Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы



Кірспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы. . . . . . . . . . . . . . .
1.2. Жоспарлауды жүзеге асырушы орган. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.3. Индикативті жоспарлау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі ( Франция ). . . . . . .
1.5. Қазақстандағы индикативті жоспарлау. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі.. . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі. . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Қазақстан Республикасындағы кластерлер. . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы. . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар. . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қолданылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Сыртқы экономиканың қызметінің даму бағыттары

Мазмұны:

Кірспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ 3
1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 4
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 4
1.2. Жоспарлауды жүзеге асырушы орган. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 7
1.3. Индикативті жоспарлау. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ 8
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі ( Франция ). _ _ _ _ _ _
14
1.5. Қазақстандағы индикативті жоспарлау. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 20
2. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_22
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_

3. Қазақстан Республикасындағы кластерлер. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_23
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 23
3.2. Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_26
Қорытынды._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _28
Қолданылған әдебиеттер. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 29

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасы өнеркәсібін
жоспарлаудың дамуы. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде
жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы
жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет
тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың
әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез
келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне
барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік
кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі
корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы,
мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар.
Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты
статистикалық мәліметтермен көрсетіледі.
Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде
актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы
айтылады.

1. Жоспарлаудың жалпы түсінігі.

1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы.

Жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерінің ең тиімдісі.
Жоспарлау жалпы түрде мақсаттарды ғылыми дайындау мен таңдауды
қосатын, оған жету жолдары мен ресурстарды анықтайтын ағымдағы ақпараттарды
өңдеуге негізделген басқару шешімін қабылдау мен дайындау процесін
көрсетеді. Жоспарлаудың мәні елдің экономикалық дамуын ғылыми негізделген
басқарушылармен қамтамасыз етудің қажеттілігінде. Ал бұл шаруашылық
практика мен жинақталған тәжірибеге негізгі жағдай мен экономикалық
теорияның тұжырымдарына, ғылым мен объективті экономикалық заңдарды
қолдануға негізделеді.
Жоспарлау әртүрлі басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады: макродеңгейде
– макроэкономикалық жоспарлау; аймақтар деңгейінде – аймақтық жоспарлау;
кәсіпорын және фирма деңгейінде – микроэкономикалық жоспарлау.
Жоспар нақты анықталған мақсаттың қойылуы және зерттелетін объектінің
детальды жағдайын алдын ала көруді білдіреді; онда қабылданатын шешімге
негізделген алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен дамуы бекітіледі.
Оның негізгі сипаты - көрсеткіштердің нақтылығы олардың уақыты және саны
бойынша анықтылығы.
Жоспарлаудың үш жағын қарастырады: әлеуметтік – экономикалық,
методологиялық, ұйымдастырушылық. әлеуметтік – экономикалық жағы объективті
экономикалық заңдарды зерттеуге негізделген және кеңейтілген қайта
өндірістің экономикалық және әлеуметтік процесін көрсетеді, яғни
жоспарлаудың объектісі. Методологиялық жағы жоспарлаудың қағидалары мен
жоспарлаудың әдістерінің жиынтығын көрсетеді, яғни тану инструментариі және
әлеуметтік – экономикалық процеске белсенді әсер етуі. Ұйымдастырушылық
жағы жоспарлайтын органның құрылымын және жоспар жасаудың технологиясын
сипаттайды, яғни жоспарлаудың субъектісі.
Формасына және мазмұнына байланысты жоспарлау директивті, индикативті
және стратегиялық деп бөлінеді.
Директивті жоспарлау заңдық күші бар және оны орындаудағы шаралар
комплексімен қамтамасыз етілген жоспар жасау прцесін көрсетеді. Директивті
жоспарлау адресті сипатта және барлық орындаушыларға міндетті, ал қызмет
атқарушы тұлғалар орындалу жауапкершілігін мойнына алады. Бұрынғы СССР мен
социалистік елдер қатарында орталықтың барлық халық шаруашылығы звеноларына
тікелей әсер етуі үшін директивті жоспарлау қолданылды.
Бұдан басқа директивті жоспарлау өте детализациялығымен ерекшеленеді,
бұл өз кезегінде оның орындалуын қиындатады.
Индикативті жоспарлау – бұл рыноктық экономиканың құрылуына әсер
ететін, мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатын жүзеге асыратын
негізгі әдіс. Ол тек қана рыноктық әдіспен мемлекеттің шараларынсыз әсер
ету қиын болатын көптеген экономикалық өмірдің сұрақтарын шешуді қамтамасыз
етеді. Индикативті жоспарлау мемлекеттің экономикалық саясатқа сәйкес
келетін экономиканың жағдайы мен дамуын сипаттаитын параметрлер (
индикаторлар ) жүйесінің құрылуын сипаттайды. Мынадай көрсеткіштер
индикаторлар болуы мүмкін: динамика, құрылым, экономиканың тиімділігі,
қаржы жағдайы, ақша айналысы, тауар және бағалы қағаздар рыногы, баға
өзгерісі, жұмысбастылық, өмір сүру деңгейі, т. б.
Индикативті жоспарлау нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылады
және әлемде кең тараған экономиканы мемлекеттік реттеу әдісі. Индикативті
жоспарлау директивті сипатының жоқтығымен, міндетті тапсырмалардың
сәйкестелген санымен сипатталады және көп жағдайда бағыттаушы, кеңес беруші
сипатта болады.
Қызмет ету кезеңіне байланысты ұзақмерзімді жоспарлар ( 10 одан да көп
жыл ), ортамерзімді жоспарлар ( 3-5 жыл ), ағымдағы жоспарлар ( жылдық) деп
бөлінеді.
Жоспарлаудың негізгі методологиялық қағидалары келесілер:
• ғылымилылық қағидасы; жоспарлар экономикалық дамудың заңнамалары мен
заңдарын пайдалану мен терең тану арқылы ғылыми- техникалық
процестің жетістігін, математика, кибернетика т. б. ғылымдарды
қолдану арқылы жасалады;
• әлеуметтік бағыт және қоғамдық қажеттілік приоритеті қағидасы; бұл
бойынша жоспарлау ең алдымен адам мен қоғамның қызығушылығынан
туады;
• қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыру қағидасы; барлық мақсаттар ең
аз шығын жұмсау арқылы орындалады, яғни еңбектің максималды
экономиясы;
• пропорционалдық және балансталғандық қағидасы; мұнда нарықтық механизм
пропорциясын ұлттық қызығушылықты қамтамасыз ететіндей қылып түзету
керек;
• приоритеттілік қағидасы; экономика дамуындағы приоритетті саланы
таңдау қажеттілігінде, өйткені ресурстар әрқашан шектелген, ал
қажеттілік шексіз;
• қысқамерзімді және ұзақмерзімді мақсаттар мен тапсырмалардың
келісімділік қағидасы; әртүрлі жоспарлық документтердің бір- біріне
қайшы келмеуі және бірбағытты болуы;2.37-бет
Жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатады: баланстық, нормативтік,
бағдарламалық- мақсаттық әдістер.
Баланстық әдіс әр өнімнің түрі бір жағынан қандай да бір қызметтің
нәтижесі, ал екінші жағынан тұтыну ресурсы болып табылатынын білдіреді. Бұл
әрқашан тұтыну мен оны қанағаттандыру көзін байланыстыру қажеттілігін
көрсетеді. Ресурстар игеріледі содан кейін ол жалпы тұтынумен санасады ,
яғни балансталады. Жиынтық сұраныс ереже бойынша мүмкін болатын ресурстар
жоғары болғандықтан жоспар жасау процесінде сұранысты ранжирлейді –
маңыздылығына қарай орналастырады.
Экономикалық баланстың жалпы жүйесінде материалдық, еңбек және қаржылық
баланстар деп бөлінеді. Материалдық баланс – қайта өндіру процесіндегі
заттық элементтер жағдайы мен бар болуы, еңбек балансы – еңбек
ресурстарының квалификациялық және сандық деңгейі, қаржылық – елдің қаржы
жүйесінің жағдайы.
Нормативті әдіс – ғылыми - техникалық прогрес жетістіктерін көрсететін
нормалар мен нормативтер жүйесін анықтау мен қолдануға негізделген. Норма
жалпы түрде берілген сапаға сай өнімнің бір бөлігіне кететін ресурс
шығынының ғылыми негізделген түрі. Ол тек қана өндірістің даму деңгейін
бейнелемей, оған белсенді әсер етеді.
Норматив – ресурсты қолдану деңгейін немесе оның өлшем бірлігіне (
өнім, көлем, т.б.) шығынын сипаттайтын норманы құраушы элемент.
Экономикалық норматив қызмет нәтижесіне, қоғамдық талап еушілік пен соңғы
нәтижеге қолданған ресурстың қажетті деңгейін спаттайды.
Нормалар мен нормативтер кешені нормативтік база деп аталады.
Бағдарламалық - мақсаттық әдіс бұл көлемді ұлттық шаруашылық
проблемаларының жоспарлы шешімдерін құру жүйесінің тәсілдері. Оның мәні
әлеуметтік, экономикалық және ғылыми – техникалық дамудың негізгі
мақсаттарын таңдауда, белгілі мерзімде қамтамасыз етілген балансталған
ресурстар арқылы мақсаттарға жету жолындағы шараларды жасауда.
Жоспарлаудың маңызды түрі болып стратегиялық жоспарлау табылады. Ол
ұзақмерзімді перспективаға негізделген және елдің әлеуметтік – экономикалық
дамуының негізгі бағыттарын сипаттайды. Оның мәні жүзеге асырудағы жетекші
рольді мемлекет өз міндетіне алатын ұлттық экономиканың негізгі
приоритеттерін таңдау. Стратегиялық жоспарлау арқылы елдің қай жолмен
жүретіні, қандай нарықта қызмет істеу тиімділігін шешуді, бірінші кезекте
қандай технологияны игеру керек, елдің әлеуметтік бірлігін қалай қамтамасыз
ету керек, экономиканың қай секторына және қандай қоғамдық құрылымға назар
аудару керек деген сұрақтарды анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың сәтті
дамуы үшін қажетті потенциалмен толық қамтамасыз ету. Стратегиялық
жоспарлау өз бейнесін жалпымемлекеттік даму концепциясынан көреді.
Стратегиялық жоспарлаудың объективті қажеттілігі экономиканың әртүрлі
деңгейлілігі, меншіктің әртүрлі формада болуы, әртүрлі салалардың,
сфералардың, аймақтардың сызықты емес және бірбағытты емес дамуы,
мотивтерлің, әрекеттің, шешімдердің әртүрлі бағытта болуы. Ал белгілі
деңгейдегі макроэкономикалық тұрақтылықсыз және
балансталғандықсызмакродеңгейдегі тиімді шаруашылыққа жету мүмкін емес.
Міндетті түрде ұлттық экономиканы ағымдағы және перспективті сипатта
жалпымемлекеттік шешім қабылдайтын бүтін объект ретінде қарау керек. Ал бұл
ұлттық экономикада макроэкономикалық процес қозғалысының контурын ,
магистральды жолын ғылыми негізде анықтауды білдіреді.
Сонымен қатар ресурстардың шектеулілігі еңбектің, өндіру мен өңдеудің
аймақтық бөліну процесі, табиғи ресурстардың белгілі территорияларға ғана
таралуы сияқты өндіріс күші проблемаларын жалпымемлекеттік деңгейге
көтереді. Бұл болашаққа перспективалы көзқарасты талап етеді.
Стратегиялық жоспарлаудың маңызды инструменті болып бағдарламалау
табылады. Жалпыұлттық, аймақтық, жергілікті деңгейдегі мемлекеттің мақсатты
бағдарламалары экономиканы реттеуде маңызды орын алады. Олар приоритетті
салалардың, сфералардың, аймақтардың дамуына қажет қосымша күш пен қаражат
тартуға мүмкіндік береді.
Өндіріс стратегиясын дайындауда мемлекеттің мақсатты бағдарламалары
статусына ие ұлттық экономика дамуының негізгі параметрі анықталады. Бұл
бағдарламалар халық шаруашылығы проблемаларын ең тиімді жолмен шешуге
бағытталған өзіне әлекметтік, экономикалық, өндірістік, ғылыми –
техникалық, ұйымдастыру – шаруашылық тапсырмалар мен шараларды қосатын
ресурсқа, орындаушыға, орындалу уақытына байланысты директивті және адресті
сипатта болады.Сол үшін кез келген бағдарлама қарастырады:
а) соңғы мақсат;
б) осы шараны жүзеге асырудағы квалификацияланған және
шығармашылықнәтижесі болатын бағдарламалық шаралар тізімі;
в) соңғы мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар кешені;
г) жүзеге асырудың этаптары мен кезеңдері;
д) негізгі атқарушылар мен басқа атқарушылар құрамы;
е) сол бағдарламаны шешугеқатысатын шаруашылық субъектілерінің
спецификалық формасын таңдау;
ж) өндірістік – шаруашылық байланыстар механизмі;
и) жауапкершілік және ынталандыру жүйесі;
к) қаржыландырудың көздерін және көлемін анықтау;
л) күтілетін соңғы нәтиже және экологиялық салдары;
Жоспарлау жалпы стратегиялық жоспарлау негізінен мемлекеттік мақсатты
бағдарламаларды жасау – бұл әлемдік шаруашылықта кеңінен қолданылатын
экономиканы реттеу әдісі.1.37-бет

1.2. Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган

Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау
министрлігі – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарларын жасайтын орталық атқарушы орган. Министрліктің
негізгі қызметтері:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
2) экономикалық талдау, макроэкономиаклық болжау мен Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу, реформаларды
бағалау;
3) жоспарлауды жақсарту;
4) жүйені жақсарту туралы ұсыныстар еңгізу;
5) мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын жасауға көмек беру;
т.б.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын болжаумен, жоспарлаумен Қазақстан Республикасының экономика және
бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын
Экономикалық саясат пен индикативті жоспарлау Департаманті айналысады.(
Сурет.1.)

1.3. Индикативті жоспарлау.

.
Жоспарлау жүйесінде бірнеше типтер бар: директивті, индирективті,
регулятивті және индикативті жоспарлау. Шаруашылық етудің түрлі нысандары
мен меншікке қатынасына қарай директивті жоспарлау индикативтіге қарама
қарсы қойылады. Социалистік шаруашылық ету жүйесіне директивті, ал рыноктық
жүйеге индикативті жоспарлау тән.
Индикативті жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу
құралдарының бірі ретінде Франция, Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты
бірқатар өндірістік дамыған елдерде соғыстан кейінгі кезеңдерде таралып,
өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.
Индикативті жоспарлау (лат. тілінен “indicator” – бағдар) – дирекивті
емес, мемлекеттік деңгейдегі кеңес беруші, бағыттаушы жоспарлау.
Мемлекеттің кеңесіне сәйкес жұмыс істеуге келісетін коммерциялық фирмалар
үшін мемлекет тарапынан қаржылық және өзге де ынталандырушы шараларды құру
мен өндіріс дамуының ұсынылған мақсаттарын анықтау арқылы экономикалық
процестерді реттеу әдісі. 1
Индикативті жоспарлау – мемлекет пен экономиканың басқа субъектілерінің
мүдделері мен іс-әрекеттерін үйлестіру механизмі. Мұндай жоспарлау
ақпараттық қызметпен бірге үйлестіру ролін де атқарады, яғни салалар мен
кәсіпорындар өздерінің өндірістік-шаруашылық бағдарламаларын өз бетінше
жасап шығару процесінде “орталықтың” қызметімен бірге үйлестіруді
түсінеміз. Бұл жағдай көбінесе индикативті жоспарлау институты максималды
дамыған француз тәжірибесінен алынған. Бұл жерде үкімет шешім қабылдау және
бұйрық беру жолымен емес, үйлестіру және ақпаратпен қамтымасыз ету арқылы
экономикалық дамуға әсер етуге тырысады.Үкімет пен жеке кәсіпкерлер
арасында жоспарлар мен ақпараттармен алмасудың нәтижесінде үкіметтік
ұйымдар жағында өзара

Сурет.1. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің құрылымы

жұғысты жобаларды қосатын экономикалық өсу схемасы пайда болуы керек.
Ұлттық экономикалық жоспардың схемасының жалпы алғандағы сипаты осылай
көрінеді.
Индикативті жоспарлаудың негізін мемлекеттік институттар мен шарушылық
жүргізуші бірліктердің теңқұқылы әрекеттестігі құрайды. Жоспарды жүзеге
асыру міндетті еместігі маңызды роль ойнамайды, ең бастысы – қоғамдық
ұйымдар, жергілікті және аймақтық билікті қоса алғанда, шарушылық етуші
субъектілер мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ өзге тәуелсіз бірліктердің
жоспарлау үрдісіне тікелей қатысуы. Индикативті жоспарлау таза рыноктық
механизм кемшіліктерін де, қайта өндіру процесіне мемлекеттің тікелей
араласудан болатын қателіктерін де түзете отырып, бір уақытта экономиканы
мемлекеттік реттеу мен оның өзін өзі реттеу институты ретінде танылады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, индикативті жоспарлауды
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің (индикаторларының) жүйесін
жасауға негізделген және оның жалпы ұлттық басымдылықтарын, болжауларын,
бюджетпен қамтымасыз етілуін, жобалауларын, контрактациялануы (келісім шарт
негізіндегі мемлекеттік сатып алулар) мен макро- және микро деңгейлерде
шешімдердің келісуі, салық пен жоспарды жүзеге асыруға қатысатын шаруашылық
етуші субъектілерді мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын қосатын
мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің экономиканы басқарудағы
мүдделері мен қызметтерін үйлестіру деп анықтауға болады.
Демек, индикативті жоспарлаудың мәні келесіде:
1. шаруашылық жүргізуші субъектілер жасап шығаратын жоспарлар мен
бағдарламаларды “синтездеу” жөніндегі қызметті қарастырады;
2. жалпы ұлттық жоспардың мағынасына сай келетін қаржы-несиелік
саясатты жасау мен негіздеу мәселелерін қамту керек;
3. ұлттық экономиканың даму мақсаттары мен оларға жетуге қажетті
қаражаттардың оңтайлы үйлесімін қамтымасыз ету;
Индикативті жоспарлау – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына
сай келетін ел экономикасының дамуы мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
(индикаторлар) жүйесін құру процесі және көрсетілген индикаторларға жету
мақсатымен әлеуметтік және экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету
шараларын бекіту.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде келесілерді
қолдануға болады:
• экономиканың динамикасын, құрылымы мен тиімділігін;
• қаржылардың жағдайын;
• ақша айналымын;
• товарлар мен құнды қағаздар рыногын;
• жұмыспен қамтылу мен халықтың өмір сүру деңгейін;
• сыртқы экономикалық байланыстарды сипаттайтын көрсеткіштер.
Бұл көрсеткіштердің (индикаторлардың) өзара байланысты және іштен
балансталған жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының сапалық
сипаттамасын беруі тиісті. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеудің
барлық шаралары бағытталады.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің әсер ету шаралары
ішінде келесілер пайдаланылады:
1. орталықтандырылған қаржылық және валюталық қаражаттар мен несиелер;
2. салықтық тұтқалар;
3. амортизация жүйесі;
4. кедендік алымдар, лицензиялар мен квоталар;
5. мемлекеттік қажеттіліктерге өнімдерді алып келу көлемдері мен
мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет ету жағдайларын анықтау.
Батыс германдық теоретиктердің бірі К.Шиллердің пікірінше “индикативті
жоспарлаудың” мәні келесідей анықталады: “Жоспарлық бастамалар ақпараттық
және бағытты көрсететін мәліметтерден тұрады. Былайша айтқанда, бұл бағыт-
бағдар мен қашықтықты көрсететін жол бойындағы белгілер сияқты, ал қай
жаққа баруды және қандай жылдамдықпен жүру керек екендігін жүргізушінің өзі
таңдайды”. Ал ағылшын экономисі С.Коеннің анықтамасы бойынша: “Индикативті
жоспарлау – онда екі элементтің бар болуымен сипатталады: жоспарлық
тапсырмаларды іске асырудағы минималды мәжбүрлеу мен шешім қабылдаудағы
максималды тәуелсіздік. Индикативті жоспар рынок пен баға белгілеу жүйесін
ауыстырмайды. Ол тек қана олардың жұмыс істеу кезеңіндегі келетін ақпаратты
толықтырады. Ол рыноктық механизмнің қызметін белгісіздікті азайту жолымен
жақсартады”. 2, 26-31б.
Б.Даллагоның пікірінше жоспараудың индикативті типі мемлекеттік меншік
базасында іске асады. Мемлекеттік билік пен басқару органдары жоспарда өз
стратегиясы мен басымдылықтарын нақтылайды. Жоспарлаудың бұл типі тікелей
және жанама экономикалық реттегіштерді (баға, табыс, салық, пайыз қойылым,
несиелер, т.б.) пайдалану арқылы рынок субъектілерін қойылған мақсатты
орындауға, жоспарлық индикаторларды іс жүзіне асыруға бағыттауды көздейді.
3, 9б.
Индикативті жоспарлаудың құрамдас элементі – таңдап алынған
басымдықтарды қаржы-өндірістік топтармен, кәсіпкерлердің одақтарымен,
кәсіподақтармен және басқалармен келістіру процедурасы.
Бұл консенсустық механизмдер ұзақ уақыт бойы индикативті жоспарлаудың
экономикалық және әлеуметтік тиімділігін қамтымасыз еткен. XX ғасырдың 70-
жылдарының ортасына дейін Франция мен Жапонияда толығымен орындалса, 80-
жылдарға дейін Оңтүстік Корея мен Тайваньда пайдаланылған.
Шет елдерде индикативті жоспарлау толығымен және таза күйінде
Францияда дамыған. Міне осы себептен бұл жұмыста Франция тәжірибесі
қарастырылып, оның Қазақстан үшін маңызды тұстары ашылып жазылған, сонымен
қатар салыстырмалы сипаттама жүргізілген

1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі.

Бірқатар елдерде индикативті жоспарлар мемлекеттік реттеудің
тиімді құралы ретінде танылды. Мысалы, Японияда Ұлттық табысты екі
еселеудің 10 жылдық жоспары кейін 1987 жылы XX ғасырдың аяғына есептелген
Ұлттық дамудың төртінші кешенді жоспары қабылданды. Мұнда негізгі
мақсаттар қолданудың көпполярлылығы, оның спецификалық мүмкіндіктері ,
мультиполярлылығы оның жекелеген аймақтар мен халқаралық масштабтағы өзара
түсіністіктің байланысын тереңдету .
1996 жылы Япония үкіметі ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін
арттыру үшін, динамикалық дамуды НИОКР негізіндегі тұрақты өсуді қамтамасыз
ету үшін жеке компаниялар, ғылыми мекемелер мен мемлекеттік органдарды
біріктіретін 1996 – 2000 жылдарға арналған ғылым мен техниканың дамуының
негізгі жоспарын ұсынды.
Нидерландыда жоспарлар Физикалық жоспарлар туралы есеп берулер,
Толықтырулар т. б. түрінде бейнеленеді.
Германияда, Канадада, Испанияда, АҚШ – та барлық ұлттық экономикалардың
даму жоспарымен қатар нақты территорияларды ( проблемалы, аймақаралық,
жергілікті ) кешенді қамтамасыз ететін аймақтық жоспарлауға да көп көңіл
бөлінеді. Ұлттықтан жоғары сипатты ЕЭС – тің экономикалық өсуінің
перспективасы сияқты жоспарлар бар (1960-1970жж, 1971 – 1975жж, 1976 –
1980жж).[2.с.42]
Сонымен, индикативті жоспарлау Франциядан бастау алып әлемде кеңінен
қолданылады, ал Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бұл механизм өте кең қолдау
тапқан.
Француздық жүие Ұлыбритания мен Германия сияқты елдердегі
макрожоспарлаудың дамуына ынталандырушы әсер етті, ал соңғы кездерде ЕО
мемлекет аралық ұйымдарымен терең зерттелініп, қолданысқа еңгізілуде.
Индикативті жоспарлаудың қалыптасу себебі Шарль де Голль саясатына
сәйкес экономиканың қайта құруы мен модернизациялануы кезінде экономиканың
көтерілуі арқасында Францияның халықаралық беделінің орнығу мақсаты
қойылған еді.
Индикативті жоспарлаудың француздық жүйесінің “атасы” – Жан Моне. 40-
жылдардың соңында “жоспарлаудың демократиялық жүйесі” жасалынып, жүзеге
асырыла басталды. Ол мемлекеттік органдар шаруашылық процестерді
“мемлекеттік бюрократия рыноктық субъектілердің тиімді қызмет етуін басып
кетуін” болдырмайтындай етіп реттеуге мүмкіндік берді. Әдеттегі “жоғарыдан-
төмен қарай” иерархиялық жүйені құрудың орнына кеңес беру мен келістіру
қағидаларына негізделген және әртүрлі “мүдделері бар топтардың” өкілдері:
мемлекеттік қызметшілер, кәсәпкерлер, кәсіподақтар, тұтынушылар одақтары,
өзгелер тең құқылы бастамаларда қатысуды ескеретін “төменнен” жоспарлау
бекітілген. Қарастырып отырған жүйеге сәйкес, жоспар көп қадамды
итерациялар нәтижесінде пайда болады және де оның іс жүзіне асуына барлық
жақтар мүдделі болады. Сонымен бірге жоспардағы көрсеткіштер міндетті болып
табылмайды (директивті), олар ең алдымен экономикалық индикаторлар ретінде
– күтілетін экономикалық конъюнктура жайлы ақпаратты тасушы болып танылады.

1-кесте. Франциядағы индикативті жоспарлаудың дамуының тарихи
кезеңдері.

Кезеңдер Жылдар Қысқыша сипаттамасы
1 1947-1953 Бұл жоспар экономиканы қайта құру мен
модернизациялауға қызмет етті. Мұнда 6 ірі саланың
(көмір, электр энергиясы, болат, цемент, көлік,
өндірісті жарақтандыру мен ауыл шаруашылық
машиналарын жасау) өндірістік қуатын қайта құруға
көңіл бөлінген еді.
2 1954-1957
3 1957-1961 Ашық экономика жағдайында 1957-жылғы Рим келісім
шартына қол қойылғаннан кейін, негізін қалаушы 6
елдің Ортақ рыногы пайда болды. Бұл кезде
жоспарлау өзінің салалық сипатынан айырылып,
макроэкономикалық сипатқа ие болады. Осыған
байланысты тез және тұрақты өсуді, сондай-ақ
макроэкономикалық тұрақтылықты (сыртқы сауда
балансын) сақтай отырып, әлемдік бәсекелестік
алдында ашық болуды қамтымасыз ету керек болды.
Бұл кезеңдерде жоспарлау болжамдау әдістерімен
үйлестіріледі.
4 1962-1965
5 1966-1970
6 1970-1975 1973 жылғы бірінші мұнай дағдарысынан кейін, өсу
қарқынының азаюынан бұрын оның тұрақтылығы да
жойылды. Ұлттық статистика және экономикалық
зерттеулер институты “көп салалық динамикалық”
модель ұсынады. Ол құрылатын жоспардың ағымдағы
және соңғы жылдары арасындағы әрбір жыл үшін
макроэкономиканың даму траекториясының сипаттамсын
беруге мүмкіндік берді. Нақты экономикалық
көрсеткіштер жоспарлықтан едәуір артта қалған еді.
7 1976-1981
8 1981-1985 X Жоспарды дайындау кезінде жасалған сандық
жұмыстар бір ұйымдық инновациямен ерекшеленген
болатын. Францияның Басты жоспарлау комиссариаты
(БЖК) Ұлттық статистика және экономикалық
зерттеулер институтына (INSEE) да, 80-жылдардың
басында пайда бола бастаған тәуелсіз институттарға
да тапсырыстар бере бастады.
аралық 1982-1983
9 1984-1989
10 1989-1992
11 1993-1997

Франциядағы индикативті жоспарлаудың эволюциясы экономикалық
конъюнктураға байланысты объективті дамыды. 1940 ж. Екінші Дүние Жүзілік
соғыстан кейін Францияның экономикасы құлдырауды басынан кешірген еді,
сондықтан жоспарлауда салалық көзқарасты қолдану қажеттілігі туындады. Ал
кейін 70-жылдардағы мұнай дағдарысынан кейін реттеудің әлсізденуі,
орталықсыздандыру процестері индикативті жоспарлау жүйесінің “босаңсуына”
әкеліп соқты. Ол ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға ауысты. 80-
жылдардың орта шенінен бастап, экономиканы мемлекеттік басқару жүейесінде
бағынышылық ролін атқарса, ең соңғы индикативті жоспарлар әртүрлі
мүдделерді сәйкестендіруге тырысқандықтан егжей-тегжейлі жасалмаған
болатын, бұл ерекшелік жоспарға нақты басқарушылық мағына берді. 3, 35-
40б; 4
Француздық жоспарлау жүйесінде басқа елдерге қарағанда келесі
ерекшеліктер бар:
1) Рыноктық экономикамен біріккен жоспарлау
Француздық жоспарлау рыноктың орнын алмастыруды емес, керісінше рынок
кемшіліктерінің орнын толтыруды және рыноктық механизмнің қызмет етуінің
елдің әлеуметтік бірегейлігімен қоса тұрақты жұмыс істуін үйлестіру.
Ал рыноктың кемшіліктері табиғи монополиялар кезінде, сыртқы әсерлер
және қоғамдық игіліктерді өндіру кезінде ресурстарды тиімді бөлуге
қабілетсіздігімен айқындалады.
2) Эволюциялық жоспарлау үшін икемді және жеңіл құрылымның болуы
Бұл ерекшелік француздық жоспарлаудың ұзақ тарихи эволюциялық дамуының
нәтижесінде пайда болған. Индикативті жоспарлауды жүзеге асыратын
мемлекеттік ұйым – Бас Жоспарлау Комиссариатының 1-Комиссары Жан Моне
ұсынған қағида бойынша (ұйым құрылымы икемді және жеңіл болуы), оның қажет
кезде тез, әрі қоршаған орта талабына сай бейімдеу қабілеттігін түсінеді.
Француздық жоспарлаудың қағидалары:
♦ француз қоғамының бейімделменген, кемшін түстарын ұжымдық қарастыру
мен косенсустық шешімдерді жалпы үйлестіру жолымен издеу;
♦ орта мерзімдегі болашақты бірлесіп көруге ұмтылу, яғни болжалмаған
жағдайлардан мейлінше құтылуға тырысу;
♦ Мемлекеттің болашақ қызметіндегі міндеттемелер мен оның
әріптестермен қарым-қатынастары.
Демек диалог, консенсус және үйлестіру – Француздық жоспарлау
жүйесіндегі негізгі қағидалар.
Осы үш қағиданың негізінде француздық жоспарлаудың функциялары
анықталады. Жоспарлау үш тұрақты функциялардан тұрады:
1. француз қоғамының күшті және әлсіз жақтарын ұжымдық сараптау
процесі;
Бұл әртүрлі әріптестерді (мемлекеттік әкімшілікті, кәсіпкерлерді,
кәсіподақтарды) және сарапшыларды біріктіре отырып, түрлі салалардағы
мәселелерді бірлесіп анықтауға бағытталған диалог пен мүдделерді үйлестіру
процесі. Сарапшылар мен мамандардың пікірлерін зерттеу кезінде екі
тиімділікке қол жеткізіледі – біріншіден, мәселелерді анықтаудағы
объективтілікке және нақты шешімдерді табудағы маңызды базаға айналуы.
Екіншіден, ақпараттық роль ойнап, экономикалық агенттердің мінез-құлқына
әсер етеді.
2. экономикалық және әлеуметтік даму кезіндегі мәселелерді
идентификациялау;
Жоспарлау экономика мен рыноктың одан да жақсы қызмет етуін қамтымасыз
етуге бағытталған ережелер мен мәліметтер жүйесін жасайды. Жоспар тек қана
экономикалық және әлеуметтік нұсқау ретінде танылады, ал экономикалық
агенттер таңдауды өздері жасайды.
3. нақты шешімдерді ұсыну
Француздық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаумен үйлесетін әлеуметтік -
экономикалық даму туралы орташа мерзімге арналған бүтін түсінік
қалыптастырады. Бұл түсінік мәселелердің шешімін жеңілдетеді.
Сөйтіп, француздық жоспарлауды ұйымдастырудағы индикативтік тәсіл
рыноктық экономикамен үйлесімділігімен, икемді және эволюциялық құрылыммен
анықталады. Жоспарлар тұрақты үш функция атқарып, экономикалық жүйенің
тұрақтылығын қамтымасыз етеді.
Әдетте француздық жоспарлар бес жылға арнап жасалынып, болашақтағы
қажетті экономикалық-әлеуметтік дамудың жалпы көрінісін бекіткен. Дегенмен,
бұл жерде индикативті жоспардың өзі емес, оны жасау процесі маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру
Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Пәндер