Сөз және оның контекстегі қолданылуы



І Кіріспе
Сөз мағынасының дамуы, дыбыстық жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Сөз категориясы және контекст ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2.1. Жалған этимологиялы сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.2. Ерікті . еріксіз қолданыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.3. Бейтаныс сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16

ІІІ Сөздің тұлғалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.1. Сөздің шебер қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ІҮ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
Сөз мағынасының дамуы, дыбыстық жағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

ІІ Сөз категориясы және контекст
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

2.1. Жалған этимологиялы сөздер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.2. Ерікті - еріксіз қолданыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.3. Бейтаныс сөздер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... . 16

ІІІ Сөздің тұлғалануы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 20
3.1. Сөздің шебер қолданылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

ІҮ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34

Кіріспе

Сөз мағынасынан әр тілдің өзіңдік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық
сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі
себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі
себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз
мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз
немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп косылғанда, бұрыннан тілде бар
сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік
байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мумкін.
Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір
сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса,
байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да
соңдай әсер етуі ықтимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру
заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан
белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол
негізінде метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы іске
асады. Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру,
құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. —
бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған
сөздер. Мысалы, талқылау бұрын теріні талқыға салып жұмсарту мәнінде
қолданылса, кейін оған қоса мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу
мәнінде айтылатын болды. Байланыс — бұрынғы қарым-қатынас, аралас мәнінің
үстіне кейін хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны,
мекеме мәніне ие болды. Күн - бұрын кісі өлтіргені үшін айыпкердің не
оның руының мал басымен беретін төлемі
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретінде қолданылады.
Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің (адамның төбесіне қойылатын
бір шоқ шаш) мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда бір тақырып
төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға
байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда
қолданылған. Тон — тек қой терісінен тігілген киімді ғана емес, жалпы
киім атаулыны, тары — тек дәнді дақылдардың бір түрін емес, егін,
астық атаулыны білдірген. Қол — адамның дене мүшесі ұғымымен бірге,
тарихи, әскер, жасак ұғымында да қолданылған. Қарындас — көне түркі
тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде туысқан,
бір тектес адамдар мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде бірге туған кіші
қыздың ағасына туыстық қатынасын, болмаса жасы үлкен ер адамның әйел
балаға айтатын сөзін білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің
қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран
фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған: міз бақпау, түлен түрту,
қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Метафора. Сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не
атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір
затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора (гр.
metaphora — ауысу) деп аталады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде
ұқсату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге
бөлінеді: а) тілдік (сөздік) метафора, ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын
контекстік) метафора.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық
шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафора
жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айтылады. Дәстүрлі
метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде көп мағыналы
сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің, ең алғашқы заттық мағынасы деп
адам мен жан-жануарлардың жүру-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп
түсінеміз. Мұнан кейін үстел мен орындық тәрізді жансыз заттардың тіреуішін
де аяқ деп ұқсатып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен
келуіне
Сөз дегеніміз — қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздің
мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, даму тарихы, қолданылу ерекшелігі,
жасалу жолы, өзгерілу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы тұрғыдан қарап тексереді, Мысалы,
сөздің дыбыстық жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс
арқылы айтылатынынан, сол дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінінен
байыптаймыз. Дыбыстық комплекс дегеніміз — сөздің сыртқы дыбыстық жамылышы.
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір ұғымды, белгілі бір
дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол дыбыстық жамылыш арқылы естіп сол арқылы
сөз түрінде қабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жамылғыш белгілі
бір ұғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.
Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір тұтас комплекстік тұлға болса,
екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөлшектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке
дыбыстардан құрылатын тұлға (единица).
Сөздің осындай дыбыстық жақтарымен байланысты мәселелерін зерттеу —
тіл білімінің фонетика тарауының міндеті.
Белгілі бір ұғымның атауы (белгісі я таңбасы) ретінде қолданылатын
дыбыстық комплексті сөз дейміз.
Әрбір сөздің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: оның
бірі — сөздің сыртқы дыбыстық жағы (сыртқы дыбыстық жамылышы), екіншісі —
сол дыбыстық жамылыш арқылы айтылатын я ұғымылатын ішкі мазмұны, мағына
жағы.
Сөздің дыбыстық жағы белгілі бір ұғымның, сыртқы материалдық жамылышы
(формасы) болса, сол аркылы "біздің санамызда белгілі бір ұғым байыпталып
отырады.
Сөздің сыртқы дыбыстық құрамы мен сөздің ішкі мағынасы үнемі бірлікте
болады.
Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса,
әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ
ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи, байланыста
болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгі (таңба) я сол ұғымның мазмұнының
бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың
бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, атай, ағаш, топырақ деген
сөздерді алсақ, олардың әрқайсысысы-әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені
ағаш деп көз алдымыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да,
сондай-ақ, жалпы ағаш атаулыны да атай береміз.
Әрбір сөздің өзге сөздермен карым-қатынасқа түспей, жеке-дара
тұрғандағы (статикалық күйдегі) нақтылы я негізгі мағынасы, әдетте,
лексикалық я тура мағына деп аталады.
Тілдіқ сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады.
Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-
салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сөздердің лексикалық
мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу
өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.
Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп,
топ-топқа бөліп, олардын әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын
анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің мағыналары
жоғарыда лексика тұрғысынан қаралса. енді олардың бәрін де заттың атын
білдіретін жалпы белгісіне қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер
деп, грамматика тұрғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат
есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты
грамматикалық топтарға бөлу салты — осылайша топшылаудан туған
дәстур. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топтарға бөлу рәсімі
оларға грамматикалық тұрғыдан қарап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған
сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мысалы: Кен асылы —
жерде, сөз асылы — елде (мақал); Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса,
ауызға тиер (мақал); Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал)
деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерінге, ауызға, тауға, адамға
сөздері мен тиер, қосылар сөздерін грамматикалық турғыдан салыстырып
топтауымызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерінге, ауызға,
тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола
турса да, бул жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда)
грамматикалық мағыналарында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын,
кейінгі төртеуінін (ерінге, ауызға, тауға, адамға) грамматикалық
мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аңғару қиын
емес: жерде, елде, ауылда сөздерінін бәріне тән жалпы грамматикалық мағына
жатыс септік жалғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адамға
сөздеріндегі жалпы грамматикалық мағына барыс 4-септік жалғауы арқылы
топтанып айтылып тұр. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс
септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-
ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қол-дануға болады. Жалпы
грамматикалық мағыналары жағынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай
сөздерді - зат есімдер деп атап, бір топқа бөлеміз.
Екінші топтағы тиер, қосылар деген сездердің лексикалық мағыналары
басқа-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-қозғалысты
білдірулерімен байланысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бұл жалпы мағына
оларға жалғанып тұрған есімшенің -ар (-ер) қосымшасынан тіпті айқын көрініп
тұр. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген,
қосылған, тиетін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей
өзгерте беруімізге де боладьі. Іс-әрекетті білдіретін бұл сияқты сөздердің
бәрі де етістік деп аталатын сөз табы категориясына жатқызылады, өйткені
олардың әрқайсысына есімше, көсемше, етіс, шақ секілді грамматикалық
категориялардың қай-қайсысы да жат емес.
Сөздің лексикалық мағнасына тікелей байланыстың осындай жалпы
грамматикалық мағыналарын, сондай—ақ, сол грамматикалық мағыналарды
білдіретін формаларды грамматика ғылыми зерттейді.

