Тонау қылмыстарын тергеу



М А 3 М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ТАРАУ. ТОНАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Тонаудың қылмыстық . құқықтық және криминалистикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қылмыстық іс қозғау және дәлелдеуге қажетті жағдайлар ... ... ... ... 8
1.3 Тергеуші мен анықтау органдары арасындағы байланыс ... ... ... ... .11

II ТАРАУ. ТЕРГЕУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ.
2.1 Оқиға болған жерді қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Жәбірленушіден жауап алу мен куәландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3 Куәлардан жауап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

III ТАРАУ. ІС БОЙЫНША ОДАН ӘРІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫ.
3.1 Іс бойынша болжамдар құру және тергеуді жоспарлау ... ... ... ... ... 26
3.2 Күдіктіні ұстау, жеке тінту және жауап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.3 Сараптама тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.4 Басқа да тергеу әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ІҮ ТАРАУ. ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУ
4.1 Тонау және қарақшылық қылмыстарын жүргізу кезіндегі шешілетін жалпы мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
4.2 Алғашқы тергеу әрекеті және іздестіру шаралары ... ... ... ... ... ... ... 42
4.3 Тонау және қарақшылық қылмыстарын болдырмауда тергеуішінің қолданатын шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

Тонау қылмыстарын тергеу деген тақырыпта диплом жұмысына берілген

Пікір

Бұл жұмыс маңызды тақырыпта жоспарға қатысты жазылған. Қарастыруға
тиісті негізгі сұрақтарды қамтыған. Ұсынылған әдебиеттерді дұрыс қолданған
және түсінікті тілде жазылған.
Диплом жұмысын қорғауға жіберуге болады.

Тонау қылмыстарын тергеу атты
тақырыпқа жазылған диплом
жұмысына берілген

РЕЦЕНЗИЯ

Диплом жұмысында тонау қылмыстарын тергеуге байланысты тонауды
тергеудің жалпы мәселелері, қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық
сипаттамалары мен тергеуші мен анықтау органдары арасындағы байланыс,
сараптама тағайындау сияқты атқарылуға тиісті негізгі жұмыстар нақты
мәліметтермен анықталып көрсетілген.
Тонау қылмыстарын тергеу барысында тергеушінің атқаруына тиісті
жұмыстар қатары көрсетілуімен бірге оның өкілеттілігінің шектері мен
құқықтарына байланысты мәліметтер анықталған.
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі төрт тараудан және қортындыдан
тұрады.
Жұмыста тонау қылмыстарын тергеуге байланысты жүргізілетін оқиға
болған жерді қарау, күдіктіні ұстау, жеке тінтуді жүргізу мен жауап алу
сараптама тағайындау, тонау әрекеттеріне байланысты атқарылатын басқа да
тергеу жұмыстарының ұйымдастырылуымен жүргізілуінің нақты жағдайлары ғылыми
негізделген әдістер бойынша ашып көрсетілген.
Диплом жұмысының жоспары дұрыс құрылған, жұмыс жоспары
бойынша жазыла отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы толықтырылған.
Сонымен қатар жұмыста кемшіліктер де бар:
1) Тонау қылмыстарын тергеу барысында аткарылуға тиіс оқиға болған
жерді қарау жұмыстары қатары өз ретімен көрсетілмеген.
2) Жұмысты редакциялау кезінде орфографиялық және
грамматикалық қателіктер жіберген.
Диплом жұмысы берілген тәртіпке сай жазылған, қанағаттанарлық.

