Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары



КІРІСПЕ
1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи ресурстары
1.2 Тарихи.мәдени ресурстары
1.3 Ерекше қорғалатын жерлер

2 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ
2.1 Санаторилер
2.2 Курорттар
2.3 Пансионаттар

3 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КУРОРТТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Солтүстік Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
3.2 Солтүстік Қазақстандағы туризмді дамыту проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи ресурстары
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары
1.3 Ерекше қорғалатын жерлер

2 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ
2.1 Санаторилер
2.2 Курорттар
2.3 Пансионаттар

3 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КУРОРТТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Солтүстік Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
3.2 Солтүстік Қазақстандағы туризмді дамыту проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің
негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар
түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық
территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде
қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау
ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы
ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін
территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық
жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін
(рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.Рекреация сөзінің
мағынасы – дем алу, адамның күшін қалпына келтіру дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар.
Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының
мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру
рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда.
Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-
биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің
ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында –
денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек
көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті
тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық аспектіге – адамның еңбекке деген қабілеттілігін
жақсарту жатқызуға болады.
Солтүстік Қазақстан санаторлық курорттық потенциалы Солтүстік
Қазақстанның туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы
емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда
бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді
классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету
қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс
үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты
халықтың рекреациялық қажеттіліктерін рекреациялық
(емдік сауықтыру ,табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық)
ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік
сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық
потенциалын анықтау.
Жұмыстың міндеті: Табиғи рекреациялық мүмкіндіктерді талдау:
-Солтүстік Қазақстанның курорт-санаторияларын жіктеу:
-Әрбір курорт, санаториялардың туризмдегі орнын сипаттап ұсыныстар
беру.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу,картографиялық
,статистикалық,ақпарат құралдары материалдарын өндеу.

1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-
экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар
туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына
әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына,
табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи жағдай туралы айтудың
алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не? Деген сұрағына жауап берейік.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік экскурсиялық
қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын,
табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта
құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың
жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-
экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи). Ал енді тікелей осы тараудың
мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады.1
Табиғи жагдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның
негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады.Рекреацияның табиғи
алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық комплекстер,
олардың компоненттерi. Олардың компонентерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi
: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту
мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, уникалдығы немесе
керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.
Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып,
баска сөзбен айтқанда ,демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң
ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн
қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз.Олар
табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды. 3
Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін
комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық
жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.
Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау
ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт, климат, жануарлар
және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен,
балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады.
Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің
түрлері мен формаларын ұйымдастырылуы тәуелді болады
Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге,
таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және
маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік комплекстер мен жеке
туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады.Туристік маршруттар мен
туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда
орналасады.Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді.
Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып
табылады.Олардың туристер мен спортсмендер үшін өзіндік тартымдылығы бар,
сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады.
Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары
психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады.
Сонымен қатар олар, активті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы.
4
Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат
табылады.Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар.Адамның
организіміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура
мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн
радиациясы,метеорологиялық құбылыстар жатады.Метеорологиялық өлшемдердің
маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды,олар
әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін
тигізеді.Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі
мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу.
Гигиенисттердіңзерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60%
денгейінде болады.
Адамның организімінің табысты жұмыс әстеуіне айналадағы
ортаныңтемпература режимі әсерін тигізеді.Жазғы орта тәуілік
температуралардыңкомфорттық зоналары +17,2+21,2 деңгейінде болады.(Н.В
Виноградов, В.Г Надеждин бойынша).Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі
барадамдар үшән есептелінген.Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары
немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы.
Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е.А
Котляров 17 +10+12 диапозонын ұсынды, ал Ю.А Веденин, Н.Н Мирошниченко
демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15+25 деп анықтады.
Негізгі құндылықтарга ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы
жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз
болуы т.б. жаткызуга болады2.

1.1 Табиғи ресурстары

Солтүстік Қазақстан облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай.
Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап – таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған
ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты
да табиға аясында демалыс орныны ашуға, курорттық сфераны дамытуға өте
қолайлы болып табылады.
Бурабай – Көкшетау облысының Шучье ауданындағы тұйық көл. Теңіз
денгейінен 301 метр биіктікте орналасқан. Көлдің аумағы 10,5 м2, ұзындығы
– 4,5 км, ені – 2,5 км. Орташа тереңтігі – 4,5 м. Тиктоникалық ойыстағы
көлді әсем қия жартасты тау жоталары қоршап жатыр. Суы тұщы және мөлдір,
ең тереңдегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Саңсыған қарағай,
әйгілі “Жұмбақтас”, Көкшенің шоқылары көлді ерекше көрікті етіп тұрады.
Сол себепті жұрт оны “Қазақстан Швецариясы” деп атайды. Көлде шабақ,
алабұға, табанбалық, сазан, шортан бар. Бурабай көлінің айналасында
курорт, санаторий, демалыс үйлері мен лагерлері орналасқан.
Баян – Көкшетау облысының Арқыбалық ауданындағы тұйық көл Есіл
алабында, теңіз денгейінен 154 м биіктікте орналасқан. Көл жағасы жайпақ.
Қоңыржай құрғақ дала белдеуінде орналасқан. Онда сұлыбас, боз, селеу,
т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Су қарашаныңқ ортасында қатып,
сәуір айында ери бастайды. Табиғи ресурс ретінде Есіл өзенін айтып
кетуге болады. Өзен Қазақтың ұсақ шоққысының солтүстік – шығыс
бөлігінен басталады. Есіл Көкшетау маңында бірнеше салалады қосып алып,
едәуір суы мол өзенге айналады.
