Өндірістің факторлары мен олар тудырған табыстар



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.бөлім. Өндірістің факторлары мен олар тудырған табыстар ... ... ... ... ... .5

2.бөлім. Өндiрiс факторлары: бiрiктiру әдiстерi және оның тиiмдiлiгi ... ..16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе

Қазiргi тәуелсiз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХ1 ғасырдың қарсаңында рыноктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделi мәселелердi тұңғыш рет шешуге ұмтылып келемiз соның бiрi. әрине экономикалық теориядағы өндiрiс факторлары мәселесi.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсiздiкке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты мiндеттері мен алға қойған мақсаттары ол - әлеуметтiк бағыттағы жоғары әрі тиiмдi экономиканы қалыптастыру әлемдiк кеңiстiкте өз орнын табу, экономикалық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету, жоғары дәрежелi еңбек өнiмдiлiгiне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлi меншiк иелерiне жол ашу, рынок орталықтарында тиiмдi заңға негiзделген iскерлiкке қол жеткiзу болып табылады.
Қазiр елiмiздiң экономикасында әкiмшiлдiк-шаруашылық жүйесiнен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Нарық экономикасына көшу бiр дүркiн қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтiк прогресiн айқындайтын табиғи процесс.
Әрине, бiздiң елiмiзге бүкiл әлемдiк рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткiзу мiндет емес. БIЗ басқа мемлекеттердiң тәжiрибесiн ескеруге тиiстiмiз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрiздi рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсiз. Кешегi әкiмшiлдiк социализмнен керi қарай капитализмге көшудемiз деушiлер де бар. Соңғы жылдары экономика теориясы түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Ол кездейсоқ емес, мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты.
Мен өзімнің курстық жұмысымда экономикалық теориядағы өндiрiс факторлары мәселесiн теориялық тұрғыдан қарастырып кетудi мақсат етiп отырмын.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Байгiсие М. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.— Алматы, "Санат", 1998.
2. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық.-Алматы. 1998 ж. Авторлар ұжымы.
3. Мұқаұлы С., Үпiншев Е. Табиғат пайдалану экономикасы; /Оқу құралы/; -Алматы; Экономика, 1999.
4. Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки природных ресурсов. –М.: Наука, 1998 г.
5. Каргажанов З.К. Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежей за пользование природными ресурсами.- Алматы, Қазақ университетi,1997.
6. Законодательство Республики Казахстан о внешнеэкономической деятельности / Сост. Р. Баймурзаева, Л. Аносова. Алматы, 1996.
7. Сарсембаев М. А. Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности. Алматы, 1995.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-бөлім. Өндірістің факторлары мен олар тудырған
табыстар ... ... ... ... ... .5

2-бөлім. Өндiрiс факторлары: бiрiктiру әдiстерi және оның
тиiмдiлiгi ... ..16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..26

Кіріспе

Қазiргi тәуелсiз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес
ХХ1 ғасырдың қарсаңында рыноктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай
көптеген күрделi мәселелердi тұңғыш рет шешуге ұмтылып келемiз соның бiрi.
әрине экономикалық теориядағы өндiрiс факторлары мәселесi.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсiздiкке ие
болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне
қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок
қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр
кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк
қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi
ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты мiндеттері мен алға
қойған мақсаттары ол - әлеуметтiк бағыттағы жоғары әрі тиiмдi экономиканы
қалыптастыру әлемдiк кеңiстiкте өз орнын табу, экономикалық тәуелсiздiктi
қамтамасыз ету, жоғары дәрежелi еңбек өнiмдiлiгiне жету, халық шаруашылығы
құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесiн
көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлi меншiк иелерiне жол ашу,
рынок орталықтарында тиiмдi заңға негiзделген iскерлiкке қол жеткiзу болып
табылады.
Қазiр елiмiздiң экономикасында әкiмшiлдiк-шаруашылық жүйесiнен арыла
келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда.
Нарық экономикасына көшу бiр дүркiн қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан
алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтiк
прогресiн айқындайтын табиғи процесс.