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы Тонау қылмыстарын тергеу тақырыбы бойынша дайындалған.
Жұмыста қолданылатын негізгі сөздер: тонау, тергеу әдістері,
криминалистикалық сипаттама, өзара байланыс, жауап алу, оқиға болған жерді
қарау, жоспарлау, болжам, сараптама.
Жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттерден-әдебиеттер саны 33 тұрады.
Жұмыс көлемі 56 бет.
Жұмыста азаматтар мен ұйымдардың мүліктік құқығына нұсқан келтіретін
тонау әрекеттерін тергеу әдістеріне байланысты сұрақтар қаралады.
Жұмыста негізінен қылмыстың осы түріне байланысты қылмыстық іс қозғау
ерекшеліктері, тергеуші мен анықтау органдары арасындағы өзара байланыс
және тонаудың криминалистикалық сипаттамасына қатысты мәселелерге жауап
беріледі. Жұмыста оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіні куәландыру,
жәбірленушіден жауап алу, куәлар, күдікті, түрлі сараптама тағайындау,
басқа да тергеу жұмыстары әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері, сонымен қатар,
іске қатысты болжамдар ұсыну мен тергеуді жоспарлаудың негізгі жағдайларына
байланысты мәселелерге жауап беріледі.
Жұмыста тергеу практикасы материалдары қолданылды.
М А 3 М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ТАРАУ. ТОНАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Тонаудың қылмыстық - құқықтық және криминалистикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қылмыстық іс қозғау және дәлелдеуге қажетті
жағдайлар ... ... ... ... 8
1.3 Тергеуші мен анықтау органдары арасындағы
байланыс ... ... ... ... .11
II ТАРАУ. ТЕРГЕУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ.
2.1 Оқиға болған жерді
қарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.2 Жәбірленушіден жауап алу мен
куәландыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 19
2.3 Куәлардан жауап
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 23
III ТАРАУ. ІС БОЙЫНША ОДАН ӘРІ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫ.
3.1 Іс бойынша болжамдар құру және тергеуді
жоспарлау ... ... ... ... ... 26
3.2 Күдіктіні ұстау, жеке тінту және жауап
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.3 Сараптама
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
3.4 Басқа да тергеу
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
ІҮ ТАРАУ. ТОНАУ ЖӘНЕ ҚАРАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН
ЖҮРГІЗУ
4.1 Тонау және қарақшылық қылмыстарын жүргізу кезіндегі шешілетін
жалпы
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36
4.2 Алғашқы тергеу әрекеті және іздестіру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .42
4.3 Тонау және қарақшылық қылмыстарын болдырмауда тергеуішінің
қолданатын шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары мемлекеттің ең құнды байлығы ретінде көрсетілген. Осы
байлыққа қарсы жасалатын кез-келген қылмысқа қарсы күрес, оның алдын алу
шаралары, тергеу жұмыстары т.б құқық қорғау қызметінің өзекті мәселесі
ретінде қарастырыла отырып, өте жоғары мамандандырылған дәреже жүзеге
асырылуға тиіс.
Алайда, осы бағытта жүргізілетін жұмыстар бойынша жоғары нәтижелерге
жетуді құқық қорғау органдары жұмысының аса жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылуы
мен қажетті және жоғарғы талаптарға жауап беретін құқықтық негізісіз
қабылдау мүмкін емес. Соңғы жылдары осы мәселелерге байланысты көптеген
шешуші қадамдар жасалды. Оған дәлел 1998 жылдың 1-қаңтарынан пайдалануға
мүмкіндік алған жаңадан қабылданған Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық Іс
Жүргізу Кодексі және тергеу аппаратының қайта құрылуы, соттық сараптама
органдарының жұмыстарындағы өзгерістер.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 атты халыққа
арнауында мемлекет алдында тұрған стратегиялық бағыттың өзекті мәселесі
ретінде:
Құқық қорғау органдары мен соттық билік реформасын жандандыра
жүргізу;
- заңның шын мәніндегі бірден-бір биіктігі мен заңды бұлжытпай
орындаушы азаматтарды қылмыскерлерден қорғау, керісінше билік пен заңның
барлық күшін заңсыз жолмен жасалған молшылықта өмір сүрушілерге қарсы
қолдану қажеттігі. (7,51-52 бет).
Қазіргі кездегі Қазақстанда жасалатын криминалды әрекеттер қатарында
жиі кездесетін бірден-бір қылмыс түрі-тонаушылық әрекеттері. Соңғы жылдары
тонау қылмыстары санының күрт өсуі мен көп жағдайда қылмыстың ашылмай қалуы
жағдайлары, тонауды тергеу мен ашуға байланысты мәселелердің басты назарда
болуына мегзейді. Барлық тонау қылмыстарының түгелге дерлігін, тіпті
барлығын ашу тергеу жұмысындағы аса көргендік пен жоғары дәрежесін талап
етеді. Осы талаптарға жауап беретін яғни, тергеу және жедел-іздестіру
органдары жұмысшыларының біліктілігі дәрежесін арттыру мен түрлі қылмыстың
жасалу практикасын оқып үйрететін және олармен күрес әдістері,
пайдаланылатын табиғи-техникалық және гуманитарлық ғылымдар негізінде
жасалып, сарапталатын әдістер мен алдын алу, қылмыстарды ашу шараларын
оқытушы бірден-бір сала криминалистика. Қылмыстылық әлеміндегі
тонаушылықтың өсуі, оны тергеу мен толық ашу жұмыстарындағы қиындықтар,
осыларға байланысты туындаған тонауды ашу әдістері мен тергеуді терең оқып
үйренуге деген құштарлық менің бітіру жұмысын осы тақырыпта жазуыма
себепкер болды.
Қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бір
қылмыстың алдын алу және қылмысты ерекеттерді жою болып табылады, сол үшін
барша құқық қорғау орғандары біріге отырып жұмыс жүргізеді, күреседі.
Алайда кейбір жекелей қылмыстар бүгінгі күні өрши түсуде, осы қылмыстарды
болдырмау үшін прокуратура, сот, ішкі істер орғандарын техникалық
құралдармен, қазіргі заманға сай алуан түрлі компьютерлі техникамен
қамтамасыз ету керек. Соңғы кезде түрлі заңдар қабылданып, бұл заңдар әлі
өзінің толығынан өз орнын таба алмай отыр. Бүгінде заң орғандарының
жауапкершілігін арттыру керек. Барлық шыққан заңдар қандай да болмасын
қылмыстармен күресу үшін қажет. Адамдар бостандығы заңмен қорғалады,
ешқандай заңды бұзған құқық бұзушы жауапкершіліктен құтылмау керек.
Азаматтардың жеке меншігіне денсаулығына қарсы қылмыстар қауіпті
қылмыстар қатарына жатады. Аса қауіпті қылмыстар қатарына тонау және
қарақшылық қылмыстарын айтамыз, олар азамат мүлкін алумен қатар, азамат
денсаулығына, өміріне қауіп төндіреді.
Практикада көбіне тонау және қарақшылық қылмыстағы бойынша өз
уақытында алғашқы қылмысты іс қозғалмайды, дұрыс тергеу әрекеті
жүргізілмейді, осыған орай оларды ашуға мүмкіндік қиынға түседі.
Жоғарылардың негізінде айтайын дегенім қазіргі нарық ырқына көшу кезеңінде
біздің егеменді еліміз Қазақстан мемлекетінде, өзге көршілес тәуелсіз
мемлекеттердегідей қиыншлықтар көптеп кездесуде. Экономикалық дағдарыс
барысында көптеген түрлі бұрындары естіп білмеген қылмыстарды естудеміз.
Экономикалық қылмыстар көбеймесе, азаяр түрі жоқ. Рэкет атаулы өмірі
естімеген қылмыс бүгінгі күні теледидар, радио, баспасөз беттерінен естіп
оқып, көріп жүрміз. Осы қылмыстар сияқты қылмыстардың бірі жіңіл жолмен
пайда табу кезін ойлаған азаматтардың мүлкін тонау болып отыр.
Көбіне бұл қылмыстарды жасаушылар жастар екендігін айтқым келеді, осы
атап айтқан қылмыстарды болдырмау шараларының бірі қылмыстың алдын алу,
түрлі насихаттар жүргізу, қылмыс болған жағдайда оқиға болған жерге дер
уақытында жетіп, қылмыс ізін суытпай тұрып, шұғыл оперативті шараларды
жүргізіп, дер кезінде қылмысты ашу болып табылады.
Аталған қылмыстарды ашу барысында оқиға болған жерді қарау, іздер,
аяқ киім іздері, айғақты заттарды алу, жәбірленуші мен куәлардан жауап алу
қылмыстың ашылуына зор үлесін тигізеді.
Кіріспе сөзімді аяқтай отырып "Тонау және қарақшылық қылмыстары бойыша
тергеу әрекетін жүргізу" тақырыбы бойынша менің бітіру жұмысым төрт тарау
және қорытындыдан тұратындығын айтқым келеді.
Жұмысты жазуда осы тақырыпқа байланысты арнайы материалдар мен
нормативтік актілер қолданылды. Сонымен қатар Алматы қаласы Алмалы аудандық
Ішкі істер басқармасының тергеу практикасы материалдары пайдаланылды.
Сонымен қатар қазіргі кезде қолдануға ұсынылған профессор Р.Сапарғалиевтің
"Заң терминдерінің түсінігі" Алматы -1995 жыл, доцент А.Ибраеваның "Заң
терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі" Алматы -1996 жыл, доцент
М.Ш.Жүзбаевтің "Қылмыстың күн бойынша альбом-схемасы" Алматы -1996 жыл,
доцент Р.Орынбаевтің "Қылмыстың арнаулы субьектісі" Алматы -1977 ж. сияқты
еңбектері пайдаланылды.
I ТАРАУ. ТОНАУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Тонаудың қылмыстық - құқықтық және криминалистикалық
сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 178- бабына байланысты
тонаудың ұрлықтан айырмашылығы бөтен мүлікті ашық ұрлау екендігі
көрсетіледі.
Тонау, яғни, мүлікті ашық ұрлау дегеніміз - мүлік біреулердің
күзетінде болғанда болмаса, мүлікті иеленушінің көзінше ұрласа немесе басқа
азаматтардың қатысында, яғни, кінәлінің әрекетінің қылмыстылығын дәлелдеп
беретін болса.
