«Казахцемент» ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі



Мазмұны

Кіріспе

I Білім. «Казахцемент» ЖШС.дегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы
1.1 Кәсіпорынның даму тарихы және қалыптасуы
1.2 Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп саясаты
II Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу есебі
2.1 Кассадағы қолма.қол ақшаның есебі және операциялардың құжатпен рәсімделуі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма.қол ақша есебі
2.3 Есеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
2.4 Кәсіпорынның ақшасыз есеп айырысу нысандары
2.5 Валюталық шотындағы қолма.қол ақшаның есебі
2.6 Кассадағы және есеп айырысу шотындағы операциялардың синтетикалық және аналитикалық есебі
III Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
3.1 Кәсіпорынның негізгі құралдарының түрлері, оларды бағалау
3.2 Негізгі құралдардың есебі және құжатталуы
3.3 Материалдық емес активтер, оларды бағалау
3.4 Матариалдық емес активтер есебі және құжатталуы
3.5 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
3.6 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу
3.7 Негізгі құралдар мен МЕА.дің синтетикалық және аналитикалық есебі
IV Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі тауарлы.материалдық құндылықтардың есебі және жабдықтаушылармен есеп айырысу
4.1 Материалдық қорлардыңдың жіктелуі және оларды бағалау әдістері
4.2 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
4.3 Материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
4.4 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
4.5 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
4.6 Бюджетке төленетін қосылған құн салығы және алынған құндылықтар бойынша акциздер есебі
4.7 Тауарлы.материалдық қорларды түгендеу
4.8 Материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі
V Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі еңбек және оның төлемінің есебі
5.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі және еңбек ақы бойынша құжаттардың рәсімделуі
5.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
5.3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
5.4 Орташа жалақыны есептеу. Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдем ақы
5.5 Еңбек қызметімен байланысты еңбеккерлердің денсаулығының есебі
5.6 Еңбекақы төлемі бойынша синтетикалық және аналитикалық есебі
VI Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі қаржылық қорытынды мен меншікті капитал есебі
6.1 Жарғылық капиталының құрылуы мен есебі
6.2 Төленбеген капиталдың есебі
6.3 Резервтік капитал, бөлінбеген және жиынтық табыс есебі
6.4 Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі
6.5 Кәсіпорындағы меншікті капиталдың синтетикалық және аналитикалық есебі
VII Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі қаржылық есеп
7.1 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
7.2 Қаржылық есеп беруді жасау
VIII Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі аудиторлық фирма жұмысының құрылымы мен оның ұйымдастырылуы. Аудитордың функционалды міндеттемелері
8.1 Кәсіпорында аудитті жоспарлау және оны ұйымдастыру
8.2 Аудитордың функционалды міндеттемелері
IX Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі ұзақ мерзімді актив аудиті
9.1 Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтеріне тексеру жүргізу
9.2 Ұзақ мерзімді активтерге түгендеу жүргізу тәртібін тексеру
Х Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі ағымдағы активтер аудиті
10.1 ТМҚ.дың есебінің аудиті
10.2 ТМҚ.ды түгендеу мен оның қорытындысын талдау
ХI Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі ақша қаражаттарының аудиті
11.1 Кассалық операциялар аудиті
11.2 Ақша қаражатын есеп шотында және валюталық шотында тексеру
ХІІ Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі міндеттемелер аудиті
12.1 Несие және кредиторлармен есеп айырысу есебінің операцияларын тексеру
12.3 Салықтарды төлеудің дұрыстығын тексеру
ХІІІ Бөлім. «Казахцемент» ЖШС.дегі еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
13.1 Еңбекақы, оның төлем есебінің дұрыстығын тексеру
13.2 Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдар аудиті

Қорытынды

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I Білім. Казахцемент ЖШС-дегі бухгалтерия құрылымы мен есептің
ұйымдастырылуы
1. Кәсіпорынның даму тарихы және қалыптасуы
2. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп саясаты
II Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі ақша қаражатының есебі мен есеп айырысу
есебі
2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі және операциялардың құжатпен
рәсімделуі
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша есебі
2.3 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.4 Кәсіпорынның ақшасыз есеп айырысу нысандары
2.5 Валюталық шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.6 Кассадағы және есеп айырысу шотындағы операциялардың синтетикалық және
аналитикалық есебі
III Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі негізгі құралдар мен материалдық емес
активтер есебі
3.1 Кәсіпорынның негізгі құралдарының түрлері, оларды бағалау
3.2 Негізгі құралдардың есебі және құжатталуы
3.3 Материалдық емес активтер, оларды бағалау
3.4 Матариалдық емес активтер есебі және құжатталуы
3.5 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын
есептеу
3.6 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу
3.7 Негізгі құралдар мен МЕА-дің синтетикалық және аналитикалық есебі
IV Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі
және жабдықтаушылармен есеп айырысу
4.1 Материалдық қорлардыңдың жіктелуі және оларды бағалау әдістері
4.2 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
4.3 Материалдық қорлардың бухгалтериядағы есебі
4.4 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі
4.5 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
4.6 Бюджетке төленетін қосылған құн салығы және алынған құндылықтар бойынша
акциздер есебі
4.7 Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу
4.8 Материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі
V Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі еңбек және оның төлемінің есебі
5.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі және еңбек ақы бойынша құжаттардың
рәсімделуі
5.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
5.3 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
5.4 Орташа жалақыны есептеу. Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдем ақы

