Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу
мәселесі.
1.1 Комьпен бейбіт бітімі және бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Париж бейбіт конференциясының шақырылуы ... ... ... ... ..9

2. Соғыстан кейінгі бейбіт әлемді құрудағы негізгі принциптер.
2.1 Конференцияға қатысушы елдердің мүдделері және олардың арасындағы қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Халықаралық ұйым құру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Конференцияда қабылданған негізгі келісімдер ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Кіріспе

1. Тақырыптың өзектілігі.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан , түсінік– паймнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер, тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар.
Мен осы тақрыпты не үшін тандап алдым, себебі Париж бейбіт конференциясы халықаралық қатынастын дамуына өте үлкен ықпалың тигізді. Париж конференциясының маңызды нәтижесі - Ұлттар лигасының құрылуы болды. Ұлттар лигасының жарғысын В.Вильсон бастаған арнайы комиссия жасады. Ұлттар лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Париж бейбіт конференциясының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының қалыптасуына негіз салды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Крылов С.Б. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру тарихы. – М., 1960 ж.
2. Тегеран-Ялта-Потсдам Документтер жинағы. – М., 1967 ж.
3. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. -В 2ч.-М. 1986-1988.
4. Историогорафия истории нового и новейшего времени стран Европы и Америки / Под ред. И.П.Дементьева. - М., 1990.
5. История новейшего времени стран Европы и Америки / Под ред. Е.Ф.Язькова. - В 2 ч: - М., 1989-1993.
6. Кокебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия.
І-бөлім. — Алматы, 1997. 14-32бет
7. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945): Оку құралы. — Алматы, 2003. 8-15бет
8. Новейшая история. 1939 - 1973 / Под ред. И.С.Галкина. — М., 1973.
9. Новейшая история Отечества. XX век. - В 2 т. — М., 1998.
10. Новейшая история стран Европы и Америки. XX век / Под ред. А.М.Родригеса и М.В.Пономарева. — В 2 ч. - М, 2001.
11. Хрестоматия по новейшей истории. - В 3 т. — М., 1960, 1961.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу
мәселесі.
1. Комьпен бейбіт бітімі және бірінші дүниежүзілік соғыстың
аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Париж бейбіт конференциясының шақырылуы ... ... ... ... ..9

2. Соғыстан кейінгі бейбіт әлемді құрудағы негізгі принциптер.
2.1 Конференцияға қатысушы елдердің мүдделері және олардың арасындағы
қайшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
2. Халықаралық ұйым құру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Конференцияда қабылданған негізгі келісімдер ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Кіріспе

1. Тақырыптың өзектілігі.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті
ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің
бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге
дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті
тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге
болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан , түсінік–
паймнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау
қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік
қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи –
мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің
зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі
құбылыстардың бірегейі – бірінші Дүниежүзілік соғыс
жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер, тізбекті
конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да,
толайым бағаланды деу артық болар.
Мен осы тақрыпты не үшін тандап алдым, себебі Париж бейбіт конференциясы
халықаралық қатынастын дамуына өте үлкен ықпалың тигізді. Париж
конференциясының маңызды нәтижесі - Ұлттар лигасының құрылуы болды.
Ұлттар лигасының жарғысын В.Вильсон бастаған арнайы комиссия жасады.
Ұлттар лигасы әлем халықтары арасында ынтымақтастықты дамытуға,
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті болды. Париж
бейбіт конференциясының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа
қағидаларының қалыптасуына негіз салды.

2. Зерттеу денгейі.
Париж бейбіт конференциясы туралы көп деген ғылыми жұмыстарды оқуға
болады. Мысалы: Ключков Ю. В., Сабанин А. Международная политика новейшего
времени и договорах, нотах и декларациях, 1997, Крылов С.Б. Біріккен
Ұлттар Ұйымын құру тарихы және Бережков В.М. Думбартон-Окстағы
конференцияда. – Жаңа және ең жаңа тарих.
3. Деректік көзі.
Соғыстың соңғы жылында В.Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа
қағидаларын негіздеген бағдарлама ұсынды. 1918 жылы 8-қаңтарда
Конгреске тапсырылған бұл құжат Вильсонның "14 пункті". Кокебаева
Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрестоматия. І-бөлім. — Алматы,
Сол сияқты көп деген деректерді табуға болады.
4. Міндеті.
Жұмыстың міндеті ол: Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және
әлемді реттеу мәселесі, комьпен бейбіт бітімі, париж бейбіт
конференциясының шақырылуы, конференцияға қатысушы елдердің мүдделері және
олардың арасындағы қайшылықтар, халықаралық ұйым құру мәселесі,
конференцияда қабылданған негізгі келісімдер тақырыптарын толық қамтып
жазу.
5. Мақсаты.
Осы жұмысты жазған себебім ол: Мен халықаралық қатынастар факультетінде
оқимын, сол себебі осы тақырыпты таңдап алдым. Париж бейбіт
конференциясының құрылуы халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларының
қалыптасуына негіз салды.

6. Жұмыстың құрылымы.
Менің курстық жұмысымның ішінде; кіріспе бөлім, екі тарау, қорытынды
бөлім, пайдаланылған әдебиеттер.

І . Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі.
1. Комьпен бейбіт бітімі және бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы

1918 жылы қараша айының 11-і күні Ремонд орманында орналасқан Компьен
қаласындағы темір жолда тұрған поезд вагонында Антанта әскерінің қолбасшысы
француз генералы Фош Германия уәкілінің қатысуымен соғыстың аяқталғандығы
туралы құжатқа қол қойды. Соғыстың жеңіспен аяқталуы елдің астанасы Париж
қаласында, сондай-ақ бүкіл елде тойланды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен Француз халқы Клемансоны
“жеңістің атасы” деп атады, оның отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып,
халық алғысына бөленген адам болды. “1870 жылы Пруссия-Француз соғысында
жеңілген француздардың кегін алдық “біз жеңдік, енді дем алуға болады”
деген сөздері халық арасында кең тарады”[i].
Халық көшеге шығып, жеңіс шеруіне қатысты. Бірінші дүниежүзілік
соғыста жеңіске жетуіне байланысты Франция Еуропадағы ірі державалы елге
айналды. Бірақ төрт жылға созылған соғыс Франциядағы капиталистік қоғамды
күйзеліске ұшыратты. Капитализм тұрақсыздығы басталып, демократия шектелді.
Компьен бейбіт келісімінде Германия шын мәнінде аса быт-шыт болып
жеңіліске ұшыраған жоқ. Германияның әлі де соғысуға жарар әскері
болды. Асығыстықпен қойған Германияның қолы Компьен бейбіт
келісімінде өзіндік бір саясатты ұстады. Әрине Еуропа елдерін
бірінші Дүние жүзілік соғыс әлсіретті. Сондықтан да жеңілген елдің
біратыла капитуляциясы деп айтуға болмайды. Бұл Компьен бейбіт келісімі
мемлекеттің жеңген мемлекетке аздап мойынұсынуы болды. Армиясы мен
қару жарағын аман алып қалған Германия Компьен бейбіт келісімі
тиімді болды. Сондада Германия кей әскерлерін Украйнаның жерлерінде
Батыс жағында қалдырғанмен, әскерлерінің тұтас бөлігін Франция, Бельгия,
Люксембургтен алып шықты.
Ал Франция мемлекетіне соғыс елдің экономикалық-әлеуметтік және саяси
дамуын тежеді. “Бірінші дүниежүзілік соғыс Францияға айтарлықтай ауыртпалық
әкелді. 1,3 млн адам соғыста өліп, 2,8 млн адам жараланды. Франция
экономикасы ауыр шығынға ұшырады. Германия жаулап алған Францияның өндіріс
ауданында 10 мың фабрика және зауыт қирады. Экономикалық дағдарыс
иифляцияны күшейтті”.
Франция одақтастарына 60 млрд. франк қарыздар болды. АҚШ-қа қарызы 40
млрд франк болса, бұрынғы патшалық Ресейде 12-13 млрд франк капиталын
кеңестік Ресей берген жоқ. Жалпы соғыс жылдарында Франция 134 млрд астам
франк шығын көрді.
Соғыстан кейінгі Францияның саяси дамуында екі бағыт сақталды.
Біріншісі - Ресейдегі қоғам төңкерісінен кейінгі революциялық өрлеу,
екіншісі - ұлтшылдық және шовинизм болды. Франция буржуазиясы революциялық
қозғалысқа қарсы ашық күреске шығып, буржуазиялық қоғамды сақтап қалу үшін
бар күштерін салды. Революция өрлеу жылдарында Француз социалистік
партиясының (СФИО - француз сөзінен қысқартылған) беделі жұмысшылар
арасында өсті. Францияның қоғамында революциялық күштер кең етек алды.
Осындай жағдайда 1919 жылы қараша айында парламент сайлауы өтті. Сайлауда
реакциялық буржуазия және финанс олигархиясы жеңіске жетті. “Ұлттық блокқа”
біріккен буржуазия үкіметі құрылды. Демократиялық альянс және Республикалық
Федерация партиялары Ұлттық блоктың негізін құрады. “Ұлттық блок” үкіметіне
қарсы шыққан тек қана Франция социалистік партиясы болды. Осының
нәтижесінде Клемансо үкіметтен кетуге мәжбүр болды да, оның орнына
А. Мильеран премьер-министр болып тағайындалды.
Мильеран басқарған үкімет жұмысшы және кәсіподақ ұйымына қарсы батыл
күреске шықты. Сонымен қатар Кеңестік Ресейге қарсы антисоветтік саясат кең
етек алды. 1920 жылы Мильеран үкіметінің саясатына қарсы шыққан жалпы
ереуілдік қозғалысқа 20 мың теміржол жұмысшылары қатысты. Елде ұлтшылдық
саясат кең қарқын алып, 1920 жылы соғыстың аяқталғандығының екі жылдық
мейрамын атап өтуге шешім қабылданды. Қарашаның 11 күні жеңіс шеруі болып,
Париж қаласындағы Триумфал аркасында (жеңіс монументі) Елисей даласында
мәңгі от жағылды. Верден соғыс майданынан белгісіз солдат сүйегі әкелініп
жерленді. Жеңіс француздардың ұлттық санасында мақтаныш сезімін тудырды.
Ұлттық блок үкіметінің сыртқы саясаты - Версаль бітімін нығайту, орталық
және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде ықпалын күшейту, антисоветтік саясат
арқылы бұрынғы Антанта елдерімен қатынасты жалғастыру болды. Германияның
соғыста жеңілуі Францияның Еуропадағы ықпалын күшейтті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада бірқатар жаңа
мемлекеттер пайда болды. Польша тәуелсіздік алды және оны бұрынғы
кезеңдерде үш рет бөліске салғанда айырыпып қалған жерлерінің
біразын қайтарып алды. Габсбурггер империясының ыдырауы нәтижесінде
Чехия мен Словакия тәуелсіздік алып, Чехословакия республикасы
құрылды. Оңтүстік славян жерлері бірігіп, 1918 ж. Серб, хор-ват,
словен корольдығын кұрды (ол 1929 ж. бастап Югославия деп аталды).
1917-1920 жж. Ресей имдериясынан бөлініп шығып, Финляндия, Эстония,
Литва және Латвия тәуелсіз мемлекеттерге айналды.
Алайда, Кеңестік Ресейдің Финляндиямен және Польшамен қарым-
қатынастары өте кұрделі болды. 1917 ж. желтоқсанда болыпевиктер
үкіметі Финляндияның тәуелсіздігін мойындады. Бірақ фин социалистері
1918 жылдың басында Ресейдің үлгісімен жұмысшы республикасын құруға
әрекет жасады да, елде шиеленіскен азамат соғысы басталды. Бұл
соғыста большевиктер үкіметі фин "қызылдарына" астыртын қару-жаракден
және басқа көмек берді, ал фин үкіметі көмекті Швеция мен
Германиядан алды. Фин "қызылдары" жеңіліп, олардың басшылары Ресейге
қашты. Ресейдегі азамат соғысы кезінде Финляндия үкіметі
антиболыневиктік күштерге көмектесті. Сондықган 1920 жылы бейбіт
келісім жасалса да, екі ел арасындағы қатынастар салқын қалпында
қалды. Финляндия үкіметі фин коммунистерінің іс-әрекетін үнемі Кеңес
Одағының 1918 жылы жете алмаған мақсаттарын орындауға тырысу деп
бағалады да, Кеңес үкіметіне үнемі сенімсіздікпен қарады.

