар жасау да — үлкен өнер.
Шыны керек, оқиғаның басықасынан бірден эфирге шығу жалпы Қазак
радиосының барлық редакциялары үшін күнделікті іске айналды деу ертерек.
Бірақ жетістіктер де жоқ емес. Біз тоқталғалы отырған жастар редакциясы
жаңа талапты алдыңғылардың бірі болып іске асырып, дәстүрге айналдырды
деуге болады. Эфирге тікелей шығуға қажетті облыстық, қалалық, аудандық
нүктелер дайындалып, техникалық мүмкіндіктер жетілдірілуде.
Қазақ радиосының Ұшқын және Молодость бағдарламалары өз алдына
радиостанция болып кайта құрылуы – оның аудиториясын одан әрі кеңейту
мақсатындағы ізденістердің бірі. Жастар радиостанциялары енді аптасына 5
рет күндіз және кешкісін эфирге шығатын болды. Онда саяси жаңалық,
интернационалистік-патриоттық, эстетикалық, еңбек және адамгершілік
тәрбиеге бағытталған хабарлар сырласу, пікір алысу, сұхбаттасу, айтыс
түрінде беріледі. Мысалы, Ашығын айтайық, Жас шаңырақ, Қалай және
қайда демаласыз? деп аталатын айдарлар осындай мақсаттардан туып отыр.
Ұшқыннан бағдарлама-диалог түрінде кенестік өмір салты, жастардын
белсенді өмірлік бағдарламалары, Отан үшін көрсеткен қайсарлылары, ар мен
ұждан т.б. жайында, еңбек және соғыс ардагерлері Р.Қошқарбаев, Л.Ілиясов,
Ш.Серғазин сынды және басқа да республикаға белгілі адамдармен еркін
әңгіме, қызықты кездесу өткізуі дәстүрге айналды. Алайда жұмысшы жастар мен
студенттер арасындағы интернационалдық тәрбиенің неғұрлым нанымды да
ықпалды жолдарын 7әлі де қарастыру керек екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Әрі жастар тәрбиесіне байланысты маңызды мәселелер осы айтылған
тақырыптармен шектелмесі анық.
Жастарға арналған алғашқы арнайы радиохабарлар туралы айтқанда,
алдымен оның басықасында болып, эфирге әзірлеуге тікелей қатысқан, бүгінде
құрметті демалыста жүрген радиожурналист, республикамыздың еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері — Нәзила Баймұратовадан естіген әңгімені тілге тиек
етейік.
Алғашында жастарға арналған хабарлар үгіт-насихат редакциясынан анда-
санда берілетін. Олар көбінесе, жастар мерекесіне арналатын. Белгілі уақыты
жоқ, он-он бес, кейде жиырма минут көлемінде болушы еді.
Кейін, 1954-жылы болуы керек, Қазақ радиосының бастығы Кенес Үсебаев
пен оның орынбасары Қабыл Бекмұратов жастарға арнап радиожурнал беру
қажеттігін айтты. Сонымен, осы жылдардан бастап туған республика мен басқа
да Одақтас республикалар жастарының өмірін қамтитын радиожурнал шыға
бастады. Бірақ ол кезде штат деген де, редакция деген де жиі өзгеріп
отыратын. Соның әсерінен журнал бірте-бірте жойылып, бұрынғы жүйесіздеу
қалпына қайта түсті...
Әйтсе де, кезінде жастарға арналып берілген бұл хабарлар жайында
радиотындаушылардың да, редакция ұжымының да пікірлері жақсы еді. Әлі
есімде, сол жылдары радиода жұмыс істеген белгілі журналистердің бірі -
Байзақ Қожабеков: Басқа хабарлардың бәрі елеусіз қалады да, ылғи жастар
хабары мақталып жатады дейтін еді.
Қарт журналистің айтқанынан жастарға арнайы берілген алғашқы
радиожурналдың қашан, қалай пайда болғаны женінде біраз мағлұмат алсақ, ал
Қожабековтың сөзі жастар хабарының дегеннен-ақ жұртшылық назарын аударып,
жалпы радиохабарлар ішінде өз орны, салмағы болғандығын аңғартады.
Әрине, бұл естелік-әнгімеге сүйеніп, жастар хабарынын тарихы жайлы
кесіп-пішіп тұжырым айтуға болмайды. Сондықтан Қазақ ССР Орталық
Мемлекеттік архивінде сақталған микрофондық материалдарға жүгінуге тура
келеді.