5.5 Еңбек қызметімен байланысты еңбеккерлердің денсаулығының есебі
5.6 Еңбекақы төлемі бойынша синтетикалық және аналитикалық есебі
VI Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі қаржылық қорытынды мен меншікті капитал
есебі
6.1 Жарғылық капиталының құрылуы мен есебі
6.2 Төленбеген капиталдың есебі
6.3 Резервтік капитал, бөлінбеген және жиынтық табыс есебі
6.4 Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі
6.5 Кәсіпорындағы меншікті капиталдың синтетикалық және аналитикалық есебі
VII Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі қаржылық есеп
7.1 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары
7.2 Қаржылық есеп беруді жасау
VIII Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі аудиторлық фирма жұмысының құрылымы мен
оның ұйымдастырылуы. Аудитордың функционалды міндеттемелері
8.1 Кәсіпорында аудитті жоспарлау және оны ұйымдастыру
8.2 Аудитордың функционалды міндеттемелері
IX Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі ұзақ мерзімді актив аудиті
9.1 Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтеріне тексеру жүргізу
9.2 Ұзақ мерзімді активтерге түгендеу жүргізу тәртібін тексеру
Х Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі ағымдағы активтер аудиті
10.1 ТМҚ-дың есебінің аудиті
10.2 ТМҚ-ды түгендеу мен оның қорытындысын талдау
ХI Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі ақша қаражаттарының аудиті
11.1 Кассалық операциялар аудиті
11.2 Ақша қаражатын есеп шотында және валюталық шотында тексеру
ХІІ Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі міндеттемелер аудиті
12.1 Несие және кредиторлармен есеп айырысу есебінің операцияларын тексеру
12.3 Салықтарды төлеудің дұрыстығын тексеру
ХІІІ Бөлім. Казахцемент ЖШС-дегі еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
13.1 Еңбекақы, оның төлем есебінің дұрыстығын тексеру
13.2 Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдар аудиті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасы экономикасында көптеген өзгерістер болып
жатқандығы белгілі. Еліміз елу бәсекелес елге қосылу үшін толықтай нарықтық
экономикаға көшті. Бухгалтерлік және қаржылық есепте де көптеген өзгерістер
болды.
2008 жылдан бастап еліміздің Ұлттық есеп стандарттары Халықаралық
есеп стандарттарына көшірілді. Бұл өзгеріс бізге шет елдермен ыңғайлы әрі
оңай қарым-қатынас жасауымызға үлкен мүмкіндік береді. Халықаралық есеп
стандарттарының Ұлттық стандарттардан айырмашылықтары бар. Халықаралық есеп
стандарттарымен есеп жүргізу өте ыңғайлы.
Сонымен бірге, 2008 жылдан бастап тауар, өнім және көрсетілген
қызметтерге бағалар көтерілді. Бұл елімізде инфляцияның пайда болғанын
көрсетеді. Инфляция бағаның көтерілуі мен тұтынушының сатып алу қабілетінің
төмендеуін сипаттайды. Инфляцияның кауіптілігі - мемлекеттің 2-3 жылда
басқара және реттей алмаушылығында, яғни экономика тоқырауға ұшырайды.
Ұлттық Банк инфляциялық әлеуетті ұлғайтуды болдырмау және экономиканың
қызып кету қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдаттырды.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне көптеген өзгерістер
еңгізіліп, жаңартылды (2009 жылдың 1 желтоқсанынан №100 – ІV Салық
Кодексі). Бұл кодекске жаңа салық түрлері еңгізілді және өзге де салық
мөлшерлемелері өзгертілді. Олардың ішінде қосылған құн салығы – 12%;
әлеуметтік салық 11% болды. Корпорациялық табыс салығы 2009 жылы 20% болса,
2010 жылы – 17,5% , ал 2011 жылы - 15% болады деп күтілуде.
Осындай және басқа да өзгерістер шаруашылық жүргізуші субъектілердің
(мекеме, ұйым, кәсіпорын) экономикалық және қаржылық жағдайына әсерін
тигізді. Қазақстан Республикасының аймағанда әрекет етіп тұрған барлық
субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу
міндеттілігі жүктеледі. Мұндай кәсіпорындар арасында Казахцемент ЖШС бар.
Бұл кәсіпорын жаңа әрі заманға сай дамыған бағдарламаларды қолданатын
болғандықтан, осы кәсіпорында бухгалтерлік есептен өндірістік іс-тәжірибе
өтуді қаладым.
Өндірістік іс-тәжірибеден өту мақсатым – кәсіпорынның экономикасын,
есебін ұйымдастыруда теориялық білімімді жүйелеп, іс жүзінде нығайту, оны
тереңірек ұғыну, бухгалтерлік есептегі негізгі дағдыларды меңгеру, сонымен
қатар, оңтайлы, тиімді есепті жүргізу, оны тексеру жолдарын іздестіру және
келешек маман ретіндегі қызметіме мол тәжірибе жинақтау.
Өндірістік іс-тәжірибені өту барысында біз келесілерді игеруіміз
керек:
- өндірістік жоспар бойынша оқушы қажетті тапсырмаларды орындау;
- барлық экономикалық жәнебухгалтерлік есеп айырысуды жасау;
- экономикалық, бухгалтерлік информацияға талдау жасай білуі қажет.
Білуге тиіспіз:
- шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымында практикалық тапсырмасын
орындау.
- Шаруашылық жүргізуші субъектісіннің жүргізілуін білу, есеп саясатын
білу қажет.
Өндірістік тәжірбиеде білуіміз керек:
- Бухгалтерлік есеп стандарттары;
- Аудит стандарттарын;
- Негізгі есеп жоспарын;
- Аудиторлық тексерістің формалары және әдістерін;
- Кәсіпорынның нормативтік актілерін;
- Экономикалық анализді қабылдауы мен әдістері;
Істей алуымыз қажет:
- шаруашылық операция бойынша субъектінің саяси есебін және есеп
корреспонденциясын құру;
- Бухгалтерлік құжаттарды толтыру;
- Есеп регистерін және негізгі есеп кітабын жүргізу;
- Қаржы есебін құру, оның анализін шығару;
- Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің есебін, қортынды анализді,
ұсыныстар мен аудитірлік бекітулер;
Казахцемент ЖШС-нің негізгі шаруашылық қызметі - цемент өнімдерін
шығару және оны өткізу болып табылады. Цемент өнімдерін қазіргі уақытта
сұранысқа мол шикізаттардың бірі деп санауға болады.
Қазақстан Республикасында цемент өнімдерін шығарумен айналысатын
барлығы 4 зауыт бар. Олардың ішінде ең жаңа зауыттардың бірі Жарма
ауданында орналасқан Казахцемент ЖШС.

