Қазақстан Республикасындағы төлем балансын талдау



Мазмұны
Кіріспе

І Төлем балансының теоретикалық негіздер
1.1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы
1.2. Төлем балансы теориялары
1.3. Төлем балансы көрсеткіштері

ІІ ҚР төлем балансын талдау
2.1. Төлем балансын реттеудің әдістері
2.2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері
2.3. ҚР төлем балансы

ІІІ Қазақстанның 2010жылға дейінгі даму моделі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Төлем балансының теоретикалық негіздер
1.1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы ... ... ... ... ... ... . 4
1.2. Төлем балансы теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3. Төлем балансы көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ ҚР төлем балансын талдау
2.1. Төлем балансын реттеудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2. Төлем балансының сальдосын өлшеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... 18
2.3. ҚР төлем балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ Қазақстанның 2010жылға дейінгі даму моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Сыртқы экономикалық іс- әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған.
Төлем балансы терминін Шотландтық экономист (ХVІІ ғ.) Джеймс Стюарт ойлап
тапқан ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда
дами түсті. Осыған негізделе отырып ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем
балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған.
Макроэкономикалық зерттеулердің пәні болып елдегі өндірістің жалпы
көлемі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, төлем балансының сальдосы
мен валютаның айырбас бағамы сияқты макроэкономиквлық көрсеткіштерді талдау
табылады. Бұл талдаулардың мақсаты – осы көрсеткіштердің өзгеруін
түсіндіріп, ел үкіметі жұмысында қойылған экономикалық мәселелерді шешу
бағыттарын анықтау мен экономикалық даму барысында болжамаған өзгерістерге
жауап беру. Өзгерістерді дәл талдау мен бағалау, ал одан кейін соған сәйкес
саясатты жасақтау жүйеленген және уақтылы негізде келіп түсетін
экономикалық статистикалық ақпараттың дәлдігін талап етеді. Сонымен қатар,
дұрыс экономикалық шешеімдерді қабылдау үшін елдің сыртқы жағдайын тұрақты
түрде бағалау мен өлшеу қажет. Біз білетініміздей, елдің басқа елдермен
арасындағы қаржы ағымдары мен экономикалық операциялар мәліметтері
жүйеленіп төлем балансында көрсетіледі де, ол елдің сыртқы жағдайын талдау
мен қажетті өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады. Төменде біз төлем
балансы мен сыртқы борышты талдауда қолданылатын негізгі концепциялар мен
есептеу негіздерін ашуға тырысамыз.
Әр мемлекетте өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға
кезендік статистикалық мағлұмат керек. Осы мағлұматтарды төлем балансынан
көруге болады. Ол – бір кезеңде сол елдің сыртқы экономикалық іс- әрекет
балансын айқындайтын статистикалық құжат.
Бұл тақырып өзектілі, себебі төлем балансы экономиканың сыртқы
көрінісі болып табылады. Қазіргі жағдайларда экономикалық болжау немесе
халықаралық валютлық- қаржылық қатынастарға белсенді қатысу қиын, егер
төлем балансы нақты және дәлді балансталған болмаса. Мемлекетаралық
қатынстардың объективті дамуы төлем балансын құруға аса дәлділікті талап
етеді. Сонымен қатар төлем балансының жағдайы мемлекет тұрғындарының
шекаралардан өту бостығының дәрежесін, төлем балансы негізінде сырқы есеп
айырысу бағаланады, оның арқасында валюалық бағамға түзету енгізу туралы
шешімдер қабылданады. Валюталық бағам ауытқулары жиынтық ұсынысқа және
жиынтық сұранысқа әсер етеді, яғни өзінің макроэкономикалық нәтижелері бар.

Курстық жұмыстың мақсаты – төлем балансының құрылымын, оған әсер
ететін факторлар және төлем балансын реттеудің негізгі әдістерін ашып
қарастыру.

І Төлем балансының теоретикалық негіздері

1.1. Төлем балансының түсінігі, мәні, құрылымы
Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары
оның халықаралық операцияларының баланстық (тепе- теңділік) есебінде
көрініс табады. Бұндай есепті қалыптасқан дәстүр бойынша төлем балансы деп
атайды. Төлем балансы дегеніміз тауарларды, қызмет көрсетулерді,
капиталдарды әкету мен әкелу көрсеткіштері формасында (нысанында) елдің
дүниежүзілік байланыстарын анықтайтын құндық өлшем. Халықаралық
операциялардың баланстық есебі елдің сыртқы экономикалық операцияларының
көлемін, құрылымын және сипатын сандық және сапалық тұрғыдан анықтайтын
құндық көрсеткіш. Барлық операциялар бойынша валюта ағындарының
көрсеткіштері төлемдер мен кіркстер деп белгіленеді.
Төлем баланстарының қазіргі кестелері құндылықтарының барлық
түрлерінің еларалық қозғалысы туралы жеткілікті мәлімет береді.