Мұрағаттағы жастарға арнайы берілген хабарлар тігіндісі 1956-жылдың 1-
қаңтарынан басталады. Оның Н.Баймұратова айтқан әңгімемен салыстырғанда
уақыт жағынан екі жылдай алшақтығы бар. Бірақ жастар хабарының белгілі
дәрежеде бір жүйеге келген уақыты осы болуы керек.
Ал бұған дейін немесе 30-жылдар ішінде қарт журналист айтқандай: анда-
санда, жастар мерекесіне орай, белгілі уақыты жоқ, он-он бес, жиырма
минут көлемінде жастарға арналған хабарлар беріліп келген екен.
Қорыта айтқанда, бүкіл радиожурналистика сияқты Қазақ радиосының
балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалары да жетіле берді,
қызықты, тартымды, мазмұнды бола түсті, формалары мен жанрлары да молайып,
дамып жатты.
Жастарға арналған алғашқы радиохабарлардың артықшылығы — берілген
материалдардың мазмұндылығында, яғни тәрбиелік мәнінің терендігінде,
кемшілігі — радиожурналистикаға қойылатын талаптарды түгел дерлік ескере
бермегендіктерінде. Оның объективтік себебін, маман қызметкерлердің
жетіспегеңдігімен түсіндіруге болады. Ал жалпы жастарға арналған алғашқы
хабарлардың маңызы — эфирден жастар дауысына тұңғыш рет жол салғандығы.
II ТАРАУ. БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ
ПСИХОЛОГИЯСЫ
Балалар мен жасөспірімдерге телебағдарламалардың психологиялық әсері

Жас аралық психологияның негізгі бағыттары: балалар психологиясы,
бастауыш сынып оқушылырының психологиясы, жасөспірім психологиясы, жастар
психологиясы, ересек адам психологиясы.
Жасөспірім психологиясы қоршаған орта әсеріне тез беріледі. Бұл жаста
өз басымен өмір сүруге дайындық аяқталып, өмір құндылықтарын сараптау,
мамандық таңдау, тұлғаның қалыптасуы басталады. Оның нәтижесінде осы
әлеуметтік жекелеген факторлар әсерінен қоршаған ортамен қарым-қатынасы да
өзгере бастайды. Жасөспірім бұл кезде өзіне деген көзқарасында өзгерте
бастайды. Бұл кезде тұлға ретінде өсуіне байланысты сын көзбен қарау,
өзгелерге де моральдық талаптары ұлғая бастайды.
И.С.Кон былай деген: Психологиядағы биогенетика мектебі санағандай
жасөспірімнің өзін-өзі танып, менң ұғымы тек жыныстық дамуына байланысты
емес. Бала өсіп, өзгерді, кәмелеттік жасқа дейін күш жинады. Сонда да бұл
оның интроспекцияға құштарлығын туғызбады. Оның енді пайда болуына
физиологиялық өсіп-даму, есеюіне байланысты. Оның жан-жаққа сыни
көзқараспен қарап, әлеуметтік құндылықтарының Мен кіммін?ң деген сұрақты
жандандыра түседің.1
Ерте жастық шақтың құнды табысы – өзіндік әлемнің қалыптасуы. Өзін
өзі тану – жан толқытарлық, әсерлі оқиға. Сонымен қатар, бұл кезде күдік
пен үрей де тууы заңды. Осы кезде жасөспірім жан жаққа күдікпен көз тастап,
оңашаланғанды ұнатады. 8 сынып оқушысы өз күнделігіне былай деп жазды:
Мені бір белгісіз сезім жаулады. Мен жалғыздықты сезінемін. Бұрын мен
бәрінің қызығатын объектісі болатынмын. Бірақ мен бұған ренжімеймін. Маған
жалғыз болған ұнайды. Ешкімнің менің өміріме араласпауын ұнатамын.
Барлығына салғырт қарайтындаймын. Кейде өзімнен өзім Не үшін өмір сүріп
жүрмін?ң деген сауал қоямын. Неге екенін білмеймін. Бірақ, өмір сүруге
құштармынң.
Бұл қыздың үйінде де мектебінде де барлығымен қарым-қатынасы жақсы.
Осы кезде жалғыздықты қалауы қалыпты жағдай. Ол жоғарыда айтқан өзіндік
жандүниенің қалыптасуының белгісі. Ал, қоғам бұл кезде өзін-өзі бағалаудың
шкаласы іспеттес. Қоғамға қарап түзеліп, жан-жағына қарап өседі. Ер балалар
осы кезде өз ерік күшін сынауға әуес келеді. Осы мезетте ол достарын,
таныстарын бағалай бастайды. Өзінің артықшылығын, кемшілігін аңғарады. Бұл
кезде оның мінез –құлқының алғашқы іргетасы қалыптасып үлгереді. Өзі
қалыптасқан соң, өзін өзі басқару процессі басталады. Бірақ бұл үшін
ақапарат қажет. Ал, ол ақапарттты жасөспірім қоршаған ортасынан іздей
бастайды. Сондықтан осы жас мөлшерінде ол әуесқой, әр нәрсеге құштар
болады.