1. Кәсіпорынның даму тарихы мен қалыптасуы

Кәсіпорынның негізгі қызметі – құрғақ цемент өнімдерін және басқа да
қосалқы материалдарды өндіру болып табылады. Бұл зауыттың тұрақты мекен
жайы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Сарытас. Ал Семей қаласында ол
зауыттың офисі (кадрлар бөлімі, бухгалтерия, т.с.с.) орналасқан.
Кәсіпорын негізгі өндірістік материалдармен негізгі шығаратын өнімі
орталық және қалыптасқан сұранысқа байланысты керекті мөлшерде шығарылады.
Жыл сайын құрғақ цемент шығару мөлшері 90%-ға сай.
Казахцемент ЖШС Қазақстан Республикасындағы цемент затуыттарының ең
соңғы қалыптасқаны, яғни жаңасы болып табылады. Ол ірге тасын 2006 жылы
қалаған. Зауытта ең жаңа, заман талабына сай құрал-жабдықтар, машиналар
қолданылады, сондықтан, шығарылатын өнімдері өте сапалы әрі сұранысқа мол
болып келеді.
Кәсіпорын басшысы Қытай Халық Республикасының құрылыс компаниясымен
келісімге отырып, дамыған шет елдің білімдеріне сүйене отырып, зауыттың
қабырғасын көтерді. Қытай Халық Республикасымен тек зауыт құрылысы кезінде
ғана байланыс жүргізіп қана қойған жоқ, кәсіпорын қазіргі уақытта да Қытай
Халық Республикасымен өте жақсы және тиімді байланыстар жүргізуде.
Кәсіпорынның қызметінің негізгі мақсаты ол өзінің негізгі қызметін
жүзеге асыра отырып табыс табу болып табылады. Кәсіпорын алдына қойылған
мақсатына жету үшін келесідей қызметпен айналысады: құрғақ цемент өндіру,
қосалқы өнім өндіру, өндірілген өнімдерді өткізу, тапсырыс бойынша өнім
шығару.
Кәсіпорын аталған қызмет түрлерімен айналыса отырып, өзінің нарықтағы
орнын нығайта алады. Алдағы жылдарға кәсіпорын өз алдына келесідей
мақсаттар қойып, арнайы бағдарлама құрған, онда: Семей қаласындағы
нарықтағы өз орнын тұрақтандыру, өндірілетін өнімді сату нарыған кеңейту,
Қазақстанда өндіретін цемент өнімдері арқылы нарықта өз орнын алу,
зауыттағы жұмысшылардың Жарма ауданындағы жұмыс орындарын жетілдіру.
Цемент – бұл құрылыс жұмыстарында пайдаланылатын күрделі шикізат түрі.
Цемент жасау онай жұмыс емес, ол әбден дайын болуы үшін бірнеше сатыдан
өткізідеді. Цемент өндіру құрылғыларының өзі көлемі үлкен әрі күрделі
механизмді болып келеді.
Цемент өндіру үшін ыстық пештер қолданылады. Мұндай пештер тоқтаусыз
жанып тұруы тиіс, егер оның жұмысы тоқтатылған болса, онда оны қайта
жұмысқа еңгізу өте қиынға түсуі мүмкін.
Цементтің құрамы: щебенка, известняк, глина.