Экономикалық мазмұны бойынша белгілі бір мерзімдік және белгілі бір
кезендік төлем баланстарын ажыратады. Белгілі бір мерзімдік төлем балансын
статистикалық көрсеткіш ретінде дәл атап айту мүмкін емес, себебі ол күн
сайын өзгеріп тұратын төлемдер мен кірістер арақатысы түрінде көрініс
береді. Төлем балансы жағдайын ұлттық және шетелдік валютаға деген осы
сәттегі сұраныс пен ұсынысты анықтайды және мұның өзі валюта бағамын
қалыптастыру факторларының бірімен саналады.
Белгілі бір кезендік (ай, тоқсан, жыл) төлем балансы осы кезең
аралығында жүзеге асырылған сыртқы экономикалық мәмілелердің статистикалық
көрсеткітері негізінде жасалады да, елдің халықаралық экономикалық
қатынастардағы өзгерістерін сараптауға мүмкіндік береді. Кезeңдік төлем
балансы көрсеткіштері экономикалық дамудың агрегаттық көрсеткіштерімен
(жиынтық ішкі өнім, ұлттықтабыс т.с.с.) байланысты сондықтан мемлекеттік
реттеу объектісі болып табылады. Кезеңдік төлем балансының жағдайы ұлттық
валюта жағдайымен, оның тұрақтылығымен немесе валюта бағамының өзгерістері
сипатымен тығыз байланыста болып келеді.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан төлем балансы әрқашан тепе- теңдік
жағдайында тұрады. Бірақ, негізі бөлімдері бойынша егер кіріс төлемдерден
жоғары болсаоңды сальдо орын алады да, ал төлемдер түсімдерден артып кеткен
ситуациясында теріс сальдо бой көрсетеді. Сондықтан, төлем балансын жасау
және сальдоны есептеу әдістері елдің сыртқы экономикалық операцияларын
сипаттайтын көрсеткіштерді дұрыс сараптауды ұйымдастыру жолында үлкен рөл
атқарады .
Төлем балансының әртүрлі анықтамалары бар. Егер төлем балансының
шетелдік әдебиетердегі анықтамасына зер салатын болсақ, онда олардың
көпшілігі төлем балансын елдің сыртқы экономикалық қызметтің статистикалық
өлшемі дегенге саяды.
Американдық экономистер Виссерман мен Уэйрдың төлем балансы
проблемаларына арналған еңбегінде мынадай мынадай анықтама берілді. Төлем
балансы белгілі бір кезең ішіндегі осы елдің резиденте мен басқа елдер
өкілдері арасында орын алған экономикалық операциялардың статистикалық
көрінісі. Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) әдістемелік нұсқауларында
былайынша айтылған: “Төлем балансы дегніміз аталған кезеңнің статистикалық
көрсеткіштері жинақталған кесте, онда:
а) белгілі бір ел мен басқа елдер арасындағы тауарлармен, қызмет
көрсетулермен және табыстармен операциялар;

б) осы елдің иелігіндегі монетарлық алтынға байланысты меншіктік
өзгеру, сондай- ақ басқа елдерге қатысты қаржылық талаптар мен міндеттер;
в) біржақты аударулар және конпенсацияланушы (орын толтыру) жазбалар
көрсетіледі”. Осы нұсқауларға байланысты төлем балансына атқарылған
операциялар ғана емес, сонымен бірге операциялардың тепе- теңдігіне қол
жеткізу үшін дайындалған жасанды көрсеткіштер де кіреді.
Францияның ресми ақпарат көздерінде мынадай анықтама берілген: “Елдің
төлем балансы дегеніміз тұрақты түрде жасалатын статистикалық ведомость,
онда есептелген көрсеткіштер ретінде белгілі бір кезең ішіндегі резиденттер
мен резидент емес тұлғалар арасындағы қаржылық ағындар қозғалысы
көрсетіледі”. Германиядағы төлем балансы туралы зерттеулердің бірінде:
“Әдетте төлем балансын жүйеленген барлық экономикалық мәмілелер баланс
формасында жинақталған статистикалық көрсеткіштер деп түсінген абзал”
делінген .
Төлем балансын жасау теориясы мен практикасы дүниежүзүлік
экономикадағы өзгрістерге сәйкес және жетілдіріп отырады. Халықаралық төлем
қатынастарында “баланс” термині баланстық есеп, сальдо немесе есершот
қалдығы, есепшо жағдайы, тепе- теңділік және т.б. түсініктерді анықтау үшін
қолданылады. Сондықтан, төлем балансы елдің халықаралық операцияларының
есебі ғана, сонымен қатар осы операциялардың белгілі бір жағдайының
көрінісі де табылады.
Төлем балансы құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Сауда балансы, яғни тауарларды әкету мен әкелу арақатынасы;
2. Қызмет көрсетулер және коммерциялық емес төлемдер балансы;
3. Ағымдағы операциялар балансы;
4. Капиталдар мен несиелер қозғалысы балансы;
5. Ресми валюта резервтерімен операциялар.
Енді осы баланс түрлерін сипаттайық.
Сауда балансы, тарихи тұрғыдан сыртқы сауда ұлттық және дүниежүзілік
шаруашылықтарды байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың
бастапқы формасы болып табылады. Сыртқы сауда арқасын халықаралық еңбек
бөлінісі қалыптасады.
