Қазақстан Республикасының ақпараттық- технологиялық дамуы



КІРІСПЕ

1 ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... ... 5
1.1 Қазақстан өнеркәсібінің әртараптандыру мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Нарық жағдайындағы ақпараттың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Өндіріс интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1 Қазіргі ақпараттық.аналитикалық жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен ендірілуінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

3 «АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ» АНЫҚТАМАЛЫҚ.АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.35
3.1 Мәліметтер базасын құру қажеттігі мен негізделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.2 Жүйені бағдарламалау: пән аясын анықтау, байланыстарды
орнату, запростар жасау, формалармен жұмыс істеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... ... 5
1.1 Қазақстан өнеркәсібінің әртараптандыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2 Нарық жағдайындағы ақпараттың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Өндіріс
интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
2.1 Қазіргі ақпараттық-аналитикалық
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен ендірілуінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.35
3.1 Мәліметтер базасын құру қажеттігі мен
негізделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...35
3.2 Жүйені бағдарламалау: пән аясын анықтау, байланыстарды
орнату, запростар жасау, формалармен жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..38
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі шаруашылық субъекттердің
функционалдауына жағдай жасау мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып
табылады. Экономикалық өсуді ынталандыруда мемлекет қазіргі кезде
өндірістегі технологиялық өзгерістерге сүйенуі тиіс. Қазақстан қазіргі
таңда пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар ел. Осы себептен өнеркәсіп
саласын жетілдіру оның басты бағыты болуы тиіс.
Өнеркәсіптің дамуын тежейтін факторлар өнім өндірудің төменділігі,
отандық тауарларға сұраныстың мардымсыздығы, өндірілетін тауарлардың төмен
бәсеке қабілеттілігі, кәсіпорындардың технологиялық тұрғыдан артта қалуы.
Осы мәселелерді шешуде мемлекет ақпараттық-технологиялық бағытты ұстауы
қажет.
Қазір әрекет етіп отырған нарықтық технологиялар әлемдік
технологиялармен салыстырғанда қатты ерекшеленеді. Көптеген қазақстандық
кәсіпорындар өзінің өнімі үшін әділетті нарықтық бағасын қоя алмай, өзінің
дамуына қажетті пайдасынан айырылып отыр. Елімізге актуалды жаңа нарықтық
ортаны құрудың маңызды мәселесі - қандай да бір ақпараттық технологияны
қолдану емес, оны ендіру масштабі мен пайдалану жылдамдығы. Қазақстанда кез
келген жаңалықтарды ендіру процесі алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік елдерге
қарағанда қиын және баяу өтеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жалпы
қазақстандық нарық аймақтар, салалар, өндіріс топтары және т.б. бойынша
әлсіз байланысқан шағын нарықтарға бөлінген. Бұдан басқа, бұл нарықтар шын
мәнінде бос емес, мұнда келісушілік, бағаларды бақылау, нарыққа
бәсекелестердің еркін шығуына кедергі жасау кеңінен тараған.
Сондықтан да, біздің жұмысымыздың мақсаты - жаңа ақпараттық
технологияларды ендіру тиімділігін көрсету, және нәтижесінде Қазақстанның
өнеркәсіп саласының мүмкіндіктері мен даму жолдарын айқындау болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін біз жұмысымызды 3 сатыға бөлдік.
Жұмыстың бірінші сатысында, біз Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі
жағдайын зерттей отырып, оның кемшіліктерін айқындадық. Олар:
1) өнеркәсіпте өңдеуші кәсіпорындардың аздығы және бар орындарда
жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы;
2) өндірістік инфрақұрылымның жеткіліксіз деңгейде болуы;
3) ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстардың жоқтығы,
нәтижесінде төмен техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
4) өнеркәсіп орындарын басқаратын жүйенің жоқтығы және т.б. Осындай
даму бағытын ұстану тұрақты экономикалық дамуға алып келмейді. Сондықтан
да, оны жетілдіру қажет. Нақты айтқанда біз осы сатыда өнеркәсіпте жаңа
ақпараттық нарықтық технологияларды ендірудің қажеттігін негіздеп, оның
әкелетін тиімділігін көрсеттік. Сонымен қатар, бұл сатыда өнеркәсіп
орындардың шығындарын төмендетуде нарықтық технологиялардың ролін, және осы
технологиялар көмегімен кәсіпорынды басқару маңыздылығы туралы айтылды.
Екінші сатының барысында ақпараттық технологияларды, нақты айтқанда
автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді ендіруден
кәсіпорындарда басқаруда пайда болған өзгерістер анықталды. Осы жүйелердің
ролі мемлекет деңгейінде құрылған ақпараттық ресурстарды қолдануды
шектейтін ақпараттық инфрақұрылымды құру мен ақпаратгық айырбастың бірыңғай
ережелерін бекіту. Қазақстанның көптеген кәсіпорындарында басқарудың
автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Оларды қолданудың артықшылықтары
мен тиімділігі және мұндай жүйелердің жұмыс істеу қағидалары мен құрылымы
осы жұмыстың екінші сатыда көрсетілген. Зерттеу көрсетуі бойынша,
технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және адам факторларының өзара
әрекеттесуінің нәтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп
есептеледі.
Соңғы, үшінші сатыда біз жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
тәжірибе жүзінде көрсетуге тырыстық. Онда кәсіпорында қолданылатын
ақпараттық-аналитикалық анықтамалық жүйе құрылды. Барлық ақпараттық
технологиялардың мақсаты нақты өмірдің объекттері мен құбылыстары туралы
мәліметтерді өңдеу және олар туралы қажетті ақпаратты адамға ұсыну болып
табылады. Біздің жұмыста құрылған Астана қаласының ірі өнеркәсіптік
кәсіпорындары мәліметтер базасы кәсіпорындар мен олардың экономикалық
көрсеткіштері туралы ақпаратты сақтауға, өңдеуге және бұл ақпарат арқылы
жұмыстың жылдамдылығын арттыру үшін арналған. Осы ақпараттық-аналитикалық
анықтамалық жүйе:
1) кәсіпорындар туралы жалпы ақпаратты ұсынады;
2) запростардың көмегімен әр түрлі критерийлер бойынша ақпаратты
іздеу мен таңдау жүзеге асырады;
3) бар мәліметтер негізінде анализ жасап, өнеркәсіп
секторының салаларының диаграммасын құру қызметтерін орындайды және т.б.
1 ӨНЕРКӘСІПТЕП АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1.1 Қазақстан өнеркәсібінің әртараптандыру мәселелері