Өзен кіші – гірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен
боймен Петропавлдан 270 км-ге жоғары көтеріле алады. Дегенмен, жазда
судың таяздығынан кемелер үнемі жүре бермейді. Есіл өзені Астана қаласы
арқыла да өтеді. Сол себепті мұны жаға – жайлық демалыс зонасын
ашқан. Онда халық суға түсіп катамаранмен жүріп демалады.
Баянауыл – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы тау Сарыарқаның
шығыс бөлігінде, батыстан шығысқа қарай 40 – 50 км – ге созылып жатыр.
Биіктігі – 600 – 1000 м. Ең биік жері - Ақбеттау (1026 м). Орталақ тау
шоғырынан жан – жаққа тараған. Тау басы қия, жартасты келеді. Аудың
етегінен басына дейін өскен боз тау, балқарағай, аққайың орманы, тау
аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір шелдір (Сабындыкөл,
Жалыбай, Торайғыр), әсем құзды алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері,
тау ерекшеліктерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік
береді.3
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи рекреациялық ресурстарға бай. Бұл
айтылғаннан басқа көптеген, өзен, тау және тағы басқа байлықтары
көп. Соңғы жылдары облыстың табиғи ресурстары қолға алынып, туризм
белсенді түрде дамуда.. Әсіресе, көптеп қызықтыратындары табиғатпен
танысу, емделу болып табылады.. Бұл Қазақстандық және шетел туристерін
көптеп тартуда.
Солтүстік Қазақстан экономикалық облысы Қазақстан Республикасының
солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның құрамына 4 облыс кіреді:
Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары
кіреді. Бұл территория бойынша екінші және қалықтың қонысы бойынша
да екінші орынды алады. Республика территориясының 20,8% алып жатыр
және халықтың 26,6 % осында тұрады. Халық тығыздығы бойынша Оңтүстік
Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады.
Ауданның үлкен территориясы батыста Оңтүстік Орал биіктігінен,
шығыста Ертіс маңына және солтүстігінде Батыс сібір даласынан
Оңтүстік ұсақ құмды оқысына дейін созылып жатыр.9
Солтүстік Қазақстанда биік таулар, орманды ақ шоғырланған Бірақ
өзінің ландшафтысынды көрікті желлер көп. Олар жайылымды, түрлі
шөптер алып жатқан далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан-
жағын таулар, ормандар қоршаған әдемі көлдер.
Солтүстік Қазақстан облысының түризмі де жақсы дамыған, әсіресе
әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген курорт, санаторийлер,
бальнеогиялық орындар туримтерді ел ішінен ғана
емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар
болсақ, Көкшетау облысындағы “Бурабай”, “Оқжетпес”, Павлодардағы “Баянауыл”
және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп
болуы.
Жер бедері. Солтүстік Қазақстан облыстық аумағы негізінен жазық дала,
солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км)
әртүрлі физикалық- географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал
маңы үстіртін (200-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м)
оңтүстік бөлігін оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м),
қиыр оңтүстік шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды.
Олал маңы үстірті негізінен шығысқа қарай еңістене келіп солтүстігінде
Алтын шоқы тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен
шектеледі.
Солтүстікте және шығыста Солтүстік Қазақстанға кең және жалпақ Батыс
Сібір жазығының оңтүстік бөлігі кіреді. Оның ең биік жері 120 метрді
құрайды. Оңтүстік және оңтүстік- шығысқа қарай бұл жазық ақырындап 300-400
метрге көтеріледі және қазақтың ұсақ шоқысымен ауысады. Ауданның кішігірім
оңтүстік батыс бөлігін Торғай жайпақ тауы алып жатыр. Оның максимальды
биіктігі 300 метрді құрайды.
Тауларды, онда да биікемес тауларды Солтүстік Қазақстанның оңтүстік
шығыста және орталықтарда кездестіруге болады. Олардың ішінде ең әдемілері
Көкшетау және Баянауыл жоталыры және көлдері, қарағайлы ормандары, әртүрлі
ерекше формадағы тастардан тұратын Ерментау таулы массиві болып саналады.
Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстігіне
қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып,
Тобыл өзеніне жететін ұзындығы 700 км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең
биік бөлігі шоқылы келген.15
Солтүстік Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Мұнда темір рудасының, тас
және қоңыр көмірдің, бокситтің, түсті және сирек кездесетін металдың,
асбасттің, құрылыс материалдарының ірі кен орындар бар. Қоры және өндіру
көлемі бойынша елдің Екібастұз, Убаган және Майкүбі көмір және Қостанай
темір бассейндері алдыңғы орынды алды. Соңғысы Орталық Қазақстанның , Батыс
Сібірдің металлургия заводтарының маңызды шикізат базасы болып есептеледі.
Солтүстік Қазақстан бокситтердің (Арқалық), алтынның (Стекняк, Майқайың),
асбестің (Жетіқара), ас тұзының, цемент шикізаты мен әйнек құмының үлкен
қорларына ие.