Әрине, бiздiң елiмiзге бүкiл әлемдiк рынок экономикасының тарихын,
даму сатыларын басынан өткiзу мiндет емес. Бiз басқа мемлекеттердiң
тәжiрибесiн ескеруге тиiстiмiз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер
тәрiздi рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсiз. Кешегi әкiмшiлдiк
социализмнен керi қарай капитализмге көшудемiз деушiлер де бар. Соңғы
жылдары экономика теориясы түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Ол кездейсоқ
емес, мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа
құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты.
Мен өзімнің курстық жұмысымда экономикалық теориядағы өндiрiс
факторлары мәселесiн теориялық тұрғыдан қарастырып кетудi мақсат етiп
отырмын.

1-бөлім. Өндірістің факторлары мен олар тудырған табыстар

Фирманың кәсіпкерлік қызметінің басты мақсаты табыс табу болып
саналады. Өндірістің әртүрлі факторларының табыс табудағы рөлдері қандай
және өндіріс факторларын бөлу жөне өнімді пайдалану тетігі қандай? Бұл
мәселелерді қарау өндiрiс шығындары мен баға құрылуын талдауды логикалық
жағынан аяқтайды.
Нарықтық экономикада табыстарды түсіндіру өндірістің барлық
факторларын 4 топқа бөлуден тарайды.
Әрбір фактордың табыс өкелуге қабілеті бар.
Жер. Өндірістің тап осы факторы әкелетін табысты рента деп атайды.
2) Адам еңбегінің ресурстары. Ол ресурстардың көлемі
биологаялық және әлеуметтік процестермен анықталады. Өн-дірістің осы
факторы әкелетін табыс — жалақы. Бүған дене еңбегі жүмыскерлерінің жалақысы
секілді, ақыл-ой қызметкерлерінің жалақылары да кіреді.
3) Кәсіпкерлік қабілеттер жеке топтарға бөлінеді. Олар қа-лыпты
немесе кәсіпкерлік пайда тудырады.
4) 4) Капитал — ол күрделі игілік (гимараттар, ондіріс қүралдары).
Кез келген өндіріс факторының негізінде ақырғы өнім жатады. Өндіріс
факторының ақырғы өнімі қосымша өнім немесе тағы да өнімдер шығару болып
табылады. Ол өнімдер осы фактордың тағы бір бiрлiгiн әкеп қосқанда, басқа
факторлар өзгеріссіз қалған жағдайда алынады.
Еңбектің ақырғы өнімі қосымша өнім шығару болып табылады. Ол өнімдер
еңбектің тағы бір единицасын қосқанда, өндірістік шығындардың басқа барлық
түрлері өзгеріссіз қалған жағдайда алынады. Дәл осылайша, жердің ақырғы
өнімі болып қалған барлық өндірістік шығындардың ешбір өзгеріссіз көлемде
тағы бір жер учаскесінің қосылуы нәтижесінде жиынтық өнім мөлшерінің өсуі
саналады. Кез келген басқа өндіріс факторлары үшін де солай. Өндіріс
факторының бағасы әлгі фактордың соңғы единицасының ақырғы өніміне тең
келеді.
Ол сұраным мен ұсынымның тап қазіргі ара қатысында қоддану табады.
Басқаша да айтуға болады. Өндіріс факторларының бағасы сұраным және
ұсыныммен анықталады, себебі сұраным бағыты фактордың ақырғы өнімділік
бағытымен сәйкес келеді, теңдік баға сұраным мен ұқсынымның дәл осындай ара
қатысында өндіріс факторларының ақырғы табыстылығымен сәйкес шығады.
Өндірісте жасалынған табыс өндірістегі әрбір фактордың баға сомасынан аз
болмауы керек, яғни, кем дегенде ол факторлардың (еңбектің, жердің,
капиталдың) әрбірінің ақырғы табыстық сомасына тең болуға тиіс.
Капиталға кіріс және капиталдың таза өніімщілігі, капитал салымының
нүсқаларын таңдау, капиталға келетін пайыз.
Факторлар жиынтығынан жасалынған табыстан шартты түрде капиталдың таза
өнімділігі бөлінеді. Ол әр жылдың пайызды табысын байқатады, ол табысты
инвестор көрсетілген жобадағы ақшасын сол табыспен байланыстыру нәтижесінде
табады.
