Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі



МАЗМҰНЫ
Реферат

Кіріспе

І.Тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелдердің түсінігі және маңызы
1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипаты мен мазмұны
1.2. Дәлелдемелердің түсінігі
І.З.Дәлелдемелердің маңызы

2. Тарау. Қылмыстық іс жүргізуде дәлеледемелердің жіктелуі
2.1.Жеке және заттай дәлелдемелер
2.2. Айыптау және ақтау дәлелдемелері
2.3.Бастапқы және туынды дәллеледемелер
2.4. Тікелей және жанама дәлелдемелер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Реферат

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

І.Тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелдердің түсінігі
және маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқаттың сипаты
мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.2. Дәлелдемелердің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
І.З.Дәлелдемелердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...13
2. Тарау. Қылмыстық іс жүргізуде
дәлеледемелердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1.Жеке және заттай
дәлелдемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Айыптау және ақтау
дәлелдемелері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21
2.3.Бастапқы және туынды
дәллеледемелер ... ... ... ... ... . ... ... ... ..25
2.4. Тікелей және жанама
дәлелдемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... ..36

Реферат

Осы бітіру жұмысында негізінен Қазақстан Республикасында қылмыстық іс
жүргізудегі дәлелдемелердің жіктелуі, зерттелуі, қазіргі таңда ең өзекті
мәселелердің бірі болып отырғаны ескерілді.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда қаралған мәселе дәлелдемелердің түсінігі және
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуіндегі алатын орны, шынайы
ақиқаттың мәні қарастырылған. Екінші тарауда, дәлелдемелердің жіктелуі,
жекелеген дәлелдемелердің әр-қайсысының сипаттамасы қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында қылмыстық іс жүргізудегі
дәлелдемелердің маңыздылығын зерттеп, осы дәлелдемелердің қылмысты ашудағы
алатын орны ерекше екендігі және дәледдемелерге байланысты басқа да
мәселелер қарастырылды.
Жиі қолданылатын терминдер. Дәлелдеме, Қазақстан Республикасы,
Қылмыстық кодекс, қылмыстық іс жүргізу кодексі, айыпталушы және т.б.
Жұмыс қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарына сондай-ақ
Қазақстан және Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектеріне сүйене отырып жазылды.

Кіріспе.

Соңғы жылдардың экономикалық, әлеуметтік-саяси өзгеріс нәтижелері
заңдарды өзгерту және жетілдіру қажеттілігіне әкеп соқты. Сондықтан қазіргі
кезге дейін заңдардың өзгерілуі, жетілдірілуі жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік құқықтық реформаны бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы
Президентінің Қаулысында былай делінген: Қазақстан халқы, әлемдік
қауымдастықтын ажырамас бөлігі ретінде, демократиялық қоғам және құқықтық
мемлекет құру жөніндегі шешімін Конституциялық түрде бекітті. Қоғамның
құқықтық саласын терең реформалау қажеттілігі мынадан -туындап отыр,
қоғамның экономикалық және саяси жүйесіндегі жүргізіп жатқан құрылымдық
өзгерістерге сай жанаша оған құқықтық инфроқұрылымды талап етеді. Сондықтан
да, құқықтық реформа республикадағы саяси және экономикалық өзгерістермен
бірге жүру керек, кейбір жағдайларда бұдан да алдыға қарай асуы керек,
себебі оларды реттеп отыру үшін қажет.
Соңғы жылдары қабылданған құқықтық мәселелерге байланысты заң
актілері, республика азаматтарының бостандығы мен құқықтарын қорғауға және
заңдылықты нығайтуға бағытталған. Бірақта қоғамды демократиялық мемлекетке
айналдыру, әділсоттылықты жүзеге асыруда ізгілікті сипатқа ие болады,
қылмыстылықпен күресудегі рөлі мен маңызын еш кемітпейді, сот, тергеу
органдарының жауапкершілігін күшейте отырып, олардың істерінде заңдылықты
сақтау негізінде қабылданған шешімдерінің сапалылығы мен қажеттілігін
арттырады. Жоғарыда аталған өзгеріс нәтижелері қылмыстық іс жүргізу заңын
өзгерту қажеттілігіне әкеп соқты. Сонымен қатар ҚР ҚІЖК қабылдануы осы
қүқық саласында реформаның аяқталды деген түсінікті білдірмейді. Қылмыстық
іс жүргізу құқығының қалыптасуы уақытқа созылып және белгілі бір жүйе
талаптарына сай болуға тиіс. Қылмыстық іс жүргізу заңы әлі
жетілдірілмегендіктен, оған қосымша өзгерістер еңгізу қажет етіп отыр.
Сондықтан алдында орын алған қателіктерді алдын алу үшін жиналған құқық
қолдану тәжірибесін ескеру керек.
ҚР Конституциясының 14 бабында былай делінген: Бәрі заң мен сот
алдында тең, кез-келген тұлға оған қатысты, оны кінәлі деп табатын соттың
шешімі заңды күшіне еңбейінше кінәлі деп табылмайды. Осыған сәйкес
сотталушының кінәсі әр бір белгісі бойынша тек жан-жақты, толық және
объективті істің мән-жайларының зерттелуінің нәтижесінде толық дәлелденген
болса, ал дәлелдеу дәлелдемелердің негізінде жүзеге асырылады.
Осыған орай қылмыстық іс жүргізу құқығының маңызды және өзекті
Дәлелдемелердің жіктелуі тақырыбына тоқталып, ашып кетейік.
Дәлелдемелердің жіктелуінің теориялық және тәжірибелік маңызы бар.
Жіктелудің теориялық маңызы зерттелетін объектілерге жүйелі түрде қарастыру
негізі болып табылады. Ал дәлелдемелерге қатысты жіктелу дәлелдеу
процессінің қиындығы және көп жоспарлылығы, процессуалдық дәлелдеуге талап
етілетін объектілердің, сондай-ақ дәлелдемелердің құрылымы мен мазмұнының
алуан түрлілігіне қатысты маңызы аса зор. Дәлелдемелер жіктелудің
тәжірибелік маңызы дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау
ерекшеліктерін айқындайды. Сондай-ақ кейбір дәлелдемелік процессуалдық
режимін дұрыс белгілеуге, оларды пайдалану жолдары мен әдістерін бекітуге
көмектеседі және дәлелдеудегі олардың маңыздылығын айқындайды.
Дәлелдемелердің жіктелуі іс бойынша мән-жайды толығымен және объективті
зерттеуге, әділ шешім шығаруға өзінің маңызды септігін тигізеді. Бірақ
дәлелдемелердің жіктелуі тергеу мен сотқа дәлелдемелердің қайсысы жақсы
деген сұраққа жауап бере алмайды. Мұндай сұрақ қылмыстық іс жүргізудің
бірде-бір дәлелдеме алдын ала бекітілген күші болмайды деген ережені
жоққа шығаратын еді. Осыған орай дәлелдемелердің тәжірибелік маңызы сотпен
іс бойынша анықталған дәлелдемелерді бағалау кезінде қорытындылық ережелер
сипатына таралмайды.
Сонымен дәлелдемелердің алдын-ала тергеуде және сот тергеуінде аса зор
маңызы бар, өйткені тұлғаның қылмыс істегені туралы кінәлі не кінәсіз
екендігін бекітуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты осы тақырыпқа
тоқталуды жөн көрдім. Жұмыста дәледдемелердің түінігіне, жіктелуіне
байланысты мәселелер қарастырылып кеткен.