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикада әлемдік тауар
рыноктарына мұнай, газ, қара, түсті, жерде сирек кездесетін және қымбат
металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнімдерінен астық әкспортының келешегі бар.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы
экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта
классикалық экономикалық сценарий бойынша дамуда.
Өндірістің және шикізат ресурстары әкспортының қарқынды дамуы
экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық
өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру
жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан
экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі
жоғарылауда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.
Стратегиялық жоспарды іске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын
алғанын атап өту керек. Орта мерзімді кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру
керек, және мемлекет өнеркәсіп саласында сапалы өзгерістер жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін
шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына
инвестициялар үшін тартымсыз. Бұл шикізат ресурстарына жағдайының өзгеруіне
қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы
елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар
нарығындағы жағдайдың өзгерісіне тым тәуелді болып қала береді.
Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие болып, мемлекет
пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда
ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен
орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда
елеулі проблемалар туғызады.
Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс
толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің
зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен
түсті металдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып
кетуінен түсетін кірістер жинақталады.
Бұл шара сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын
жоюға және әкспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін
теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді,
қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің әкспорттық әлеуетінің жедел
қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ
өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай
отырғанын атап өту керек.
Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы рынокта
бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас
шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші
өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама
субсидиялардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр әнергиясына, өнімді
тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің
белгіленуінен, кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде.
2003 жылға дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін,
былғары аяқ киім, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия
өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін
төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ киім
өнеркәсібі салаларының өзі өндірген өнімді өткізуге 2002 жылға дейін ҚҚС
нөлдік ставка бойынша салынды.
Қазақстанның қазіргі таңдағы өнеркәсіп саласында мынадай проблемалар
орын алуда:
1) әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
2) өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі;
3) ішкі рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген
тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
4) өндірістік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
5) кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалуы;
6) ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
7) ҒЗТКЖ қаржының аз бөлінуі;
8) отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына
нашар бейімделуі, ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің
ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда
инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы;
9) менеджменттің экономиканы ынталандыру үрдістеріне және сервистік-
технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында. 2004
жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады.
Бірқатар салаларда негізгі құралдардың нақты тозуы 50% және одан астам
деңгейге жақындауда.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда
есебінен негізгі құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртібі
моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және
оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр (1-кесте).
Кесте 1 - Салалар бойынша өнеркәсіп орындарында технологиялық дамуды
тежеуші факторлар 3 (кәсіпорындар саны бойынша)
Фактордың атауы Мұнай-газ Кен өндіруші Химия
өнеркәсібі өнеркәсіп өнеркәсібі
млн. теңге теңге
Барлығы 1970993,6 3211898,1 0,61
Ауыл шаруашылығы, аң 68687,6 75337,2 0,91
аулау, орман шаруашылығы
Кен өндіру өнеркәсібі 530423,3 1185646,8 0,45
шикі мұнай және табиғи 383218,9 973496,2 0,39
газ өндіру
өңдеуші өнеркәсіп 526538,1 773500,9 0,68
тағам өнімдерін, онын 124053,5 163793,1 0,76
ішінде сусындар және
темекі өндіру
тағам өнімдерін, оның 104989 131017,6 0,80
ішінде сусындар өндіру
темекі бұйымдарын өндіру19064,5 32775,4 0,58
мұнай өнімдерін өндіру 35920,8 58423,5 0,61
ядролық материалдар 10071,5 12170,8 0,83
өндіру
химия өнеркәсібі 14138,2 16582,6 0,85
басқа да металл емес 21016,9 27411,1 0,77
минералдық өнімдерді
өндіру
қара металл қорытпаларын75957 122015,4 0,62
өндіру
түсті металдар өндіру 130453 238586 0,55
машиналар және жабдықтар19565,6 24029 0,81
шығару

