Тұрғындарды мемлекеттік реттеу саясаты



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І бөлім. Халықтың тұрмыс деңгейіне жалпы сипаттама.
1.1. Өмір сүру деңгейі және оның төменгі шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Тұрғындар табысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Зейнетақы жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ бөлім. Тұрғындарды мемлекеттік реттеу саясаты.
2.1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, мәні мен мақсаты ... ... ... ... ...9
2.2. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Халықтың тұрмыс деңгейіне жалпы сипаттама.
1. Өмір сүру деңгейі және оның төменгі
шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Тұрғындар
табысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 6
3. Зейнетақы жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ бөлім. Тұрғындарды мемлекеттік реттеу саясаты.
2.1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, мәні мен
мақсаты ... ... ... ... ...9
2.2. Елбасының Қазақстан халқына
жолдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы: Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік
реттеу.
Еліміздің әкімшілдік - әміршілдіктен нарықтық экономикаға
көшуі адамдардың әлеуметтік тәуекелінің артуына алып барады.
Нәтижесінде адамдар өмір деңгейімен жіктеледі: шамалы топтың
баюы мен кейбір топтардың деңгейімен жіктеледі: шамалы
топтардың баюы мен кейбір топтардың кедейленуі, алдымен аз
қамтамасыз етілген (зейнеткер, мүгедектер және балалар)
топтарды жатқызамыз.
Экономикалық теорияның негізгі бөлігі тұтыну болып табылады.
Тұтыну - бұл адамдардың қажеттіліктерінің өтелуі десек де
болады. Ал тұтынушылардың қанағаттандырылуы әрине табыс деңгейіне
байланысты. Сол себепті бұл курстық жұмыстың мақсаты өте
тиімді. Қазіргі уақытта табыстың деңгейін көтеру туралы
Қазақстан Республикасының Елбасының Жолдауларында ерекше айтылып
жүргені баршамызға мәлім. Табыс деңгейінің артықшылығы мен
кешмілігіне байланысты тұтынушылар талғамы өзгеріп отырады. Яғни
тұтынушылардың реакциясы ауатқып отырады. Микроэкономикада табыстың
өзектілігі ерекше айтылған. Сол себепті бұл курстық
жұмыстың мақсаты - тұтынушылардың табыс деңгейінің ұғымын,
табыс деңгейінің өзгеру факторларын талдау, тұтынушылардың
реакциясының өзгеруін зерттеу болып табылады.
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде
жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста
болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімгідей әсер етеді:
сұраным мен ұсыным ара - қатынасына; бәсеке мен монополич.
Енді осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ
қарастырамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты – тұрғындардың табысын әлеуметтік,
мемлекеттік реттеуді қарастыру, зейнетақы жүйесін дамуын және елбасымыздың
халыққа жолдау бағдарламасын толықтай ашу.

І бөлім. Халықтың тұрмыс деңгейіне жалпы сипаттама.
1. Өмір сүру деңгейі және оның төменгі шегі

