Мемлекеттің пайда болуы. Кезеңдері



Мазмұны
1. Мемлекеттің пайда болуы
2. Кезеңдері
3. Даму этаптары
4. Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Мемлекеттің пайда болуы
2. Кезеңдері
3. Даму этаптары
4. Пайдаланған әдебиеттер

Мемлекеттің пайда болу негіздері мен себептері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi
мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне
бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезi, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмасайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда
болды, қалай дамып келедi – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу
жасап келедi.
Ру дәуiрiнде адамдар тек даратылыстың даяр өнiмдерiн жинап қорек етiп,
өмiр сүрген. Келе-келе адамдар өндiрiс құралдарын жасап алып, өздерi
шаруашылыққа кiрiседi. Сөйтiп, жинау-терiмшiлiк шаруашылығынан өндiру
шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнiмдерiмен күнелтуден диқаншылыққа
ауысады. Диқаншылықтың нәтижесiнде отырықшылық қалыптасып, елдi мекендер,
қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнерi пайда болып, ол мал
шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзiне айналады. Экономиканың
аталған салалары бiрiнен-бiрi бөлiнiп шығып, дербес өмiр сүре бастағаннан
кейiн, бiрiнiң өндiрген өнiмiне бiрi мұқтаж екендiгi байқалады. Диқандарға
мал өнiмi, малшыларға жер өнiмi, қолөнершiлерге тамақ қажет болады. Сөйтiп,
соларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар бөлiнiп шығады.
Құрал-саймандардың жетiлдiрiлуiне байланысты еңбек өнiмдiлiгi де өседi.
Соның нәтижесiнде ортақ өнiм пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған,
табылған өнiм ру мүшелерiнiң жалпы меншiгi болған едi. Ендi еңбек
өнiмдiлiгiнiң өсуiне байлансыт артық өнiм жеке адамдардың, жеке
отбасыларының меншiгiне айнала бастайды. Сөйтiп, малға, жерге, қолөнер
бұйымдарына жекелеген иелер пайда болады. Ақырында ру қауымының жалпы
меншiгiнiң орнына жеке адамдардың меншiгi пайда болып, меншiктiң айрықша
түрi – жеке меншiк қалыптасады. Жеке меншiктiң пайда болуына байланысты
қоғам таптарға бөлiне бастайды. Бiр жағынан, құрал-жабдықтар, өндiрiлген
бұйымдар, мүлiк-дәулет адамдардың бiр тобының қолына шоғырланады да, байлар
пайда болады. Екiншi жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болады. Сөйтiп,
рулық қауым өзiне тән белгiлерiнен айрылып, құлдырайды. Оның орнына жеке
меншiкке негiзделген, айрықша екi үлкен әлеуметтiк топтан тұратын қоғам
қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерiнiң игiлiгiн
көздеп, еркiн бiлдiретiн қауымдық билеу құрылымы өз мiндетiн, қызметiн
атқара алмайды.
Меншiк иелерiнiң – байлардың айрықша мүдделерi болғандықтан, басқа ру
мүшелерiмен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелердi тең негiзде шешуге
бармайды. Содан байлар мен кедейлердiң арасында қайшылықтар пайда бола
бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлi экономикалық-әлеуметтiк өзгеiстердiң
нәтижесiнде қоғамды билеу, басқару жүйесi де өзгере бастайды. Рулық
билiктiң орнын саяси билiк, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтiп, қоғамның
белгiлi бiр сатысында мемлекет пайда болады.
Өткен тарихты және елiмiздiң ұзақ ғасырлық тәжiрибесiн пайдалану,
олардан сабақ алу тарихи қажеттiлiк болып табылады. Өйткенi, елiмiздiң
өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжiрибесi, идеялары, ойлары мемлекеттiң
қазiргi дамуы мен бағытына едәуiр ықпал етедi. Өткен тәжiрибелердi ескеру
қателiктерге жол бермеуге көмектеседi. Яғни, “егер бiз мемлекет болғымыз
келсе, өзiмiздiң мемлекеттiлiгiмiздi ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе,
онда халық руханиятының бастауларын түсiнгенiмiз жөн”, - дейдi елбасы Н.
Назарбаев 1. Осы тұрғыда тақырыпты зерттеу өзектi.
Мемлекеттiң шығу тарихымен айналысатын заңгер-ғалымдарымыздың қатарына
Ғ. Сапарғалиев, А. Тәуекелов, А. Ибраева, С.А. Табанов, Қ.Д. Жоламан, А.Қ.
Мухтарова, Н.Н. Веселовский, Л. Словохотов, С. Сабатаев, Ш.М. Шарипов, Е.Қ.
Қаржаубаевтарды атауға болады.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ұзаққа созылған даму процесі біртіндеп, оның
сапа жағынан өзгеруіне алғышарттар жасады. Еңбек құралдарының жетілуіне
байланысты, өндірушілік дағдылар қалыптасып, еңбек өнімділігі,
мәдениеттілік, адамгершілік негізінде дамиды. Қоғам мүшелерінің мүдделері
әр түрлі болып, қарама-қайшылықтар туа бастайды.
Алғашқы қауымдық құрылыстан, сапалы жаңа өндіріске көшуде ең маңызды
рөл атқарған қоғамдағы еңбектің бөліну процесі, себебі, әйел мен еркектің
арасындағы еңбектің қызметі олардың табиғатына қарай белгіленгендігінде. Ең
бірінші, үлкен қоғамдық еңбектің бөлінуіне мал бағумен, жерді игеру
жұмыстарының бір-бірінен даралануы жатады. Келе-келе жерден кәсіпкерлік
бөлінді. Кейіннен, белгілі адамдар тобы дараланып тауар айналымымен
шұғылдана бастайды, оларға саудагерлер жатады.
Қоғамдық еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының
жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түтркі болды. Осындай жағдайда жеке
адамдардың өз өміріне қажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жеке меншіктің
пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедей адамдар пайда болып,
олардың мүдделері бір-біріне қарама-қайшы келе бстайды. әр отбасы өзінің
тәуелсіздік жағдайын жасауға ұмтылатын болды.
Бұл экономикалық жағдай рулық-тайпалық билікті құруға мүмкіндік
бермеді. Қоғамдық билік мүдделері сәйкес келейтін адамдарды басқаратын
қоғамға әлі икемделмеген еді. Сондықтан, қоғамқа өзінің әрбір мүшелерінің
мүдделерінің ерекшеліктерін, басқамүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін
өкімет органдары қажет болады. Қоғамдық қатынастарды үйлестіру, мұндай
жағдайда, өзінің тепе-теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық
жағдайларына байланысты топтарға (кластарға) бөлінуі объективті түрде,
бірінші жағынан үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан,
экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарчылықты басып отыратын органдар
құруды талап етеді.
Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф.Энгельс осы
жөнінде, мемлекеттің арқасында, экономикалық жағынан үстем тап, саяси үстем
тапқа айналды, – деген болатын.
Мемлекеттің ерекше қоғамдық ұйым ретінде, алғашқы қауымдық
құрылыстағы, өкімет құрылымынан айырмашылығы, қоғамдық жұмыстарды
басқарумен тұрақты шұғылданатын арнайы органдардан тұратындығында.
Қоғамның мемлекеттік-құрылымындағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл
және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. Олардың келісімге келмейтін
мүдделерін үйлестірген құл иеленуші мемлекет болды. Оның құрамы, мазмұны,
қызметі сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес келді.
В.И. Лениннің берген анықтамасы бойынша: Мемлекет дегеніміз –
келісімге келмейтін таптық қарама-қайшылықтың көрінісі және нәтижесі.
Ф. Энгельс мемлекеттіліктің пайда болуындағы оның негізгі үш
нысанасын атаған: Афин – бұл өте таза, классикалық мемлекет нысанына
жатқызылған. Себебі, мұнда мемлекет – тікелей рулық құрылымның ішінде
дамыған, таптық қарама-қайшылықтың нәтижесі.римде мемлекеттің пайда
болуының тездетілуінде, римдік рулардың басқарушыларына (патрицаларға)
қарсы шыққан, римдік рудан жеке өмір сүрген, құқықсыздар мен плебейлердің
күресі үлкен әсер еткен. Ертедегі германдықтардың мемлекетінің пайда
болуына маңызды әсер еткен. Ф. Энгельстің сөзімен, айтқанда басқа біреудің
жерлерін жаулап алу болды, ал ондай жерлерге билік жүргізуге рулық қоаи
қалыптаспаған болатын.
Мемлекет пен құқық сияқты әлеуметтік институт тұрақты болды ма, не
болмаса қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болды ма? Осы
сұрақтарға жауап беру қажет. Тек осындай әдістемелік жағдай ғана тарихи
принциптерді іске асыра алады және мемлекеттің пайда болуының себептерін,
нысандарын, оның өзіне тән негізін, қоғам өміріндегі бұрынғы
ұйымдастырылған нысандардан өзгешелігін көруге мүмкіндік береді.
Алғашқы қауымдастық қоғамды жақсы түсіну үшін, осы қоғамның дамуын,
тарихи кезеңдерін сипаттайтын ғылымдарға көңіл аудару қажет. Басқаша
айтқанда, бұл қоғамның бір орында тұрмай даму үстінде болғандығы және
белгілі кезеңдерден өткендігі туралы олып отыр. Осындай кезеңдердің
бірнеше түрлеріне, жалпы тарихи кезең неолиттік төңкерісті жатқызуға
болады.
Неолиттік төңкеріс ұғымын тариха ғылымға ағылшын археологы Г. Чайлд
ХХ ғасырдың ортасында енгізген.

Алғашқы қоғам. Алғашқы қауымдағы билік оның ұйымдастырылуы және пайда
болуының формасы. Меншіктеу экономикасының өндіруші экономикаға өтуі
әлеуметтік қоғамның, кластың пайда болуының, жеке меншіктің және
мемлекеттің пайда болуының факторы болып табылады. Заңдылықтар мемлекеттің
пайда болуы. Қала – мемлекет. Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз
ететін әлеуметтік университет болып табылады. Типтік және әмбебап формалар
мемлекеттің қалыптасуына себеп. Мемлекет алғашқы қоғамның саяси, құрылымдық
және территориялық ұйымы.
Мемлекет және құқықты тануды мемлекеттің пайда болуынан бастаған
дұрыс. Мысалы: адам қоғамының тарихында бұл әлеуметтік институт бұрыннан
бар ма, әлде қоғамның даму сатысында қалыптасты ма? Тек қана осындай
сұрақтар ғана мемлекеттің пайда болуының және мінез-құлқын тануға мүмкіндік
береді.
Алғашқы қоғамдағы билік. Қазіргі таңда археология және этнографияның
сапалылығының арқасында алғашқы қоғам, оның пайда болуы және даму сатысы
туралы бізде құнды мәліметтер қоры бар. Егер ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың
басында қоғамның дамуы туралы тарихи білім шамамен ІІІ мыңжылдық дәуірді
қамтыса, ал осыған дейінгі болған жәйттар алдыңғы тарих ретінде анықталса,
онда енді ХХ ғасырдың басында көп аймақтардың тарихы 10-12 мыңжылдық
дәуірінің тарихын оқуда.
Оған қоса, егер ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде негізінен
тарихқа деген евро орталық көзқарас болса, яғни, Европаның тарихи білімдері
қолданылып ал содан соң осы білімдер барлық әлемге таратылған болса, онда
ХХ ғасырдағы ғылыми орбитаны ұғыну әлемдегі барлық жер шарының тарихына
қатысты болды.
Алғашқы қоғамның бұл түсінігінде ең алдымен осы қоғамның дамуын
ерекшелейтін білімді анықтап алу қажет. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қоғамның
өзі ешқашан статикалық болған емес, ол даму үстінде болды және кезеңдер
бойынша дамып отырды. Осындай дәуірлердің бірнеше түрлерін атап өтейік:
жалпы тарихи, археологиялық, анторпологиялық. Мемлекет және құқық теориясы
үшін ең методологиялық құндылық ол дәуірге бөліну болып табылады.
Бұл ұғымды тарихқа ХХ ғасырдың бас кезінде ағылшын археологы Г. Чайлд
енгізген болатын. Неолиттік революция – неолит дәуіріндегі меншіктеуден
өндіруші шаруашылыққа дейін, яғни, аңшылықтан, терімшліктен мал шаруашылығы
және егін шаруашылығы, металлургия, металл өндіруші, керамикалық өндріс
шаруашылығындағы адам өмірінің барлық сферасында болған сапалы мақсаттық
төңкеріс. Бұл дәуір 10-12 мыңжылдықтар шамасында жер шарының әр түрлі
аймақтарында ( Таяу Шығыс, Месоамерика, Таулы Перу және т.б.) басталды және
бірнеше мыңжылдыққа созылды.
Бұл дәуір алғашқы қоғамда өмір сүрген адамдардың материалдық
негіздерін, әлеуметтік және рухани ұйымдарды түбегейлі өзгерткеніне
байланысты, ол революция ретінде түсіндіріледі.
Бұл дәуір қандай алғашқы қауым туралы айтылып жатқаны, қандай уақыт
аясында өмір сүргені, қоғамның рухани және әлеуметтік ұйымдары қандай
болғаны туралы бізге нақты мәлімет бере алады. Мемлекет және құқық теориясы
үшін меншіктеу қоғамында қандай билік органдарының формасы және қандай
әлеуметтік жүйелер жұмыс жасағаны туралы, сонымен қатар қандай жүйелер
өндіруші экономика қоғамында жұмыс жасағаны туралы толық ақпарат алатын
мүмкіндік туды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 40 мыңжылдықта өмір сүрген кроманьон адамы
аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен, және де тағы басқа көптеген
шаруашылықтармен айналысқан. Осы шаруашылықтар үшін ол шақпақ тастарды,
сүйектерді, және басқа да қаруларды қолданған.
Кроманьондық адамдардың әлеуметтік ұйымы жанұялық қоғаммен
меншіктеледі. Ол қоғамды – арасындағы беделі жоғары, астық алып келуде
тәжірибесі мол, әдет-ғұрыптарды жетік білетін қоғам мүшесі басқарады.
Жанұялық қоғамдағы адамдар бір – бірімен туыстық қарым-қатынаста болды.
Жанұялық қоғамдар тек туыстық қарым-қатынас жағдайында ғана біріге алды.
Бұл қоғам негізінде туыстық қатынас жатқандықтан мұндай әлеуметтік
қоғамды туыстық қатар деп атайды. Бұл қоғамда қатаң жүйе бекітілген.
Мұндай ұйым билік институттарында білді: билік жетекші және ақсақалдар
кеңесі.
Неолиттік төңкеріс. Біздің дәуірімізге дейінгі 10-12 мыңжылдықта
көптеген оқымыстылардың айтуы бойынша экологиялық дағдарыс құбылысы адам
пайда болуына қауіп төндірген. Климаттың жағымсыз өзгерістері белең алды,
кейбір аймақтар үшін қорек көзі болып отырған мегафаундардың (мамонт, жүнді
керіктер) қырылуы басталды.
Адамзат бұл дағдарысқа жаңа өндірістік әдісімен жауап берді – ол
өндіруші экономикаға жол тарту еді, сонымен неолиттік төңкеріс жүзеге асты.
Ақырындап аңшылықтан, балық шаруашылығынан, терімшіліктен, жер
өңдеушіліктен, мал бағудан адамзат жер игеру және мал бағудың жаңа
формасына көшеді. Бұл жаңа формалар шарушылық қожалығында ең маңызды
экономикалық орын алды.
Ауыл шарушылығы қор жинауға және жыл мезгілінің қиын кезеңдерін жеңіп
шығуға, әсіресе қысты мүмкіндік берді.
Өндіруші экономикаға өту кезеңінде әртүрлі аймақтарда көптеген
өсімдіктер мен жануарлар қолға үйретілді (Сотүстік Америка – индейка,
фасоль,күнбағыс; Месоамерика – какао, мақта, жүгері,асқабақ, картоп,
қызанақ; Оңтүстік Америка – лама, арахис, фасоль, картоп; Африка – кофе,
просо, күріш, қарбыз ; Европа – қырыққабат, жүзім, қызылша; Таяу Шығыс –
есек, қой, шошқа, ешкі, ячмень, инжир, лен, жуа, бұршақ, арпа; Орталық Азия
– қияр, баклажан; Оңтүстік-Шығыс Азия – бана, нан ағашы, кокос жаңғағы,
шай; Алыс Шығыс – жуа, шабдалы, қараққабат).
Европалықтар үшін мыңжылдық көлемінде азық көзі ретінде арпа мен
ячмень алынды. Америкада – жүгері мен фасоль, ал Азияда – күріш және тары.
Біздің эрамызға дейінгі IV – III мыңжылдықтағы өндіруші экономика
адамзаттың қалыптасуының екінші және ең негізгі әдісі болып табылады.
Өндіруші экономика дәуіріне өтудің астарында адамзаттың жойылып кету
қаупі болған дағдарыс құбылысы жатыр. Өзінің әлеуметтік және шарушылық
ұйымдарының барлығына қайта құрумен жауап берген адамзат қауымы глобальды
экологиялық дағдарыстан шығудың жолын тапты. Бұл қайта құруға билік
қатынасындағы жаңа ұйымдарда кіреді – мемлекеттік білімнің пайда болуы,
қала – мемлекет және т.б.
Мемлекеттің пайда болуында дағдарыс теориясы қазіргі заманғы сыну
мағынасын береді. Енді бекітілетін жаңа глодальды экологиялық дағдарыс
адамзаттан жауапты реакция күтеді. Және мұндай қайта құру басталып та
кетті: халықаралық ұйымдардың жаңа ролі, Қауіпсіздік Советі, бүтіндей ООН,
және т.б. Бұл келісімдерде мемлекетке қатысты сұрақтар жаңаша қалыпта
шешілуі керек.
Жер шарының кейбір аймақтарындағы егіншілік қоғамының ерте басталуы
неолиттік революцияның қорытындысы болды. Келесі кезекте әлеуметтік-
экономикалық даму (б.э.д. IV – III мыңжылдық). Осылардың негізінде алғашқы
цивилизация пайда болды. Олар үлкен өзен алқаптарында пайда болды: Тигр
және Ефрат, Ніл, Инда, Янцзы және т.б. Алғашқы егіншілік қоғамының дамуы
өзіндік әлеуметттік-экономикалық мән-мғынасы және мінез-құлқы бойынша
адамзат дамуының тарихында өзіндік ерекше орын алады.
Өндіруші экономика дәуірі цивилизацияның пайда болуына аса қажетті
адамзаттың өсу шегін қамтамасыз етті.
Есептердің көрсетуі бойынша жебемен қаруланған аңшының тамақтануы үшін
шамамен 20 км2 территория қажет болады. Бұл аудан аз мөлшерде болса да
бірнеше жер өңдеушіні тамақтандыруға жарайтын еді. Басқа есептерге жүгінсек
мезолит ( б.э.д. VІІ мыңжылдық) дәуірінің соңында саналған 10 млн адам
неолит ( б.э.д. ІІ мыңжылдық) дәуірінің соңында 50 млн адамға жеткен.
Кейбір шарттылықтарға қарамастан, бұл есептер нақты түрде жер өңдеу және
мал шаруашылығына өткеннен кейін халық санының күрт артқанын айтып отыр.
Бұл өндіруші экономика болашақта еңбектің бөлінуіне алып келді. Еңбек
есебі пайда болатын және оның нәтижесі таратылатын ақпараттық жүйелер және
өндірісті ұйымдастырушылар топтары құрылған. Жаңа өнімнің пайда болуы және
меншіктелуі жеке меншіктің жаңа формасының қалыптасуына алып келеді:
ұжымдық, топтық, жеке; одан әрі қоғамның әлеуметтік қабаттануына апарады.
Өндіруші қызметтің жаңа ұйымы әлеуметтік дифференциалдық қоғамға жағдай
жасайды.
Осы әдіс арқылы адамзаттың өндіруші экономикаға, яғни, неолиттік
революцияға өтуі алғашқы қауымдық қоғамды өзінің ішкі дамуына – финалдық
шекараға алып келеді.
Алғашқы класстық мемлекеттің пайда болуы. Ережеге сәйкес ерте
замандағы мемлекеттік білім заңды түрде алғашқы жер өңдеуші қоғамның
әлеуметтік-экономикалық негізінде пайда болады және алғашқы класстық
мемлекет ретінде мінезделеді. Бұл алғашқы мемлекеттер біздің эрамызға
дейінгі 4-3 мың жылдықтарда Мессопотамияда, Мессоамерикада және таулы
перуде пайда болды.
Алғашқысында олар бостандықта өмір сүретін жер иеленушілер тұрақтаған
қала-мемлекет поселок ретінде пайда болды. Бұл қала өзіне аз ғана
ауылшаруашылығындағы халықты тартуымен қала-мемлекет болып отыр. Мұндай
қалаларда үнемі көсемдер мен абыздар өмір сүреді және де бұл қала жиналыс,
кеңес өтетін орынға айналады.
Қала-мемлекет әлеуметтік дифференция, еңбектің бөлінуі мұнда аймақтық
түрде бекітілетінін анық біледі-құмырашылар, мыс құюшылар, қол өнершілер.
Қала-мемлекетте басқарудың, административтіліктің және идеологиялық
көшбасшының үш орталығы ұйымдастырылған: қалалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет және оның ерекшеліктері, функциялары, типологиясы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері туралы
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Пәндер