Әрекет етіп отырған нарықтық технологиялар әлемдік технологиялармен
салыстырғанда қатты ерекшеленеді. Көптеген қазақстандық кәсіпорындар
жабдықтаушыларға артық төлеп, өзінің өнімі үшін әділетті нарықтық бағасын
қоя алмай, дамуға қажетті пайдасынан айырылады. Біздің бағалауымыз бойынша,
Қазақстан өнеркәсібінде делдалдардың алымдары орташа алғанда бағаның 15-20%
құрайды, ал бұл кәсіпорындардың төмен бәсеке қабілеттілігінің және
жеткіліксіз инвестициялық тартымдылығының себептерінің бірі болып табылады.
Кәсіпкер тауарын өткізуде әрдайым қақтығысатын классикалық дилемма:
жоғары баға беретін сатын алушыны іздеуді жалғастыру, немесе бар
баламаларға сүйеніп сату. Ұқсас жағдай ресурстарды сатын алуда қалыптасады.
Нарықтағы жағдай туралы қосымша ақпарат міндетті түрде шығындарды талап
етеді, ал табылуы қиынға соғатын ақпаратты қажет ететіндіктен жаңа
баламаларды іздеуге шекті шығындар артады. Тәжірибеде максималды бағаны
төлейтін сатып алушының бар болуы ықтималдығы әрқашан бар болады, бірақ сіз
шығындар сметасымен, немесе кейінгі ізденіске шығындар өсімшесі мәміле
шарттарының жақсаруы ақталмағанымен шектелген болғандықтан белгілі бір
уақытта өзіңіздің ізденісіңізді тоқтатуыңыз қажет.
Ақпараттық нарықтық технологияларды қолдану тәжірибесі көрсетіп
отырғандай техникалық прогресс (әсіресе әлектрондық биржа) нарықта
баламаларды табу шығындарының күрт, бірнеше есе арзандауына алып келеді.
Нәтижесінде нарық қатысушысы глобальді нарық құрылымын (конъюнктурасын)
кеңінен көруге мүмкіндік алады да, таңдаудың кең болу есебінен ұтыста
қалады. Бұл тұтастай қоғамға да тиімді, себебі нарық қатысушылары арасында
өзаратиімді айырбастың жиынтық көлемі де артады.
"Өндірістік емес" шығындардың төмендеуі — әлектрондық нарық
технологияларын қолданудың жалғыз маңызды салдары ғана емес.
Сондай бір маңызды сал - бәсекенің әлемденуі, яғни нарықта көп күш
жұмсамай үлкен пайда алуға болатын "аяқ баспаған" аумақтардың аз қалуы.
Әлемдік нарық жағдайында әр кәсіпорын қатаң бәсеке алдында тұрады, бұл
дегеніміз нарық та бұдан тиімді жұмыс істей бастайды.
Жаңа нарықтық технологияларды ендіру процесі мақсатты бағытталған
құрылыс болу керек, және ол өзінен өзі жүрмейді. Алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің тәжірибесі бойынша мемлекет еркін бәсекені қамтамасыз ету
үшін қатаң шаралар қолдануы қажет.
"Неліктен мемлекет ақпараттық нарықтық технологияларды ендіруді
қолдауы қажет?" деген сұрақ туады. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы бұл
қоғамдық игілік. Бұл бағытта көптеген мемлекеттік институттар - мәмле және
меншіктерді тіркеу жүйесі, арбитражді сот, нотариат және т.б. жұмыс
істеуде. Қоғамда трансакциялық шығындарды төмендету мүддесін көздей отырып,
мемлекет әлектронді нарықтың сындық әлементтердің функционалдауын
қамтамасыз етуі қажет.
Дамыған нарықтық экономикада шығындарды кемітудің экономикалық
механизмдері мен әдістердің көптеген құралдары бар, өйткені бұл қатаң
нарықтық бәсеке жағдайында өмір сүрудің мәселесі. Біздің ойымызша,
Қазақстан үшін арнайы қазіргі заманға сай жаңа нарықгық технологияларды
ойлап табудың қажеті жоқ, қайта оларды ендірудің арнайы механизмдері қажет.
Қазіргі заманға сай, жаңа нарықтық ортаны құруда маңыздысы - қандай да бір
нарықтық технологияны қолдану емес, оны ендірудің масштабі мен жылдамдығы.
Қазақстанда кез келген жаңалықтарды ендіру процесі алдыңғы қатарлы
өнеркәсіптік мемлекеттерге қарағанда қиын және баяу өтеді. Бірақ нарықтық
технологияларды жылдам ендірудің салмақты дәйегі бұл - халықтың жоғары
білім деңгейі мен бұл жағдайда өндірістік технологияларға қарағанда үлкен
инвестицияларды қажет етпейтіні. Қазіргі нарықтық технологияларды ендіруде
Қазақстан, басқа мемлекеттер сияқты, техникалық прогресспен даярланған
ұмтылған қайтақұрулар басында ғана тұр (3-кесте).
Кесте 3 - Салалар бойынша өнеркәсіп орындарында жаңа технологиялардың
дамуына түрткі болатын себептер (кәсіпорындар саны бойынша) 3,96 б..