АҚШ психологтарының зерттеулері бойынша жасанды шоу мен шынайы
оқиғаны кішкентай балалар мен жасөспірімдер ажырата алмайды екен.2 Бос
уақытын қызықты әрі пайдалы өткізе алмайтындықтан қоршаған ортаның
ауыртпалық жағдайы, коғамдағы стресс әсерінен эмоциональді тұрақсыз балалар
қатары көбеюде. Қазір бұрынғы балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесімен
айналысатын қоғамдық ұйымдардың, тіпті үлгі боларлық образдың жоғынан
балалар арсында құндылық та, тәрбие де жоқ. Қазіргі балалардың негізгі
бөлігі мұғалімнің айтқанын бірден ұға алмайды. Балалар теледидар
сигналдарынан айкезбе ауруына шалдыққандай. Бүгінгі теледидар оларды зорлық
пен зомбылыққа итермелейді. Әрине, балаардың бәрі психологиялық қарсыласуға
қабілетсіз емес. Бірақ, соңғы кездегі ғана газет жаңалықтарына көңіл бөліп
көрейік:
Барселона. Теледидардан көрген бір кереметтің қайталамақ болған 3
жасөспірім қараңғы түсе жіңішке пластикалық лентаны жолға керіп қойған. Жол
бойында үлкен жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісінің мойнын әлгі
лента бір мезетте кесіп кеткен. Ол оқиға болған жерде қайтыс болған.
Лондон. 6 жасар екі бала көршісінің үйін шағып, қиратқан. Оның себебі
белгілі телешоуда осындай тапсырманы орындаған үшін премия береді екен.
Осло. 5-6 жасар балалар аулада ойнап жүріп, екі құрбысын өлгенше
сабаған. Ниньзя тасбақаларың мультфилімінде тасбақалар өз досын осылай
ұрған екен. Олар ойын үстінде соны қайталамақшы болған.
Валенсия. 20 жасар жасөспірім Ниньзя тасбақасың болып киініп алып,
көршісінің үйіне түн жамыла кіріп, әйелін, өзін, балаларын бауыздап кеткен.

Нью-Йорк. Кішкентай балалар үйде бірігіп боевик көрген соң, бұған
дейін үй иесі достарына кәмпит бермегені үшін оны жазаламақ болған. Достары
12 қабаттағы балконнан досын аяғынан ұстап, салбыратып тұрған. Әлгі бала
бұл сұмдықтан дыбыс та шығара алмаған. Ал оның достары мұны басқаша
түсініп, кешірім өтінбеді деп, қолын жібере салған. Құлаған баланың
кішкентай інісі жанында жылап жалынғаннан еш нәтиже шықпаған.
Бұл тек Батыста болатын жағдай емес, біздің ауылдық жерлердің өзінде
де орын алған жағдай. Алысқа жүгірмей-ақ, жақындағы Жас Алашң газетінің 5
маусым нөміріндегі жаңалықтар топтамасына көз жүгіртейік:
16 сәуірден бері Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеттің студенті Э.Ақанова із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Жақында
жр үйлердің бірінің ауласынан осы уақытқа дейін іздеуде жүрген қыздың
мәйіті табылды. Оқиғаның ұзын-ырғасы былай өрбіпті: сабақтан шыққан қыз ата-
анасына біраз уақыттан соң үйде боламынң деп телефон соққан. Бірақ, сол
күйі келмеген. Полицейлер күдікті ретінде №3 мектептің 9 сынып оқушысын
ұстады. Жасөспірімнің айтуынша, ол танысын үйіне шақырып, кеіннен қызға тіл
тигізіп балағаттаған көрінеді. Араларында жанжал шығып, әлгі оқушы
стдентқыздың басынан күрекпен ұрып өлтірген. Сол жерде тіл тартпай кеткен
қызды алдымен үйдің жертөлесіне жасрып, кейіннен аулаға апарып көміп
тастағанң.
