Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру



Жоспар
Кіріспе

І . Негізгі бөлім
1.1. Педагогикалық қарым.қатынасты ұйымдастыру
1.2. Жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым.қатнастың алатын орны
1.3. Педагогикалық қарым.қатнастағы коммуникативтік іскерліктің рөлі

Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

І . Негізгі бөлім

1.1. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру

1.2. Жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық
қарым-қатнастың алатын орны

1.3. Педагогикалық қарым-қатнастағы коммуникативтік іскерліктің рөлі

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Іс-әрекеттің мазмұнын талдау мен оның түрлерінің педагогикалық үрдіс
компонеттерімен өзара әрекеті маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Педагог балалар ұжымын қалыптастыруда әрекеттің әр түрлі құралдарын орынды
қолдана білуі, атап айтқанда, еркін қарым-қатынасты жасауға мүмкіндік
береді. Педагог балалар ұжымын қалыптастыруда әрекеттің әр түрлі құралдарын
орынды қолдана білуі, атап айтқанда, еркін қарым-қатнасты, ойын мен еңбек
түрлерін, қоғамдық ұйымдардағы, өнердегі, табиғаттағы іс-әрекетті, барлық
жағдайларда ұжымдық әс-әрекетті ұйымдастыруда балалар арасындағы қарым-
қатнасты дұрыс қолдана алуы керек.
Қарым-қатнасты: мінез-құлықты өзгерту мен келісу мақсатында қоғамдық
қатынастарды жүзеге асыру процесінде адамдардың өзара әрекеті, ол іс-
әрекеттің белгілі бір құралы арқылы саналы түрде жүреді деп қарастыру
қарым-қатынастың барлық қоғамдық тұрмыс аумағынан асып кететінін көрсетеді.
Қарым-қатнас қоғаммен қатар, әрбір адамның мәнді сипаттамалары арасында
жатыр, яңни қарым-қатнастағы адам – қоғамның элементі. Осылайша, әрбір
индивидтің дамуы қарым-қатнастағы басқа индивидтердің дамуына сай болады.
Жеке тұлға барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретінде қарым-
қатынастан тыс қалыптаса алмайды. Сондықтан да адам өзін-өзі тани отырып,
өзінің қоршаған ортаға, басқа адамдарға қарым-қатнасында Мен қасиетін
тани алады. Осыған орай, қарым-қатнас коммуникативті функцияны жүзеге асыру
болып табылады.
Өскелең ұрпақ үшін жеке тұлғаны қалыптастыру шартты түрдегі кіші
топтардың (отбасы, мектепке дейінгі мекеме) қарым-қатнастарынан басталады.
Осыдан бастап баланың үлкендермен сөйлесу, өзара байланысты жүзеге асыру,
назар аударта алу және қиын балалардың пайда болу себептеріне қарым-
қатынас тапшылығын жатқызатыны бекер емес.
М.А. Березовиннің, Я.Л. Коломинскийдің, А.В. Киричуктың,
А.В.Мудриктің және т.б. зерттеулері көрсеткендей, педагог балалар ұжымына
өте жақсы әсер ете алады, кіші топтардағы байланыс психологиялық жағынан
сенімді, мейірімді болып, қарым-қатынастың табыстылығына әкеледі. Қарым-
қатнас адамдардың өзара әрекеті ретінде ынтымақтастықты ұйымдастыруға,
әрекетті келістіруге бағытталған. Бұның өзі, Л.П. Буев, Б.Ф. Ломов және
т.б. айтуынша, қарым-қатнастың арқауын құрайтын іс-әрекет мазмұнымен
байланысты. Міне, сондықтан да шартты іс-әрекетінің қорытындысына жетудегі
мақсат, міндет, әдістерді түсіну ұжымның басты белгісі болып табылады.