Мүлікті ашық тонау кінәлінің аса қауіптілігін немесе асқан жауыздығын
дәлелдейді.
Сондықтан тонау ұрлыққа қарағанда қатаң жазаланады.
Енді тонау мен қарақшылықтың арасындағы айырмашылыққа тоқталайық.
Тонау ашық түрдегі ұрлық бола отырып, мемлекеттің, қоғамның немесе
азаматтардың жеке мүлкін еркін пайдалануымен немесе өзінің қалауынша иелік
етуімен, аяқталған болып есептеледі. Тонаудың өзіне тән белгісі (күдікті)
кінәлінің мемлекеттің, қоғамың немесе азаматтардың жеке мүлкін
жәбірленушінің өміріне қауіп төндірілмейтіндей күш қолдануы арқылы иеленуі.
Қарақшылық-бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған
адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей
осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау. (ҚРҚК 179-
бап.)
Қарақшылық ұрлықтың бір түрі бола отырып, адамның өмірі мен денсаулығы
сияқты объектілерге де қол сұғушылық болып табылады.
Қарақшылықта күш көрсету мемлекеттің, қоғамның, жеке азаматтардың
мүлкін иелену құралы бола отырып, уақытқа байланысты мүлікке иелік етумен
ұштасады. Осындай ерекшеліктерін басшылыққа отырып, сонымен қатар жеке
азаматтардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында қарақшылық әрекетті,
қылмыскердің жәбірленуші жақтарға келтірген нақты залалы бар ма, осыларға
қарамастан объектіге шабуыл жасаған кезінен аяқталған қылмыс ретінде
қарайды.
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қылмыстық-құқықтық
сипаттамасынан айырмашылығы қылмыстың жалпы түсінігіне сырттай ғана қатысты
болмайтындығы
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы тек қылмыстың жалпы ұғымымен
емес, белгілі уақыт аралығыда белгілі бір аймақта немесе белгілі бір
мемлекетте, елге жасалған қылмысты толық оқу мен іске байланысты
материалдарды барынша байыту және түрлі қылмыстың өзіне тән түрлі
белгілерін криминалистикалық ерешеліктері бойынша саралау (21, 365 бет)
Қазіргі кезеңдегі қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын оқып
үйрену негізі 60-жылдардың соңынан бастап дамыды. Криминалистикалық
сипаттаманың ең алғашқы анықтамасы қылмыстың жекеленген түрлерінің
ерекшеліктері (криминалистикалық сипатқа ие), яғни ғылыми нұсқауларды
құрастыру мен тергеу практикасының мазмұндылығы үшін (35, 437 бет) қажет
деп тапқан Л.А.Сергеевтің тұжырымынан басталады.
Мұндай нұсқаулардың одан әрі дамуы көптеген ғалым-криминалистердің
жұмыстарында жалғасын тапты. Осындай жұмыстардың арасында біздің
көзқарасымызша толыққанды, нақты болып табылатын анықтама Г.А.Мозговых
берген анықтамасы: Бұл - қылмыстың белгілі бір түрін сипаттайтын, Бұларды
білу белгілі бір түрге жататын қылмысты нақты тергеу мен оны табысты ашу
үшін қажетті алғы шарттардың жиынтығы (26, 124 бет)
Осындай криминалистикалық маңызға ие белгілер мен ерекшеліктер тонауға
байланысты айтылғанда ең алдымен мынандай мәселелерге тоқталу қажет.
Тонауды жиі жасайтындар негізінен 16 мен 30 жас арасындағы азаматтар.
Статистика көрсеткеніндей тонаудың 90 пайызы азаматтардың жеке мүлкін
пайдаланып кету мақсатында жасалады да, ал 10 пайызы мемлекеттің және
қоғамның мүлкін пайдалану мақсатында жасалады. Мемлекеттің және қоғамның
мүлкіне қол сұғу сирек кездеседі. Алайда бұл қылмыстар (әдетте) 2-3 адам
қатысатын, сирек те болса 4 адам қатысып, алдын-ала мұқият дайындалған
ұйымдасқан топтармен жасалады. Мұндай топтардың басшылары көбінесе бұрын
сотталған адамдар болып келеді. Жасалған барлық тонау қылмыстарын, жасалған
орыны бойынша топтарға бөлуге болады.
Бірінші топқа көшеде тонаушылық жатады. Бұлар қаралуға тиіс тонау
әрекеттерінің басым бөлігін құрайды, әдетте кешкісін, түнгі уақытта, нашар
жарықтандырылған көшелер мен елсіз аймақтарда, демалыс орындарында
жасалады.
Тонауға ұшырайтын құралдар қымбат және зәру заттар, әдетте адамдар
тағынатын, ақша, ұсақ-түйек күнделікті керек заттар. Тонаудың негізгі
әдістері: қорқыту, ұрып-соғу, бас киімді шешіп алу, сөмкені жұлып кету
болып табылады. Мұндай әрекеттер әдетте жәбірленуші қорғанышсыз болғанда
немесе мас болғанда жасалады.
Өзіне ыңғайлы деп тапқан адамды кездестіргенде қылмыскерлер оны қуып
жетіп қоршап алады. Содан соң қорқытып немесе ұрып-соғып заттарын алып
кетеді.(23, 433-434 бет)
Осындай оқиғалар қатарында қылмыскер өзі таңдаған адамға көбінесе
жақсы әсер бере отырып әрекет жасайды. Мысалы: уақытты сұрайды, қаланың бір
жақтарын сұрауы немесе шылымды тұтатуға оттық сұрауы мүмкін т.б.
Мысалы, азамат Н.Умуров өзінің досы Марат пен Құрманбекпен бірге
Алматы қаласындағы Мерей бірлестігінің қасында өтіп бара жатқан азамат
Ә.И.Цайзерден оттық беруін өтінеді. Ол тоқтағанда олар жақындап келіп, оны
қорқытып үстіндегі күртешесі мен жылы кеудешесін шешіп алған.
Тонаудың екінші тобына автокөлік жүргізушілері мен таксистерді тонау
жатады.
Тонаудың бұл түрінің үлесі көп емес, алайда көлік иелеріне
көрсетілетін күш қолдану мен материалдық шығын үлкендігі және автокөлік
авариясының қауіптілігі тонаудың бұл түрінің қауіптілігінің дәлелі.
Тонаудың бұл түрі әдетте түнде және арнайы топтармен жасалады. Қылмыскерлер
өз көліктерінде немесе ұрланған көлікте отырып өз қылмыстарын жасауға
қажетті жағдай туғанда жәбірленушінің бағалы затын күш қолданып, болмаса
онсыз тартып алып, қашып кетеді.
Тонаудың үшінші тобына тұрғын үйге басып кіру жатады. Мұндай қылмыстың
43-і ұйымдасқан топтармен жасалады. Мұндай жағдайларда тонауға ұшырайтын
құралдар: антиквариаттар, көп мәлшердегі ақша, бағалы заттар т.б
Қылмыскерлер пәтерлерге қоңырау береді егер ешкім жауап қатпаса,
есікті сындырып ішке енеді де тонайды, егер есікті кәрі адамдар немесе
балалар ашса оларды ұрып-соғып, байлап керек заттарын ұрлап кетеді.
Мұндай қылмыстар әдетте күндіз, мейрам күндері, яғни тұрғындар
пәтерлерінде болмаған мезгілде, болмаса көршілер мен балалар ғана болғанда
жасалады. Пәтерлерді тонауда қылмыскерлер көбінесе аяқ астынан әрекет етуге
тырысады.
Пәтерлерді тонауға әрекет еткенде қылмыскерлер ішке енуге кедергі
болмау үшін көбінесе өздерін үй басқармасы қызметкерлері, пошта, су
құбырлары, жәбірленушілермен таныс, бірге жұмыс істейтін адамдар ретінде
көрсетеді. Көп жағдайда пәтер тонаушылар өздерінің сыртқы пішіндерін
өзгертеді. (қара көзілдіріктер, жасанды шаштар, мұрт, сақал т.б) Өйткені
куәгерлер мен жәбірленушілер өздерінінің түстерін анық білмеуі үшін. Қылмыс
жасауда уақытқа байланысты дәлелдер қызығушылық тудырады. А.Я.Целищеваның
жұмысындағы тонау негізінен кешкісін (18 сағаттан 24 дейін)-67% шамасында,
күндіз (12-16 сағ) аралығында 20%, түнде (00-06 сағ )-10%,
ертеңгілік уақытта (6-12 сағ) 5%, көп емес деген деректер келтірілген.
Тонауда жәбірленушілер арасында белгілі бір шектеу болмаған. Алайда
қылмыскерлер көбінесе әйелдер мен балаларға, кәрілерге және мас
күйіндегілерге шабуыл жасайды.
Тонауда жәбірленушілердің төртінші тобын қоғамның бай адамдары
құрайды. Оның ішінде көп мәлшердегі ақша иелері, қымбат, бағалы заттарды
иеленушілер, валюта иелері. Көп жағдайда олар өздерінің мінездерімен,
әрекеттерімен қылмыскерлер назарын өздеріне аударады. Мысалы баға үшін
саудаласпайды, үлкен купондармен есеп айырысады, қалың әмиандарын
қалталарынан шығарады, қымбат заттар сатып алады т.б.
Мемлекеттің, қоғамның, жеке меншік комерциялық күзетпелі объектілерді
тонауда әдетте жәбірленушінің жеке басшының жағдайы ешқандай роль
атқармайды. Бұл жағдайда қол сұғуға бағытталған объектінің мүліктік жағдайы
мен мүлік күзетінің қаншалықты мықты екендігі қылмыскермен анықталады да
осы жағдайлар ескеріле отырып тонау жүзеге асырылады.
Тонауға байланысты іс жүргізуде анықталуға тиіс жағдайлар:
1. Мүлікті иелену мақсатында күш қолдану, қорқыту
жағдайлары орын алды ма;
2. Қылмыс құрамы бар ма, болса қандай-тонау,
қарақшылық, бандитизм т.б;
3. Шабуыл жасау қай жерде болды: көшеде, пәтерде,
автокөлікте, аулада т.б;
4. Шабуыл қашан жасалды (күніз, тәулік уақыты);
5. Кімге шабуыл жасалды, кімге күш, қорқыту көрсетілді, сонымен
қатар қандай мүлікке (мемлекттік, қоғамдық, азаматтық мүлкіне);
6. Қандай құралдың, сайманның көмегімен жасалды;
7. Шабуылды кім жасады, күш көрсетті ме, болмаса күш қолданам
деп қорқытты ма;
8. Әрекетті тонау деп табуға қандай нақты жағдайлар,
белгілер дәлел;
9. Осы қалада, ауылда, ауданда тонауға жағдай жасаушы себептер
мен жағдайлар;
10. Тонаудың алдын алу мен жоюдың қандай
профилактикалық шараларын қолдануға болады.
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы-қылмысты тергеудің жеке-
дербес саласы бола отырып, – Г.А.Морозовыхтың атап көрсеткеніндей:
дәлелдеу пәніне байланысты - қызметтік роль атқарады (26. 125 бет)
Криминалистиканың жалпыланып дәлелденгені, нақтыланған белгілері мен
алдыңғы жасалған және сәтті ашылған істердің ерекшеліктерін басшылыққа ала
отырып, тергеуші ғылыми-негізделген болжамдар негізінде іске байланысты
барлық жағдайлар мен дәлелдеу пәніне кіретін және әрекеттің нақты
болғандығын сипаттайтын өз болжамын ұсынады.