Өкінішке орай, мұндай қылмыстар саны көбеймесе, азайып отырған жоқ. Ал
ең қорқыныштысы – біздің қоғамның еті бұл сұмдыққа үйреніп кеткен. Себебі
мұндай жаңалықтар үнемі жаңалықтарда, арнайы ағдарламаларда топтамамен
беріледі. Көрермен көзі кадрдағы қан, мен мәйіттерге үйреніп кеткен.
Жастар жағдайына оралар болсақ, Қазақстан халқының 61%-ы 30 жасқа
толмаған жастар. Бір ғана Алматы облысында 724 мектепте оқитын 342 632
оқушы бар. Үстіміздегі жылы ғанамектепке бармай бос жүрген 538 жас балалар
тіркелген. ІІБ-не 236 кәмелеттік жасқа толмаған жастар әр түрлі қылмыс
жасады деген күдікпен әкелінген. Олардың 2-і аса ауыр қылмыс бойынша
ұсталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 493 жасөспірім нашақор
деген диагнозбен тіркелген. Осы жылы ғана 160 жасөспірімнің үстінен 118 іс
тіркеліп, жаза қолданған. Бұл мәліметтердің 1 облыс шеңберін ғана
қамтитынын ескерсек, бүгінгі жастардың моральдық кейпін елестету қиын емес.
Не ексең соны орасыңң демекші, біздің қоғам тәрбиелеген қоғам осындай.
Қазір жастар тәрбиесімен айналысатын қоғам, ұйымдар жоқ. Мектепте жалақысы
ең аз мамандық иелері – ұстаздар бағдарлама сағатынан тыс тәрбиеге көңіл
бөлуге еш құлшыныс танытпайды. Ал, ата-аналары тек олардың материалдық
жағдайын ойластырып, рухани азығына мән бермейді. Әйтсе де, қылмысқа
баратындардың негізгі бөлігі ауқатты, жағдайы жақсы отбасылардан шыққандар.
Сондықтан да қылмысқа итермелейтін негізгі фактор жоқшылық емес, қоғам
көзқарасы мен ағымы.
Орташа есеппен алғанда әр үйде күніне 7-8 сағат теледидар қосылып
тұрады. Оны ең көп көретіндер мектеп жасына жетпегендер мен зейнеткерлер
десе болады. Жасөспірімдер күніне 3-4 сағат міндетті түрде экран алдында
отырады. Осы сағат ішінде жасөспірім не көріп үлгереді? Бізде жастарға
арналған бағдарламалардың аздығын ескерсек, бұл уақыт боевик, шетел
музыкалық клиптері мен тікелей эфирдегі бос мылжыңғаң кететіні айқын.
Мысал үшін кез келген арнаны алып көрейік. Жасөспірімдер теледидар қарайтын
негізгі уақыт түскі 15 пен 18-дер шамасы және де 22 мен 01 арасы. Ең
салиқалы арналардың бірі КТКң телеарнасын алып көрейік:
15.00 Досье детектива Дубровскогоң телесериалы.
15.50 Тревожная зонаң қылмыс хроникасына негізделген хабар.
16. 00 Күн дерек.
16.20 Мультсериал Коровка Конниң
16.30 Участокң телесериалы
17.20 Общественная приемнаяң қала проблемаларына арналған бағдарлама.
17.30 Новости.
17.55 Неотложкаң тағдыры тәлкекке ұшыраған адамдар туралы бағдарлама.
Осы үш сағат ішінде көңілді жадырататын, қуанышты бірде-бір хабар жоқ.
Осындай теріс энергияны қабылдаған адамның көңіл-күйі қандай болмақ. Досье
детектива Дубровскогоң телесериалы атынан ақ қылмыс оқиғалары желісімен
түірілген фильм екені белгілі. Бұл фильмнің 1 сериясының өзінде 2 адам
өлтірудің жолдары мен полициядан қашудың әрекеттері көрсетіледі. Тревожная
зонаң бағдарламасында негізінен қылмыстық оқиғалар, жол апаттары т.б.
жағымсыз оқиғалар көрсетіледі. Хабардың заставкасы, музыкалық көркемделуі
де атына сай көңілді елегізітіп, алаңдатады. Журналистер оқиға болған жерде
тұрғанын дәлелдеу үшін сол жерде стендапң жасағанды дұрыс көретін секілді.
