Парламеттік реформа



Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім:
2.1 Парламеттік реформа
2.2 Парламеттік реформа халық өкілдігі туралы акт
2.3 Парламент депутаттарының құрылу жағдайы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шетелдердің конституцияларын құқықтық-салыстырмалы тәсілімен талдай отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипаттарына қарамай, бәрін де парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз. Сондай-ақ, Парламенттің сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне, мемлекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заңдарды орындау барысы жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталады.
Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның 1-бабына көз жүгіртсек, АҚШ-тың конституция заңдарына байланысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен палаталар өкілдерінен тұратын Құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә боламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да: "Мемлекеттік биліктің жоғары органы және мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы органы Парламент болып табылады", — деп жазылған.
Эстония Республикасы Конституциясында заң шығарушылық билігі Мемлекеттік жиналыска тиесілі (59-бап) екені жазылған. Осы Конституцияның 65-бабында Мемлекеттік жиналысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған орай Мемлекеттік жиналыс заңдарды қабылдайды; Президентті сайлайды; Премьер-министрге кандидатқа үкіметті құруы үшін өкілеттік береді; Үкіметке, Премьер-министрге немесе министрлерге сенімсіздік жайлы шешім қабылдайды; мемлекеттік бюджетті қабылдап, оның орындалуы жайлы есепті бекітеді; Президенттің ұсынысымен Мемлекеттік сот төрағасын, Эстония Банкі кеңесінің төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, Қорғаныс күштерінің қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын тағайындайды, сондай-ақ елдің Конституциясына сәйкес Мемлекеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.
Түркия Республикасы Конституциясынын 7-бабында: "Түрік ұлты атынан заң шығарушылық міндеті Түркияның Ұлы ұлттық жиналысына тиесілі. Бұл міндет еш уақытта ажыратылмайды",— деп жарияланған. Осы Конституцияның 87-бабында Ұлы ұлттық жиналыс міндетіне: зандарды шығару, өзгерту, жою; Министрлер Кеңесі мен министрлерді бақылау
Пайдаланылған әдебиеттер
1. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов «Егемен Қазақстанның құқы» А., 1997
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі А., 2002
3. А.Ибраева, Г.Әлібаева Қ.Айтқожин «Қазақстан Конституциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі» А., 2006
4. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының құқығы» А., 2004
5. Н.Р.Күнқожаев «Адам және қоғам» А., 1997
6. Н.Дулатбеков және т.б. «Мемлекет және құқық негіздері» А., 2001
7. Ғ.Маймақов «Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы»
А., 2000
8. Д.А.Булгаков, А.Ж.Истаев «Мемлекет және құқықтық жалпы тарихы» А., 2000
9. Ө.Қ.Қопабаев «Шетелдердің Конституциялық құқығы» А., 1998
10. Ғ.Сапарғалиева «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері»
А., 1994
11. С.С.Алексеев «Теория права» М., 1993
12. А.Қ.Мұхтарова «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» А., 1999

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Парламеттік реформа

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім:
2.1 Парламеттік реформа
2.2 Парламеттік реформа халық өкілдігі туралы акт
2.3 Парламент депутаттарының құрылу жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Шетелдердің конституцияларын құқықтық-салыстырмалы тәсілімен талдай
отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипаттарына қарамай, бәрін де
парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз.
Сондай-ақ, Парламенттің сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне,
мемлекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа
мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заңдарды орындау барысы
жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталады.
Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның 1-бабына көз жүгіртсек,
АҚШ-тың конституция заңдарына байланысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен
палаталар өкілдерінен тұратын Құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә
боламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да: "Мемлекеттік
биліктің жоғары органы және мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы органы
Парламент болып табылады", — деп жазылған.
Эстония Республикасы Конституциясында заң шығарушылық билігі
Мемлекеттік жиналыска тиесілі (59-бап) екені жазылған. Осы Конституцияның
65-бабында Мемлекеттік жиналысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған
орай Мемлекеттік жиналыс заңдарды қабылдайды; Президентті сайлайды; Премьер-
министрге кандидатқа үкіметті құруы үшін өкілеттік береді; Үкіметке,
Премьер-министрге немесе министрлерге сенімсіздік жайлы шешім қабылдайды;
мемлекеттік бюджетті қабылдап, оның орындалуы жайлы есепті бекітеді;
Президенттің ұсынысымен Мемлекеттік сот төрағасын, Эстония Банкі кеңесінің
төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, Қорғаныс күштерінің
қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын тағайындайды, сондай-ақ елдің
Конституциясына сәйкес Мемлекеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.
