Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай.күйін талдау

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері
5.1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау
5.2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігін және есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды . техникалық базасын дамыту
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері мен оның индикаторлары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Астана, 2008 жыл

Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты 3
2. Кіріспе 7
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі 8
жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері 16
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен 17
механизмдері
5.1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау17
сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық
және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын
реформалау
5.2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігін 19
және есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік
білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен 20
материалды – техникалық базасын дамыту
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері 21
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері мен оның 21
индикаторлары

.

1. Бағдарламаның паспорты
.
Атауы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6
негіздеме сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет
басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан
халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру
жөніндегі негізгі бағыттардың (іс–шаралардың)
жалпыұлттық жоспарының 106-тармағы; Қазақстан
Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы
№ 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының
2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан
халқының әл–ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты Қазақстан халқына жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы
Үкіметтінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246
Қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008
жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын
орындау бойынша іс-шаралардың жоспарының
61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 – 2010
жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 –
2010 жылдарға арналған қолданыстағы және
әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық)
бағдарламалар тізбесінің 49-тармағы.
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Бағдарламаның Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта
мақсаты ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және
білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар
экономика салалары мен жұмыс берушілерді
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті
мамандарымен қамтамасыз ету.
Бағдарламаның Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы
міндеттері мен мазмұнын реформалау жолымен техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың
сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
басқару мен қаржыландыру механизмін жетілдіру
арқылы техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесінің тиімділігі мен есеп беруін арттыру;
техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы
мен материалды – техникалық базасын дамыту жолымен
білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын
жақсарту
Бағдарламаны іскеИнституционалды жаңғыртудың бірінші кезеңі:
асыру мерзімі 2008-2010 жылдар;
Тұрақты дамудың екінші кезеңі 2010 – 2012 жылдар
Қажетті ресурстарРеспубликалық және жергілікті бюджетте көзделген
мен қаржыландыру қаражаттар, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік
көздері қатысуы бар тікелей инвестициялар, қорлар мен
халықаралық ұйымдардың қаражаттары.
Бағдарламаны іске асырылуымен байланысты қаржылық
шығындар: 58178,9 млн. тенге, оның ішінде: 2008
жылы – 5707,8 млн. тенге, 2009 жылы- 23486,7млн.
тенге, 2010 жылы- 28984,4 млн. тенге құрайды;
республикалық бюджет есебінен: барлығы – 40749,8
млн. тенге, 2008 жылы – 3396,6 млн.тенге, 2009
жылы - 16701,4 млн. тенге, 2010 жылы- 20651,8 млн.
тенге;
жергілікті бюджет есебінен: барлығы – 17429,1
млн. тенге, 2008 жылы- 2311,180 млн.тенге, 2009
жылы- 6785,3млн. тенге, 2010 жылы- 8332,62 млн.
тенге құрайды.
Республикалық бюджет негізінде қаржыландыратын іс
– шаралардың шығыс көлемі жыл сайын қаржылық
жылға тиісті Республикалық бюджетті бекіту кезінде
нақтыланады.
Күтілетін Бағдарламаны іске асыру төмендегі нәтижелерді
нәтижелер қамтамасыз етеді:
техникалық және кәсіптік білім беру сапасы артады;
білім алушылардың жалпы білім алу даярлығы артады,
техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары
мен жалпы білім беретін мектептерде кәсіби
оқытумен орта жалпы білім берудің бірыңғай оқыту
бағдарламалары енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары
еңбек рыногының талаптарына сәйкес болады;
техникалық және кәсіптік білім берудің беделі
артады;
білім беру үрдісінде оқытудың активті
технологияларын пайдалану кеңейе түседі;
оқытудың кредиттік жүйесі енгізілетін болады,
техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен
кейінгі білім беру, жоғары білім берудің білім
беру бағдарламаларының үйлесімдігі қамтамасыз
етіледі;
біліктілік деңгейін арттыратын немесе өндірістен
қол үзбей және уақыт шығындамай оқуды жалғастыруға
мүмкіндік беретін тиімді ұлттық біліктілік жүйесі
құрылатын болады;
сертификаттаудың, бағалаудың, техникалық және
кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерінің
дағдылары мен біліктілігін растаудың қазіргі
