Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары



2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.
Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан” спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.
Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы
сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет
театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл
мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары”
атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған
алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы
өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр.
Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен
сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып
ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан
Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының
музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов,
Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер,
Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі
Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.
Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан”
спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде
Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100
рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір
қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт
гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.
Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты
қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде
ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және
Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан
кейін 1935 жылы “Жалбыр” қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ
әдебиеті мен өнерінің Декада күндеріне қатынасты, 1937 жылы
Е.Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” операсының премьерасы Ленинградта қойылды.
Театр туындыларының Мәскеу мен Ленинград қалаларының бүкілодақтық
сахналарына шығуы театр ұжымын жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады,
театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармаларын ұсынды:
1939 жылы И.Надировтың “Терең көлі” мен В.Великановтың “Тұтқын қызы”, 1940
жылы А.Зильбергтің “Бекеті” және Е.Брусиловскийдің “Алтын астық”, 1942 жылы
“Гвардия алға” спектакльдері қойылды.
Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс
кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар
П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері
Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен
Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық
операларымыз дүниеге келді. 24 желтоқсан 1944 жылы А.Жұбанов пен Л Хамиди
бірігіп жазған “Абай”, 7 қараша 1946 жылы М.Төлебаевтың “Біржан-Сара”
операсы қойылды.
Опера труппасы бұнымен қатар классикалық шығармаларды да игеріп жұмыс
істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері
ҚазКСР-ң халық әртістері Н.Самышина, А.Круглыхина, Н.Куклина бар орыс
труппасы қазақ солистерімен бірлесіп “Кармен”, “Евгений Онегин”, “Қарғаның
мәткесі”, “Демон”, “Фауст”, ”Аида” спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс
кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-
үлкен қомақты “Иван Сусанин”, “Мазепа”, “Отелло”, “Чио-Чио-сан”, “Даиси”
сияқты классикалық шығармаларды сахналады. Бұған эвакуация жылдары Алматыда
тұрған Кеңестер Одағының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан оперә өнері
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақстанның балет өнері
К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Әшірбек Сығай – сыншы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ музыка театрының би өнері
Пәндер