Түркия Республикасы Конституциясынын 7-бабында: "Түрік ұлты атынан заң
шығарушылық міндеті Түркияның Ұлы ұлттық жиналысына тиесілі. Бұл міндет еш
уақытта ажыратылмайды",— деп жарияланған. Осы Конституцияның 87-бабында Ұлы
ұлттық жиналыс міндетіне: зандарды шығару, өзгерту, жою; Министрлер Кеңесі
мен министрлерді бақылау;
Негізгі бөлім:
2.1 Парламеттік реформа
Министрлер кеңесіне белгілі бір мәселелер бойынша заң күшіне ие
қарарлар қабылдауға өкілеттік береді; Мемлекеттік бюджет жайлы заң
жобаларын қарап, әрі оның орындалуын бекітеді, тағы басқа да конституцияда
қарастырылған мәселелерді шешеді. Сондықтан мемлекет басшысын да Ұлы ұлттық
жиналыс сайлайтыны жайлы ескерте кетеміз.
Қырғыз Республикасында, Конституцияның 54-бабына сәйкес "Қырғызстан
Республикасында Жоғарғы Кеңес тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілетті орган.
Жоғарғы Кенес заң шығарушылық белікті жүзеге асырып, сондай-ақ бақылау
қызметтерін де орындайды", — деп жазылған. Міне, осыған ұқсас ережелер
дүние жүзіндегі барлык жазылған конституциялардың бәрінде де бекітілген.

Ең алдымен бір палаталы, екі палаталы (бикамералық), кейде ерекше
жағдайларда (мысалы, Оңтүстік Африка Республикасының 1984 жылғы
Конституциясы бойынша парламентке ақ түстілер, түрлі түстілер және
индиялықтар үшін жеке палаталар құрылған) үш палаталы парламенттер бар
екенін де ескеруге тура келеді.
Парламенттердің құрылу реттері, әрине, олардың ен алдымен құрылымына
байланысты болады. Мысалы, бикамералық парламенттердің төменгі палаталары
мен бір палаталы парламенттер іс жүзінде барлық елдерде де тікелей сайлау
аркылы, яғни, тұрғындардың тікелей дауыс берулері арқылы сайланады. Ал,
жоғарғы палаталардың құрылу тәртібінің біраз ерекшеліктері бар әрі оның
төменгі палаталардың құрылу тәсілдерінен өз айырмашылығы бар. Төменде, сол
ерекшеліктердің негізгілері жайлы айтып өтейік.
1. Көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы
құрылмайды. Осының дөлелі ретінде индиялықтардың парламентінің штаттар
Одағы мүшелері екі сатылы сайлау жолымен сайланады. Осындай екі сатылы
сайлау аркылы Норвегия парламенті де (стортингтер) құрылады. Сайлаушылар
парламент депутаттарын палаталарға бөлмей сайлайды, Кейін барып,
стортингтер депутаттары жоғарғы палатаны (лагтинг) сайлайды. Олар барлық
депутаттардың төрттен бір бөлігінен тұрады. Ал, қалған депутаттардың
төрттен үш бөлігі төменгі палатаны (одельстинг) құрайды. Ал, енді
Францияның Жоғарғы палатасы (сенат) үш сатылы сайлау арқылы сайланады.
2. Парламенттердің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы
сайланады. Бірақ, төменгі палаталардың құрылу барысында қолданатын
реттерден белгілі бір айырмашылықтары болады. Мысалы, АҚШ-та бір сайлау
корпусы конгрестің екі палатасының да (жоғарғы палатаны — сенатты және
төменгі палатаны —
өкілдер палатасын) депутаттарын сайлайды. Алайда, есте тұтатын бір жағдай
жоғарғы палата құрамы палата өкілдерінің сайлауындай аумақтық бір мандатты
сайлау округі бойынша сайланбайды, олар әрбір штаттан екі сенатордан
сайланады. Дауыс беру нәтижелері мажоритарлық жүйе бойынша көпшілік
даусымен анықталады.
Италияның екі парламентінің палатасы да тікелей елдің тұрғындары арқылы
сайланады. Алайда, сенат сайлауында (жоғарғы палата) мажоритарлықта, тепе-
теңдік те сайлау жүйелері қолданылады. Бұл елдің қолданыстағы заңдарына
байланысты сенат мүшелері облыстарға бөлінген сайлау округтары бойынша
сайланады. Ең көп дауыс алумен бағалау арқылы өткен депутат сайланды деп
саналады.