І.Тарау. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелдердің түсінігі
және маңызы.

1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі ақиқатгың сипаты мен мазмұны.

Белігі бір қылмыстық іс бойынша материалдық ақиқатқа жету үшін, яғни
фактілік жағдайларды анықтау үшін соттық дәлелдемелердің көмегімен жүзеге
асырылады, олар осыған байланысты материалдық шындыққа жетудің кұралы болып
табылады. Іс бойынша фактілік жағдайды аныктау үшін яғни қылмыс оқиғасын,
оны істеген түлғаны және оның жазасын айқындауға тергеу мен сот тек қана
дәлелдемелердің көмегімен жүзеге асырады1.
Қылмыстық сот өндірісінде объективтік шындық дегеніміз не?
Қоғамдық өмірдегі осы саладағы объективтік шындық баска шындық секілді
объективтік болмыстың субъективтік көрінісі, зерттеліп отырған фактіге және
мән-жәйға субъективтік тұжырымдардың толық және нақты сәйкес келуі. Бірақ
сот өндірісіндегі шындыктың белгілі бір ерекше түріне жатпай-ақ қылмыстық
сот өндірісінде айқындайтын шындыктың қоғам өміріндегі басқа аясындағы
шындықты ажырата білетін специфакасы бар. Осындай ерекшеліктердің ішінде
танымды айтуға болады, яғни қылмыс оқиғасына, қылмыс құрамына, қылмыс
жасаған тұлғаларға және қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын баска да
мән-жайларға; шындықгы анықгау құралына және әдісіне; дәлелдеу шегіне
(белгілі мән-жайларды аныктауға қажетті дәлелдемелер көлемі және осындай
дәлелдемелерді қажет ететін тергеу және сот әрекеттерінің жүйесі)
байланысты жатқызылатын фактілердің спецификалық шенберін2.
Қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешуге заңмен көрсетілген
қылмыстық-процесуалдық әрекеттердің және оларды жүзеге асыру барысында
пайда болатын кұқық бүзушылыктарды, соның ішінде дәлелдеу саласындағы
әрекеттер жане қүқыктық қатынас жүйелеріне бағынысты. Жүргізілетін
әрекеттердің мақсатына жетуі алдын-ала тергеу органдарының, прокурордың
және соттың дәлелдеу мақсатында шындыкқа жету жолында бір-бірімен
байланысты аралық мәселелерге кезектескен шешім шығаруы болып табылады3.
Жоғарыда айтылғандай шындықтың қылмыстық іс жүргізуде

1Строгович М.С. Теория судебных доказателбств. Т.З. с. 76
2Горский Г.Ф., Кокарев Л.Д., Элькинд Н.С., Проблемы доказательств в
советском уголовном процессе с.59
3Теория доказательств в советском уголовном процессе с.116
өзінің айрықша ерекшеліктері бар. Шындықтың айрықша ерекшеліктерін және
оның қылмыстық сот өндірісінде қалыптасуын, формалдық шындықтан оның
қағидалық және сапалық ерекшелігін көрсету ынтасының ескерілуі, мұндай
шындықты материалдық деп аталу мәселесін алдын ала белгілеп қойды. Бірақ
мәселенің мәні терминалогияда емес, оның осы терминге егенгізілген
мазмұнында, "материалдық шындық" анықтамасы мәні бойынша обьекгивтік шындық
ретінде қолданылады, қылмыстық сот өндірісі аясындагы және формалдық
шындықтан қағидалы ерекшелік спецификасын ескеруімен. Қылмыстық іс
жүргузудегі шындықтың мәнді ерекшеліктерінің бірі ол іс бойынша фактіліқ
мән-жәйларды тану оларды заңи бағалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл
ерекшеліктерінің себебі фактінің тануы мен құқықты қолдану ажырамас өзара
байланыста болады4.
Дәлелдеу-тәжірибелік тану қызметінің түрі. Сондықтан дәледдеу мақсаты
болып қылмыстық іс бойынша дүрыс шешім қабылдауға маңызы бар мән-жайлардың
барлығын тану. Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу процессінің өзі, сондай-ақ
оның құқықтық реттелуі, жіберілетін тергеу әрекеттерінің шеңбері өзгеруде
және жетілдіруде, оның мақсаттары мен міндеттері нақтылануда, әрекеттерді
жүзеге асыру тәртібі қолайлы болуда, техникалық қүралдардың қолдануында
және т.б., бірақ дәлелдеу мақсаты өзгеріссіз қалып отыр — шындыққа жету.
Қылмыстық процесстің міндеттері дәлелдеу мақсатының мазмұнына, шындықтың
мазмұнына және оның негізделуіне әсерін тигізеді. Дәлелдеу мақсатының
мазмұны, тану көлемінде дәл сондай мәселелерді шешетін нысан ретінде
көрініс табады. Сондықтан қылмыстық сот өндірісінде таным мақсаты
объективтік болмыстың белгілі бір әрекеттерін және фактілерін айқындаумен
шектелмейді.
Шындықтың мазмұнын дұрыс анықтау үшін қылмыстық сот өндірісінде
танылатын объективтік болмыс фактілері қоғамдық өмірдің құбылыстары екенін
ескеру қажет. Сондықтан олардың нақты мәнін дұрыс тану керек, яғни қоғам
өмірінің басқа құбылыстарының арасындағы маңызын түсіну қажет. Қылмыстық
сот өндірісі міндеттерімен сәйкес тергеуші, сот істелген әрекеттің қоғамға
қауіпті деңгейін және осымен қамтылатын қылмыс құрамын анықтауға міндетті,
басқаша айтқанда тергеуші, сот іс бойынша өндіріс пәні болған оқиғаға заңи
баға береді. Фактілердің мұндай бағалануы (ондай