Кәсіпорынды басқарудың Интеграциялық Қаржылық, құқық
базалық жүйесі мәліметтер базасының қорғаушы, салықтық, және
арнай модульдері басқа да оргадармен
ақпараттық әрекетгесудің
модулі
Есепке алу, есеп беру және Қызмет ету аймағында Кедендік комитеттің
қаражаттарды басқару модулі экологиялық мониторинг ақпараттық жүйесі
ақпараттық жүйесі
Персоналды басқару модулі
Іс-қағаз айналысының және ҚР ¥лттық банкінің
атқарушылы дисциплинаны Қызмет ету аймағында жерақпараттық жүйесі
бақылаудың автоматтандырылғанресурстарын пайдаланудың
жүйесі ақпараттық жүйесі
Материалды шаруашылық Табиғи ресурстарды ҚР салық комитетінің
басқарудың ақпараттық ақпараттық жүйесі
жүйесі

Мекеменің мүлігі мен
қозғалмайтын мүлігін
басқарудың ақпараттық
жүйесі
Басқа кәсіпорындармен ҚР статистика мен анализ
ақпараттық әрекеттесу бойынша комитетінің
модулі ақпараттық жүйесі
Барлық шаруашылық Электронды төлемдерде, Қазақстан темір жолы,
субъектілердің қызметін әлектронды коммерцияда, Қазақтелеком және т.б.
қолдаудың халықты анықтамалық жәнемемлекеттік
орталықгандырылған ақпараттық қамтамасыз компаниялардың
ақпараттық жүйесі етудің
ақпараттық-анықтамалық
жүйелер

Маркетинг ақпараттық
жүйесі
Мемлекеттік мәліметтер базасы Банктердің, фирмалардың
ақпараттық жүйесі
Мәліметтерді Бұқаралық ақпарат
аналитикалық өңдеудің құралдарының ақпараттық
ақпараттық жүйесі жүйелері

Жиналған ақпаратты шешім қабылдаудың қолдаудың қазіргі амалдарымен терең
аналитикалық өндеудің мәліметтер базасы
(Data Warehouse)
Мәліметтер алмасудың ұлттық жүйесімен байланысқан бірыңғай офистік