Сұранымның негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды.
Алдыменен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау
қажеттілігі. Тұтынушының іс - әрекеті оның тұтынуының қалай
қолданбауында, материалдық игіліктер (тауарлар) мен қызмет
көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.
Тауар пайдалылығы - адамдардың қандай да болмасын тұтынысын
қанағаттандыру қабілеттілігі.
Сондықтан тұтынушының болатын сипатына, әдетіне, талғамына,
көңіл - күй мен хал - жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы
- жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.
Жалпы пайдалылық - адамдардың белгілі тауарлар мен қызмет
жасау қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауарлар мен қызмет
жасау қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауарлар мен қызмет
жасауға алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф. Визер (1851
- 1926 жж) ендірді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында ірі
экономистер Г. Госсен, К. Мангер, У. Джевонс (1835 - 1882
жж)., Л. Вальрас, Р. Аллен, Дж. Хикс және В.В. сулицкий
шекті пайдалылық теориясын жасады.
Алайда, бұл теория әрбір нақты тұтынушының іс -
әрекеттерін айтып бере алмайды, бірақ көптеген тұтынушы мен
орташа тұтынушының жалпы іс - әрекетінің тенденциясын байқап
білуге ықпал жасайды.
Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу
тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса
жалпы сұраным төмендеу қасиетіне ие, егер де ұсыным өссе.
Бұл заңдылық шекті пайдалылықтық төмендеу заңы деп аталады.
Шекті пайдалылық теориясының негізіне Госсен заңының
бірінші және екінші түрлері бастау болды. Бұл заң неміс
экономисі Герман Генрих Госсеннің (1810 – 1858 жж) атымен
аталған. Осы заңның негізінде Госсен субъекті іс - әрекетінің
рационалды ережесін суреттеп, өзінің шаруашылық қызметімен
максималды пайда табуға ұмтылатындығын көрсетті.
Бірінші заңға сай, тұтынудың іс - барысында тол түсуі
заттың пайдалығын төмендетіп, игіліктер қоры ұлғая түседі.
Игіліктер қоры көп болса, пайдалылық төмен болады. Демек,
әрбір келесі игіліктер бірлігінің бағалылығы төмендейді.
Жеке тұтынушы тауарлар мен ықзмет жасау нәрселерін молдау
алуға тырысады, себебі олар оған көптеген пайдалылық әкеледі.
Сондықтан ол әркезде өзінің ақшалай табысын қалай бөлуді
ойланып жүреді. Әрбір тұтынушының талғамы мен талғауына қарай
өз қалауы бар. Ол оның тұтыну қабілеті мен мүмкіндігін
көрсетеді. Сондықтан бюджет деңгейінің шекарасында оның
сұранымын барынша қанағаттандыратындай, қалауына тауар жиынтығын
ұйымдастыру қажет.
а) бюджеттік сызық - бюджеттік сызық немесе бюджеттік шектеу екі
тауардың мүмкіндігінше болатын комбинациясын көрсетеді, онда
тұтынушы бар мөлшеріндегі бюджеттен және осы кездегі баға
деңгейінен алып отыруы мүмкін. Әрбір тұтынушы бюджеттік
шщектеу шеңберінде өзінің табысын әртүрлі тұтыну тауар арасына
немесе қызмет көрсетуге, салуға тырысады, себебі пайдалылықты
максималдауға жеткізуі қажет.

2. Тұрғындар табысы

Жыл сайын материалдардың өндірісте жиынтық қоғамдық өнім
мен ұлттық табыс болып отырады. Солардың арасында қоғам өмір
сүреді, дамиды. Алдымен макроэкономика деңгейінде өндіріс
факторлары арасында бөлініп, табыстың осылай бөлінуі табысты
функционалды үлестіру болып аталады. Мұндай факторларға еңбек,
капитал, жерді жатқызамыз. Микроэкономика деңгейінде, яғни
кәсіпорын (фирма) мен әртүрлі шаруашылық ассоциациясында табыстың
негізгі түрлері құрылады: жалақы, пайда, пайыз және рента.
Факторлық шығындар бойынша табыстың барлық сомасы ұлттық
табысты құрайды. Алғашқы бөлу нәтижесінде алғашқы табыс
құралады, кейін әлденеше рет қайта бөлінеді. Бөлу процесінде
өндіріс аясына қатынасатындармен бірге мемлекет және ұйым
қызметкерлері белсенді ат салысады. Алайда, олар алғашқы
табысты тікелей жасамайды. (сурет - 1)
Функционалды бөлуден басқа табысты мөлшеріне үлестіру де
бар. Соңғысы қоғамда құралған табысты отбасы арасында немесе
жеке адамдарға үлестірумен сипатталады. Бұл жағдайда бір адам
болам ма әлде екі немесе көп адамнан тұратын отбасыма;
туыстық немесе некелік мәселемен байланысқан бір үйде
тұратын дығы қарастырылады. Ондай топтар табыстарының көлемін
алуына байланысты орналасады.
Нарықтық экономикада барлық табыстар ақшалай түрде
жүргізіліп, өндіріс факторы бағасымен органикалық байланыста
болады. Бұл бағаға нарықтың күштер кәдімгідей әсер етеді:
сұраным мен ұсыным ара - қатынасына; бәсеке мен монополич. Енді
осы табыстардың түсуі мен бөліну механизмін толығырақ
қарастырамыз. Табыстардың негізгі түсу көздері мыналар:
- жұмыскерлердің еңбек табысы (жалақы, сыйақы және т.б.);
- кәсіпкерлік табыс (пайда);
- меншік табыстары (салымнан алынатын проценттер, рента және
т.б.)
- еңбек салымына байланыссыз түсетін әлеуметтік табыстар
(мемлекеттен түсетін трансферттік төлемдер - жұмыссыздарға
жәрдемақы, әлеуметтік қамсыздандыру төлемі және т.б.).
Нарықтық қатынастарға көшкен елдерде осы табыстардың
барлығы екі үлкен топқа бөлінеді:
- кәсіпкерлік қызметтен (жалақы мен пайда) және еңбектен түскен
табыс;
- заңды негізде алынған еңбексіз табыстар, оған жататындар:
дивиденттер, банктегі салым пайызы, меншіктен табыс, оның ішінде
арендаға өткізілген жылжымайтын мүліктен және еңбек шығынымен
байланыссыз мемлекеттен алынатын жәрдемақы мен төлемдер
(зейнетақы, стипендия, жұмыссызға және көп балалы отбасына
жәрдемақы).
Осы табыстардың динамикасы әртүрлі елдерде әрқалай және
шаруашылық коньюктурасына, кәсіпкерлік қызметтің жетістігіне,
басқада факторларға байланысты.