Климаты. Солтүстік Қазақстанның климаты тым континенттік. Материктің
ортасында орналасуына байланысты қысы суық, ызғарлы және жазы шұғыл
континенттігімен ерекшеленеді. Қаңтардың орташа температурасы
солтүстігінде --18-190С, оңтүстігінде -16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-
тан төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін созылады. Жазы
біршама ыстық , айдың орташа температурасы 19-200С. Кей жылдары 35-390С-қа
дейін жетеді. Жылдық жауын- шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке
қарай 300 мм-ден 180 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% айдың жылы
мезгілінде жауады. Қысы қарлы болғандықтан, бірнеше күнге созылатын
борандар болып тұрады. Қатты желдер тегіс участоктардағы қарларды ұшырып,
төбешіктерге айналдырады. Бұл темір , автомобиль жолдарын жауып, қала
жағдайына кері әсерін тигізеді. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50
жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстікте 4-4,5мсек, оңтүстікте 5-6
мсекундқа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік батыс және оңтүстік желдері,
оңтүстігінде солтүстік және солтүстік- шығыс желдері басым болады.
Топырақ жамылғысы. Өсімдіктер және жануарлар әлемі. Солтүстік
Қазақстан жерінде топырақ түрлері көп. Облыс аумағы үш ірі топырақ
белдеуінде орналасқан. Қара топырақ орталық бөлігінде, солтүстік бөлігінде
қоңыр- қызғылт, ал оңтүстігінде сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және
қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және оңтүстігінде егін және мал
шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Оңтүстігіндегі сұр топырақты
бөлігінің құнарлылығының төмен болуына байланысты негізінен мал
шаруашылығына қолайлы. Қалыптасқан топырақ және өсімдік жамылғысы жөнінен
облыс жері орманды дала және дала зонасы құрамына кіреді. Мұнда бидай,
күнбағыс, түрлі жемістер өсіруге мүмкіндік береді. Жауын- шашынның басым
бөлігі жазды түсетіндіктен, мұнда көп өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл
ауданда өсімдік шаруашылығының дамуына Солтүстік Қазақстанның басым
бөлігіндегі құнарлы топырақ та септігін тигізеді.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік
байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстік жіңіщке бөлігін
орманды дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әртүрлі бұталар
өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір
алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әртүрлі шөбі
басым илеумен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде негізінен әртүрлі
шөптер араласқан бетегелі- селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала
белдемдерінің құмдық топырақты жерлерінде қайың мен қарағайлы басым
Арақарағай, Аманқарағай және Науырызымқарағай мемлекеттік қорықтары
ұйымдастырылған. Орманды дала өңірінің оң жағы облыстың қайың, терек, тал
тағы басқа ағаш, түрлі шүйгін шөп өседі. Бұрын бітік шөп өскен далалық өңір
негізінен жыртылған. Өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас
өсімдіктер өсіріледі.
Солтүстік Қазақстанда жануарлардың біраз түрі бар. Бұлан, елік,
қасқыр, түлкі, қарсақ; кеміргіштер- ақ қоян, ор қоян, борсық, суыр, сусар,
сасық күзең, аламан, сарытышқан, аққұлақ, кірпішешен, андатра және құстың
көптеген түрлерінен құр, ұзақ, қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, бүркіт
және қараторғай, қаз, үйрек, аққу, және тағы басқалары кездеседі. Есіл
өзенінде шортан, алабұға, аққайран, қарабалық, табынбалық және тағы
басқалары кездеседі.33
Ішкі сулары. Солтүстік Қазақстанда ірі өзендер аз. Олардың ірілері
Ертіс, Тобыл және Есіл. Кішігірім өзендер өте көп, бірақ олардың сулы
кезеңі көктемде, яғни қар ерігенде, ал жазда бұл өзендердің суы азайып,
құрғап қалады. Халықшаруашылығына суды пайдалану үшін көктемгі сулармен
қоймаларды толтырады.
Ертіс - Солтүстік мұзды мұхит бөлшегінің батыс өзені. Оның ұзындығы
4284 км, тек 1700 км-ге жуығы ғана Қазақстан жерінде. Ол Қытайдан
басталады, Қазақстан территориясында Қара Ертіс деп аталып, зайсан
көліне келіп құяды. Көлден ағяп шыққанда өзен Ертіс деп аталады да,
от өзеніне барып құйғанша осы сақталады. Ертіс алғашқыда белесті
төбелі жазықпен ағады. Одан әрі Алтайдың Нарын, Қалба жоталары және
тағы басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен қаласына
дейін ағып келеді, оған Зайсан көлімен көптеген салалар келіп құяды.
Бұның үлкен бір саласы – Бұқтырма өзені.
Ертіс суды аралас жинайтын өзендер қатарына жатады. Салаларының
біразы Алтайдың биік таулы зонасынан басталады да, мәңгі қар мен
мұздықтардың еріген суларынан толығады. Басқа салалары суды жер асты
сулары мен жауын – шашыннан алады. Ертіс өзенінің деңгейі бүкіл жыл
бойында едәуір жағары болып тұрады. Оның суының мол кезі сәуір, мамыр
айлары және маусымның бас кезі.
Ертістің барлық жері кеме жүргізуге қолайлы. Жолаушылар таситын
және жүк тартатын пороходтар, теплоходтар, катерлер жоғары қарай Қытаймен
шекераға дейін көтеріледі.
Ертіс балыққа бай және оның балық аулауда кәсіпшілік маңызы бар,
онда шоқырбалық, сылан, бекре, шортан, алабұға, қарабалық ауланады.
Жақында сазан, табан балық, көшірме және байкал түрлесі өсіріле
бастады.
Ертістің республика өміріндегі маңызы зор. Бірақ ол халық
шаруашылығында толық пайдаланылмай келеді. Ертстің суының көбі пайдасыз
Обьқа кетіп жатыр. Сондықтан Ертістің суын халық игілігіне толық
пайдалану мақсатында оның суының бір бөлігі Орталық Қазақстанға
жіберіледі.