1.2 Қылмыстық іс қозғау және дәлелдеуге қажетті жағдайлар.

Тонауға байланысты қылмыстық іс-істі қозғауға қажетті нақты негіздер
мен жағдайлар болғанда қозғалады.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 177- бабына сәйкес қылмыстық іс
қозғау негізіне жататындар:
1. азаматтардың арызы:
2. кінәсін мойындап келу:
3. мемлекет органы лауазымды адамының немесе
ұйымдардың басқару функциясы қызметкерінің хабарламасы бойынша:
4. жаппай хабарлау құралдарының хабарламасы бойынша:
5. қылмыстық іс қозғауға құқылы органдардың, лауазымды
адамдардың қылмыстық іс қозғауға негіз болатын бірден-бір айғақ табуы.
Қылмыстық іс қозғаудың негізіне-қылмыс белгілерін нақты көрсетуші,
жеткілікті дәлелдер жатады.
Қылмыстық іс қозғау туралы сұрақты дұрыс шешу үшін қылмыстың
жасалғандығы фактісінің айқындығы, оның үстіне қылмысты кең көлемде зерттеу
емес, қылмыс белгілерің бар-жоқтығын анықтау, яғни, қылмыстың жасалу
мүмкіндігі негізге алынады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстық іс қозғау
сатысында алдын ала тергеу жүргізу үшін қажетті негіздердің барлығы
анықталады, алайда мұның өзі істің басқа сатыда қаралуына негіз болмауы
мүмкін (33,11 бет)
Қылмыстық іс-іске байланысты материалдарда қылмыстың белгілері
байқалғанда-ақ қозғалуға тиіс, ал іс бойынша жағдайлардың өрбуі мен
жалғасуы, салдары бұған әсер етпейді.
Дер кезінде қозғалған қылмыстық іс тергеушінің іске байланысты тергеу
жұмыстарын нақты дәлелдермен толықтыруына, кінәлілерді табуына, сонымен
қатар қылмыс ізінің жойылуы және қылмысқа қатысты жағдайлардың өзгертілуіне
жол бермейді. Қылмысты ашудың сәттілігі тікелей-қылмыстық істің дер кезінде
қозғалуына байланысты.
ҚР ҚІЖК-нің 177-190 баптарында қылмыстық іс жүргізудің реті мен оның
негіздері, арызды қарау мен оның мерзімдері, жасалған немесе дайындалып
жатқан қылмыстық әрекет, хабарламалар және қылмыстық із кесу органдарының
оларды тіркеу, қарау және тергеу мен осыларға байланысты сәйкестендірілген
қылмыстық іс жүргізу шешімін бекіту мәселелері толық көрсетіледі.
Тонау туралы арыз түскеннен кейін немесе тонау фактісі орын алғандығы
туралы хабарлама алған жағдайда тергеуші ең алдымен іс қозғауға дейін осы
негіздердің қаншалықты дәрежеде шын екендігі мен келесі мәселелерді шешуге
міндетті: көрсетілген әрекет орын алды ма;
- Бұл әрекетте қылмыс әрекеті бар ма;
- арызда немесе хабарламада көрсетілген фактілер қылмыстық іс
қозғауға жеткілікті ме: (19, 9 бет)
Тек жоғарыда көрсетілген сұрақтарға нақты жауап алынғанда тергеуші
осылар жөнінде қылмыстық іс қозғап, тексеру туралы қаулы шығарады.
Тексерудің мақсаты қозғалуға тиісті істің құрамында қылмыстың нақты
белгілері бар-жоқтығын, жоқ болған жағдайда іс бастаудың негізсіз екендігін
анықтау негізінде, қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігін
қамтамасыз ету болып табылады. Егер болған оқиға өзінен өзі-ақ қылмыстық
әрекет болып тұрса онда тексеруді тек қана кінәлі жақты табу мақсатында
жүргізудің қажеті жоқ. Көпе-көрнеу қылмыстық әрекет бойынша қылмыстық істі
бірден бастаудың орнына негізсіз тексеру шараларын жүргізу, қылмыстық істі
ашуға кері әсерін тигізеді. Тонауға байланысты қозғалған қылмыстық істі
тергеу барысында тергеуші алдына төмендегідей сұрақтар қояды және тергеу
барысында бұл сұрақтарға жауап алады. Бұл сұрақтардың негізгілері мынандай:
1. тонау қайда жүзеге асырылған;
2. тонау қашан болған;
3. тонаудың салдарынан кім жәбірленген;
4. тонау қандай әдіспен жасалған (қылмыскер тарапынан
жәбірленушіге қарсы күш қолдану болған ба, болса ол қалай көрініс тапқан,
егер шабуыл жасаушы қорқыту әрекетімен шектелсе, онда қорқытудың
сипаты қандай);
5. жасалған тонау әрекетінің салдарынан жәбірленушінің
денсаулығына келтірілген зардап (алынған зардаптың ауырлығы және оның
қалдырған салдары немесе мүмкін болатын зардаптар дәрежесі) қандай;
6. тонау барысында ұрланған мүлік қандай және ол кімнің мүлкі
(тонауға ұшыраған мүліктің сипаттамасы, саны және құнының
мәлшері, мүлік жәбірленушінің иелігінде ме болмаса мемлекеттікі
немесе қоғамдық ұйымдар мүлкі ме? Егер тоналған мүлік мемлекет немесе
қоғамдық ұйымдар меншігінде болса,мүліктің қандай меншік екендігін яғни,
жекеменшік пе немесе мемлекеттің меншігінде ме, қоғамдық ұйым
меншігі ме, яғни ,қылмыскер мүліктің жеке жекеменшік мүлік
емес мемлекеттің немесе қоғамдық ұйым меншігі екендігін білген бе?)
7. тонауды кім істеді (бір адам ба әлде қылмысты топ па, егер топ
болса қайда қашан ұйымдасқан, топ мүшелерінің әрқайсысының
топтағы орны, топқа көмектесуші басқа да адамдардың болуы мүмкін бе,
тонауды жүзеге асыру барысында топқа көмек көрсетушілермен тоналған
заттарды сату мен ізді жасыру барысында көмектесушілер болды ма, қандай
негіздер бар, қылмыскерлердің әрқайсысының жеке басының мінездемесі, атап
айтқанда бұдан бұрын тонау немесе басқа да қылмыс жасаған ба?)
8. Ұрланған зат қай жерде, атап айтқанда мүліктің пайдалануға өтіп
кеткендігі мен сатылған орны?
9. Қылмыс жасарда, яғни, тонау алдында жасалған дайындық әрекеттері
қандай?
10. Тонаудың ұйымдастырылып, жоспарланып жатқандығын білген,
алайда қылмыстың алдын алу органдарына хабарламаған адамдар
болған ба?
11. Қылмыс жасауға жағдай жасаушы жағдайлар және қылмыс жасаудың алдын
алу үшін қандай шараларды жүзеге асыру керек (полиция бұрыштарының санын
арттыру, көшелердің электр жарығымен жарықтандырылуын қамтамасыз ету,
арнайы объектілердің күзетін нығайту т.б) (34,24 бет).
Қылмыстық іс қорғау туралы тергеуші қаулысында: қаулының қабылданған
орны мен уақыты, кіммен құрылғандығы, істі қозғауға негіз болған жағдайлар
мен мәселелер, кімге қатысты қозғалғандығы, қылмыстық заңның бабы,
қылмыстық іс қозғау белгілері бойынша, сонымен бірге істің келешектегі
жүргізілу бағыты көрсетілуге тиіс. Қылмыстық істің қозғалғандығы туралы
қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.
Қабылданған шешім туралы оның иесіне және қылмыстық іс қозғалуына
қатысты адамға (яғни күмәндіге) оның құқықтары мен міндеттері көрсетіле
отырып, қылмыстық істің қозғалғандығынан хабар беріледі (ҚР ҚІЖК.186-
бап.2)
Қылмыстық іс қозғау сатысы қатаң шектелген мәселесінде ие, бұл сатыда
ешқандай дәлелдемелер қажет болмайды. Қылмыстық іс сатысында жинақталған
материалдар (мекеме құжаттары, арыз, түсініктемелер, оқиғаның болған орнын
қарау протоколы) жұмысқа қоса қатталады.

