Оқыту үрдісіндегі ұжымдық, топтық оқыту әрекеттерін ұйымдастыру



Кіріспе.
Негізгі бөлім: Оқыту үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдістерінің тарихы мен теориясы.
1. Ұжымдық іс.әрекеттің рөлі.
2. Оқушылардың ұжымдық оқу.танымдық іс.әрекетін ұйымдастыру.
3. Оқушылардың ұжымдық іс.әрекеттерінің құрылымы мен негізгі белгілері.
4. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің ерекшеліктері.
5. Ұжымдық оқыту технологисы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
Негізгі бөлім: Оқыту үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдістерінің тарихы мен
теориясы.
1. Ұжымдық іс-әрекеттің рөлі.
2. Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
3. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мен негізгі
белгілері.
4. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің ерекшеліктері.
5. Ұжымдық оқыту технологисы.
Қорытынды.

Педагогика ғылымы іс-әрекетті адамның қоршаған ортаға белсенді қарым-
қатынасының және жеке тұлғаны тәрбиелеудің, жан-жақты дамытудьщ маңызды
фомасы ретінде қарастырады. Педагогикалық мақсатты іс-әрекет үрдісінде
қажеттіліктер, бейімділіктер, сезімдер, мотивтер іске асады және жетіледі,
білім меңгеріп, әлеуметтік тәжірибе игеріледі, жалпы және арнаулы
қабілеттер пайда болып тереңдейді, ұжымда өмір сүріп жұмыс атқару біліктері
қалыптасады. Іс-әрекет оқушының жеке тұлғалық қалыптасуына зор ықпалын
тигізеді.
Іс-әрекеттің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жас мүмкіншіліктері мен
ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған мақсат, мазмұны және ұйымдастырудан
көрінеді.
Педагогика мен психология ғылымында және мектеп тәжірибесінде іс-
әрекеттің негізгі үш түрі аталады: оқу-танымдық, еңбек, ойын. Бұдан баска
оқушылардың қарым-қатынасына үлкен көңіл бөлінеді. Себебі, ол кез келген іс-
әрекеттің белгісі, кейде өзінше дербес іс-әрекет.
Ір-әрекеттің орны, ұйымдастырылуы және өткізу уақытына байлаиысты оқу,
оқудан тыс, сыныптан тыс ұғымдары да қолданылады. Оқушылардың
әрекеттерінің мазмұнына және бағыттылығына сәйкес еңбек, қоғамдық пайдалы,
спорт, өлкетану, көркемдік іс-әрекеттерін бөліп айтуға болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті еңбекке және қоғамдық өмірге
белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік
тәжірибені жүйелі меңгеру үрдісінде көрінеді. Оқыту өзінің міндеттеріне
сәйкес дамытушы және тәрбиелеуші сипатқа ие.
Бұл үшін білім мазмұны жетілдіріледі, әр түрлі тәсілдер мен әдістер,
оқу үрдісін ұйымдастыру амалдары қолданылады, бұлардың мақсаты - оқушыны
оқытудың белсенді мүшесі - субъекті ету. Бұл ретте білім беру мен
тәрбиелеудің көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызатын ұжымдық
оқу-танымдық іс-әрекеттің рөлі ерекше.
Оқытуды мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті деп тану балалар мен
жасөспірімдердің тәрбиесіне, дамуына әсер етпейді деген түсінік тудырмайды.
Керісінше еңбек пен ойынның мектептегі оқу кезеңінде үлкен маңызы бар. Оқу
іс-әрекеттің барлық түрлерінің басын қосады.
Оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
мәселесінде іскерлік қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс
ұйымдастырылған іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды
қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметгік рухани құндылық
қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етедІ.
Н.Крупская жеке тұлғаның қалыптасуындағы, ұжымның ынтымақтасып
дамуындағы ұжымдық іс-әрекеттің маңызына тоқтай келе "Ұжымдық жұмыстағы
дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын
тудырады, Ұжымдық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы бар" дегені
белгілі.
Оқушылардың мектептегі және мектептен тыс саналуан әрекеттері, әлбетте,
ұжымда өтеді. Бұлар сынып және пәндік үйірме, оқушылар бригадасы және
әуесқойлар клубы, спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмесі болуы
мумкін.
Оқушыдардың ұжымдық іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру олардың оқу және
оқудан тыс жұмыстарын жақындастырады. ұжымдық қарым-қатынастың дамуын
ынталандырады, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді
қамтиды:
- іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай
болу керек;
- іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;
- іс-әрекеттің маңызы-әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,
жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;
- іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-
әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;
- іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім,
білік, дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;
- іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас
мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;
- іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа
жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің
сипаты;
* іс-әрекетті бақылау - критэрийлерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының
нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі. Ұжымдық іс
әрекет үрдісінің тиімділігінің міндетті шарты - оны басқара білу. Басқару
циклі үш кезеңнен тұрады: жоспарлау, талқылау (орындалуы), қорытынды
(ұжымдық іс-әрекетті бағалау).