Сурет 1 — Интеграцияданған акдараттық жүйенің сызбасы

Осылайша, ақпараттық жүйені негізгі функционалдық компоненттермен
сипаттауға болады:
1) Қаржыны басқару. Қаржыны басқару модульдері кәсіпорынның қаржылық
қызметінің аспекттерінің барлығын қамтуы тиіс және жүйенің барлық
модульдерінен жиналатын қаржылық ақпаратты топтауы қажет. Қаржылық басқару
модулінің құрамы:
- Қаржылық бухгалтерия. Ол бас кітапты, дебиторлар
мен кредиторлар бухгалтериясын, негізгі құралдардың жоспарлау мен
бақылауды, есеп беру мен есепке алудың құралдарын қамтиды.
- Қаржылық менеджмент. Оның құрамына кәсіпорынның қаржы
құралдарын есептеу мен жоспарлау, қаржылық жоспарды құру мен жүзеге
асырылуын бақылау, капиталды, қорларды, тәуекелді басқару жатады.
2)Бақылау. Ол қызмет бағыты, пайда болу көзі, ішкі тапсырыстар, табыс
орталықгары бойынша шығындарды есептеуге мүмкіндік береді.
3) Инвестицияларды басқару. Бұл инвестициялық бағдарламаларды
жоспарлауға және жеке инвестициялық бағдарламаларды басқаруды
көздейді.
4) Жобаларды басқару. Оның құрамына кәсіпорынның жобаларын
жоспарлауды, бекііуді және жүзеге асыруды бақылау кіреді.
5) Персоналды басқару. Осының модульдері
кәсіпорын басқармасының қызметкерлермен шарттарды жүргізуді,
өндірістік жоспарды орындау үшін жұмысшылар санын және квалификациясын
жоспарлауды және т.б. қамтамасыз етеді. Персоналды басқару модулінің
құрамы:
- Персоналдың саны мен дамуын жоспарлау. Ол ұйымдастыру
менеджментін, қызметкерлердің профессионалды өсуін, еңбек
ресурстарын пайдалануды, гимаратқа тапсырыс беруді жоспарлауды қамтиды.
- Персоналды басқару. Бұл - қызметкерлерді, уақытша мәліметтерді,
жалақыны, іс сапарларды басқару.
6) Іс жүргізу қағаздарының және қызметтің жүзеге бақылаудың
автоматтандырылған жүйесінің болуы. Іс –қағаздар айалымын басқарудың
орталықтандырылған жүйесі функцияларды орындауы тиіс:
- іс-қагаздарды тіркеудің орталықтандырылуы;
- іс-қағаз қозғалысының бағытын бақылау;
- байланысқан іс-қағаздардың пакеттерін құру;
- іс-қағаздарды әкімшілік қадағалау;
- іс-қағаздардың статисткалық анализі;
- ақпарат айырбасы және тарату жүйелерімен интеграциясы;
- іс-қағаздарды автоматтандырылған іздеу.
Негізделген басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорын басқармасына
экономикалық көрсеткіштердің динамикасының зерттеу мен болжамдау
маңызды. Басқару шешімдерін қабылдауды тиімді ақпараттық аналитикалық
қолдауды автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелер (АА-АЖ)
қамтамасыз ете алады. Мұндай жүйелер мәліметтерді жинауды, сақтауды және
өндеуді ұйымдастырады, кәсіпорын ресурстарын басқару бойынша шешімдерді
тиімді ақпараттық қолдау жасайды.
Ақпарат көздерін бүкіл кәсіпорын бойынша таралғанын ескере отырып, АА-
АЖ корпоративті және инфрақұрылым ретінде құрылуы тиіс. Мұндай жұйелер
бастапқы ақпараттың бір орында жиналуы, синтаксистік және семантикалық
үйлесуі және интеграциялық мәліметтер базасына ендіру, сонымен қатар
жиналған ақпаратты қазіргі әдістермен өңдеуді ұйымдастыру процестерін
қамтиды. Бұл жүйелерді мәліметтер базаларының негізінде шешім қабылдауды
қолдау жүйелері деп те атауға болады.
Кәсіпорын басқармасы уақыттың әрбір мезетінде мекеме туралы шын және
толық ақпаратқа ие болуы тиіс. Басқару шешімдерін қабылдау үшін және
кәсіпорынды толық сипаттайтын барлық актуалды ақпарат шешімді қабылдайтын
адамдарға қол жеткізуге оңай болуы керек. Осы мәселені шешімдерінің бірі -
ақпараттық жүйеде ақпараттық-аналитикалық модульдерді құру.
Мұндай модульдердің мақсаты - басқарудың барлық субъектілеріне
оперативті түрде объекттің инфракұрылымы мен дамуы туралы толық, шын
ақпаратты ұсыну болып табылады. Модульдердің ақпараттық ресурстары әрдайым
сәйкес ведомстволық ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесу есебінен
жаңартылады. Мұндағы әрбір өзгеріс ақпараттық жүйеде тіркеледі.
АА-АЖ кәсіпорын қызметінің әртүрлі маңызды аспекттері бойынша
ақпараттық-аналитикалық жүйе астыларының кешенін қамтуы тиіс, әсіресе:
кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің жүйесін; заңды тұлғалар,
халық, кәсіпорын ресурстары бойынша ақпараттық жүйе астын; қабылданған
шешімдердің салдарын компьютерлік бағалау мен модельдеу жүйесін; заңды
ақпарат жүйе астын; кездейсоқ оқиғалардың салдарын бағалау мен болжау
жүйесін және т.б.
АА-АЖ концепциясы Data WareHousing интеграцияланған мәліметтер
базаларының қазіргі технологияларын негізделген және жиналған ақпаратты
шешім қабылдауды қолдаудың жаңа әдістерімен терең аналитикалық өңдеуді
болуы тиіс (2 сурет) 21 249-261 б..
Осындай АА-АЖ ақпарат әрдайым жаңартылып тұрады, нәтижесінде
мәліметтер қатарының динамикалық көлемдері жинала бастайды. Бұл
мәліметтерден жаңа аналитикалық ақпарат шығарудың мүмкіндіктері бар. Және
осы шығарылған ақпарат негізінде даму тенденцияларын анықтауға болады.
Автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйені қолдану:
1) бірыңғай ақпараттық сақтауды ұйымдастыруға;
2) статистикалық және басқа есеп берулер негізінде басқару;
3) базадағы ақпаратқа ыңғайлы және тез, бірақ құқықтық шектеулермен
қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) сақталатын мәліметтерді оперативті аналитикалық өңдеуді,
статистикалық зерттеу жүргізуді және есептеулер жүргізу негізінде
болжамдауды қамтамасыз етеді.