4 Кокарев, Элькинд Проблемы доказательств в советском уголовном
процессе,с.69
бағалануында міндетті түрде өзінің бағасы көрініс табады) қылмыстық іс
жүргізуде танымның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу әдебиеттерінде таным пәнінің тергеу мен
соторгандарымен қол жеткізген шындықгың мазмұнын дүрыс түсінудің аса маңызы
бар, бұл мәнді белгісі көп жағдайда ескеріле бермейді. Сондықтан кейбір
авторлар оның мазмұнының анықтамаларын беріп танымның таным объектісімен
салыстырған нәтижелер туралы сүрақтарға жауап берген, бірақ нақгы нәтиже
туралы ештеңе айтпай кеткен.
Қылмыстық іс жүргізуде материалдық шындық деп, - тергеу мен соттың
қортындылары болмыстың объективтік фактілерімен толығымен сәйкес келуін
атайды М.С. Строгович5. Дәл осындай анықтамалар басқа да авторлардың
жұмыстарында көрініс тапқан. Қылмыстық іс жүргізудегі шындықтың мұндай
анықтамасы оның объективтік сипатын дұрыс ескереді. Сонымен қылмыстық сот
өндірісінде шындық дәлелдеудің мақсатын және жалпы қылмыстық іс жүргізу
мақсаттарының құрамын құрайды. Шындық объективті болмыстың субъективтік
көрінісі болып табылғандықтан, оны тану әр-қашанда екі элементтің
диалектикалық теңдігін қамтиды: объективтік және субъективтік. Нақты шын
болмыстың мән-жайлары адамның жігерінен және санасынан тыс және тәуелсіз
болып жатады. Бастапқы және анықтаушы фактор болып қалатын ол объективтік —
таным болмысы. Жоғарыда айтылған қылмыстық сот өндірісіңде шындыққа
байланысты келесідей түжырым жасауға мүмкіндік береді:
- анықтау, тергеу, прокуратура, сот органдарына, тергеу процессінде
және қылмыстық іс қарау кезде қандай да қиыншылықтар туындаса
да, объективтік шындыкты аныктау оларға әр-қашанда қиындыққа соқпаған;
- бірақ бұл тергеу және сот қателіктерін жіберу
мүмкіндігін мойындайды, алайда бүл қателіктерді жоя алмау және еш шара
қолдана алмау мүмкіндігін жоққа шығарады;
- әр-бір іс бойынша шындықты анықтауға бағытталған
қажетті мақсатқа жету құқық қолдану органдарының қажетті деңгейде,
тиянақты және ауыртпалығы көп жүмыс нәтижесінде қол жеткізу мүмкін.
Бүл тұжырымнан біз қылмыстық сот өндірісіндегі шындық мәселесі тек
теориялық түрғыдан қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар үлкен
тәжірибелік маңызы бар деп түсінуіміз керек6.
Қазіргі таңда шындыққа байланысты көптеген пікірлер айтылуда.
Біреулері шындық - ол болмыс жайлы біліммен сәйкестігі, екіншілері шындық -
ол біліммен келісушілік қасиет деп санайды, ал соңғылары шындық - бүл
келісушілік дейді. Осының ішіндегі ұстанатын пікір, біріншісі, яғни шындық
- ол болмыс жайлы біліммен немесе оймен сәйкестігі. Алайда әр-түрлі
философиялық ағымдардың өкілдері арасындағы,пікірлер, осы анықтамаға
баланысты әр қилы және өзара мәнді ерекшеліктері бар. Олар ең алдымен
болмысты түсінуте қатысты. Ішіндегі түсініктердің дұрысы деп болмысты
адамның санасынан тыс және тәуелсіз объективтік болып жатқан акиқат. Осыған
орай шындық деп қылмыстық іс жүргізуде дәледдеудің мақсаты ретінде
объективтік шындықты түсінуіміз қажет. Нақтырақ ; айтатын болсақ шындық
тергеу, сотпен іс бойынша шығарылған шешімнің болмыспен сәйкестігі, оқиға
жайлы дұрыс көрініс беруі: болған қылмыс жайлы, оны белгілі бір тұлғамен
Қылмыстық іс жүргізуде материалдық шындық деп, - тергеу мен соттың
қортындылары болмыстың объективтік фактілерімен толығымен сәйкес келуін
атайды М.С. Строгович5. Дәл осындай анықтамалар басқа да авторлардың
жүмыстарында көрініс тапқан. Қылмыстық іс жүргізудегі шындықтың мүндай
істелген факт жөнінде, оның кінәлігі туралы және т.б. Демек шындық тергеу
сотпен шығарылған шешімнің болмыстың ақиқат фактілерімен сәйкес келуі не
келмеуінің мазмұнын сипаттайды.
Бірақ шығарылып отырған шешімінің болмыспен сәйкес екендігі туралы
сенім болу немесе білу үшін логиканың талаптарына сәйкес ол үшін белгі бір
негіздер болу қажет. Ал өз кезегінде негіз болып қызмет ету мүмкін тек
дәлелдемелер. Біз бұдан тергеу мен сот шығарған шешімінің шын не жалған
екендгі жөнінде сенімі шешімінің негізделу деңгейіне байланысты
айқындалатының түсінуіміз қажет. Қорытындының негізделуі шындықтың дұрыс
екеніне сенімін нығайтады, егер де қорытынды толығымен не қажетті деңгейде
негізделмесе онда оның шындыққа жақын екендігі туралы күмән туады. Демек
тергеу және сот қорытындыларының ықтималдығы және дұрыстылығы ретінде
олардың шындығы емес және олардың мазмұнының объективтік акиқатпен
сәйкестігі емес, тұжырымының негізеделу деңгейін қарастыру керек, яғни бұл
қорытындыларда нақты шындықтың көрініс тапқаны туралы. Жоғарыда айтылғанға
байланысты