Оқытудың тәрбиеленуші фуншиясы оқу урдісінің ұйымдастыру формаларын
тұрақты жетілдіріп отыруды талап етеді. Әрбір оқушыға дербес тіл табу -
оқытудың маңызды ұстанымдарының бірі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің ұжымдық
формаларын дамыту әрбір оқушының жақсы оқып жан-жақты дамуына тиімді жағдай
туғызуға мүмкіндік береді. Даралап оқытуды оқытудың ұжымдық формаларына
қарсы қоймай, олардың өзара әрекеттестігін тиімді сәйкестендірудің жолдарын
іздестіру қажет.
Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық-сабақтық жүйе. Оның
бірқатар педагогикалық артықшылығы бар; педагогикалық үрдістің реттілігін,
ұйымдастыру дәлдігін, оқытудың жүйелік сипатын, мұғалімнің оқушылар ұжымына
тұрақты идеялық-эмоциялық әсерін, ұжымдасып білім алуды қамтамасыз етеді.
Мұның барлығы жалпыға міндетті білім беруде сыныптық-сабақтық жүйенің өзін-
өзі ақтағандығын, оны қастерлеудің керектігін көрсетеді.
Сонымен бірге сыныптық-сабақтық жүйенің алдымызға қойып отырған жаңа
оқу-тәрбиелік міндеттерді орындауға кедергі жасайтын кемшіліктері де бар.
Салмақты кемшіліктердің бірі - теңестіру тұрғысынан қарау, "орташа" оқушыға
теңелу. Бұдан нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да азап шегеді.
Нашар оқитындар сыныптың алға жүруіне ілесе алмаса, ал күшті оқитындар өз
мүмкіндіктерін көрсете алмай зеріге бастайды.
Екінші кемшілік - алғашқы сыныптардан кейінгіге дейін сабақ
құрылымдарының бір үлгіде болуы. Бұл оқушыларды қанағаттандырмайды. Үшінші
кемшілік - оқыту үрдісі барысында оқушылардың арасында ұйымдастырылған
қарым-қатынастың жоқтығы. Төртінші кемшілік - оқушылардың дара оқу
жұмыстарының басымдылығы, ұжымдық жұмыс формаларының нашар дамуы.
Жалпы мақсат болғанмен, ұжымдық жұмыс көрінбейді. Жан-жақты
(фронталдық) жұмыстарда оқушылар бірге емес қатар әрекет етеді, әркім
өзінше диктант жазады, есеп шығарады. мұғалімді тыңдайды. Оқушылардың
негізгі іс-әрекеті оқытуда ұжымшылдықтың элементтері аз көрінеді.
Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын оятпай тұрып, әрбір
оқушының шығармашылығын дамыту мен өздігінен білім алуға үйретуді іске
асыру мүмкін емес.
Оқуға мотивтерін қалыптастыру жолдарының маңыздыларының бірі - оқу-
танымдық міндеттерді шешу барысында ұжымдық іс-әрекет формаларын
ұйымдастыруды қолдану. Бірігіп еңбек ету және жолдастық өзара көмек жағымды
эмоциялық ахуал тудырады, білімге деген құмарлықтың дамуына, таным
үрдісінің нәтижелі болуына әсер етеді.
Ұжымдық оқу әрекеттерінің кейбір элементері: жолдасының жауабын
толықтырады, әңгіме, пікірталастарда талқылауға көпшілік қатысады, шешімін
ұжымдасып іздейді, шағын топтармен орындаған жұмыстардың қорытындысын
шығарып бағалайды.
Өзара оқыту идеясы ұжымшылдыққа баулиды. Мұнда ұжымның әрбір мүшесі
бірін-бірі оқытады. Бұл туралы Я.Коменский "Ұлы дидактикасына"
"Басқаларды оқытатын адам өзінің білімін тереңдетеді, бекітеді" деп
көрсеткен. Бұл идеяны Н.Крупская да қызу қолдап "Балалардың өзін
оқытушылыққа тартудың үлкен тәрбиелік маңызы бар... бала өзінің білімін
тексеріп, толықтырып отыруға мәжбүр болады, оларда ұстамдылық, шыдамдылық,
жолдастарының жетістіктеріне деген қызығушылық тәрбиеленеді" деп жазады.
Шағын топтарда дербес жұмыстарды ұйымдастыру (еңбекті бөлісу)
ұжымдық іс-әрекетке мол мүмкіндік ашады, әркім жалпы тапсырманың бір
бөлігін орындайды, одан кейін топтың барлық мүшелері жұмыстың нәтижесін
тыңдап бағалайды, сынып алдында сөйлеуге ұжымдық есеп даярлайды.
Сабақ оқытуды ұымдастырудың бірден-бір, жалғыз формасы емес. Кейінгі
жылдары сабақтан тыс танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың қызғылықты әр
түрлі формалары іздестірілуде: жоғары сынып оқушыларн кіші мектеп
балаларының алдына білімді игеруде баяндамалар, мәліметтер жасайды,
үйірмелер жұмыстарын басқарады, жолдастық көмек көрсетеді. Сабақтарда
оқушылардың сыныптан тыс іздену іс-әрекетін тереңдету маұсатында мәселелер
жиі қолданылуы керек. Сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттердің мұндай
байланысы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып білімдерін
тереңдетеді, ой-өрістерінің кеңеюіне және бүкіл сынып оқушыларының білуге
құмарлығын дамытады.

Оқушылардың бірігіп атқаратын жұмыстарында ұжымдағы іс-әрекет пен
ұжымдық іс-әрекеттің айырмашылығы бар. Оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің
елеулі белгілері: 1) әрбір ұжым мүшелерінің күш салуын талап ететін,
бірегейде маңызды іс-әрекет мақсатын түсіну; 2) іс-әрекетке қатысушылардың
арасында міндеттерді, атқаратын істі бөлісу; 3) жұмысты орындауда өзара
жауапкершілік және тәуелділік қатынастарды орнықтыру; 4) бақылауды, іс-
әрекеті бағалауды іске асыру.
Ұжымдық іс-әрекеттің сабақтарда және сабақтан тыс дамуы оқушылардың
оқу еңбегінің "ұжымдық деңгейімен" қарастырылуы мүмкін. Бұл деңгейлерді
анықтаудың өлшемдері ұжымдық іс-әрекет пен оның құрылымының негізгі
белгілерінің сәйкестігінде. Олар мыналар:
- ұжымда бір мезгілде жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);
- жұптасып жұмыс жасау (екі жақты сипатта);
- топтасып жұмыс жасау, ұжымдықтың негізгі белгілері толық асады, ең
азы 3 оқушы, ең көбі 6-7 оқушы;
- топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады.
- оқушылардың топаралық
жұмысына мұғалім басшылық етеді;
- фронталдық-ұжымдық іс-әрекет - оқу-танымдық жұмысты ұйымдастырудың
жоғары деңгейі. Бұл деңгейдің ерекшелігі барлық балалар түгелдей қатысады,
ұйымдастыру жағынан қиыншылықтар болғанымен, ұжымның бірігуіне, ынта-
мақсатына зор әсер етеді;
- ұжымдық іс-әрекетті педагогикалық мақсаттарға пайдалану үшін
мұғалім оқушының жеке тұлғалық дамуының және ұжымның дамуының әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерін білуі қажет.
Е.Конникова ұжымдық іс-әрекет жетістігінің үш негізгі шартын атап
көрсетті:
1) ол қызықтыратын болуы керек;
2) ол балалардың қызығуларын ескеріп, оған сүйенуі керек;
3) әрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып өзінің үлесін қосуы керек. Ал
ғалым И.Первина ұжымның дамуының негізгі төрт көрсеткіштерін көрсеткен: 1)
ұйымдастырушылық бірлігі;
4) психологиялық бірлік (еріктік, эмоциялық, интеллектуалдық);
5) дайындық бірлігі (біріккен іс-әрекеттегі әркімнің тәжірибесі);
6) іс-әрекеттің бағыттылығы.
Тәжірибелер көрсеткеніндей, танымдық міндеттерді шешуде педагогикалық
мақсатта ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекет көпшілік жағдайда оқушыларға
жағымды әсер етеді. Ол оқушылардың танымдық қызығуын оятады және тұрақты
(зейінді), ықыласты қамтамасыз етеді.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің жемістілігі жөнінде В.Шаталов "Ілім
-ұжымдық үрдіс" деп өзіндік іс-тәжірибесін ұсына отырып, автор "тірек
сигналдарын" құрастыруда өзара керек әдістерін оқушылардың ұжьмдық
әрекеттерінің өзіндік формасы деп таныды.
Балалар мен жасөспірімдердің ұжымдық іс-әрекетін сипаттауда оның
қоғамдық бағыттылығы ерекше рөл атқарады. Тек осы жағдайда қоғамдық пікір
қалыптастырады, әрбір ұжым мүшесіне жайлы эмоциялық ахуал туады,
оқушылардың азаматтық ұстанымдарының тұрақтануына ықпал ететін ұжымдық
адамгершілік дәстүрлер қалыптасалы.
Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар мен жасөспірімдердің жас
ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеру қажет. Сондықтан мұғалім олардың
дамуы мен тәрбиесін жоспарлауда іс-әрекеттің тиімді формалары мен мазмұнын
таңдауы керек.
Ынтымақты, үйлесімді, дәл ұйымдастырылған іс-әрекет баланы қуанышқа
бөлеп қанағаттандырады. Ендеше танымдық міндеттерді шешудегі оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетінің тиімділігі еңбекті ұйымдастыруға байланысты.
Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін екі түрлі өлшемдердің
көмегімен жорамалдауға болады; субъективтік және объективтік. Субъектинтік
өлшемдер оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың, қоғам қайраткерлерінің
бағалаулары. Бірақ, ұжымдық -әрекетті жан-жақты бағалау үшін обьективті
көрсеткіштер керек. Ұжымдық оқу-танымдық іс-әрекеті тиімділігінің
объективті көрсеткіші ретінде тәуелсіз сипаттамалар әдістерінің көмегімен
алынған нәтижелік бағалауларды алуға болады, олар - арнаулы сауалнамалар
және ұжымдық іс-әрекет жемісінің талдауы.
Оқушылардың жеке тұлғалық қоғамдық бағыттылығының маңызды
көрсеткіштерінің бірі - ұжымның өмірін жандандыру, мазмұнын тереңдету. Бұл
жөнінде оқушылардың ұжымдық іс-шаралардан алған әсерлері айғақтайды
(пікірталас, тақырыптық кеш, кездесу, жорық). Ал ұжымдық іс-әрекеттің
тәрбиелік тиімділігінің маңызды көрсеткіштері - балалардың белсенділігі мен
ынталылығын көтеру, сыныпта және мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруын
дамыту. Ұжымдық іс-әрекеттің әрбір түрі өз белсенділерін шығарады, бірқатар
жағдайларда өзін-өзі басқару органдарын құрады. Ұжымдық танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыру оқу белсенділерінің өсуіне, танымдық дербестіктің,
қызығу мен шығармашылықтың нығаюына ықпал етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына ұжымдық іс-
әрекеттердің түрлі формаларының әсерін анықтау үшін мектепте және мектептен
тыс өтетін сабақтарда жан-жақты тал дау керек.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейін үлгеретін және
үлгермейтін оқушылардың пайызымен емес, әр оқушының оқу мен дамуындағы алға
басуымен, жұмыс атқаруға деген талпынысымен өлшеуге болады. Ұжымдық оқу-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру оқушылардың жеке тұлғалық жауапкершілігін,
өзара тәуелділігін дамытады.
Танымдық белсенділік пен дербестікті қалыптастыру оқушының жеке
тұлғалық шығармашылық бағыттылығымен дамытудың қажетті шарты болып
табылады. Ұжымдық еңбектену үрдісінде оқушылардың жеке тұлғалық қызығуы мен
бейімділігін тереңдетудің алғы шарты жасалынады, қарым-қатынас аясы
кеңейеді, әлеуметтік және адамгершілік тәжірибелер жинақтайды.
Оқушылардың дамуындағы алғы басуы сынып жетекшісі әзірлеген жеке
тұлғалық мінездемелерінде жазылады. Шығармашылық белсенділігі үш жақтан
(сынып, белсенді мүше, мұғалім) бағаланады, бұл оқушының даралық
шығармашылығының қалыптасуы жөнінде нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының даралығын дамытудың маңызды
көрсеткіші оқудан тыс бірлестіктерде қызығуларына қарай қатысушылар санының
өсуінен көрінеді. Оқушылар өздерінің бейімділіктері мен қабілеттерін "шебер
қолдар" үйірмелерінде, ғылыми қоғам, көркемдік студияларда, өлкетану
саяхаттарында, өнертапқыштар клубында қолданады.
Ұжымдық іс-әрекеттің тиімділігінің маңызды шарты - оқушылардың өзін-
өзі басқару органдарының болуы, балалар іс-әрекетке құр орындаушы ретінде
қатыспай, оның дамуына өзінің шығармашылық үлесін қосуы үшін бар
мүмкіндіктерді жасауы керек.
Ұжымдық іс-әрекеттің тәрбиелік тиімділігінің қажетті шарттарының бірі:
оған кәсіби педагогикалық басшылық ету. Тәрбиелеу әдістемесін меңгеруден,
әр жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін білуден басқа
педагог оқушылар ұжымын, ондағы іскерлік және эмоциялық қарым-қатынастарды
тиянақты зерттеп, ұжымдық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін түсініп және
оны ұйымдастырудың түрлі тәсілдері мен амалдарын қолдана білуі керек.
Ұжымдық оқыту тәсілінің пайда болуы мен дамуын, тәжірибеден өтуін,
кеңес үкіметі орнаған жылдардан, 1918 жылғы А.Г.Рибиннің педагогикалық
экспериментінен бастау алатындығы педагогика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Модульдың оқытуда мүгалім оқытуды үйымдастырушы
Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың дәстүрлі педагогикалық оқытудан айырмашылығын анықтау
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
Пәндер