заманғы жүйесі енгізілетін болады;
техникалық және кәсіптік білім берудің білім
алушылары арасында жыл сайын Кәсіп үздігі,
Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік оқу
орны конкурстары өткізілетін болады;
білім алушылар жыл сайын кәсіби шеберліктің
халықаралық конкурстарына қатысатын болады;
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын
даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруда
жеке сектор инвестицияларын жұмылдыру үшін қажетті
құқықтық жағдайлар мен механизмдер құрылатын
болады;
жүйенің барлық деңгейінде техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесінің икемділігі мен тиімділігін,
жауапкершілігін қамтамасыз ететін басқарудың жаңа
әдістерін енгізу жолымен сапаны басқару тиімділігі
артады;
техникалық және кәсіптік білім берудің даму
мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінде,
білім беру бағдарламалары мен техникалық және
кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектеріне
қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуде жұмыс
берушілердің қатысуы артады;
бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың құнын
анықтаумен мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде нәтижеге бағдарланған қаржыландыру
жүйесі енгізілетін болады;
арнайы пәндер бойынша жаңа оқу әдебиеттер мен
оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу, әдістемелік
кабинеттердің жұмысы арқылы білім беру
бағдарламаларының оқу–әдістемелік
қамтамасыздандыру сапасы жақсарады;
техникалық және кәсіптік білім берудің тармақты
инфрақұрылымы құрылатын, жаңа оқу орындары мен
жатақханалар, өңіраралық кәсіптік орталықтар
орнатылатын болады;
жаңа білім беру бағдарламаларын енгізетін оқу
орындарының әлеуеті мен ресурстары ғимараттардың
күрделі жөндеуі, оқу–өндірістік шеберханалар мен
зертханаларды қазіргі оқу– өндірістік және
технологиялық жабдықтармен жаңарту мен қайта
жабдықтау есебінен артады;
жастар арасында жұмыспен қамтылу нәтижелігі
артады, техникалық және кәсіптік білім беру оқу
орындарының түлектері арасында жұмыссыздық деңгейі
төмендейді, білім алуды жалғастыру үшін
түлектердің әлеуеті артады.


2. Кіріспе

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі
– Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №
310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 – 2007
жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) Жалпы ұлттық жоспарының 106-тармағымен;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535
Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан
халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметтінің 2008 жылғы 14
наурыздағы № 246 Қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6
ақпандағы Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-
шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша іс-шаралардың жоспарының 61-
тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2008 – 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 –
2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және
салалық (секторалдық) бағдарламалар Тізбесінің 49-тармағымен сәйкес
әзірленді.
Техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау техникалық және
қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыс қажеттілігімен
Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуын іске асыру жөнінде қарқынды
ауқымының артуымен мәселелердің күрделігіне байланыста ғаламдық және білім
экономикасына ақпаратты технологияның ұғынушы әсерімен өту жағдайларда және
еңбектің ішкі мен сыртқы рыногында бәсекелестіктің артуымен туындалды.
Бағдарлама адам ресурстарын дамыту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету
мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету,
мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бәсекеге
қабілетті күрделі құзыреттерімен және іргелі білімдермен кадрларды
даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру жөнінде
мемлекет өткізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің
тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды қалыптастыру үшін
негіз болып табылады.
Бағдарлама 12 жылдық орта жалпы білім беруді енгізуге сәйкес
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуының басымды бағыттарын
айқындайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы ұсыныспен емес
сұраныс арқылы анықталатын жүйеге өзгертілуі тиісті.
Техникалық және кәсіптік білім берудің құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі,
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Әлеуметтік серіктестік
туралы және тағы басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жөнінде Конвенцияның
жеке ережелері, білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша Біріккен
Ұлттар Ұйымының Ұсыныстары (ЮНЕСКО) және Халықаралық еңбек ұйымдары
(ХЕҰ).

3 Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің
қазіргі жай-күйін талдау

Қазақстанның ішкі жалпы өнім құрылымы мен еңбек рыногы өрісінде
бірталай өзгерістер, сонымен қатар білікті жұмысшыларға сұраныстың табиғи
артуын туындатты. Мемлекет экономикасының базалық салаларын (тау–кен
өндірісі, мұнай газ өндірісі, құрылыс), өндеуші өнеркәсіпті (машина жасау,
мұнай химиялық, құрылыс заттар өндірісі), сонымен қатар қызмет көрсету
бөлімін (туризм, әлеуметтік қамтамасыздандыру, қызмет көрсету) барабар
кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігінің артқаны байқалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қабылданған
іс-шараларға қарамастан, білікті кадрларға өскелең сұраныс толық көлемде
қамтамасыз етілмейді, ал түлектердің дағдыларының деңгейі жұмыс
берушілердің талаптарына сәйкес емес.