2. Кәсіпорынның бухгалтерлік құрылымы мен
бухгалтерлік есеп саясаты

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлығына қаржылық есеп беру және
бухгалтерлік есеп жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Негізінен, бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорынның шаруашылық
құралдары, міндеттемелері, олардың қозғалыстары туралы ақпараттарды және
барлық шаруашылық әрекеттерін жалпылай, үздіксіз құжаттандыру арқылы
ақшалай бейнеде жинау, тіркеу, қорытындылау жүйесі.
Казахцемент ЖШС бухгалтерлік есебін жүргізу үшін 1С Бухгалтерия 8.0
бағдарламасын қолданылады.
1С бухгалтерия бағдарламасы соңғы 4 жылда дамып келеді. Осы уақыт
аралығында тұтынушылардың сұранысы бойынша 3 бағдарламасы шығарылды.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар 1С бухгалтерия 8.0 бағдарламасын
қолданып, жақсы нәтижемен жұмыс істеп, дамып келеді. Дамуының негізгі
бағыты - бухгалтер жүмысының ыңғайлылығы болып табылады. Бұл бағдарламаның
мүмкіндіктері өте үлкен.
Бір ақпараттық базада бірнеше ұйымның есебін жүргізуге болады. Бұндай
жағдайда тауарлар тізімі, қарсы тарап агенттері, шығын баптары барлық
ұйымдар үшін ортақ болады. Бұл әртүрлі ұйымдар үшін ақпараттар көшірмесін
тоғыстырады. Есеп жүргізу үшін бірнеше ақпараттық базаға қосылудың маңызы
жоқ.
Панель қызметі жиі қолданыстағы операциялардың кесте түріндегі жұмыс
тәртібін көрнекті түрде көрсетеді. Сондай-ақ панель қызметінің көмегімен
керекті есеп мәліметтерін оңай табуға болады.
Есеп беру нышанының мерзімдік есеп беруге сәйкестігі автоматты түрде
жүргізіледі.
Көптеген есеп беру нышаны көп беттен және бірнеше бөліктен тұрады.
Есеп берудің қиын түрлері экрандық нышанға кіргізілген. Есепті көріп,
толтыру үшін керек бөлікке тез ауысуға болады.
Пайдаланушы автоматты түрде толтырылған есеп беру көрсеткіштерін түзей
алады. Есеп берудің келесі толтырылғанда жасалған түзетулер сақталады.
Есеп берумен салық төлеуді жоспарлауға бухгалтердің күнтізбесі
көмектеседі. Ол есеп беруді, алдын ала төлемді, салықты және керекті
жағдайларды көрнекі түрде көрсетеді.
Есеп берудің толтырылуы автоматты түрде тексеріледі. Бұл үшін бір
рамкадан жеке көрсеткіш нышандарын басқа нышандармен салыстырады.
Сәйкессіздік байқалса, пайдаланушыға хабарланады.
Бағдарламадағы барлық құжаттар және анықтамалар тізімделеді. Тізімнің
нышанын өз қалауы бойынша өзгерте алады. Керекті бағандарды алып тастауға
және көрсетуге болады.
Тізімдегі құжаттарды, анықтамалық мәліметтерді берілген тәртіп бойынша
іріктеуге болады.
Кез келген тізімді талдау үшін немесе басу үшін әр түрлі форматта
ашылған және сақталған болу керек. Қажетті ақпарат, керекті баған бойынша
тез табылады.
Мәліметтерді тез алу үшін анықтаманы ашпай-ақ, бірінші әріпті кіргізу
керек. Бағдарлама керекті нұсқаларды табуға көмектеседі. Қарама-қарсы
тараптарды ИНН бойынша, банктерді БИК бойынша табуға болады.
Салық есебін жүргізуге жеке жоспар қолданылады. Салық есебінің
құрылымы бухгалтерлік құрылымға жақындатылған. Бұл салық есебін игеруді
жеңілдетеді. ПБУ 1802 Салық бойынша кіріс есебі талаптарын орындау үшін
бухгалтерлік мәлімет пен салық есебін салыстырады.
ҚҚС мөлшерін қолдану арқылы өндірілген тауарлардан автоматты түрде
ұсталады.
Автоматты түрде орындалған жұмыстардың корытындысын түсіндіру үшін
айдың аяғында Анықтама - есептеу атты есеп беру топтары пайда болады. Бұл
есеп беру шыққан мәліметтерден бастап бухгалтерлік жазбаларға дейін көрнекі
түрде көрсетеді. Анықтама - есептеуді кез келген уақытта пайдалануға
болады.
Бухгалтерлік шоттың есебі кұжаттарда көрсетіледі және автоматты түрде
реттеледі. Мұндай тәсіл құжаттар жүргізуге және керек жағдайда түзету
еңгізуге еркіндік береді.
Шот жоспарын ұлғайтуға, қосалқы шотты үстемелеуге, оларды құжаттарда
пайдалануға болады. Еңгізілген өзгерту бағдарлама жарияланғаннан кейін
сақталады.
Бағдарламада жазбалар құрылысын талдауға, керек жағдайда түзетуге
болады.
Мәліметтерді тек қосалқы шоттармен ғана емес, жекелеген деректемелер
бойынша да жүргізіледі. Мысалы: ақша қозғалысы олардың түрлеріне қарай,
тауарлар қалдығы - ҚҚС бойынша.
Бухгалтер мониторы жедел іздестіруге қызмет етеді. Кассадағы
қалдықты, несиені, есеп беруді, салық төлеуді көрсетеді. Бухгалтер
мониторы қолма-қол ақпарат бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған
тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастырылуы және
бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу
фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Есептік
саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Казахцемент ЖШС-нің есеп саясатына байланысты 2008-2010 жылғы
бухгалтерлік есебі келесі жүйе бойынша жүргізіледі:
1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық операцияларын тіркеу және жинақтау үшін
типтік жоспар шотына сәйкес өнделген жұмыстық жоспар шоты қолданылады.
2. Негізгі қор екі топқа бөлінеді: өндірістік есептегі және өндірістік
емес есептегі.
А) Негізгі қордың нормативтік қызмет ету мерзімі келесі деректер бойынша
анықталады:
- Техникалық ахуалы;
- Қолдану жиілігі;
- Моральдық ескірудің болжамдық дәрежесі;
- Техникалық құжаттардағы деректер.
Б) Негізгі қорларды түгендеу жылына бір рет, 1 қараша күнгі жағдай
бойынша өткізіледі.
В) Барлық негізгі қорларда (транспорттан басқасы) амортизациялық есеп
бірқалыпты әдіс бойынша жүргізіледі.
Г) Бастапқы бағасын азайту келесі жағдайларда жүргізіледі:
- Жартылай бүлінген жағдайда;
- Есепті кезеңнің аяғындағы негізгі қорды тура қайта бағалау кезінде.
Д) Тауарлы-материалдық қорлар былай бағаланады:
а) Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қораптар
және қораптық материалдар, өндіріске қолданылатын жәй материалдар
қорлары ФИФО әдісімен есептелінеді.
б) Өндіріске кеткен шығындар өздерінің экономикалық мазмұнына
байланысты келесі калькуляциялық баптарға жинақталады:
- Негізгі (қосымша) шикізат транспорттық есебімен;
- Қайтарымды қалдықтар шикізаттың бағасынан алынады;
- Басқа мекемелердің өндіріске көрсеткен қызметі;
- Жұмысшылардың еңбекақысы;
- Жұмысшылардың еңбекақысынан төленетін төлемдер;
- Құралдардың амортизациясы;
- Технологиялық мақсатқа жұмсалған электроэнергия;
- Басқа да шығындар;
- Өткізу шығындары.

