Орыс философиясына жалпы сипаттама



Мазмұны

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1 Орыс философиясына жалпы сипаттама. Кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Лев Николаевич Толстойдың орыс философиясына қосқан үлесі. Сенім категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.3 Орыс философиясының көрнекті өкілі . В.С. Соловьев. Ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4 Н.А Бердяев философиясының басты категориясы . Адам мәселесі..12
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Орыс философиясына жалпы сипаттама.
Кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ..4
2. Лев Николаевич Толстойдың орыс философиясына қосқан үлесі. Сенім
категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 6
3. Орыс философиясының көрнекті өкілі – В.С. Соловьев. Ұлттық эгоизмнен
бас тарту
идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 9
4. Н.А Бердяев философиясының басты категориясы – Адам мәселесі..12
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .16

Кіріспе

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі –
Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты
болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне
аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы
күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы
мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең,
интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс
философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды.
Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең
ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский,
А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси,
материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі
танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің
өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми
зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қаласында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы
ойымыздың жақсы дәлелі.
 XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық
қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты
бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына
орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық
зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар
қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен
философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық
өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым
шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған
Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер
еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен
Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты.
Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды.
Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет
Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық
сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.

2.1 Орыс философиясына жалпы сипаттама. Кезеңдері

Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс
мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу кеңістігінде орын тепкен.
Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін
қалыптасқан, ал XIX ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете
бастаған.
Орыс мәдениеті өзі үшін ыңғайлы жағдайды, сонымен қатар, бұзылуды да
зорлық ықпалды да басынан кешірген. Соған қарамастан өзіндік реңі, келбеті
бар мәдениетті жасай алған, оны не батыстық, не шығыстық типке бірден
жатқызу қиын. Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым,
бірақ оларды біріктіретін, бір – біріне етене жақын ететін негіз де болған.
Төртіншіден, өзінің дамуында ұзақ уақыт артта қалушылық пен қуып
жетушілікті басынан кешіргендіктен, Ресей бөтен идеялар мен үрдісті тез
қабылдауға ғана емес, оны өз жағдайына лайықтап өзгертуге, дамытуға
мүмкіндік беретін сирек қабілеттілікке ие болды. Бесіншіден, орыс қоғамына
әруақытта үлкен қиыншылық қақтығыс, кенеттен жарылыс жағдайы тән. Мұның
бастапқы себептері - өкімет билігінің жоғары болуы, дін мен партия
идеологиясының диктаты, тұрақты, епетейсіз мемлекеттік машинаның үстемдігі.
Сондықтан еркіндіктің дамуы үшін маңызды сала – рухани сала болды.
Орыс философиясының дамуында мынадай ерекше тарихи кезеңдер болған.
1 кезең – Ресей философиялық ойлауының қалыптасуы мен дамуы – XI-XVII
ғасырлар.
2 кезең – орыстың қайта өркендеу философиясы – XVIII-XIX ғасырлардың басы.
3 кезең – XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы философия
4 кезең – кеңес дәуіріндегі орыс философиясы

Орыс философиясы батыста қалыптасқан эмпиризм, рационализм,
идеализм сияқты философиялық ағымдар ықпалынан тыс өзіндік жолмен ерекше
сипатта дамыған. Сондықтан оның мағыналық жүйесінде батыс адамына
түсініксіз кейбір мәселелер де кездесіп отырады.
Орыс философиясына мынадай ерекшеліктер тән:

➢ діни ықпалдың, әсіресе православие ықпалының молдығы;
➢ философиялық ойлар мен ізденістердің көркем шығармашылық, әдеби сын,
публицистика, өнер түрінде берілуі;
➢ біртұтастық, яғни орыс ойшылдарының бәрлігі дерлік жеке проблемамен
емес, өзекті мәселелердің кешенді жүйесімен айналысқан;
➢ мораль және адамгершілік мәселелерінің үлкен маңызы;
➢ нақты;
➢ көп адамдарға таныстығы.
➢ Орыс философиясының пәнінің негізін қалаған мәселелер:
➢ адам мәселелері;
➢ ғарыштық (ғарышты біртұтас бірыңғай организм ретінде қабылдау);
➢ Шығыс пен Батыс арасындағы Ресейдің өзіндік тарихи даму жолын таңдау
мәселесі;
➢ билік мәселесі;
➢ мемлекет мәселесі;
➢ әлеуметтік әділеттілік мәселесі;
➢ идеалды қоғам мәселесі;
➢ болашақ мәселесі.
Орыс философиясының алғашқы дәуірі IX – XIII ғасырларды қамтиды.