Сурет 2 - Автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйе
Қолданушылар

Имитациялық модельдер негізінде сценарийлік қағида бойынша (егер...
болса, не болады? қағидасы бойынша) келешек дамудың болжамдаудың
варианттарын есептеу, ал мақсатты модельдер негізінде кері есептерді
(дамудың мақсатты параметрлер деңгейіне жету үшін не керек қағидасы
бойынша) шешу көзделген.
Барлық ақпараттық жүйелер логистика мен бөлшек және көтерме сауданың
заңды шектемелерін максималды деңгейде ескеруі және орталықтандырылған
қызмет етуі тиіс. Осындай қызмет етулердің қатарына іздеу жүйелері,
статистикалық есептер және жеткізу қызметтері мен тауарлар партиясын
әлектронды төлем өткізудің ақпараттық жүйелері жатады. Ол үшін жүйені
құруда өзіндік дамуды және жүйенің ұзақ уақыт бойы функционалдауын
қамтамасыз ететін ақпараттандырудың келешек технологияларына бағдар алу
керек.

2.2 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен ендірілуінің тиімділігі

Мәшіне құрылысындағы өндірістік процестерді автоматтандыру деңгейінің
елеулі артуы 40-50-ші жылдары сандық бағдарламалық басқару (СББ)
жүйелерінің пайда болуымен және олармен металл кесуші станоктарға орнатумен
байланысты. 70-80-ші жылдары СББ бар станоктардың негізінде
автоматтандырылған бағдарламалау жүйелері орнатылған икемді өндірістік
жүйелер (ИӨЖ) түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім өндірістер құрыла
бастады 23.
Қазақстанның станок-құралдық өнеркәсібі негізгі қор құрайтын сала
ретінде өнеркәсіптің ғылыми-техникалық прогресі мен өнімнің бәсеке
қабілеттілігіне жетудің негізі болып табылады. Станок жасау дамуының
деңгейінен мемлекеттің технологиялық, және де ақырында экономикалық
қауіпсіздік дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары оның өнімдерін
металл өңдеуде және мәшіне құрылысында[1], өнім ішкі және шетел
нарықтарында бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ технологияларын ендіру
үшін тиімді пайдалану шарттарынан анықталады.
Станок жасау саласының қор құраушы ролі өнім шығару көлемінің ЖІӨ
артуы мен өнеркәсіптік өндіріспен салыстырғанда өсуінің жоғары қарқындарын
анықтайды, оның сапасына жоғары талаптар қояды.
Экономиканың әлемдік дамуы келешекте мәшіне құрылысының келесідей
салалары приоритетті дамиды: ғарыштық және авиациялық техника, автомобиль
құрылысы, тұрмыстық және шаруашылық техникасын өндіру, әнергетикалық мәшіне
құрылысы және т.б. Бұл өнім түрлеріне қойылатын негізгі талаптар: жоғары
сенімділік, сапа мен дизайн, сонымен қатар бөлшектерін жасау тиянақтылығы,
төмен материал, әнерго, еңбек шыгындары, жасап шығарудың салыстырмалы қысқа
циклі, қолайлы, экономикалық негізделген баға.
Осыған сәйкес приоритетті салаларда өндірілетін техниканың жоғары
деңгейін қамтамасыз етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің өнімдеріне
қойылатын талаптар: тапсырыс берушіге жабдықтарды жеткізуде өндіріс
проблемаларын кешенді шешу (алдынғы қатарлы техника немесе ноу-хау,
жиынтық жеткізу, ақпараттық қамсыздандыру), оптималды өнімділік, өңделетін
бөлшекті жасаудың үздіксіздігі, сенімділік, жоғары тиянақтылық, ұзақ
мерзімді, минималды қолданушылық шығындар, төмен материалды және еңбек
шығындары, бәсекеге қабілетті баға, сервистік қызмет етудің жөнге салынуы.
Дүние жүзіндегі мәшіне құрылысының дамуының зерттеу металл өндеу
технологияларында үлкен өзгерістер күтілуде, алдымызда станоісгардың
дамуының үшінші толқыны келе жатыр. Қазіргі кезеңде технологиялардың
дамуына тән тенденциясы технологиялық жүйелердің қайта құрылуы мен
интеграциясы болып табылады. Олар өз кезегімен әр салада тым күрделі, кең
және тым мамандырылған. Әрқашанда адам қуатты технологияны басқара алмау
жағдайының тәуекелі бар.