Жапония парламентінің жоғарғы палатасына (кеңестер палатасы) 152
депутат префектуралық 47 сайлау округтерінен, ал қалған 100 депутат саяси
партиялар тізімі бойынша сайланады.
3. Тікелей сайлау арқылы жоғарғы палаталардың құрылуы. Дәл осы
жолмен ФРГ парламентінің (Бундесрат) жер өкілдігі палатасы құрылады. Ол 16
жер өкілдігі мүшелерінен тұрады. Бұларды ФРГ өкіметі тағайыңдап, кері
шақыра алады. Бундесратқа жер өкілдерінің саны тұрғындарының санына
байланысты тағайындалады. Оның үстіне Бундесрат мүшелері жер өкіметі
шешімімен тағайындалғандықтан, жер өкілдігі палатасына сайлау өткізілмейді.
Бундесрат "мәңгілік" орган болып табылып, жерлерде болатын сайлаулар
нәтижесінде оқтын-оқтын өз құрамын өзгертіп, соның әсерінен өкімет құрамын
да өзгерістерге ұшыратып отырады. Бундесрат жер өкілдері арасынан белгілі
кезекпен бір жыл мерзімге өз президентін сайлайды. Бундесрат президенті
федеральдық президент қызметін, егер ол қызметін атқаруға қабілетті
болмаса, атқарады.
4. Кейбір елдерде парламенттің жоғарғы палаталары аралас жолдармен
құрылады. Мұндай реттер барысында сайланатын және тағайындалатын, сол
секілді мирасқорлық (оған Бельгиямен Ирландия сенатын мысалға айтуға
болады) элементтер қатар жүреді. Италия сенаты құрамына өмірлік сенаторлар,
құқықтық
хақы барлар (республиканың бұрынғы президенттері), сол секілді ел
президентінің өзі тағайындайтын еңбегі сіңген, абыройлы бес азамет енеді.
Венесуэлада Республика Президенті қызметін халықтық сайлауда дауыс беру
нәтижесінде немесе президент міндетін конституциялық мерзімнің жартысынан
көп мезгілінде атқарушы (егер ол, әрине, президенттік қызметін атқарған
кезінде ешқандай құқық бұзушылық жасамаса) әрбір азамат сенатор болуға
құқығы бар. Индия парламентінің штаттар Одағының 12 мүшесін президент
тағайындайды (олар әдебиет, ғылым, өнер және қоғамдық қызметте тәжірибесі
бар немесе арнайы атақтары барлардан алынады).
Парламенттің төменгі палатасы санына қарағанда жоғарғы палата санының аз
болуы. Оған мысал ретінде Францияның 577 депутаттардан тұратын төменгі
палатасына (Ұлттық жиналыс) қарағанда жоғарғы палатасы (Сенат) 318
сенаторлардан тұратынын айтуға болады. АҚШ-тың сенаты — 100 сенаторлардан,
ал өкілдік палатасы — 435 мүшелерден тұрады. Ал, Жапония парламенті 252
кеңесшілерден және 511 өкілдерден құралады.
Әдетте, Жоғарғы палата мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзағырақ болады.
Мысалы, Жапонияда Жоғарғы палата мүшелерінің (кеңесшілер палатасы)
өкілеттігі — 6 жыл, ал төменгі палата мүшелері (өкілдік палатасы) — 4 жыл
ғана. АҚШ-та төменгі палата екі жылға сайланса, ал сенаторлар 6 жылға
сайланады.
Парламенттердің жогарғы палаталары құрылымына ішінара жаңарту тәртібін
енгізу. Мысалы, әрбір үш жыл сайын Франция сенатының үштен бір бөлігі қайта
сайланады; әрбір екі жылда АҚШ сенатының үштен бірі жаңартылады; әрбір үш
жылда Жапония палага кеңесшілері құрамының жартысы жаңартылады.
Кейбір елдерде жоғарғы және төменгі палаталарға сайлаулар бір мезетте
өткізілмейді. Францияда сенатқа және ұлттық жиналысқа сайлауды бір кезеңде
өткізбей, әр түрлі уақытта еткізеді. Жапонияда да осындай тәртіпте
өткізіледі.