Төлем балансында сыртқы сауда көрсеткіштері дәстүрлі маңызды орын
алады. Тауарлардың экспорты импорты арақатысы сауда балнсын түзеді. Сыртқы
сауданың едәуір бөлігі несие жүзінде асатындықтан тиісті кезеңде атқарылған
мен түсімдер арасындағы айырмашылықтар болады Осы айырмашылықтарға
байланысты кезінде төлем балансы атқарылған ақшалай төлемдер мен нақты
түсімдер арақатысы ретінде анықталған еді.
Сауда балансының оңды немесе теріс мағынасы нақты елге байланысты
оның дүниежүзілік шаруашылықтағы жағдайына әріптестерімен байланыс сипатына
және жалпы экономикалық саясатына және жалпы эконмикалық саясатына тәуелді
болып келеді. Экономикалық дамуы кенжелеп қалған елдер үшін оңды сауда
балансы импорт төлемін атқау үшін қажет болса, өнеркәсібі дамыған елде үшін
оңды сальдо капиталды экспорттап, шетелге екінші экономика жасау үшін қажет
болып жатады.
Теріс сауда балансы ұнамсыз құбылыс саналады және әдетт елдің
дүниежүзілік шаруашылықтағы позициясының әлсіздігін көрсетеді
Қызмет көрсетулер балансы көлік тасымалы, сақтандыру, электрондық,
телеғарыштық, телеграф, телефон, пошта және байланыстың басқа да түрлері
бойынша халықаралық туризм, ғылыми- техникалық және өндірістік тәжірибеде,
эксперттік қызметтер көрсетулер, шетелдерде дипломатиялық, сауда және басқа
да өкілдерді ұстау бойынша, ақпараттар алмасу, жарнама, жәрмеңке т.с.с.
үшін төлемдер мен түсімдерден тұрады. Қызмет көрсетулер дүниежүзілік
экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқан секторы болып
табылады және оның төлемдер мен түсімдер көлемі мен құрылымына әсері
тұрақты өсу үстінде. Дәстүрлі қызмет көрсетулер түрлері (көлік, сақтандыру)
сауда жеткізілімдерінің саны мен көлемінің жоғарлауына, олардың ішінде
жартылай фабриканттардың, қосалқы бөлшектер мен тетіктердің үлес салмағының
өсуіне байланысты, халықаралық кооперация мен мамандануының дамуы негізінде
ірі қайта құру процесін бастан кешіріп отыр. Дамыған елдердегі тұрмыс
деңгейінің едәуәр жоғарлауы халықаралық туризм масштабын ұлғайтты. Бір
қатарға қазіргі өндірістің интернациянализациясына байланысты жедел өсіп
отырған іскерлік сапарларды да қосуға болады.
Халықаралық өндірістің дамуы, ғылыми- техникалық революция,
шаруашылық өмірді интернацияландырудың басқа да факторлары лицензиялармен,
ноу- хаумен, ғылыми- техникалық және өндірістік тәжірибенің басқа да
түрлерімен сауданы ынталандырады. Дүниежүзілік статистикада қабылданған
ережелре сәйкес “қызмет көрсетулер” бөліміне инвестициялар бойынша төлемдер
мен түсімдер және халықаралық кредиттер бойынша проценттер де кіреді. Төлем
балансында шығындар баптары бөлекше көрсетілед.і Олар қызмет көрсету
операцияларына қосымша есебінде ерекшелінеді.
Халықаралық валюта қоры қабылдаған әдістемеге сәйкес төлем балансында
біржақты аударулар да айырықша позицияға ие болады Біржақты аударулар
қатарына мыналар кіреді.
1) мемлекеттік операциялар – экономикалық көмек ретіндегі басқа
елдерге субсидиялар, мемлекеттік зейнетақылар, халықаралық ұйымдарға
жарналар;
2) жеке операциялар – шетелдік жұмысщылардың, мамандардың туыстардың
өз елдеріне ақшалай аударулары Операцияның бұл түрінің едәуір экономикалық
маңызы бар. Италия, Испания, Греция, Португалия, Пакистан, Египет т.с.с.
елдерде өз азаматтарының щетелге табыс табу үшін кетулерін мемлекет реттеп
отырады, себебі олардан келетін едәуір валюталық түсімдерді ұлттық
экономика қажеттіліктеріне пайдалануға мейлінше жоғары мән беріледі.
Ал, шетелдік жұмысшыларды ұақытша шақыратын Германия, Франция,
Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ сияқты елдердқаражттың бұдай аударуларытөлем
балансының теріс (тапшы) баптарына жатқызылады. Аталған қызмет көрсетулер
операциялары,инвестициялық табыстар қозғалысы, әскери сипаттағы мәмілелер
және біржақты аударулар “көрінбейтін” операциялар деп саналады, себебі олар
тауарлардың экспортына да, импортына да жапайды,яғни олардың құндылығын
байқау мүмкін емес.
Ағымдағы операциялар бойынша төлем балансы сауда балансы және
“көрінбейтін” операциялардан тұрады. Бұл операциялардың ағымдағы деп аталуы
тауарлар мен қызмет қызмет көрсетулердің дүниежүзілік саудасын капиталдар
мен кредиттер нысанындағы қаржылық ресурстарының халықаралық қозғалысын
ажыратып алу үшін қажеттігі де болып отыр.