2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі және операциялардың
құжатпен рәсімделуі

Касса – бұл ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ететін арнайы
жабдықталған бөлме.
Ақша қаражаттарын басқару қаржы рыногында өте күрделі қиындықтарға
байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік техникалық процестерді
заманға сай жаңғыртумен, одан әрі дамыту үшін фирмадан ақшалай қаражат
талап етеді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау, есептеу тәртібі есеп
саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық
операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Казахцемент ЖШС-дегі кассалық операциялар төмендегідей жүргізіледі.

Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін, басшы оны
кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық
жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.
Кәсіпорын кассасында операция жүргізіліп отыратын уақытта есіктер
ішкі жағынан жабылады. Сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде
сақталады. Ал ол кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын
басшысында болады. Қабылданған ақша қаражаттарының сақталуы үшін
материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды
жүргізеді.
Казахцемент ЖШС-нің өзінің кассирі бар. Ол кассалық операциаларды
дайындау кезінде келесі құжаттар бойынша жұмыс жүгізеді: кіріс кассалық
ордерлер; шығыс кассалық ордерлер; кіріс және шығыс кассалық ордерлер
тіркеу журналы; кассалық кітап; платежное поручение. Олар қайта пайдалану
мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген Алынды немесе
Төленді таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде
ешқандай өшірулер мен түзетулер жол берілмейді.
Кассаға ақша қабылдау кассалық кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады. Оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке және заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек береді. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша қаражаттарын беру кассалық шығыс ордері немесе басшы
мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелері мен
ақша беруге жазылған өтініш, т.б. құжаттармен рәсімделеді.
Кассалық кіріс ордері мен кассалық шығыс ордерлеріндегі ақша
қаражаттарының сомасы теңге жазумен, ал тиын санмен жазылады.
Кассалық кіріс ордері мен кассалық шығыс ордерлерін кассаға тапсыруға
дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық ордерлерді тіркеу журналына
тіркеледі.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир бір жылға
ашылатын кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары
номерленіп, жіппен қойымдалады және парақтардың жалпы саны кассалық
кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас
бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жаэбалар
көшірме арқылы екі дана болып жүргізіледі. Кіріс, шығыс кассалық
ордерлерінің жазбаларын бастамас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша
қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир бұл күні болған
операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақша қалдығын
шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және
кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы
құжаттармен бірге бухгалтерияға тапсырылады.
Казахцемент ЖШС жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы,
еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер
тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп
болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс
ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға
ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы құжаттар
толтырылған күні ғана рұқсат етіледі.
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда,
сол шығыс ордерінде реквизиттерді жазылатын төл құжат немесе оның орнына
жүретін құжатын көрсетуге тиіс.
Бұл Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру
туралы Ережелеріне сәйкес кәсіпорын ай сайын мүліктің, кассадағы қолма –
қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс – деп жазылған.
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижелерге
апарылуға жатады. Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарылады.

