Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері



Жоспар
Кіріспе

1. Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихы аспектілері
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи ерекшеліктері 1917ж. дейінгі кезеңдегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.2 Кеңес дәуірі (1917.1990жж.) кезеңіндегі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.3 ҚР.ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы

2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
2.1 Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
2.2 Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
2.3 Құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жіктелуі

3. Құқықтар мен бостандықтардың қорғалу механизмдері
3.1 ҚР.ғы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттары мен органдары
3.2 Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның өзекті мәселелері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер

Жоспар

Кіріспе
1. Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихы аспектілері
1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және
тарихи ерекшеліктері 1917ж. дейінгі кезеңдегі қазақ
мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.2 Кеңес дәуірі (1917-1990жж.) кезеңіндегі қазақ
мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы
1.3 ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың
құқықтық жағдайы

2. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
2.1 Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің
жүйесі
2.2 Құқықтар, бостандықтар және міндеттер қағидаларының мазмұны
2.3 Құқықтар, бостандықтар және міндеттердің жіктелуі

3. Құқықтар мен бостандықтардың қорғалу механизмдері
3.1 ҚР-ғы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
институттары мен органдары
3.2 Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы
Қазақстанның өзекті мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер

Кіріспе

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан
Республикасында болған саяси жэне экономикалық реформалар түлға, оның
қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа
бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бүрыңғы кеңес
дэуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен
қараудан тұрады.20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің ҚР-ның құқықтық
саясаты Концепциясы туралы жарлығында: ҚР Конституциясында бекітілген
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық
үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін
жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып
жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және
әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен
заңдастыру керек деп көрсетілген[4].
Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері
және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды
жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары, оның дамуының ерекшеліктері, бағыттары, қағидалары,
тенденциялары және заңдылықтары.
Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық,
институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы
ғылыми әдістердің жиынтығы.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына,
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық
актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда
аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы
отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия,
политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-
құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады.

1. Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының тарихи аспектілері

1.1 Адам құқықтары мен бостандықтарының дамуының теориялық және тарихи
ерекшеліктері

Адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі барлық мемлекеттердің
саяси-қоғамдық, мемлекеттік-құқықтық тәжірибесі мен теорияда да ең басты
орындарының бірінде тұратыны анық, себебі әңгіме ең басты әлеуметтік
кұндылық туралы болып отыр.
Адамға құқық тумысынан тиесілі. Олар табиғи сипатқа ие және тұлғаның
нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, нанымына қарамастан бөлек
қарастырыла алмайды. Адам құқықтарының жыйынтығы адам қүқықтарының жалпы
мәртебесін құрайды. Ал ол өз кезегінде үш жеке мәртебеден қүралған:
- мемлекетде, жеке түлға да араласуға қүқықығы жоқ бостандық саласы;
- мемлекетке тиесілі яғни, өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін
мемлекетке жүгіну;
- мемлекетті құруға және басқаруға, қоғамдық өмірге белсене араласа
алуға құқығы [11.29б.].
Жалпы сөзбен айтқанда адам құқықтары жекелік ерекшеліктеріне қарамастан
барлық жерде, барлық уақытта және барлығы үшін тиесілі. Олар тұлғадан
бөлінбейді, яғни тұлғаны құқықтарынан айыру мүмкін емес. Сонымен қатар
тұлға өз құқықтары арқылы өзінің әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін
қорғау мен өтеуі үшін заңды құрал ретінде де қолдана ала алатыны мәлім.
Адам құқықтарының түсінігі мен құрамы категорияларын қарастырғанда
ғылыми теория тұлғаның өмір сүрген немесе өмір сүріп жатқан қоғамның саяси
және экономикалық жағдайына көңіл бөлінетін нақты-тарихи анализ негізінде
жүргізілуі тиіс деп түжырымдайды. Н.Н. Моисеев бұл жайлы келесідей көз-
қараста : Өркениет дамуы контекстінен тыс адам құқықтары мәселесін
қарастыру өте күрделі. Себебі адам қүқықтары мен құндылықтары түсінігі адам
санасында өзінің өмір сүріп жатқан өркениетпен және ертеректе қалыптасқан
өмір сүру мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерінің қалыптасуында дейді[12] .
Көптеген ғалымдарға саяси-құқықтық ілімдер талдауының әдістемелік
негізі - ең алғаш өркениеттің шығыс және батыс деп екіге бөлінуі болып
табылады. Шығыс - этатизімнің жоғарылығымен, меншіктің мемлекет иелігіне
көшумен, ұжымның жеке тұлғалардан үстемдігі, жеке тұлға ұғымының болмауы
яғни, адам құқығы мен бостандығы категорияларының болмауымен сипатталады.
Ал, батысқа тән құбылыстар - индивидуализм,ежелгі мемлекеттердің
экономикалық базисі болып келген – құл иеленушілік болды[13] Адам құқықтары
концепциясының философиялық бастамаларын біз Батыс және Шығыс
өркениеттерінен қатар көре аламыз, бірақ, алғаш оның дамуы соңғысынан
басталғанын айта кеткен жөн[14]. Аталған құрылымның орын алуының өзі
басынан тең құқылықты жоққа шығарған. Адам бұнда толық субъект болып тек
азамат ретінде танылған кезде ғана саналған деп жазған М.Ю.Козлихин[15].
Тек азамат барлық құқықтар мен бостандықтарды, солардың ішінде ең басты
болып саналатын саяси құқықтарды иелене алды. Осыдан кейін орын ауыстырған
саяси және экономикалық формацияларда феодалдық формация шегінде адам
құқықтарын мейлінше күшейтіп, мемлекеттік істерді басқару ісіне біртіндеп
барлық қоғам мүшелері үшін тең деп танылып, олардың қатыса алуына жол
ашады. Бұнда қалың құқықсыз бұқара орын алып отырған билік иелерін жоюмен
қорқыту арқылы өз дегендеріне қол жеткізіп отырды. Орта ғасырға тән
биліктің абсолютизімінің орнына мемлекет пен тұлға арасындағы
конституциялық шарт келеді. Бұнда басшылыққа алынған идея болып бостандық
және тұлғаның жекелілігі болып танылады (Г. Гроций, Д. Локк). Аталған
теорияны кеңінен қарастырған француз ойшылдары Ш. Монтескье және Ж.Ж.
Руссо. Біріншісі саяси бостандықты жеке қауіпсіздікпен, индивидтін билік
етушілердің қысымынан бостандығымен теңестіреді, осының ішінде осы кезде
орын алып отырған мемлекеттің нысанына сүйемелденіп қазіргі кездегі ең
басты саяси-құқықтық қағидалардың бірі болып табылатын билік тармақтарының
бөліну қағидасының пайда болуын алып келеді[16]. Руссоның еңбектерінде
назар биліктің әлеуметтік табиғаты мәселелеріне және оның халыққа
тиесілілігіне бөлінеді [16].
Аталған идеялардың қоғамдық санаға әсері ретінде адамның теңдігі мен
бостандығы туралы лозунгтары бар және олар кейіннен 1789 жылғы адам мен
азаматтардың құқықтары туралы Декларацияда көрініс тапқан Ұлы француз
революциясы болып табылады. Онда келесідей жазылған: Адам тумысынан еркін
және тең құқылы болып келеді. Кез келген мемлекеттік бірлестіктің мақсаты
адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтары болып табылатын бостандық,
меншік, қауіпсіздік және қудалауды болдырмау болып табылады. Сонымен қатар
Декларацияда сөз және баспа бостандығы, сенім-наным бостандығы және
кінәсіздік призумциясы жарияланды.
Ал АҚШ-да адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарының қалыптасуы
еркіндік үшін күреспен бірге ұштасады. Америкалық демократияның негізін
қалаушы Т.Пейн мен Т.Джефферсонның көзқарастары 1776ж. Вирджиния штатының
құқық Декларациясынан өз көрінісін табады. Олар барлық адамдар тумысынан
тең және олар өмірге, еркіндікке, бақытты өмір сүруге құқылы деген
ақиқатты ұстанады. Егер мемлекет құрылымы адамның табиғи құқытарына сай
келмесе, оны бұзса, келісіммен жүргізілмесе онда халық билікті олардың
құқықтарын қорғау үшін жүмыс жүргізетін, оларға қамқор болатын билік түрін
тиімді етіп өзгерте алады дейді Т.Джефферсон[17]. Бірақ В.Остинскидің
айтуы бойынша адам құқықтарының концепциясы ағарту кезеңінде шектеулі болды
дейді. Барлық адамдарды крепостнойлардан босатқанымен саяси құқықтарды тек
аздаған меншік иелеріне ғана берді. Ал әйелдер, жастар, мүліксіздер және ақ
нәсілді еместер тыс қалып қалды. Сонымен қатар аталған концепция жергілікті
және қара нәсілді американдықтардың жоюын және басынуын тоқтата алмады
[18].
Жалпы алғанда қазірге дейін өз мемлекеттерінде орындалып жүрген осы ұлы
құжаттар қазіргі кездегі өркениеттің негізін салғаны және онда
демократиялық және құқықтық мемлекеттің мәні мен мақсаты айқындалғаны
хақ[19]. Қазіргі кезде әлемдегі экономикалық және саяси-құқықтық жағынан
дамыған мемлекеттер осы табиғи-құқықтық концепцияны ұстанады. Біздің