Капиталдар мен кредиттер қозғалысының балансы мемлекеттік және жеке
меншік капиталдар капиталдарды әкету әкету мен әкелу, берілген және алынған
халықаралық кредиттер арақатысын көрсетеді. Экономикалық мазмұны бойынша
бұл операциялар кәсіпкерлік капиталдың және қарыз капиталының халықаралық
қозғалысы деген атаулармен екі категорияға бөлініп қарастырылады.
Кәсіпкерлік капитал құрамына тікелей шетелдік инвестициялар (шетелде
кәсәпорындарды сатып алу немесе құрылысын жүргізу) және портфельдік
инвестициялар (шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алу) кіреді.
Тікелей инвестициялар ұзақ мерзімді капиталды шетелге шығарудың маңызды
нысаны болып есептеледі және төлем балансына едәуір әсер етеді. Тікелей
инвестициялар халықаралық өндіріс дамиды, ұлттық экономикалың дүниежүзілік
шаруашылыққа интеграциялануы артады. Кәсіпкерлік капиталдың сыртқа
шығарылуы өндіріс пен сыртқы сауданың өсуінен қарқындырақ жүреді, сондықтан
шаруашылық өмірді интернационалдандыру және ғаламдандыру процесінде оның
атқаратын ролі ерекше. Шетелдік тікелей инвестициялар құнының үштен екі
бөлігін дамыған елдердің күрделі қаржыларын өзара игеруі құрайды. Мұның өзі
дамығанелдер арасындағы шаруашылық байланыстардың басқа елдермен
салыстырғанда тығыз екендігінің айғағы болып табылады.
Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы мерзімдік белгісі бойынша
жіктеледі:
1. Ұзақ және орта мерзімді операциялар құрамына бір жылдан артық
уақытқа берілген мемлекеттік және жеке меншік займдар мен несиелер кіреді.
Мемлекеттік займдар мен несиелерді алушыларға негізінен лидер елдерден
кейіндеп қалған елдер жатады. Ал, қаражатты беруші кредитор- елдер қатарына
жетекші, дамыған елдерді көреміз. Ұзақ мерзімді жеке меншік займдар
несиелерді көрінісі өзгешелеу болып келеді. Бұл жағдайда дамушы елдер
дамыған елдердің қаржы- кредиттік институттарынан несие алу шараларын
қарастырады. Дамыған елдер корпорацияларының өзі бағалы қағаздар щығру
арқылы дүниежүзілік рыноктан ресурстар тартаны да белгілі де қалыпты
құбылысқа айналып отыр.
2. Қысқа мерзімді операциялар қатарына бір жыл мерзімге дейін
берілетін халықаралық несиелер, шетелдік банктердегі ұлттық банктердің
ағымдағы есеп- шоттары (авуарлары), ақша капиталдарының банкаралық
қозғалысы жатады. Соңғы он жылдықтардағы дүниежүзілік ақша рыноктарындағы
банкаралық қысқа мерзімді операциялар едәуір көбейіп, қанатын кеңге жайған
жағдайы бар. Егер, өткен ғасырдың 60-70 жылдары қаже қаражаттың стихиялы
қозғалысы етек жайып, инфляциялық процестерді күшейткен болса, 80-90
жылдары ақша капиталдарының қысқа мерзімді ағындары негізінен еуровалюта
рыноктары арқылы жүзеге асатын болды.
Төлем балансының статистикалық көрсеткіштерін жинау мен өндеу
әдістерінің ұдайы жетілдіруіне қарамастан едәуір қателіктердің д орын
алатындығы жасырын емес. Сонықтан, төлем балансында “қателіктер мен
қалдырулар” айырықша көрсетеді бұл бапта статистикалық қателіктер есепке
алынбаған операциялар кіреді. Мамандардың айтуы бойынша капиталдың қысқа
мерзімді қозғалысын есептеу, әсіресе дағдарыс жайлаған кездерде тіптә
киындап кетеді екен. Сондықтан, “қателіктер мен қалдырулар” бабы
капиталдар мен несиелер қозғалысын көрсететін бөлімге жапщарлас беріледі
де, сол себептен дағдарыстық ситуацияларды оның көрсеткіштері шамдан тыс
көбейіп кетеді.
Төлем балансының қорытынды баптары өтімді валюталқ активтер мен
операцияларды көрсетеді. Бұл операцияларға мемлекеттік валюта органдары
араласатындықтан орталықтандырылған, ресми алтын- валюта резервтері көлемі
мен құрамында өзгерістер пайда болады.

1.2. Төлем балансы теориялары
Елдің төлем балансын мемлекет реттейд.і Бұл ертеден келе жатқан
теория ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында шотландық Д Юманың стандарт
шартында автоматтытүрде теңестірудің классикалық теориясы өте жоғары
деңгейде дамыған. Бұл теория алтын стандарт шартымен бірге қалып қойды.
Бірақ соңғы он жылдықтарда бұл теоорияға қызығушылық қайта артты. Бұрынғы
жағдайда автоматтық реттегіш (регулятор) ретінде “резервтің қортынды
өзгерістері” танылса валюта, валюта курсының “қалқымылы” жағдайында
автоматты регулятор ретінде ұлттық валюта курсы айырбасталуының
“қалқымылы” болуы саналды.
Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, оның жақсаруына
байланысты жоғарылайды. Ол өздігінен автоматты түрде көптеген ағымдағы
операциялардың өзгеруіне әкеледі Капиталдың қозғалуына ықпал етеді.
Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты Оны Дж
Робинсон, А Лернер, Л Мецлер ойлап шығарды. Эластикалық әдіс төлем
балансының өзегі – сыртқы сауда болып табылады.
Сауда балансының сальдосы = Рэ Ри * К болып табылады.
Мұнда: Рэ – экспорттық тауарлар бағасының деңгейі;
Ри –
импорттық тауарлар бағасының деңгейі;
К – валюта курсы.
Осы формуладанкелесі қорытынды шығаруға болады:
Төлем балансының тепе- теңдікке жеткізу құралы - валюталық курс
өзгкрімділігі болып табылады. Осыған сәйкес ұлттық валютаның девальвациясы
экспорттық бағаларды төмендетеді, ал ревальвация (құнын арттыру) шетелдік
тұтынушылар үшін біздің тауарларымызды қымбаттатады Ол елде шығарылған
тауарлардың бізге әкелінуін арзандатады.
Демек, осындай жағдайларда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол
экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэфиценті болып табылады. Ол
жоғарыда аталған өзгерістердің дәрежесін көрсетеді Егер елге қажетті тауар
импортты осы елдеешығармайтын болса, онда оның жергілікті тауарлармен
бәсекеге түсе алатын импорт тауарларынан айырмашылығы онша еместігін
білдіреді.
С Александрдың еңбегі Дж Мид және Я Тинбергеннің идеясына сүйене
отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда, кейнсияндық теорияға
сүйенеді. Бұл тұрғыдағы төлем балансын (атап айтқанда, сауда балансы) жалпы
ішкі өнімнің негізгі элементтерімен, біріншіден, ішкі тұтыну мен
инвестциялық сұраныстың жиынтығымен байланыстыруға тырысады.
Абссорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын (оның
ішінде ұлттық валютаның девальвациясы арқылы), елдің табысының оның ішінде
абсобцияның жалпы көтерілгенін, яғни тұтыну мен капиталды салудың өскенін
көрсетеді. Бұл жерде кейнсиандықтар қорытындысынша: экспортты ынталандыру,
ал импортты ұстау, атап айтқанда, отандық өнім мен қызмет көрсетудің
бәсекелесуін көтеру қажет (тек ұлттық валютаны девальвация жасау жолымен
ғана емес). Бұл теориялардан басқа да көп тәсілдер қарастырылады. Соның
ішінде монетаристік тәсіл. Бұл жерде, әрине, елдегі төлем балансы қорытынды
сальдосының ақша айналымына ықпалы қарастырылған ақша факторына айырықша
көңіл бөлінеді Монетаристердің көзқарасы бойынша, елдің рыногындағы тепе-
теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе- теңдіктің болмауын анықтайды .
Осыған байланысты үкіметке берілетін басты ұсыныстар: тікелей ақша
айналымына ғана емес, мондай- ақ, елдің халықаралық есепбалансына
араласпау. Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін, тек қана ақша
массасын қатаң қадағалау қажет. Бұл проблемаға монетаристер аса көңіл
бөлмеу керек дейлі, себебі төлем балансына деген дефицит – айналымдағы
артық ақшадан тезірек құтылу үшін экономикаға көмек көрсетеді.

1.3. Төлем балансы көрсеткіштері
Төлем балансын елдің халықаралық есептесулерін анықтайтын құжат
ретінде жасау өзара тығыз байланысты есептеу және сараптау қызметтерін
атқару үшін қажет. Сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылар шеңбері
көптүрлі: жекелеген елдер және олардың одақтастары, ұлттық, шетелдік және
трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен мекемелер, жеке тұлғалар,
мемлекеттік валюта органдары және т.б. Мұның өзі тек қана ұлттық емес,
сонымен қатар шетелдік дерек көздерінен келіп түсетін кптеген мәліметтерді
есептеу, өндеу қажеттілігіне алып келеді. Сондықтан, біртекті
көрсеткіштерді есептеудің мазмұны мен әдістерінің бірлігі негізгі талап
болып табылады. Бұндай бірлікке жету және олардысалыстыра қарастыру
мүмкіндігіне ие болу үшін халықаралық валюта қорының төлем баланстарын
жасауға арналған ұсыныстарын пайдаланады.
Қазіргі кезде бұл ұсыныстар халықаралық валюта қарына мүше елдердің
төлем баланстары негізін қалайды. Сонымен бірге жекелеген елдертөлем
балансын жасау ережелеріне өздерінің экономикалық ерекшеліктеріне
байланысты өзгерістерін қосады. Сондықтан, жекелеген елдердің төлем
баланстарын салыстыру кейбір шартылықтар мен дәлсіздіктерден ада емес.
Осыған байланысты мұндай салыстырулардн шығатын қарытындылар экономикалық
құбылыстрдың тенденциялары мен негізгі бағыттарын көрсетеді де, абсолютті
дәлділік пен толықтыққа дәмелендірмейді.