Улап-шулаған адамдар мен жарқырап, уілдеген полиция машиналарының фонында
оқыс хабарын жеткізуге асығады. Тапа-тал түсте жайбірақат жүрген адамның
психологиясына оң әсерін тигізбейтіні айдан анық. Соңынан ілі шала тағы да
әзіл-қалжыңы аралас шытырман оқиғаға құралған Участокң телесериалын
ұсынған. Дөрекі қалжыңға құрылған келеңсіз жайттарды жасөспірімдер теріс дп
қабылдамайды, керісінше қалыптасқан норма ретінде қабылдайды. Одан соңғы
Общественная приемнаяң, Неотложкаң бағдарламалары да проблемалар
негізінде құрылған. Неотложкаң бағдарламасында журналисттер үнемі қиын
жағдайлы, тұрмысы нашар адамдарды эфирге шығарып қойып, жылатады. Кейде
басымызға осылар байғұстардың проблемаларын шешу үшін емес, адамдарды
қызықтыру үшін түсіре ме?ң деген ой туады. Жалпы адам көршісінің, танысының
тіпті кез-келген адамның қуанышынан гөрі қайғысын тыңдауға әуес. Соны
пайдаланған журналистер тағдыры бірінен өткен қайғылы адамдарды жинап алып,
оларға көмек беруге тырысады. Бірақ, осы хабар арқылы оларға қол ұшын беріп
жатқандар некен-саяқ. Жалпы эфирдағы көз жасы мен жжылаған адамның көңіл
күйі тез қабылданады. Жайдары адамның өзінің көңілі құлазып, өзін бақытты
сезінгеніне кінәлі болғандай жағдайға келеді. Сондықтанда бұл хабарлардың
негативті әсері зор. Біз қарап шыққан осы уақыт ішінде ғана кісі өлтіру мен
зорлықтың 3, эротикалық сипаттағы –1 көрінісін тамашаладың. Ал, наша шегу
мен темекінің жасырын жарнамасын санамай-ақ қойыңыз. Бала тек күндіз ғана
хабар көреді дегеннің өзінде бір жыл ішінде шамамаен 800 – кісі өлтіру мен
100 000 зорлық-зомбылық көрінісін көреді. Жалпы, міне кісі өлтіру мынандый
боладың деп нақты айтпай, астарлап арсынад көрсеткен бейнелер санаға тез
әрі терең сіңеді. Сондықтан да қазіргі жаранма жасаушылар мына тауар жақсы
деп айтпай, шартты түрде, символика, ишара арқылы өз тауарын көрсетеді.
Мысалы кока кола сусыны қандай тамашаң деп айтпайды, тамсанып, ләззат алып
ішіп тұрған адамды көрсету әсерлілеу. Қылмыстарды фильмдер мен басқа да
бағдарламаларды көрсету де дәл осы принципке бағынады.
Зерттеулер қортындысына қарағанда, зорлық-зомбылық көріністері бар
бағдарламалар балада агрессорлық мінез қалыптастыру мүмкін. 7-8 жаста
көрген сұмдық көрініс пен кадрлар 17-19 жасында санасында қайта жаңғыруы
әбден мүмкін. Жалпы кез-келген ақпарат ешқайда жоғалып, ұмытылып кетпейді.
Ол тек санасының бір қатпарында қалып, кейін бір елеусіз элемент
ұқсастығынан, немесе қайталануынан ми қабатында қайта өңделіп жаңғырады.
Кейде бала ашу-ызасы агрессиядан емес, бір кейіпкерге ұқсауға
ұмтылуынан болуы мүмкін. Балалар шындық пен қиялды ажырата алмай
теледидарда көрген кереметтерін жүзеге асырғысы келеді. Бұл жағдай әсіресе
аңғал мінезді балаларда жиі кездеседі. Сонымен балалар неге агрессивті
болады? Жас баланың бір психологиялық ерекшелігі бар. Үлкендер, ересектер
жасаған жайт олар үшін үлгі боларлық қасиет болып көрінеді. Балаық шақта
адам тезіре есеюге тырысады. Сәби үлкеннің жасаған әрекетін жасасам тезірек
есейемін дп ойлайды. Ересек адам әрекетінің дұрыс-бұрысын бағалаудангөрі.
Оларды қайталау заңдылық болып саналады. Егер сіз жолды бағдаршам түсіне
қарамай балаңызбен жүгіріп өтсеңіз, келесі жолы бала да осыны қайталайды.
Агрессиялық көріністерді көп көрген бала эмоциональді жағынан да
салқын тартады. Бала жаны басқалардың мұң мұқтажына немқұрайлы, салғырт
қарайды. Бейбауырмал. Тасжүрек бола бастайды. Ал, кейде боевик, шытырман
оқиғаны жиі көретін бала қорқақ, ынжық болып өседі.6
Америкалық психо-аналитик Р.Пацлаф өзінің Застывший взглядң атты
кітабында әскери психолог Дэйв Гроссманның пікірін келтіреді. Ол былай
деген екен: масс-медиадағы зомбылық пен интерактивті бейнеойындар балалар
мен мен жасөспірімдер бойында мамандандырылған әскерлерді адам өлтіруге
үйрететін психикалық механизмдерді тудырады... Мен 25 жыл бойы жаяу әскер
офицері және психолог болдым. Менің міндетім жас әскерилерді адам өлтіруге
баулу болды. Себебі соғыс бола қалған жағдайда бұл қажеттілікке айналады.