5 М.С. Строгович Материальная истин и судебные доказательства в
советском уголовном процессе, с. 15, М. 1955г.
6Горский, Кокарев, Элькинд Проблемы доказательств в советском уголовном
процессе с.66 қылмыстық іс бойынша дәлелдеу мақсаты болып объективтік
шындық деген пікірлер қалыптасып жүр, бірақ бүл пікір нақты емес. Дәлелдеу
мақсаты болып жәй шындықты емес, толық және күмән келтірмейтін дүрыс шындық
болу тиіс. Ал мүндай шындық болып тек қана қандай да болсын дәлелдемелермен
бекітіліп қана қоймай сот құқықтық тәртіптің барлық қағидаларымен және
кепілдікпен куәландырылу тиіс.
Өзінің табиғаты бойынша қылмыстық іс жүргізуде шындық объективтік
шындық болып табылады, яғни істің мән-жайы туралы тергеу мен сотттың
қорытындылары олардың ынтасына және ойларына тәуелді емес және ол
объективтік болмысқа сәйкес болуы міндетті.
Сипаты бойынша қылмыстық іс жүргізуде айқындалатын шындық абсолютті
және қатысты. Шындықтың қатыстылығы мынамен анықгалады: қылмыстық іс
жүргізудегі қылмыс, болмыс барлық байланысымен зерттелмейді, ол тек
қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешуге қажет шегінде ғана зерттеледі.
Сонымен қатар қатысты шындық - бүл дүниенің сыртқы құбылыстарын дүрыс
көрінісін беретін объективтік шындық. Мұнысымен ол өзінде абсолюттік шындық
бөлшегін қамтиды. Абслюттік шындықгың бөлшектерің барлық мән-жайларды
айқындауға жатқызылады. Сот өндірісінің тәртібі шындықта анықтау кепілін
қамтамасыз етіп отыр. Шындықты анықтауға байланысты маңызды роль атқаратын
факторлардың бірі ол судьялардың, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтама
жүргізетін тұлғалардың жеке қасиеттері, демек шындықты анықтауға маңызды
септігін тигізетін және іс бойынша шығарылатын қорытындының шындыққа сәйкес
болу ауыртпалығы осы жоғарыда атап қеткен түлғаларга жүктелген.

1.2. Дәлелдемелердің түсінігі.

Қылмыс оқиғасы өткен шақта болған себептен тергеу мен сотқ қылмыстық
істің жағдайы мен фактілі мән-жайларын тікелей қабылдай алмайды. Іске
маңызы бар кез-келген факт дәлелденуге тиісті және осы фактінің толықтығы,
жағдайлары толық дұрыс анықталуға қажет.
М.С. Строгович айтқандай: Қылмысты ашу және қылмыскерді әшкерлеу, бүл
дәлелдемелерді табу, қылмыстың оқиғасын шынайы анықтап, қылмысты жасаған
адамды занды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді, оның кінәлілігін
анықтайды, оған лайықты жазасын

7 Строгович М.С. Материальная истина и судебные доказательства в советском
уголовном процессе М., 1955г.,с. 228-229
қолдануға көмектеседі7.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып кез-келген фактілі деректер,
заңмен белгіленген тәртіп негізінде анықтама органы, тергеуші және сот
қоғамга қауіпті әрекеттің болуы немесе болмауы осы әрекетті жасаған адамның
кінәлілігін және істі дұрыс шешу мақсатындағы басқа да жағдайлар жатады.
Бүл деректер былай анықгалады: куәгердің айғағымен, жәбірленушінің
айғағымен, айыпкердің айғағымен, сарапшының қортындысымен, заттай
дәлелдемелермен, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа да
құжаттар, кино-фотоматериалдармен, бейне-аудио жазуларымен анықталынады.
Осы фактілі деректер іс бойынша зерттеліп отырған оқиғалар мен мән
жайлар сот пен тергеу үшін соңғылары анықталу құралы ретінде, дәлелдемелер
құралы болады.
Сот ісі бойынша дәлелдеу дегеніміз - дәлелдемелер арқылы жасалған
қылмыстың бейнесін қалпына келтіру процесін айтамыз. Сондықтан - да, сот
дәлелдеудің формальды логикадан айырмашылығы бұл жерде ойлармен ғана емес,
ең алдымен барлық фактілермен дәлелденеді.
Осы кез-келген фактіні соттық дәлелдеме ретінде тану үшін, әрдайым
онда оның қатыстылық деген қасиетін анықтау талап етіледі. Мұнымен оның осы
қарастырылып жатқан іспен байланысын айтамыз, осының әсерінен ол осы мән
жайларды анықтау құралы қызметін атқаруы мүмкін.
Дәлелдемелердің жарамдылық белгісі болып табылады және ол оларды тек
қылмыстық іс-жүргізу заңының тәртібінде көрсетілгендей, олар арқылы
фактілерді анықтаудан немесе кері қайтарудан тұрады.
Қылмыстық істі шешу үшін негіз болып табылатын дәлелдемелерді
қарастырған кезде, екі жағдайға көңіл болу керек. Біріншіден, дәлелдемелер
іске маңызды бар болып табылатын, фактілер жөніндегі мәліметтердің қайнар
көзі ретінде болады. Осы қайнар көздерден тергеу мен сот органдары іс
бойынша анықталуға жататын фактілер туралы мәлеметтер алады және осы
фактілерді анықтайтын құралдар болып табылады, яғни дәлелдемелер ретінде
қарастырылады. Көптеген жағдайларда, дәлелдемелер, белгілеген және
анықталған фактінің қайнар көзі ретінде болады, ол тағы да басқа анықталуға
жататын фактінің негізі болып табылады. Қылмыстық істер бойынша, анықталуға
жататын фактілер бір-бірімен қабаттасып жатады, мысалы белгілі бір тұлға
белгілі бір әрекеттердің қатысушы ретінде, белгілі бір қайнар көздер
бойынша анықталмайды, өйткені оның әрекетін ешкім қадағалау жүргізбеген,
сондықтан да, ол жөнінде куәландыруды жүргізе алмайды. Егер де іс бойынша
фактілерді анықтауға болатын қайнар көздер болмаса, яғни анықталған
тұлғаның белгілі бір әрекеттерді істегені жөнінде, ондай жағдайда басқа
фактілерді анықтауға болатын қайнар көздер ретінде болуы мүмкін, біздің
зерттеп жатқан фактілерімізге қатысты белгілі бір шешімдер шағыруға
болады. Осы жерден дәлелдемелердің екі мағынасы туып отыр: дәлелдеме,
ол анықгалуға жататын фактілер туралы мәліметтердің қайнар көзі, сондай-ақ,
дәлелдеме — ол басқа факті жөнінде шешім жасауға болатын фактіні білдіреді.
Дәлелдемелік факт кез-келген дәлелдеме жанама ғана емес, тікелелей де
болады деген көзқарас бар. Осындай көзқараста профессор М.М. Гродзинский,
ол мынандай түрде тікелей дәлелдемені бейнелейді: егер куәгер өзінің
айғағында айыпкер жасаған кісі өлтірудің куәгері болса, егер сот тексеру
және қараудан кейін, осы көрсетуді дұрыс деп тапса, яғни куәгер шын мәнінде
айыпталушының әрекеттерін бақыласа, бұл жерден тура және тікелей осы іс
бойынша негізі дәлелденген фактілер дәлелдемелік факт — айыпталушының
әрекетін куәгердің, бақылауы, тікелей дәлелдеменің, ал тікелей куәгердің
көрсетуі — тікелей дәлелдеменің қайнар көзі8. Сонымен, қылмысты жасағанды
куәгердің бақылау фактісі дәлелдемелік факт, айыпташулының қылмыс
жасағандығын дәлелдейді. Осы мысалдан мынаны көруге болады. Профессор
Гродзинский дәлелдемелік факт деген түсінікке өзінше мағына береді.
Куәгердің қылмысты бақылаған фактісі осы қылмыстың дәлелдемесі
болмайды,дәлелдеме ретінде тергеушіге және сотқа осы фактіні бақыланғандығы
жөнінде хабарлаган куәгердің сөзі, яғни көрсетуі. Куәгердің қылмысты
бақылау фактісі - қылмыстың дәлелдемесі емес, дәлелдемені құру жөніндегі
қажетті жағдайлар. Куәгер осы факті бойынша айғақ беру үшін, ол оны
қабылдау керек, бұл қабылдау (бағалау) куәгердің көрсетуінің дәлелдемелік
факті емес, дәлелдеме ретінде қалыптасу кезеңі.
Барлық дәлелдемелер тергеу және сот тарапынан бағалауға жатады,
олардың әрқайсысы жекелеген жағдайларда осы дәлелдеменің дәлелдемелік күшін
анықтау керек. Сондай-ақ бағалауға осы факті бойынша деректердің
сапалылығы, дұрыстылығы да жатады. Дәлелдемелік фактіге оның негізгі
фактіні қалай дәлелдейтіндігін