Ертістің сол жақ салалары – Есіл мен Тобыл өзендері – Қазақстанның
солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика жерінен тысқары
барып құяды.
Есіл өзені қазақтың ұсақ шоққысының солтүстік – шығыс бөлігінен
бастлады. Оның жоғарғы жағында бірнеше салалары бар, бұлар жазда
құрғап қалады. Есіл Астана қаласына дейін кіші – гірім өзен, жазда бұл
өте тайыздап, тіпті кей жерінде ағысы тоқтап, үзіліп қалады. Есіл
өзені Көкшетау маңында бірнеше салаларды қосып алып, едәуір суы мол
өзенге айналады. Батыс Сібір жазығына барғаннан кейін, Петропавл қаласы
маңында кең арналы жазықтағы өзенге айналады. Есілге қар суы қосылып
отырады. Еріген қар суы өзенмен қысқа көктем кезінде ағып өтеді де,
содан кейін судың суы тез төмендейді. Су деңгейінің ең төмен кезі
қыс айларында болады. Өзен кішігірім кемелердің жүзуіне қолайлы.
Шағын катерлер өзен бойымен Петропавлдан 270 км-ге жоғары көтеріле
алады. Дегенмен, жазда судың таяздығынан кемелер үнемі жүре бермейді.
Есілде кемелер жүзуге қолайлы болуы үшін және сол аймақты суландыру
үшін Сергеевка, Вязьма су бөгендері салынды. Онда кемедегі еріген су
жиналады. Бұл Есіл өзенінің ағынын бір қалыпқа салады.
Қазақстан жерінде Тобыл өзенінің тек бас жағы ғана ағады. Ол
Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталады да, жолында Торғайдың
төрткүл өлкесінен сала қосып алады. Тобыл өзені қоректену жағынан
Есілге ұқсас. Тобылда судың молаятын кезі, Есілдегі сияқты -
көктем, судың аз кезі – қыс. Тобылдың суы халықтың тұрмыс қажетіне
және өнеркәсіп мақсатын қамтамасыз ету үшін өзен ағыны - жоғарғы
Тобыл, Қызылжар, Амангелді және басқа су бөгендерімен ретке
келтіріледі.28
Нұра өзені Сарыарқадан басталып, Қорғалжын көліне құяды.
Салалардың барлығына жуығы оған жоғары және орта ағысына келіп
қосылады. Өзеннің аңғары кең және жоғары жағында ол 100 -200 метрге
тең, ол жазыққа шыққаннан кеін бірнеше километрге созылады. Нұраның
төменгі ағысындағы ирелеңдеген арнасы жақсы шабындық шөптер өлкең
жайылыммен көтерілген. Нұра өзені тек қана еріген қар суымен
қоректенгендіктен, көктемде ғана оның суы мол болады. Жаз
мезгілдерінің қалған уақытында оның суы аз жәәне ағысы жай иірім
тізбектермен жалғанған болып көрінеді.
Солтүстік Қазақстанда мыңдағын көлдер бар. Олардың ірілері
Сілеті, Қорғалжын, Бурабай. Сондай – ақ Жолаушы, Қызылқақ, Үлкен
Атболат, Маралды, Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын,
Алакөл және тағы басқа кішігірім көлдер бар.
Сілеті көлінің солтүстік бөлігінің суы тұщы, оңтүстігінің суы
ащы. Көлден балық ауланады және тұз өндіріледі. Кейбір көлдер
емдеуге пайдаланылатын шипалық балшықтар.
Бурабай көлі – Көкшетау облысының Шучье ауданындағы тұйық көл.
Теңіз дейгейімен 301 метр биіктікте. Көлдің аумағы - 10,5 км2,
ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,5 км. Орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7
м. Тектоникалық ойыстағы көлді әсем қия жартасты тау жоталары
қоршап тұр.
Табиғи су бассейіні жоқ көптеген аудандарда бөгеттер мен су
қоймалары жасалған. Көлдер мен бөгеттер халықты сумен қамтамасыз
етуге, ішінара егін суғаруға пайдаланылады. Бұларды көп мөлшерде су
құстарын – үйрек пен қаздарды өсіруге пайдаланылады.

1.2 Тарихи-мәдени ресурстары

Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ескерткіштермен қатар тарихи –
мәдени ресурстарға да бай болып келеді. Мұнда әдемі, көп тарихы бар
қалалар, үйлер, қамалдар, ескерткіштер, әскери бекіністер бар.
Сонымен қатар қазіргі заманға сай биік зәулім үйлер болды. Көптеген
оқу орындары және мәдени орталықтар, театр, музей, сарайлар орналасқан.
Ескерткіш – кең мағынасында – елдің, халықтың мәдени мұрасының
жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлы,
көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ортақ
типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі:
археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері
ескерткіштері, монументтк (мүсін) өнері ескерткіштері. Сондай-ақ,
ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар
жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни, азаматтың көне заманнан күні бүгінге
дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше,
қайталанбас заттық - рухани үлгі - нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды,
белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін
құндылықтарды, қастерлі мұраларды Ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды
шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіштері, жазба ескерткіштер, өнер
ескерткіштері, археологиялық ескерткіштер, ұлттық дәстүрлі қолөнер
ескерткіштері, діни ескерткіштер, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады.
Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, сондай-ақ, сақ дәуірінен,
көне түркі, қыпшақ кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас,
қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және
сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіштер түрлері қатарына жатады.
35
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара
болып табылады және өскелкең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;
тар мағынасында - ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі
тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау
монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіштер әдетте, дүние
салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштердің кең тараған түрі де
осы – көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте,
көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың
туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады
Қостанай қаласы Тобыл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан.