Капиталдың таза өнімділігі. Қаржылы өндіріске қарағанда қаржысыз өндірісте
өнімді аз шығару түсінікті нәрсе. Капитадцы игіліктің көмегімен болатын
процестер неғүрлым өнімді болып саналады. Бұдан мынадай қорытынды жасалуға
тиіс — капитал таза өнімділік қасиетке ие, оның көмегімен амортизациялық
қорларға аударылатын барша аударымнан кейін қалатын өнімнің қосымша көлемін
өндіруге болады. Бұл өнімділікті жыл бойына есептелінген пайыз түрінде
көрсету мүмкіндігі бар.
Пайыздық ставка инвестициялық жобалардың рентабельділік минимумы және
оларды таза өнімділікке сөйкес тандаудың құралы болып табылады. Пайыздық
ставканың деңгейі капитал салымының әртүрлі нұсқаларын тандау кезінде қоғам
пайдаланатын шамшырақ болып саналады. Жоғары пайыздық ставка ешбір
кідіртпей және өте үнемді жобаны таңдап алуға жол ашады. Пайыз деңгейі
жоғары болған жагдайларда, өте жоғары таза өнімділігі бар капиталдар
қосылысының нұсқасы таңдалынады екен. Біртіндеп, өткен кезенде капиталды
қарқынды жинау азайып бара жатқан табыстылықтың заң күшін емірге қайта
оралуына қарай пайыздық ставка темендейді. Ол капиталдық салымның тек,
мейлінше төмен таза өнімділігімен сипатталынатын жобаларды жүзеге асырудың
хабаршысы болып табылады. Бұл процесте нарықтық пайыздық ставка таза
табыстылықтың ең аз нормасы болады.
Егер капитал салымының қандай бір нұсқасы пайыздық ставкаға тең келерлік
таза өнімділікке ие болса, онда ол кәсіпкерді қызықтыратын соңғы нұсқа
болып шығады. Егер таза өнімділік пайыздық ставкадан төмен болса, онда оған
капитал жұмсаудың ешқандай мәні жоқ, себебі алынған табыс тіпті заемдык
капиталды қайтаруға да жетпейді.
Нарықтық ставканың қарыздық пайызына қарағанда өнімділігі жоғары
болатын капитал салымының нұсқалары қарыздық пайыздан артатын (экономикалық
пайда) мол пайда береді. Бұл пайда кәсіпкерге қалады. Мұндай пайда көру
таңдалған капиталдық салымның сәтті екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда
кәсіпкерде банкке қарыздық пайызды төлегеннен кейін дивидендті көбейтуге
болатын пайда мен бөлінбеген пайда қалады.
Сонымен, капиталдан алынатын пайыздық табыстың негізінде капиталдық
игіліктін таза өнімділігі жатады. Капиталдық игіліктің таза өнімділігі
нарыктық ставканың қарыздық пайызымен салыстырылады. Бұл капитал жұмсау
нұсқасын тандаудың белгісі (критерий) қызметін атқарады. Қарыздық пайыздың
нарықтық ставкасы дегеніміз ақша капиталын пайдаланудың бағасы жене
капиталға сүраным мен үсынымның тап казіргі ара қатысы кезіндегі оның
шектеулі (ең аз) табыстылығы. "Капиталға пайыз. Пайыздың мынадай да
анықтамасы (мысалы, Пол Хейнеде) бар: пайыз дегеніміз — адамдар ресурстарды
.сатып алатындай ақшаны тапқанша күтіп журместен, ол рееурстарды қазір
алуға төлейтін бағасы. Пайызды деп қазіргі шақта ресурстарды иелендіретін
үстеме баға деп те қарауға болады. Қазіргі сәтте ресурстарды иемдену
адамдардың қолдары жетерліктей мүмкіндіктер спектрін кеңейте түседі.
