Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы



ЖОСПАР
Кіріспе

I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантикалық.стилистикалық ерекшеліктері
1.1 Сөз этикетінің қызметі және оның өзара байланыстылығы
1.2 Сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшеліктері
1.3 Сөз этикетінің семантикалық түрлері және ерекшеліктері
1.4 Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет формалары

II тарау. Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы
2.1 Қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз бірліктерінің формалары
2.2 Қазақ және түрік тіліндегі қоштасу сөз бірліктерінің формалары
2.3 Қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз бірліктерінің формалары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантикалық-стилистикалық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8
1.1 Сөз этикетінің қызметі және оның өзара
байланыстылығы ... ... ... ... ..9
1.2 Сөз этикеті бірліктерінің стильдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...10
1.3 Сөз этикетінің семантикалық түрлері және
ерекшеліктері ... ... ... ... ..11
1.4 Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

II тарау. Сөз этикет бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу
аясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз бірліктерінің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Қазақ және түрік тіліндегі қоштасу
сөз бірліктерінің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3 Қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз

бірліктерінің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 0

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46

КІРІСПЕ

Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес.
Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұл-қызы
болғандықтан, халықтың Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Адамды сондай
саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік
тудыратын қарым-қатынас құрамы – ұлы мәртебелі сол ана тілі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді,
ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі,
ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-
сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың
сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның
психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл -
адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған
жылдар бойы жасалған. Оның орасан зор көп байлықтары сол тілде сөйлейтін
халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде
үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму,
жетілу, процесінде үйренеміз.
Адам баласы белгілі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіп еңбек
етеді. Қандай да болмасын қоғамның көпшілік қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-
қатынас жасау дәстүрі болады. Адамдардың бір-бірімен араласуы сол қағидаға
негізделеді. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіру
мүмкін. Сондықтан әркім белгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян
дәстүрлі қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс. Міне,
адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің
жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп
ережелері жиынтығының вербалды (тіл арқылы жүзеге асатын) жағы сөз
этикеті деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады.
Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы
байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ
көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен
айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да,
оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал
жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық
мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу,
ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі,
шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік
қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль
атқармайды. Мысалы, дәстүрлі Қалың қалай?, Не жаңалық бар?, Мал-жан
аман ба? сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап
етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан,
айтылады да, оған тағы да дәстүрлі Шүкір! Өзіңде не жаңалық бар? деген
тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары)
сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне кілт, яки бір нәрсені сұрау,
оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау
қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс
құралы ғана болып, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес.
Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда
қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар
едік.
Сөз мәдениеті күрделі ұғымды қамтиды. Сөз деген сөздің өзі –
мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір
элементі. Қазақ тілінде сөз сөзінің қосалқы, ауыспалы мағыналары бар.
Сөз мәдениеті – тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін оның
елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына
сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Сонымен Сөз мәдениеті – тек
тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларын бұлжытпай дәлме-
дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушы жүрекке жылы тиетін, айналасы
теп-тегіс жұмыр келген, әсерлі жеткізу дегенді білдіреді.
Кез келген ұлттың, халықтың сырт көзге бірден байқалатын, мен мұндалап
тұратын ерекшелігі ең алдымен этикеттен, сөз этикетінен көрінеді. Белгілі
бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде басқа елдің алдымен сол халықтың
тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту,
кешірім сұрау, комплимент айту және қоштасу сияқты сөз этикет сөздерден
бастайды.
Адамдардың дидарласуына, ең алдымен, дәнекер болатын да – осылар.
Туған-туысқан, жора-жолдас, тамыр-таныстармен кездескенде – амандасу,
кетерде – қоштасу қаншалықты дәстүрлі әдетке айналса, біреудің қуанышына,