1879 жылы орыс, украйндық крестьяндармен құрылған 1893 жылы Қостанай
қаласы жыл сайын жәрмеңке өтіп тұратын уезді орталағы болатын.
Совет Одағы кезінде Қостанай ірі өнеркәсіпкік орталыққа айцналды.
Әсіресе, 50 жылдар ортасында тез дамыды. Оған себеп тың жерлерді
игеру, сонымен қатар мұнда темір рудасын және асбест кен орындарын
өндіруде жаңа территориялық - өнеркәсіптік комплеус қүрылды.
Қазіргі замандағы Қостанай – бұл үлкен мәдени орталық болып
саналады. Мұнда жоғарғы оқу орындары және техникумдар, телестудия,
драмалық театр, филормония, тарихи - өлкетанулық, геологиялық
музейлері, қолданбалы өнер музейі, мәдени сарайлар, клубтар, кафелер,
қонақүйлер, кітапханалар Қостанай – қазақтың бүгінгі педагогы
Ы.Алтынсаринның отаны, мұнда Совет Одағының батырлары Л.И.Беде және
И.Ф.Павлов ескерткіштері орнатылған. Бұлар Қостанай облысынан шыққан
Ұлы Отан соғысынң батырлары.
Арқалық қаласы біраз уақытқа дейін Торғай облысының орталығы
болған. Қазір ең жас қалалардыі бірі болып саналады. Қала 1956 жылы
Амангелді тобының оксид кен орындарын жүргізу кезінде поселек ретінде
құрылған.
Петропавловск қаласы - Республиканың солтүстік “Қақпасы” болып
табылады. 1752 жылы Есілдің оңтүстік жағалауында Петрдің және
Паволдың қамаы ретінде құрылған. Қазір үлкен өнеркәсіптік және
мәдени орталық, сонымен қатар, маңызы зор транспорт байланыс болып
табылады. Қалада өнеркәсіп орындарынан күштілігі жағынан Семейден
кейін екінші орын алатын ет камбинаты, аз тиражды двигательды зауыты,
дирмен камбинаттарын және тағы басқаларын бөліп қарауға болады.19

Петропавл қаласында әр – түрлі мамандарды дайындайтын көптеген
училищелер, техникумдар, педагогикалық институттар орналасқан. Мұнда
сонымен қатар, театр, телеорталық және тағы басқа көптеген мәдениет
мекемелері жақсы дамыған. Мұнда Петропавл қаласы рақылы жолаушыларды
тасымалдайиын және жүк пойыздары жүреді. Көбінесе Сібір ағашын және
көмір, Қазақстандық нан, ет, көмір, Орал металдарын, машина
жабдықтарын және т.б. жүктерді тасымалдайды. Петропавлда республиканың
солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын Трансқазақстандықтемір жол
магистралы басталады.
Көкшетау қаласы - ХІХ ғасырдан бастап Қопа көлінің жағалауында
әскери орталық шетінде құрылған, тек 1824 жылы бастап қала атанды.
Көкшетау қаласы революцияға дейін тыныш қала болды. Ол кезде тек
күз кезінде ғана, яғни жәрмеңке маусымында ғана қызықты болады.
Қазір қалада екі ірі зауыт жұмыс істейді. Олар салмақ өлшейтін
және кислородты - демалу аппаратуралары. Бұлар өнімдерін Қазақстан
Республикасының аудандарына және экспорттайды.
Көкшетау түрлі мәдениетпен өмір сүреді мұнда техникум және
училищелер, сонымен қатар атақты саяхатшы, қазақтың бірінші ғалымы
Көкшетау облысының тұрғыны болған Шоқан Уалиханов атындағы
педагогикалық институт орналасқан. Қалада сонымен қатар, елдегі жалғыз
“Ерлік және батырлық” деп аталатын медициналық музей бар.
Павлодар - Солтүстік Қазақстанның ескі қаласыв 1720 жылы Ертісте
Коряковский форност атымен құрылған, 1861 жылы Павлодар болып аты
өзгерлтілді. Қазақстанның бұл қаласы өзгертіліп жаңа қалалардың
біріне айналды. Павлодар индустриясы соңғы жылдары жақсы дамуды:
қалада және оның маңында, елдегі күшті болып саналатын үлкен
Павлодар, Екібастұсдың территориясы - өнеркәсіпті комплексі жақсы
дамуда.. Қалада қазіргі жалғыз трактор және аллюминий зауыты, сонымен
қатар мұнай өндіруші зайыт жұмыс істейді.
Қазір Павлодар ең әдмі қалалардың бірі болып саналады. Көп қабатты
үйлердің ансамбілі, магазтндер, театрлар, кинотеатрлар көптеп
орналасқан.. Мемлекет мекемелері – бұлар қазіргі заманғы архитектура
үлгілері. Мәдени өмірде Павлодар қаласында индустриалды және
педагогикалық институт маңызды рөл атқарады.44
Астана қаласы 1824 жылы Ақмола атын әскери бекініс құрылысынан
алған (Белая могила). Революцияға дейін, яғни 1868 жылы Ақмола
уездінің орталығы болған, ол кезде ірі жәрмеңкелік сауданың
орталығы болған. 1961 жылға дейін қала Ақмола деп атады. 1961
жылдан кейін Қазақстанның тың жерлерін ескерткіш ретінде -
Целиноград деп аты өзгертілді.
1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Ақмолға ауысып, 1998
жылы Ақмоланың аты Астана болып өзгертілді. Маңызды өнеркәсіптік
орталық, ірі темір жол, автожол узелі және жері тың облыстың бірі.