1.3 Тергеуші мен анықтау органдары арасындағы байланыс.

Қылмыстың алдын алу мен дер кезінде ашу, кінәліні жазалаудың
әділдігін, заңдылықты бұлжытпай сақтай отырып жүзге асыру, алдын алу
органдары мен жауап алу органының маңызды жұмыстары болып табылады.
Тергеуші әр уақытта қылмыстық әрекетті ашу мүмкіндігіне тек өз күшімен
ғана ие бола алмайды. Сондықтан да тергеуші мен жауап алу органдарының
арасындағы өзара байланыс аса үлкен практикалық маңызға ие. Заң қылмыспен
күрес жүргізу органдарының өкілеттілігін нақты көрсетеді және олардың
құзыретіне кіретін мәселелердің (шектеу) ауқымы мен шегін белгілейді. Істің
оң нәтижелерге В.Е.Розенцвайг атап көрсеткендей органдар асасындағы
келісімді және бір мақсатқа жұмылдырылған жұмыстар мен қарастырылған
әдістер мен құралдардың толық және тиімді пайдаланылуы арқасында қол
жеткізуге болады. (31,16.) 1998 жылдың 1 қаңтарынан пайдаланылатын
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінде реттеуші мен
анықтау органдарының арасындағы қалыптасатын өзара байланыстың құқықтық
негізі нақты көрініс табады.
Қылмыстық істер бойынша тергеушінің анықтау органдарының жедел
іздестіру жұмыстары материалдарымен танысуға, оларға жазбаша атқару үшін
міндетті іздестіру және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар
мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге
жәрдемдесуді талап етуге құқығы бар (64 бап 7 т).
Қылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстық істер мен оларды
жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және алдын кесу мақсатында
қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану;