Оның негізгі мәселелері:

➢ моральдық және адамгершілік ұстанымдар;
➢ христиандық дінді түсіндіру, оны пұтқа табынушылықпен, байланыстыру;
➢ мемлекет, құқық, табиғат мәселелері.
Бұл дәуірде философияны дамытқан көрнекті өкілдер – Иларион, В.Мономах,
Климент Смолятич, Филипп Пустынник.
Иларион Ізгілік пен Заң туралы сөз деген еңбегінде христиандық сенім,
оның Ресейдің тарихындағы маңызын жан – жақты қарастыра отырып, қасиетті
дүние құдыретінің сәулесін асқақтату және орыс жерінің қоғамдық - әлемдік
процеске қосылғандығының тарихи – құдайлық идеясын дамытады.
Владимир Мономах ізгілік пен зұлымдық, ерлік, адалдық, тұрақтылық сияқты
моральдық сұрақтарды талдап, кейінгі ұрпаққа өмір сүру кодексін ұсынады.
XIII – XVII ғасырларды орыс философиясында орыс руханилығын сақтау,
қорғау, мемлекет құрылымы, таным мәселелері зерттелді. Бұл дәуірде Сергий
Радонежский (XIV ғ.), Философий (XVI ғ.), Максимилиан Грек (1475 - 1556),
Андрей Курбский (1528-1583), Нил Сорский, Юрий Крижанич (XVII) сияқты
ойшылдар өмір сүрді. Осы уақытта Мосвка – үшінші Рим идеясы және шіркеуді
жетілдіру, дін мен адамгершілік ұстанымдардың өзара қарым – қатынасы
мәселелері зерттелген.
XVIII ғасырда орыс философиясы екі негізгі бағытта дамыған:
- Петр реформаларының дәуіріндегі философтар;
- XVIII ғасырдың ортасындағы және екінші жартысындағы философия.

2.2 Лев Николаевич Толстойдың орыс философиясына қосқан үлесі.

Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде
біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып
келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі
әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл
пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек
жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения.
М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек
болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның
философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып
отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-
шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін
талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін
санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің
мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің
мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір
сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа
бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар
жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы
мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі – Исповедь (Жан сыры
немесе Тәубе, еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл
еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің Исповедь Блаженного
Августина, епископа Гиппонского еңбегінің ізімен жазылғаны күмән
тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы
сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге
осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы
ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы Не үшін өмір сүрдім? деп
қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен
айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-
ын жазушы оте дәл суреттейді: ...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым.
Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір
мені тойдырды – одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта
алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым.
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе – осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын
оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде -
сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани
күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық
тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға
жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен
айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның
жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін
көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам
өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі
толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер
әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына
душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар
бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті
төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия
ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі
шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған
белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс,
күш береді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға
жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы
ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген мәңгілік сұрақ
екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы
салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру
салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы
оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай төрт топқа беледі:
1) Ештеңе білмеу жолы – өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін
білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-
қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас,
өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
2) Эпикур жолы – өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің
пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолы – өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою
керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше
бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат
иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы – өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп
өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп
ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте-
удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас-
тары анық.
Л.Толстойдың өзі өмір мәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше-
шеді: Менің ойымша, өмірдің мәні – сенім. Сенім адамға күш береді. Сенім
категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды.
Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді,
өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты
қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой
үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім
арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн
біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл
діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам
әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті
мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп
қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет нәрсенің бәрін бере салған, ал ада
көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай
еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған
еңбекті жоғары бағалайды.
Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын
ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі – махаббатқа деген сенім: Адам
өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім – махаббат, оны адамдардың
бәрі біледі. Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: ...адам
жанының ең басты қасиеті – сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу
үші сүю. Осындай махаббат – адам өмірінің мәні.
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу,
өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен
кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі
заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине,
әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық
табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ
өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы
мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің
мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін
де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы
жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол – махаббат. Толстой
адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс
екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы
пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл
адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға
мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп
есептейді.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты
түсінеді,көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың жануарлық
өмір сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді. Күйбең тіршілік
ағымына ермей, материалдық байлықтан рухани байлықты жоғары қоя білген адам
ғана мәнді өмір сүруге ұмтылады, ақыл-ой, парасат биіктігіне жетеді,
өмірден өз орнын таба алады. Рухани дүниесі мықты адамның өмірі де жақсы
өтеді, сондықтан ол өлімнен де қорықпайды. Осының бәрін Толстой санадагы
өзгерістермен түсіндіреді. Оның өмірдегі өзгерістердің ешқайсысы санадағы
өзгерістермен теңдесе алмайтындығы туралы ойы аса құнды. Ұзақ жылдар бойы
Тұрмыс сананы билейді қағидасымен өмір сүрген біздің қоғамға бұл пікір
таңсық керінуі де мүмкін, бірақ қоғамды, адамды өзгерту үшін сананы
торбиелеудің маңызы зор екендігін мойындау қажет. Белгілі қазақ зиялылары
Ә.Бөкейханов. А,Байтұрсынов, М.Дулатовтар да ғасыр басында осыны қайта-
қайта ескертіп, қоғамды төңкеріс жолымен емес, адамдардың санасына ықпал
ету арқылы өзгерту жолын ұстануға ұмтылған екен.
Л.Толстойдың өмірдің мәнін адамгершіліктен іздеуін өз замандаста-рының
көбі бағалай білмеді, бірақ оның ізденістері сол кездегі қоғамдық ойға.
кейінгі Батыс экзистенциализміне мықты әсер етті. Жазушымен хат алысып
тұрған қазақ ойшылы Шәкәрімнің көзқарастарына да орыс жа-зушысының
өмірмәндік толғаныстары әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы ретте Л.Толстойдың
езі өмірдің мәнін тапты ма? деген сұрақ туындайды. Өмірмәндік мәселе
философияда мәңгілік, шексіз мәселелер қатарында аталады. Себебі, ол
адамды өмір бойы мазалап, бір кезеңдерде күшейіп, енді бірде бәсеңдеп
отырады, оның нақты, түпкілікті шешімін табу мүмкін емес. Ұлы жазушының
бүкіл өмірі мәнді өмірдің үлгісі десек те, өз өмірі оны қанағаттандырмады.
Өмірдің қиын кезеңдерін бірге өткізген жүбайы Софья Андреевнаға да,
балаларына да көңілі толмалды. Өмірін сараптай келіп, алаңсыз балалық
шағынан басқа сәттерінен басқа мән таба алмай, өмірінің босқа өткеніне
өкінеді. Бұл пікірімізге оның өмірінің соңғы кезеңдерінің оқиғалары дәлел
бола алады. Өлімі жақын даған сайын өмірден түңіліп, көзі тірісінде бүкіл
әлем мойындаса да, қоғам, дос-бауыр, жақын-жұрағат тарапынан түсіністік
таба алмаған Толсой өзінің Иван Ильичтің өлімі әңгімесінің кейіпкері Иван
Ильич сияқты тән ауруынан жан ауруы басымырақ болып, Осы мен қалай өмір
сүрдім? деп қиналды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдиниеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Орыс философиялық ойлары
Ахмет Байтұрсынов дүние танымының қалыптасуы
Ғылым және ғылым философиясы
Тарих философиясының пәні
Тарих философиясы туралы
ХХ ғасырдың басында капитализм
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Пәндер