Әлемдік Банк өткізген Дағдыларға сұраныс – Қазақстанға жұмыс күші
зерттеу бойынша 2008 жылы жұмыс берушілердің 63% жұмысшы кадрлардың білімі
мен дағдыларының жеткіліксіздігі бизнестің даму жолына кедергі болатындығын
мәлімдеді.
Білікті жұмысшы күшін табуда ірі компаниялар үлкен қиыншылықтарды
байқайды.
Мамандардың дағдылары мен құзыреттілігіне талаптар әрдайым өсуде:
қазақстан компанияларының 40% товарлар мен қызметтер сапа нормаларының
күшеюіне, технологиялардың күрделенуіне, бәсекенің өсуіне байланысты соңғы
екі жылда жұмысшылардың дағдыларына қойылатын талаптардың қаталданғаны
туралы хабарлады.
Компаниялар кадрларды іріктегенде бәрінен көп мынадай базалық
дағдыларды бағалайды: жеке еңбектену қабілеттілігі, уақытты пайдалана алу
қабілеттігі, жазбаша және ауызша қатынаса алу дағдылары, талдағыш дағдылар
мен мәселелерді шешу қабілеттілігі. Білікті жұмыс күшіне тапшылық
экономиканың көптеген салаларының келелі мәселесі болып мойындалды.
Жалпы республика бойынша сұраныс пен ұсыныстардың теңгерілмеуінен
жылда орташа алғанда 21 мыңға дейін жұмысшы орындар бос қалады.
Жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері Алматы
қаласында –26% және Астана қаласында – 16,4%, сонымен қатар Маңғыстау
облысында – 13,8 %, Қостанай облысында – 13,6 %, Жамбыл облысында – 12,7 %
байқалды.
Аталған мәселелердің негізгі себептерінің бірі жастардың техникалық
және кәсіптік білім берумен қамтылуының төмендігі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін
жұмысқа орналастыру мәселелері пайдаланушылардың мәліметпен
қамтамасыздандыру төмендігімен, еңбек рыногының анық құрылымдауының
жеткіліксіздігімен, халықты жұмыспен қамтылуында және кадрларды кәсіби
даярлауда ақталмаған монополияландырумен ұлғаяды.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру жөнінде қосымша
талаптар 11-12 сыныптарда кәсіптік оқытуды енгізумен 12-жылдық орта жалпы
білім беруге жобаланған көшуді қарастырады.
2007 жылғы 1 қантарға Қазақстан Республикасының техникалық және
кәсіптік білім беру оқу орындарындағы контингент 558,9 мың адам құрайды.
Солардың ішінде 450525 адам колледждерде оқиды, кәсіптік мектептерде
(лицейлерде) – 108175 адам.
Кәсіптік мектептердің (лицейлердің) білім алушыларының 93% және
колледж білім алушыларының 16% бюджеттік негізде білім алады.
Техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылу республика бойынша
орташа алғанда кәсіптік мектептерде (лицейлерде) – 5,8 % және колледждерде
– 14,7% құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында негізгі орта білім
беру негізінде 325997 адам (білім алушылардың жалпы контингентінен 58,3%)
білім алады. Жалпы орта білімнің төмен сапасында, кәсіптік білім берудің
білім беру бағдарламаларының анық сабақтастығының және бірыңғай ұлттық
біліктілік құрылымының болмауында 18-19 жаста белгілі бір санаулы
бағыттағы кәсіпті иемдену, келешекте түлектің кәсіптік дағдыларының даму
мүмкіндіктерінің шектелу қатерлігін туғызады.
Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары кәсіптік білім алуда
шешім қабылдағанда кәсіби бейімділігі мен ынтасы емес, үлгерім деңгейі
үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру оқу
орындарының мәртебесі төмен екендігі айқындалады.
Білім берудің деңгейлері бойынша да кәсіби кадрларды даярлауда
үйлеспеушілік орын алады (халықтың 10 мың адамына шаққанда білім
алушылардың саны : кәсіптік лицейлерде – 66 адам, колледждерде – 162 адам,
жоғары оқу орындарында – 439), кәсіптер бойынша да.
Тек қана әр бір төртінші адам техникалық және технологиялық
мамандықтар бойынша білім алады, ал бұл экономиканың ағымдағы және
келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігі анық.
Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің
мазмұнын талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың
жоқтығын, теориялық даярлықтың және ескірген мәліметтер басым болуы,
икемділік пен сабақтастықтың жеткіліксіз деңгейі, фактілерді ситуациалық
талдауға зиянды басым болуын көрсетеді.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын қатты
регламенттеу оқу орындары мен оқытушылардың еңбек рыногындағы өзгерістерге
шапшаң әсер ету мүмкіндіктерін шектейді.