Төлем балансының операциялары әр түрлі мақсаттарда, соңғы өзгерістерін
талдау мен болашаққа жоспарлар құруда пайдалануын жеңілдету yшін логикалық
өзара байланысты құрылым шеңберінде ұйымдастырылып, топтастырылуы кажет.
Төлем балансының жасақталуы ХВҚ, төлем балансы бойынша ұсынысы атты бесінші
басылымы ұсынған стандартты бөліктер негізінде жасалады. Ұсыныста төлем
балансындары операциялардың барлық түрлерінің толық тізімі берілген. Осыған
байланысты мәмілелердің алғашкысы мен туындысын аныктау, барлық баптардың
дербес және толыктырушы (компенсирующие) болып бөлінуі өте манызды болып
табылады.
Төлем балансы мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:
ағымдары операциялар есебі; капиталмен жасалатын операциялар есебі
қаржы операциялары мен қосалкы активтер. Осылардың әрқайсысын жеке
қарастырайық.
Ағымдары операциялар есебі - тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен
ағымдары трансферттермен жасалатын наұты операцияларды қамтиды, ағымдары
операциялар есебінің оң сальдосы тауарлар мен қызмет көрсетулердің
экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді. Ал теріс
сальдо тауарлар мен қызмет көрсетулердің импортын, табыстар мен
трансферттердін төленуін білдіреді. Жоғарыда келтірілген операциялар әр
түрлі баптарда төмендегідей топтастырумен керсетіледі.
Тауарлар. Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өнделген
одан кейінгі қайта импорт- қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер
сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспорт құралдарымен сатып
алынған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді. Сыртқы саудадағы
операциялардың толық есепке алынбауына байланысты, қамтылуында толыктырулар
жасалады. Ол "челноктык" сауда және операциялардың бағалау құндарындағы
мәліметтермен толыктырылып, экспорт пен импорт бартерін "эквивалентсіз
бартерға" теңестіріліп, резидент және бейрезиденттер жүзеге асырған
импорттын СИФ құнын әдістеме, талаптарына сәйкес жүк тасымалдау мен
сақтандыру құндарын алып тастау арқылы импорттың ФОБ құнына келтіріледі.
Казақстанда жүк тасымалдау немесе фрахт құны ТМД елдерінің тауарларының 7
пайыз құнымен бағаланып, әлемнің басқа елдері үшін 14 пайыз мөлшерінде
бағаланып, ресми статистикада кқрсетіледі.
Кызмет көрсетулер, олардың барлык деңгейлерін қамтып, оған көбінесе
жүк және жолаушылар тасымалдау, туризм, кеңес беру мен білім беру кызмет
көрсетулері сияқты, техникалық көмек геофизикалык, құрылыс, коммуникациялық
және үкіметтік қызметтер кіреді.
Табыс - өндіріс факторлары болып табылатын еңбек пен капиталды
пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемакы, тікелей және
портфельді, басқадай инвестициядан алынған табыс пен қорлардан құралады.
Капиталдан алынған, табыс дивиденд, пайыз немесе баскадай табыстар түрінде
болуы мyмкін.
Ағымдағы трасферттер. Бұл бапқа, техникалық, немесе гуманитарлық,
көмек сияқты экономикалық, құндылықтары қайта-рылмайтын гранттардың
берілуіне немесе алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен
жасалатын операциялар кіреді. Осы бапқа, сонымен қатар жеке тұлғалардың
ақша жіберулері мен салықтары, Yкіметтің әр түрлі халықаралық және
мемлекетаралық ұйымдарда төлейтін жарналары да кіреді.
Елдің халықаралық, жағдайын анықтауда ең алдымен экспорт пен импорт
арақатынасы бараланады. Шет елде сатылған және елге келген деңгейін
анықтау бізге сауда балансын алуға мyмкіндік береді.
Сауда балансының шығарылуы кеден мекемелерінің сауданың статистикалық
мәліметтерін өндеуіне байланысты тұрақты шығарылуы мyмкін.
Сауда балансы экспорт пен импорт арасындары айырма ретінде шектелген
ақпарат берсе де, ол жалпы жағдайды талдаудың өте маңызды мәліметі болып
табылады өөйткені халықаралық қатынас-тардың 80 пайыз көлеміндегі үлесі
саудаға тиесілі. Сауда балансының сальдосын шығарудың есептелуіндегі
қиыншылықтар әлемдік статистикада экспортты ФОБ бағаларында есептелуіне
байланысты туындауда. Басқаша айтканда, оған тасымалдау мен сақтандыру және
т.б, құндар кірмейді Ал импорт тасымалдау мен сактандыру құндары енген СИФ
бағаларында есептелінеді, мамандардың пікірінше, әкелінетін тауарлардың
құндарының орта есеппен 10 пайызын құрайтын айырмасы есептеу кезінде алынып
тасталынады.
Сауда балансы төлем балансының жалпы нәтижесінің көп бөлігіне әсер
еткенмен, бірақ теріс сауда сальдосы міндетті түрде жалпы дефицитке
әкелмейді.
Экспорт-импорт операцияларың "көрінбейтін" саудамен (қызмет көрсету)
толыктыру тауар мен қызмет көрсетулер балансын алуға мyмкіндік береді.