Шетелдер тәжірибесінде жоғарғы палатаны феодальдық тәсілмен құру түрі
де кездеседі. Мысалы, осы тәсілді қолданатын Ұлыбританияда лордтар палатасы
құрамына төмендегілер кіреді:
Мұрагерлікті пэрлер, яғни, бароннан төмен емес титулдарды иеленген
мұрагерлікті дворяндар династиясы. Бұлар титулмен бірге парламентгің
жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оны мұрагерлеріне бере
де алады.
Өмірлік пэрлер, яғни, ерекше еңбектері үшін барон немесе баронэсса деген,
мұрагерлікке беру құқы берілмеген, дворян тутулдарына ие болғандар.
26 рухани лордтар (Контерберий және Йорктік архиепис-коптар; Лондон, Дарем
және Уинчестер епископтары мен ағылшын шіркеулерінің бас епископтарының 21
өкілі). Бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген кезде ғана палата
мүшелері болып саналады.
4) Шағым арыз бойынша 20 лорд корольдық актімен өмірлікке
тағайындалып, ерекше жалақы алады. Лордтар палатасының сандық мөлшері
заңмен анық көрсетілмеген. Сондықтан да монарх пэрлер титулын беру құқығын
пайдалана отырып, олардың қатарын үздіксіз толықтырып, жоғарғы палата
құрамын шексіз ұлғайта алады.

Әрине, бүгінгі дүние жүзіндегі 180 парламенттің бір-біріне ұқсамайтын
өзгешеліктерге ие екені түсінікті. Алайда, бұл оларды құрылым міндетіне,
әлеуметгік құрамына, т.б. ерекшеліктеріне карай жіктеуге нұқсан келтіре
алмайды.
Әлемдік тәжірибе бойынша парламенттерді дәстүрлі жүйелеу құрылысы —
бикамерализм (яғни, екі палаталы құрылымнан) болып табылады. Мұндай екі
палаталы парламенттөмендегі федеративтік мемлекеттерде бар: АҚШ (сенат,
өкілдер палатасы), ФРГ (Бундесрат, Бундестаг), Ресей (Федераиия Кеңесі,
Мемлекеттік Дума), Канада (Сенат, Депутаттар палатасы), Бразилия, (Сенат,
Депутаттар палатасы), Швейцария (Кантондар Кеңесі, Ұлттық кеңес), т.б. Екі
палаталы парламенттер төмендегі (унитарлық) мемлекеттерде бар: Ұлыбритания
(лордтар палатасы, қауымдастық палатасы), Нидерландия (бірінші және екінші
палата), Италия (Сенат, Өкілдік палатасы) және т.б.
Анықтама үшін. Парламенттердің ең күшті әрі ықпалды жоғарғы палаталары
— АҚШ-тың сенаты. Жапонияның кеңесшілер палатасы, Италияның сенаты және
т.б. Бұүлардың бәрі де тікелей сайлау жүргізу нәтижесінде құрылады.
Бұлардың "әлсіз" жағын сөз етсек, ең бастысы (мысалы, немістердің
Бундесраты, Ұлыбританияның Лордтар палатасы, Индияның Штаттар Кеңесі), заң
әдебиеттеріне сүйенсек, сайлау корпустарының қатысуынсыз құрылады.
Қазіргі кезде көптеген парламенттер бір палаталы. Өйткені ерте дамыған
еддер өздерінің тәуелсіздігін алулары нәтижесінде бикамерализм әдісінен бас
тартқанын айта кеткен жөн.
Оның үстіне, басқаша айтқанда, парламенттердің эволюциялық құрылымында
бикамерализм әдісінен бас тарту бағыты жандануда. Мысалы, 1950 жылы Жаңа
Зеландия Парламентіндегі Заң шығарушы Кеңес таратылған: 1953 жылы Дания
Конституциясы бір палаталы парламент түзді (фолькетинг), 1917 жылы Швеция
парламентінің жоғарғы палатасы жойылды; 1976 жылы Португалия Конституциясы
бір палаталы Республика Ассамблеясын қарастырды; 1975 жылдан бастап
Грецияның парламенті бір палаталы болды. Ал осыған қарамастан, керісінше,
Польша, Румыния, Чехияның заң шығарушы органдарында жоғарғы палата қайта
құрылып (ұйымдастырылып), жұмыс істеуде. Дәл қазіргі кезде АҚШ-тың 49
штатында екі палаталы парламент жұмыс істесе, біреуінде ғана бір палаталы
парламент жұмыс істейді. Сондай-ақ, Кентукки штатының заң шығарушы
жиналысында 138 мүшесінің (тұрғындар саны — 3,8 млн.) 38-і 4 жылға
сайланатын сенат мүшесі, ал қалған 100-і әр екі жылда қайта сайланатын
өкілетті палата мүшелері. Заңдарды қабылдау бойынша дайындық жұмыстары
комитеттерде жүргізіледі. Заң шығарушы жиналыс құрамы 246 адам.