қайғы-қасіретіне ортақтасу соншалықты табиғи да. Адамның жанына жағымды,
жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі сияқты.
Міне, сондықтан, атап айтқанда қазақ және түрік тілдеріндегі сөйлеу
әрекетіне және осы процестегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге талдау жасағанда
екі тілдегі амандасу, қоштасу және рахмет айту формаларын салыстыра
қараудың да рөлі ерекше екенін көрсетуді мақсат еттік.
Екі бөлек тілде сөйлейтін адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды.
Өйткені екі бөлек географиялық аймақта өмір сүретін адамдар сезімдері мен
ойларын жеткізуде бірдей тіл элементтерін басқа түрде, басқаша пайдалануы
мүмкін. Әр адам жеке тұлға болғаны үшін, төңірегінде болып жатқан
құбылыстарға, оқиғаларға түрлі реакциялар көрсетеді. Қоғамдағы белгілі бір
жағдайларға байланысты болған оқиғаларға қатысты қалыптасып қалған
реакциялар, қимылдар, сөздер, мәдени этикеттер бар.
Осыған орай, қазақ және түрік халықтарының өмірінде жиі кездесетін
амандасу, қоштасу және рахмет айту сөз этикеттері мен олардың қай жерде,
қашан, қалай қолданудың шарттарын көрсетеміз. Мысалы, амандық сұрасудың
ешқандай қиындығы жоқ сияқты көрінеді. Бірақ амандасудың толып жатқан
түрлері, синонимдері және варианттары бар. Сондықтан қай тілде болмасын,
оларды талғап, таңдап қолдануға қажет.
Сәлемдесудің күнделікті өмірде мәні аса зор. Танысу да,
әңгімелесу де амандасудан басталады. Амандасу арқылы көзтаныс,
жүзтаныстармен одан әрі білістігімізді нығайта түсеміз. Сондықтан да халық
нақылында Сөз атасы – сәлем делінеді. Амандасу – этикеттік таңба, ал
белгілі бір нақты жағдайда (ситуацияда) амандаспай кету (сәлем алмау, сәлем
бермеу) этикеттік таңба жоқ дегенді білдірмейді, қайта керісінше қандай да
болмасын себепке (мотивке) байланысты (реніш, өкпе т. б.) қарым-қатынасты
үзу тактісін аңғартады. Сол себептен де сәлемдесуге жер бетіндегі
халықтардың бәрі ерекше мән береді. Оларды қолданудың, жұмсаудың өзіндік
қалыптасқан жүйесі бар. Амандасудың тұрақты сөз орамдарын (сөздерін) яки
тілдік құралдарын орнымен қолдана білу алдымен қалыпты қарым-қатынастың
типін ажырата білуге байланысты болып келеді. Осы жүйені дұрыс аңғармаған
адам кейде амандасуда ағаттық жіберіп алады.
Амандық сұрасу күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөз бірліктері.
Бірақ бұлардағы мағыналық, стильдік реңк оларды талғап, таңдап өз орайында
қолдануды қажет етеді. Мысалы, қысқаша түрде салыстырып көрсек, қазақ
тілінде, Сәлеметсіз бе? деп амандасу үлкен-кішіге, таныс-бейтанысқа,
ресми жағдайда да қолданыла беретінін байқасақ, бұл қолданыстың түрік
тіліндегі формасы Merhaba (мерһаба) - жекеше түрі, Merhabalar
(мерһабалар) - көпше түрі. Бұл қолданыс негізінен көп адамға қарата
айтылады, сондай-ақ, бұл көпше түрдегі қолданысты аса сыйлы, құрметті
адамдарға да қарата айтуға болады. Мағынасы жағынан қазақ тілімен бірдей,
бейтарап болғандықтан, күнделікті өмірде қолданыла береді.
Ассалаумағалайкум! деп апа-әжелерімізбен амандассақ қолайсыз
жағдайға душар қылады.
Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға этикет сөздерде мағына,
стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің
үлкендерге Сәлем бердік! деп қолын ербеңдетуі, қалай болса солай
амандасуы тым әдепсіздікке жатады.
Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады. Амандасу
адамның бойындағы сыпайы мінез, ізеттілікпен астасып жатса, жарасымды
шығады.
Кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген сәлемі әрдайым оның
кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие парасатын аңғартып тұрады.
Амандық сұрасу сөздерінің бірнеше түрлері мен синонимдері бар. Алайда
тілдің осындай оралымды мүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін
тәріздіміз. Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні қайталап
жатады. Сәлеметсіз бе? деп амандасқан адамға оның өз сөзін қайталап
Сәлеметсіз бе! деуден гөрі Аман есенсіз бе?.. деген жауап қату
жарасымды болар еді. Ал түрік тілінде Merhaba формасымен қатар
Nasilsin? формасы жиі қолданылады. Бұл қолданыс көбінесе жақын, бір-бірін
жақсы танитын адамдар арасында қолданылады.
Сөз этикетінің өз алдында дербес бір саласы – қоштасу. Оны дербес сала
дейтініміз – оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары,
қолданылатын тұрақты орны болады. Қоштасу мәнді сөз қалыптарының лексика-
грамматикалық мән-мағынасы жоқ. Қызметі жағынан, қарапайым тілмен айтқанда,
Қош болыңыз деген тілдік таңба да бір, қол бұлғап ишарат жасаған таңба да
бір. Осылай айту (Қош болыңыз) не іс-әрекет арқылы ишарат білдіру (қол
бұлғау) этикеттік дәстүр. Бұлар қарым-қатынасты үзбейміз, болашақта да
жалғастырамыз деген таңба. Бұл таңбаларды (амандасу таңбалары сияқты)
тиісті жерінде лайығымен қолдану әдептілік әліппесі болып табылады.
Жалпы, этикет заңдылығы бойынша, амандасу екі жақты байланыстың
басталғанын білдірсе, ал қоштасу контактінің уақытша үзілгенін мәлімдейді.
Қазақ тілі сияқты түрік тілінің қоштасу сөздерінің де мол қоры, түрі бар.
Және олардың қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар.
Ол жүйе, негізінен алғанда, адресат пен адресанттың арасындағы қарым-
қатынастың типіне (бастық-бағынышты, үлкен-кіші, ер-әйел т. б.) және нақты
жағдайға (ситуацияға), атап айтқанда, ресми-бейресми, бейтарап, уақыт
мерзімі т.б. қалыпты жағдайларға тәуелді.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни байланыс кілті
үзілмеуге тиіс. Байланысты кілт, шұғыл үзбес үшін оған дайындық болады.
Атап айтқанда: Уақыт болып қалыпты-ау, Амал жоқ, қайтатын уақыт таяп
қалды, т.б. қыстырма сөздер байланысты үзуге дайындық болып табылады. Мұны
қоштасуға дайындық актісі деп атаймыз. Осындай кіріспеден кейін
қоштасудың қалыпты (стеоретипті) формулалары айтылады. Бұндай формулаларға:
Сау болып тұрыңыз, Келесі кездескенше т.б. жатады.
Қазақ тілі сияқты түрік тілінде де қоштасудың бұл формалары бар.