1.

2.
3.

4.
5.

6.

7.

1 – сурет. Табыстың негізгі
түрлер
1.3 Зейнетақы жүйесінің дамуы

Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырудың көп сатылы жүйесі
қалыптасуда. Ендігі уақытта болашақ зейнетақының қалыптасу жауапкершілігі
негізіне азаматтардың өздеріне және жұмыспен қамтамасыз етуші
кәсіпорындарға (жұмыс берушілерге) ауысады. Қазақстанда қабылданған
зейнетақы реформасы дамыған Батыс елдерінің өзінде әлі толық енгізілмеген,
бірақ оның қажеттілігі толық мойындалып отырған, өте күрделі де
түпкілікті (радикалды) реформа екенін атап айтуға қажет. Бұл
реформаның түпкіліктілігі оның нарық принциптеріне негізделгенінде жатыр.
Біріншіден, әрбір жеке адамның табысының 10%-ін ай сайын таңдаған
Зейнетақы қорына аударып отырады. Яғни, зейнетақымен қамсыздандыру
негізінен жұмыскердің жеке өзіне, оның тапқан табысына тікелей байланысты
болмақ. Екіншіден, зейнетақы қорлары және ондығы жиналған қаражат
капиталға айналып, капитал нарығында айналымға шығып, иесіне дивидент
түрінде табыс түсіретін болады. Үшіншіден, зейнетақы қорлары несие
беруші институт ретінде қызмет атқаратын болады. Төртіншіден,
зейнетақы қорларында жиналған қаражат өндірісте капитал ретінде пайдаланып,
ұлттық шаруашылықтың ішкі инвеститциялық және даму мүмкіншіліктерін
кеңейтеді. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде бір ғана ҚР Ұлттық банкі
жанында құрылған зейнетақы қорында 16 млрд теңгеге жуық қаржы жиналыпты.
Қазақстанда осы Мемлекттік қордан артық тәуелсіз акционерлік және жеке
меншік зейнетақы қорлары құралған. Олардың ішінде ең үлкені Қазақстаның
Халық банкі жанында ашылған зейнетақы қоры:салым салушылардың саны 251 мың
адам,тартылған қаржы сомасы 413 млн теңге.Осы қордың құрылтайшы-
компаниялары: Қазақстан темір жолы, Қазақ-ойл, ҚазТрансОйл, КЕGOC,
Қазақстанның Халық Банкі.