мемлекетіміз де аталған концепцияны ұстанады. Осылай Қазақстан
Республикасының 1995ж 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1 бабының 1
тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады, оның ең қымбат қазынасы -
адам және адамның өмірі, құықтары мен бостандықтары деп бекіткен. Ал 12
баптың 2 тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан
жазылған, олар абсолютті деп танылып, олардан ешкім айыра алмайды және
заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы
осыған қарай анықталатыны көрсетілген[20].
Сонымен қатар дүние жүзілік тарих тек табиғи-құқықтық доктринаны ғана
қарастырып қана қоймаған. Ғылыми әдебиеттерде табиғи құқықпен қатар
позитивті құқықты да қарастырған мағлұматтар жиі кездестіріледі. Бұндай
құбылыс көбіне Кеңес дәуіріндегі құқыққа тән болды. Егер табиғи-құқықтық
теория адамның құқықтарын бөлінбес, санадан немесе құдай берген деп
ойлауға, не адамға тумысынан тиесілі деп жорамалдаса позитивті бағытты
ұстанушылар пайда болған және пайда болуы мүмкін құқықтар тек мемлекетпен
беріледі деп санайды. Бірінші жағдайда заң оған дейін орын алған құқықтар
мен бостандықтарды бекітуші деп қарастырылса, екіншісінде - оларды
қалыптастырады. Бірақ кеңес дәуіріндегі ғалымдар мемлекеттің берген
құқығынан басқа құқық бар екенін, яғни табиғи құқықты мүлдем жоққа шығарды
деп ойлау қате. Адам құқықтарының мемлекеттік емес қасиеттерін И.Е. Фарбер,
Е.А. Кучинский, А.П. Таранов өз еңбектерінде бөліп көрсеткен. Сонымен қатар
жоғарыда аталған ғалымдар адам құқықтарын заңда көрініс таппаған жағдайда
еш күші және маңызы жоқ деп таниды[21].
Кез келген құқық түсінігі егер ол синтез, қосынды, аталған
бағыттардың қосындысы болып келмеген жағдайда дұрыс деп санайды. Сонымен
қатар аталғандардың әр бірі екіншісіне тежеу ретінде, яғни әділеттілік
шегінен шықпай заңсыздыққа жол бермейтін күш деп қарастырады. Аталған
мәселе бойынша қазіргі заман ғалымдармен екі бағытты да ұстанатындығын және
мемлекеттің конституциялық тәжрибесінде көрініп отырғандай адам құқықтары
мен бостандықтарының пайда болуын табиғи құбылыс деп қарастырған күннің
өзінде олардың позитивті рәсімделуін жоққа шығармайды. Табиғи құқық адамның
мемлекет пен қоғамға өз құқытарының бұзылғандығын байқаған жағдайда оларды
қалпына келтіруге моральдік негіз береді деп айтуға мүмкіндік береді. Бірақ
оларды өмірге жүзеге асыра алмайды, ал позитивті құқық керісінше, өзінің
мазмұны жағынан тар бола тұрса да, құқықты қамтамасыз ету амалдары кең
болып келеді[22].
Осылайша қазіргі замандағы демократиялық құқықтық мемлекеттерде сонымен
қатар Қазақстан да бір-бірімен конкуренциядағы теориялар: табиғи және
позитивтік теорияларды жақындастыру мен біріктіру әрекеттерін аңғаруға
болады. Ал ол өз ретінде адам құқығы статусын бекітудің оптимальділігін
қамтамасыз етеді. Мемлекет табиғи құқықтың қей моральдік негіздеріне сүйене
отырып адам құқықтарының абсолюттілігі мен бөлінбейтіндігін мойындай отырып
олардың заңды түрде нақты орындалуын қадағалайды. БҰҰ-ң ұстанатын идеялары
мен екі негізгі қызметін атауға болады. Олар адам құқықтары жөнінде
халықаралық құқытық актілерді әзірлеу және мемлекеттердің адам құқықтарын
дұрыс орындалып жатқанын қадағалау. Қазақстан Республикасы осы саладағы
халықаралық интеграция процесстерінен тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта
біздің республикамыз адам құқықтарына қатысты әр түрлі аспектілерді
реттейтін ондаған халықаралық шарттарға қол қойып жұмыс істеп отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы
міндеттемелері мемлекеттің ішіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету
механизіміне өзінің оң септігін тигізді. Осындай институттардың қатарына
Қазақстан Республикасында өз орнын тауып отырған омбудсмен институтын
атауға болады.
Бүгінгі таңдағы алға қойып отырған басты мәселелер қатарына мемлекеттік
басқару және сайлау салаларын модернизациялау,бұқаралық ақпарат
құралдарының мәртебесін нығайту, құқық қорғау және сот органдарының
қызметін жетілдіру, сатылап сот присяжныйларын енгізу болып табылады .
Адам құқықтарының қалыптасуы және дамуына әлемдік өркениет тарихы
тұрғысынан көз жүгіртсек аталған процесс аяқталуға жақын деп санау қате
болады. Адамзаттың прогресс жолымен жүруі әр атқан жаңа күні адам
құқықтарының жаңа аспектілерін ашып оларды қоғамдық-саяси, мемлекеттік-
құқықтық тәжірибеге енгізіп, оны сезінуге талап етеді. Қазақстан
Республикасы да аталған процестің басты қатысушыларының
бірі болып табылады.
Әр мемлекеттің тәжірибесі көрсетіп отырғандай Конституция адам
құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы мен дамуы, қоғамның дамуындағы
формациялық ерекшеліктеріне сай орын алатын обьективті көрінісі болып
табылады. Аталған тұрғыда Қазақстан Республикасы да тыс емес. Қазіргі кезде
орын алып отырған адам құқықтары туралы концепциясын түсіну үшін оның даму
барысында басынан өткерген тарихи сатыларын түсіну керек. Қазақстанның
мемлекеттік-құқықтық дамуын талдау барысында елдің конституциялық
қалыптасуының тарихынсыз жаңа тәуелсіз мемлекет конституционализм
теориясының дамуын елестете алмаймыз дейді А.К.Котов[10] .
Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі концепцияның қалыптасуы мен
дамуын ашатын ірі үш кезеңге бөлуге болады.
- 1917ж дейінгі қазақ мемлекеттілігі.;
- Кеңестік дәуір (1917 – 1990жж.);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт (1990ж бері).
Әр кезең әлеуметтік және қоғамдық ортаға, мемлекеттің саяси және
экономикалық негізіне өз септігін тигізе отырып адам құқықтары мен
бостандықтары саласына жаңа идеяларды алып келді. Сонымен қатар идеялар,
дәстүр, кей қоғамда қалыптасып қалған нормалар тек одан кейін орын алған
кезеңдерге ғана өз септігін тигізіп қана қоймай, ерекше атап өтетін жай
адамдардың санасында да белгілі уақыт аралығында өз ықпалын қалдырды.
2. 1917ж. дейінгі қазақ мемлекеттілігіндегі адам құқықтары мен
бостандықтарының жағдайы