Мысалы, Görüşmek üzere! (гөрүшмек үзере) қолданылады. Қоштасудың бұл түрі
ресми емес, жеңіл түрде айтылады. Бұл форманың қысқаша нұсқасы Görüşürüz!
(гөрүшүрүз) формасы әдетте жастар арасында жиі қолданылады.
Әр қоғамда, әр тілде кездесетін рахмет айту сөз бірліктері
көбінесе өзгешеленгенімен, діни сенім, әдет-ғұрып факторларына негізделген
жағдайда көбінесе ұқсас болып келеді.
Мәселен, қазақтарда көп қолданылатын және бір істің жағымды,
ойдағыдай аяқталуына орай айтылатын: Құдайға шүкір, Аллаға шүкір сөздері
болса, түріктер сәл өзгертіп, Tanrıya şükür (Танрыя шүкір), Allaha
şükür (Аллаха шүкүр) дейді.
Өмірдің басқа салаларында, өзге жағдайларда және адам қарым-
қатынасында қолданылатын басқа сөз тіркестері де бар және кез келген бір
кісінің жәрдемі, жақсылығы т.б. алдында айтылатын Рахмет сөзімен қатар,
кейбір жерлерде сау бол, сау болғыр сөздерінің түрік тіліндегі
баламалары Teşekkür ederim (тешеккүр эдерим) қазақ тіліне аударғанда
рахмет деген мағынада, Sağol (сағ ол) Сау бол сөздері қолданылады.
Түріктерде рахмет айту үшін қолданылатын Allah Tuttuğunu altın etsin
(Алла туттуғуну алтын етсин) Алла ұстағаныңды алтын етсін. сияқты сөздері
де бар.
Айтып өткен мысалдарымыз түріктер мен қазақтардың әр түрлі өмір
салтында, жағдайларында өз сезімдерін, тілектерін, алғыстарын баяндап
көрсетудегі нәзіктік сезімталдықтарын дәлелдейді.
Бұл қысқаша түрде көрсетілген ұқсастықтар мен айырмашылықтар
қарастырыла бастаған мәселенің ең аз бөлігі екеніне қарамастан, екі тілдің
меңгерілуіне өзара жақсы ықпал ететініне көз жеткізуге болады деп ойлаймыз.
Ал қойылған мақсатқа түбегейлі түрде жету үшін алда бұл екі тілдегі рахмет
айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктерді мүмкіндігінше
толық зерттеуге тырысамыз. Себебі бітіру жұмысының міндеті осы мәселеге
тіреледі.
Қазақ тілі мен түрік тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды
білдіретін тілдік бірліктері туралы зерттеулерге тоқталатын болсақ, ерекше
көзге түсетіндерден Айман Қобланованың Қазақ сөз этикеті атты еңбегін
атауға болады. Бұл еңбекте автор қазақ тілінің қазақ сөз этикетін тіл
мәдениеті тұрғысынан сөз ете отырып, сөз этикеті бірліктерінің өзіне тән
қызметін, семантика-стилистикалық ерекшеліктерін көрсетті. Бірақ түрік
тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктері
туралы түрік тілі, ағылшын тілі мен орыс тілі болмаса, қазақ тілінде
жазылған деректер, зерттеулер жоқ. Түрік тіліндегі деректердің қатарына
Alaaddin Korkmaz жазған Türkçe kompozisyon, осымен қатар Тürk dünyası
araştırmaları мен Prof. Dr. Muharrem Ergin жазған Türk dil bilgisi деген
еңбектерін ерекше атауға болады. Аталған еңбекте авторлар түрік тілін
үйрену кезінде ескерулерге оқырманның назарын аудартқызып, түрік тілінің
сипатына, сөйлеу этикетіне ерекше тоқталып өтеді.
Қандай да болмасын тілдің осылайша мыңдаған жылдар бойы зерттелуінің
нәтижесін біз енді өз көзімізбен анық көре аламыз. Ол - ана тіліңнен басқа
кез келген шет тілін үйренуге берілетін мүмкіндіктердің асқаны. Ал қазіргі
кезде заман талабына сай адам өмірінің деңгейін мүмкіндігінше жоғары ұстау
үшін кем дегенде бір шет тілін білуі керек. Яғни өзектілік деген осында
жатыр. Әсіресе, Түркия сиқты дамыған ел мен Қазақстан сияқты дамушы ел
арасында екі жақты қарым-қатынастарды нығайту жолында сол қарым-
қатынастарды орнататын болсын, екі елдің қарапайым халқы болсын серіктес
елдердің мемлекеттік тілдерінің ерекшеліктерін білетін жағдайда әрқашан да
түсіністік пен татуластық болатынына сеніммен қарауға болады емес пе?
Әрине, ортақ халықаралық дәрежесіне ие ағылшын тілі немесе түріктердің көбі
білетін орыс тілі бар болған кезде, осы тілдерді меңгеруге көмектесетін
аталған үш тілде де оқу құралдары бар болған кезде, дәл осы тілдер арқылы
қатынас орнатуға болатын кезде, басқа тіл не үшін керек деген ой да келетін
шығар? Бірақ белгілі біреумен қатынас орнатып жатқан кезде, көптеген
қиыншылықтарға тап болмау үшін керек деп санаймыз. Серіктесіңнің тілін
білсең, мәдениетіне де тереңірек үңіле аласың. Ал бұл, өз кезегінде,
түсінікті арттырып, қателік жасаудан қорғайтыны күмәнсіз. Демек, түрік-
қазақ тілдерінің байланыстыра зерттелуі қажет деп айтсақ артық болмайды.
Осыған орай дәл осы тілдік байланысты, яғни оның ішіндегі түрік тілі мен
қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік
бірліктерін зерттеу мәселесі ғылыми жаңалық болып табылады.
Жұмыс барысында алға қойған мақсатымызға жету үшін түрік тілі мен
қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік
бірліктердің қызметтерін, түрлерін, сипаттарын, ерекшеліктерін барынша
талдау, салыстыру әдістеріне сүйенгенді жөн көрдік.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспе, екі тарау, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I тарауда түрік тілі мен қазақ
тілінің сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантика-стилистикалық
ерекшеліктері, сонымен қатар сөз этикетінің қызметі мен оның өзара
байланыстығын, сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшелігі, қазақ және
түрік тілінің вербалды және бейвербалды этикет формалары талданады. II
тарауда сөз этикеті бірліктерінің қолданылуы мен жұмсалу аясы деп аталып,
өз ішінде үш бөлімге бөлінген: 1. қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз
бірліктерінің формалары; 2. қазақ және түрік тіліндегі қоштасу сөз
бірліктерінің формалары; 3. қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен
рахмет айту сөз бірліктерінің формалары талдауға салынады. Екі тілдегі
амандасу сөз бірліктері талданып,кейіннен арасындағы байланыстары да,
қолданылу жағдайларының ерекшеліктері де белгіленеді. Бар жұмыс барысында
келтірілген мысалдарды екі тілге аударып, түсінікті болу үшін мүмкіндігінше
деректерді схемалық түрде көрсетуге тырыстық.
I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі менсемантикалық-стилистикалық
ерекшеліктері