Ал кез–келген тірі жан өмірге өз бауырын өлтіруге бейім қасиетпен келген
жоқ. Сондықтан біз адамдарды жаттықтырып, конденционирледік (псих. термин,
шартты рефлексті қолдан жасау). Біздің тәсілдердің қазіргі масс-медияның
ұстанымынан еш айырмасы жоқң.
Райнер Пацлаф телевизияның балаларға әсерің деген кітабында
мультфилмдерді көрсете бергеннен гөрі, оларға ертегі немесе әңгімені оқып
берген пайдалырақ дейді. Сонда бала қиялы дамып, шығармашылыққа алғашқы
қадамын жасай бастайды. 7
Ал, Қазақстандық телеарналарда толыққанды балалар бағдарламасы тұрмақ,
таза қазақи психологияға сай мультфильмдрдің өзі тапшы. Бірен-саран
балаларға арналған бағдарламаларды алсақ, олардың тәрбиелік мәні, мазмұндық
жағы сын көтермейді. Ал, кешкі ата-әжесінің ертегісінің орнын толтыратын
бірде-бір хабар жоқ. Бұрынғы Кешкі ертегің, Ермек атайдың ертегілерің
келмеске кеткен. Балалар бағдарламасын жасау коммерциялық жағынан тиімсіз.
Себебі оған демеуші табу қиын. Жарнама үшін ең қолайлысы ересектер көретін
көңіл көтеру мақсатында жасалған бағдарламалар, түрлі телесериалдар мен
фильмдер.
Бағдарламаларды былай қоя тұрып, мультфильмдер жағдайына келсек,
аянышты жағдайдан жылауға дайын тұрамыз. Себебі қазақ менталитетіне,
психологиясына сай келетін Ақсақ құланң мультфилімінен басқа
экранизацияланған бір мультфильді көргеніміз жоқ. Биыл дәстүрлі Шәкен
жұлдыздарың кинофестивлі аясында мультфилімдер байқауы да өтті. Бұл
фестиваль ден көңілге түйген ойлары туралы журналист М.Жұмабай былай деген
екен:
Мультфилімдегі дәстүрлі шеберлікті жоғалтып алдық. Фестивальде
көрсетілген мультфильмдердің көпшілігі коммерциялық мақсатта түсірілген.
Нағыз ұлттық бояуларды бойына сіңіре білген мультфильм деп Қ.Қасымовтың
Құйыршығынң атар едім. Құйыршықң филімінің режиссері мультфилімнің екінші
сериясын жасауға кірісіпті. Қаржы тапшылығын сезініп отырғандығын айтады.
Ал, Бөбекң қорының қаржысымен оншақты сериялы мультфилм түсірген
шығармашылық топ Здавствуй, детка атты мультфилімін бәйгеге қосыпты. Мән-
мағынасы айқынсыздау мұндай мультфилімге қаржыны судай шашқанша, Құйыршықң
сынды анимацияларға неге қолдау көрсетпейтініміз түсініксізң.(Ана тілің
Кинофестиваль қазаққа не берді? №40, 9.10.2003 ж. 5-бет) 8 Шынында да,
бүлдіршіндердің өмірге деген көзқарасын қалыптастыру жолында айырықша орны
баранимация өнеріне қолдау қажет. Әйтпесе, қалтасы қалыңң топтардың
мүддесін көздеген мультфилімдер аңқау балаларды адастыруы мүмкін.
Фестивальде көрсетілген мультфилімдердің біріне тоқталайық. Өмірң деп
аталады. Алыстан бір пайғамбар келе жатыр. Ол қараңғылық басқан қазақ жерін
де шарлап өтеді. Яғни, өмір сыйлайды. Оның жүріп өткен жері нұрға бөленіп
шыға келеді. Аңдап қараған адам қазақ жерін шаралп жүрген пайғамбардың
Мұххамед еместігін ұғады...(Мультфильм Соросң қорының қолдауымен
түсірілген). Жақында Хабар арнасынан тағы бір мультфилімнің тұсауы кесілді.