ІІ Сөз категориясы және контекст

Сездің өзіндік және жұмсалу ерекшеліктері — ғылымда тым ертезаманнан
көніл аударылып келе жатқан мәселе. Бұны Аристотельдің: Әдемі де сәтті
айтылымдар қайдап шығады? Оларды талантты, яғни зергер, адам жасайды. Ал
бұлардың мәні-сырының қандайлығын айқындап беру — біздің ғылымымыздын
міндеті,— деп жазғанынан да аңғаруға болады.
Бұл проблема әсіресе орыс тіліндегі әдебиеттерде көбірек
қарастырылады. Мәселен, тек қана сөз туралы жазылған (Слово о слове,
Искусство слова т. б.) оннан астам кітапқа қоса, бір ғана Пушкин
шеберлігі деген атпен А. Г. Цейтлиннің, А. П. Слонимскийдің, Л. Л. Благой
т. С. жарық көрген көлемді-көлемді үш-төрт зерттеуі бар. Тіпті
жеке шығармалардың тіл, стиліне байланысты жазылған ғылыми жұмыстар да
аз емес.
Мұндай мәселенін, бұрынғы одатқас республикалардың өзгелерінде де
назардан тыс қалыл келе жатпағаны, байқалады. Бұған Г. С. Амировтің, С.
Мамаджановтың, X. Якубовтың, Н. Рахимовтың Тоқай, Гафур, Айбек, Айнилердік
тіл шеберлігіне, Ш. В. Юсифиди, Т. А. Ефендиевалардын стилистикаға
байланысты қорғаған докторлық диссертациялары — куә.
Сөздің қолданылу проблемасына қатысты ғылыми ізденістердің өзіміздегі
бастамасы — Қ. Қ. Жубанов еңбегі. Жалпы, сөздің көркем, шебер қолданылу
үлгісін арнайы талдаған ғылыми алғашқы күрделі зерттеу — Қ. Жумалиев
монографиясы. Бұлардан кейін тілге байланысты қорғалған үлкенді-кішілі
ғылыми жұмыстардың, жарық көрген зерттеулердің, оқу құралдарының қай-
қайсысында да сөз және оның жұмсалу жайы мен заңдылықтары, тікелей не
жанама түрде болсын, үздіксіз қарастырылумен келеді. Бұл мәселе Тіл
мәдениеті және, баспасөз, Соңғы жылдардағы қазақ көркем шығармаларының
тілі деген тақырыптарда өткізілген ғылыми-практикалық, творчестволық
конференцияларда да кең талқыға түсті.
Міне, осы соңғы бас қосуға жалғасқан жылдар яғни қайта құру тасқыны
жаңартқан демократия мен жариялылық еркіндігіне қол жеткізген, басқа да сан
алуан өзгеріс-жақалықтарды мол ала келген кезен - тілге қатысты да бірқатар
мәселенің шешім табуына мүмкіндік берді. Әсіресе Тіл туралы заңның
қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл. болып танылуы сияқты күрделі
оқиғалар елдің, халықтың еңсесін көтеріп, бойына ерекше жігер қосқаны-
шындық. Осыған байланысты ана тіліміздің қанын толықтырып,абыройын арттыру
қамында соңғы жылдарда айтылған, казір де айтылып жатқан пікір-ұсыныстар
өте көп. Бұлардың арасында әсіресе орнықты ой, татымды талдау-тұжырымы,
бағалы дерек-түсіндірмелерімен құндылары бірен-саран ғана емес. Мәселен, Ә.
Қайдаров пен Т. Жанұзақовтың Атамекен атауларындағы атқандақтар, Р.
Сыздықовтың Тілдегі жаналықтардың сыры неде?, Орысшылдықтан қашудың да
жөні бар, Сахна сәмі; Б. Қыдырбекұлының Түгел создің түбі бір....
мақалалары, Ә. Нұрмағанбетов, И. Уәлиев. Ә. Керімовтердің сөз төркіні, Ө.
Айтбаев, Ә. Қарағұловтардың тіл тағдыры, сөз қолданысымыз туралы жазғандары
— осындай еңбектер.
Алайда бұл тараудың негізгі бөлімдері тіл ғылымымызда әлі күнге арнайы
зерттелмей, зерттелсе де, нақтылай түсуді қалайтын тұстары бар не жанама
түрде ғана сөз болып жүрген лексикалық топтар проблемасына арналады. Бұлар
мына ретте қаралды:

2.1. Жалған этимологиялы сөздер.
Этимология – гректің etymon (шындық), logos (сөз, ілім) деген
мағынадағы, сөздерінен жасалған термин. Мұндай сөздер жайы қазақ орыс
тілдерінде арнайы қарастырылмаған мәселе. Жекелеген әдебиеттерде ғана
мынадай қысқа сипаттамалар берілген:
Халық арасында жер-су аттарының тасы басқа атаулардың қайдан
шыққанын, не болғанын жорамалдау. Олардың шығу төркінінің мәнін ашып
беруге әуестенушілік көп болады. Кейде басқа тілден енген түсініксіз енеді
өз ана тіліндегі сөздерге ұқсатып, соның негізінде түсіну жағдайы да
кездеседі. Мұндай құбылыс халық этимологиясы деп аталады.
Жалған этимологиялы сөздер кейіпкерлердің тілдік сипаты үшін, қандай
да бір құбылыстың экспрессивтік мінездемесі үшін қызмет етеді, стильдік
мақсатта қолданылады... Халық. этимологиясы — сөздің бастапқы төркінін
ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіретін тәсіл емес, ол тек таныс емес сөздердің
төркінін белгілі, таныс сөздермен салыстыру, солар арқылы долбарлап
жобалау ғана.
Егер XIX ғасырдың 40-50 жылдарында жұрт шеколат, инверситет,
ладеколои, кеатр деген болса, бұл оның сауатсыздығының белгісі еді.
Бірақ халық бұларды түсіне, дұрыс айта білуге барынша тырысты. Ұзақ жылдар
бойындағы тіл практикасы процесінде бұғам оның қолы да жетті... Сөйтіп,
шоколад, университет, одеколон, театр түріндегі әдеби айтылымды жүрт кейін
дұрыс меңгерді. Ал бұрын орыс жұрты таныс емес, бөгде, түсініксіз сөздер
ұшырасқанда, оларды сол сәтте-ақ өздеріне белгілі сөздердің үлгісіне
түсіріп отырды.
Міне, аталған екі тілдегі әдебиеттерден жалған теркінді сөздерге
қатысты ұшырасатын пікірлер осылар ғана.
Бұл айтылғандардан және зерттеу жұмыстарымыздан айтушыға я тыңдаушыға
немесе екеуіне де мағынасы түсінікті ме түсініксіз болып келген сөзді
бұлардың өздері білетін, сыртқы жамылышы (формасы) әлгіге азды-көпті ұқсас
сөзбен алмастырып қолданғам сөзін жалған этимологиялы деп күргеніміз
аңғарылады.
Жалған төркінді сөздердің жасалу жолы жәке негізгі ерекшелігі —
бұлардың дыбыстық жағынан түп нұсқаға жақын әрі құрамы белгілі бір нақты
мағынаға ие бөлшек не бөлшектерден тұратындығы. Бұл екі белгінің бірі
болмаған жерде жалған төркінділік те жоқ. Мысалы: Бүкіл аудан бойына бірде-
бір қалкөз еңбеккүнге астық босатпасын деген уркәбадаши указание бар. Ал
бұл не? Бұл бредительство! Бұл сабатаж. Беззабраз! Сбедетіл боласындар!
Әкті... Сен осы кләдәпшік пе едің, бригат па едің?... тойыс единобременней
көмек, брадукт... әктіні жасаған әтделдің Мұрат қалқозындағы ұшаскебайы
(Қ, Ы.).
Сөз иесі — соғыс жылдары учаскелік милиционер, қейін малшы болған
Берібай. Шала сауатты және жасының егделігіне байланысты тілі де қатыңқырап
кеткен кейіпкеріне орыс тілі сөздерін автор лайықты айтқыза білген. Әсіресе
қалқоз, үркебәдши укәзәние, әкті, отдел дегізуі тіпті келісті. Бірақ
үзіндідегі белгіленген сөздердің бірде-бірі жалған төркінді емес. Себебі
бредительство, сбедетіл, кләдәпшік, единобременнәй, брадукт, әтдел
айтылымдарынан қазақ сөздеріне мағыналық жақындық табу қиын. Мүмкін,
бұларда тіліміз жаттыққан бір - еді - ит – ел - істі, сүбеде - тіл, кіл -
әдеп - шік тұлғалы саздердің орфоэпиялық әсері бар да шығар, дегенмен,
орфографиясы жоғарыдағыдай болған соң, оларды мұндай этиимологияда алынған
деп қараудың реті келмейді. Ал кейінгі үш сөзге (единобременнәй, брадукт,
әтдел) төркіндік кандай да болжам айтуға тіпті болмайды.
Демек, мысалдағылар — кейіпкердің тіл икемі келмегендіктен солай
формаланған жай антылымдар ғана.
Алайда қаламгерлеріміздің сөзді жалған төркінде не осы ыңғайда жұмсау
ретін барлық орында бірдей жатық тігісті деуге бола бермейді. Мәселен,
жоғарыдағы автор жасы 40-тар шамасындағы Мешелге бұйтепке, тұрдабай
дегізеді. Мектеп табалдырығын Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан 2-3 жыл кейін
аттап, азды-көпті білім алуға міндетті де, мүмкіндігі де болған әрі
сплавконтор деген күрделі сөзді дұп-дұрыс айтуға тілі тамаша келген жас
азаматтың бұлай деуі көңілді аса иландыра қоимайды. Сондай-ақ осындай
пікірді Бәйестің үйінде жатқан Учитель де Әшібек (Төңкеріс үстінде, 227)
деген сөйлемдегі орыс сөздерінің қолданылуы туралы да, айтуға тура келеді.
Себебі баласы Ехласты орысша оқытқан Шұғыл қажының тілі учительді мінсіз
айтып, большевикке пәлендей жанаса алмаған (Әшібек, деген).
Ал Торғай толғауы романында өндірсәл (трактор маркасы, универсал)
сөзін кейіпкерге айтқызудың орнына автор өз баяндауында қолданған:
Екпіндеген өндірсәл... өткен өндірсәл... су ортасында қалған өндірсәл.
Байқауымызша, тіліміздегі жалған этимологиялық негізінде, өзге тіл
(көбіне орыс тілі) сөздеріне байланысты орын алған құбылыс. Мысалы: болыс,
ояз, жандарал, атбекет, атұлтан (адьютант), шырпы-ши (чрезвычанный) т. т.
Бұлардың бірқатары кезінде сөздік қорымыз бен сөздік құрамымызға да
еніп (Болыс болдым мінеки, Жана құда — жандарал), қазір біралуаны
кенеріп, кейбірі қайта қолданыла бастап жүр (жағырафия, фәлсафа) т.
б.
Жалған төркінді сөздер кейде әр турлі вариантта (үшкіл, үшкел, үшкөл-
школа) қолданылумен қатар, арагідік өз сөздерімізден де (мәлім — мұғалім,
мапахат — махаббат) (М. Ә.) жасалады. Бір ғажабы— кей сөздің екі тілден де
жалған төркін табуы мүмкін екені. Осындай бір қызық метаморфозада жүрген
сөз— бульвар. Орыс тілінде бұл гульвар, бізде гүлбар болып қолданылып
жүр.
Дұрысында, бұл сөздің орысша, қазақша бұлай екі түрлі тұлғалануы
орынды да: бірі гулять, екішлісі гүл, бар сөздерінен төркінделеді. Себебі
жұрт булызарда, шынында да, қыдырады; бульварда, шынында да, гул бар.
Жалған төркінді сөздер стильдік тұрғыдан бірде айтушысының тіл икеміне
орай солай жұмсалса, бірде оның жаң-сақ түсінігіне, ал енді бірде әдейі
солай дегісі келуіне не т. б. реттерге байланысты қолданылады.

2.2. Ерікті - еріксіз қолданыстар
Бұлардың көркем әдебиетте көріну жайы жұмысымызда мынадай негізгі үш
салада қарастырылды: Еріксіз қолданылыс. Іірікті қолданылыс. Еріксіз —
ерікті қолданылыс.

Еріксіз қолданылыс.
Бұл екі себепке:
а) кейіпкердің тіл икеміне,
б) кейіпкердің жаңсақ түсінігіне — байланысты байқалады.
Мысалы:
— Осы арадан — деді Жездібай, — ботпайлар басталады.
— Ол не сөз? — дедім мен.
- Орыстың подбой деген сөзін білуші ме едің я — деп
сұрады Жездібай менен.
— Білем.
— Білсең, жер астын үңгіп барып көмір қазатын орынды
орыстар подбой дейді, ол сөзге тілі келмеген қазақ жұмысшылары
ботпай дейді (С. М.).
Осы сияқты, орыс тілін білмейтін не нашар білетін егде кейіпкерлерін
сөйлеткенде, қаламгерлеріміз кооператив, министр, землемер, пристав,
француз, ячейка т. б. көптеген сөздерді кәпіратын, міністір, жемтемір,
бірұстап, борансоз, әшекей дегізеді.
Ал сөздік жалған төркінді болып жаңсақ түсінікке орай қолданылуы
кейіпкердің екінші бір тілдік сөзді өзі білетін ие ана тіліндегі соған
ұқсас басқа бір сөздің мағынасында қабылдауына байланысты. Мысалы: Ақ нан,
әр алуан бөлкешелерге дүкеннің сөрелері сықып толып тұр. Ақша берсек, —
бермейді: Карточки давайте,— дейді. Біз бірімізге-біріміз қараймыз.
Карточкасы несі?,— дейміз. Карточка деген сөзді сурет деп ұғып,
қалталарымыздан сурет іздестіріп жатырмыз (Б. С).
Мына үзінділерде белгіленген сөздер де кейіпкерлердің осындай қате
тусініктеріне байланысты жұмсалған:
1. — Қазақта мемлекет болып көрген бе?—деп сұрады Андрей Быков.
Байжан мен Омар мемлекет деген сөздің орысшасы государствоға түсіне
алмай:
Ол неменесі екен? Ақша дегені ме, қазына дегені ме?—десті біріне-бірі
қарап.
Оспадар деп қазақ тұрпайы мінезді, дерекі адамды айтады ғой. Ондайлар әр
ауылда да құдайда шүкір десем қайтеді?—деп Байжан Омарға қарады (Ғ.
М.).
2. — Ендігі жерде біз балығы көп жерлерді запретная зона істейміз.
Қазірет дейсің бе?— деді Құдайменде.
Жоқ запрет, запретная зона (Ә. Н.).
3. Бұл жердің батпағы шірік — деді бригадир. Сағырбай кеңкілдеп
күлді.
— Одан да эвкаливт отырғыз десеңші! Бригадир шамданып қалды:
— Сіз депутат болғанда, азаңғы сағат алтыда дауыс беріп,
аудандық газетке шығып едім. Енді еп қылып дейсіз бе, немене?
Шәкібаев жуып-шаймақ болды.
— Жігітім, менің айтқаным — безгекке қарсы егетін
ағаш. Саған үш қайнаса, сорпасы қосылмайды.
Бригадир шамалы жадырады. (Т. Ә.).

Ерікті қолданылыс.
Мұндайда сөз жазған төркінде әдейі жұмсалады. Мысалы, М. Горькийдің
бір кейіпкері: Сен наука десең, мен наука деп естиміп және сенің
өзіңді, тап сол өрмекші тәрізді, құрған ауыңмен мені бейне бір шыбын
тәріздендіріп орап алатындай көрем, — десе, Б. Житковтың бір кейіпкері:
Пролетарий и пролетает. В трубу, значит..., — дейді.
Бұлардағы белгіленген сөздерді кейілкерлер өздеріміп, жақтырмаған көз
- қарастарына байланысты әдейі бұрып, кекесінді түрде айтқан. Мына
шумақтағы тоз сөзінің жұмсалу реті де осындай: ТОЗ, серік дейді тағы
бар, Көп еді бәле неткен тек! Одам да сұмы табылар, Иллаһим, тозып кеткей
тек! (Жұбан М.).
Осындай ерікті қолданылыста кейде қаламгерлер өз шығармаларындағы
кейіпкерлер сөзіне сатиралық рең - беру үшін, елді күлдіру үшін сөз
төркінін өзінше әдейі өңін айналдырып та пайдаланады. Мәселен, М. Әуезов
Тас түлек пьесасында Бөлтірік, Қамбар сияқты кейіпкерлерінің сапқымазақ,
кулдіргі тілділігіне байланысты талай сөзді жалған төркімде алған.

Еріксіз-ерікті қолданылыс.

Бұған себеп болатындар: бір жағынам, кейіпкердің тіл икемінің жақсы
келе қоймауы; екінші жағынан, солай айтуды кейіпкердің өзінің де қалауы.
Мәселен, З. Жәкенов шығармасындағы ауатком төрағасының Колхозда кім болып
жұмыс істейсіз? деген сұрағына жауапты жөн бергісі келмеген қарияның
сеніатармын (санитармын) деп, немересі емтихан конкурсынан өте алмай
калған әженің қылмия (химия) дедің бе? дел қалжыңға бұра айтуы — осы
ыңғайдағы қолданымдар.
Жалған төркінді сөздер тұлғалық жаңалығынын өзімен-ақ қашанда
экспрессивті реңді болумен бірге, семантикасына (қоржынжын —хорунжий,
Салдуар — Сәруар) немесе қолданылу ретіне қарам адам көңілінде жағымды не
жағымсыз реакция туғызатын эмоционалды рең-мәнді де болып келеді.
Жоғарыдағы мысалдардың бірінде эвкаливт атауын еп қылып деп түсінген
бригадирдің шамданып қалуы — осының дәлелі.
Сондай-ақ жалған төркінді сөздерде пароним құбылысына ұқсастық та бар
(мекірен — мигрень, сурет — сюжет, бояма — поэма, бармақ — варнак) және
булар омоним түрінде де кездеседі: ТОЗ — қысқарған сөз (товарищеская об-
работка земли), бұйрық рай тұлғасыдағы етістік; карточка— талом,
фотосурет.
Тағы бір байқалатын жай — жалған төркінді болып кісі аттарының да
қолданыләтыны: Мыңетек — Монтекки, Көпетек - Капулетти, Салгері — Сальер,
Кургерей — Григорий, Көкпін — Губкин, Майтіл — Майдель.
Жалған төркінділік, негізінде, сөйлеу тіліне тән құбылыс болғандықтан,
сөздердің бұлай жұмсалуы драмалық шығармаларда басым байқалады. Мәселен, М.
Әуезов пьесаларында бұлардың 20-дан астамы, Қ. Мұхамеджанов шығармаларында
15-тегені қолданылған.
Қорытып айтқанда, тілдегі жалған этимологиялық болашақтың аса өміршең
құбылысы болуға тиіс емес. Себебі білімді, сауатты жұрттың бұрынғыдан Федор
сияқты кісі атын
Шодыр, американ, санитар, чрезвычайный сөздерін әмірхан, сеніатар,
шырпы-ши демесі сөзсіз.
Сонда бұл сөйлеу тілімізде болсын, көркем шығармаларда болсын,
негізінде, өткек кезең кешпкерлерінің тіл ерекшелігіне (архаизмдер іспетті)
немесс қаламбурлық ретке не сөзді әдейі бұрып қолдану қажеттілігіне
байланысты пайдаланылатын айтылымдар болып қызмет атқаруға тиіс. Сондықтан
бұның сөз қолдану жүйемізде өзіндік орны бар және тіл ғылымынық лексика
саласында, стилистикада, әдебиет теориясында арнайы әңгімелегендей құбылыс
тамылғаны жөн.
Потенциалды сөздер.
Әр тілде, күнделікті практикада қолданылатындармен қатар, бөлек бір
потенциалды сөздер — яғни нақты жоқ, бірақ егер 'тарихи кездейсоқтық
қажет ете қалса, бар бола алатын сөздер өмір сүреді: крокодиловодческий,
крокодиловодство, крокодилятина, славостойкость т. б.
Міне, сөздіктерімізде бұрын болмаған, казір де жоқ бірақ қажетті
тұстарда осылар сияқты жасалып жарыққа шығып жаткан сөздер біздің қазақ
тіліндегі газет, журлдарымыз бен көркем шығармаларымызда да, баршылық.
Мысалы: өркейту, таусыншық, денеу, мырзаң (Абай) келгін (пришелец),
күйінділер (күйініп отырған адамдар), көнермен, ойысарман, бергек (М.
Әуезв), аутандау (Ә. Нұрпейісов), үшарман (Қ. Мырзалиев), өгкінші жиын
(летучка) (С.Бақбергенов), лездеме (летучка), баянат (Қ.Жұмаділов)
басытқылау (закусывать) (Б.Соқпақбаев), көнерім, ескірім (Т.Әбдірахманова),
табантас (фундамент Т.Есімжанов), райгер (Д.Досжанов), өкектеу,
теріскейлік, кунгейлік, сән-қана (Т. Әлімқұлов), қазанама (пекролов),
жағажай (тілаш), көкөніс (овощ),- гүлшоғы (букет), тыңгер, тәлімгер,
танымгер, баспагер, айтыскер т. б.
Бұлардың бәрі де сөз тудыру амалдарымызға сан тұлғаланған. Екіншіден,
мағыналарында кісі тосырқап қарағандай ерекшелік, жаттық жоқ, керісінше,
бірқатары, иә, осылай деуге болар, ал кейбірі бұл бір дұрыс табылған сөз
екен деген сияқты пікірде мақұлдана қабылданғандай ретте.
Кейде тіпті мұндай қолданымдардың етене көрінетіндігі соншалық—
оларды күнделікті жұмсап жүргені сөздерімізден ажыратудың өзі қиын.
Мәселен, Қ.Мырзалиев қолданған бастығырақ, адамырақтар немесе Қ.Бекхожин
мен М. Әлімбаевтың; Көздерінің алашығы ұлғайып, Балық қармақты кермес,
жалмақты көрер деген сөйлемдеріндегі алашық, жалмақтар лексикамызда бейне
бір бұрыннан бар сөздер сияқты қабылданады. Ал шынында, олай емес. Әдетте
бастық болу, дейміз де, бастығырақ, адамырақ деп айта, жаза
қоймаймыз. Ақын бұл екі сөзді баларақ, ұятырақ модельдерінде осылай жұмсау
арқылы олардың жаңа бір қырын пайдаланып, контекстеріне тың лепті
экспрессия беріп отыр. Соңғы екі сөздің бірі қарашық сияқты тұлғаланса,
екіншісі қармақ-қа ұйқастырылған.
Жалпыхалықтық лексикамызда туған тіліміздің, өз сөздері негізінде
жасалып қосылған аялдама, көрермен, жан-күйер т. т. неологизмдердің бәрі де
осы потенциалды аталатын қордан өкшелгендер. Демек, потенциалды сөздер —
неологизмдер көзі.
Әрине, мұндай сөздерді жасаушылар — жеке адамдар, көбіне қаламгерлер.
Бірақ, жарыққа потенциалды қордан шыққанмен, бұл сөздердің бәрі бірдей
неологизм болып қатар түзе бермейді; тіл практикасы қажет еткендері жаңа
сөздер танылып, сөздік құрамға еніп, өзгелері, негізінде, бір көрінген,
жұмсалған контексіне жаттығы жоқ, қолданымдар болып қала бермек. Сөйтіп,
бұлардың көпшілігі тілімізге неологизмдер болып қосылып тіл байлығымызды
молайтса, азын-аулағы бір көрінумен ғана шектеледі. Бірақ өміршең
болмағанмен, бұларды таба, кәдеге дұрыс жарата білу көркем шығармада
жарыққа шығарылмақ ойдын қашан да дәл, әсерлі бейнелеуінде де елеулі
қызмет атқарады.
Міне, осы айтылғандарды қорытсақ, потенциалды сөздер деп әр тілдің
ішкі мүмкіндіктері негізінде әрі сөз тудыру тәсілдеріне, тіл практикасына
лайық тұлғаланған жаңа қолданымдарды айтуға тиіспіз.
Соңғы жылдар ішінде сөздік құрамымызға бағдарлама, бағдаршам,
мерейтой, мұражай, көкөніс, пікірсайыс, тералка, саябақ тәрізді
неологизмдер бұрынғыдай бірен-сарандап емес, күн сайын дерлік топ-тобымен-
ақ еніп жатыр. Туғаи тілімілдіц табиғатынан туындагг, омыи. ішкі
мумкіндігіінн соншалық мол екенін өзгеге де, өзімізге де айқын аңғартып
отырған бұл табысымызға халқымыздың — ақиқатын айтсақ - таңдануы да,
масаттануы да орынды. Академиямыздың тіл мамандары: А.Алдашева, Ш.Сарыбаеа,
Н.Уәлиевтер - құрастырған Жаңа атаулар аталатын сөздіктің 1-кітабы (1992,
көлемі-10,3 б. т)-осы байлығымызға бастапқы куә.
Окказионал сөздер.
Окказио-ның латын сөзі екенін, орысша случай деген мағынаны
білдіретінін айтып, В.В.Лопатин жоғарыда аталған еңбегінде: Сам термин
показывает, что подобные слова созданы однажды, по случаю... Они... созданы
и живут лишь в определенном контексте и вне этого контекста не
воспроизводятся,-деп жазады. Мысалға широкошумные (Пушкин), листолет,
лошажьи, пуховитые, голосатые (Есенин), утреет (Блок), легкомыслый,
молоткастый, серпастый, туфлястый (Маяковский), инакочувствующие, во
всеувидение т. т. көптеген қолданымдарды келтіреді.
Сонымен бірге автор окказионал сөздердің әр түрлі аталып жүргенін
әңгімелеп, солардың ішінен өзі жөн санаған 14-ін атап өтеді. Бұлардың
арасында Бір реттік неологизмдер, Қолдан жасалған сөздер, Экспромт
сөздер. Метеор сөздер, Эгологизм т.б. бар.
Міне, атаудың осындай әр түрлілігі сияқты, окказионал сөздер туралы
айтылып жүрген пікірлердің өзі де әр қилы. Оларда, негізінде, окказионал
және потенциалды сөздер жеке-жеке емес, Авторлық неологизм, Стильдік
неологизм, Окказионализмдер деген жалпы атаумен бір қаралып жүр. Бұларды
арнайы зерттеушілердің бірі В. В. Лопатиннің өзі де Окказионал сөздер,
Потенциалды сөздер деп әрқайсысын жеке тақырыпта алып сөз етіп отырады
да: Біз бұл кітабымызда Окказионализмдер деген жалпы атауға сөздердің
екі тобын — потенциалды және авторлық сөздерді біріктіріп қарап отырмыз
(95, 63), -деп, оның негізгі себебі ретінде бұлардың, екеуінің де белгілі
бір себеп - жағдайға байланысты жасалатынып, сөздік құрамға енбейтінін,
түсіндірме сөздікте болмайтынын айтады.
Біздіңше, бұлай қорыту жөн емес, себебі қолданылымдардың бұл екі
түрінің, өзара ондай ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының тұлғалық,
мағыналық жағынан, тіл практікасы тұрғысынан жеке-жеке топ құрап және
сонысына лайық өз атауымен аталғандай реті бар. Айталық, эвереводство,
крокодиловодство дегел сияқты, баларақ, бастығырақ деуден жасалу жолы,
мағыналары, практикада қолданылу тұргысынан ешқандай шеттік байқалмайды,ал
утреет, жылмая-лар туралы бұлай дей алмаймыз. Ендеше окказионал деп өміршең
емес, контекст қалауына орай тек бір ғана қолданымдық болып қызмет
атқаратын сөздерді айту жөн.
Сондықтан жоғарыдағы морозостойкость үлгісіне жасалған славостойкость
сөзін В. В. Лопатиннің потенциалды деп, ал во всеуслышание, инакомыслящие
үлгісінде жасалған во всеувидение, инакочувствующие сөздерін окказионал деп
қарауын мақұлдауға болмайды. Шынында, бұлардың үшеуі де потенциалды болып
танылуға тиіс. Себебі бұларда жасалу, мағына, жұмсалу жағынан еш жаттық
жоқ. Ал листолет, лошажьи, пуховитые, голосатые т. б. жөнінде бұны айта
алмаймыз: жасалу жолы пистолет, лебяжий, ядовитыелармен үлгілес болғанмен,
тіл практикасында олар ондай тұлғаларда жұмсалмайтын сөздер. Сондықтан
бұларды окказионализмдер - яғни авторлық бір реттік қолданымдар - деп
потенциалды сөздерден бөліп қарауымыз орынды.
Ені жоғарыдағы жылмаяны және сол сияқты окказионал басқа да біраз
сөзді тұрған контекстерінде көрейік: Қоңыр жаз, самал соққан күн жылмая.
Терегі көкке тәуелеп (I.Ж). Жайығым, аңқып алға өргіп жібер.
Алауыртқан таңдардан сені іздедім (М.М.). Шаруакештер шөлдегі ақ шағылды
Терін төгіп жайнаған бақша қылды (Қ.М.). Әрине, бұлардағы жылмая, тәуеле,
өргілердің қай-қайсысының да, жеке сөз түрінде қарағанда, қандай мағынаға
ие екенін түсіну қиын, тек контекстері арқылы ғана төркіндері, сірә,
жылмық, тәу ету, өрлеу шығар деп шамалауға болатындай. Ал алауырту,
шаруакештер, дұрысында, алауыту (қарауыту сияқты), шаруақор (шаруашыл)
болып тұлғалануға тиіс сөздер. Демек, бұлардың бәрі де - потенциалды
сөздер сияқты - жасалу, мағына, қолданылу реті жағынан еш шеттігі жоқтар
емес, сол жұмсалған орындарында бір көрініп қалғаннан әріге бара
алмайтындар. М. Әуезов қолданған жеңкею, жұбап, түгену, қарсылдау, жалтаю-
лар да осылар тәрізді қолданымдар.
Әрине, мұндай сөздер туралы бір реттік, мағынасы түсініксіз,
әріге бара алмантын т. б. деген сипаттамалар бұларды бір түрлі бір
кемсіткендіктек немесе тіл мәдениетін төмендететін құбылыс санағандықтан
айтылып жатқан жоқ, олардың негізгі белгілері ретінде беріліп жатыр. Демек,
окказионал сөздер деп не жасалу жолдары дағдылы көрінбей, не мағыналары
айқын болмай, не тіл практикасына келісімді келмей, сөйтіп, аса табиғылық
таныта қоймай тұратын авторлық, қолданымдарды айтуға тиіспіз.
Ал стильдік жағынан алғанда, әрине, окказионал сөздер де, потенциалды
сияқты, өзіндік жаңалығы, тұрған контексіне жарасымы арқылы экспрессивті
қызмет атқаратын қолданымдар.
Паронимдер.
Айтылу, жазылуында біраз ұқсастығы болғандықтан, орыс тіліндегі
сияқты, бізде де кейде бірінің орнына бірі жаңсақ жұмсалып жүретін сөздер
тобы бар. Зерттелуі тұрғысынан қарағанда, біздің тіл ғылымымызда бұл — әзір
бір тың жатанқ мәселе. Жалғыз-ақ, М. Белбаева мұны Қазіргі казақ тілі
лексикологиясы (1976) деген кітапшасында ептеп сөз етеді. Онда автор былай
дейді: Паронимдер деп ешбір мағыналық байланысы жоқ, бірақ айтылуда бір-
біріне өте жақын, тіпті бірдей айтылатын, әр басқа сөздерді айтады...
Паронимдер — біркелкі айтылып, морфемалы құрамы әр басқа сөздер.
Біздіңше, бұл анықтамалар дәл емес: алғашқысында тіпті бірдей
айтылатын артық. Егер олай айтылса, бұндай сөздер омоним тобында
қаралуы керек.
Сол себептен де шығар, автордың мысалға келтірген сөздері (әр уақ —
әруақ — ару ат, әңгі мені- ән кім еді-әңгімені)— паронимдер емес, әр уақ —
әруақ — омоним (мәселен, орыс тіліндегі не мой — немой, за нос — занос-тар
тәрізді; оның өзінде де сөйлеу тілі тұрғысынан қарағанда, ал әдеби
вариантында бұлар (әр уақыт, әруақ) омоним де болмайды), өзгелері — өлең
ұйқасына орай қолданылған жай сөздер.
Пароним — гректің рача жәнс оnymа (маңы, аты деген ұғымдарды
білдіретін) сөздерінен жасалған термин.
Мұндай сөздер туралы алғашқы пікір, 1871 жылы И.А.Бурдон мен
А.Д.Михельсон шығарған Объяснительный словарь 30 000 иностранных слов
деген кітапта айтылыпты. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де
Паронимия құбылысы әлі күнге ғылыми әдебиеттерде жеткілікті сөз болмай,
бұның болмысы туралы да бірыңғай көзқарастар қалыптаса қоймай келеді.
Паронимдер туралы орыс тілінде жазылған кітаптарда берілген анықтама,
түсіндірмелер бар. Алайда бұлардың қай-қайсысында да паронимия құбылысы
қысқа ғана сөз етілген. Еңбегі тікелей осы мәселеге арналған О.В.Вишнякова:
Отандық және шетелдік әдебиеттерде бұл мәселеге жөнді көңіл аударылмай
келеді, тілдердегі паронимияның жалпы теориясы да орыс тіліндегі
паронимдердің толық сөздігі де жоқ,— дей отырып, өзі оған теориялық
айқын сипаттама бермейді. Ал көрсетілген әдебиеттердің үшеуінде пароним
түбірлес сөздерге байланысты (абонент — абонемент, существо — сущность,
факт — фактор, надеть —одеть, адресат - адресант, вдох — вздох) құбылыс
есептелсе, Н. П. Колесников кітабында бұл тек түбірлес қана емес, ұқсастығы
бар кез келген сөзді қамтылатын категория ретінде қаралады. Біздіңше, осы
пікір көңілге қонымды. Себебі айтылу, жазылуда ұқсастығы болып тек түбірлес
қана емес, түбірлері әртүрлі сөздер де ұшыраса береді (фельетон — фаэтон,
бешмет — шербет, миық — милық, қарығу — қарлығу т. т.).
Сондықтан пароним деп бір-біріне айтылу, жазылуында ұксастығы көп
болғанмен, мағыналары әр басқа сөздерді тануға тиіспіз. Мысалы: қарасан —
қорасан, қырсау — құрсау, былғау — бұлғау, босау — босану, үру — үрлеу,
қайтып — қайтіп т. т.
Алайда сөз қолдану практикамызда, әсіресе көркем шығармаларымызда, осы
ұқсастықтары салдарынан мұндай сөздердің дұрыс жұмсалмай жүрген орындары
кездесіңкірейтін болып бара жатқаны байқалады. Диссертацияда бұған
келтірілген мысал біраз бар. Солардың кейбірі: 1. Үш- үш (ұшы-үші).
Арқаларында мылтықтың үші шошаяды (I. Е.). Үші киіміне ілігіп (С. М.).
Аяғының, үшінен жорағалайды (Б. С). Кідіріп қалды сөздер тіл үшінде (С.
М.). Танауының үші терлеп (Р. С). Қол үшін бере алмаған (М. М.). Ернінің
үшімен сөйлейді (Ж. Т.). 2. Шүйіру — шиыру. Танауын аспанға шиыратын...
тұмсықтарын шиыра қарайтын (А.Б.). 3. Миық — милық. Етігі милығынан
майыспай, аяқтан түспей жатыр. Қыз милығынан күлді. Енді Қияқмұрт милығынан
күлді (Қ.Ы.). Екі миығы солқ-солқ етеді (Ә. Т.).
Жұмыста бел алу мен белең алу фразалық тіркестерінің де бірінің орнына
бірі қолданылып жүргеніне нақты мысалдар келтіріліп, бұлардың
(тіркестердің) мағыналық айырмашылықтарының қандай екені дәлелденді. Сондай-
ақ иірім мен үйірім жөнінде де пікір айтылып, ию омонимінің де (сиырдың
июі, мен талды ию дегендегідей) талғамсыз жұмсалған орындары, исіну
сөзінің ию және иімеу деген омоантоним түрінде қолданылып жүргені де сөз
етілді. Дегенмен пароним мәселесін арнайы зерттеп, лексикалық бұл
категорияға жататын сөздердің сөздігін жасау туралы ойлану жөн сияқты.

2.3. Бейтаныс сөздер.
Тілімізде мағынасы жалпыға бірдей түсінікті болып келе бсрмейтін
сөздер аз емес. Мұндайлар диалектизм, профессионализм, архаизмдор мен
авторлық неологизмдердің бірақтары және сирек қолданылатын сөздер. Бұларды
ақын жазушыларымыздың қай-қайсысының шығармасынан да кездестіруге болады.
Мысалы: сейдін, құлмақап, лауқилас, ымбал, шыта, шомыт, паяпарлау (Сәкен
Сейфуллин); аппал, дере, жошын, кесесу, кішімтай, күлжамды, лаурау,
мазатсу, мешіл, можа, налық, нор, пәрмене, сауырсын, тебіз, уәзін, уақып,
шоян, шұрайлау (аттың езуін М. Әуезов).
Диссертацияда мұндай сөздердің 250-дейінің тізімі берілді, ал
ұшырасқанының жалпы саны 400-ден асады.
Мұндай сөздерді қаламгерлеріміз әр түрлі стильдік мақсатта және
–көптің игілігіне асар, жалпыхалықтық сипат алып кетер деген ізгі үмітте
пайдаланады. Алайда өкініштісі сол — бойларына ана сүтімен бірге дарыған не
құлақ түре жүріп мысқалдап жинаған я тіпті мидың, мың градустық домнасына
салып өздері қорытып шығарған мұндай сөздерін көпшіліктің назар-талғамына
ұсына отыра, бұлардың нақты қандай мағынаға ие екендігі, кейде төркіндері
туралы (мәселен, сөре деп жаугершілік заманда өлген адамдарды мекеніне
апарып жерлегенше қалдыра тұратын жарым үй-жарым жапаны аптады (Ұлпан, 63-
б.) деген Ғ. Мүсірепов тәрізді) қаламгерлеріміздің түсінік бере кетпейтіні.
Бүл топқа жататындардың көпшілігі-ақ контексінс қарай топшылатпайтын,
сөздіктерде жоқ, бар бола қалған күнде де қалай қолданылып тұрғаны кейде
түсініксіз күйінде қалатын сөздер болып келеді: Анаммен жасты сарамжал сақы
шешейлер (А. Н.). Қызық қуған қызыр күнім жоқ қазір (I. М.). Сапқынық
тасындай зырқыраған салт атты (Қ.Ж.). Жалбыз болып жүрмін мен, жәуміт
тамшым (К. М.).
Белгіленген сөздердің сөздіктегі мағыналары —сараң, жомарт, қотыр
немесе жауыр, кеспе жейтіп істік екі ағаш (ДС, 285, 200, 218, 286),
жексұрын (ТС, 225). Ал осылардың әрқайсысын тиісті орындарына қойсақ,
жексұрын тамшым, қотыр күнім т. б. болып шығады. Демек, бұлар сол
түсініксіз қалпында қалып қояды.
Кейде тіпті жақсы таныс сөзіміздің бейтаныс болып тұратын орындары да
кездеседі. Мәселен, арда, майса, саз сөздерінің мына контекстерде қандай
мәнде жұмсалып тұрғаны да беймәлім: Арда тудың, астында (А.Н.). Арда жер
иіген кез (К. М.). Ұрлана ескен майса самал (С.С.). Жаз шығып, саз
құлпырды (М. Б.). Шөбі жаңа орылған саз (Е.Т.).
Сонымен қатар, жоғарыда келтірілгендей, мағынасын көпшілік біле
бермейтін сөздердің кейбірінің жазылуы да әр түрлі. Бұл, бір жағынан,
сөздікпен жұмыс істеуді қиындатса, екінші жағынан, көп варианттылық туғызып
жүр: қайыл — хайыл, аласат — арасат, қайбана — қаймана — қайуана т. т.
Жалпы, мұндай сөздерді қолданғанда, қаламгерлеріміздің бұларға жақша
ішінде не шығарма бетінін соңғы жолдарында түсініктеме беріп отырғаны, Ана
тілі, Қазақ әдебиеті газеттерінде, Қазақ тілі мен әдебиеті журналында
Оқырман мен автор айдарымен сұрақ-жауап бұрышы ұйымдастырылғаны, әрине,
дұрыс болар еді.
Жарыспалы сөздер.
Бұндай сөздерді зерттеуге арналған күрделі еңбек - И.Қ.Ұйықбаевтың
Қазіргі қазақ тілінде варианттылық проблемасы (А. 1976) монографиясы.
Алайда осы мәселе жөніндегі пікірлердің әлі де айқындықты қалайтын
немесе көңілге аса қонымды көріне бермейтін тұстары жоқ емес. Мәселен,
Ә.Болғанбаев Синонимдер мен дублет сөздердің арақатынасы мақаласында:
Синоним болатын сөздердің не мағынасында, не стильдік мәнінде немесе сөз
қолдану аясында, әйтеуір, бір өзгешелігі болуы — шарт. Ал дублеттерге
мұндай шартты белгілер мүлдем қойылмайды, олардан талап етілмейді де,
дублеттердің барлық жерде де бір-бірінен ешбір айырмашылығы білінбей тұруы
керек. Тек сондай теңбе-тең, бірдей, жұп сөздер ғана дублет деп
танылады,—дейді. Ал И. Қ. Ұйықбаевтың аталған еңбегінде дәл осы сөздерді
цитатаға алады да: Сөз варианттары синонимдердің бір саласына жатады,
Қатыстық синонимдерге мағыналары бір-біріне жақын, жуық сөздер жатады да,
ал абсолюттік синонимдерге сөз варианттары, сөз дублеттері, саз
параллелизмдері жатады,— деп, синонимдер сөздігіндегі атрап — төңірек —
өңір — маңай; жарлы — кедей; жәрдем — көмек — болысу; әңгіме - кеңес; ел -
халық — жұрт; шапшаң — жылдам — лезде; адам - кісі сияқты біраз сөзді
варианттар (немесе лексикалық-семантикалық дублеттер) мысалына
келтіреді. Түсініксіз.
Бұған қоса, монографиядан кей тұстарда варианттар жігін де ажырату
қиынға соғады. Айталық, өйткені — үйткені, уайым — уәйім, пәле — бәле,
тамачи — тәмәм, күмбір — гүмбір, мынадай — мынандайлар (111-112)
орфоэпиялық, ал тұлғасы жағынан дәл осылар тәрізді өзара бірер дыбыстық
қана айырмашылығы бар сөйтіп — сүйтіп, рұқсат — лұқсат, усару — суғару,
қолдану — құлдану, балуан — палуандар (18-35) лексикалық-семантикалық
варианттар бөліп бөлінген. Сөйтіп, келтірілген мысалдардың бір-бірімен
қапдап белгілеріне байланысты оқшауланып, екі вариантқа жіктеліп тұрғаны
да, сондай-ақ әр түрлі мағынада қолданылатын қаңылтақ — коңылтақ, ұлық —
ұлы сөздерін автордың варианттар қатарында қарау себептері де
дәлелденбеген.
Екінші бір автор: батыру (суға), матыру (шөмішті) тәрізділер де
бір мағынаны білдіретін фонетикалық варианттар емес, жеке-жеке мағынасы бар
лексикалық сөздер екендігінде дау жоқ, — деп жазады. Біздіңше мұрнағы,
мелше тәрізді — матыру да сөз басындағы б дыбысының м фонемасымен
алмастырылуынан пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі сөз құрылымын өзгерту
Қазақ тілінен ағылшын тіліне машиналық аударудағы лексикалық таңдауды шешу жолдарының моделдері мен әдістерін жасау
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Қазақ тіліндегі окказионал (тосын) фразеологизмдер және олардың қазіргі тілдік қордағы жиі қолданылу сипаты
Толымсыз хабарлы сөйлемдер
Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Жағдаяттық толымсыз сөйлемдер
Қазақ тілі мен əдебиеті
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Пәндер