Парламенттарий жұмыстарын сессиялық түрде — жылына 60 күн істейді.
2.2 Парламеттік реформа халық өкілдігі туралы акт
Парламент өкілеттігін конституцияландыру барысында оларды төмендегі үш
топқа бөледі:
— абсолютті белгілі міндеттері бар парламенттер. Мысалы, АҚШ, Франция
конституциялары осы елдердің парламенттерінің заң шығарушылық қызметі
объектілеріне нақты да айқын мәселелер тізімін береді;
айқын да нақты міндеттері жоқ парламенттер, яғни, олар кез келген мәселелер
бойынша заң актілерін шығаруға құқықты (Үлыбритания, Жақа Зеландия, Италия,
Ирландия, т.б. елдердің парламенттері);
біршама белгілі міндеттері бар парламенттер. Олар әрекет ету шеңберлерінің
қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Өз шеңберлері төңірегінде өздерінің заң
шығару қызметін жүзеге асырады (мысалы, Индия парламенті).
Парламенттер депутаттары өздерінің әлеуметтік құрамы бойынша әлеуметтік-
топтық және кәсіби сипатынан гөрі партиялық бірлігіне қарай көзге түседі.
Міне, осы тұрғыдан алғанда парламенттерді екі негізгі топқа бөлуге болады:
әлеуметтік бірыңғай партиялар фракциясынан тұратын парламенттер (мысалы,
АҚШ конгресі);
әлеуметтік бірыңғай емес партиялар фракциясынан тұратын парламенттер
(мысалы, Греция, Италия, Франция, Швеция, Индия, Финляндия, Жапония).
Енді партиялық фракциялардың ұйымдастырылу тәртібі жайлы аздап айта
кетейік. Мысалы, Францияда (1959 жылғы 3 маусымдағы) Ұлттық жиналыс
тарапынан қабылданған регламент бойынша депутаттар өздерінің саяси бағыты
бойынша фракция құра алатын болған. Фракция 20 депутаттан бола алады. Ал,
егер де депутат бірде-бір фракция мүшесі болмаған жағдайда, өз қалауы
бойынша әрі сол фракция бюросының келісімімен кез келген фракцияға мүше
бола алады.
1956 жылғы 7 мамырдағы сайлау жайлы федеральдық Заңға сәйкес бір саяси
партияға тиесілі Германия Бундестагының депутаттары белгілі бір
мақсаттарына жету мен бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында белсенді
топтардан фракциялар құра алады. Фракция партия органы болып табылмайды,
қайта парламенттің конституциялық бір органы болып саналады. Депутаттар
тобы фракция деп тек құрылатын топтағы депутаттар саны Бундестагтағы барлық
депутаттардың 5 процентінен кем болмаған жағдайда ғана саналады. Оның
үстіне депутаттардың бәрі бір партиядан, не болмаса федеральдық жерлердің
ешбірінде өздерінің саяси мақсаттары жағынан бірімен-бірі бәсекелеспейтін
партиялардан болуы керек. Кімде кім өз партиясы қатарынан шықса, онда бір
мезетте өз фракциясын да тастап кетуі тиіс. Ең кемі 26 депутаттан тұратын
"Toп" деп аталатын бірлестікке ұйымдасуға болады. "Ton" деп аталатын
мәртебе алу үшін Бундестаг келісімін алу керек. Осындай талаптар
қойылғанына қарамай кейде тәжірибеде өз франкциялары мен партияларына
берілгендігімен қатар әрі депутаттардың жеке көзқарастарына байланысты
талас-тартыс туып жатады. Депутаттар бүкіл тұрғындардың өкілі болып
табылады. Сондықтан да олар тек тұрғындардың бір бөлігі болып табылатын
топтың жеке мақсат-мүддесіне емес, барлық қоғамның мақсат-мүддесіне қызмет
етулері қажет. Егер де депутат өз партиясы қатарынан шығарылса, онда ол
тиісті фракциясын да тастайды. Бірақ мұндай жағдайда ол депутаттық
мандатынан ажыратылмайды.