8 М.М Гродзинский Улики в советском уголовном процессе, М., 1945г., с. 3-
4
бағалауға жатқызылады. Сондықтан да, дәлелдеме түсінігі дәлелдемені дұрыс,
толық дәлелденген деп мойындайды. Қандай болмасын мәлімет қайнар көздерін
немесе сол фактіні дәлелдемелерге жатқызу, осы іс бойынша қайнар көзді
немесе фактінің қорытындысын бағалауды алдын ала шешу, бүл дәлелдемені
сенімді, шынайы деп жатқызуға болмайды. Егер, мысалы, айыпталушының жасаған
белгілі бір әрекеттеріне куәгерлердің көрсетуі белгілі бір фактіні нұсқасы
— ол осы іс бойынша дәлелдеме болады, бірақ та, бүл фактіге байланысты
берілген көрсету анықгалса да, сот куәгердің көрсетуін дәлелдеме деп
бағалау керек, кейбір жағдайларда ол бұл көрсетуді дұрыс деп мойындайды, ал
кей жағдайларда дұрыс емес деп оны қабылдамайды. Осындай жағдай
дәлелдемелік фактіге де байланысты, қатысты.
Сонымен, дәлелдеме — бұл дәлелдемелік күш бойынша сотпен және
тергеумен жекелеген жағдайларда анықтап, осы дәлелдеменің сипатынан шыға
отырып, оның сапалығын, сенімділігін және жеткіліктігін сенімділік
көзқарасы бойынша бағалауға жатады.
Дәлелдеменің ұғымын анықтауға байланысты әдебиеттерде әр
түрлі көзқарастар бар. Атап айтсақ, В.Я. Дорохов былай дейді: фактілі
деректер және қайнар көздер дәлелдменің бір ұғымы ретінде оның екі қажетті
элементі бір бірінен ажырамас бір бүтін ретінде болады.
Қайнар көздер және фактілі деректер, жекелеп алған кезде, дәледдемені
құрамайды. Мысалы, куәгердің көрсетуінде осы іс бойынша накты фактілер
жөнінде мәлімет болмаса, шынайы таным құралы болып қызмет ете алмайды9.
Демек фактілі деректердің қайнар көзі және фактілер, бір-бірінсіз
жекелеп өмір сүре алмайды. Сондықтан да фактілік деректер мен қайнар
көздердің арасындағы үзіліс олардың болмауына байланысы еқі жақты үғымының
қелтірмейтін қемшілігі болып табылмайды10, - дейді Дорохов.
Тікелей және жанама дәлелдемелердің құрылымын қараған кезде Дорохов өз
пікірін білдірген: Строгович былай дейді, дәлелдемелік факт тек жанама
дәлелдеме ғана болады, ал ол тікелей де жоқ, онда дәлелдеме қайнар көзі
тікелей негізгі фактіні аныктайды, бұл жерде екі түсініксіздік бар,
біріншіден ол жанама (тікелей) дәлелдемелердің мазмұнындағы фактілі
деректерді ұқсастырады, объективті