Этикет – философиялық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы
орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
ережелері.

Адам – қоғамның жемісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада
өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелермен, әлеуметтік ортамен,
ұжыммен қарым-қатынасы орныққан этикет нормалары арқылы реттеліп отырады.
Бұлайша орныққан этикеттің тілдік жағы бар да, тілдік емес жағы бар.
Мысалы, жасы кішінің жасы үлкен адамға жол беруі, іскер адамдардың өзара
сәлемдесуі, тағзым етуі т.б. әдептіліктің тілдік емес жағына жатады. Ал
әдептің тілдік құралдар, тілдік амал тәсілдер арқылы жүзеге асатын да
түрлері бар. Оларды тіл білімінде сөз этикеті (речевой этикет) деп атайды.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу
(айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б) деген мағынада
емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың
құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты
сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.
Сөз әтикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы
байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ
көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен
айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да,
оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал
жалпы тілдің ең басты қызметі-қарым-қатынас құралы болу және де танымдық
мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу,
ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі,
шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік
қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль
атқармайды. Мысалы, дәстүрлі Қалың қалай?, Не жаңалық бар?, Мал-жан
аман ба? сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап
етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан,
айтылады да, оған тағы да дәстүрлі Шүкір! Өзіңде не жаңалық бар? деген
тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары)
сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне кілт, яки бір нәрсені сұрау,
оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау
қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс
құралы ғана болу, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес.
Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда
қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар
едік.