Осыған сүйеніп техникалық дамудың келесідей бағыттары болжамданады:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен
және автоматтандырылған жабдықтардың (өңдеу орталықтарының, икемді
өндірістік модульдердің, икемді өндірістік жүйелердің, және
т.б.) негізінде құрылған өндірістерді қолдануды кеңейту;
2) ірі өндірістік сипаты бар салалар үшін шығындарды төмендетіп,
өндірісті елеулі арттыруда өңдеу талаптарына бейімделудің өңдеуші
орталықтар құрылады. Мұндай салаларда арнайы жабдықтарды қолданудың елеулі
дәрежесі тоқтатылады;
3) өңдеуші мәшінелердің құрылымындағы тиімді өзгерістер
орын ауыстыруда, осі бойынша үдеуіде, шпиндель айналымының жиілігінде,
шапшаңдату мен тежеу уақытынан, құрал мен өңделетін бөлшектің орын ауыстыру
тездігінде байқалуға тиіс. Станоктардың тез жұмыс істеуіне сызықтық
жетектерді, жаңа материалдарды, сызықтық подшипниктерді, лазерлік
жүйелерді, жылдамдық ауытқуының жөндеу үшін байланыс датчиктерін қолданудың
арқасында қол жеткізуге болады;
4) келешектің станоктары өндірістің қоршаған ортаны қорғау,
ресурстарды екінші реттік қайта өңдеу сияқты жаңа талаптарына
сай болады. Құралдарды материалдардың жаңа түрлерінен (синтетикалық
алмаздар, керамиканың жаңа түрлері, құрамында кобальті бар болат)
өндіру дамыды. Бөлшектерді жасаудың дәстүрлі емес технологиялары (мысалы,
бөлшекті дайыннан керек емес бөлшектерді алып тастамай-ақ, өсіру арқылы
жасау) дамуы маңызды болады;
5) келешектің станоктарына ашық конфигурациялы сандық
басқару жүйелері, операциялық жүйелер мен графикалық
интерфейсті, үш өлшемді бағдарламаларды қолдану анықтаушы әсер етеді.
Басқару жүйелері өндіріс жағдайына бейімделуді және жоғары тиянақтылықты
қамтамасыз етуде аппаратті бөліктің және
математикалық қамсыздандырудың жоғары икемділігіне ие болады;
6) болашақтағы күрделі жабдықтарда жұмыс істеу үшін
жоғары мамандалған қызметкерлер керек, ал ол арнайы шаралар кешенін қажет
етеді.
Әлемдік тәжірибе бойынша өзіндік станок құрылысы дамуы мемлекеттің
маңызды приориттерінің бірі. Қазіргі даму кезеңінде негізгі мақсаттардың
бірі жоғары технологиялардың жетістіктерін қолдану, күрделі ғылыми
өнімдерді құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйелерді ендірумен
байланысты маңызды ұйымдастырушылық-техникалық шешімдер 2000 жылдың басынан
сынақты компьютерлі-интеграцияланған өндірістерді (КИӨ) құруды көздеді.
Олар бұйымның өмір сүру циклінің: маркетинг, бұйымды құру, технологиялық
процестерді құру, материалды қамсыздандырылуы мен өндірісін дайындау,
өнімді жасап шығару, оны өткізу, икемді өндірістік жүйелерді іске кірістіру
процесінде қызмет етуі мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың барлық
мәселелерін шешеді. Біздің ойымызша, КИӨ құрумен кешіктіру Қазақстанның
технологиялық және тұтастай экономикалық қауіпсіздігіне қатер туғызады.
Компьютерлі-интеграцияланған өндірістер барлық КИӨ-ге ортақ үш
ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, бұл икемділік. Яғни, жабдықтардың
минималды тоқтап тұруымен, өнімнің тұрақты сапасы мен оның нарық жағдайында
бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ете отырып бұйымның бір түрінен екіншісін
өндіруге көшудің мүмкіндігі. Екінші ерекшелігі - ақпараттық технологиялар
негізінде интеллектуалды есептерді шешетін, функционалдаудың оптималды
режимін таңтын, кемшіліктерді тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкіндіктері
бар ойлайтын мәшінелердің жаңа классы. Үшіншісі - өндірісті, маркетингті
және өңдірісті дайындауды (конструкторлік және технологиялық)
ұйымдастыратын күрделі интеллектуалды процесстерді авоматтандырылған түрде
жүргізу.
Ғылыми және техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын жоғары
деңгейлі икемділігі мен автоматтандырылуы бар КИӨ мәшіне құрылысында