Кейбір елдер yшін "қызмет көрсету" тарауы өте елеулі болады. Мысалға
ел территориясы арқылы ауқымды туристік ақымдары өтетін мемлекеттерде
туризмнен түсетін төлемдер манызды үлес алады.
Қызмет көрсетулерді сату туралы акпараттардың жанама есептеулер
нәтижесінде алынатындырынан баланстардың кешігіп жарық көруіне әкеледі.
Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін
қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылық,
есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік
емес, бейқаржылық, активтер операциялар енеді өз кезегінде қаржы есебі
халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.
Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды
трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен
борыштарды көшіру кіреді.
Акшалай өаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке
жатқызылуы yшін, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылыска
бағытталған жағдайда ғана саналады.
Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді:
Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен
топтастырылады: резиденттердің шетелге инвестициялары мен резидент
еместердің ішкі экономикаға инвестициялары, Ол акционерлік капиталға, қайта
инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді.
Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру
мyмкіндіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы
бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын
қалыптастыру yшін нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар,
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол
мемлекеттік саясаттың болуы қажет.
Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын мyлік пен қаржы ресурстар
түрінде болуы мyмкін. Төлем балансында тікелей инвестициялар шетелдегі
экономикалық мәні бар активтерге тікелей инвестициялар (резиденттердің
басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында
экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлтық экономикаға тікелей инвестициялар
(осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді.
Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен
акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар
кіреді. Оның ішіне валюталық, және пайыздық, своптар да кіреді. Қазақстан
Республикасында бұл категорияға корпоративтік бағалы кағаздарда жасалған
инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайызда төмен болған акциялар
көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздың бағалы
қағаздарға мерзімі біржылдан астам облигациялар мен айналымдары вексельдер,
ақша нарығының құралдары мен каржылык туындылар кіреді.
Басқадай инвестицияларда сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше
қарыздар, валюта мен депозиттер, баскадай активтер мен міндеттемелер, оның
ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және
кредиторлық қарыздар да кіреді.
Резервтік активтер – мемлекеттің сыртқы операцияларын талдаудағы төлем
балансының маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты
есептерінде, олар қорларды кұрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде
емес, жалпы сырткы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының
қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық
банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар
төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық
валюта тұрақтылығын колдау үшін валюта нарығында интервенциялар жүргізуге
пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша,
депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы
мен ХВҚ-дары резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем
балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының
алтынды сатусатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету
қабылданған.
Резервтік активтер ретінде әрекет ету үшін оған сәйкес келетін баптар
акша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бакылауында болуы тиіс, өйткені олар
осы құралдарды пайдалану аркылы төлем балансынын дефицитін тікелей, немесе
теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция
жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу
максатында қолдана алу қажет.
Қазіргі кезде Халықаралық Валюта Қорына мүше елдердің төлем
баланстарының жариялану уақыты осы халықаралық ұйымның нұсқаулары және
ұсынған схемасы негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық Валюта Қорының әдістемесі бойынша төлем балансы
баптарының жіктелуі.
А. Ағымдағы операциялар
Тауарлар
Қызмет көрсетулер
Инвестициялық кірістер
Басқа да қызмет көрсетулер мен кірістер
Жеке біржақты аударуалар
Ресми біржақты аударулар
А жиыны. Ағымдағы операциялар балансы.
В. Тікелей инвестициялар және басқа даұзақ мерзімді капитал
Тікелей инвестициялар
Портфельдік инвестициялар
Басқа да ұзақ мерзімді капитал
Жиыны: А+В
С. Қысқа мерзімді капитал
Д. Қателіктер мен қалдырулар
Жиыны: А+В+С+Д
Е. Орын толтыратын (компенсациялайтын) баптар
Алтын- валюта резервін қайта бағалау
F. Төтенше қаржыландыру
G. Шетелдік ресми органдарының валюталық резервтерін құрайтын
міндеттмелер
Жиыны: A+B+C+Д+E+F+G
H. Резервтерді жиынтық өзгерістері
ХВҚ- дағы зезервтік позиция
Шетелдік валюта
Басқа талаптар
ХВҚ- ның кредиттері
Қазақстан Республикасы ХВҚ - ның мүшесі ретінде осы ұйым қабылдаған
төлем балансы баптарын жіктеу жүйесін қолданады. Әрине әр елдің
ерекшеліктері бар. Мысалы, дамыған және дамушы елдердің төлем баланстарының
мазмұны әртүрлі болып келуі де түсініктікпен қарайтын құбылыс. Сондықтан,
ХВҚ қабылдаған төлем балансы схемасы дамыған елдердің бәріне тән белгілерді
есепке алады да, әрқайсысына өздерінің қаржылық операциялары ерекшеліктерін
ескеретін түзетулерді енгізуге жолбереді.

ІІ ҚР төлем балансын талдау

2.1. Төлем балансын реттеудің әдістері
Төлем балансы ежелден мемлекеттік реттеу объектісі болып табылады.
Біріншіден бір елдің сальдосының кем көлемді тапшылығы, екінші бір елдің
шамадан тыс активті сальдосына жалғасады. Халықаралық есептеулер балансының
тұрақсыздығы валюта бағамының динамикасына, капиталдың кетуіне, жалпы
экономика ахуалына әсері зор.