Ресурстарды күнделікті жұмсау біздің әрекет жасауымызға жиі мүмкіндік
ашады, ал ол уақыт өткен соң ол біздің табыс алуымызға мүмкіндік береді,
және соның нөтижесінде алдағы уақытгың бір сәтінде біздің басқа
бір жағдайдан гөрі алатын ресурсымыз әлдеқайда мол болып шығады. Біз
мүндай жағдайды байқасақ болды, қарыз ақша алуға ұмтыламыз. Және біз алатын
ресурсымыздың үстеме пайызынан алған қарызымыздың пайызы (яғни капитаддың
таза өнімділігінен аз) кем болып тұрғандығыннан оны төлеп жіберуге
дайынбыз.
Сонымен, пайыздың жылдық ставкасы үлкен қүұндылықты көрсетеді. Адамдар оны
келер жылдан күтілетін игіліктермен салғастыру бойынша қазіргі қолдағы бар
игілікке жатқызады. Бұдан мынадай қорытынды шығару керек: бір жылдан кейін
алуды күткен бүгінгі игіліктің қүндылығын анықтау үшін пайыз ставкасына
сәйкес олардың құндылығын төмендету қажет.
Валюта бағасын төмендету
Болашақ игіліктің бүгінгі құндылығын анықтауға мүмкіндік беретін валюта
бағасын темендету процесі экономикалық шешімдер қабыддауда маңызды рөл
ойнайды. 4%-ті пайыздьщ ставкасымен біз бүгін шамамен 96 центті сақтаймыз,
жөне ол сома бір жылдан соң 1 долларға еседі. Осыдан келіп, бір жылдан
кейін төленетін 1 доллардың темендетілген құны, қазіргі уақытта тек 96
цент қүрайды. 2 жыддан кейін төленетін 1 доллардьң төмендетілген қүны бар
болғаны 92 центті қүрайды. Осыған үқсастықты күрделі пайыздардың кез келген
кестесі көрсетеді, яғни жылдығы 4%-тік ставкамен ақшалай сома 20 жылдан
кейін 2 еседен артыққа көбейеді. Мұндай жағдайда қазіргі кезде 20 жылдан
кейін бір долларға төленетін табыстың нарықтық құны қандай болуы керек?
Оның ағымдық төмендету құны 50 центтен аз Жалақы — еңбек бағасы ретінде
Еңбек өндіріс факторы, айырықша тауар болып саналады. Оның тауарлы
формасының ерекшелігі бойынша бүл ресурс, әдеттегідей, толық көлемде
сатылатын нысан болып табьимайды. Жиынтық еңбектің бір бөлігі (әлеуметтік
формада) түрақтылықпен өткізілмейді.
Еңбек рыногында сұраным мен ұсынымның ара қатысы — еңбекақы деңгейін
анықтайтын жетекші экономикалық фактор.
Кез келген басқа рынок секілді еңбек рыногы өзінің тепе-тендік жағдайын
жоғалтып алуы мүмкн. Бұл факторлар еңбек рыногының өзін озі реттеу
мүмкіндігін бұзбайды. Бұл факторлар еңбек рыногының өзін өзі реттеу
мүмкіндігін бүзады. Еңбекақының нақтылы мөлшсріне басқа да факторлар ықпал
етеді (тек қана экономикалық емес, сонымен бірге саяси, әкімшілік,
психологаялық жөне басқа да сипатга). ҚР-дағы бағаның алғашқы реформасы
нақтылы еңбекақының күрт түсіп кетуіне соқтырды. Бір жағынан ол солай
болуга тиіс те еді. 80-ші жылдардың өн бойында "нақтылы" табыстардың өсуі
өндірісгің нақтылы өсуінен асып отырды. Соның салдарынан халықтың бар
секілденген "амалсыз жинағы" тек қағаз жүзінде болатын. Бағаны реттеу
практикасынан бас тарту бұл бос қиялға нүкте қойған да еді. Бағаны
соншалықты үлкен масштабта түзеу айтарлықтай деңгейде күтпеген уақиға
болды және ол еңбек келісімінде алдын-ала қаралмаған болатын, соның
нәтижесінде 1992 жылдың алғашқы айында нақтылы еңбекақы деңгейі күрт түсіп
кетті. 1993 жылдың сәуір — мамыр айларында нақтылы еңбекақының деңгейі ең
төменгі белгіге дейін жетті, және оның сатып алушылық күші 1991 жылғы үқсас
көрсеткіштің жарты-сынан да аз мөлшерді құрады. 1992 жылы тұтастай
алғанда нақтылы еңбекақы деңгейі, жылдық негізге қайта есептегенде, 1991
жылдың деңгейімен салыстырғанда орта есеппен 30%-ке төмен болған.