Қазақ қоғамында орын алған саяси-құқықтық ұйымдасуы ерекшелігі мен
Алаш үкіметінің ұсынған прогрессивті конституциялық идеяларымен
сипатталады.
Қазақ қоғамында тұлғаның құқықтық мәртебесінің концептуалдық негіздері
қазақ қоғамында ғұн, сақ, түрік қағандықтары кезінде қалыптасқан. Ұзақ
жылдар аралығында адам мен билік аралығындағы қатынас ұдайы дамып және
жетіліп отырды, сонымен қатар ол адам құқықтарын бағалауда саяси-құқықтық
баға беруді және белгілі бір қатаң ретті сақтап отырды. Жоғарыда
аталғандардың көбісін Қазақ хандығының құрылу (ХІҮ-ХҮғғ) кезеңінде анық
байқай аламыз. Мемлекетте жоғарғы орган болып халық жиналысы - құрылтай
болып саналды. Оның негізгі функциясы болып ханды сайлау болып табылады
және ол меритократия, яғни сол орынға сай келетінін ғана сайлау қағидасына
сүйене отырып жүзеге асырылды.
Пайда болған әр түрлі дауларды шешу, келесіде пайдалануға мүмкіндік
беретін нормаларды қалыптастыру билер институтына тапсырылған болатын. Олар
сот және заңшығарушылық билікке де ие болды. Сонымен қатар қоғамның
мемлекеттің араласуынсыз дау шеше ала алуы құқықтық дәстүрдің реттеушілік
қасиетінің жоғары болғанын көрсетеді[21].
Аталған демократиялық институттардың құрылуы ең алдымен халықтың
құқықтық санасының жоғары болғанының шарты болып табылады. Қазақтардың
бостандық пен теңдікті қастерлегені салыстырмлы түрде әйелдің еркі мен
теңдігі, жеке тұлғаға деген сыйластық және билікке құл секілді бағынбауы
арқылы көрінеді дейді А.Нысанбаев[13.220б.].
Қазақ мемлекеттілігінің демократиялық идеяларын
қалыптастырғандардың және Алаш Ұлттық автономиясының (1917-1919жж.)
конституциялық нормаларын әзірлегендердің ішінен А.Бөкейхановты,
А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты атауға болады. Алаш Үкіметінің ұсынған
бағдарламаларында сөз, баспа, одақтасу не бірігу бостандығы, таңдау құқығы,
ешкімнің тиіспеушілік, сот арқылы өз мүдделерін қорғау секілді және теңдік,
өкілдік, халық суверенитеті жөнінде басты идеяларды бекітті[22].
Қорыта келгенде қазақ мемлекеттілігі кезеңіндегі адам құқықтары
жөніндегі идеялар әлі күнге дейін өз өзектілігін жоймаған. Аталған кезең
әлі күнге дейін қазақ ғалымдары арасында талқыға өте қызықты болып
келеді[23-27].