9 Теория доказательств в советском уголовном процессе, М. 1973г., с. 218
10 Дорохов В.Е. Понятие доказательств в советском уголовном процессе, М.
1964г., с. 258
шындықтағы фақтілерді және фактілі дерекгердегі шынайылық жөніндегі сұрақты
қалдырады, еқіншіден, дәлелдеме және қайнаркөз деген үғымдарды ұқсастырады,
яғни дәлелдеменің бір элементі ретінде қалдыратын.
Екінші бұл жердегі анықсыздық, Строгович дәлелдеменің үғымы жөніндегі
еқі жақты үғымды алады, демек фактілер дерек қайнар қөзі мен дәлелдеме
ұғымын ұқсастырады. Бірінші анықсыздық жөнінде, тікелей және жанама
дәлелдемені алу кезінде, мысалы, куәгердің көрсетуі, оның көргенін, кісі
өлтіру болған үйден айыпталушының қалай шыққанын, ең алдымен куәгердің
көрсетуі бағаланады және көрсетіледі, осы факт дәлелдеме бола ма деген
қорытынды жасалады.
Куәгердің көрсетуі дәлелдемеге қажетті белгіге ие болғандығы,
дұрыстылығы, қатыстылығы, жол берушілігі анықталған кезде, осы нақты
қылмыстық іс бойынша дәледдемелердің көрсетуі деректерін мойындау сұрағы
дұрыс шешіледі.
Дәлелдемелер ұғымының анықтамасы Қазақстан
Республикасының ҚІЖК-ң 115-ші бабында берілген, оның екі жақгы маңызы
мынадан көрінеді, фактілі деректер ұғымы ретінде дәлелдемелер қамтылады:
анықталған, белгіленген деректердің қайнар көзі ретінде және дәлелдемелер
дәлелдеуші негізгі факт, дәлелдемелік факт ретінде көрініс табады.
Сонымен, дәлелдемелер — бұлар бірінші кезекте фактілер, фактілі
деректер. Ол міндетті түрде нақты қылмыстық іске жата тұрып, қатыстылық
белгісі болуы керек. Дәлелдемелер, сонымен қатар, белгілі бір заңмен
белгіленген көздер деп занды әдістермен бекітіліп анықгалуға тиісті
(Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 125-ші бабының 2-ші бөлігі), яғни накты
қылмыстық іс бойынша жол берушілігі болуы керек. Бүл жөнінде Қазақстан
республикасының ҚІЖК-нің 116-ші бабында тікелей көрсетілген: заңсыз жолмен
алынған дәлелдемелердің заңдық күші болмайды.
Сонымен қатар дәлелдемелердің негізгі белгілері ретінде белгіленген
фактілер, фактілі деректер өз орны шындыққа сәйкес, объективті шындыққа
сәйкес болуы керек. Бұл мынаған байланысты, қылмыстың оқиғасы өткен шақта
болғандықтан анықтама, тергеу және сот органдары бүл окиғаны бақыламаған ,
сондықтан тікелей қабылдай алмайды.
Дәлелдеменің екі мағыналығынан қашып құтылуға болмайды, дәлелдеменің
түсінігін тура шектеуге болады, фактілі деректер көзі ретінде және
дәлелдемелер көзі деген түсінік ретінде. Дәлелдемелердің қайнар көзі
ретінде анықталатын мән-жайлар Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 117-ші
бабында белгіленген. Мысалы: куәгердің көрсетуі дәлелдеменің қайнар көзі
ретінде болады. Бірақта осы деректер іске қатысты болса, заңмен белгіленген
тәртіппен анықталса, мұқият тексеріліп және куәгердің көрсетуі нақтыланса
ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып саналады. Осы аталған
белгілердін барлығы, дәлелдеу процесі кезінде дәлелдемені зерттеу және
бағалау барысында түпкілікті анықталып сақталуға тиісті.

1.3.Дәлелдемелердің маңызы

Қылмыстық істе барлық фактілік дәлелдемелер тек қана дәлелдеме арқылы
айқындалады. Осыған орай дәлелдемелердің тәжірибелік маңызы тергеу
органдарына, прокуратураға және сотқа аса зор. Осыған байланысты іс бойынша
дәлелдемелердің түпкілікті дәлелддену міндеттелігі және оның барлық іс
бойынша деректер анықталып дәлелдемелердің барлығы олардың барлығына мәлім
екендігіне және басқа да белгілерге қарамастан дәлелденуі тиіс. Тек қана
дәлелдемелердің дәлелдену қылмыстық іс бойынша шығарылатын үкімге негіз
болып табылады.11 Дәлелдемелер болған оқиғаның іс бойынша фактілік
жағдайларда анықтау құралдары болып табылады. Қылмыстық іс бойынша шешім
шығарута негіз болып табылатын дәлелдемелерді қарастырғанда оның екі жағын
көруімізге болады. Дәлелдеме іс бойынша маңызы бар дерек туралы
мәлеметтерін қайнар көздері ретінде болады. Тергеу мен сот осы қайнар
көздер арқылы іс бойынша анықталуға жататын деректер туралы мәліметтерді
алады жөне осы қайнар көздер сол деректерді аныктау құралы болып табылады.
Мысалы, куәнің жауабынан айыпталушы жәбірленушіге дене жарақатын
келтіргені туралы, бұл осы дерек туралы мәліметтің қайнар көзі болып отыр,
яғни дене жарақатын келтіргені туралы дәлелдеме. Сондай-ақ дәлелдемелер көп
жағдайда анықталуға жататын деректі басқа деректінің көмегімен сол
дәлелдеме арқылы анықтауымызға мүмкіндік береді. Қылмыстық істер бойынша
тәжірибеде көп кездесетін қылмыстар бойынша, мысалы, тұлғаның белгілі бір
әрекеттері жөнінде ешкім оны осы әрекеттерді жүзеге асыру барысында
көрмегендіктен мәліметтер алатын қайнар көздер жоқ. Сондықтан ешкім оны
куәландыра алмайды, бірақ егер анықтауға жататын осы факті жөнінде