автоматтандырылған зауыт (АЗ) атауына ие болды 26 15-24 б..
Мәшіне құрылысы саласы АЗ-да қажеттігін анықтайтын басты факторлар:
1) өнімнің әр түріне тұтынушылардың тілектерінің дербестігінің артуы.
Оларды уақытында қанағаттандыру тек өндіріс жоғары икемді болғанда мүмкін,
ал оған тек бұйымның өмір сүру циклін басқарудың барлық функцияларын
автоматтандыру арқылы қол жеткізуге болады;
2) сапаға талаптардың қатаң болуы (өнімді сертификаттау тәжірибесінің
кеңеюі және сапаның халықаралық стандарттарын ендіру). Бұл
сауалдарды қанағаттандыру тек өндірістің барлық фазаларында
технологиялық процесті автоматтандырылған бақылауы бар
бағдарламалық басқару жабдықгарын пайдалану көмегімен мүмкін;
3) технологиялық процесттің автоматтандырылуы тек жоғары деңгейде
болғанда ғылыми өнімге деген қажеттіліктің өсуі.
Авоматтандырылған зауыттың өндірістік жабдықтары әр түрлі
технологиялық қызметтері бар икемді өндірістік жүйелер болып табылады. Осы
жабдықтардың барлығы материалды және ақпараттық ағымдармен біртұтас
өндірістік-ақпараттық АЗ кешеніне байланысқан 19 24-37 б..
Өндірісті басқарудың автоматтандырылу және ақпараттандырылу деңгейнің
жоғары болуы АЗ қызмет ететін адамдарга да - операторларға, инженерлерге,
бухгалтерлерге, ғылыми жұмысшыларға және т.б. талаптарды өзгертеді.
Автоматтандырынмаған өндіріске қарағаңда аз физикалық күш жұмсаумен мұнда
шешім қабылдау жауапкершілігі мен қажеттілігімен байланысты психологиялық
ауыртпалық туындайды.
КИӨ-тің артықшынықтары оларды әр түрлі бұйымдарды жасау үшін: мәшіне
құрылысы мен өнеркәсіптік роботтарды жасауда және жеңіл өнеркәсіпте
қолданудың кең аясын алдын ала анықтады. Экономиканың көптеген салаларында
КИӨ кұрудың халықаралық тәжірибесі әдістемелік бағыттары бойынша,
ақпараттық ағымдарды құру қағидалары мен материадды ағымдарды ұйымдастыру
бойынша бұл өндірістердің көп ұқсастықтары бар.
Кең технологиялық номенклатуралық станоктарды жасап шығаратын әлемдік
алдыңғы қатарлы фирмалардың тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстан өнеркәсібіндегі
актуалдық мәселелерді шешуде қазіргі автоматтандырылған зауыттарды
тәжірибелі түрде қолдану жөн.
Оларды Қазақстанда құрудың мақсаттары:
1) Осындай жүйелерді құрудың тәжірибесін алу,
қазақстандық мәшіне құрылысы саласының техникалық деңгейін елеулі түрде
арттыру үшін ғылыми-техникалық базасын құру.
2) Мәшіне құрылысында да, өнеркәсіптің басқа салаларында да
пайдалануға жарамды жаңа бәсеке қабілетті бұйымдарды, материалдарды,
технологияларды, жабдықтарды, бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруды,
ұйымдастырушылық-техникалық құрылымдарды, білім базаларын құру.
3) Еңбектің қоғамдануы. Жаңа дәуірлі СББ бар компьютерлер
мен технологиялық жабдықтарды қолдануға негізделген автоматтандырылған
зауыттарда қоғамдалған процестерді пайдалану. Мұндағы СББ
кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар және
күрделі профессионалды білімдерді талап етеді, және өз
кезегімен бұл жұмыстарға жастарды тартады.
Автоматтандырылған зауытты құру елеуді дәрежеде нақты шарттардан
тәуелді. Ал бұл шарттар зауыт өніміне қойылатын талаптармен, өндіріс
көлемімен, басқа өндірістер мен жабдықтаушылармен кооперация деңгейімен,
заводтың қалалық немесе басқа территорияда орналасуымен және т.б.
факторлармен анықталады.
АЗ ұйымдасу құрылымының негізінде келесідей қағидалар жатыр:
1) өндірістің толық жете мамандануы және кең кооперация;
2) технологиялық операциялардың интеграциясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес инкубаторларды басқару
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Ақпараттық технологияның құрылымы
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазынашылық ақпараттық жүйелері
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Пәндер