2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі
қолма-қол ақша

Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша кәсіпорынның шет
елдермен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Казахцемент ЖШС Қытай Халық
Республикасымен тығыз байласыстар жасап, онымен кассадағы шетелдік валюта
түріндегі қолма-қол ақша арқылы есеп айырысады. Шетел валютасымен есеп
айырысуды жүргізген кезде Казахцемент ЖШС 10102 - Кассадағы шетел
валюта түріндегі қолма-қол ақша шотын ашады.
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың
есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне
ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлерінеде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының
есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда
кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске
алылған, яғни келіп түскен және шығыс етілген, кассадан төленген ақшалардың
сомасы шетел валютасымен және сол қүнгі бағам (курс) бойынша ұлттық
валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.
Кассаға шетелдік валюта түрінде ақша қабылдау валюталық кіріс
ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Оған бас бухгалтер мен кассир қол
қояды. Кассаға ақша салған жеке және заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен
кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек береді. Төлемдерге
ақшаны қабылдаған кезде кассир төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа
алуға міндетті.
Кассадан шетелдік валюта түрінде ақша қаражаттарын беру валюталық
шығыс ордері немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген
төлем тізімдемелері мен ақша беруге жазылған өтініш, т.б. құжаттармен
рәсімделеді.

2.3 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол
ақшаның есебі

Кәсіпорындар, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар өз ақша
қаражаттарын сақтау үшін және басқалармен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Казахцемент ЖШС барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер сияқты өз
ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтайды және
міндеттемелері бойынша төлемдерін осы банк арқылы жүзеге асырады.
Казахцемент ЖШС-нің Казкоммерцбанк АҚ-да есеп айырысу шоты бар.
Бұл банк мекемесі арқылы кәсіпорын әр түрлі міндеттемелері бойынша, яғни
кредиторлық берешек, жабдықтаушылармен және мердігерлермен, кәсіпорынның
қызметкерлері және жұмысшыларымен есеп айырысуды жүзеге асыра алады. Бұл
банктік шоты Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгемен
жүргізіледі.
Кәсіпорын банкте жинақ шотын ашқан кезде, банк салым салушыдан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады. Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай кеісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктегі
есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым
салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге
асады. Банктегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы
шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе
қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Есеп айырысу және басқа дашоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі
құжаттар қолданылады:
• Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама – шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы.
Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк
түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
• Чек кітапшасы – чек берушінің банк алушыға жазбаша бұйрығы бар,
осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу төлем
құжаты.
• Үзінді көшірме – банк шотындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы
жөнінде жазылған жазбаларының көшірмесін банк заңды тұлғамен келісім
бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған береді. Көшірме
атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін мөрінің
таңбасымен расталынады. Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас
бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы
және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса
тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші
қызметкерлердің қолымен бірге штамп және осы құжатардың бет есебі
бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген календарлық штемпелі
қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы
бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде
беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк
клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы
жіберілуі мүмкін. Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте
немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жазылады. Заңды тұлға – шот
иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын
бір жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады. Банкідегі есепшот
жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің
банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.

2.4 Кәсіпорынның ақшасыз есеп айырысу нысандары

Қазақстан Республикасының аумағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; вексельдерді немесе олардың индомаменттері арқылы беруді; төлем
карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
тапсырма-талап төлемдерін ұсынудың инкассалық жарлығын ұсынуды;
Республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Казахцемент ЖШС ақшасыз есеп айырысудың негізгі келесі нысандарын
қолданады: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден
мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқызады.
Казахцемент ЖШС қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық
құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға
алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем тапсырмалары – бұл онда көрсетілген соманы бенефициардың
пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны
аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Төлеу жасаушы банкке
белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырмаларды ұсынады.
Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын
салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да
құжаттары басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем
құжаттарының данасын әрбір банк өзідері дербес анықтайды. Негізінен
алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның
электорндық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни
ақша жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Чек беру – төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады. Чек
беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып
табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да, аталған
міндеттемені тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер
жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозиттермен
қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Чекті қолданумен
байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы
жасалған келісім шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім шартта, банк өз
клиенттеріне чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне
алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға
міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезден бастап
пайда болады. Чектерге есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою
құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің
таңбасы болуы керек.
Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель – талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде
келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні
туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен трады.
Аударма вексель – вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші вексель
ұстаушыға немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не
ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір
шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель бұйрыққа ұқсас
болып келеді.
Төлем талап тапсырмасы – тауарды алғанда, жұмысты орындағанда,
қызметті көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы
болып табылады. Бенефициар төлем талап тапсырманы банкке ұсынады және төлем
талап тапсырмалары белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне
тіркеледі. Төлем тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне ұсынылады,
ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, төлем
талап тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды. Егер де бенефициарға
қызмет көрсететін де, ақша жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар
банкісін жанай өтіп, төлем талап тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің
банкісіне ұсынады. Егер де төлем талап тапсырманы орындау үшін қажетті ақша
қаражаты болмаса, онда төлем талап тапсырманы сақтау мерзімі және рестрінің
мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан, алушы-банк тек акцептелген
немесе акцептті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін. Осы туралы
төлем талап тапсырманың бет жағына белгі соғады.төлем талап тапсырмаларына
толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту кезде ол турады оған қызмет
көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап тапсырма құжаттарымен
қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төленбейтін бөлігі туралы
хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға қайтарылады.