2) алдын ала тергеу жүргізу, міндетті істер бойынша осы кодекстің
200-бабында көзделген тәртіппен қылмыстың іс жүргізу және жедел іздестіру
шараларын қолдану (65-бап 5 т).
Анықтаушы - өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам (67-бап
1т). Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға анықтау органының
қызметкерін тартуға құқылы (201 бап 5 т).
Тергеуші мен анықтау органдарының мақсаты мен жұмыстарының сипаттай
келе профессор И.В.Попов былай тұжырымдайды: Тергеуші мен ішкі істер
қызметкері ең алдымен қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуге міндетті,
екіншіден егер қылмыс әрекеті фактісі болған жағдайда, тез арада қажетті
қылмыс әрекетін жасауға іздестіру және тергеу жұмыстарын жандандыра
жүргізуге, қысқа мерзімінде толық және жедел тергеу жұмыстарын жүргізуге,
нәтижесінде қылмыстық әрекеттің бүкіл болмысын ашуға, әрекеттің шын
мәніндегі мақсатын анықтауға, қылмыскерлерді және олардың қылмыс жасауына
жағдай жасайтын барлық жолын кесуге міндетті. (21,38 т).
Шын мәнінде көптеген қылмысты толық және тез арада ашу, қылмыстық
әрекеттің жолын кесу, қылмыскерді ұстау мен анықтау, қаруды іздеп табу,
тоналған және қайтаруға тиісті құнды заттарды табу, т.б. түрлі жұмыстарды
атқаруда тергеуші мен анықтау оргындары арасындағы өзара байланыс өте үлкен
роль атқарды.
Нақты қылмыстық іс базасындағы тергеуші мен анықтау органдары
арасындағы байланыс бұл - қылмысты ашу мен оның жолын кесу жолында осы
органдар жұмысына тән әдістермен түрлі құралдарды пайдалана отырып әрекет
етуге бағытталған заңмен үйлестірілген бір-біріне биліктік — тәуелсіз
органдар: тергеу мен анықтау органдары арасындағы байланыс (13,4 т).
Тергеу мен анықтау органдары арасындағы байланыс түрлі формада көрініс
табады. Мысалы: қылмыс болған жерді бірге қарау, ақпарат алмасу, бірлесе
әрекет етуді жоспарлау, тергеу және жедел іздестіру жұмыстарын талқылау
т.б.
Қылмыс болған жерге бірге шығу әрекетіне байланысты келесі жағдайлар
ескерілуі тиіс;
а) қылмыс жасалғандығы туралы ақпараттарынан кейін қылмыс жасалған
орынға тергеушілер, ішкі істер қызметкерлері, мамандар мүмкіндігінше ең
бірінші болып келуі керек. б) қылмыс болған орынға ең алғашқы болып
тергеушілер мен жедел әрекет ету органдарының қызметкерлері келеді
деген сөз — олардың болашақтағы бірлесе жұмыс жүргізулерінің айғағы.
Тергеуші өзіне атқаруға тиісті тергеу жұмыстарынан басқа міндеттерді
орындамауға міндетті. Тергеушінің ең басты жұмысы - қылмыстық іс жүргізу
заңында қатаң көрсетілген нормаларды қатаң сақтай білу, қылмыстық іс
қозғау.
Анықтау органдары заңда көрсетілмеген іс жүргізуге қатысты емес жедел-
іздестіру шараларын жүзеге асырады. Мұндай жұмыстардың жүргізілу тәртібі
1994 жылы қабылданған ҚР-ның Жедел-іздестіру қызметі туралы заңмен
көрсетілген. (4).
ҚР ҚІЖК-нің 65-бабына анықтау органдары, тергеушінің жұмысына кіретін
тонауға байланысты қозғалған істерде іздестіру әрекеттерін жүргізеді.
Анықтау органдарының орындауға тиісті мұндай жұмыстары қатарына
(іздеу) қылмыскерді, жәбірлеушіні, авто көлікті, қылмыс құралдарын,
ұрланған және қылмыстық жолмен алынған және қылмыстық жолмен алынып
пайдаланылудағы мүлікті іздестіру кіреді. Іздестіру әрекеті қатарына
ізделуші объекті туралы мағлұмат алу мақсатында жүргізілетін сұрау салу
жұмыстары да кіреді. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін басқа да көптеген
әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы: тінту, алып қою үшін көрсету т.б.
Жедел-іздестіру шаралары мынандай әрекеттерді атқарушы болып табылады
— іс жүргізуге негіз болмайтын, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысқа
байланысты қылмыскердің жеке басы туралы деректер мен оның қайда екендігі
туралы, оның басқалармен байланыстарын, сонымен қатар объектілердің
мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге нұсқан келтіруші әрекеттер жөнінде
дәлелді ақпарат беру (10,39 ба).
Тонауға байланысты жүргізілетін тергеу жұмыстары барысында
қолданылатын жедел іздестіру жұмыстарына: қызметтік — иісшіл иттерді
пайдалану, қылмыскердің ізіне түсу ізін суытпай ұстау, қылмыекерді
іздестіруде оның тұрғылықты орнын бақылауға алып тексеру, куәгерлерден
оқиғаның барысы туралы сұрақ алу, түр-сипаты туралы анықтамалар жинау
жатады. Бұл шаралар қатарына тағы да қылмыс жасағандағы туралы есепте
тұратындардың тізімін қарау, түрлі анықтама, мәліметтерді жинау, жеке ізге
түсу жұмыстары кіреді.
Жедел-іздестіру шараларын қолдану, тергеушіге қылмысты яғни тонауға
байланысты істі жүргізуге дөл сол мезетте аса құнды ақпарат беруге
мүмкіндік беруі мүмкін. Мұндай ақпараттарға:
1. Қылмысқа байланысты нақты мәлімет беретін деректер.
2. Тергеушіге қылмыстық істі жүргізу барысында іске қайшылықты
жақтар туралы мәлімет беру мен істі жүргізу барысында және сот мәжілісінде
осы жақтардың қандай мінез құлық көрсететіндігі туралы
мәліметтер беруі мүмкін.
в) қалыптасқан жағдай және осындай жағдайға
қатынасы бар дәлелдемелер жөнінен барынша тиімді тактикалық
әдістер және техникалық құралдарды барынша ұқыпты пайдалану үшін
мәліметтер береді.
г) қаралуға тиіс қылмыстық іске байланысты дәлелдеме-
деректер бойынша іске баға беретін мәліметтер. ҚР ҚІЖК-нің 64-бабында
тергеушіге өз тергеуіндегі істер бойынша анықтау органдарына тапсырмалар
мен нұсқаулар беруге құқылы екендігі көрсетілген. Тергеушінің анықтау
органдарына беретін нұсқаулары мен тапсырмалары Бұл органдар үшін орындауға
міндетті болады. Алайда Бұл тапсырмалар мен нұсқауларды орындауға
байланысты туындайтын әдістер мен пайдаланылатын құралдарды анықтау
органдары өз кұзыреті шегінде өздері белгілейді.
Тонауға байланысты істі жүргізуге қажетті нұсқаулар мен тапсырмаларды
тергеуші сәйкес анықтау органы басшысын атына жібереді. Тергеушінің
тапсырмасын орындау барысында анықтау органдары ҚРҚІЖҚ-нің 196-бабында
көрсетілген уақыт шегінде орындауға тиіс.
Анықтау органдарының тергеушіге беретін оның тапсырмасы мен
нұсқауларының орындалуы туралы мәліметтерінде, жүргізілген іздестіру
жұмыстарымен қатар іздестіру және тергеу әрекетінің барысы туралы
мәліметтер көрсетіледі, бірақ - жедел-іздестіру қызметі барысында
қолданылған әдістер мен т.б. әрекеттер туралы мәлімет берілмейді.
Тонауға байланысты істер бойынша жоғары дәрежедегі ұйымдасқан өзара
байланыс тергеуші мен анықтау органдары арасындағы түсіністік жағдайында
хабар алмасуға қол жеткізу нәтижесінде мүмкін болады.
Тонауға байланысты қылмыстық істерді жылдам және сапалы ашу үшін —
тергеу мен анықтау органдарының әрқайсысының өздерінің жеке тергеу және
жедел-іздестіру жоспарлары мен ортақ мақсаттары мен шешуге қажетті мәселер
жөнінен өзара сенімділігі қажет.

II ТАРАУ. Тергеудің бастапқы сатысы

2.1 Оқиға болған жерді қарау.