Оқу бағдарламаларының терияланған, дерексізденген мазмұны, ескірген
оқыту технологиялары құзыретті дағдыларды дамуды, дербестікті, эвристикалық
қасиеттерді ынталандырмайтын механикалық есте сақтауға негізделген, білімді
меңгерудің тек қана ұдайы өндіру деңгейін қамтамасыз етеді.
Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу процесінің сапасын арттыруға
оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі, қазіргі заманғы әдебиеттер,
әсіресе арнайы пәндер бойынша әдебиеттер тапшылығы маңызды кедергі болып
табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ғылыми әдістемелік және
оқу әдістемелік қамтамасыздандырумен, оқу әдістемелерді, білім беру
бағдарламалары мен оқыту технологияларын әзірлеуді ұйымдастырумен тікелей
айналысатын мекемелердің жоқтығы.
Оқытушылар мен жоғары білікті оқу өндірістік шеберлердің тапшылығына
алып келген педагогтік кадрлардың құрылымы мен құрамы сондай ақ бірталай
өзгерістерге ұшырады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41мың педагогтік
қызметкерлер, соның ішінде колледждерде 29,2 мың адам, кәсіптік мектептер
(лицейлерде)- 11,8 мың адам.
Оқу орындарында тұрақты кадрлік құрамның қартаюы, өте білікті және
үмітті оқытушылардың өндірістерге кетуі сақталады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек ақысы деңгейі мен
педагогтік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакеттің төмендігі себепті жас
мамандардың келуі өте баяу. Тәжірибелеуші инструкторларды қатыстыру мен
арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлердің өндірісте сынақтан
өту жүйесі жоқ.
Педагогтік қызметкерлердің қызметінің жағымды тәжірибесін жалпылау
мен таратуда жүйелілік жоқ.
Оқу орындарында білім беру қызметтерінің тапсырыс берушілерімен және
клиенттерімен тұрақты қатынастар жетіспейді.
Оқу орындары мен өндірістердің тәртіптерінің өзінде тұйықталған стилі,
ынтымақтастық дамуының жемісті стратегиясының кемшіліктері, оқу орындарына
консалтингті қызмет көрсету тәжірибелеу орын алады. Техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесі еңбек рыногы мен жұмыс берушілердің
қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу материалдық базасының ағымдағы
мүмкімшіліктеріне бағдарланған. Натижесінде кадрлар даярлау өндірістің
нақты сұраныстарынан қол үзіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік серіктестік даму
жолында ынталындыруға міндетті және ұдайы негізінде ынтымақтастың дамуына
ықпал ететін инститционалдық, жергілікті денгейлерге көмекші құрылымының
жоқтығы кедергі болып табылады.
Серіктестіктіктің рухани және материалдық ынталандыруының нормативтік
құқықтық негіздернің жеткілісіздігі жағдайды қиындатады.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын басқару құрылысы
мен үрдісін талдау, олардың негізгі шамалары басқарусыз және нәтижесіздігін
байқайды. Республикалық және жергілікті деңгейдегі басқарудың арасында
шешім қабылдауда, ресурстарды қатыстыру мен пайдалануда нақты
жауапкершілікті бөлу жоқ. Жүзеге асырылған басқару механизмі
пайдаланушыларға бағдарланбаған. Республикалық, аймақтық деңгейде
басқарудың құрылымы ведомстволар ең ірі компаниялардың сәйкес
бөлімшелерімен тиімді байланыстары жоқ.
Басқарудың осы тәжірибесі кадрлар даярлауда сұранысы мен қажеттілігін
табиғи және нақты бағалауға мүмкіндік бермейді. Адам ресурстарын дамуы
жөнінде әртүрлі ынталар мен жобалар бар, бірақ оларды іске асырудың
басқаруы жоқ. Жиналған жағымды тәжірибе оқу орынның немесе облыс деңгейінде
шектеулі пайдаланылады және ұлттық деңгейде таратылмайды, себебі
салааралық, аймақаралық институционалдық қарым қатынастар жоқ.
Техникалық және кәсіптік білім берудің даму мәселелерінің негізгі
себептерінің бірі қаржыландыру көлемінің ең төмендігі, жобалаудың
жетілмеген механизмі мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын
даярлауға мемлекеттік білім беру заказдың жоқтығы, персоналды кәсіптік
оқытуда бизнес міндеттемелері бойынша нормативтік құқықтық базасының
жоқтығы.