2.5 Валюталық шотындағы қолма-қол
ақшаның есебі

Шетелдік валюта дегеніміз – кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды,
дайын өнімдерді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау барысында
қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша
бірліктері болып табылады.
Шетелдік валюта бойынша операция жасау үшін Қазақстан Республикасының
аумағында тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар Валютаны реттеу туралы
Қазақстан Республикасының заңын және Ұлттық банк басқармасы бекіткен
Қазақстан Республикасындағы валюта бойынша жасалатын операциялардың
ережесін басшылыққа алуы тиіс.
Казахцемент ЖШС шет елдік валюта түрінде алатын табысы сол операция
жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша
айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасы түрінде көрсетілуі тиіс, ал бағам дегеніміз екі елдің ақша
бірліктерінің өзара қатынасы.
Казахцемент ЖШС шетел ақша бірлігімен операциялар жасау үшін банк
мекемесінен валюталық шот аша алады. Ал банктен валюталық шот ашу үшін банк
мекемесіне осы кәсіпорынның жарғысының көшірмесін, валюталық шот ашу
туралы өтініш, тиісті адамдардың қолдары қойылып және ұйымның мөрі басылған
арнайы карточка және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек. Кәсіпорын
негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды және басқа да активтерді
шетел валютасына сатқанда немесе олардан сатып алғанда, банктерден сондай-
ақ банкіден тыс мекемелерден шетел валютасымен несие алғанда немесе оны
қайтарғанды және тағы да басқа жағдайларда шетелдік валюталармен
жүргізілетін операциялар пайда болады. Осы операциялардың орындалған
уақытымен, яғни тауарды сатылған күні мен сол тауар үшін ақша қаражатының
төленген мерзімі аралығындағы бағамның өзгеруі нәтижесінде бағамдық
айырмашылық пайда болады.

6. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы операциялардың синтетикалық
есебі

Казахцемент ЖШС кассадағы операциялар есебін 1010 Кассадағы ақша
қаражаты шотында; шетелдік валютасымен кассалық операциларын жүргізген
кезде 10102 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шотын
ашады. Валюта кассасындағы есебі субъект кассасының операцияларына ұқсас
жүргізіледі. Касса бойынша №1 журнал-ордер толтырылады.
Казахцемент ЖШС ағымдағы шоттағы операцияны көрсету үшін 1030
Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты шотын қолданылады, ал валюта шоты
бойынша 10302 Ағымдағы банктік шоттағы валютамен ақша қаражаты шотында
жүргізеді. Банктің ақтаушы құжаттарымен тіркелген үзінді көшірмелері есеп
шот бойынша жазбаға негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шотының кредиті
бойынша №2 журнал-ордерде, 1030 шотының дебеті бойынша әр түрлі журнал-
ордерлерде көрсетіледі. Есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін
ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда
1030 шот дебетіне жатқызылған барлық сома есептелінеді.
Аталған шоттардың барлығы да активті, негізгі, ақшалай болып келеді.
Шоттардың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың келіп түсуі, ал кредиті бойынша
ақшалай қаражаттарының азаюы көрсетіледі.