1.1. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру

Қоғамның көзқарасынша, ұжымның мазмұнды және құнды іс-әрекеті әр
индивид үшін қарым-қатынастың маңыздылыңын көтереді. Қарым-қатнастың
әлеуметтік ролін талдау жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогикалық процесс
мүмкіндіктерінің педагогтың қарым-қатнасты басқаруда қандай тиімді
әсерлермен қамтамасыз етілетініне байланысты. Педагог қарым-қатнасты
басқара отырып, педагогикалық процестің тәрбме механизмдеріне белсенді әсер
ете алады. Тәрбие механизмдерінің ерекшелігі – ( педагогикалық прцеске
қатысушылардың өзара қатынастары) педагогтан қарым-қатнастың жрғары кәсіби
техникасы талап етілетіндігінде. Іс-әркеттің басқа түрлеріне қарамастан (
оқу, ойын, еңбек және т.б.) педагогикалық процесте балалардың өзара
әрекетін талап ететін жұмыс формалары көрсетілген, оның өзі балалармен
өзара әрекетті қалайтын өзара жеке бас қатынасының жүйесінен көрінеді.
Балаға басқа балалармен қарым-қатнас қажет болса да, оны ұйымдастыра
алмайды. Сондықтан оларға педагогикалық қарым-қатнас техникасын білетін
және оны практикада қолдана алатын педагог қажет.
Педагогикалық қарым-қатнас дегеніміз не? Біз кез келген топқа
келгенде, балалардың назарын өзімізгеаудару үшін белгілі бір әрекет жасау
қажеттігін сеземіз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – балалардың қызығушылығын
тудыру үшін өзін дұрыс көрсету. Психологияда ол өзін сыйға тарту деп
аталады. Қарым-қатнас мектепке дейінгі ұйымның табалдырығынан басталады, ол
мақсатқа бағытталған процесс, ол тек біздің жеке ниеттерімізге ғана
байланысты емес, оқыту және тәрбие логикасымен анықталады. Осы жағдайдың
өзінен әртүрлі көзқарастар мақсатқа бағытталынып, қарым-қатнастың
верббальды ( дыбыстап айтылатын) және вербалды емес құралдарын талдау
қажеттілігі туады. Әрі қарай біздің ұзаққа созылмайтын әсерлердің
нәтижесінде балалар тобындағы өзгерістерді сезіну қажеттілігі туындайды.
Осылайша қарым-қатнас кәсіби қарым-қатнасқа ауысады. Басқаша айтқанда,
педагогтар кәсіби деңгейде қарым-қатнас жасап, педагогикалық қарым-қатнас
техникасын педагогикалық технологияның бір бөлігі ретінде көре білуі қажет.

Педагогикалық процесте балалармен өзара қарым-қатнас болып табылатынын
айтады. Оларда педагогтың күрделі құрылымдары жатыр. Міне, сондықтан да
әлеуметтік – психологиялық іргетасы тұрақты болуы шарт.
Педагогикалық қарым-қатнас мақсатпен және жормалдаумен қатар құрылуы
қажет. Бұл педагогикалық процестің маңызды соңғы категориясы.
Егер тәжірибені талдай келсек, онда назарымызды педагогикалық әрекетте
әрқашан туындайтын әртүрлі педагогикалық жағдаяттардағы қарым-қатнас
маңыздылығына аударамыз.
Балалармен қарым-қатнас процесінде педагогикалық қарым-қатнас
функциялары қалай жүзеге асырылатынын талдайық.
Қарым-қатнас тұтастай жүзеге асырылу керек: ақпарат алмасу, өзара
қатнастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын тану және өзара әсерді
ұйымдастыру. Егер бұл функциялардың ішінен қарым-қатнас процесінде біреуі
таңдалса, қарым-қатнастың біртұтас жүйесі бұзылады, қарым-қатнас
механизмінде іркілістер пайда болады.
Мынадай педагогикалық ережені есте сақтайық: егер біз балалармен бірге
жұмыс істегенде табысқа жеткіміз келсе, онда біртұтас үздіксіз
педагогикалық қарым-қатнасты ұйымдастыруды ойлану керек.
Педагогикалық қарым-қатнаста іскерлік және жеке бас қатынасының
деңгейлері өзара әрекет жемісті болмайды.
Тәрбиешіде педагогикалық пройестегі қарым-қатнастың ролі тым жоғары
емес пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз олай ойлаймыз. Қазіргі өмір мен
ондағы баланың өмірі өте кұрделі. Егер бала бұрын рұқсат арқылы істесе, ал
енді біз ынтымақтастыққа ынталандыруымыз керек. Баламен ынтымақтастық
орнатуда нақты талаптар қойылады: а) сенімділік
( балалармен қарым-қатнаста бұл үндестілік болуын тексеру керек);
ә)диалогтық ( баланы тәрбие әсерлерінің объект-субъектісі ретінде тыңдай
білу керек); б) өзара түсіністік ( ол ынтымақтастықтың психологиялық негізі
болып табылады); в) нақты психологиялық байланыс( іскер және жеке бас
байланыстары негізінде туындайды); г) жеке әсерден бас тартып, өзара әсерге
көшу қабілеті.
Балалармен педагогикалық қарым-қатнас – шығармашылық процесс, ол
өмірге көптеген күтпеген өзара әрекетжағдаяттарын келтіреді. Баламен кез-
келген өзара әрекет шығармашылық міндетті шешу болып табылады. Ал оның әр
түрлері бар.
Оқк ақпаратын ұйымдастыру процесіндегі тәрбиеші шығармашылығын және
оның балалармен қарым-қатнас аспектісін алайық. Бұл монолог сенімді диалог
болуы мүмкін. Қарым-қатнастың нақты жүйесінде оқу ақпаратын беру тәсілі
үлкен маңызға ие. Психолог К.Волков Психологи о педагогических проблемах
деген кітабында баланың тәрбиешіге қоятын келесі талаптарын атап көрсетеді:

- шарттастық, психикасы әр түрлі балалармен қарым-қатнасқа тез және оңай
түсе алуы;
- басқарудың демократиялық стилі;
- түсінушілік, шыдамдылық, қызығушылық, эрудиция, сезгіштік бір сөзбен
айтқанда, адамның жанын тәрбиешіге аша алу.
Тәрбиешінің шыдамдылығындағы қарым-қатнастың тағы бір сәтін көрейік. Ол-
балаға өте дәлдікпен әсер ете алу іскерлігі. Міне, осында педагогтың жеке
тұлғасы жақсы көрінеді.
Белгілі бір тәсілдің бір тәрбиешіде жақсы қорытынды берсе, екіншісінде
ондай әсер етпейтіні бізге белгілі. Педагогикалық қарым-қатнас процесінде
– педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері шығармашылығы жақсы көрінеді.
Педагог жаман адам болмауы керек деп айтатыны да сондықтан. Ол өз пәнін
жақсы білсе де, кәсіби педагог бола алмайды. Педагог қарым-қатнаста
белсенді болуы керек. Қарым-қатнас осыдан тиімді болады.
Педагогикалық қарым-қатнасты практикалық түрде ұйымдастыруда өзара
әрекеттің жалпы логикасы мен технологиясы қандай болатынын білу өте
маңызды. Бұл туралы нақты айтып кету қажет. Коммуникация (қарым-қатнас)
технологиясының компоненттері өте көп. В.А. Кан-Калик бойынша, қарым-
қатнастың бірнеше стадиялары бар.
Сонымен, біздің балалармен қарым-қатнасымыз әр түрлі жағдайларға
бағдардланудан басталады, ал оның өзі барлық жүйені анықтап, нақтылауға
көмектеседі. Ол өте тез өтеді: біз топқа кіргенде бірнеше секунд ішінде
көзімізбен шолып шығамыз. Бұл уақытта а) коммуникативті есте (жадыда) бұл
ұжыммен алдындағы қарым-қатынасымыз жаңғыртылады; ә) бұрынғы болған
әрекеттердің негізінде жаңа жағдаят бекітіліеді; б) алдағы қарым-
қатнастың стилі, жүйесі, ерекшелігі нақтыланады. Бұл стадия қажетті
сөзді, интонацияны, мінез-құлықты анықтай алады. Кейбір кезде алғашқы рет
жұмыс істейтін педагог осы бағдарлаушы кезеңнен аттап өтіп,
қорытындысында қарым-қатынасқа мақсатты түрде араласа алмайды.
Екінші стадия маңызды коммуникативті міндетті шешумен байланысты-
қарым-қатнас объектісінің (балалардың) назарын өзіне аударту. Алдағы
өзара әрекеттің психологиялықнегіздерін, жоспарланған әдістерін, оқытудың
ұйымдастырушы формаларын құру қажет.
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру процесінде үшінші стадия
маңызды роль атқарады, ол коммуникацияның ізденушілік кезеңі болып
табылады. Педагогжаңа материалды бермес бұрын, топты аудиторияны көзбен
шола отырып, қарым-қатнасқа іштей дайындайды. Бұл кезең жарысқа шығу
алдындағы сипатта, педагог алдыңғы стадиялардығы қарым-қатнас жағдайлары
мен күтпеген коммуникативті міндеттерді нақтылап, табысты қарым-қатынасты
бастауға аудиторияның даярлық деңгейін білуге тырысады.
Бұл кезең - өтпелі кезең, қарым-қатынастың даярлық кезеңінен әрекеттік
кезеңіне дейінгі төртінші және бесінші стадияны қамтиды. Үшінші стадия
тездетіліп қорытынды тұзетулер жүргізіліп, алдын-ала ойластырылған қарым-
қатнастың тәсілдері бектіледі.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатнаста тәрбиешінің балаларды түсіну
мәселесі маңызды роль атқарады. Бұл мәселе педагогикалық іс-әрекетке
қарағанда ағымды сипатта. Біріншіден, тәрбиешінің балалрды дұрыс түсінуі
педагогтың шығармашылық жұмысын қамтамасыз етеді. Екіншіден, баланы
тұсіну ұжымның табысты қалыптасуы мен өзара жеке бас қатынастарының
орнығуына әкеледі.
Үшінішден, дұрыс түсінушіліктен оқу-тәрбие іс-әрекеті табысты болуы
мүмкін. Оқу –тәрбие процесіндегі өзара түсінушіліктің әлеуметтік-
психологиялық маңызы осындай.
Педагогикалық қарым-қатнастың төртінші стадисяы ( вербалды қарым-
қатнас) – тәрбиешінің оқу материалын түсіндіруі. Педагог, мысалы, жаңа
мәліметтерді бергенде, сөз болып отырған мәселені бейнелі түрде
көрсетеді. Бұл процесс өте күрделі. Бұл міндетті шешуде К.С.Станиславский
маңызды педагогикалық міндетті айтады: объект тек естіп, тұсініп қана
қоймай, сонымен қатар іштей көре білуі қажет.
Мәнерлі, анық сөйлеу, анықтамлардың нақтылығы, түсіндірілетін
материалды көзбен көре алу қабілеті – кез келген мамандықтағы педагогқа
қажет. Мұның өзін барлық тәрбиешілер қолдана алмайды, оны қолдану
педагогикалық қарым-қатнас тиімділігін арттырады. Танымдық ақпаратты бала
өздігінен кітаптан ала алады, ал бұл материалды бейнелеу арқылы көрсету
педагогтың қолынан ғана келеді. Бұл образдарды құрудағы үлкен роль
тәрбиешінің ойлау мен педагогикалық қиялында.
Педагог сөзі белсенді, сезім мен санаға әсер ететіндей, ойлауды,
қиялды дамытатындай, ізденушілік әрекетке қажеттілік туындататындай болуы
қажет.
Педагогикалық қарым-қатнастың бұл кезеңінде педагогтың жеке қатынасты
анық көрінуі тиіс.
Педагогикалық қарым-қатнастың бесінші стадиясы – кері байланыс, ол
жоспарда мазмұнды және эмоциялды түрде жүзеге асырылады. Кері байланыс –
кез келген қарым-қатнас процесінің маңызды компоненті, ал педагогикалық
іс-әрекетте ол кәсіби сипатта болады. Кері байланыс оқу материалын түсіну
деңгейін, өзара әрекет атмосферасын, психологиялық ахуалды, балалрдың
көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке даярлығын анықтауға көмектеседі.
Қарым-қатнастағы кері байланыс балалармен жемісті әрекетті ұйымдастыруға
қажет.
Қарым-қатынастың эмоциалды жағы материалды қабылдау деңгейі мен өзара
әрекеттің танымдық-адамгершілік атмосферасын құрайды. А.А. Бодалев қызмет
ететін кері байланысты жетекші, тәрбиеші, мұғалім жұмысының негізігі
жағдайларының бірі дейді. Белгілі бір себептен кері байланыс мезанизмінде
іркіліс болса, өзара әрекеттегі адам барлық қозғалыстарды реттей алмай,
оларды байланыссыз талтап, дұрыс қортыныдыламай, оларға дұрыс жауап бере
алмайды. Адамдар арасындағы байланыс бұзылып, өзара әрекет қиындайды.
Кері байланыс қарым-қатынастың алғашқы минуттан бастап жүйелі түрде
жүзеге асырылады. Қарым-қатнастағы кері байланыс педагог пен балалар
шығармашылығында түзетушілік функция атқарды.
Біз талдаған қарым-қатынастың стадиялары педагогикалық процесте өзара
әрекеттің әр түрлі кезеңдерінде қайталанып отырады. Іс жүзінде
педагогикалық қарым-қатынастың кез келген актісінің құрылымын құрайды.
Қарым-қатынастың барлық стадиялары өзара әрекеттің жалпы коммуникативті
құрылымын құрайды деп айтуға болады. Өзара әрекеттің коммуникативті
құрылымын қарым-қатынас стадияларының қозғалысынан тұрады.
Балалармен жұмыс істегенде қарым-қатынастың бірізділігін сақтау қажет.
Ол педагогикалық өзара әрекетте қате жібермей, оны дұрыс құруға
көмектеседі. Бұл стадиялар бойынша педагогикалық қарым-қатынас
стадияларының негіздерінүйрену де өте жеңіл, алдымен әр стадияны жеке-
жеке түсініп, одан кейін, оларды біріктіріп, тұтас күйінде жүзеге асыру
қажет.
Қарым-қатынастың педагогикалық техникасында ең маңыздысы –
педагогикалық жеке тұлғасы.
Қарым-қатынас әрқашан педагог үшін субъект ретінде көп факторлы
процесс ретінде қарастырылыуы қажет. Бұл фактоларды қарым-қатынасқа
байланысты екі үлкен топқа бөлуге болады: жеке бас қатынастарының факторы
және операциондық факотр. Бұл екі топ бір-бірімен өте тығыз қатысты және
бір-біріне байланысты. Жеке бас факторы – адамның жеке тұлға ретіндегі
қасиеті, операциондық фактор – адамдармен байданыс қандай тәсіл, құрал
көмегімен жүзеге асырылуы.
Қарым-қатынаста жеке бас факторлары: сырт келбеті, киімі, тәжірибесі,
білімі, эмоциясының көрінуі - өзіне байланыста қасиеттері қарым-
қатынастың дамуына маңызды орын алады.
Қарым-қатынас шеберлігіне үйренуде педагог өз-өзін жақсы білуі керек.
Ежелгі философтардың ӨЗ - өзіңді тани біл деген тезисі адамдардың қарым-
қатынас құпиясын білудегі өзекті мәселесі болып қалуда. Өзінің жеке
бастық сапаларыңды ғана біліп қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерді дамыту керек. Тек өзінің жеке бастық
сапаларын есепке алып және жүзеге асыра отырып, педагог қарым-қатынас
өнеріне үйренеді. Өзара қатынастардың құралдары мен формаларының
ерекшеліктерін таңдау мүкіндіктеріне ие болады. Жеке бас ерекшеліктері:
білім, іскерлік, дағды, қабілет, талант, кәсіби іс-әрекетінде бұл
ерекшеліктерді есепке алу басқа адамдармен жемісті қарым-қатынас
қалыптастыруға көмектеседі.
Мынадай маңызды психологиялық заңдылықты есте сақату қажет. Басқа
адамды қабылдау оның сыртқы келбетіне көз тастаудан тұрады, яғни әдеміге,
ашық түске реакциясы пайда болады: ішкі жас ерекшелігіне қарамстан,
сыртқы кейіпке қарай бағыттап, оны өз қабылдауының біртұтастығын бұзғысы
келмесе, өзінің сыртқы ұқыптылық таныту керек.
Бірақ бұл жерде мынадай шараны сақтауға болады, киім адамды қысып
тұруы немесе, керісінше бос тұруы мүмкін ( дұрыс таңдалған костюм киген
адам өзін сенімді ұстайды), бұның өзі балалардың зейініне әсер етеді.
Шынымен де адамның сыртқы келбеті абсолюттелмеуі керек.
Адамның сыртқы келбеті қарым-қатынасқа әсер етеді: олар алыстатады
немесе керісінше өзіне басқа адамды тардаы. Бірақ адамның сыртқы келбеті
кешенді түрде, оның ішінде адам мінезімен байланыста қабылданатынын
ұмытпауы қажет. Кез келген адамның басқа адамға ұнаймын деген тілегі тек
қана, мысалы костюм арқылы жүзеге аспайды. И
Сонымен қатар адамның кейбір сыртқы сипаттамалыры, керісінше, мінез
қасиетерін жойып жіберуі мүмкін. Ал оның өзі қарым-қатынаста жиі
қиыншылыққа кездеседі. Педагог өз мінез-құлқының сыртқы сипаттамамларына
сенгіш болуы керек. Мысалы, дауыс- педагогтың негізгі құралы, балалар
дауысқа өте сезімтал келеді. Қатты шығатын дауыстар да қажет, бірақ оны
өте сирек, қажетті жағдайларда қолдану керек. Сондықтан дауысты
таңдағанда, ащы дауыстан гөрі, тұншықтырылған дауысты таңдау керек.
Жаңылтпаштардан, сөзді жеп қоюдан алыс болу керек. Сөйлеу мәнерлілігі,
интонацияға байланысты. Сөйлеу бірқалыпты болу үшін интонацияны
түрлендіріп отыру керек.
Көптеген адамдар өз жүріс-тұрысы туралы ойланбайды. Ал ол сыртқы
мәліметтерді құрайтын, табысқа әсер ететін сипат болып табылады. Дауыста
сияқты жүріс-тұрыста да адамның қатыгездік, дөрекілік, шыдамсыздық,
жуастық, адалдық сияқты қасиеттері көрінеді. Қолды сермеп жүру, секіріп
жүру сияқты жүрістер кей кезде күлкі келтіреді, балалар оны мазақ етеді.
Біздің сезіміміз, көзқасаымыз, жұмысымызға жаны ашитын адаммен қарым-
қатынас жасау өте жеңіл. Эмпатияның бұл түрі өз ойымызды, пкірімізді
айтуға көмектеседі. Балалар алдында һөз эмоцияны көрсетуге қорықпау керек
қой. Кейбір педагогтар өз сезімдерін, қайғысын, уайымын, эмоцианалды
қатынасын көрсетпеуге тырысады.
Қарым-қатынас стилі – адамгершілік категориясы екенін ұмытпау қажет.
Балалар өздеріне дұрыс қарым-қатынасты қажет етеді. Балалармен өзара
қарым-қатынасты қалай ұйымдастыруды жан-жақты ойлау керек.
Достық – ынтымақтастық маңызды психологиялық компоненті, ал
ынтымақтастық достықты әрқашан өзара әрекетте дамытып отырады. Қарым-
қатынаста жеке дара стильді көрсете білу керек.
1.2. Жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық
қарым-қатнастың алатын орны

Бала тәрбиесі қай қоғамда, қай уақытта болмасын, ең бір маңызды
мәселе екені түсінікті. Соңғы жылдары уақыт аралығында қоғамда болып жатқан
күрделі саяси-экономикалық өзгерістер, реформалар көп жағдайда баланы
көптеген проблемаларға кездестіреді. Жан-жақтан түсіретін әртүрлі мазмұнды
информациялар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Педагог еңбегінің объектісі – адам, ол табиғаттағы өлі материал емес, оның
өзіне ғана тән мінез, психологиясы, жеке басының ерекшеліктері, көзқарасы,
пікірі бар. Сондықтан ол педагогикалық ықпалды да өзінше қабылдайды.
Қазіргі педагогика қызметтестік (сотудничество) педагогикасы, ол мектеп
өмірін демокраияландырады, балаға педагогқа әріптес, педагогикалық процеске
қатысушы ретінде қарайды. Болашақ ұрпақты имандылық, адалдық, шыншылдық,
қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеу
ата—ананың, бала-бақша тәрбиешісінің, мектеп мұғалімдерінің негізгі
міндеті. Жеке тұлғаның қалыптасуында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-
қатнастың алатын орны ерекше. Қандай адам болмасын, мейлі оқымысты, мейлі
қарапайым жұмысшы болсын мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде
өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсірушілер
жиі кездеседі. Алайда соңғы кезде үлкен мен баланың қарым-қатнасы кей
жағдайда байланыспай келетіні ешкімге де құпия емес. Балалардың өзінің
мұғаліміне деген жақсы көрушілік де қорқыныш, жек көру, сыйламау сияқты
сезімдерді жиі бастан кешіретіні шындық. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатнас ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені, көбіне оқушының
өзін қоршаған ортамен қарым-қатнасы , маман ретінде қоғамда орын ала білуі
оқушы мен мұғалім екеуінің қарым-қатнасы негізінде қалыптасады, сондықтан
бұл қарым-қатнас оқушының жеке басының қасиеттерінің қалыптасуына және
қоғам талабына сай білімді маман болуына зор ықпал етеді. Қазіргі қоғам
жеке тұлғалардан маман ретінде төмендегі қасиеттерді талап етеді:
- кез-келген әдебиетпен және жаңа технологиямен өз бетімен жұмыс істей
білуі;
- өз бетінше ойлай білу, анализ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың технологиялық ерекшеліктері
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)
Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің мәні
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Педагогикалық қарым - қатынас түсінік
Педагогикалық қарым-қатынастар
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясы
Коммуникативтік құзыреттілік қарым - қатынаста туындайтын коммуникативтік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шеше білу қабілеті
Педагогикалық коммуникативті біліктілік жайлы
Пәндер