Қазақстандағы білім берудің басқа деңгейлеріне қарағанда техникалық
және кәсіптік білім беру қаржыландыру бірталай нашар. Ішкі жалпы өнімнен
жан басына шаққанда техникалық және кәсіптік білім берудің бір білім
алушысына жұмсалатын шығындар (орташа 20 пайыздан кем) жоғары білім берудің
бір білім алушысына жұмсалатын шығындармен салыстырғанда (50 пайыздан
артық) ЖІӨ-нен жан басына шаққанда бірталай төмен.
Кәсіптік лицейлер жергілікті атқарушы органдардың қарауында болып,
жалпы білім беретін мектептерге қарағанда бірталай нашар қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттегі колледждермен салыстырғанда (2007 жылы – орташа
252,6 мың тенге) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждерге жылына
бір білім алушыға екі есе аз қаржы бөлінеді (2007 жылы - орташа 113488
тенге).
Техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінетін қаржы табыс деңгейі
орташа басқа елдерде бөлінетін қаржыдан бірталай төмен.
Салыстыру үшін, мысалы 2003-2004 жылдары Чехия, Польша, Словакия ЖІӨ -нен
техникалық және кәсіптік білім беруге 0,97 пайыз, 0,56 және 0,58 пайыз
сәйкес шығындаған.
Бюджетті қалыптастыру үрдісі механикаланған және өткен кезеңдегі
шығындарға негізделген, бір маманның білім алуына шығынның орташа бағасының
есебімен қаржыландырудың орнына, оқу орындарының қажеттіліктері бақылау
сандарды белгілеу орын алады. Бюджет негізінен ағымдағы шығындарды жабады.
Жүйенің дамуына аз қаражат бөлінеді, әсіресе адам ресурстарын дамуы үшін,
инфрақұрылымының дамуына, инженерлік – педагогтік кадрлардың біліктілігін
арттыруға қаржы қарастырылмайды.
Қазіргі қаржыландыру жүйесі кәсіптік мектептер (лицейлерге)
бастамалар мен инновациялар үшін жағдайларды қамтамасыз етпейді,
өзгерістегі жағдайларға икемдену мақсатында қаржыларды пайдалануда
жеткілікті икемділікті жасай алмайды. Ақылы қызмет көрсетуден қаржылар оқу
орындарын дамыту үшін пайдалана алмайды.
Нормативтік-құқықтық талаптар оқу орындарына жеке секторлардың
қаржылау, демеушілік көмек көрсету ынталарын шектейді.
Жалпы алғанда қазіргі қаржылау жүйесі нәтижеге бағдарланбаған және
аймақтардың, жергілікті және орталық атқару органдардың қарама-қарсы келу,
бір біріне қамқорлықтарды қайта салуға күрес деп бағалауға болады.
Бюджеттік қаржыландырудың бара-барлығы, білім берудің басқа
деңгейлерімен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беруді
қаржыландырудың үйлеспеушілігі техникалық және кәсіптік білім беру оқу
орындарының білім беру қызметтерінің сапа деңгейінің жеткіліксіздігін
көрсетеді.
Кәсіптік мектептерде білім алушылардың әлеуметтік қолдауы өте төмен
деңгейде (кәсіптік мектептерде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруына
жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылар орташа алғанда күніне 101 теңге
немесе айына 3030 тенге ) құрайды.
Материалды-техникалық, оқу-әдістемелік базасының ауыр күйдегі жағдайы,
инженерлік – педагогтік кадрлардың кәсіби құзыреттілік деңгейінің
жеткіліксіздігі қаржыландырудың тапшылық салдары болды.
Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын талдау ең алдымен,
кәсіптік мектептер (лицейлер) желісін қысқарту жағына (қазіргі таңда
кәсіптік мектептердің саны 1991 жылдағы кәсіптік мектептерден тек қана 71 %
құрайды) сынамалы өзгерістерді айқындайды. Сонымен қатар техникалық және
технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын кәсіптік мектептер
(лицейлер) және колледждер саны бірталай қысқартылды (1991 жылдан 2000
жылдар аралығында осындай оқу орындарының қысқартылуы 59% және 28% сәйкес
құрады).
Республикада 830 оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 320 кәсіптік
мектептер (оның ішінде 289- мемлекеттік, 31-меншікті), колледждер (оның
ішінде 201- мемлекеттік, 309-меншікті) және 1,5 мың шақты әртүрлі оқу
курстар, орталықтар (оқу мерзімі 1айдан 6 айға дейін, онда 600мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қарастыру, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі дамуының мәселелерін шешу жолдарын қарастыру
Білім күні!
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер