Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Негізгі бөлім 1.BDE Administrator
2.Database desktop ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3.Компоненттер палитрасы ... ... ... ... ... ... . 5
2.2. FTP хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. РРР хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру.. 8
3.1. Электронды почта қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.2. Телеконференциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

4. Web парақ құру, оны интернетте Web .side түрінде көрсету ... ... . 13

5 World Wide Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
5.1Web жүйесімен қатынас құру және World Wide Web. те ақпаратты іздеу ... . 18
6. Интернетте ақпаратты берудің қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... 22
6.1.Клиент қауіпсіздігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
6.2. Сервер және брандмауэр қауіпсіздігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

7. Internet Explorer дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
7.1. Internet Explorer дегі қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
А. Web параққа кестені және графиканы қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1.BDE
Administrator ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.Database
desktop ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3.Компоненттер палитрасы ... ... ... ... ... ... . 5
2.2. FTP хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. РРР хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

3.
Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру.. 8
3.1. Электронды почта қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.2. Телеконференциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

4. Web парақ құру, оны интернетте Web –side түрінде көрсету ... ... . 13

5 World Wide Web ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
5.1Web жүйесімен қатынас құру және World Wide Web- те ақпаратты
іздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 18

6.
Интернетте ақпаратты берудің қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... 22
6.1.Клиент қауіпсіздігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
6.2. Сервер және брандмауэр қауіпсіздігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

7. Internet Explorer дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
7.1. Internet Explorer дегі қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 31
А. Web параққа кестені және графиканы
қосу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

1993 жылы эксперттер тобы Европалық Одақ тапсырысы бойынша Европа
және Ғаламдық ақпараттық қоғамдастық атты материал дайындады.Бұл материал
ақпараттық және комунникациялық технологиялар-жаңа өндірістік революцияны
алып келді деп айтылады.Бұл революция ақпарат негізінде ,ал технологиялық
мүмкіндіктер адамның иетелектуалдық мүмкіндіктерін ұлғайтады және адамзат
қауымдастғының байланысы мен өміріне, біріккен жұмысына өзгеріс енгізеді.
Мінездемелерде мұндай технологияларға мысал ретінде Іnternet компьютерлік
жүйесінің ғаламдық қауымдастығын келтіруге болады.
Бүгінгі күнде естілуі ұқсас екі термин қолданылады-іnternet және
Іnternet.іnternet термині-TCPІP хаттамалатобы тобы негізгі пайдаланылатын
мәліметтерді алмасу технологияларын түсіндірсе, ал Іneternet-Әлемдік
тораптардың ғаламдық қауымдастығы,олар мәліметтер алмасу үшін іnternet-ті
пайдаланады.Іnternet өз бастауын көптеген жаңа технологиялар сияқты, АҚШ-
тың қорғаныс жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған әскери бағдарлама
ретінде басталды.
Ядроллық қаруды тәжірибеден өткізген елге мәліметтерді берудің сеімді
жүйесі қажет болды.1964 жылы RAND өзінің ұсыныстарын жариялады,оның мазмұны
мынадай: 1) ол орталықтанған болмауы керек. 2) ол жеке сегменттерден тұрыу
керек. Осылайша жүйенің әр-бір түйіні басқаларынан тәуелсіз болады және
мәліметті қабылдауда немесе беруде өзі жауап береді. Ақпараттық алмасудың
негізінде пакеттер коммуникациясы принципі жатыр.Әр-бір ақпараттық хабар
пакет деп аталатын бөліктерге бөлінеді, әр-бір пакет адреспен қамтамасыз
етіледі. Пакеттер торап арқылы беріледі және алушы-түйініндегі хабарға
жинақталады. Пакеттердің қандай да біреуі жоғалып қалуы мүмкін, бірақ
хабарламалар толығымен адресатын табуына мүмкіншілігі бар. Бастапқы кезден-
ақ ақпаратты беру немесе қабылдау кезінде байланыстың түрлі каналдары
пайдаланылуы мүмкін екндігі белгілі еді(радио, телефон,ажыратылған линиялар
және т.б.). 60-ші жылдардың басында пакеттер коммуникациясы негізінде
RAND,Масачусецтік Технологиялық Институт және Калифорниялық Университет
бірікті. 1968 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективалық
ізденістер Агенттігі қорғаныс,ғылыми немесе басқарушылық орталықтардың
суперкомпьютерлерін бір жүйеге бірктіріп, оған ARPANET деген ат берді.1969
жылы жүйде төрт компьютер болса, 1971 жылы-он төрт, ал 1972 жылы-отыз
жетіге жетті.
70-ші жылдар-Іnternet технологиясының өсу процесімен көзге түседі.
Сонымен қатар тораптың негізгі салмағы есептеуге емес, коммуникациялық
хабрларға кететіндігі мәлім болды(почта және хабарлар).Бұл электрондық
почта және телеконференция жүйесінің дамуына алып келді. Осы жылдары
мәліметтер алмасу технологиялары жетілдіріліп жатты жатты және APARNET-тің
бірінші хаттамаларының орнына “ Transmіssіon Control Protcol” және
”Іnternet Protocol” деген жаңа стандарттар келді(1982 жыл). Біріншісі
ақпараттық хабарламалардың пакеттер және оны тарату әдістерін көрсетсе,
екіншісі жүйедегі адресацияны басқарады. Бұл екі хаттама жүйеаралық алмасу
хаттамалар тобына Іnternеt шеңберінде жасалған-ТСРІР хаттамалар тобы деген
ат берді.
1977 жылы ТСРІР-ді басқа компьютерлік тораптар да APARNET-ке қосылу
үшін пайдалана бастады, дегенмен 1986 жылы Іnternet әлі Іnternet емес еді.
1984 жылдан бастап АҚШ-тың Ұлттық ғылыми коммитеті NSFNET ғылыми
компьютерлік торабына ақша аудара бастады.Бұл торап өзінде ғылыми
орталықтар мен АҚШ университеттерін біріктірді.Тораптың негізі ретінде
TCPІP хаттамалар тобы таңдалды.Бұл уақытта NSFNET-ке NASA,DOE және
Natіonal Іnstіtute of Health та қосылды. 1986 жылдан бастап АҚШ-та Іnternet
ғаламдық компьютерлік торабының қалыптасуы жөнінде айтуға болады.
1989 жылы APARNET-тің соңғы жылы болды. APARNET басшылығы NSFNET
жобасына кіре алмайтындығы туралы шешім қабылдады. Сондықтан Іnternet-тің
дамуы APARNET-сіз жалғасты.
1989 жылы Атлантиканың екінші жағалауында Іnternet үшін басқа
маңызды оқиғалар болды-RІPE (Reseaux ІP Euruopeans) құрылды. Ол Европада
Іnternet-ті басқару мен техникалық координациялауды қамтамасыздандыруға
арнап жасалды.
Қазіргі кезде Іnternet тораптары Іnternet Socіety-дің
мәліметтері барлық континеттерде 1994 жылдың маусымында 3212000 хост пен
46000 доменді біріктірді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ
Сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңызға байланысты Internet-ке қосылудың
бірнеше тәсілін таңдауыңызға болады. Белгілі бір уақыт шамасында берілуі
мүмкін болатын мәліметтр көлемі сіздің таңдаған қосылу тәсіліңізге
байланысты болады. Мәліметтердің берілуі мүмкіндігін қосылудың
өткізгіштік қасиеті десек те болады ( band width).
Internet-ке қосылудың екі түрі бар: cеансты (dial-up) және тікелей
(direct) қосылу арқылы жүзеге асады. Сеанстық қосылу модемнің көмегімен
болады. Мұнда қосылу сервис-провайдердің модемінің кәдімгі коммутирленген
телефон желісі арқылы жүзеге асады, одан әрі байланыс орнатылады және
TCPIP хаттамасын пайдалану арқылы мәліметтердің берілуі басталады.
Internet-ке тікелей қосылу кезінде сервис-провайдердің түйінімен бірге
ажыратылған байланыс желісі пайдаланылады.
Сеанстық қосылу. Сервис- провайдермен келісім шартқа отырып және
сеанстық қосылу режиміне мүмкіндік алып (dial-up Internet account),модемнің
көмегімен сервис-провайдер телефон нөмірімен байланысасыз.Модеммен
байланысқаннан кейін сіздің компьютер жүйеге кірудің әрекетін орындайды,
содан кейін TCPIP хаттамасы бойынша компьютерлер арасында ақпарат алмасу
басталады.
Тіркелу кезіндегі және жүйеге кіру кезіндегі әрекеткрді сервис-
провайдер анықтайды. Әдетте бұл әрекеттер файл- сценарияның көмегімен
(script file) автоматизацияланады.
РРР (Point to Point Protocol) хаттамасы және SLIP (Serial Line
Internet Protocol, Internet хаттамасы жүйелі желілер үшін) хаттамасы
TCPIP- ді сеннтық қосылуда пайдалануға мүмкіндіе береді, тексттік
режимнің эмуляциясында емес. Хаттаманың екеуіде бір опрерацияны
орындағандайды, РРР хаттамасы жетілдірілген және қосымша мүмкіндіктерге
ие. Сервис- провайдердің көпшілігі осы хаттамаменжұмыс істегенді қалайды
Тікелей қосылу. Internet-ке қосылудың тағы бір маңызды әдісі
тікелей қосылу болып табылады (direct Internet connection). Тікелей
қосылуды әдетте Ірі фистер мен компаниялар пайдаланады. Олар өздерінің
ішкі жүйелерін Internet-ке қосуды көздейді. Дегенмен бұл өте қымбат тұрады.
Тікелей қосылу ажыратылған телефон желісінің кепілдендірілген
мәліметтерді беруді жүзеге асыратын , сіздің офисіңізді байланыстыратын
сервис-провайдердің түйіні негізінде жұмыс істейді. Желінің өткізгіштік
қабілетіне байланысты компания телефонының абрненттік төлемі айына жүзден
бастап мыңдаған долларға жетеді. Сонымен қатарай сайын сервис провайдердің
қызметін де төлеп тұру керек. Бұл аз ақша емес. Бұған тағы байланыс үшін
жүйелік аппараттық қамтамасыз етудің құнын қоссақ, кіші грім компаниялар
және жеке тұлғалар бұл қосылудың түрін пайдалана алмайды.
Тікелей қосылудың артықшылықтарын ай татын болсақ, біріншіден
Internet-пен байланыстың тұрақты каналын қамтамасыз етеді, бұл жоғары
жылдамдықта мәліметтерді көшіріп алуға мүмкіндік береді , сонымен қатар
компьютерлер жүйесінің толық IP- адресін алуға мүмкідік береді.

2.ХАТТАМАЛАР

Желі өміршең болуы үшін оның компьютерлер арасындағы мәлімет алмасу
ісі қабылданған жалпы стандарттар негізінде жүргізілуі керек.
Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және
қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жифны хаттама деп аталады. Түрлі-
түрлі компьютермен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған
программалардың өзара сәйкес түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар
жүзеге асырады.
Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі.
Базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез
келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға
жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін
болғандықтан, олар көбінесе бірге жазылатын TCPIP (Transmission Control
ProtocolInternet Protocol-тасымалдауды басқару хаттамасыжелі аралық
хаттама) терминімен белгілейді
Интернет TCPIP хаттамасын пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын
мәліметтерді қалай пәкеттерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын,
қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын,
мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де
басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізінде TCPIP
хаттамасы мен біртұтас IP-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке
желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да
тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады;
Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде болып саналады, бұлар
Интернеттің арнайы қызмет баптарының HTTP (Hyper Text Transfer Protocol-
гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP (File Transfer
Protocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан
қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP3 тәрізді
хаттамалар, т.б. жұмысын қамтамасыз етеді
FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау
мүмкіндігін береді. Ол ең “ежелгі” қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК
тұтынушылардың ең алғашқы талаптарының бірі-осындай қызықты программалар
мен құжаттар алмасу болатын.
Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады.

2.1. TCPIP хаттамасы, оның қолданылу мақсаты.

70- ші жылдардың ортасында АҚШ-тың қорғаныс Департаменті (U.S.
Departament of Defense) ведосмтвалық ұйымдарда электрондық коммуникац-
иямен байланысты меселелер туындағаны жөніндегі шешімге келді.
Департамент,ізденістік лабороториялар, университеттердің қызметкерлері
арасында хабарлардың үлкен ағымын алмасу кезінде қиындықтар туындады. Әр
түрлі мекемелер әр түрлі өндірушілердің әр түрлі операциялық жүйелерді
орындайтын компьютерлерін пайдаланды. Бұдан келе сұрақ туды :бұлар
арсында ақпарат алмасуды қалайша мүмкін етуге болады?
Перспективалық ізденістерді дамыту Агенствасы ARPA ( Advanced
Research Projects Agency)- ға әр түрлі топологиялар мен құрылғыларды
пайдаланатын жүйелер байланысы мәселесін шешу тапсырылды. ARPA
университеттер жәнекомпьютер өндірушілер арасындағы қарым- қатынасқа
коммуникация стандарттарын жасап шығарды. Бұның нәтижесінде төрт мықты
түйіннен тұратын жүйе құрылды. 70-ші жжылдары бұл жүйеде TCPIP-ге негіз
болатын жаңа базалық хаттама пайдаланылды.
Internet-те сіз жұмысыңызға браузердің қандай версиясын
пайдаланудан тәуелсіз, олардың барлығы TCPIP хаттамасын қолдайтын
программалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Осылайша TCPIP хаттамалар
тобы –бұл Internet-тегі компьютерлердің арасыдағы “ қатынас тілі” болып
табылады.

2.2.FTP хаттамасы.

FTP – бұл file transfer protocol дегеннің қысқартылған, файлдарды беру
хаттамасы- бұл тексттік және екілік файлдарды қабылдайтын және жіберетін
Internet хаттамасы. FTP хаттамасы – бұл әдетте файлдарды файлдардың
архивінен алу үшін пайдаланылады. Өткен бірнеше жылда Internet-те
көптеген FTP түйіндері пайда болды.
Аппараттық құрылғыларды өндірушілер және программалық қамтамасыз
ету үшін FTP-түйіндерінұйымдастыру жолға қойылған. Бұл ҒТР- түйіндерінде
клиенттер тегін енгізе алатын программалық қамтамасыз етудің, аппаттық
құралдарды қолдауи драйверлерінің соңғы нұсқалары сақталады.
ҒТР түйіндері аппараттық және программалық құралдарды сатып
алушыларды қолдауға арналған және олар кең көлемде жарнамаланады.
Сондықтан пайдаланушылар бұл туйінде сақталатын ақпаратты Internet-тен
тауып алуына болады.1990 жылы Питер Дйеч, Билл Хилан және Элан Эмтидж
Archie деп аталатын программа ойлап тапты. Бұл ҒТР түйіндеріндегі
файлдарды іздеуге арналған.

2.3 РРР хаттамасы (Point to Point Protocol)

PPP-SLIP-тен кейін шыққан, әлдеқайда жас хаттама. Бірақ олардың
қызметтері бірдей-ерекшеленген немесе коммутацияланған байланыс жүйелері
арқылы берілетін мәліметтерді басқару. RFC-1661-ге сәйкес, тораптағы екі
түйіннің стандартты қатынасын қамтамасыз етеді. Бір уақыттың өзінде екі
бағытта мәлімет беру ұйымдастырылады деп саналады. SLIP-тегідей, мәліметтер
пакеттер деп аталатын фрагменттерге бөлінеді. Пакеттер бір түйіннен екінші
түйінге ретпен беріледі. SLIP-тан айырмашылығы РРР бір уақыттың өзінде
байланыс жүйесі арқылы әр-түрлі хаттамалардың пакеттерін жібере алады.
Бұдан бөлек, PPP байланысқан екі жақтың да автоконфигурация процессін
жорамалдайды. PPP негізінен үш бөліктен тұрады: инкапсуляция механизмі
(encapsulation), байланысты басқаратын хаттама (link control protocol),
және жүйені басқаратын хаттамалар тобы (network control protocol).
Шет тілдер сөздігіне сүйенсек, ”инкапсуляция” термині “құрылымы
жергілікті емес дененің айналасында қабықтың (капсуланың) пайда болуы”
деген мағынаны білдіреді. Жүйеаралық мәлімет алмасу туралы айтқанда, бұл
термин жиі қолданылады. Мысалы: ІР-ді Х.25-ке инкапсуляциялау. Инкапсуляция
түрлі жүйелік (жүйеаралық алмасу хаттамалары,мысалы ІР) хаттамалардың бір
мәліметтер каналы арқылы мультиплекстенуін қамтамасыз етеді. PPP
инкапсуляциясы өте тиімді құрастырылған, HDLS фреймінің өткізілуі үшін бар-
жоғы 8 қосымша байт керек(PPP терминалогиясына сәйкес, 8 октет).
Информацияны фреймдерге бөлудің басқа тәсілдарі қолданылғанда, қосымша
байттардың саны 4 немесе 2-ге дейін де қысқаруы мүмкін. Мәліметтерді тез
өңдеуді қамтамасыз ету үшін РРР пакеттерінің шекарасы 32 битке еселік болуы
қажет. Қажетті жағдайда, пакеттің соңына 32-биттік шекараға теңестіру үшін
“балласт” қосылады. Негізінде, PPP терминдерінде инкапсуляция термині –
транспонирленіп жатқан мәліметке жұмысқа байланысты мәліметтә қосу ғана
емес,керек жағдайда, осы мәліметті кішірек фрагменттерге бөлу.
РРР-де датаграмма деп ІР-ге қолданылатын ІР пакет, жүйе деңгейінің
мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм деп- каналдық деңгейдің (OSI моделіне
сәйкес) мәлімет бірлігі түсіндіріледі. Фрейм аралығында мәлімет сақталатын
пен құйрықтан тұрады. Датаграмма бір немесе бірнеше
фреймға инкапсуляциялануы мүмкін. Пакет деп- жүйелік деңгей мен каналдық
деңгей арасындағы мәлімет алмасу бірлігін айтамыз. Негізгі бір пакетке
сійкес бір фрейм қолданылады. Бірақ ерекшк үш жағдай болуы мүмкін:каналдық
деңгей мәліметтердің көбірек фрагментациялануын талап етеді, немесе
керісінше, пакеттерді тиімдірек өткізілуі үшін біріктіреді. Фрагментацияның
бұл жағдайында АТР жүйесін алуымыз мүмкін. PPP фреймінің жай көрінісі
келесі:

Хаттама бит ақпарат құйрық

Хатама қатарында инкапсуляцияланған датаграмманыі типі көрсетіледі. Бұл
қатарда хаттамаларды кодтайтын арнайы қағидалар бар (ISO-3309 және RFS-
1661).“Мәлімет“ қатарында мәліметтер пакеті жазылады.”Құйрық“ қатарына 32-
биттік шекараға теңстіру үшін “бостық”(пустышка) қосылады. Тиісілмеген
жағдайда(по умолчанию) РРР фрейміне 1500 байт қолданылады. Бұл санға
“хаттама“ қатары кірмейді.
Байланысты басқаратын хаттама тораптың түйіндері арасындағы
инкапсуляция параметрлері (мысалы, фрейм көлемі) туралы келісімді орнатуға
арналған. Бұдан бөлек, хаттама түйіндерінің идентификациясын жүргізуге
мүмкіндік береді. Байланысты орнатудың бірінші фазасы, ол мәләметті
өткізудің физикалық дайындығын тексеру. Оның үстіне бұндай тексеру,
модеммен коммуникациялық линия арқылы жұмыс істегендегідей, физикалық
қосылудың автоматты қайта орнатылу механизмін орнатуға мүмкіндік бере
отырып, периодты түрде іске асырылуы мүмкін. Егер физикалық қосылу
орнатылса , сессия параметрлерін дұрыстай (настрайвая) отырып, түйіндер
байланысты басқару хаттамсы пакеттерімен айырбасты бастайды. Байланысты
басқару хаттамасы пакетінен басқа кез-келген пакет, бұл айырбас кезінде
өңделмейді. Осы әрекеттерден соң жүйеаралық алмасу хаттамаларымен (ІР, IPX
және т.б.) жұмыс пакеттерінің дұрысталуы (настройка) жүргізіледі. Олардың
әр-қайсысы үшін өздерінің басқару хаттамалары қолданылады. PPP хаттамасы
арқылы жұмысты аяқтау үшін торап арқылы байланысты басқару хаттамасының
жұмысты аяқтау пакеті беріледі.

3.Интернетте қызмет түрлері

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты
таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet, т.б.; электрондық мәлімет алмасу
үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі
функцияларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп жойылса, кейбірі
жаңадан туындап келеді. Осылардың қазіргі желілерге жұмыс істейтін
негізгілерінің қысқаша сипаттамаларын қарастырып өтейік.
WWW (World Wide Web дүниежүзілік өрмек)-Интернеттегі гипермәтіндік
ақпарат іздеу жүйесі, оныWeb деп те айта береді. Мәліметтер блогы (Web-
парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер
немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web-
құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың
бірінен біріне ауыса береді.
WWWмен оның программалық жабдықтары-Желінің ең қуатты, әрі болашағы бар
құралдары. WWWнегізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы-
HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі
ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup
Language) тілі көмегімен құрастырылады.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ағылшынша browser (“browse”-қарап
шығу, шолу), яғни броузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын
программалар қолданылады. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer,
NetscopeNavigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.
FTP. Қашықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдармен жұмыс
істейтін хаттама (File Transfer Protocol-файлдарды тасымалдау хаттамасы)
мен программалар осылай аталады.FTP құралдары сервер каталогтары мен
файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға,
жаңартуға мүмкіндік береді.
Telnet. Бұл термин арқылы клиенттің алыстағы сервер-компьютермен
қатынасуынқамтамасыз ететін хаттама мен программа белгіленеді. Байланыс
орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің операциялық жүйесіне
кіріп, сондағы орнатылған программалар өз программалары тәрізді жұмыс
істей алады.
E-mail. Бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, ол-желі
қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі.
Электрондық пошта кқмегімен барлық құрлықта тұратын адамдар бір біріне
электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Usinet жүйесінің бірнеше анықтамалары бар, олар-тармақталған дискуссия
клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Мұның электрондық поштадан
айырмашылығы-мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына
(телеконференциялар) жолдайсыз. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде
конференцияға қатынасушылар тең құқылы болып саналады. Әрбір
телеконференция бір тақырыбқа (ғылымда, өнерде, спортта, т.с.с.) арналады
және оның өзіндік адресі болады, мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр
түрлі бола береді-өте ауқымды тақырыптан (бір сұрақтың барлық жағы) тек бір
ғана сұраққа дейін (мысалы, филателия) қамтылады.
ISQ (I seek you-мен сені іздеймін)-желі тұтынушыларына нақты уақыт
кезіңінде (масштабында) хат-хабарламалар араласып, бірден чат (chat-
әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

3.1Электрондық пошта

Электрондық пошта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы
байланусыдың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі поштаның екінші
балама түрі болып есептеледі. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде
оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің
салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) кәзіргі пошта қызметінің ертеңі
электрондық пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген
ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі
құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген
пікірін тез жинап алуға болады.
Ескерту:Электронды почта мәліметтерді Internet түйіндері арасында SMTP
( Simple Mail Transport Protocol,Почта жіберетін қарапайым хаттама)
хаттамасын қолдану беріледі.Электронды локальды программасы почтаны
почталық серверден РОР хаттамасының көмегімен алады.

Электрондық пошта кез келген құжатты-ол
мейлі қызмет жайлы жалпы мәліметтер бола ма (адресі аты-жөні, тақырыбы)
немесе жәй хабар түріндегі мәтін (хаттың өзі) бола ма бәрібір олардың
информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде
жеткізе алады.
Электрондық поштаны пайдалану кезінде компьтерде әртүрлі арнаулы
программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне
жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыстарды
атқарады:
- алынған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
- байланыс торабымен жылдам хабар алмасу.
Байланыс желісіндегі ең алғаш программаның жұмысы компьютердегі
мәтіндік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір
редакторлық программа көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға
тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жұмыстары әдеттегі поштамен
жұмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер
архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып
шығып, керек еместерін “қоржынға” тастап, дайын хаттарды жөнелтіп, келген
хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Коипьютеріміздің ішіндегі өз
“пошта жәшігіміздегі” бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге
жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен хат-хабарлар ғана
“жәшікте” жатады.
Дербес компьтерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін
болса, тораптық компьтермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат-
хабарлар бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьтердегі өз
иелерінің пошта “жәшіктеріне” сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге
тиіс хат-хабарлары керекті адрестеріне жөнелтіледі.
Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам пошта администраторы болып
тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс керектеріне жауап жазып, кейбірін
қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе
келген хатқа жазылған жауапты “поштп жәшігіне” салып, керекті адреске
жөнелтеміз.
Сонымен, электрондық поштаның кәдімгі поштадан айырмасы “байланыс
бөлімі” өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.
Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу
ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол
программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-
қатынас жасату негізі болып саналатын тораптың компьбтермен кез келген
сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде
программа көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағытталған хаттар осы
администраторға табыс етіледі. Сонымен программаның басқаруымен компьютерге
келіп түскен хаттар “талап етілгенше” келіп түскен пошта жәшігінде жата
береді. Мұның қолайлы жағы-компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар
бірден “жәшікте” сақталып тұрып қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық
компьютердің жады алынбаған хаттар толып кетер еді. Соның өзінде де
көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестері дұрыс жазылмаған хаттар
торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келген жеріне
қайтарылады.
Бұрынғы Microsoft Exchange Internet-тің ОРташа қолданушысының
электронды почтасының мұқтаждықтарын толық қанағаттандыра алмағандықтан,
Internet Explorer3-ті де ойлап шығарған Microsoft компаниясының Internet-ке
өнімдер құрастыратын тобы, электронды почтаға арналған жаңа клиенттік
программалық қамтаманы құрастырды. Internet Mail атымен белгілі бұл
программа Internet Explorer3-пен жұмыс істеп, сіздің мұқтаждықтарыңызды
қанағаттандыру үшін арнайы жасалған. Сіз Internet Mail-ды электронды
почтамен байланысты кез-келген жұмыстар үшін қолдана аласыз. Сіз
мәлімдемені оқи аласыз, өзіңіз де хат жазып,оны жібере аласыз. Келген
хаттарға жауап беріп, оны қайта жібере аласыз, хаттамалардың көшірмелерін
де жібере жібере аласыз. Internet Mail және News1.0 программалық
қамтамалары өздігінен архивтелетін Mailnews 95.exe деп аталатын бір файлда
жеткізіледі. Бұл программалардың кез-келгенін немесеекуін де орнату үшін
келесі әрекеттерді орындау керек:
1.Mailnews 95.exe-ді орнатуға жүктеңіз. Программа өздігінен керекті
файлдарды архивтен шығарып, автоматты түрде инсталяция процессін іске
қосады. Сізге мәліметтер терезесінде қосылуды бастау туралы және
программаны қолдануға лицензияның шарттарына келісім туралы сұраныс
көрсетіледі. Осыдан кейін Internet Mail and News мастері іске қосылады.
2. Керекті қатарға атыңызды және мекеме атын енгізіп, Далее (Next)
батырмасын басыңыз. Сіздің атыңыз бен мекемені растау туралы сұраныс пайда
болады.
3.Сіз Internet Mail-ды немесе Internet News-ты немесе екуін де
инсталяциялауыңыз мүмкін. Керегіңізді таңдап Далее батырмасын басыңыз.
4.Кейін диалогты терезеде ОК-ді. Сіздің компьютеріңіз қайта жүктеледі.
Орнату аяқталды.
Сіз компьютерді қайта қосқан соң Internet Mail-ды қолдана аласыз. Сіз
Internet Explorer3-тің құралдар тақтасындағы Почта (Mail) батырмасын шарту
арқылы немесе Пуск (Start)-Программы (Programs)-Wimdows 95-тің менюінде
Internet Mail командасын орындау арқылы Internet Mail клиенттік
программалық қамтамасына ене алсыз.
Егер сіз Internet- ке қосылып, Internet Mail программасы іске
қосылған болса, почталық программа сізге почта келген-келмегендігін екі
жағдайда тексереді. Егер сіз Доставить почту Батырмасын бассаңыз немесе
Ctrl+M-ды бассаңыз, немесе Сообщение (Mail) менюінде Доставить почту
(Send and Receive Mail) пунктін таңдасаңыз, информациялық терезе пайда
болады. Егер сіз Internet Mail инструкциясында(Параметры терезесінен Чтение
закладкасын қолданып) почта келген-келмегендігі туралы периодты тексеру
режимін орнатып қойған болсаңыз, тура жаңағыдай терезе белгілі-бір уақыт
аралығымен экранға қайта шығарылатын болады. Бұл кезде Internet Mail сіздің
почталық серверіңізбен байланысып, жаңа почтаның келгендігі туралы
мәліметті тексереді. Бұл кезде, сіздің жіберуіңіз керек болған почтаңыз
болса, ол почта да жіберіледі. Кез-келген жаңа ақпарат Входящие (Inbox)
папкасының ақпараттар тақырыбы терезесінде пайда болып, сіз ол ақпаратты
оқи аласыз.

Internet Mail және News программалары хат жазу үшін интерфейсі бір-
біріне ұқсас терезелерді қолданады. Internet Mail-да сіз создать сообщение
(New Message) Батырмасын шерту, немесе Сообщение (Mail) меню пунктінен
Создать сообщение (New Message) командасын таңдап немесе Ctrl+N
пернелер комбинациясын басу арқылы жаңа хабарлама құра аласыз.

Хатты келесі әрекеттерді орындау арқылы құруға болады:
1. Кому (To) қатарына адам немесе мекеме атын енгізіңіз.
2. Тема (Subject) қатарына хатыңызға қысқаша түсінік беретін қысқа фраза
енгізіңіз.
3. Егер сіздің хатыңыздың көшірмесі басқа да адамдарқа жіберілуін
қаласаңыз, Копия (Cc) бір небірнеше адресті қосыңыз.
Кому және копия қатарларына электронды адресті енгізген соң, сіз
Проверить Имена (Check Names) батырмасын шерту арқылы немесе сообщение
менюінде Проверить Имена пунктін таңдау арқылы, не Ctrl+K пернелер
комбинациясын басу арқылы Internet Mail-ды адрестерді тексеруді сұрауыңызға
болады. Егер сіз бұл әрекетті орындасаңыз, Internet Mail бұл адрестерді
адрестік кітапшадан табуға не оның құрылысының ережеге сәйкестігін
тексеруге тырысады (яғни- қолданушы_аты@ хост.домен формасы).
4.Internet Mail адрестерді дұрыстығына тексеріп болған соң, ол
адрестер астын сызып көрсетелі.
5.Барлығын аяқтаған соң Отправить (Send) батырмасын басыңыз.

3.2 Телеконференциялар

Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу
орындарын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас
жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі
бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер
практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға
арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына
ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы
мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі
орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы
электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар
деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар
сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы,
relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген
телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды:
RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде
сусындар туралы өткізіледі.
Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде
жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы
мындай информация сақтай алады:
- мақалының инветарлық нөмірінің аналогы;
- мқала авторы (тақырыптағы информация бойынша);
- мақала көлемі (байт килобайтпен өлешенді);
- мақала тақырыбы (тақырып көшірмесіне сәйекс алынады).
Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі
өхгешелігі бар, олар:
- біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде
қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте
ескіріп кетсе жойылады;
- екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни
мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере
алиайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның
жетекшісіне жөнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы
көпшілік оқуы ұшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.
Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы программамен
жүргізіледі. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті
барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы
конференцияларға міндетті түрде қатысаьын етіп тіркейді (жазады), оларға
анықтамалық информация жібереді (каталогтарын және тағы басқа) немесе талап
етулері бойынша болып өткен телеконференция хабарларын электрондық пошта
арқылы жеткізіп береді.
Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференциялар өткізілетін
болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра
алады. Қазіргі кезде әңгімеге тиек қыларлық барлық салалар жөнінде
телеконференциялар өткізіледі. Сол себепті телеконференцияларға қатысу
электрондық поштаны пайдалана алатын әрбір адам үшін өте қызғылықты, әрі
қажетті іс болып табылады.
Егер сервис-провайдер UseNet телеконференцияларына қосылуына мүмкіндік
берсе, сіз NNTP (Network News Transport Protocol, Тораптық Ақпаратты тарату
хаттамасы) хаттамасымен қуатталатын телекоференциялармен жұмыс істей аласыз
хабарлар жаза алады. UseNet-те ақпарат топтары ретсіз орналасады. Кейде сіз
хабарлар тобында адасып кеткендей болып сезінесіз. Сіз 10000-ға жуық
хабарлар топтарын қолдана аласыз. Cізге керек нәрсені оның ішінен іздеп
табу өте қиын жұмыс болып көрінуі мүмкін. Шындығында ол оншалық қиын емес.
Топтардың аттары логикалық жолмен анықталады. Хабар топтары бөлім және
бөлімше йерархиясына құрылған. Alt.tv.simpson хабарлар тобын көрейік.
Бірінші бөлім (жоғарғы деңгей категориясы)-бұл alt. Екінші деңгей-бұл tv.
Ол өз кезегінде simpson төменгі бөлімшесіне ие. Ат солдан оңға қарай,
жалпыдан жекеге қарай түзіледі. Сіз alt.tv бөлімінде хабарлардың басқа
топтарын да таба аласыз: alt.tv.friends және alt.tv.home-imprvment.