1993 жылы жалақыны реттеу тетігі инфляцияның жоғары қарқыны жағдайына
ыңғайластырылған болатын. Қазақстанда ретроактивті индексациялардың
практикасы ендірілді. Соған қарамастан, нақтылы көрсетілген жалақының
біртіндеп көтеріліп бара жатқан инфляция қарқынына сәйкес кешіктіріле және
сатылап түзетілуі себебінен, 1993 жылы нақты жалақының жылдық орташа
деңгейі тағы да 7%-ға төмендеді.
Қазақстан Үкіметі жалақы иңдексациясы инфляцияға өз бетінше импульс
беретіндігіне және инфляцияның қандай қарқынының болсын көтерілуі инфляция
процесін спирал бойынша көтеретініне, инфляция қарқыны жалақы мөлшеріне
әсер ететіндігіне аландаушылық танытты. Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі жалақыға индексация жасауды қойған. Республикадағы
еңбек рыногының конъюнктурасы бір жылдан астам есепте түратын жүмыссыздар
санының және жұмыссыздықтың орташа үзақтылығы өсуімен сипатталынады. 1998
жыл-дың соңындағы жағдай бойынша 35 мың азамат бір жылдан астам жүмыссыздар
қатарында болып немесе елдегi барша жұмыссыздардың әрбір жетіншісі болып
тіркелді, ал 63 мыңнан астам адам 6-дан 12 айға дейін немесе әрбір төртінші
адам жұмыссыз "саналды". 1998 жылы республика бойынша жүмыс-сыздықтың
орташа үзақтылығы 6 ай болды. Нарықтық экономикаға көшкенде кәсіпорындар
мен ұйымдар өндіріс көлемі мардымсыз болғанмен еңбек өлуетін сақтап, сондай-
ақ реттеуге келмейтін көлеңкелі рынок биресми жұмыс бастылықты кеңейтіп
жасырын жүмыссыздық тудырады.
Бүгіндер тіркелген жүмыссыздардың саны еңбек рыногында "босап қалған"
жұмысшылар күшінің аз ғана бөлігін қүрайды, ал оның үлкен бөлігі
"тасаланған" болып саналады. Мәжбүрлі демалыстарда жүрген немесе мәжбүрлі
жағдайда еңбекпен толық қамтылусыз уақытша жұмыста жүрген адамдардың тасалы
жұмыссыздықтары негізгі проблемалардың бірі. Еңбек және өлеуметтік қорғау
министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 1999 жылдың 1 қаңтарында әртүрлі
экономикалық себептерге орай республикада 584 кәсіпорын өнім өндіруді
толық, 939-ы енім өндіруді жарым жартылай тоқтатты, 308-і толық емес жүмыс
уақыты режиміне бірбеткей көшті. Мәжбүрлі түрде демалысқа шыққандар 137,4
мың адамға жетті, оның 110,1 мың адамы ақысыз демалысқа шықты, бұл мәжбүрлі
демалушылардың 80%-і. 1999 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
республикадағы жасырын жұмыссыздық 3,2%-ды құрады (экономикалық белсенді
жүртшылықтың). Алайда, жасырын жұмыссыздық, тікелей немесе жанамалай, 500
мың адамды (есептік) қамтиды немесе ресми тіркелген жұмыссыздардан 2 есе
көбейді.
Қазіргі уақытта жүмыссыздықтың шынайы (іс жүзіндегі) деңгейі белгісіз.
Жүмыссыздыкқа — ол еңбек рыногындағы тек ресми түрде мойындалган адамдар
ғана емес, сонымен бірге жүмыс іздеп жүргендер де кіреді. Қазіргі уақытта
республикалық еңбек рыногында, сапалы сипат аспектісінде жүргізілген
зерттеулер жоқ.
Еңбек рыногы жалпы жіктеліп зерттелінбей келеді. Сөйтсе дағы жүмысшы
күшінің рыногы секілді еңбек рыногының осындай сегментіндегі жағдайы,
адамның өндіргіштік күшінің өсуі тұрғысынан қарағанда, теориялық та,
методологиялық та аспектілері бойынша арнайы зерттеуді талап етеді.
Күшіндегі нормативтік және заңнамалық база, атап айтқанда, "ҚР еңбек
туралы", "Халықты жұмыспен қамтамасыз ету ту-ралы", "Еңбекті қорғау
туралы", "Ұжымдық келісім-шарт туралы" ҚР заңдары қазіргі кезенде еңбек
қатынасы мен еңбек қауіпсіздігі сферасында бар және қалыптасқан шындықтар
мен процестерді көрсетпейді. Пессимизм үшін негізгі себеп қазіргі кезде
қолда бар инсти-туциональдық және нормативтік базаның, сондай-ақ нарықтық
экономиканың жүмысын қамтамасыз ету үшін қажетті іскерлік практикасының
әлсіздігі болып табылады. Қорытындылай келіп, қазіргі замандағы жұмыссыздық
сипатына бірнеше факторлардың әсер ететіндігін атап өтуіміз керек, олар:
- ғылыми-техникалық прогресс;
экономикадағы құрылымдық және аймақтық алға басушылықтар;
- сыртқы экономикалық бәсекені күрт күшейту.
Осы жағдайлардың бәрі еңбек рыногы ете жоғары жұмылушылыққа
(кәсіпқойлық, біліктілік, аймақтық және халық-аралық аспектілер шеңберінде)
ие болуы қажет деп болжалдайды. Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан
ерекшелiп ұзақ мерзiмдi емес. Олардың көпшiлiгi белгiлi бiр тарихи
кезеңде әрекет етедi де, кейiн жаңа экономикалық заңдарға орын бередi.
Экономикалық заңдар мәңгi емес, олар тарихи сипатта белгiлi бiр кезеңде
туып және өзгерiп, немесе жойылып кетiп отырады. Әрдайым ескеретiн бiр жәйт
— ескi экономикалық заңдар адамдар еркiмен жойылып кетпейдi, тек жаңа
экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшiн жояды. Яғни адамдар өз
еркiмен, шешiмiмен бiр экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жаңа
заңдарды жасай алмайды. Экономикалық заңдардың күшiнiң жойылуы адамдар
санасынан тәуелсiз қоғамдағы объективтi экономикалық хал-ахуалдың,
процестердiң өзгерiсiмен тiкелей байланысты.
Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы
кеңес елiнде түбiрлi әлеуметтiк-экономикалық сапалы өзгерiстердiң болуы
халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезiмiн жандандырып олардың
экономикалық ой-пiкiрлерiнiңң жаңаша қалыптасуына жол ашты.
Бұрынғы кеңес елiнде, социалистiк бағытта дамып келген Еуропа мен
Азия, Америка құрылығындағы елдерде социализм жүйесi дағдарысқа ұшырауына
байланысты бұған дейiн қалыптасқан экономикалық теорияны сын көзбен қайта
қарауға тура келуі еді. Соның нәтижесiнде нақтылы қоғамдық өмiрдегi
өзгерiстерге сай экономикалық теорияға бiрсыпыра толықтырулар енгiзiлдi. 70
жыл бойы кеңес елiнде әлеуметтiк-экономикалық өмiрде тек маркстiк теория
дәрiптелiп оқылды да әлеуметтiк дамудың объективтi заңдылықтарына көп көңiл
бөлiнбедi, адамдардың саналы жасампаздық рөлiне ойдағыдай мән берiлмедi.
Қазақстан экономикасынан капиталистiк қоғам туады деген қағида
шындыққа жатпайды. Себебi, республика халық шаруашылығы, оның өңдiргiш
күштерi, ғылыми-техникалық мүмкiндiктерi, халықтың тәжiрибесi, ой-пiкiрi
капиталистiк жолға түсуге жол ашпайды. Демек, бiздiң экономикамыз
әлеуметтiк бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиiс. Мұндай
қоғамды не капиталистiк, не социалистiк қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегiнде өнеркәсiптi шоғырландыру
процесi нәтижесiнде күрделi корпорациялар, монополистiк ұйымдар арқылы
пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М.