Аты Қозы Көрпеш Баян сұлуң. Ал мазмұны мүлде басқа. Сценарийін 17 жасар
жасөспірім жазған. Алдымен орыс тілінде шығатын мультфильм соңынан қазақша
нұсқасы жасалады.
,,Қазіргі заманғы жақсы бағдарламалар қыруар ақша тұрады,, - дейді
мультфильм продюсері Владимир Қадырбаев. Продюсерлер ,,Хабар,, арнасының
жанынан дербес мультбірлестік құруды ойластырып жүр. Алғашқы қарлығаштарын
сәтті қанаттандырып ұшырса, мұның да қиюы келуі мүмкін. Сол кезде жаңа
құрал-жабдықтар сатып алу, пластилин және қуыршақ мультфильмдер түсіру,
мамандарды Мәскеуде, айталық, Татарский студиясында тағылымгерліктен өткізу
туралы әңгіме қозғауға боладың–дейді шығармашылық топ жетекшісі.
Бүлдіршіндерді қойып, жасөспірімдерге арналған бағдарламаларға келсек,
олардың өзінің оңып тұрғаны шамалы. Зерттеу жүргізіп, жасөспірімдердің
көбірек қарайтын хабарын анықтағанда мына жайтқа көз жеткіздік.
Жасөспірімдер негізінен теледидарды ақпарат алу үшін емес, көңіл көтеру
үшін, бос уақытын өткізу үшін қарайды екен.
Жастар теледидардан нені көреді? Бұл сұраққа жауапты мына кестеден табуға
болады. Жастар осы сауалнамада газет оқитындар және оқымайтындар деп екі
топқа бөлінген. Сонымен қатар жалпы көрсеткіш те ұсынылған.
Газет оқитындары теледидардан келелі ақпарат алуға тырысып, жаңалықтар мен
саяси бағдарламаларды көреді. Ал, газет оқымайтындар телесериал, музыкалық
хабар мен шоу көруді қалайды. Ұл балалар спорт хабарын көбірек қараса,
қыздар саяси астарсыз, сериал, шоу, жасөспірімдер хабарын ұнатады.
Музыкалық хабарларға келсек, қазіргі эфирдің 60%-ы, ал кей арналарда 80%-ы
музыкалық хабар алып жатыр. Кез-келген арна (Хабар мен Қазақстаннанң
басқа) музыкалық интерактивті хабары үшін едәуір уақыт бөлген. Мысалы 31
арнаң – Музыкальный канал 31ң, ТОР 20 Казахстанң, Ай өрнегің , НТКң –
На коверң, Саз-сандықң, Рахатң – место встречи Рахат ТВң, Музыка
арнасың, Ніт ТВң – Қалайсыңң, Excess уақытың тағы басқа. Ніт ТВң арнасы
(бұрынғы Шахарң) эфирінің 85 %-ын музыкаға арнаған. Бұл арнадағы бірен-
саран бағдарламалардың бірін талдап көрейік. Қалайсыңң деп аталады. Күніне
4 ретығады. Журналист (бұлай деп атауға аузың да бармайды) тікелей эфирде
көрермендермен сұхбаттасып, әр түрлі ұсақ-түйек үшін конкурс ұйымдастырады.
Болмашы зат үшін көрермендерді түрлі күлкілі, сорақы қылықтарға
итермелейді. Әтеш болып шақыра ма, қисынсыз әңгімелер айтқызады. Өздері
соған мәз болып, көрермендерді де қоштап қояды. Этикалық нормалардан алшақ
жатқан олардың әрекеті қарап отырған көрермендерді ызаландырады. Сөздері
мағынасыз, өздерін ұстау мәнері сыйымсыз.
Жалпы, бір арнадан тек музыканы немесе телефильмдерді беру дұрыс емес,
Біздің арналар саны 20-30 ға жетіп жығылмайды. Сондықтан толық бір арнаны
тек музыкаға беру негізсіз. Ал кабельді телевизиясы бар адамдар кәсіби
емес, ортаңқол музыкалық хабарларды көруге зауықы да соқпас. Ал біз талдап
отырған арна бір бағадарлы, бір бағыттағы, яғңни поп музыкалық әуендерді
береді. Олардың сарыны да біріңғай, қатты ритмдер мен электорнды
дыбыстардан құралған.