1.1. Сөз этикетінің қызметі және оның өзара байланыстылығы

Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның
өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал
жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық
мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу,
ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі,
шағын жүйесі ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты
ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөл атқармайды. Мысалы дәстүрлі
Қалың қалай?, Не жаналық бар?, Мал-жан аман ба? сияқты қалыпты
сұрақтар нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде
айтылуға тиіс болғандықтан айтылады да, оған тағы да дәстүрлі Шүкір!
Өзіңде не жаңалық бар? деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл
мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне кілт,
яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-
қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл әрине, сөз этикетінің негізгі
қызметі тек байланыс құралы ғана болу, оның танымдық мәні жоқ деген сөз
емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты
жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған
болар едік.

Қарым-қатынас жағдайында амандасу, қоштасу сөздерінің байланысты
орнатудағы мәні күшейе түседі. Сондай-ақ белгілі бір адамға жақсылық
жасағанына орай айтылатын алғыс айту, адамның сезім-күйіне жағымды әсер
етіп, шаттыққа бөлейді. Бірақ бір ескертетін нәрсе - сөз этикетінің
жоғарыда айтылған негізгі қызметтері бір-бірімен тығыз байланыста болып,
өзара астасып жатады. Мәселен, амандасу немесе қоштасу сөздері тек байланыс
орнату үшін ғана қызмет етеді деп түсіну дұрыстыққа жатпайды.
Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста сан мың мәрте
қайталанатын амандасу, қоштасу, рахмет айту т.б. этикеттік таңбалардың
өзіндік мазмұны болады. Амандасу – қарым-қатынасқа түсетін тұлғалар
арасындағы байланыстың үзілмейтінін көрсетеді. Қоштасу – қарым-қатынастың
жалғаса беретінін көрсетсе, рахмет айту – жақсылық жасаған адам алдында
ризашылықты білдіретін мән береді.
Қол алысып амандасу – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан салты.
Әуелде мұндай белгі қолымда қаруым жоқ деген мағына аңғарткан. Әдетте
амандасушылар оң қолын ұсынады. Мұның да өзіндік себебі: оң қол – қару
ұстайтын қол; жұмысқа бейім қол; қолғап шешіп амандасу да қолымда қаруым
жоқ дегенді білдіреді. Ер адамдар қалпағын көтеріп амандасады, үйге
кіргенде бас киімін қолына алып кіреді (орыс халқында). Мұндай белгінің түп
төркіні-әуелде басындағы дулығасын шешіп қолына алу – бір-біріне сенім
артқандықты білдіреді. Қазіргі кезде мұндай этикеттік таңбалардың бастапқы
мотивациясы көмескіленген, олар тек сыпайылықты білдіретін белгі ретінде
ұғынылады.
Қол алысып амандасу, қалпағын (орамалын) алып амандасу әйелдерге
тән емес. Бұлай болуы тарихи тұрғыдан түсінікті де. Өйткені әйелдер қару
ұстап соғысқан жоқ, дулыға кимеген т.б. сөйлеудің, сөз саптаудың жалпыға
ортақ өз тәртібі мен ережелері бар да, тыңдаудың өз тәртібі мен ережелері
бар.

1.2. Сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшеліктері.

Сөз этикеті бірліктерінің стильдік қызметі, алуан түрлі болып
келеді. Ал жақсы! Ертеңге дейін! Әзірше! – деген бірліктер әдетте
биресми, емін-еркін жағдайда, көбіне өзара таныстығы жақын қарым-қатынасқа
түсуші адамдар арасында айтылады. Міне, мұндай сөздер стильдік жақтан бір
тарап (маркированный) болып табылады. Олардың стильдік жақтан бір тарапты
болуы қарым-қатынасқа түсуші адамдардың әлеуметтік белгілеріне, мысалы жас
ерекшелігіне байланысты болады. Ал жолың болсын! Жолдасың қыдыр болсын!
Қыдыр әулие шылауыңда жүрсін! деген қоштасу сөзді мектеп оқушысы немесе
оқушы жастар айта бермейді. Бұл жасы үлкен ауыл адамының сөз қорына лайық
қолданыс. Сөз этикеті бірліктерінің стильдік жақтан бір тарапты болуы қарым-
қатынасқа түсуші адамдардың жынысымен де байланысты.
Мысалы, Сәлеметсіз бе? мен Ассалаумағалейкум! деген
амандасулардың бір-бірінен айырмашылығы – біріншісі стиль жағынан бейтарап,
яғни қарым-қатынасқа түсішу тұлғалардың әлеуметтік ерекшеліктеріне, сөйлеу
орнынан (ресми, биресми, емін-еркін т.б) тәуелсіз. Ал Ассалаумағалейкум!
деген амандасу формасы амандасушы мен аманды қабылдаушы, сөйлеу орнын
таңдайды. Қарым-қатынасқа түсушілер әйел адам болмауы тиіс, сөйлеу орны
биресми болуы тиіс. Сондай-ақ Армысың! деген амандасу түрі стильдік
жағынан бір тарап (маркированный) болуы аса күшті. Бұл амандасу, аса бір
салтанатты сөйлеу орнында ғана қолданылады.
Сонымен, сөз этикеті бірліктерінің стильдік бір тарап түрлері
сөйлеу жағдайына тәуелді болып келеді. Ал сөйлеу жағдайы – күрделі
экстралингвистикалық фактор.
Сөз этикеті бірліктерінің стильдік тұрғыдан да бір-бірінен айырым-
өзгешелігі болады. Олардың стильдік жақтан саралана түсуі сөз этикеті
элементтерінің өзіндік микро жүйе, құрылым екенін байқатады. Мәселен, сөз
этикетінің бір ғана тақырыптық тобына жататын, сол топтың ұйытқысы болып
табылатын сөздер мән-мағынасы жағынан өзара синонимдес болады. Мысалы,
Көріскенше күн жақсы. Қайыр-хош. Хош бол. Хош болып тұр. Сау-саламат болып
тұр. Жолың болсын. Жолдасың Қыдыр болсын. Қыдыр ата шылауында жүрсін т. б.
Алыс сапарға аттанатын кезде айтылады – Қош, Сау бол, Қош-сау бол;
Күнделікті кездесетін, көрісетін кезде айтылады – Ертеңге дейін, Ал
жақсы т.б.
Міне, бір тақырыпқа жататын мәндес сөздерді мағына айырмасына
қарай кем дегенде екі, әйтпесе одан да көп лексикалық топтарға бөлуге
болады. Сөз этикеті бірліктерін стильдік тұрғыдан саралау мен мағына
жағынан даралануы үнемі сәйкес келе бермейді.
Мәселен, Сау бол (ыңыз) дегенмен, Ал жақсы!, Ертеңге дейін!
деген тіркестердің стильдік табиғаты бірдей емес, Сау бол (ыңыз)
стильдік жағынан бейтарап. Стильдік жақтан бейтарап мұндай бірліктер қарым-
қатынасқа түсуші тұлғалардың бәріне бірдей (жасы, жынысына т.б. қарамастан)
болып келеді; Сөздің қандай жағдайда өтіп жатқанына (ресми, бейресми)
тәуелді болмайды.