Тонауға байланысты қылмыстық істерді тергеу әдетте оқиға болған жерді
қараудан басталады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабында
тергеу жұмысының бұл сатысының маңыздылығы былай атап көрсетіледі.
Қылмыстық іс қозғау, оқиға болған жерді қарағанға дейін мүмкін болмайтын
болса, оқиға орнын қарау қылмыстық іс қозғаудан бұрын жүргізіледі. Қылмыс
жасалғандығы туралы арыз немесе хабарлама алғаннан кейін, тергеуші бірден
оқиға болған жерге барып, оған тексеру жүргізуі керек. (ҚРЖК 222-бап 2
тар).
Біз профессор К.А.Бегалиева мен В.И.Поповтың пікірін саралаймыз:
Болған қылмыстық оқиға бойынша заттай белгілер қалдырылған жағдайда,
тергеу жұмыстары ең алдымен қылмыс пен қылмыскер туралы ақпарат беретін
іздер мен заттарды оқып, бекітуге бағытталуға тиіс. (9,59 бет).
Оқиға болған жерді қарау — кешіктіруге болмайтын, болашақтағы алдын
ала тергеу жұмыстарын жүргізуде бағыт берумен қатар жалпы жұмыс барысын
сипаттайтын анықтама берем. Оқиға болған жерді қарау — адам өлтірушілік,
зорлау, техникалық құралдарды пайдалана отырып тонау, қарулы шабуыл,
теміржол және автокөлік ұрлау т.б. қылмыстарға байланысты тергеу жүргізу
барысында құнды деректер береді. Қылмыстардың осы категориялары бойынша
қылмыстық іс қозғауды міндетті түрде оқиға болған жерді қараудан бастауы
керек.
Біздің көзқарасымыз бойынша оқиға болған жерді қарауға байланысты
барынша толық анықтаманы профессор В.И.Попов береді. Ол былай сипатталады:
Қылмыстық із қозғалғаннан кейін немесе қылмыстық іс қозғалғанға дейін
(жедел-іздестіру) анықтау органдарының жедел-іздестіру шараларымен жүзеге
асыратын дайындалып жатқан қылмыстық әрекеттің қалдыратын материалдық
салдарын, заттай дәлелдемелерді алып қою, қылмыс іздерін табу, қылмыскердің
жеке басы туралы мәліметтер, болжамдарды тағайындау және алынған барлық
мәліметтерді қылмыстық оқиғаның ізін суытпай ашуға пайдалану т.б. (28,9
бет).
Оқиға болған жерді қарауға берілген бұл тонау сияқты қылмыстық
әрекеттің ізін суытпай ашу мен қылмыскерді ұстау үшін аса қажетті
шараларының мазмұнын тұжырымдап береді. Егер тонау болған жерді қарауға
шығуға дейін қылмыстың іс қозғалған болса, бірден қылмыстық іс қозғау
керек, бұл-тергеушіге көптеген артықшылық береді. Дер кезінде қозғалған
қылмыстық іс, әрқашан анықтау органдары мен қылмысты ашу жұмыстары арасында
тиімді өзара байланыс қалыптастырудың кепілі (38,32-6).
Қылмысты ашу, әрқашан ең алдымен дер кезінде және тыңғылықты
жүргізілетін оқиға болған жерді қарау жұмыстарына байланысты. Оқиға болған
жерге дер кезінде шығу және оқиға орнын қарау қылмыс болғандығы туралы
хабарламадан кейін дереу жүзеге асырылуға тиіс. Кешеуілдетпей жүргізілетін
оқиға болған жерді қарау қылмыскер әрекетінің нәтижесінде қалдырылған
барлық заттай өзгерістерді бірден тағайындауға мүмкіндік береді. Оқиға
болған жерде жүргізілетін сапалы қарау жұмыстары қылмыскерлерді әшкерлеуге
пайдасын тигізетін ақпараттар туралы барынша толық мағлұматтар
жинауға мүмкіндік береді. (19,17 б).
Оқиға болған жерді қараудың мақсаты:
а) оқиға болған жердің жағдайын толық оқу мен есепке алу.
б) заттай дәлелдеме, іздерді есепке алу, т.б. жұмыстарды жүргізу.
в) іске байланысты маңызы бар барлық нақты мәліметтерді бекіту
(оқиға болған уақыты, оқиғаның орындалу механизмі)
г) жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін қажетті мәліметтер алу.
д) дәлелдемелердің тың көздерін ашуға байланысты мәліметтер алу.
е) оқиға болған жердегі жағдайды анықтауға байланысты шақырылатын
қысқа келісім және оқиға мен оның қатысушылары туралы анықтама бекіту.
Жоғарыда аталған оқиға болған жерді қарау барысында анықталуға тиіс
жағдайдар тергеу жұмысы барысының барлық кезеңдерінің түпкілікті мақсаты —
жағдайды толық анықтап, қаралып отырған оқиғаға байланысты барлық
дәлелдерді — оқиғада қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау
болып табылады.
ҚРҚІЖК-ң 222-бабы бойынша оқиға болған жерді қарау ережелерінің
негізгілері:
1) оқиға болған жерді қарауды тергеуші дербес жүргізеді, егер мұндай
жағдай мүмкін болмаса, арыз немесе хабарлама түскен анықтау органының
анықтаушысы немесе орган қызметкерлерінің жетекшісі жүргізеді.
2) міндетті түрде куә ретінде бөгде адамдарды қатыстыру;
3) аса қажет болған жағдайда криминалды полиция жұмысшыларын
қатыстыру (оқиға болған жерді күзету, қылмыскердің ізіне түсу мен қылмыстың
ізін суытпай алу, кешеуілдетуге болмайтын жедел-іздестіру шараларын
жүргізу).
4) Оқиға болған жерді қарау барысында қандай болмасын қосымша
жағдайларды анықтау үшін күдіктіні, кінәліні, жәбірленушіні және мамандарды
қатыстыру жұмыстары.
Егер оқиға мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікке зиян келтірумен
байланысты болған оқиға болған жерді қарау барысына мүліктік иелігінде
болып табылатын, мүліктік жауапкершіліктегі жақтар қатысады.
Оқиға болған жерді қарау барысында тергеуші оқиға болған жерді
қараудың тактикалық ережелерінің төмендегідей қатарын сақтауға міндетті:
1. оқиға болған жерді қарауды жанды, жан-жақты толық
және жоспарлы түрде жүргізуге;
2. оқиға орнын қарау нәтижесінде ашылуға тиіс барлық сұрақтарға
жауап алу;
3. іске байланысты қатысы бар барлық жағдайлар мен алынған іздерді
қажетті нұсқада тізімге алу, өзгерістер мен фактілерді толық
зерделеу мен осы мақсатта техникалық құралдарды кең көлемде жеке ұтымды
пайдалануға;
Тонауға байланысты оқиға болған жерді қарау жұмыстарын жүргізу басында
жұмысты жан-жақты, толық жүргізу үшін тергеуші келесі сұрақтарды шешуге
міндетті:
1. Оқиға болған жер қандай, ерекшеліктері мен осылар негізінде оқиға
орнын қараудың қандай ретін бекіту тиімді, қалыптасқан жағдайға
байланысты?;
2. Тергеуші келгенге дейін оқиға болған жердегі жағдайларды бұзу мен
өзгертулер болдыма, болса кіммен және қандай мақсатта ұстеді ?;
3. Оқиға болған жерде қандай іздер, заттай дәлелдер бар?
Оқиға болған жерде әрекетке тән сипаттар барма?
4. Қылмыс қашан жасалған?
5. Қылмыс осы орында жасалған ба?
6. Жәбірлеуші кім, ол оқиға болған жерге қалай тап болды?
7. Қылмыскерлер қанша уақыт әрекет етті?
8. Қылмыскерлер оқиға болған жерге қандай жолмен, қалай, немен
келді?
9. Қылмыскерлер не істеді және қалай, қай жерге қалай барды, қандай
құралдарға, заттарға жанасты?
10. Қылмыскерлер оқиға болған жерде неше уақыт болды?
11. Қылмыскерлер оқиға болған жерден қандай жолмен, қалай кетті?
12. Қылмыскерлермен не тоналды?
ІЗ.Қылмысқа себеп болған жағдайлар (көрсетілімдер) қандай?
14. Қылмыскердің жеке басын анықтауға себепті көрсетілімдер мен
сипатаулар? (28,11-12 б)
Тонаумен ұштасқан қылмыстардың орнын қарауда мүмкіндігінше
жәбірлеушіні немесе куәлерді қатыстыра отырып жүргізу тиімді. Бұлардың
қатысуы қылмыстың осындай категориясына байланысты оқиға болған жерді қарау
барысында тергеушіге, шабуыл жасау қай жерде, қалай болғандығы мен
болашақта тергеушінің жұмысына қиындық тудыратын көптеген сұрақтардың нақты
жауабын береді.
Оқиға болған жерді қарауды бастамас бұрын тергеуші жәбірленуші мен
куәгерлерден жауап алу арқылы — шабуылдың қалай жасалғандығы туралы толық
мағлұмат алады.
Егер шабуыл ашық алаңқайда жасалған болса, (тонаудың кәбісі көшеде,
елсіз жерде, парктерде) онда адамның, жануарлардың, транспорт құралдарының
ізін іздестіруден басталады. Бұлардың іздерін анықтау қылмыскерлердің
санын, қозғалыс бағыттарын, транспорт құралдарының түрін анықтауға
мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер шабуыл жасаушының жеке басын дәл
анықтауға көмектеседі. Егер шабуыл жабық жерлерде жасалған болса, оқиға
болған жерде қолданылатын саусақ іздерін іздеу керек, Бұл болашақта
қылмыскердің жеке басын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұзып
кіруде қолданылған құрал ізін табу қажет, бұл іздер қылмыскерлердің ішке
қай жерден кіргендігін анықтап қоймай, криминалистикалық сараптама
жүргізілгеннен кейін бүзу құралын табуға мүмкіндік береді.
Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскер мен жәбірлеушінің
арасындағы арпалыста ұмыт қалдырылған немесе лақтырылып тасталған құралдар
мен заттарды табуға баса назар аударылуы керек. (12, 206). Мұндай заттарға
түймелер, бас киім, қолғап, шылым қалдықтары, бұзу құралдары т.б. жатады.
Алмалы ІІБ-ның жұмыс практикасында мынандай оқиға орын алған:
қылмыскерді ұстап, анықтауда оқиға болған жерде
қалдырылған күртекшенің түймесін қылмыскерді тінту барысында
алынған оның күрткесінен үзілгендігі анықталған.
Кейде қылмыскер тонау барысында өзінің үстіндегі киімдерін шешіп оқиға
болған жерге қалдырып, өзі тоналған киімдерді киіп кету оқиғалары
кездеседі. Мұндайда табылған киімдерді мұқият қарау керек, кейде оның
қалтасынан қылмыскердің жеке басын куәландыратын, айғақтар табылуы мүмкін
(квитанция сияқтылар), шаш талшықтарын табудың маңызы зор. Өйткені
криминалистикалық экспертиза жүргізу нәтижесінде табылған шаш пен
шаштарының ұқсатығын анықтауға болады. Бұл дәлелдеулер іске байланысты
қосымша мағлұмат береді.
Қылмыскерді табуда үлкен мәлімет беретін тағы бір жағдай — оқиға орнын
қарау барысында табылатын аяқ киім. Оқиға болған жерде қылмыскер қалдырған
киім, аяқ киім тағы басқа құралдарды полиэтилен қаптарға салып, жабылған
күйінде сақтау қажет, өйткені күдіктіні ұстаған жағдайда оның заттары мен
оқиға орнынан алынған заттарды салыстырумен олардың ұқсастығын дәлелдеуде
қызметтік иісшіл иттер көмегімен анықтауда үлкен себебін тигізеді. Оқиға
болған жерді қарауда оқиға болған жердің айналасымен тек сол жерді қараумен
шектелуге болмайды. Тергеу практикасы қылмыстық іске қажетті заттай
дәлелдердің оқиға болған жерден едәуір қашық жерлерден табылатындығын
дәлелдейді.
Оқиға болған жерді қарауды түгелдей немесе таңдап алып қарау әдістер
қолданылады. Түгелдей қарау әдісі бойынша жұмыс жүргізгенде, қаруға тиіс
аймақты жеке учаскелерге бөледі және әрқайсысының шекарасы қатаң
көрсетіледі де, әр участкені тиісінше мұқият қарайды. Таңдап алып қарау
әдісі бойынша жұмыс жүргізу іздер мен заттай дәлелдер белгілі бір орында
жинақталуы мүмкін деген болжам болғанда жүргізіледі.
Оқиға болған жерді қарау барысы бойынша, тергеуші қарау нәтижесінің
негізі болып табылатын хаттама жазады.
Оқиға болған жердегі жағдай фотоға түсіру арқылы және оқиға болған
жерді қарауды жоспарлау жолымен есепке алынады. Тонау мен қарулы шабуыл
жасауға байланысты оқиға болған жерді қарау хаттамасында тек оқиға болған
жердегі өзгерістермен дәлелдері ғана емес, оның қоршаған айналаға қатысты
жағдайын да толық көрсету керек (жақын маңайдағы елді мекеннен қашықтығы,
көрші ғимараттар мен көрші үйлерге қатысты ара қашықтығы т.б.). Мұндай
жоспарлы жұмыс — шабуыл жасау жағдайын толық анықтауға мүмкіндік береді.
(34,31 бет).
Тонау қылмыстары бойынша тергеушінің жүргізуіне тиіс алғашқы
жұмыстарының бірі — жәбірлеуші мен куәлардан жауап алу болып табылады.
Кәулар мен жәбірленушілерден жауап алу жұмыстары мен жәбірленушінің
киімдерін соттық-медициналық сараптама жасап, куәландыру, шабуыл жасау
нәтижесінде жәбірленуші қандай да бір зардап шеккенде тағайындалады.