1.3 Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы адам құқықтары мен бостандықтарының
жағдайы

Кеңес дәуірі кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары концепциясы өз
көрінісін заңгерлер мен саясаткерлер арасында ғана пайда болған теориялық
зерттеулер мен талдауларда ғана емес 1926ж (жоба), 1937ж., 1978ж
Конституцияларда да тапты.
Қазіргі кезде аталған конституциялар мазмұны конституция-фикция
үғымымен сипатталады[28]. Ғалымдардың айтуы бойынша кеңестік конституция
өзіне тән ерекшеліктеріне қарамастан қабылданушы қағидасына сай, яғни
социалистік идеяларды сақтау, жұмысшы топтың диктатурасының көрінісі
ретінде орын алды[29]. Ғ.С. Сапарғалиевтің байқауы бойынша бірде-бір
кеңестік Конституция формальді-демократиялық элеменнтердің жиынтығына
қарамастан қоғамның демократизациясын қамтамасыз ете алмады дейді[30].
1926 ж. ҚАССР Конституциясы - кеңестік Қазақстанның алғашқы жобасы
болып табылады. Авторлар мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынастың
концептуалдық негіздері Қырғыз (Қазақ) АССР-нің еңбекшілерінің құқықтары
туралы Декларацияда белгілеген. Ол социалистік қоғамды қалыптастырудың
негізгі мақсаттарын яғни адамның адаммен жұмсалуын болдырмауды анықтады.
Алғашқы декреттер мен конституциялық актілерінің басты етіп ұстанған
мақсаты пролетариатты үстем топ етіп , яғни оған биліктің басын ұстату
болды[31]. Еңбек етуші топқа қоғам ішінде ерекше орын бөлініп, билік
соларға тиесілі болуы керек деп саналды. Себебі, олар барлық материалдық
және рухани байлықтың негізі деп есептелді. Адамдар арасында көмек,
коллективизм және гуманизм негізіндегі қарым қатынастарды орынықтыруды
көздеді[29]. Бірақ қоғамдық тәжірибе бұл теория орныға алмады. Шаруалар
мен еңбекшілер эылуы тиіс демократиялық мемлекеттің орнына біз халықты ірі
үшін қорқынышта ұстайтын, қоғамдық бостандық және адіғі дейтін ұғымдар жәй
әншейін сөз болып қалған, қатаң аппараты бар аяусыз тоталитарлық жүйеге
келдік , - дейді.
Кеңес дәуірінде орын алған конституциялардың барлығы аталған қағидаға
сүйеніп жасалғанын ескерсек ол табиғи құкық теориясына әбден қайшы
келетінін де атап өткен жөн. М.Ф. Рудинский осы тұрғыда келесідей ойға
келеді: Кеңестік қоғам тарихына үнілетін болсақ кеңес дәуіріндегілер
пролетариат диктатурасы мен топтық күрес туралы марксистік ережелерде
адамның жеке құндылығы абсолютті емес және тұлға қай потқа
тиесілілігіне байланысты белгілі бір артықшылықтарға ие бола
алады деп өз тұжырымын жеткізеді[32]. Жеке тұлға бостандығы бұнда
обьективті түрде орын алған жоқ. Себебі антогонистік қоғамдық-
экономикалық формация жағдайында еркіндік тек жоғарғы тұрған топқа ғана
тиесілі болды деп саналды[33].
Жоғарыда аталғандарға мысал ретінде Конституция нормасында
көрсетілгендей өз еңбегімен табыс таппайтындар бір де бір билік
органдарында орын ала алмайтыны және белсенді сайлау құқығына ие бола
алмайтын болды (2п).
Конституцияда бұндай нормалардың бекітілуі тек адам құқықтарын
ығыстырып қоюды ғана емес жалпы демократиялық нормаларда аластауды да
көрсетеді[34].
1937ж ҚазКСР-ң Конституциясы алдыңғы жобадан демократизімнің кей
белгілерінің айқын көрінуімен ерекшеленеді. Жаңа конституциялық жүйенің
қалыптасуын кеңестік теоретиктер мемлекеттің жетілуінің келесі сатысына
өтумен, яғни социализм негіздерінің қалануы, эксплуотаторлық топтардың
түгелдей жойылуы арқасында социалистік демократияның кеңейуіне мүмкіндік
береді деп түсіндірді[35]. Топтық айырмашылықтарды жою арқылы біртекті
әлеуметтік қоғамды қалыптастыру тұлға теңдігінің бірден-бір негізі деп
саналды. Адамзат тарихында алғаш рет социализіммен адам экономикалық және
әлеуметтік құлдықтан босатты[34].
Буржуазиялық демократия идеологтарының критикасында кеңес халқының
едәуір бөлігінің мемлекет істерін басқарудан алыс болуына назар аударады,
нағыз демократия (ондай демократия -социалистік демократия) кезінде халық
жоғарғы билікті өз қолында сақтай отырып, билік функциясын жүзеге асыруды
жекелеген органдарға (мысалы, Кенестерге) және өз қатарынан шыққан
лауазымды тұлғаларға жүктей алады [36]. Сонымен қатар қазіргі кездегі
барлық дерлік ғалымдардың көзқарасы Кеңес дәуірі кезіндегі орын алған
әрекеттер формальды болғанын, ал нақты мемлекет және қоғам өмірі үшін
маңызы бар шешімдерді тек Коммунистік партия қабылдағанын айтады. Ал
Коммунистік партияға тиістілігі жеке тұлғаның орын алып отырған режимге оң
көзқарас тудырып және оның белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастырды.
Осы Конституцияда еңбек етуге және демалысқа құқықтары, қартайған
кезінде әлеуметтік қамсыздандыруға, ер мен әйел, адамдар арасында олардың