1.3. Сөз этикетінің семантикалық түрлері және ерекшеліктері.

Тіл – адам сезімін сыртқа шығарудың құралы, адамдар арасындағы қарым-
қатынастың негізі. Өзге жанды жаратылыстан адамзатты бөлектейтін
белгілердің бірі де осы – тіл.
Адамзат санасының балаң шағында мифтік дәуір ұғымы бойынша, сөздің
магиялық, дүниені өзгерткіштік күші туралы түсінік басым. Ол жеке
материалдық тұрғыда ұғынылған. Мәселен, оны ұрлауға, ұстауға болады, өзіңе
айтылған жағымсыз сөзді байлап-матап тастап, ертесіне иесіне қайтаруға
болады деген таным-түсінікке байланысты талай-талай ғұрыптық-салттық
әрекеттер орын алған.
Алғашқы қауымдық кезеңдегі тілдердің өзінде көптің тілі – қарапайым,
ол құдайлардың тілі – қасиетті тіл деген жіктерге бөлініп, құпиялық-
қасиеттілік деп ұғынылған. Сондықтан ғұрып-салттарды өткеруде көрші
тайпалардың түсініксіз тілін мақсатты түрде пайдаланудың магиялық,
символикалық қызмет атқарғаны, ұжымның эмоциясын білдіру құралы болғаны
байқалады.
Сөздің даму тарихы, оның қарым-қатынас құралы дәрежесіне дейінгі
сатысы мен өнерлік дәрежесі жайындағы бірқатар ғылыми тұжырымдар тілдің
тарихы тамырын танытады.
Қазақ халқының сөз құдіретін түсінуімен бағалауы ерекше. Ол оның бүкіл
өмірлік жағдайында орын алған. Дәстүр-салтында, көзқарасы мен
дүниетанымында, әлеуметтік, қоғамдық өмірінде көрініс тапқан.
Халықтың сөз киесіне сенуі мен сөз жүйесін білуі, оған ерекше мән
беруі тіл байлығының тереңдігін тудырған. Өйткені бүкіл кемеңгерлігі мен
көсемдігін сөзге сыйғызып, тәрбиесі мен тәлімін, ұрпаққа айтар аманатын сөз
арқылы қалдырған халықтың табиғатына бұл сыйымды нәрсе.
Тіл тию мен көз тиюді қатар қойып, жас баланың тілі тез әрі шешен
шықсын деген ниетпен сөз зергерлерінің сарқытын ішкізіп жататын халықтың
ырым-салттарында осы сөз киесін қастерлеудің ұшқыны бар. Қазақ тілінің
ерекшелігі мен тілдік байлығы жөнінде түрлі кезеңде түрлі ғалымдар пікірнің
легі мол.
Оған: Өздерінің туыстас түрік тектес тілдермен салыстырғанда қазақтар
сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендіктеріне шынында
таң қалмасқа болмайды. Қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмейді, күрмелмей
сөйлеп жүре береді. Ойларын дәл, айқын етіп бере білумен қатар сөз,
сөйлемдерін белгілі дәрежеде әдемілікке безейді, әңгімелесіп отырғанның
өзінде жай сөйлемінде, не жайылма сөйлемінде болсын ырғақ анық байқалып
және жиі кездеседі. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай
сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да, тыңдаушыға өлең тәрізді әсер
береді - дейтін белгілі түрколог-ғалым В.В. Радлов пікірімен Қазақтардың
тілі - түрік және түркі тілдерінің ішінде өзінің айрықша бейнелілігімен,
әдемілігімен көзге түседі. Қазақтар өзінің халық ауыз әдебиетімен, тамаша
фольклорымен қай кезде де зор атаққа ие боп келді және бола бермек - деген
С.Е.Малов пікірлері куә.
Тіл әрбір халықтың жаны мен жүрегі. Онан халықтың қасиет,
дүниетанымдық көзқарас, адамдық-этикалық нормалар анық аңғарылады. Қазақ
халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен қарым-қатынас
дағдылары көпшілік, халық мойындаған этикалық нормалар ретінде күні бүгінге
дейін маңызын жойған жоқ. Сондай дағды нормаларынан ауытқу халықтық
этикетке қаяу түсіру болып табылады. Әрине, қоғам дамуының келеңсіз
сәттеріндегі жағымсыз жағдайлар, ана тіліміздің біраз уақыт бойына қағажу
көруі мен ұлттық құндылықтарымызды жоюға бағытталған саясат салқыны
біздің халықтық қағидаларымызға біраз көлеңке түсіргені белгілі. Алайда,
бүгінгі еркіндік заманында ғасырлардан үзілмей жеткен үрдістердің үздігін
уақыт шаңынан аршып алып, кәдеге жарату бүгінгі тіл білімі ғылымының өзекті
мәселелерінің бірі болып табылады.
Қай жерде, қай қоғамда болмасын адамдардың қарым-қатынасы алдымен
тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – пікір алысу құралы ретінде адамның ойын ғана
емес, сезімін де білдіреді. Өзара сөйлесудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік
кісінің сезіміне әсер етеді. Күнделікті өмірдегі амандасу, қоштасу,
құттықтау, кешірім сұрау, тілеулестік білдіру, көңіл айту т.б. жағдайлардың
бәрі де сөйлеу этикетінің мазмұнын құрайды.
Адам баласының дүниеге келіп, өмір сүруі, дүниеден өтуіндегі барлық
аралық кезеңдердегі өмір өткелдері сөзбен өрнектеледі. Әр күн сайын
қайталанатын амандасу мен қоштасудан өзге жиын-той, мереке мен қайғылы
жағдайлардағы қолданылатын сөз дағдыларын сақтау – сөз этикетінің талабы.
Адамның жанына жағымды жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі секілді.
Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздің мағынасын Сіз деген – сөздің
сынығы, Сен деген – сөздің анығы деген қазақ мақалы аңғартса керек.
Күнделікті өмірдегі этикет амандық сұрасудан басталады. Сәлем –
сөздің анасы деп ұғатын қазақ баласы оған үлкен мән берген. Қазақ тілі
мазмұндағы алуан түрлі сөз формаларының молдығымен ерекшеленеді. Бірақ
олардың жұмсалу реті мен қолданылу аясы белгілі бір нормалық заңдылықтарға
бағынады.
Мәселен: Армысыз!, Сәлем бердік!, Кеш жарық!,
Ассалаумағалейкум! т.б. сөздердің талғампаздықты қажет етеді. Ол әрине
кіммен сәлемдесуіңе (қатар-құрбы, жасы үлкен кісі, ұстаз бен шәкірт т.б.)
байланысты. Бұл сәлемдесу үлгіліерінің мағыналық, стильдік реңкі өз
орайында орнын тапқанда ғана мәнді. Осылардың ішіндегі Сәлеметсіз бе! –
сөзі үлкен-кішіге де, таныс бейтанысқа да, ұстаз бен шәкіртке де еркін
қолданылатын ресми мағыналы мән иеленіп кетті. Ал ер-азаматтардың өзара
кездескендегі немесе жасы кіші ер адамның үлкенмен амандасуындағы
Ассалаумағалейкум – деп қол ұсынып, саулық сұрасуы да ұлттық этикеттің
ерекше бір қырын танытады. Ал әйел адамның өзара және ер-азаматтармен
сәлемдесу реті өзгешелеу. Бұл тұрғыда жоғарыда айтылған. Сәлеметсіз бе!
сөзі мен ауылдағы үлкен-ана-әжелерге қол ұсынып, Аман-есенсіз бе! – деу
жарасымды.
Сондай-ақ амандасу этикетіне байланысты аз да болса региондық
(өңірлік) өзгешеліктер байқалып қалады. Мәселен, Оңтүстік қазағы үшін
тосындау естілетін Сәлем бердік сөзі мен Батыс Қазақстан қазағы үшін
қалыпты амандасу үлгісі. Мұндай ерекшеліктердің мәні мен себеп-салдарын ашу
үшін салихалы салыстырулар қажет.
Жасы үлкен адамға қарап Сәлем! деп амандасу не жүрдім-бардым
сәлемдесу әдепсіздік саналады. Мұндай жағдайда амандасудың қарапайым
этикеті бұзылады. Әрине, сәлемдесудің өзінен әрбір адамның болмысындағы