Мұнда тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мектеп, өнеркәсіптер соғылғын. Қалада
ірі тамақ, жеңіл, құрылыс марериалдары, машина жасау сияқты өнеркәсіптер
де бар. Олардың ішінде ет комбинаты, ұн өндіру және сүт комбинаты,
кірпіш шығаратын зауыт, темір – бетон және тағы басқалар бар да жұмыс
істейді.
Астана ірі мәдении орталық. Мұнда 400-ге жуық жоғары оқу орны
және техникумдар, педагогтарды, құрылысшыларды, медиктерді, ауыл
шаруашылық мамандарын дайындайтын училищелер иорналасқан.
Мұнда тағы да көптеген зәулім биік үйлер бар. Мемлекет мекемелері
қазіргі өмір талабына сай стильде салынған, олар жаңа Резиденция,
МИД, Парламент үйі және тағы басқалар. Халықаралық конкурста жаңа
астананы салуда ең күшті проект конкурсы бойынша әлемнің 27
елінен лидер атағын япондық архитектор Кисе Куракова алды.
Астанада сондай – ақ, Астананың символы болатын, визиттік картасы
болып Бәйтерек саналады. Оның жалпы биіктігі 105 метр, оның көру
алаңына дейін 97 метр. Ол 1997 жылы Алматыдан Астанаға ауысуына
арналып соғылған. Сонымен қатар м ұнда көңіл көтеру орынары бар. Ол
Конгресс хол, Есіл өзені, аквариум және де тағы басқалар.
Жасыбай- Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі.
Адам тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер
куәлік етеді. “Арғымақтағы” көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда елдікті
сипаттайтын тасқа түсірілген таудың, ерліктің белгісі болып табылатын
найзалы жауынгердің суреттері салынғпн. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие
тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері
бейнеленген.
Жасыбай жерін қазақтың арғы бабалары тас, қола, темір дәуірлерінде де,
ғұн, түрік заманында да қоныс қылған. Қазақтың әйгілі батырлары Олжабай.
Жасыбай, Жалаңтөс осы жерлерді мекендеген. Жасыбай көлінің жағасында Жаяу
Мұса, Ермұхан Бекмаханұлы дүниеге келіп, балалық шағын өткізген.
Мәтек абыздың екі қонысы Далба тауының бауырындағы Қарағайлы бұлақ,
мұрынтал жерінде. Өз дәуірінде ерекше қасиеттерімен танылған Мәстек абыздың
өмірі, қария сөздің айтуынша, осы жерлерде өткен. Мәстек абыздың зираты
Мұрынтал аулының ортасында орналасқан көне қорым ішінде.
Түрік кезеңінің әйел мүсін тасы, Баянауыл өңірінен табылған. Әйел
адамның басында қазақы суйе келе бейнеленген. Ер адамның қолында тостаған
болуы- бақсы-абыз белгісі. Қанжар суреті салынуы- батырлықты білдіреді. Көп
жағдайда ер адамның мүсініндегі бейнесі малдас құрып отырған күйінде
салынған.
Бұл тарихи туристік - экскурциялық сапарлардағы орны ерекше.
Архиологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурция
жұмыстарында маңызды орын алады. Тарихи-мәдени ескерткіштердің қазірге
дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы
зор.24
Қола дәуірі ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға
болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Ешкіөлмес ғибадатханасы,
сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас, Баян жүрек тауларындағы тастағы суреттер
жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған сақ
қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері
киімін киген “Алтын адам”, 2001 – 2002 жылдары Шығыс Қазақстан
облысындағы Катынқарағай ауданының Бердіел (Берікел) қорғанында табылған
“Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға жатады. .
Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға
деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға
Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы
Қара Керей Қабанбай ескерткіштері жатады. Астанадағы үш ескерткіштері
қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ
тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына Қозы Көрпеш – Баян сұлу,
Еңлік – Кебек кесенелері, Шохан Уалиханов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы
мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Дина Нұрпейісова, Абай
Құнанбаев, Абылай хан, Әлия мен Мәншүк, Амангелді Иманов, Ілияс
Жансүгіров, Сакен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар
жатады.
Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкес,
Астана қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін архиологиялық
қазба жұмыстары жүргізілген шығыс моншасы, бай саудагердің үйі,
мұсылман мешіті, будда храмы сияқты маңызды - әлеуметтік - тұрмыстық
нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау
жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет.

1.3 Ерекше қорғалатын жерлер

Дүние жүзінің қорықтар территориясында қорғау тәртібі, атқаратын
қызметі, негізігі бағыты әр елде әр түрлі. Сондықтан қорғайтын
территориясының маңызына қарай оларды қорықтар, заказниктер,
резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөлген.
Табиғи ландшафты қорғау үшін, біздің планетамыздағы генофондыны
сақтауда, әр түрлі экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғи
лабораториясына айналған қорықтар территориясының маңызы өте зор.