1.2. Париж бейбіт конференциясының шақырылуы.

1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта
мемлекеттсрінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол
қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен
Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында
халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден
делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын
премьер-министрі Дэвид Лойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон
қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық
қатынастағы әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру
мәселесі тұрды:
— халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді
қалыптастыру;
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу. Ірі державалық
елдер бүл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы
шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты
дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бүған Париж
конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың
мүндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғысган кейінгі
экономикалык дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция меы Англияның
экономикасы күйзеліске ұшырап экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта
қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек
1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам
жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза
пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние 3 жүзінде көмірдің 50% ендірді;
шойын мен болаттың 2 мұнайдың; автомобильдің 85% шығарды.

2. Соғыстан кейінгі бейбіт әлемді құрудағы негізгі принциптер.

2.1 Конференцияға қатысушы елдердң мудделері және олардың арасындағы
қайшылықтар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында
толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын
Америка елдеріиде 7 млрд. доллар. Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті.
АҚШ президенті В. Вильсон: “Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел пленумде
билік жүргізуі қажет” — деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік
жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті
Париж конференциясына “14 пункттен” тұратын бағдарламасын әкелді.
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
- Антанта елдерінің арасындағы жасырыи келісімдерден бас тарту;
- дүниежүзілік мүхиттар мен теңіздерде еркін жүзу:
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық “ашық есік”
және “ашық қол” принципін сақтау;
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті кслісімдер
жүргізу;
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін
халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік сүйгіш
саясатты білдірген “14 пункттен” құрылған бағдарламасына Франция мен Англия
басшылары қарсы шықты.
“14 пункттен” тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты
анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде
үстемдік жүргізу екенін түсініп. Франция мен Англня Париж конференциясында
АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын 9 қабылдамады. Бірақ оның
Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап,
халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл
атқаратын ұйым құруға келісті.
XX ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап
ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңіліс
табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға
көндіру болды.
АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 караиода
бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай
Вашингтон конференциясы ашылды. Конфе-ренция жүмысына тогыз ел — АҚШ.
Аиглия. Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды).
Португалия және Қытай қатысты. “Конференцияны ашуда сөз сөйлеген
АҚШ президенті Гардинг салтанатты түрде: “Біз дүниежүзінде
бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бас қосып
отырмыз” – деді”[ii]. Америка Құрама Штаттарының конферен-циядағы
ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден,
Англияның әлемдік мүхиттар мен теңіздердегі үстемдігін әлсірету; үшіншіден,
Тынық мүхит аралдарында мандаттық статуство ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
Париж бейбіт конференциясы
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
АҚШ пен КСРО
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Пәндер