ІІ бөлім. Тұрғындарды мемлекеттік реттеу саясаты.
2.1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, мәні мен мақсаты

Осы күнгі дамыған нарық қатынастары салыстырмалы түрдегі әлеуметтік
теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді. Бірақ оларды іске асыру белгілі
бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді.
Олар әлеуметтік саясат, немесе мемлекет саясатынан әлеуметтік аспектісі
болып табылады.
Нарықтық экономика әр адамға, оның қабілеттілігіне орай, өзінің
экономикалық өмірін құру үшін толық еркінін береді. Бірақ бұл еркіндік
қоғамның басқа мүшелерін еркіндігі мен құқығына және мүддесіне қайшы
келмеу, кедергі болмауы қажет.
Екінші принцип, мемлекетіттің әртүрлі қоғамдық топтар мүдделері
арақатынасын анықтауына байланысты. Экономикалық саясаттың алдында
қоғамдағы әр түрлі мүдделер арақатынасын анықтауына байланысты.
Экономикалық саясатты, оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы
әр түрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесімділікті табу міндеті
тұрады. Мемлекеттік биліктің институтционалдық құрылымы барлық
тұрғындардың ықылас мүдделерін ескеруі қажет. Бірақ, әрбір жеке тұрғынды
есепке алу мүмкін емес, сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін
жеткізіп жинақтайды. Сонымен, экономикалық саясат, біріншіден, топтар
мүдделерінін өзінен-өзі іске асыруы үшін құқықтық және ұйымдық
(институтционалдық) жағдай жасады, ал екіншіден, оларды жалпы даму
бағытымен сәйкестендіруі қажет.
Әлеуметтік бағдарламаны жасағанда және оларды іске асыру кезінде
тұрақты қоғамдық бақылау, институтционалдық күштердің тепе-теңдігі, қоғамда
демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейі қажет болды.
Әлеуметтік теңдік (теңсіздіктің) деңгейі ең алдымен табыстар жүйесіне
байланысты келеді. Соңғысы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне қажетті
материалдық игіліктерге жұмсалатын барлық қаржы-қаражат сомасы, табыстар,
заңды түрде-экономикалық қызметтің нәтижесі. Табыстар қалыптасу көздеріне
қарай жіктеледі. Оларды негізгі және қосымша табыс түрлері деп бөледі.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында адам, қалыпты түрде, белгілі бір
негізгі табыс түріне ие болады. Жалдамалы еңбек ететіндер үшін бұл
еңбекақы, ал кәсіпкерлер үшін-таза пайда.
Қосымша табыстарға негізгі табыстан тыс түсетін ақшалай немесе
материалдық кіріс түрлері жатады. Нарықтық экономика дамыған сайын қосымша
табыс табу мүмкіншіліктері кеңейе түседі. Осы табыс түріне құнды
қағаздарда, салық төлемдерін төмендеуінен, мұрагерліктен т.б. түсетін
табыстар жатады. Қосымша табыс табуға адамдар екі себептен ұмтылады.
Біріншіден, табыс көзін көп тарапты ету (диверсифекациялау) негізгі
табыстың төмендеуінен сақтандырады. Екіншіден, қажеттіліктің негізгі тбыс
түрінің өсуінен тұрақты түрде озып отыруына байланысты. Осы екінші жағдай
өтпелі экономика үшін маңызды, Мысалы, мамандардың бағалауынша Қазақстанда
жұмыскерлердің 50 пайызы, зейнеткерлердің 30 пайызы осы күндері қосымша
табыс табу мақсатында қосымша еңбектенуге мәжбүр екен.Табыстар формасына
қарай ақшалай және материалды болып бөлінеді. Ақшалай табыстар еңбек ақы,
жалақы, сыйлық, зейнетақы, жәрдемақы, материалдық қаржат (субсидия) түрінде
болады, ал материалдық табыстар-материалдық игіліктер
(автокөлік,саяжай,пәтер,жиһаз т.б.) түрінде болады.
Табыстар құқықтық жағынан алғанда ашық және жасырын түрде болады.