Сол сияқы туризм жақсы дамыған біздің елде, дүниежүзіне көз
тартатын жердің бірі де сол қорықтар. 1983 жылғы 1 қаңтардағы есеп
бойынша жүниежүзінің 124 елінде 4 млн км2 жер көлемін алып жатқан
2600 – ден артық ірі қорықтартерриториясы бар. Дүние жүзінде ең
үлкен қорық – Гренланд ұлттық паркі. Оның жер көлемі 7 млн
гектар.37
Табиғат эталоны деп, табиғи, адам қызметімен бұзылмаған, белгілі
бір географиялық аймақтың қасиеті бар жерлерді айтады. Қорықтар өз
міндеттерін дұрыс атқару үшін, сол жерге тән табиғи жағдайлары болуы
керек.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде, адам қызметінің әрекеті әлі
тие қоймаған жердің аумағын алады. Бірінші қызметке құрып кету
қаупі төніп тұрған ландшафт эталоны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі
қорғауға алынады. Қорықтардың табиғат эталонын қорғауда олардың
негізгі маңызды қасиеті, қорық территориясындағы өзгерістер адам
қызметінің қатынасынсыз өзімен өзі жүреді. Сондықтан көптеген қорықтар
егер антропогендік ландшафтардың ортасында орналасса, өнеркәсіп пен
құрылыс, ауыл шаруашылық жұмыстарының әсері тимеуі үшін қорық өзінше 2
километрлік қорғаныс зонасын жасайды.
Қ о р ы қ - ерекше қорғауды қажет ететін құрып бара жатқан
өсімдіктің, жануарлардың түрлеріне және өлі табиғаттың бөлшектерін жеке
объектілері мен құбылыстарын сақтауға өте қолайлы.
Қорықтардың тағы бір ерекшелігі өсімдіктер мен жануарлардың
генофондысын сақтайды. Соның нәтижесінде биогеоценоздың қаситі мен
құрылысы жайында хабар беріп отырады. Қорық территориясындағы
өсімдіктер мен жануарлар түрлернің қорық маңындағы жерлерге тарап
отыруы да өте маңызды іс.
Қазір Қазақстан территориясында көлемі 784,1 мың гектар жерді
алып жатқан тоғыз қорық бар. Олар: Алматы, Ақсу – Жабағылы,
Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын Марқакөл және Үстірт. Көлемі 5,6
миллион гектар жері бар 50 –дей аңшылық заказниктері, көлемі 5,6
миллион гектар жердей 42 зоологиялық және 18 (217 мың га) ботаникалық
объектілер қорғалатын заказниктер, 3 табиғат ескерткіші бар. Бұл
қорықтарда, бұрын даламызда мекендеген, соңғы кезде саны азайып кеткен
жабайы хайуанаттар мен сирек өсімдік түрлері қорғалады. Сондай – ақ
қорықтар өзінің сұлу табиғи көрінісі, онда өсетін ағаш түрінің
ерекшеліктерімен де бағалы. Қорықтарды кейбіруі табиғат қорғаудың
халықаралық одағы жанындағы ЮНЕСКО ұйымының құрамына енген.
Қорғалжын қорығы. Қорық территориясы Ақмола облысы Қорғалжын
ауданының жеріне енеді. Ол 1958 жылы тың игерген өлкеде табиғаттың
қызықты да бағалы жерін сақтау мақсатымен ұйымдастырылды. Қорғалжын
қорығын әдетте “Құс базары” деп те атайды. Оның себебі осы аймақта
түрлі құстардың тіршілігі үшін аса қолайлы жер. Мұнда жер жүзінде
тым сирек кездесетін қызыл қаз, аққұтан, қызыл жемсаулы қасқалдақ және
басқа құстар бар. Әсіресе бұл қорықтың дүниежүзінде саны сиреп бара
жатқан қоқиқазы қорғаудағы ролі зор. 31
Дүниежүзінде өте сирек кездесетін құс - қызыл қаз немесе қоқиқаз
елімізде тек қана Қазақстан жерінде, Қорғалжын қорығындағы теңіз
көлінде жұмыртқалайды. Көінесе осы көлдің адам бара алмайтын аралдарында
қоқиқаздар ұялайды. Олар құмға балдырларды араластырып ұя жасайды.
Оған теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді. Жер аумағы 258,9
мың гектар. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы 41-420С
суық болса, шілдеде температура 38-390С градусқа жетеді. 125-130 күндей
аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 млн шамасында жауын- шашын түседі.
Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, жалпы айтқанда жусан,
көкбек, бозселеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп т.б. өседі. Әсіресе
суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді.
Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі,
құстардың 794, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2,
балықтардың 10 астам түрі тіршілік етеді. Қорғалжын көлінде 32 мыңдай
қазқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз т.б. құс түрлері ұя салады.
Қорықта ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше
есе көп болғандықтан қорықты “Құс базары” деп атайды. Қорықта дүниежүзінде
сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз бар. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны
45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылы 10 -15 мыңдай қалды.
Атбасар қорықшасы - шаруашылыққа пайдалануға болатын белгілі бір
географиялық аймақта орналасқан жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір
түрлерін геологиялық объектілерді, табиғаттың көрікті жерлерін уақытша
қорғайтын табиғи аумақ. Қорықша 1976 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданында
құрылған. Ауданы 75 мың гектар. Қорықта онда мекендеген аңшылық
кәсіптік жануарларға, ұя салатын құстарға түлеу, қыстау кезінде,
балықтрардың уылдырық шашуына қамқорлық жасалған. Негізгі жер бедері
- жусан мен бетеге аралас бөз дала, қыран бөктерінің тау – тасты
бөлігі, суарма және сай – сала шалғындары.
Дубров қорығы - Солтүстік Қазақстан территрыиясында орналасқан.
Жер көлемі 40 мың гектар. Солтүстік Қазақстан орманды дала
зонасында шоғырланған. Гранитпен құрылғын ұсақшоқы, тік беткейлі
жазық ұсақшоқы жайылымымен және қайңды орманды ландшафтысына тән.16
Мемлекеттік Ерментау қорығы - Ақмола облысында орналасқан.