көргенділік, сыпайылық, ізеттілік сенімді адамдық қасиеттері көрініп
тұрады. Өйткені, сәлемдесу, жөн сұрасу – адамдар арасындағы сан салалы
қарым-қатынасты қалыптастыратын алғашқы орны.
Сондықтан сәлем берушімен қатар сәлем алушының жауабы да осы маңызды
мәнге ие. Бұл тұғыда да халқымыздың өз дәстүр-салтындағы үлгілердің құны
жоғары. Ізетпен берілген сәлемге, ілтипатпен жауап беру әрбір тәрбиелі
адамның міндеті. Онан үлкеннің өресі мен кішінің ізеті танылмақ.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы Бар бол, балам!, Бағың ашылсын!,
Таудай бол!, Жасың ұзақ болсын немесе келіндерге айтылатын Ұл тап!,
Көсегең көгерсін!, Ұрпағың көбейсін!, т.б. секілді ізгі тілектер осының
куәсі.
Алайда кейбір жағдайларда сәлем берушінің сөзін қайталау мен ернін
ғана жыбырлатып, бас изей салу фактілері кездесіп қалады. Бұл әрине сол
адамның кісілік келбеті мен парасат-пайымының аса жарқындығын танытпайды.
Демек, амандық-саулық сұрасуға қатысты дағды ерекшеліктері мағыналық-
стильдік ерекшеліктермен қоса әлеуметтік сипатта иеленеді.
Күнделікті өмірде мейлі үйде, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық
ортада болсын сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтау адамның өмір сүру
жағдайына жағымды әсер етеді. Адамдар арасындағы достық пен ынтымақтықты
күшейтіп, жалпы еңбек өнімділігінің артуына дәнекерлік қызмет атқарады.
Сөз арасында ғана қолданылатын кешіріңіз, ғафу етіңіз, айып болмаса,
қарсы болмасаңыз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, мақұл
көрсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық үстей, ізеттілікті
танытады. Мұндай майда сөздер үлкеннің де кішінің де қолданылуында
жарасымды естіліп адамдар арасында жағымды қарым-қатынас орнатады.
Сезім сипатының түрліше реңтерін білдіретін эмоционалдық –
экспрессивтік сөздерге қазақ тілі өте бай. Шырағым, қарағым, айнам, қарғам,
ботам, қалқам, құлыным, жаным, жарығым, қарындас, інішек, ағай, апай, әжей
тәрізді қаратпа сөздер үлкенмен кішінің арасындағы ілтипатты ғана емес адам
болмысының мейрімділік, тәрбиелілік, бауырмалдық, кісілік келбетінен де
хабардар етеді.
Сәлемдесуден басталатын қарым-қатынастардың ішінде қоштасуға қатысты:
сау болыңыз, қош болып тұрыңыз, келесі кездескенше, көріскенше күн
жақсы, жақсы жатып жайлы тұрыңыз, жолыңыз болсын, сапар сәтті
болсын, аман барып сау қайтыңыз дейтін сөздердің мағыналық реңкі,
қолданылу реті әрқилы.
Бүгін-ертең кездесіп, жауын күнде жүздесетін адамға Көріскенше күн
нұрлы болсын демейтініміз белгілі болса, күндіз қоштасқан адамға Жайлы
жатып, жақсы тұрыңыз деудің реті келмейтіні анық. Сондай-ақ, алыс сапарға
шығып бара жатқан адамға Сау бол деп қана қоштасу немқұрайды қарым-
қатынасты көрсетеді. Мұндай жағдайда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша,
Жолың болсын! деу орынды.
Яғни, қоштаса білудің қалыптасқан орны мен өрнегі бар. Күні бойы бір
бөлмеде бірге отырған қызметтестермен қоштасу ілтипатын жасамай шығып кете
беру, немесе қонаққа келген жеріңде үй-иесімен қоштаспай кете берудің
орынсыздығы өрелі жандарға өзінен-өзі түсінікті. Яғни, сәлемдесу мен
қоштасудың өзі аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оған қатысты сөз
байлығы қазақ тілінде көп болғанымен орнын тауып жұмсау мен қолдану сөйлеу
мәдениеті қалыптасқан адамның ерекшеліктерін танытатын белгілерге ие.
Сапарға шығу мен қайтып оралғанда айтылатын тілектер реті өзара
орайласып жатады. Аман барып сау қайттың ба?, Жол соқпай аман-есен
жеттің бе? немесе сапардан адамы оралған үйге Балаң я отағасы келіп
көзайым болдың ба? – деп тілеулестік сезім білдіруде қалыптасқан халықтық
әдеп. Ол жақсы ниет пен адал көңілді аңғартады.
Қүние жүзі халықтарының барлығына тән болғанмен, өзгеше өрнегімен
ерекшеленетіні – қазақтың көне салт-дәстүрлерінің этикеттік мәні өте
жоғары. Оның тарихи тамыры тым тереңде жатыр. Көне түркілік кезең мен
кейінгі жеке халық болып құралған кезеңдерден бастау алар үлгі өнегелер
ұшқыны күні бүгінге жеткен. Ежелгі Қорқыт ата кітабындағы Қонақ келмеген
үйдің құлағаны артық дейтін тұжырымдар осыны айғақтайды.
Қонағын құдайдай сыйлап, ол үшін бір аптаға артық сақтау – қазақ
халқының ерекшеліктерінің бірі. Қонақ келсе күт келер, Қонақ – ырыс,
Қырықтың бірі – Қыдыр деген халық мәтелдерінің мазмұны осығын меңзейді.
Сайын дала төсінде еркін өмір сүрген қазақ баласының көшпелі өмір
салтынан қалыптасқан қонақ қабылдау мен қадірлеу этикеті бүгін де құнды.
Жоғарыда аталған этикет этикет нормалармен сөздік формасымен
(вербалды) қатар қимыл-әрекеттік (бейвербалды) формасы да бар. Мысалы, бет-
пішінің қозғалысы, көзқарас (көз қиығы, көзін жұму, ашу, алайту, қас қағу,
қысу) түрлі отырыс, тұрыс, жүріс, қимылдары (тізерлеу, иілу, қол сермеу,
қол бұлғау т.б.) немесе (бас изеу, бас шұлғу, басынан сипау), арқадан қағу,
күлімсіреу, жылы жүз таныту, қабақ түю, және сүйісу, маңдайдан иіскеу,
беттен сүю т.б. толып жатқан қимыл-әрекеттік көріністер. Бұлар ішкі
эмоцияның сыртқы көріністері болумен қатар этикеттік стилистикаға да
жатады. Және этикеттің сөз компонентімен біріге отырып, олар: сәлемдесу,
қоштасу мен т.б. өмір жағдайларында оларды толықтырады да біртұтас жүйе
құрайды. Әрбір бейвербалдық элемент әр түрлі әлеуметтік ортада алуан түрлі
мән-мағына береді.
Мәселен: үлкен кісілердің балалардың басынан сипап, маңдайынан иіскеуі
көл-көсір мейірім мен жақсы көру нышанын аңғартса, арқадан қағу-ризашылық
сезімдерін білдіреді. Қолынан, бетінен, маңдайдан сүю жылылық сезімдерін
көрсетсе, республика туын сүю, туған жер топырағын сүю, қасиетті кітапты
сүю әрі символикалық әрі сезім көрінісінің сипаты танытады.
Сонымен бірге, сөздік этикеттің бұзылуы секілді қимыл-әрекеттің де
орынсыз қолданылуы жалпы этикеттің бұзылуына әсер етеді. Мысалы, жасы үлкен
адамға Сау болыңыз деп тұрып, қолын көтеру немесе қол бұлғау мен беталды
қолын сермей сөйлеу, болмаса сыпайы сөйлегенмен үлкенге ығысып орын ұсынбай
ізет көрсетілмеген жағдайда толыққанды этикет сипаты танылмайды.
Яғни, этикеттің сөздік және сөздік емес нормасы бір ғана мақсатқа –
жақсы қарым-қатынасты жүзеге асыруға бағытталады. Жалпы алғанда, отбасында,
туыстар арасында, қызметте, таныс, бейтаныс ортаға тән қарым-қатынастың өз
этикетін білу, орнымен қолдана білу аса мәнді қоғамдық-халықтық мәселе.