4 Web парақ құру, оны интернетке Web-side түрiнде көрсету.

Егерсiз сiзге арналған немесе сiз туралы мәлiмет сақтайтын Web бет
құрғыңыз келсе, сiз HTML (Hypertext Markup Language- гипертекстiк белгiлеу
тiлi) тiлiн үйренуіңiз керек. HTML – бұл беттiң құрылымын суреттеу тiлi. Ол
сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да
құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML сiздiң
оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары үшiн,
сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML SGML- ға
негiзделген (standart Genere Lized Markup Language- жалпы белгiлеу
стандартты тiлi). Нақтырақ айтсақ, HTML бґл SGML құжатты типiнiң
анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз HTML құжаттарын
ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң iшiндегi HTML тэгi
(tags) арқылы құрасыз. HTML тэгтерi-бұл “азырақ” () белгiсiнен басталып,
“көбiрек”()белгiсiмен аяқталатын символдар тiзбегi. Web браузерлер HTML-
ды синтаксистiк тексерген кезде үш қағидаға сүйенедi:
▪ Пробел және басқа да “көрiнбейтiн символдарға” назар аудармайды.
▪ Форматтау тэгтерi кiшi немесе үлкен (бас) әрiптерiмен жазылуы
мүмкiн.
▪ Форматтау тэгтерiнiң көпшiлiгi сыңарларымен бiрге жазылады.
Кейбiр ерекше тэгтердi ескермесек, HTML форматтау тегтерiнiң барлығын да
сыңар тегтерi бар. Ашатын тег берiлген эффектi активтендiрсе, жабатын тег
оны өшiредi. Тег сыңарларын көбiнесе контейнер деп те атайды. Себебi, олар
қосып - өшiретiн эффект мәтiнде сол екi тэгтiң арасында ғана пайда болады.
Мысалы, мәтiнiң қатары толық әрiпен жазылуы керектiгiн көрсететiн болсақ,
былай жазамыз:
В Бұл қатар толық қарiппен жазылады. В.
Жабатын тегтiң iшiнде орналасқан мәтiн керi қисық сызық символымен
шамаланады. Бұл қағидаға бағынбайтын тэгтер ВASE (негiзгi мәлiмет), ВR
(қатар соңы), НR (горизанталь сызық) және IMG (бейне). Бұл тегтер жалғыз
қолданылады.
HTML –ге тiкелей қатысы болмаса да, HTML құжаттарының өте маңызды
бөлiгi болып URL адрестерi есептеледi. Ол әр-түрлi тэгтерде кең көлемде
қолданылады. Негiзi ,URL World Wide Neb-тiге құжаттың адресi болып
есептеледi. URL- дың құрылымы жер шарының кез-келген белiгiнде орналасқан
бiрге жұмыс iстейтiн. Web – сервердiң кез-келген типiндегi кез-келген
құжаттардың ықшамды идентификациялау тәсiлi мүмкiндiгiн бередi. Ақпараттар
серверiнiң хаттамасын ескермесек, URL-дың жалпы формуласы келесi:
Хаттама: Сервер_аты: портфайл-аты
HTML-құжатын белгiлеу үшiн бiз HTML ж„не HTML тэгтерiн қолданамыз.
Бұл тегтер өзiнде HTML –дың барлық тэгтерiн және құжаттың ақпараттық
құрамын қамтиды. HTML құжаттардың бiрiншi қатарында, ал HTML тэгi
құжаттың соңғы қатарында орналасуы керек. Бґл тегтер олардың арасында
орналасқан барлық символдардың HTML-коды екенiн бiлдiредi. Құжаттың
тақырыбы HTML тегiнен кейiн жазылып, HEAD тегiмен аяқталады. Сiз
ақпарат тақырыбына көп мөлшерде символдар енгiзе алсаңыз да, оның құрамында
екi заттың болуы мiндеттi: құжат аты және оның URL-ы.
Сiз құжаттыңызға ат берген кезде, оны TITLE және TITLE тэгтерiнiң
арасына орналастыра аласыз. Құжат аты Internet Explarer 3 тақырыб қатарында
және журнал (History) және избранные страницы (Faourites) тiзiмдерiнде
пайда болады. Сiз құжат атына сол құжатты толық түсiндiретiндей етiп
таңдауыңыз керек. Бiрақ ол 40 символдан аспауы керек. Сiз BASE HREF=
“базовый_URL” тегiнде URL негiздiк адресiн көрсетесiз. Ол құжаттың
абсолют URL-iне теңестiрiледi. Сiз құжат тақырыбын жазып болған соң оның
денесiн құруды бастайсыз. HTML құжатының денесi ақпаратты сақтайтын толық
мәтiнде және мәтiндi форматтауға арналған барлық HTML тегтерiн қамтиды.
Құжат денесi тақырыбтан соң басталып, BODY және BODY тэгтерiмен
шектеледi. Құжат денесi келесi түрде көрiнiс табады:
HTML
HEAD
TITLE бґл жерде құжат аты орналасады TITLE
BASE HREF= негiздiк_URL
HEAD
BODY
BODY
HTML
Жаңа абзац бастау және оны аяқтау үшiн Р және Р тэгтерi
қолданылады. HTML 3.2-нiң спецификациясын байланысты Р ALIGN атрибутын
қолдайды. Ол абзацтың iшiнде мәтiндi туырлауға мүмкiндiк бередi. Абзацтар
бас қатармен бөлiнедi. Бас қатар тастамай жаңа абзацты бастау үшiн
ВR(қатар соңы) тэгiқ олданлыда. Мысалы:

TITLE өлең жолдары TITLE
Р
You can tell it,s Spring with all of the rain we,re getting.
It makes me to recite the rhyme.
!—Вы можете сказать, что уже весна, поскольку идет такой сильный дождь.
Поэтому я хочу процитировать стихи--
Р
Р
Rain, rain Br
Go away Br
Come again Br
Another day Br
HTML – тақырыб стилiнiң алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр стильде
азу үшiн оны Hn және Hn тэгтерiнiң арасына орналастыру керек. Олар
былай жазылады.

H1 Heading style 1 H1
H2 Heading style 2 H2
H3 Heading style 3 H3
H4 Heading style 4 H4
H5 Heading style 5 H5
H6 Heading style 6 H6
HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль- бұл курсив немесе
толықтық сияқты қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де көрсетiлген.

HTML тiлiнiң физикалық стилi

Стиль
тег

Толық шрифт B...B
Курсив
I...I
Астын сызу UU
Машинопись (фиксталген ен) TT...TT

HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын анықтайды.
Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр браузерде әр-
түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi кестеде көрсетiлген.

HTML логикалық стилi

Стиль аты ТЭГ
Бейнеленуi

Цитаталанған абзац BLOCKQUOTE отступы слева и справа

Дәйексөз CITE
курсив
Код CODE Шрифт с
финсированной шириной
Определение DFN Жирный шрифтми комб-я
жирного
шривта и
курсива

Эмораза, выделение EM курсив

Клавиатура SAMP шрифт с факс-ой
шириной

Выделение STRONG толық қаріп
Пременная VAR
курсив

Адрес АDDRES курсив

Мысалы, мына HTML кода көп логикалық сильдi қолданады:

H1Logical STYLES H1
According to CITE the Handbook of Federal Tellecomunicattions
Regulatieons CITE:Br
BLOCKQUOTE
All access providers STRONG mustSTRONG turnish their ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі
Кәсіпорынның бағалық саясатының маңызы
Криптографиялық қорғау
Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамдас бөліктері
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Банктік тәуекелдердің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Экономикалық мақсат
Пәндер