Қорық Ерментау массивінің тау етегін және биік емес беткейлерді алып
жатыр. Мұнда үлкен қызығушылықты таулы – далалық өсімдіктер және төмен
беткейлердегі жануарлар әлемі әктас тудырады. Құрғақ дала әртүрлі
шөпті даласымен ауысады және жайылымдармен жазық маңында бөлшектелген
тау қайыңда ориандар және бұтақ тәріздес өсімдіктер кездеседі.
Ландшафт жағдайы тұяқты жануарларға өте қолайлы.
Мемлекеттік Смирнов қорығы - Солтүстік Қазақстан обылысында
орналасқан және 240 мың гектар жерді алып жатыр. Батыс сібір
жазығының жағалаулық, көл котлавинаға қараған массивтік және қайыңды
орманды ландшафты қамтиды. Көл суда жүзетін құстарға ұялауға қызмет
етеді.
Баянауыл қорығы – Павлодар облысында шоғырланған, территориясы – 49
мың га. Баянауыл тауында Жалыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлінің
маңында шоғырланған. Қорықтың ландшафтысы – гранитті жота және
қарағайлы ұсақ шоқылы, төбелі жазықтар, қайыңды ормаға тән. Мұнда
тұяқты жануарлар және құстардың кейбір түрлері қорғауға арналған.
Безымен қорығы - Ақмола облысында орналасқан. 7,9 мың гектарды
құрайды. Ландшафтысы – ұсақ шоқылар, беткейлер, қайыңды орманды жерге
тән.
Лебяжин қорығы – Павлодар облысында орналасқан. Территориясы 0,4
мың гектарды құрайды. Ландшафты – қарағайлы орманды, Ертіс маңы
даласына тән. Қорықта құстар мен өсімдіктердің кейбір түрлері
ерекше қорғалады.
Табиғи байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны
рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне қайтадан көбейтілуіне
жол ашу. Яғни, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оны қорғау
өте күрделі жұмыс. Ол үшін ең алдымен адам мен табиғат арасындағы
өзара қатынаста дұрыс шешу, табиғат байлығын “талай” бермей,
керісінше оны арттыру ісіне атсалысып, күтіп – баптау шараларының
дұрыс жолға қойылуы қажет. Еліміздегі табиға ресурстарды тиімді
пайдалану - абиғатты қорғау ісімен тығыз байланысты.
Табиғатты қорғау – табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау және
бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды
ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара.
Оның басты міндеті халық шаруашылығын шикізат, энергиямен қамтамасыз
ету және еңбекшілердің дамуын табиғат заңдарымен ұштастыру.
Ерекше қорғалатын территорияларды атап өтелік.27
Ұлттық саябақтар. Ұлттық саябақтардың мемлекеттік қорықтардан
елеулі айырмашылықтары бар. Айталық қорықтарда табиғат байлықтары, сол
аймақтың ландшафты географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалады.
Мұндағы жерлер шаруашылық айналымынан басатылады да, барлық экологиялық
процестер өз бетінше жаратылыстың заңына сәйкес дамиды. Адам оның тек
бақылап зерттеушісі, тыныштығын сақтайтын қорғаушысы ролін атқарады.
Ұлттық саябақтарға жүктелетін міндет бұған қарағанда әлдеқайда күрделірек.
Оларда табиғат кешендері адамдардың тынығып демалуымен ұштастыра отырып,
қорғаудың ғылыми негізгі әдістері іздестіріліп, жүзеге асырылады.
Көпшілік дүниежүзінің елдерінде табиғаттың қорғалатын учаскелерінің
негізгі сферасы ұлттық саябақтар.
Қазақстанда ұлттық саябақтар ұйыдастыруға қолайлы жерлер бар және
ондай шаралар жүргізіліп те жатыр.
Баянауыл ұлттық табиғи саябағы. Павлодар облысының Баянауыл
ауданының орналасқан. Қазақстанда тұңғыш ұлттық саябақ. 1985
ұйымдастырылған аумағы 50,7 мың гектар (1994 жылы саябақ құрамына жер
аумағы 60 мың гектар “Қызылтау” зоологиялық қорықтасы қазылды).
Климаты тым континеттік. Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау
шоқаларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар,
суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар.
Саябақта 20 – дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дауірінен
қалған қорғандар, тастғы жазулар мне таңбалар, үңгірлер ( “Әулиетас”,
“Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жыдар бойы жел мен судың
әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар ( “Найзатапс”,
“Жұбақтас” саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың
өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрі. Өсімдіктердің
400 – ден астам түрі (қарағай, қандыағаш, шаңқурай, мойыл долана,
т.б.), сондай –ақ Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ
қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың
100 – ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40 – тан аса түрлері
(арқар, елік, қасқыр, түркі слеусін, борсық, т.б.) мекемеден,
құстардың 50 – ден астам түрлері аққу, қаз, үйрек, құр, бүркіт,
т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ, аққу Қазақстанның қызыл
кітабына енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға және
т.б.) бар.
Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және
демалыс белдемдеріне бөлінген. Қазақтың белдемде шаруашылық жұмыстардың қай
түріне болса да, тиым салынып, биологиялық алуантүрлілік, экожүйелер
қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен
шектеулі түрде жүргізіліді. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп
отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғатты қорғауды, адам игілігі
үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылым, мәдени
және эстетикалық маңызы зор.
Халыққа маңызы бар, қорғауға алынған батпақты- сулы жерлердің
тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора
толық есепке алынған.
Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылды. Қазір қорықта
экологиялық туризм дамуда.36
Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстары
Емдік туризмнің түсінігі
АЛАКӨЛ көлінің емдеу қасиеттері
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары
Қазақстандағы емдік туризмнің даму болашағы
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Пәндер