Бірінші табыстын заңды түрі болса екінші заңға сәйкес келе бермейтін түріне
жатады. Табыстың жасырынды түрлері негізінен көлеңкелі экономика
сектормен байланысты болады. Тағы номиналды (брутто және реалды (нетто)
табыстарда анықталады. Номиналды табыс-әр түрлі алым-салықтардан
тазартылмаған, жалпы есептелген табыс соммасы. Ал реалды табыс - бұл
қоғамдағы таза табыс, оны адам топтың өз қажеттілігіне жұмсай алады.
Реалды немесе нақты табыс бағаның өсу деңгейіне байланысты және ол
инфляция жағдайында қысқарады.
Қысқартылып отырған тұрғыдан алғанда әлеуметтік қамсыздандыру
көрсеткіштерінің маңызы өте зор. Оны сипаттайтын экономикалық өлшемдердің
арасында тұрмыс деңгейінін көрсеткіштері негізгі орындарды иемденеді. Бұл
жерде материалдық игіліктерді тұтыну деңгейі туралы сөз болып отыр. Соңғы
жылдары әлем практикасында кең тарған көрсеткіштер отандық статистикада
пайдалана бастағанын айтуға болады. Жеке алғанда, бұл тұтынушылық
қоржын деген ұғымға қатысты. Осы ұғымда адам өміріне қажетті ең негізгі
материалдық игіліктер қызметтер қарамасын білдіреді.
Экономиканың нарықтық үлгісіне көшу кезінде әлеуметтік жіктелу
(дифференциациялау) артады. Сондықтан тұрмыс деңгейін өлшемді түрде
сипаттайтын тұтынушылық қоржынды толтырудың бірнеше нұсқалық түрлері
қалыптасқан, тұтынудың рационалды және минималды деңгейлерін есептеу
қабылданған. Осы күні отандық статистика мекемелері тұтынушылық қоржын
құрамы мен оның минималды және рационалды деңгейлерін тұрақты түрде есептей
көрсетеді. Соңғы кездері біздің экономикалық әдебиеттергеөмір сүру
сапасыдеген ұғымда енгізілді.Осы көрсеткіш тұрмыс деңгейін жүйелі түрде
өлшеп сипаттайды. Бұл көрсеткіш материалдық игіліктерді тұтынумен бірге
әлеуметтік игіліктерді (денсаулық сақтау, білім алу, демалыс, мәдениет
т.б.) пайдалануды да есепке алып, қоғамның тұрмыс деңгейін жан-жақты
сипаттайды.
Кез келген ел тұрғындарының табыс деңгейі әрқашан да біркелкі
болмайды. Бұл жерде ерекше айта кететін тағы бір жағдай - нарықтың бастапқы
даму кезінде табыс деңгейінің алшақтығы өседі, ал нарық қалыптасқан
жоғары деңгейіне жеткенде жүргізілген әлеуметтік саясаттың арқасында
әлеуметтік теңсіздік біршама азаяды. Табыстардың дифферециациялану деңгейін
өлшерде Лорец қисығы деп аталатын графикалық көрсеткіш қолданылады
График қарапайым да көрнекті болуы мақсатында барлық тұрғындар тең санды
бес топқа бөлінген (20% тең) әлеуметтік топтардың алатын табыс шамалары да
бес проценттік топқа бөлінген. Егер табыстар абсолютті бөлінген болса, онда
граффик биссектриса түрінде көрінеді. Бірақ онда бұл график теорияда ғана
болатын әлеуметтік жағдайды суреттейді. Ал экономикалық өмірде табыстардың
тең бөлнуі ешқашанда мүмкін емес. Ақиқаттық жағдай графикте биссектрисадан
төмен орналасқан қисық сызық түрінде көрініс алған. Осы графикте алғашқы
екі топ (графикте алдымен табысы басқалардан аз топтар көрсетілген,
табыстары орташа тұрғындар топтары, ең соңында табысы жоғары тұрғындар
тобы белгіленген) жалпы табыс соммасы аз бөлігін (20%) иеленеді, яғни
табысы төмен тұрғындар саны - 40% ал олардың жалпы табысы үлесі - 20%
орташа әлеуметтік топтың тұрғындар санындағы үлесі 40 пайыз және жалпы
табыстығы үлесі 40%. Сонымен, Лоренц қисығының түзу сызықтан
(биссектрисадан) ауытқу шамасы табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесін
көрсетеді. Осы дәрежені Джени коэффициенті (индексі) деп атайды. Дженни
коэффициенті Лоренц қисығымен шектелген үшбұрышын ауқымын
биссектрисамен шектелген үшбұрыштың ауқымын бөлу арқылы анықталады.
Табысты бөлудегі теңсіздік қойған сайын Лорец қисығы абсолютті теңдік
сызығына жақындай түседі, ал Джини коэффициенті өсіп, 1-ге жақындай
береді. Абсолютті теңдік сызығы (тура сызық биссектриса) мен Лоренц
қисығы шеңберіндегі ауқым қоғамда қалыптасқан табыс теңсіздігінің
абсоютті көлемін көрсетеді. Халықтың әлеуметтік құрылымын сипаттағанда
жоғарыда келтірілген көрсеткіштен басқа Дицель коэффициенті деп аталатын
көрсеткіш те қолданылады. Дицель коэффициенті табысы ең төмен әлеуметтік
екі жақарасындағы тұрмыс деңгейінің алшақтығын көрсетеді. Елестеу
әдістемесіне сәйкес табысы ең жоғарылардың және тбысы ең төменгілердің
тұрғындар санындағы үлесін 10 пайызға тең етіп теңестіріп алды. Енді
осы сан жағынан тең екі топтан жалпы табыстағы (ұлттық табыстағы)
үлестерін анықтайды да бірін екіншісіне бөледі. Сөйтіп, дицель
коэффициенті шығады.
Дамыған нарықтық экономикада мемлекет төмен төлемақы алатын қоғам
мүшелеріне кедейшілікті жоюға қаржы ресурстарын бөліп беруге тырысады.
Табыстарды теңестіру саясатын іске асыру күрделі мәселелердің шешіміне
байланысты келеді. Мемлекет әлеуметтік жағдайды жақсарту міндетін өз
жауапкершілігіне алғанда жұртшылық тарапынан толық қолдау таба бермейді
және бұл оңайға түспейді. Әлеуметтік шараларды нәтижелі түрде жүргізу үшін
қомақты қаржы ресурстары қажет болады. Бұл қаржы ресурстары салық арқылы
түседі. Осыдан барып салық салу заңдылығы қалыптасады: әлеуметтік
игіліктер мөлшері жоғарылаған сайын салық салу тәртібі қатандай түседі.
Тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру мәселесі, түптеп келгенде табысты
қайта бөлу емес, ұлттық өндіріс көлемін, оның өнімділігін арттыруға
байланысты. Л.Эрхардтың айтуынша: Тұрмыс деңгейін көтеру бөлу емес,
өндіріс, тіпті өнімділік проблемасы. Оның шешімі бөлуде емес, ұлттық
өнімді көбейтуде жатыр. Бөлу мәселесіне назар аударатындар әрқашан ұлттық
шаруашылық өндіре алатын мөлшерден артық бөлуге ұмтылып, қателікке
ұшырайды (Эрхард Л. Блогосостояние для всех.М.,1991). Өскелең түрде,
қарқынды дамыған экономикада салықтардың жеңілдеу ставкасымен де
әлеуметтік мақсаттар үшін қажетті қомақты қаражат жинап алуға болады. Осы
күнгі Батыс елдерінде экономиканың табыстылығы жоғары. Сондықтан бұл
елдердің үкіметтері тиімді әлеуметтік бағдарламаларды іске асырады. Бұл
қоғамда жақсы әлеуметтік жағдай қарастырылып, экономиканың тұрақты дамуын
анықтайды. Осы күнгі Қазақстанда, өкінішке орай, экономика тиімділігі
әлі төмен. Осыған байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру
мүмкіншілігі де шектеулі. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу
тәжірибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру,
жұмыскерді әлеуметтік қорғау, еңбекақы саясаты, еңбек нарығындағы
әлеуметтік шаралар, ұрғын үй саясаты т.б.
Әлеуметтік сақтандыру - мемлекеттің әлеуметтік сясатының ең бір
маңызды бөлігі. Әртүрлі себептерге байланысты, мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық
ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ МОДЕЛІ
Мемлекеттің экономиканы реттеу
Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу
Жұмыссыздықтың әлеуметтік зардаптары
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі туралы
Жалақының теңестірілген деңгейі
Салық жеңілдіктері
Пәндер