" Актуальные проблемы доказывания в советском уголовном процессе М.198І г
қайнар көз болмаса онда осымен байланысты және анықталуға жататын фактіні
анықтауға мүмкіндік беретін фактіні анықтауға болады. Жоғарыда келтіріп
кеткен мысалға айтылған мәселені қосатын болсақ онда анықталуға жататын
фактіні біз тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы қол жеткіземіз. Айыпталушының
қылмыс оқиғасы болған жерде болуы, жәбірленуші заттары айыпталушының үйінен
табуы айыпталушының кінәлігі туралы қорытынды шығаруға болады. Осы барлық
жиналған дәлелдемелердің жиынтығын құрған кезде оның кінәсі туралы,
қылмысқа қатысты екендігі жайлы және айыпталушымен осы қылмысты жасағаны
туралы қорытынды шығаруға негіз болады.
Осыдан дәлелдеменің екі қилы түсінігі туындайды: анықталуға жататын
мән-жай туралы қайнар көз ретінде және дәлелдеме факті ретінде және осы
факт арқылы екінші факт анықталынады. Сонымен дәлелдемелердің көмегімен
дәлелдеу процессінде келесі жағдайлар аныкталынады:
1. оқиға мен қылмыстық занда көзделген қылмыс құрамының
белгілер (қылмыстың жасалу уақыты болған жері, әдісі және басқа да мән-
жайлар);
2. қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті
кімнің жасағандығы;
3. адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы
кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп
дәлелдері, зандық және іс жүзіндегі қателіктер;
4. айыпталушының жауаптылығыңың дәрежесімен сипатына әсер ететін
мән-жайлар;
5. айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6. жасалған қылмыстың зардаптары;
7. қылмыспен келтірілген зиянын сипаты мен мөлшері;
8. әрекеттің қылмыстылығының жоққа шығаратын мән-жайлар;
9. қылмыстық жауаптылықпен жазадан босатуға әкеп соктыратын мән-
жайлар жатады12.
Кәмелетке толмаған адам жасаған қылмыстар туралы іс бойынша
дәлелдемеғе жататын қосымша мән-жайлар ҚР ҚІЖК 418 бабымен айқындалған.
Сонымен қатар қылмыс жасауға ықпал етуші мән-жайларда қылмыстық іс бойынша
анықтауға жатады. Осы жоғарыда атап кеткен мәселелерді дәлелдемелердің
көмегімен дәлелдеу процессінде шешуге мүмкіндік береді.

2. Тарау. Қылмыстық іс жүргізуде дәлеледемелердің жіктелуі.

Дәлелдемелердің жіктелуі - бүл мәнді белгілері бойынша түрлерге
бөлінуі және олардың ғылыми топтастырылуы.
Біркелкі белгілерімен өзара топтастырылған дәлеледемелердің ішінен
бөлек түрлерін теориялық тұрғыдан бөлек қарау бізге олардың әрқайсысына көп
көңіл бөлуімізге мүмкіндік береді, яғни олардың қалыптасу ерекшеліктерін,
сондай-ақ дәлелдемелердің әрқайсысымен жұмыс істеу әдісі мен тәртібі туралы
рекомендацияны жетілдіру және теориялық негіздеуге жол береді.13
Дәлелдеме теориясындағы және басқа да білмдердің ғылыми жіктелуінің
маңызы мынада: ол қалыптасқан білімді жүйелендіруге көмегін тигізеді,
мүнымен ол анықтамалар мен терминдердің дұрыс қоддануын қамтамасыз етіп
әрқилы түсінуіне жол бермейді.
Дәлелдемелердің жіктелуі мүмкін, тек дәлелдемелердің анықтамалары
белгіленіп түбейгейлі зерттеліп және дәлеледемелердің түрлері бөлінген
болса. Дәлелдемелер дәлелдеу процессінде өзінің қалыптасуына, пайда болуына
байланысты қүрылысы әрқандай және функциясы біркелкі емес болып келеді.
Сондықтан осы барлық белгілерді әрқандай бір жіктелу жүйесімен бір негізбен
қамту мүмкін емес.
Дәлелдемелер жіктелуінің қалыптасуы кезінде екі қилы тәріздес мәселе
туындайды. Біріншісіне себеп, дәлелдеу процесс қүрылымының көп жоспарлығы
және қиындығы.
Дәлеледемелердің жіктелуі төрт негіз бойынша құрылады:
1. Дәлеледемелердің жеке және заттай болып бөлінуі;
2. Дәлелдемелердің бастапқы және туынды болып бөлінуі. Мұндай бөлудің
негізі болып дәлелдеме мәліметінің аралық қайнар көздерінің
бар немесе жоқ болғандығы. Бұл дәлелдемелердің тексеру әдістеріне және
бағалау механизіміне өз әсерін тигізеді.
3. Дәлеледмелердің тікелей және жанама болып бөлінуі. Мұндай
бөлудің негізі болып дәлелдеу жағдайының негіздеу құрылымының айрмашылыгы.
Тікелей дәлелемелер ең жақын тезисті негіздейді, ал жанама дәлеледемелер
жақыңды да және басқа тезистерді негіздейді.

12 Казахстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодекс! 1156.
13 Вышинский А.Я Теория судебных доказательств в советском уголовном
процессе,М.1950г
4. Дәлелдемелер айыптайтын және ақтайтын болып бөлінеді. мұндай
бөлудін негізі болып дәлелдемелердін ақтайтын немесе
айыптайтын белгісіне байланысты жатқызылған.

2.1. Жеке және заттай дәлелдемелер.

Қылмыс оқиғасы, оған қатысқан немесе оны көрген адамдардың сана сезімінде
және әр түрлі материалдық жағдайдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Біріншісіне тоқталатын болсақ, онда ол адамның сана сезімінде көрініс
немесе түсінік түрінде қалыптасады. Екіншісі, белгілі бір жағдайдың,
заттардың физикалық және механикалық және т.б. өзгеру нәтижесінде пайда
болады.
Жеке дәлелдемелер деп - мәні бойынша хабарламаны айтамыз. Хабарлама
деп — адаммен белгілі бір жағдайатты қабылдап және психикалық өндеуден
өткен мәліметті беруін түсінеміз. Хабарламаның өзінің спецификалық
нысандары бар екендігін білеміз. Сол арқылы ой-пікір алмасады. Соның
ішіндегі бізге маңызды қажет түрі, кәдімгі тіл нысаны — ауызша және
жазбаша.
Жеке дәлелдемелер екі топқа бөлінеді:
Бірінші топты айыптаушылардың, сезіктілердің, куәгерлердің,
жәбірленушілердің берген айғақтары құрайды. Осы ақпарат ұстаушылардың
айғақтары, яғни хабарламалары дәлелдеу процессінде екі нысанда қызмет етуі
мүмкін — ауызша және жазбаша.
Жеке дәлелдемелердің екінші тобын, тергеу әрекеттерінің мысалы: оқиға
болған жерді қарау, куәландыру, алу, тінту, ұстау, танытуға ұсыну, тергеу
эксперименті және т.б. хаттамалары құрайды14.

Куәнің көрсетуі.

Куәнің берген айғағы дәлелдеме ретінде күші болады, егер олар
қылмыстық істер жүргізу заңының талаптарына сәйкес алынса. Нақтырақ айтатын
болсақ, ҚР ҚІЖК 82, 119 баптары. Куә ретінде айғақ беруге іс бойынша
берілген бір жағдайлар мәлім болған әрқандай тұлға шақыртылып жауап алынуы
мүмкін.15 Куәнің берген айғағы — осы қылмыс бойынша жауап бермейтін
тұлғаның мәліметі заңмен белгіленғен тәртіппен бекітілген және істелген іс
бойынша фактілі деректер туралы мәліметтер.