№ Операциялар мазмұны Шоттар
корреспонденциясы
Дебет Кредит
1 Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай 1010 1030
қаражат
2 Тапсырыс берушілерден, сатып алушылардан
кассаға көрсеткен қызмет, өнім үшін түскен 1010 1210
қолма-қол ақша
3 Алынған тауардарды өткізуден, сатудан түскен 1010 6010
қолмақол ақшалар
4 Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға 1010 1020
түсті
5 Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол 1010 3010
ақшамен алынды
6 Жалдық төлемнің кассаға түсуі 1010 1280, 2180
7 Іссапардан артылған ақшаларды кассаға қайтару1010, 1250
10102
8 Қажетсіз, керексіз және артық материалдық
құндылықтарды өткізуден түскен ақшалар 1010 6280
9 Субъектінің жарғылық капитал есебіне
құрылтайшылардан салым ретінде нақты 1010 5020
ақшалардың түсуі
10 Әр түрлі заңды және жеке тұлғалардан қарыздар 1250,
есебінен кассаға нақты ақшаларды қабылдау 1010 1280
11 Еншілес ұйымдардан және бірлесіп бақыланатын 1220-1240
заңды тұлғалардан кассаға ақшаның түсуі 1010 3120-3140
12 Қолма-қол ақшамен төленген негізгі құралдар 2410 1010
алынды
13 Алынған материалдық емес активтердің құнын 2710-2730 1010
кассадан төлеу
14 Алынған тауарлы - материалдық құндылықтардың 1310 1010
құнын кассадан төлеу
15 Жалпы және әкімшілік, сонымен қатар өнімді 7110, 72101010
өткізуге байланысты әртүрлі есептер бойынша
шығыстарды кассадан төлеу
16 Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақша 1280 1010
қаражатының кем шығуы
17 Анықталған кем шығу кінәліге қойылды 1250 1280
18 Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылады 1020 1010
19 Банктегі валюта шотынан кассаға түскен 10102 10302
қолма-қол шетелдік валюта
20 Өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет үшін сатып 10102 1210
алушылардан, тапсырыс берушілерден түскен
қолма-қол валюта
21 Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассаға 1250 10102
берілуі
22 Есеп беретін валюталық соманың жұмсалмай 10102 1250
кассаға қайтарылуы
23 Шетелдік валютамен валюталық шотқа 10302 10102
тапсырылған ақшалай қаражат
24 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің 1030 1210
өнім, жұмыс, көрсетілген қызмет үшін шотты
төлеуге сомасына
25 Тауарлы - материалды қормен жабдықтағаны, 1030 3510
орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін
алынған аванстар
26 Аккредитивтің лимиттік чек кітапшасының 1030 1060
пайдаланбаған сомасы есепшотқа жазылды
27 Құрылтайшылардан жарғы капиталына салым 1030 5020
ретінде ақшалай қаражат түсті
28 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын 1030 2120-2140
заңды тұлғалармен борыш өтелді
29 Заңды және жеке тұлғаларға төленіп, 2730 1030
материалдық емес активтер алынды
30 Бюджетке аударылған салық сомасы:
Корпоративтік табыс салығы 3110 1030
ҚҚС 3130 1030
Жеке табыс салығы 3120 1030
31 Зейнетақы қорына аударылған сома 3220 1030
32 Инкассатор арқылы берілген ақшалай қаражат 1030 1020
есепке қосылды
33 Артық аударылған соманың орнын бюджет 1030 1280
толтырды
34 Валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген10302 10102
валюталық сомасы
35 Тиелген өнім, орындалған жұмы, көрсетілген 10302 1210
қызмет үшін төленген қаражат келіп түсті
36 Шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты 10302 6230
бағасының өсуі нәтижесінде пайда болды
37 Валюталық шоттан валюталық кассаға алынған 10102 10302
валюта сомасы
38 Жеткізілген валюталық қорлар атқарылған 3310 10302
жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін шетелдік
шот фактурасы төленді
39 Шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты 7410 10302
бағаның төмендеуі нәтижесінде пайда болған
теріс баға айырмасының сомасында

3.1 Кәсіпорынның негізгі құралдарының түрлері, оларды бағалау

Негізгі құралдар деп – өндіріс үрдісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір
жылдан артық уақыт пайдаланатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке
есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауысып отыратын
еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерін айтады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттар және еңбек құралдары болып табылады. Бұл арада еңбек
құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын рөліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға жер, үйлер,
ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және
реттеу аспаптары, қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу
техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман,
өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім
беретін мал, т.б. жатады.
Казахцемент ЖШС негізгі құралдары есебін дұрыс жүргізу үшін оның
құладарының түрлерін білу өте маңызды.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет
материалдық жағдайын жасайды. Казахцемент ЖШС-нің өндірістік негізгі
құралдарына цемент өнімдерін дайындап өндіруде қолданылатын құрылғылар,
пештер, жабдықтар жатады.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар – тұтынуға арналған құрал
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған. Казахцемент ЖШС-нің өндірістік емес негізгі құрал
жабдықтарына зауыттан бөлек орналасқа ғимарат (онда бухгалтерия, кадрлар
бөлімі, директор, т.б.), жұмысшыларға арналған үй, т.б. жатады.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар.
Жалға алынған құралдар – белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар негізгі құралдар. Оларды жалға
берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001 Жалға алынған негізгі
құралдар баланстан тыс шотында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп
тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс
істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға
байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар
– жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас
бөлщектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер табылады.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға, өлшеуге болатындар
жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары
жатады.
Казахцемент ЖШС-нің басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер сияқты
негізгі құралдарының бастапқы, ағымдағы, сату, жою, тозу, қалдық құндары
бар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзіидегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың
бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге
дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік
беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
метал сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде :
• Пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
• Нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

3.2 Негізгі құралдардың есебі және құжатталуы

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын
үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып
алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; басқа субъектілер мен жеке
тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді
ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп
түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдың есебі кәсіпорынның
бухгалтериясында жүргізіледі.
Казахцемент ЖШС-де негізгі құралдардың түсуі келесі құжаттармен
рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына
жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың
еңгізілуі ерекшк тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды
пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; құрал-жабдықтардың бір цехтан
екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан
пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге
берілген кезінде оларды негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланстың активі мен пассиві
Кәсіпорын нысанындағы кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды ұйымдастыру қызметтері
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамсыз етудегі ақшалай қаражаттарының есебі және талдауы
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Ұйым экономикасы
Төлем тапсырмасының жазылған күні
Өндірістік іс-тәжірибе есебі. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Пәндер