нәсілі мен ұлтына қарамастан теңдігін бекітті(96-і бап). Сонымен қатар сөз
және баспа, жиын және митинг, демонстрация және көше аралау бостандығы тек
еңбек етушілердің мүдделеріне қарсы болмаған жағдайда және әлеуметтік
жүйені нығайту мақсатында ғана жүзеге асырылады делінген ( 10 Збап). Осы
жерде айта кетерлік бір жай азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерін
егжей-тегжейлі бекіту орын алды.
1978ж Қазақ ССР-ң Конституциясы. Аталған заң нормасы жеке тұлғаны қоғам
мен мемлекетке бағындыру және әлеуметтік қағидалар шегіне шықпайтындай етіп
позитивті адам құқықтарын қалыптастыруды бекітті.
Аталған Конституция адам құқықтарының социалистік концепциясында өз
ерекшеліктеріне де ие болды. Яғни сол кездің ғалымдары адам мен қоғам
мүдделерінің бір жерден шығатынын, ал қоғамдық мүдде бұнда тек қоғам
дамуының обьективті қажеттілігін ескеріп қана қоймай сонымен қатар жеке
адам мен бүкіл халықтың мүддесін жақтайды деп есептеген. Буржуазиялық
теорияларға қарама-қарсы адамның индивидуалдығы оның табиғи негіздері мен
психикалық қасиеттерінде көрініс табады дейді[34]. Сонымен қатар мемлекет
әр адамның қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, өз азаматтарына өте
кең құқықтар мен бостандықтар береді және оларды сенімді кепілдер жүйесімен
қамтамасыз етеді[37].
Конституцияда бүкіл билік халықтың қолында деп жарияланған болатын.
Халық өз билігін Халық депуттатарының Кеңесі арқылы жүзеге асырады деп
есептелген (2бап 1;2тармақтары). Тікелей демократия ретінде мемлекет
өміріндегі маңызды мәселелер бойынша бүкіл халықтық талқылау және бүкіл
халықтық сайлау (референдум) өткізу болды (5бап). Кеңес қоғамының саяси
жүйесін дамытудың басты бағыты болып социалистік демократияны дамыту яғни,
қоғам мен мемлекетгі басқаруға неғұрлым көп азаматтарды қатыстыру, қоғамдық
ұйымдардың белсенділігін арттыру, қоғам мен мемлекеттің құқықтық негізін
нығайту, жариялылықты арттыру, әрдайым қоғамның пікірін біліп отыру (9
бап). Бірақ осыларға қарамастан ешқандай саяси плюрализм туралы сөз болған
жоқ. Қоғам дамуының басты бағыттарын, сыртқы және ішкі саясат бағыттарын
және кеңес халқының өміріне басшылық етуді саяси жүйенің негізін құрайтын
Коммунистік партия жүзеге асырды (6 бап).
Кеңес азаматының құқықтары мен бостандықтары едәуір түрде кеңейтілді
(Мемлекет және түлға 2 тарау). Аталған заңда бекітілген кұ-қықтар мен
бостандықтар сипаты және мазмұны жағынан қазіргі кездегі демократиялық
мемлекеттерде бекітілген құқықтар мен бостандықтарға өте ұқсас болып
келеді. Бұндай өзгерістердің орын алуын Кеңес Одағының Азаматық және саяси
құқықтар жөніндегі Халықаралық актқа және Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық актқа мүше болғандығымен
байланыстыруға болады. Социалистік демократияның кері әсерін ескере тұра
Кеңес Үкіметімен адамның әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз
ету үшін көп жағдай жасағанын айта кету керек. Және соған қарамастан адам
құқықтарының концепциясы өзгеріссіз, яғни жеке адамның табиғи және бөлінбес
құқықтарын орын алуын жоққа шығарып отырды. Бірақ В.А.Кимнің Кеңес
дәуірінде өткен оң тәжірибелер ен өзгерістерді байқамай кетуге болмайды.
Себебі ол қазіргі кезде қалыптасып отырған адамның құқықтары мен
бостандықтарының қалыптасуы мен оның ең басты құндылық деп санауына өз
үлесін қосып негізін қалаған деген тұжырымын тек деп қарастыруға
болмайды[38].
80-ші жылдары адам құқықтар мен оған жеке индивид ретінде қалыптасуы
мен Оның ролі мен қоғамда және мемлекетте алатын орны туралы ойлар
өзгереді. Аталған уақыттан бастап ғылыми әдебиеттерде адам құқықтарының
проблемалық мәселелеріне және қоғамды демократизациялауға көңіл бөліне
бастады. Бұндай еңбектер аталған уақытқа дейінгі адам құқықтары туралы
қалыптасқан идеяларынан арылған. Кеңес Одағы аумағында құқықтық мемлекет
құру параметрлері жобаланып индивидтің құқықтық мәдениетін, санасын
жоғарылату, сот жүйесін реформалау қажеттілігін ұғына бастады[39-43]. Адам
құқықтары мәселелерін дамыту және жобалауда бірнеше қазақ ғалымдарының
ойлары озық болғанын да айта кету жөн[44-48].
Тарихта орын алатын осы уақытты бағалай отырып Президент Н.Ә.Назарбаев
келесідей тұжырымға келеді: Біз, қазақстандықтар, рух иерархиясы
басқарған нақтылық және келешектің қандай болатыны анық айқындалған жабық
қоғамда өмір сүрдік. Бұнда біздің кінәміз бар ма? ... Жоқ, егер біз орын
алып отырған жағдайға қарамастан бізге артып қойған рухқа құлшылық пен бас
июде қала берсек, алдыңғы кезеңдердің және құндылықтардың абсолютті емес
екенін сезіне тұра жаңаша өмір бастай алмасақ кінәлі болар едік -,
дейді[49].