14 Теория доказательств в советском уголовном процессе с.258-259
15 ҚР Қылмыстық істер жүргізу кодексі 82 б.
Куәнің берген айғағы өзінің мәнінде іс бойынша маңызы бар оқиға туралы
жеке қабылдаушылықтар және әрекеттер жайлы мәліметтер негізінде құрылуымен
анықталынады. Яғни оқиға жайлы білуі немесе басқалардан естуі және
қүжаттардан мәлім болуы. Сондықтан куәні ауыстырылмас тұлға ретінде
қараймыз.
Іс бойынша маңызы бар жағдайаттар туралы мәліметтерді куә өндірістен
тыс, тексеру әрекеттерінен немесе қылмыстық іс қозғалғаннан кейін білуі
мүмкін. Іс бойынша анықтауға жататын жағдайлар, дәлелдеу пәніне кіретін
және дәлелдемені дұрыс бағалауды қажет ететін жағдайлар куәдан жауап алу
пәні болып табылады.
Жәбірленушінің көрсетуі.

Жәбірленушінің берген айғақтары куәнің берген айғақгары сияқты заңмен
бектіліген тәртіппен іс бойынша маңызы бар жағдайаттар туралы тікелей
істен, басқаларынан немесе іс құжаттарынан мәлім болған ауызша хабарламасы.
Жәбірленуші куә сияқты қылмыстық ізге түсу органының лауазымды иелерінің
талабы бойынша шын көрсетулер беріп және мұндай мәліметтің қайнар көзін
көрсету керек. Егер де, жәбірленуші хабардар болған қайнар көзін көрсете
алмаса онда ол хабарлама дәлелдеме күшін жоғалтады.
Сонымен қатар жәбірленуші айғақ беруден бас тартқаны үшін және жалған
айғақ бергені үшін жауапкершілікте болады. Басқа сөзбен айтқанда
Жәбірленушінің айғағы куәнің айғағымен үқсас, бірақ та олардың арасында
ерекшеліктері бар. Ол мынадан көрініс табады: жәбірленуші куәға қарағанда
процессуалдық жағдайы ерекше және оның құқықтары кең. Осыған орай
жәбірленуші ақпарат үстаушы ретінде алмастырмас тұлға, ал оның хабарлап
отырған мәлметінің қайнар көзі белгісіз болса, онда ол дәлелдеме ретінде
істе жүрмейді.
Қылмыстық іс жүргізуде жәбірленуші ретінде танылады, егер оған қатысты
қылмыс нәтижесімен моральдік, физикалық немесе мүліктік зиян келді деген
негіз болса. Тұлға жәбірленуші ретінде танылу мүмкін, егер де оған залал ҚР-
ның ҚК-де тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес адам жасаған болса.16

Айыпталушының көрсетуі.

Айыпталушының берген көрсетуі тағылған айыптың мазмұнын құрайтын
жағдайат туралы хабарлама. Сондай-ақ, дәл сондай заңмен бекітілген
тәртіппен айпталуышыдан алған іс бойынша басқа да жағдайлар. Айыпталушы
ретінде танылады, оған қатысты қылмыстық ізге түсу органмен айыпталушы
ретінде тарту туралы қаулы шыққан ретте, немесе оған қатысты сотта жеке
айыптау ісі бойынша іс қозғалса және анықтау органының басшысы мен айыптау
хаттамасы бекітілсе.17
Айыпталушыдан, алдын-ала тергеу сатысында жауап алуға айып тағу, ал
сотта айыптау қорытындысын жариялау себеп болады. Сондықтан, айыпталушы
берген көрсетуінің ерекшелігі оған қатысты тағылып отырған қылмыс фактісі
жөнінде өз әрекетін түсіндіретін анықтамасынан тұрады. Сонымен, куәнің
берген көрсетуінен қарағанда, айыпталушының берген көрсетуі екі жақты
процессуалдық сипатқа ие болады: бірінші жағынан - ол факті жөнінде
хабарлама, екінші жағынан - тағылған айыпқа қарсы қорғану құралы ретінде.
Осыған байланысты заң әдебиеттерінде айыпталушының берген екіге
бөледі. Қылмыс фактісі туралы хабарлама және қорғану құралы ретінде.
Сонымен айыпталушының берген көрсетуі занмен белгіленген тәртіппен
алынған, айыпталушы ретінде танылған тұлғаның ауызша хабарламасы. Яғни,
тағылған айыптың мазмұнын құрайтын мәлімдемелер туралы. Сондай-ақ іс
бойынша оған мәлім болған мәліметтер жайлы және істе бар дәлелдемелер
туралы хабарламасы.

Сезіктінің көрсетуі.

Бұл заңмен белгіленген тәртіппен алынған және бекітілген тұлғаның
ауызша хабарламасы. Осы хабарлама және оған мәлім басқа да мәлімет тұлғаның
ұсталуына және оғаны қатысты айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы
қолдануына негіз болғаны.
Сезіктінің берген көрсетуі айыпталушының берген көрсетуімен қөптеген
ұқсастығы бар. Соның ішінде:
- бүл жеке дәлелдемелер;
- ауызша берген көрсетулер;
- сезіктінің берген көрсетулерінің дұрыстылық
жөнінде процессуалдық кепілдіктер айыпталушының берген көрсетулері
сияқты болып келеді;
- сезіктінің берген көрсетуі тек қана дәледеме қайнар көзі болып
табылмай, сондай-ақ ол сонымен қатар заңды мүдделерінің қорғану
құралы болып табылады.

16 ҚР Кылмыстық кодексі 75 б.
17 ҚР ҚІЖК 69 б.
Сонымен қатар, сезіктінің берген көрсетуі айыпталушының берген
көрсетуінен субъекті, пәні, көрсету маңызы бойынша ерекшеленеді. Егер оған
қатысты қылмыс жасады деген сезікпен қылмыстық іс қозғалып және оған
тергеушімен, анықтамашымен ол туралы жарияланып немесе ұстау әлде айып
тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылса ол сезікті ретінде танылады.
Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу
Сот дәлелдемелер түсінігі
Қылмыстық іс жүргізудегі жанама дәлелдемелер
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы
Пәндер