2.2 Жәбірленушіден жауап алу мен куәландыру

Жәбірленушіні куәландыру - оның денесінде қалдырылған қылмыс іздері
мен басқа да белгілер іске қатысты маңызды орын алғанда және бұлар бойынша
соттық-медициналық сараптама жүргізудің қажеті болмаған жағдайда
жүргізіледі. (ҚРҚІЖК 226-бап).
Тонау барысында қылмыскер мен жәбірленушінің арасында күрес болуы
мүмкін, осының нәтижесінде жәбірленуші дене жарақатын алады. Көбіне
жәбірленушіні ұрып-соғу жағдайлары кездеседі. Куәландыруға жәбірленушімен
қатар күмәнді адам да тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттың сипаты
есепке алынады және масштабты суретке түсіру әдісімен суретке түсіріледі.
Егер куәландыру барысында жәбірленушінің денесінен қылмыскер қанының
қалдықтары табылатын болса немесе басқа да қылмыскер қолымен қалдырылған
іздер (май, топырақ, ластық) табылса мақта немесе дәкемен мұқият сүртіліп
алынып, сараптамаға жіберіледі. Жәбірленуші денесінде күш көрсету мен
қарсыласу нәтижесінде қалдырылған іздерді табу, оқиғаға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Криминалистика пәнінен дәрістер
Қорқытып алу қылмыстары
Қорқытып алу қылмыстарын тергеу
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Пәндер