4. ҚР-ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттағы жеке тұлғалардың
құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасыныц тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт. Қазақ
АССР-ң 1990 ж. 25 қазанда қабылдаған тәуелсіздік туралы декларациясы39 адам
құқықтары мен бостандықтары концепциясының қалыптасуының жаңа бір кезеңі
болып келеді. Аталған құжат мемлекетті демократизациялаудың негізгі
идеяларын, құқықты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерді көздеген
және біздің мемлекетте нағыз конституциялық құрылымды қалыптастыруға үлкен
септігін тигізді дейді А.К.Котов40.
Декларацияда адам құқықтары мен бостандықтары концепциясын анықтайтын
ең бір басты ережесі ретінде мемлекеттік биліктің жалғыз ғана қайнар көзі
және суверенитеттің иесі ретінде өз билігін тікелей немесе өз өкілдері
арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстанның көп ұлтты халқын тану болып
табылады (4п.). Алғаш рет конституциялық тәжірибеде биліктің үш заң
шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөлінуі орын алды (7 п.). Декларацияда
саяси және идеологиялық көптік қолдау тапты, яғни мемлекет пен қоғамды
қалыптастыруға және белсене араласуға теңдей құқық берді (5 п.). Көп
партиялық саяси жүйенің негізі болып саналды. Жетпіс жылдан астам уақыттан
бері көлеңкеде қалған діни ұйымдар шықты. Сонымен қатар адам құқықтарының
орындалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілдігі ретінде олардың ұлтына, қай
партияға тиесілі екеніне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең деп санау
болды. Приверженность общечеловеческим ценностям выражает признание
Академик С.З.Зиманов аталған Декларацияда қарада көрінетін ақтай адамды
оның ұлтына, сенім-нанымына қарамастан тең құқықты және тәуелсіз тұлға
ретінде танып, осының арқасында мемлекет аумағында тұратын халықтар
татулығы мен консолидациясын орнату идеясы айқын көрініп отырғанын
айтады41.
Адам құқықтары концепциясының дамуында келесі бір маңызды оқиға 1991 ж.
16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заңның қабылдануы болып табылады. Аталған заң Қазақстан
Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекет құру туралы алға
қойған мақсаттарын айқын көрсетті (1 бап).
1993ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы осыған дейін қабылданған
нормативтік актілерде көзделғен адам мен мемлекет арасындағы қатынас
жүйесін одан әрі дамытып бекітті.

Негізгі заңда белгіленгендей адам және оның өмірі,
бөлінбес

құқықтары мен бостандықтары басты құндылық деп есептелді. Мемлекет өз
қызметін адам мен қоғам мүддесіне сай жүргізді (Конституциялық құрылым
негізінің Үшінші ережесі).
Жаңа Конституцияда адам құқықтарының конституциялық мәртебесін
анықтауға бөлінді (1 Бөлім). Адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруды шектеу туралы нормалар енгізілді (өзге азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті қорғау
мақсатында). Және осының ішінде конституцияда бекітілген құқықтар мен
бостандықтар қозғалмауы тиіс болды (2 бап). 1993ж. Қазақстан
Республикасының Конституциясы алдыңғы Кеңес дәуіріндегі Конституциялардан
айырмашылығы ол тікелей әсері және жоғарғы заңды күшке ие болды
(Конституциялық құрылым негізінің Жетінші ережесі).
Сонымен қатар, Конституцияда адам құқықтары саласындағы халықаралық
нормативтік құқықтық актілердің басымдылығы жөніндегі норма (3 бап) орын
алғанымен адам жеке тұлға ретінде толық санала қойған жоқ, ал оның
құқықтары әлде де мемлекетпен туындайтын қатынастар призмасынан қаралып
отырды. Оған мысал ретінде 1978ж. Конституциядан келген құқықтарды
келтіруге болады. Аталған мәселе назарсыз қалуы мүмкін емес еді, сондықтан
қазақстандық ғылымда демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайту туралы
дискуссиялар пайда бола бастады, сонымен қатар билік тармақтарының бөліну
моделін жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау механизімінің эффективтілігін арттыру мәселесіне де
назар аударылды42.
1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Аталған Конституцияның
қабылдануына 1993ж. қабылданған Конституцияның мемлекеттік билік
институттардың құрылуының кемшіліктерін жоюмен қатар адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының шебін кеңейту болып табылады. Аталған
кемшіліктердің орын алғанына қарамастан, 1993ж. қабылданған Конституцияның
оң ізін де атап өткен жөн. Қазақстандық ғалымдармен қатар 1993ж.
Конституцияның оң ықпалы туралы Ә.Кекілбаев былай дейді: 1993ж.
Конституция сол кездегі ауыр жағдайға қарамастан кеңестік мемлекеттіліктен
және тоталитарлық режимнен демократиялық мемлекетке ауысуды бейбіт жолмен
жүзеге асуын бекітті. ... Бірақ бекіткен идеалары құқықтық астары жеңіл
жобаланған себепті орныға алмады. Бірақ, оның да өзіндік пайдасы болды43.
Н.Ә.Назарбаев: осы кезде орын алған келеңсіздіктер болашақта дұрыс бағытта
өсіп-өрбуге мысал болды -, дейді.
Жаңа Конституцияның жобасын дайындауға ең үздік деген ғалымдар мен
практиктер қатыстырылды. Және қалың бұқара халықтың ойы да ескерілді. Осы
күрделі жұмыстың аяғы болып 1995ж. 30 тамыз күні бүкіл халықтық референдум
арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы болып
табылды.
Мемлекет және қоғам құрылымының фундаментальді негіздері
Конституцияның ібабында былай дәйектелді: Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық жэне әлеуметтік мемлекет деп таниды және
оның басты құндылығы болып адам, оның құқықтары мен бостандықтары
саналады. Жоғарыда айтылғаннан адам құқықтарын реттейтін нормативтік
құқықтық актілерде нормативтік-табиғи доктрина негізге алынғанын көруге
болады. Алғаш рет негізгі заңмен адам құқығы атты дара юридикалық
категорияны бекітеді. Алдындағы Конституция болса адам құқықтарын азаматтың
статусымен байланыстырған болатын- ды. Өзгеріс тек терминологиялық
алмастыру емес, нағыз демократиялық бастаулармен бірге белгіленген
индивидтің статусын белгілейтін құқықтық негіз. Осылайша адам құқықтарының
қазіргі кездегі теориясына орай адам құқықтары мен азамат құқықтары
мазмұны жағынан пара-пар емес, олар тұлғаның статусын айқындайтын әр түрлі
аспектілер. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттердің
Конституцияларында екі ұғым қоса қолданылады. Аталған ойды жақтаушы А.Е.
Лукашева адам мен азаматтың құқықтары деп екі бөліп қарау тұлғаны тек
мемлекетпен немесе тек қоғаммен байланыстырып қоюдан арылтады деп санайды.
1995ж. Конституция алдыңғыға қарағанда адам мен азаматтың құқықтарының
мазмұнын саяси жэне экономикалық шарттарды ескере отырып неғұрлым кеңейтіп
қарастырады (Адам және азамат 2 тарау). Осында тағы бір айта кетерлік жай
адам мен азамат кұқықтары мен бостандықтарына арналған тарау БҰҰ-мен
қабылданған Халықаралық адам құқықтары туралы декларация және адам
құқықтары жөніндегі Халықаралық пакттар негізінде жасалуы. Жеке тұлғаның
құқықтары қазіргі кезде расында ұйымдастырушылық, экономикалық, саяси және
құқық негіздер де қамтамасыз етіліп отырады.
Н.Ә.Назарбаев атқарылған жұмыстарға баға бере отырып, Негізгі Заң
арқасында Қазақстанда адам өзін-өзі толық көрсетуі үшін (самореализация)
және қоғамның әрі қарай демократизациялануы үшін пайдалы жаңа құқықтық
кеңістік пайда болғанын, сонымен қатар экономикалық еркіндік, саяси және
идеологиялық әр алуандылық, заң алдында барлығының теңдігі Қазақстанның
құқықтық мемлекет ретінде дамуына негізгі шарт ретінде болып отыр деп
тұжырымдайды. Өткен жылдар орын алып отырған Конституцияның демократиялық
негізінің бар екенін қөрсетіп отыр. Е.Жұмабаевтың айтуы бойынша,
конституциялық модельге болашақта өзін әлі толығымен орнықтыру керек, бір
нәрсе анық, Конституцияның экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерге
ұшырауы мүмкіндігіне қарамастан оны жетілдіріп қорғауымыз қажет. Бірақ орын
алып отырган конституциялық модельді өзгертуді болдырмауға тырысу
керекпіз. Айтылған тұжырыммен келіспеу мүмкін емес. Н.И.Акуевтің
айтуы бойынша, конституциялық жетілдірудің өнері мен ұлылығы қоғамның нағыз
қажеттіліктерін анықтау, әлеуметтік процесстерді реттеп, бөлек күштерді
гармонияға келтіріп, оларды тепе-теңдікке келтіріп, қоғамдық татулық пен
саяси қалыпты орнықтыру болып табылады44.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары
концепциясының дамуына келетін болсақ, бұл процесс ешқашан біркелкі және
белгілі бір ретпен жүретін процесс болмағанын айту керек. Адам құқықтары
туралы идеялардың бір уақытта күрт төмендеуі, мемлекет пен тұлға арасындағы
қатынастардың пайда болуы мен реттелу амалдары туралы алуан түрлі
концепциялардың орын алғаны өз әсерін тигізді. Ата-бабаларымыздың зор
тәжрибесі мен қазақ халқының өзіндік ерекше саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени танымын ұстанып отырған адам құқықтары мен бостандықтары
концепциясының қалыптасуына алып келді.
1. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері.

2.1. Адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен міндеттерінің
жүйесі.

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында
орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары
тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі
қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қатысты тұтастай
құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты
мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ жарғысы (1 баптың 3-ші
тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұрақты тұратын барлық
адамадардың, қандайда болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен
қағидаларына сүйенеді. Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер адам
мен азаматтардың келесідей негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялайды:
кез келген адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол
сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір – қасиетін кемсітетіндей
көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында
тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын
мемлекет шегінде еркін алмастыруға және басқалардың денсаулығын және тұрмыс
жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем
алуға құқылы. Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқықтары мен
бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары
мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматтқа
қатынасы туралы қағида орнықтырылды. Адам құқықтары мен бостандықтары
әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім
айыра алмайды, заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны
мен қолданылуы осыған орай анықталады (12 баптың 2-ші тармағы). Бұл
адамның табиғи құқығын мемлекеттің тануы және бастау алар қайнар көзі болып
танылады және Конституцияның Адам және азамат деген 2-тарауының мазмұнын
белгілейді. Мұнда адам құқығымен бірге азаматтардың құқықтары мен
міндеттері айтылады. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай
құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады (12 баптың 3-ші тармағы). Сөйтіп,
аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заңы тарихында бірінші рет
азаматтардың құқықтары және міндеттері мен бірге адам құқығы ұғымы
бірнеше рет танылады. Сөз жоқ, адам құқығы мен азамат құқығы ұғымы бір
біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам.
Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматтыққа қатысты. Адамға тумысынан
жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкімде айыра алмайтын
құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасының азаматтарына да тән.
Сонымен бірге табиғи құқықтары мен бостандықтары шетел азаматтарына және
азаматтығы жоқ адамдарға да берілген. Алайда азаматтық құқығы азаматтық
құқығына ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа меңінше кең құқықтар мен
бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына
орай айырықша міндет жүктейді. Міне осы негізде Қазақстан Републикасының
Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты
болса онда барлығы, адам, әркім, ешкім де емес деген терминдар
қолданылады. Егерде құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты
болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-ші бапта : әркімнің құқық объектісі
ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын,
қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдерменқорғауға құқылы делінген. 14-ші бапта Заң мен сотта жұрттың
бәрі тең екендігі айтылады. 17-ші бапта былай жазылған Ешкімді азаптауға,
оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір –
қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен бірге,
егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса,
бұған айырықша мән беріледі Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын
қандайда жағдай бомасын азаматтықтан айыруға болмайды. Конституцияда
Республика заматының әскери қызметті өтеудегі міндет айырықша атап
көрсетіледі және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, шетел
азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнайы мәртебеге
иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-ші бабында Конституцияда,
заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен
бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады деген.
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды.
Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысы мен қадір – қасиетіне қол
сұғуына ешкімнің де құқығы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге
айырықша назар аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір –
қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен
қорғалуға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар жұмыс
жасайды. Адам өзінің құқығы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып
Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде бір мемлекеттік орган, бірде
бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды. Бұл, адам құқығы мен
бостандығын шектеген жағдайда, оған қай заңды бұзғаны, қандай құқық
бұзушылық жасағаны туралы хабарлануы тиіс.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы - өмір сүру құқығы.
1. Әркімнің өмір сүру құқығы бар;
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиуға құқығы жоқ. Өлім жазасы ерекше
ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай
жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.
(Конституцияның 15-ші бабы) Өлім жазасы ауыр қылмыс жасаған адамның ерекше
қауіптілігіне байланысты және жауаптылықты ауырлататын мән жайларда
қолданылады. Өлім жазасын қолдану туралы үкім шығармас бұрын сот мұндай ең
ауыр жазаны қолданудың мән-жайын жан жақты дәлелдеп, өлім жазасына кесілген
адамды толық сипаттап көрсетуі тиіс. Сонымен бірге сот сотталушының
психикалық дертке ұшырамағанын да анықтауы тиіс. Мұндай дертке
ұшырағандарға жаза мүлдем қолданылмайды.
Өлім жазасына кесілген адам кешірім жасау туралы өтінішпен
Қазақстан Республикасының Президентіне жүгінуге құқылы. Кешірім жасау
туралы шешім шығарған кезде, сотталған адам қандай кісі, бұрын сотталған
ба, бұрын оған кешірім жасалынған ба, жасы, отбасылық жағдайы және тағыда
басқа мән жайлар ескеріледі.
Жек адамның өміріне қол сұқпаушылық Конституция арқылы қорғалады.
Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға басқадай қатыгездік
немесе адамның қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға
болмайды (17-ші бап).
Конституцияның осы қағидасы негізінен, лауазымды адамдарға қатысты.
Қазақстан Республикасының заңдары денеге жарақат түсіретін адамның қадір-
өасиетін қорлайтын мұндай шаралардың қолданылуына үзілді – кесілді тиым
салады. Азаптау - ұрып-соғу, төбелесу, денеге жарақат салу түрінде көрінуі
мүмкін.
Сондай-ақ ар намыс бостандығы да адам бостандығының көрінісі болып
табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатыстылығын белгілеуге
құқылы. Егер адам қайсы бір дінге сенетін болса оның діни рәсімдерді әдет-
ғұрыптарды орындауына кедергі келтіруіне құқығы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді
әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа адамның қоғамның заңды
мүдделеріне кеселін келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқығы мен
бостандықтарын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер
мен артықшылықтар беруге тиым салады. Конституция бірде бір діннің
артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті
қоздыру адам құқығын бұзу болып есептелінеді. Дінге сенетіндер қасиетті деп
есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау, ұрлау
мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.
Заң ар намыс бостандығын жариялай отырып, адамды оның азаматтық
міндетін орындаудан босатпайды. Өзінің діни көзқарастарын бетке ұстап
азаматтың заңды атап айтқанда әскери міндетін өтеуден бас тартуына құқығы
жоқ. Діни бірлестіктерді мемлекеттерден бөлу ар намыс бостандығының басты
кепілі болып табылады. Мемлекет, оның органдары, лауазымды адамдары діни
бірлестіктердің қызметіне араласа алмайды. Қайсы бір дінге немесе дінге
сенбеушілерге жеңілдіктер берілмеуі тиіс. Сонымен Конституция діннің
қоғамдағы орнын белгілейді.
Республикада саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол
берілмейді (5-ші бап).
Бұл ереже әр түрлі бағыттағы дінге сенбеушілердің арасында бейбіт
қатынастарды сақтауды көздейді. Екінші жағынан, көптеген діндер және діни
бағыттар бар қоғамда қайсы бір дін иделогоиясының мемлекеттік дін
идеологиясына айналып кетпеуіне кепілдік жасайды. Адамдардың өткен және
бүгінгі ұрпағы мәңгілік және идеялар қарсылығына төзбеушілігімен жеке
басқа табынушылығы мен іс жүзінде өзіндік діни идеологияға айналған.
Коммунистік партия идеологиясының қатігез үстемдігін басынан кешірді.
Күштеп жүргізілген ой бірлігінен қоғам да адам да ұтқан жоқ. Айналып
келгенде мұндай жағдай Коммунистік партияны басын жұтып тынды. Айта кету
керек, тек діни идеология ғана емес, сондай-ақ қандайда болсын саяси
партияның , басқа да кез келген қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы
мемлекеттік идеология ретінде белгілене алмайды. Бұл арада ешқандай
демократияны шектеушілік жоқ. Керісінше, Қазақстанның мемлекеттік өмірін
идеяландыру құрсауынан босатау алуан пікірлі демократияның дамуына ықпал
етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның ең сапалы қасиеті -
ар намыс пен қадір-қасиеттін жоғары қояды. Ар намыс барлық халықта да
жанның бекзаттығының көрінісі ретінде есептеледі. Басыңды арың сақтайды,
Ардан ақыл туады, ақылсыздық ең соңғыңды қуады, Дүреленсеңда арыңды
сақта дейді орыс мақалы. Қазақ атамыздың да Арың үшін жан пида, Малым
жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деген қанатты сөздер ықылым
заманнан бүгінгі күнге дейін жетті. Ізгілікке негізделген қоғамда ар намыс
пен ар ождан заңмен қорғалады. Сондықтан Қазақстан Республикасын
Конституциясының 17-ші бабында Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды
деп жазылған.
Бұл қағида қылмыстық және азаматтық заңдарда нақтыланады. Егер кімде
кім адамның арнамысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мәліметтер
таратса және оның ақиқаттығын дәлелдей алмаса, онда ол қылмыстық, мүліктік
жауаптылыққа тартылады. Жәбірленуші, егер мұндай мәліметтер жалған деп
есептесе сот арқылы беделін қалпына келтіруге, сондай-ақ келтірілген
моралдық зардап үшін мүліктік құн талап етуге құқылы.
Заң дамның қадір-қасиеті мен ар намысын кемітетін қылық ретінде
қорлауға тиым салады. Қорлау – жағымсыз, жалпы адамзаттық мораль қағидалары
тұрғысынан бұған жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын ашу
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебе
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Пәндер