Екіншіден, алтын стандарттан бас тартқан өткен ғасырдың 30- шы
жылдарынан бергі уақыттағы төлем балансын баға арқылы реттеу әдісінің
әрекеті әлсіз, дәрменсіз болып шықты. Сондықтан, төлем балансын теңестіру
ісі мақсатты түрде мемлекеттік шаралар қолданулыталап етеді.
Үшіншіден, шаруашылық байланыстарының жаһандануы жағдайындайын
экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі төлем балансының маңызы
жоғарылай түсті. Мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі міндеттері
шеңберіндегі экономикалық саясатының негізгі міндеттері шеңберіндегі
экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз ету, инфляция мен жұмысыздықты
ауыздықтау міндеттерімен қатар төлем балансын теңдестіру ісі де негізгі
мәселелер жиынтығы ортасынан орын алады.
Төлем балансын реттеудің материалдық негізіне мыналар жатады:
1) ресми алтын- валюта резерві;
2) мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыс;
3) капиталдарды экспорттаушы, кредиттеуші, кепілдік беруші, қарыз
алушы ретінде мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастарға
тікелей қатынасы;
4) нормативтік кесімдер (актілер) және мемлекеттік бақылау
органдарының көмегімен сыртқы экономикалық операцияларды
регламенттеу (мөлерлеу).
Төлем балансын реттеу кезінде қандай елдер (активті немесе тапшы сальдосы
бар) оны туралау жөнінде шаралар қолдануы қажет деген проблема туындайды.
Бұл мәселе бойынша теоретиктердің пайымдаулары мен практиктердің ьалаптары
әртүрлі. Әдетте, ішкі және сыртқы факторлардың қысым көрсетуімен төлем
балансын туралау проблемасы төлем балансы тапшы елдер үшін өткір мәселе
болып табылады. Халықаралық есептеулер активті балансы қалыптасқан елдер
оларды “өз үйінде тәртіп орнатуға”, яғни инфляцияны шектеуге, дефляциялық
саясат жүргізуге, экспортты ынталандыруға, тауарлар импортын бәсеңдетуге
т.с.с. шақырады.
Төлем балансын мемлекеттік реттеу дегеніміз төлем балансының негзгі
баптарын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің экономикалық, соның ішінде
валюталық қаржылық, ақша- несиелік шаралары жиынтығы. Төлем балансын
реттейтін әдістердің біпқатар түрлері бар. Олар елдің валюта- экономикалық
ахуалы мен халақаралық есептесулер жағдайына байланысты сыртқы экономикалық
операцияларды шектеуге немесе ынталандыруға бағытталады.
Төлем балансы тапшы елдер, әдетте экпортты ынталандыруға тауарлар
импортын бәсеңдетуде, сондай- ақ шетелдік капиталды келтіріп, капиталдардың
кетуін шектеуге арналған келесі шараларды қолданады:
1. Дефляциялық саясат (бағалар мен шығындардың төмендеуі) Бұндай
саясат ішкі сұранысыт кемітуге бағытталатындықтан бағалар мен еңбекақыға
бюджеттік шығындарды шектейді. Дефляциялық саясаттың елеулі құралдарына
бюджет тапшылығын кеміту, ұлттық банктың есеп ставкасын өзгерту, кредиттік
шектеулер, ақша массасының көбеюін шектеу сияқты қаржылық және ақша-
кредиттік шаралар жатады эконмикалық тоқырау жағдайында белең алатын
жұмыссыздық, өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау кезінде дефляция
саясаты оларды тіпті құлдыратып жібереді.
2. Девальвация. Ұлттық валюта бағамын төмендету экспортты ұлғайтып,
импортты бәсеңдету саясаты болып табылады. Дегенмен, төлем балансын
реттеудегі девальвацияның ролі оны жүргізудің нақты шарттары мен жалпы
экономикалық және қаржылық саясатқа байланысты. Девальвация экспортты
ынталандыру үшін бәсекеге қабілетті экпорттық әлеует пен дүниежүзілік
рынокта қолайлы жағдай болуы қажет. Девальвацияның импортты тоқтату күші
елдің халықаралық мамандану деңгейі мен ұдайы өндірістің
интернацияландыруына тәуелді, сондықтан тауар импортын күрт кемітуге оның
шамасы жете бермейді. Импортты қымбаттату себебінен отандық отандық
өнімдерді өндіру шығындары өсіп, елдегі бағалар жоғарылап кету қауіпі де
жоқ емес. Сондықтан девальвация елге елге уақытша артықшылықтар әпергенімен
көптеген жағдайларда төлем балансы себептерін жоя алмайды.
3. Валюталық шектеулер. Экспорттаушылардың шетел валютасындағы
түсімдерге кедергі жасау, импорттаушыларға шетел валютасын сатуды
лицензилау, валюталық операцияларды өкілетті банктерде шоғырландыру
әдістері капитал экспортын шектеп олардың келуін ынталандыруды, тауар
импортын кемітуді көздейді. Өткен ғасырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Төлем балансының түрлері
Төлем балансының есеп айырысу балансынан айырмашылығы
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
ҚР-ның сыртқы саудасын статистикалық зерттеу
Төлем балансы
Пәндер