Кейнс өз үлесiн қосты. Кейнс мемлекеттiк күрделi каржылар басқармасын құру
қажет деп санады. Сонымен бiрге жекеменшiк капиталы да керек деген пiкiр
айтты[1].
Аралас экономиканың бiрнеше белгiлерi бар. Бiрiншi белгiсi —
мемлекеттiк меншiктiң экономикада белгiлi үлес салмағының сақталуы. Екiншi
белгiсi — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледi. Осы
тұтқаларды қолдануды мемлекеттiк жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас
экономиканың елеулi сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде
ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңiнен пайдалану.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау
тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделi, орташа және ұсақ
кәсiпкерлiк тиiмдiлiгiн, жолдарын реттеуге болады. Бiрақ аралас экономикада
өндiрiлетiн өнiм көлемiн мемлекет жоспар арқылы белгiлемейдi, қайда қанша,
және қаңдай тауар өндiрiп, қызмет көрсету қажеттiлiгiн рынок өзi анықтайды.
Жоғарыда көрсетiлген аралас экономиканың негiзгi белгiлерi қоғамның
қазiргi индустриялық даму дәрежесiне тән экономикалық жүйенiң ерекше
заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегенiмiз жеке меншiкке
негiзденген тауар өндiрiсi мен мемлекеттiк меншiктегi тауар-ақша
қатынастарының көрiнiсi. Тауар өндiрiсiнiң негiзгi заңы — құн заңы. Бұл
заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгiлегенде оны өндiруге
жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Баға дегенiмiз құнның ақшалай
көрiнiсi. Еркiн бәсеке үстемдiк ететiн капиталист қоғамда жеке тауар
өндiрушiлер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегiне сай
өзiне қажет заттар алуды көздейдi.
Оның үстiне жеке адам қоғамдық механизмнiң бiр кiшкене, “тетiгi”
ретiнде ғана қаралып, ол қоғамның орталықтан жоспарлы, әкiмшiлдiк-
әмiршiлдiк тәртiбiмен еңбек етiп, өмiр сүре алады деген теория жүзеге
асырылды. Барлығы да адам үшiн, оның игiлiгi үшiн деген ұран құры сөз
жүзiнде ғана орын алды.
Экономикалық өркендеудiң бiрден-бiр даму жолы тауар-ақша қатынастарын
кеңiнен дамыту, сауда қатынас-тарын жетiлдiру, рынок инфрақұрылымын
қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сiңiп қалған социализм саяси
экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары жөнiнде шындыққа сәйкес
келмейтiн қағида дәрiптелiп келгенi белгiлi. Бұл қағида бойынша социализмде
капиталистiк елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда
бiр орталықтан басқаратын өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын
жоспарлау, бөлу процесi iске асуға тиiс деген ұғым берiк орын алды.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай экономикалық өркендеудiң қазiргi
заманғы даңғыл жолы рынок қатнастарын неғүрлым кең қолдану.
Экономикасы тиiмдi дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып
келедi[2].
Экономикалық заңдар өздiгiнен, адамдардың шаруашылық қызметiнен тыс
және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керiсiнше, олар тек адамдардың iс-
әрекеттерi арқасында ғана қалыптастып, көрiнiс алады. Демек, экономикалық
заңдар адамдардың санасынан тәуелсiз болғанымен олардың iс-әрекетiнен
тәуелсiз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-бiлiп, олардың
объективтi талаптарына сай шешiмдер қабылдап, санасатын болса ғана заң
жүзеге аса алады. Бұл талап-тiлектерге қайшы келетiн кез келген әрекет,
сөзсiз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды.
Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгiлi бiр
объективтi заңдарға негiзделедi. Құбылыстар мен процестердiң мәнiне үңiле
отырып, олардың даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Инфляция және оның экономикалық мәні
Экономикалық өсу концепциялары
Бименгиева Экономикалық теория
Фирма шығынының құрылымы және пайда
Фирманың теориялық аспектілері
Қаржы және инфляция туралы
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Капитал және пайда
Пәндер