1.4. Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет
формалары.

Сәлемдесу көптеген халықта бар. Ал сәлем ету – амандасудың қазақ
ұлтына тән ерекше түрі. Сәлем ету қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктердің
бәріне ортақ емес. Амандасудың бұл түрі қарым-қатынасқа негізделеді. Яғни
қарым-қатынасқа түсуші адамдардың бірі қайын ата немесе қайын аға, қайын
ене, ал екінші оларға келін болуға тиіс, яғни әріптестер өздерінің
статусына қарай сәлем беріп, сәлем қабылдайды. Сәлем ету жартылай
бейвербалды. Бұл акт әсіресе бірінші қарым-қатынасқа түсетін адам жағынан
қалай болса солай орындала салмайды. Қазақтың бұрынғы келіндері қайын
атасын немесе қайын ағасын, қайын енесін көргенде, алдынан кесе көлденең
өтпей, тоқтап тұрып тізесін бүгіп, екі қолын оң тізесіне қойып ишара
жасаған. Бірінші қарым-қатынасқа түсуші адам сәлемдесудің бейвербалды түрін
қолданады. Ал екінші қарым-қатынасқа түсуші адам (қайын ата, қайын аға,
қайын ене статусына ие қарым-қатынасқа түсуші адам) міндетті түрде Рахмет,
көп жаса, балам сияқты эмотивті, көңіл көтеретін сөз формулаларының бірін
айтады. Яғни сәлемдесудің вербалды түрін орындайды.
Сырт қарағанда, тұрақты сөз формуласының мазмұны екінші қарым-
қатынасқа түсуші адам ризашылық білдіріп, рахмет айтқаны тәрізді көрінеді.
Әсіресе қазақ әдет-ғұрып білмейтін өзге ұлт өкілдеріне осылай көрінеді.
Шындығында, таза этикет таңбасы тұрғысынан қарағанда, мұны ризалық емес, ең
алдымен сәлеміңді алдым деген жауап деп түсіну керек. Өйткені мұндағы
этикеттік формуланың негізгі қызметі – сәлемдесу. Ал сәлем алушы Көп
жаса, Өркенің өссін, Бақытты бол, Тәңір жарылқасын т. б. тұрақты
орамдарынан байқалатын ризалық мазмұн екінші реттегі нәрсе.
Ұлттық этикетінің сәлем ету тәрізді түрлері қазақ қоғамында, әсіресе
қала жағдайына ұмыт бола бастады. Дегенмен жасы егде тартқан, ескіше тәрбие
көрген ауыл тұрғындары арасында сәлем ету күні бүгінге дейін қолданылып
келеді. Бірақ сәлем ету салтын бірен-саран ауыл тұрғындары ғана қолданады
екен деп ескермей күтуге болмайды. Қазіргі қоғамда бұрын жарамсыз,
ескірген, тастанды көрінген біраз мұрағаттар қайта жаңғырып жатыр.
Біздіңше, үй-іші, туған-туыстар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнатуда
сәлем ету этикетінің ашылуына тиіс мол мүмкіндіктер бар.
Кез келген тілде болатын сөйлеу актісі белгілі бір фонациялық, ым,
дене қимылы, көз әлпеті сияқты компоненттердің қатысуы арқылы жүзеге
асырылады. Тілдік қарым-қатынас кезінде мұндай бейвербалды амал тәсілдер
айтушы қолданып отырған тілдік бірліктерге мағыналық реңк берумен қатар
адамның түрлі көңіл-күй жағдайын, эмоциясын, ой-пікірін жеткізуде тілдік
құралдармен бірдей қызмет етеді. Сондықтан да тіл білімінде коммуникативтік
акт вербалды және бейвербалды компоненттердің жиынтығы ретінде
қарастырылады.
Қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде қолданылатын бейвербалды амал
тәсілдерге қос қолдап сәлем беру, қол қусырып сәлем беру, тізе бүгіп
амандасу, қолын кеудесіне қойып амандасу, бас изеп, бас иіп амандасу, бір
тізерлеп отырып амандасу, иек қағып (көтеріп) амандасу, төс қағыстырып
амандасу, қамшы тастау, қолдан, маңдайдан, беттен сүйіп амандасу, қолды
маңдайға тигізу немесе сүю, қол көтеру т. б. жатады.
Бейвербалды амал-тәсілдердің бірқатары тілдік қарым-қатынастың
бастапқы кезеңі өткеннен кейін қолданылады. Бұл амал-тәсілдер де тілдік
этикет сияқты эмотивтік, конативтік, регулятивтік т. б. да қызметтер
атқарады. Бейвербалды құралдардың бұл тобы өз ерекшеліктеріне қарай тілдік
құралдармен параллельді түрде де, жеке де қолданылатын кездері болады.
Мысалы, арқадан қағу, бас изеу, бас шұлғу, басынан сипау, маңдайынан сипау,
шашынан сипау, бас бармағын көрсету, бауырына басу, бетінен сүю, жүрегін
алақанымен басу, көзін төмен салу, көзін төңкере қарау, езу тарту, иек
қағу, иек көтеру, қол беру (созу, ұсыну), қол соғу, қол жаю, қолтықтан
демеу, қол қусырып қарсы алу, құшақтасу, бет сипау т. б.
Вербалды этикет тілдік бірліктер сияқты бейвербалды этикеттік амал-
тәсілдердің де әлеуметтік таңбасы болады. Яғни, қарым-қатынас кезінде қарым-
қатынасқа түсуші адамдар өздерінің әлеуметтік белгісіне қарай қажетті
бейвербалды амал-тәсілдерді талғап, таңдап қолданады. Қарым-қатынас кезінде
қолданылатын бейвербалды амал-тәсілдерді этикет тілдік бірліктер сияқты
жұмсалу орындары мен қолданылу аясына, атқаратын қызметтеріне қарай
тематикалық топтарға бөлуге болады.
Коммуникативтік акті кезінде қосымша амал ретінде қоланылатын
бейвербалды амалдардың бірқатар қоштасу рәсіміне байланысты жүзеге
асырылады. Қоштасу кезінде де ең жиі қолданылатын дене қимылы қолмен
қатысты. Қол алу, қол қысу, қол бұлғау, қол көтеру және маңдайынан сүю,
беттен сүю сияқты бейвербалды этикет формалары адамдар арасында қарым-
қатынастың қоштасу рәсімі кезінде жиі қолданылады.
Сәлем ету - рәсім, рәсімнің барлық шарттары орындалғанда барып,
мазмұнды әңгімеге жол ашылады.

II тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қолдану орны мен жұмсалу аясы.

Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени-көпшілік орындарда және
т.б. жерлерде адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауы алуан
қырлы, сан түрлі болып келеді. Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес.
Әйтсе де мұндай сан алуан қарым-қатынастың типтік түрлері болады.
Күнделікті өмірде тұрақты қайталанып отыратын, жиі кездесетін стеоретипке
айналған іс-әрекеттердің үнемі қайталанып дағдыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз этикетінің қызметі
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Синтаксистік стилистика
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
Қазақ халқындағы қарым-қатынас жүйесі мен сөйлеу әдебі
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы
Тіл экологиясы
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет
Пәндер