Адамзат бұрын да шудың кері әсерін біліп, оны адамды қинау үшін
қолданған. Мысалы Иван грозный кезінде адамды үлкен қоңырау астына
отырғызып, үлкен дыбыс әсерімен қинаған. Ежелгі Қытайда адамның ішкі
ағзаларына дыбыс жиіліктері арқылы әсер етіп, жантүршігерлік өлімге
жазалаған. Ал, Египетте осы сияқты мақсатта арнайы музыкалық аспапң ойлап
тапқан. 9
Сотталған адамдарды терезесі жоқ, бірақ жарық бөлмеге отырғызып, бір
әуенді қайталатып қоя берген. Ол әуен тұтастығы жоқ әр түрлі дыбыстардан
құралған. 1-2 сағаттан соң тұтқынның жүйкесі шыдамай, сыр бере бастаған.
Кейде адам мұндай қорлыққа шыдамай жынданып кеткен кездері де болған. Бұл
тәсіл НКВД кезінде кеңінен қолданған.
Соңғы уақытта Шаһарң яғни, қазіргі Ніт ТВң арнасына тәулік бойы
шетелдік, ресейлік, анда-санда жергіліктің өндірістен шыққан бейнеклиптер
көрсетуден танбайды. Олардың ұстанымдары дәл сол НКВД жүргізген мақсатта
құрылған сыңайлы. Себебі олардың беретін поп музыкалық клиптерінің бір-
бірінен айырмасы көп емес. Әуені жылдам ритмді, клипінің негізгі сюжеті
жалаңаштанған қыздар мен билеген топтардың араласуына құрылған. Ал
бағдарламаларының дені сол парықсыз әуендерін сынап, сынағанның өзінде өсек-
аяңның айналасынан шықпайды. Алалмыш арнаның ойлап тапқан тағы бір жаңалығы
бар. Кез-келген әншінің клипін ұсынып, төменгі жағына титрмен әннің қазақша
аудармасынң жылтыңдатып отырады. Аудармасы деген аты болмаса, ар жағында
айтылып жатқан әннің сөзі бөлек, титрден берілетін мағынасы айдалада
қыдырып жүрң.
Жынысы, жасы белгісіз аудармашы-ақынымыз шақарлығымен қоса
Қожанасырдай қуақы, Жиреншедей шешен, Таза баладай тапқыр, Сократ секілді
философ, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлың. Әрі не істесе де өзі
біледі. Ал, көрерменнің ол туралы не ойлап, қалай қабылдап жатқанында
жұмысы жоқ. Әндерді қалай бұрмаласа да, әншілерге қандай лақап ат қойса да
өз еркінде. Сөзіміз жалаң болмасын, бірнеше мысал келтіре кетейік.
Ресейлік Иванушки интернешнлң тоьын Қартайған Ивандарң деп атап,
оларпдың әнін былай аударғанң екен:
Кім ол сонша өзінше
Крутой ма немене?
Екі минут өткенше
Үлгеріпсің бәріне.
Гүл әкелдім салпақтап,
Менсінбедің шалқақтап.
Сыпырғыш қой, шөп қой деп
Кетіп қалдың далақтап.
Әрі қарай шаршап кеткен болуы керек, қазақтың белгілі әніндегі мына
жлдарды көшіре салған:
Қош бол сәулем көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Ал, шынында ән сюжеті 5 минутқа тоспай кеткен қызы туралы жігіттің
өкінішіне құрылған. Жалпы, тек қана бұл емес, басқа танымал әндер
көрермендерге ұнауы мүмкін. Жастар арасында әр әншіні өз сүйіктісі, яғни
кумирың бар. Сондықтан да әркімге өз қалаулысын жамандап, келеке етуі
теріс әсер етеді.
Валерий Меладзе мен ВИА Граң тобын Лия Гүлжандар және Валерий
Меладзең деп таңбалапң:
Солтүстік пен Оңтүстік алыс жерлер
Өзгереді өмір, не болмайды дейсің
Болса да, бояуы уже сіңді–
Дейді. Бұл – философиялықң тұжырымы. Тағы бір топқа Дөкейлерң деген
ат қойып:
Қатираш пен Мұратбек қосындысы,
Жеңісхан мен Дариғаш
Бұл сорлылар да,
Рәузия мен Совхозбек те тоже
Бар әріптің шегі жоқ,
Ал бұл сөз сегіз әріптен тұрады –
деп жұмбақ жасырады. Қазақ тілінде сегіз әріптен тұратын сөз көп, тек
Қатираш пен Мұратбектің қосындысың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған хабарлардың қоғамдық мәні. Бағдарламаларды жас ерекшеліктеріне байланысты қабылдау психологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалармен психолог жұмысының функциялары
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Топтар психологиясы.
Жыныстық тәрбиенің негізгі бөлімдері
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Саясаттағы кіші топтар психологиясы
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс – әрекеті барысында мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеу жолдары
Пәндер