Жануар ағзасының ерекшеліктері



Жоспар:
1) ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ
2) ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
3) ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
4) БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
5) БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР
6) ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
7) ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ
8) КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖАНУАРДЫҢ ТІРШІЛІГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
ЖАНУАР АҒЗАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
 
ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ
 Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері
бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар:
Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз
ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май
тәрізді заттарды өсімдіктен алады.
Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын
ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе,
ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды,
жорғалап не ұшып кетеді.
Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі
жолдармен орын ауыстырып таралады.
Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды
қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым-қатынасты жүзеге асыруды
реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады.
Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді:
дененің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады.
Мұндай жануарлар алға, жан-жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін
ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын, немесе олардан қорғанатын, айналаны
бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады.
Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден
білетін мысалдарды келтіріңдер.
Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе
өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, теңіз жұлдызының денесі сәулелі
симметриялы: денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе
денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір
қызмет атқарады . Денесінің сәулелі симметриялы болуы баяу қозғалатын
немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне
қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауына,
немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.
 
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі
ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-
ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың
кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік
етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі
тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер
жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай
орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді;
ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала
тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.
  Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік
ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта
да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік
етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда
оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
  Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы
жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай
нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекен ортасы дейді.
Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен
ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті,
саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш
діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.
 
ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
  Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік
беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы,
дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың
сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері.
Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік
әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр
кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы
алданып, қайта ұмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы
біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады.
Сол сияқты, тоқылдақтың үлкен басы, өткір, қашау тәрізді мықты
тұмсығы ағаш діңін ұрғылап, қалың қабықтың астындағы зиянды
бунақденелілердің (насекомдардың) дернәсілдерін тілімен алып жеуге
бейімделген.
Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес
келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарап-ақ оның
қандай ортада тіршілік ететінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын
бірден біле аламыз.

БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
  Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам
өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен
қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және
балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама
бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды
десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры
болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.
Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде
паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі –
дизентерия амебасы
Дизентерия амебасы (грекше: дис – бұзу, ектерон – ішек) адам мен
жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын
зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін
жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады.
Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен араласқандары бірден
цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн-дай амеба цистасы сыртқа
шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық-түліктерді
(цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия
амебасының цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай
жегеннен сау адамға жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар
етуі мүмкін
Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де,
қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді.
Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан
ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді.
Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру
ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан
әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін
зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл
осы сәтте безгек қайта ұстайды.
1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды.
Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді.
Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар
тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен
(личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың
арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.
Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі –
лейшмания. Бұл ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты –
лейшманиоз.
Еліміздің шөл аймақтарында үлкен құмтышқан мекендейді. Осы тышқанның
інінде ұсақ шіркейлер көп болады. Шіркей адам терісін шаққанда ауру сол жер
арқылы тері астына түсіп, одан әрі көбейеді. Әуелі теріде бөрткен пайда
болады да, ол біртіндеп жаңғақтай боп үлкейеді. Біраздан соң жарылып,
іріңдейді. Бұл аурудан адам да көп зардап шегеді. Тері лейшманиозы деп
аталатын бұл дерт дер кезінде емделмесе асқынып кетеді.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда
қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы
тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек-орын, киімді, ыдыс-аяқты, азық-
түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік
тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп, таралуына
мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР
Денесі цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан (опалина) тұратын өте
ұсақ жәндіктер қарапайым жәндіктер типіне жатқызылады. Олардың табиғатта 70
мыңға жуық түрі бар деп есептеледі.
Қарапайым жануарларда ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды.
Сондықтан бұларды жәндіктер тобына жатқызамыз. Біржасушалы жәндіктердің
құрылысы өте қарапайым. Олар жалғанаяқтың, талшықтың, кірпікшелердің
жәрдемімен қозғалады. Тұщы және тұзды суларда, топырақта, адам мен
жануарлар денесінде паразиттік жолмен тіршілік ететін қарапайымдар да бар.
Құрылысы қарапайым болса да бұл жәндіктер зат алмастырады, қоректенеді,
тыныс алады, қажетсіз заттарды бөледі. Сондай-ақ ол көбейеді, өседі,
қозғалады және тіршілігін жояды. Демек бұл – дербес әрекет ететін жасуша –
тірі ағза. Көпжасушалы жәндіктердің әрбір жасушасы бірігіп, топтасады.
Сөйтіп өз алдына әр түрлі қызмет атқарады. Ал біржасушалы жәндіктердің бір
өзі ғана барлық жүйелердің қызметін әмбебап атқарады.
Қарапайымдар санының көп болуы және кең таралуы табиғатта маңызды рөл
атқарады. Бұлар бактериялар мен біржасушалы балдырларды және жәндіктерді
қорек етеді. Ал өздері көптеген жәндіктер мен жануарларға жем болады.
Қарапайым жәндіктердің ауыл шаруашылығында және адам денсаулығын сақтауда
маңызы зор. Жер бетінде ағзалық заттардың, тірі ағзалардың пайда болуы мен
дамуы проблемасын шешуде біржасушалы жәндіктерге ерекше назар аударылады.
Қарапайымдардың шоғырланып тіршілік ететін түрлері де бар. Солардың
түрлерін зерттеп білу нәтижесінде көпжасушалы жәндіктердің пайда болу
жолдарын айқынырақ түсіндіре аламыз.
Қарапайым жәндіктер қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты
7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар:
саркодиналар, талшықтылар, кірпікшелілер және споралылар класы. Грекше
берілген саркос сөзі плазма дегенді білдіреді. (Плазма дегеніміз
қоймалжың сұйықтық немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.) Сондықтан біз
саркодиналар класы плазмалылар деп атаймыз. Бұл класқа жататын жәндіктер
теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. (амеба) Олардың паразиттік жолмен
тіршілік ететін де түрлері (дизентерия амебасы) бар. Кейбіреуі тіпті
батпақты жерлер мен топырақта да тіршілік ете алады. Плазмалылардың дене
пішіні тұрақты емес. Жалған аяқтарын дененің кез келген жерінен созып
шығарады. Сондықтан оларды тамыраяқтылар деп те атайды. Плазмалыларға
жататын кейбір ағзалардың денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды.
Олардың дене пішіні өзгермей сақталады. Суреттегі сәулелі өрмекаяқ,
қошқармүйіз көпірме және шұрықденелі бунақай – дене пішіндері тұрақты
жәндіктер.
Қарапайымдардың талшықтылар және кірпікшелілер типіне жататын кейбір
өкілдерімен бұрыннан таныссыңдар. Кірпікшелі кебісше, домаланғы, эвглена
тіршілігін еске түсіріңдер. Талшықтылар да, кірпікшелілер де дене пішіні
тұрақты ағзалар. Олардың дене пішінін сақтауға пелликула жәрдемдеседі.
Пелликула дегеніміз – көптеген қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын
жұқа, иілгіш қорғаныш қабат.

ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ
Жалғанаяқтылар – көпшілігі теңізде, тұщы суда, кейбіреуі топырақта,
мүк арасында тіршілік ететін, белгілі дене дене пішіні сақталмайтын
біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазманелла деп аталатын қарапайым
цитоплазмалы жарғақша қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11000-нан астам түр
бар деп есептеледі.

АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР.
Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін амебалар
жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі. Амебалардың түрлері
өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін, қайырылған теңіз түбіндегі
қалдықтар мен жыныстар арасынан бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын,
диаметрі 0,1 мм-ден 20 сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты
шұрықденелілерді кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар, бақалшақьы амебалар
және теңіз тамыраяқтылар класына жатқызылады. Бұлардың дене пішіні,
құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ
болғандықтан, жалғанаяқтылар класына топтастырылады. Біз осы кластың өкілі,
кез келген тоқтау суларда кездесетін қарапайым амебамен танысамыз.
Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы. Бұл –
жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның дене мөлшері мм-дің 15-
34 бөлігіндей болады. Қарапайым амебаның негізгі мекені – су
өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен органикалық заттары мол суқойма
түбіндегі тұнба. Оның тұрақты пішіні болмайды, денесі қоймалжың
цитоплазмадан және кішкене ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі
шырыштан құралады. Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым
амебаның құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның
ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалу әсерінен
амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда болып, ол бірте-бірте созылады
да, жалғанаяққа айналады. Амеба жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші
жерге жайлап қозғала алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді
болғандықтан, амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде
тамыраяқтылар деп те атайды. Амеба гректің сөзі, қазақша баламасы –
өзгергіш деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің әр жерінен пайда
болып, қайтадан жойылып тұратындықтан, амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп
отырады.
Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын
жалғанаяқтарымен тек қозғалыр қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар, бактериялар)
де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма өсінділері оны екі жағынан
орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп,
қоректің түйірі орналасқан жерде вакуоль пайда болады. Вакольдің ішіндегі
асқорыту сөлі қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған
бөлігі дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде асқорыту
вакуолі жойылып кетеді.
Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы тыныс
алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды өте қарапайым
заттарға айырып, тотықтырады да, суға амеба денесіндегі көмірқышқыл газы
бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның
тіршілік әрекетіне қажетті энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да
жануға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы: жылу мен жарықты жалын ретінде
бөлмейді.
Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәр шығару
мүшесі жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлі зиянды заттар да
ериді. Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі арқылы сумен бірге
цитоплазмаға түседі. Зиянды заттар ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік –
жиырылғыш вакуоль пайда болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар,
жиырылғыш вакуольдің 1-5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп
тұрғанын байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды ерітіндісін
көпіршікті жиыру арқылы мезгілімен сыртқа шығарып отырады. Сөйтіп жиырылғыш
вакуоль амебаның денесіндегі суды, сонымен бірге ерімей қалған қоректік
зиянды заттарды дененің кез келген жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы
уланудан сақтайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылғында ауыл шаруашылық малдарының өсуі мен даму заңдылықтарн қолдану
Анатомия ғылымының салалары
Қатерлі ұлпа мен мүше
Сот биологиялық сараптама
Бұзаулардың ішек індеттерінің этиологиясы және емдеу, алдын алу
Жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
Ботулизм
Сепсис туралы жалпы мәлімет
Литосфераның экологиялық функциясы және оның систематикасы
Баланы тамақтандыру
Пәндер