Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны



Жоспар
1 Өмірбаяны
2 Шығармалары

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор,
тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін Шаһкәрім деп те көрсетеді.
Өмірбаяны
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау
бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді
Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі
бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың
тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің
Мұтылғанның өмірі атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан
сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен
қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: қажы марқұм мені
„жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе,
соны істеп ғылымсыз өстім деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе
келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
 
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады,
молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен
қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу,
т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы
тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын
ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар
оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі.
Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шығармалары
Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық
көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын Үш анық,
Мұсылсандық шарты атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы Жолсыз
жаза, Қалқаман — Мамыр, Ләйлі — Мәжнүн т.б. жыр жинақтары мен
поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен Бұл ән бұрынғы әннен
өзгерек, Жастық туралы, Анадан алғаш туғанымда сияқты жиырмаға тарта
әсем әуезді әндер туған.
Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне
аударған. Шәкәрімнің бір өлеңі:
Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,
Бәрібір сен де елірме дуанасың.
Дос мақтасса, не пайда онан саған,
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?
Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса,
Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?
Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе?
Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын,
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.
Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,
Дұшпан мақтар елірте бермек үшін.
Есептемей есірік елің мақтар,
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.
Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,
Мақтаулыны білерлік адам қайда?
Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік
Жол таптағы ақылды солай айда.
Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін,
Дұшпан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.
Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,
Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.
Келеркетер зиян жоқ мұнан тағы,
Мін болмайды наданның қорламағы.
Білімділер сөгерлік ісің болса,
Жоғалта бер, айласын ойладағы.
Түйіп айтқан талассыз мақтау, боқтау,
Жақсы іске — ындын, зиянға салар тоқтау.
Көп наданның сөзімен құйқылжысаң,
Сен де жында боласың есі жоқтау!
Кеңестік заманның әділетсіздігінен зардап шегіп, қарақшының қанды қолынан
қаза болған көрнекті ақын, философ әрі сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының
соңында қалған мол мұрасымен туған халқы кешігіп қауышты. Шәкәрім  Абайдың
қайталанбас ән дәстүрін жалғастырып қана қоймай, оны ары қарай дамытқан
тума талант иесі еді. Оның сұлу сазға, әсем әуенге бай алуан қырлы ойлы
әндерінен адамдық болмысы, өмірге көзқарасы, асқақ арманы айқын көрінеді.
ӘКЕ АМАНАТЫНА АДАЛДЫҚ Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары елдің саяси
өміріндегі орын алған жылымық қазақ әдебиетінің бір топ шоқ жұлдыздарының
ақталуына өзінің септігін тигізгені мәлім. Солардың арасында Абайдан
кейінгі кесек тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар еді. Дәл сол кездері
ақынды елімен жақынырақ таныстыру яғни қайта қауыштыру, мол мұрасын кеңінен
насихаттау, зерттеу, талдау мәселесі қолға алына бастағаны белгілі. Міне,
осы тұста біз Шәкәрімнің сазгерлік өнерін зерттеп жүрген музыкатанушы
Талиға Бекхожинамен кездесіп, ол кісіні әңгімеге тартқан болатынбыз. 1966
жылдың ақпан айы болатын. Ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының музыка бөліміне алпысты алқымдаған, ұзын бойлы,
тіптік, қара торы кісі келді. Ол кезде бөлім бастығы академик Ахмет Жұбанов
еді. Екеуі өзара шүйіркелесіп біраз әңгімелескеннен кейін Ахмет Қуанұлы
мені қасына шақырып: Мына кісі белгілі ақын Шәкәрімнің баласы. Сен осы
кісі айтқан әндерді жазып ал, ноталарының бір данасын маған, екіншісін мына
отырған Ахат ағаңа бер,деді. Сөйтіп, артына аса бай мұра қалдырған,
ғажайып дарын иесі Шәкәрімнің әндерін алғаш нотаға түсіру бақыты менің
үлесіме тиді.Сол жолы Ахат әкесінің Жастық, Шын сырым, Ажалсыз әскер,
Насихат, Жаңа ойдан шығарған бір бөлек ән, Кетермін, артымда сөз, әнім
қалар, Тыныштық жоқ, тыным жоқ, Қалқаман  Мамыр, Дубровский деп
аталатын он үш әнін өзінің орындауында магнитофон таспасына жаздырды, 
деген еді сонда Талиға ерекше мақтаныш сезіммен. Ал екі жылдан кейін ол
әкесінің тағы бір әнін әкеліп, Талиғаға тапсырады. Мен олардың тональдық
түрлерін сақтай отырып нотаға түсірдім. Мұхтар Әуезов мұражайындағы бір
кездесуде бұл әндерді күйсандықта ойнап, айтып бергенімде, Ахат ағай қатты
толқып, көзіне жас алды. Ризашылық білдіріп, алғыс айтты. Ахаттың өзі де
зерек, алғыр болып ержетсе керек. Тұлпардың тұяғына тән қасиет оның бойына
әкенің қанымен дарыған десек ақиқаттан алшақ кетпеспіз. Дерек көздеріне
сүйенсек, жастайынан әке өнегесін көріп өскен ол әндерді Шәкәрімнің өзінен
үйреніп, жадында жаттап алған көрінеді. Әрі өзіде сазгер болғандықтан
әндерді дәлмедәл үйренгені даусыз. Сондықтан Ахат жаздырған ән үлгілерін
негізгі нұсқа деуге келеді. Әрине, Шәкәрімнің өзінің шығыс нота жазуымен
қағаз бетіне түсірген қолжазбасы табылса, сөз басқаша болмақ,  дегенді
Талиға. Қазақтың дәстүрлі әншілерінің орындаушылық өнерінің ерекшелігіне
байланысты мына бір жайды айта кеткен жөн. Олар алуан қырлы халық әндерін
үйрену, игеру барысында өзінің танымталғамына, айту мәнері мен шеберлігіне
әрі оның өзіндік деңгейіне байланысты әндерге өзгерістер енгізетіні біз
айтпасақ та түсінікті. Кейбір әншілер айтуға ауыр сөздерді, шумақтарды
өздерінің дауыс ауқымына қарай алмастырып отырған. Кейде өздері де жеңіл,
жүрдек әуен тауып немесе өздері әнге лайықты жаңа сарын шығарып орындап та
жүрген. ЖАҢА ОЙДАН ТУҒАН БӨЛЕК ӘН Шәкәрім әндері мұндай өзгерістерге аз
ұшырағанын байқау қиын емес. Себебі, әндерінің көбісі баласының айтуымен
қағазға түсірілгендіктен олар түп нұсқасын, мәнмағынасының тереңдігін,
форма өзгешелігін, өлең құрылысын, ән мақамын бәз қалпында сақтап қалған.
Ақынның әуендері күрделі, иірімдері қиын болып келетінін Шәкәрімнің әндерін
орындап жүрген әншілерден талай рет естідік. Өйткені, олар қалыптасқан
қазақтың халық әуендері үлгісінен шығыңқырап кетеді. Себебі, әннің сөзінің
құрылысы солай. Өлеңнің өзі ақынға тән басқа формамен жазылған. Бұған
дәлелі 1925 жылы жазылған, бүгінде әншілер Жанар Айжанова мен Тамара Асар
айтып жүрген Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,  деп аталатын әні. Енді ән
сөзінің құрылым ырғақтарына көз жүгіртіп көрелікші: Ән  өлшеуіш, Өлең 
күміс, Қоспаңыз мыс Аралас, Артық алу, Не кем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Пәндер