Депутаттардың құқықтық жағдайы конституция, конституциялық және де
басқа заңдар, регламент пен әдет-ғұрып арқылы анықталады.
Парламент депутаты, әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді, яғни, ол
кәсіби парламентарий болып есептеледі. Басқаша айтқанда, депутаттық қызмет
ешқандай мемлекетгік немесе басқадай қызметпен сыйыспайтын, тек бір ғана
заңды депутаттық жұмысымен айналысуды талап етеді.
Алайда, кейде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Түрікменстанның 1992
жылғы 30 қыркүйектегі "Халық өкілдері мәртебесі туралы" атты заңына сәйкес
Халық өкілі Түрікменстанның халық билігінің Жоғарғы өкілетгі органы — Халық
Мәслихатына тікелей халықтың өзі сайлайтын мүшесі болып табылады.
Халық өкілі өзінің өкілеттігін тегін, яғни, өнеркәсіптегі орнынан,
қызметінен немесе қоғамдық қызметінен қол үзбей атқарады.
Алыс шетел мемлекеттерінің мемлекеттік тәжірибелерін зерттеу барысында
парламент депутаты өзін сайлаған окургтың сайлау корпусының ғана емес,
бүкіл ұлттың екілі болып табылатынына көзіміз жетеді. Мұны депутаттарға
бұйрықты мандат беріліп әрі кері шақырып алуына тыйым салынғанынан-ақ
көреміз. Сондай-ақ, Италия Конституциясы бойынша: "Парламенттің әрбір
мүшесі барлық ұлттың өкілі болып табылады әрі өз қызметін міндетті
мандатсыз атқарады". Ал Франция Конституциясына сай: "Кез келген бұйрықты
мандат заңды емес". ФРГ-нің негізгі заңында төмендегіше: "Германия
Бундестагының, депутаттары ешқандай жарлық пен тапсырмаға жүгінбейтін, тек
өз ар-ожданы үшін ұстанатын бүкіл халықтың өкілі".
Алайда, мұндай бұйрықты мандат пен кері қайтарып алу құқығына тәуелсіз
парламент депутаттарын толығынан тәуелсіз деп те айтуға болмайды. Мұндай
тұжырымға айтар нақты дәлеліміз бар. Сонымен, әдетте, депутат бір партияның
мүшесі болып, партиялық тәртіпке саналы түрде бағынады, сайып келгенде,
депутат сайлау компаниясында өзін қаржыландырғандарға тәуелділіктен шыға
алмайды; сондай-ақ болашақ депутат өзі дауысқа түсетін окгругтік сайлау
корпусына да тәуелді келеді. Өйткені, оның тағдыры ақыр соңында дауыс беру
арқылы шешілетіні анық.
Депутаттық мандатқа төмендегі екі негізгі құрам: индемнитет және
иммунитет кіреді.
Индемнитетке келсек, депутат парламенттік қызметі үшін, оған кететін
қаржылық шығындарды қоса есептегенде, лайықты сыйлық алады.
Мысалы, американ конгрессменінің бір жылдык депутаттық икдемнитеті
133.600 доллардың үстінде.
Германия Бундестагы депутаттарының қаржылай тәуелсіздігі оның
Бундестагтағы депутаттық орнына сәйкес келетін қаржылай жалақымен (диета)
қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ФРГ парламенті құрамында кемінде 8 жыл
істеген Депутаттар зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақымен қамтамасыз
етіледі.
Канада парламенті қауымдастық палатасының депутаты, мысалы, 1987 жылы
бір жылда 56.100 канада доллары (1 Канада доллары — 0,77 АҚШ доллары)
көлемінде жалақы алған. Оның үстіне жыл сайын салық салынбайтын 18.700
доллар көлемінде жәрдем ақы берілген. Сондай-ақ, депутат өз резиденциясын,
Оттавадағы және ез сайлау округіндегі штатты қызметкерлерін ұстап тұру үшін
жылына 100.400 доллар көлемінде дотация алған, тағы да депутаттың
сапарларға жүріп-тұру, телефонмен сөйлесу, почталық және т.б. шығындарын
казына көтеретінін айтуға болады. Сейтіп, қауымдастық палатасының бір
депутатына бір жылда орташа есеппен кеткен шығын 300 мың долларға түскен
(Канадада адам басына шаққанда орташа табыс 15 мың долларды құрайды).
Литва Республикасының (1992 жылғы 19 қараша) "Литва Республикасы
Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен Үкіметі мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан
қамтамасыз ету туралы" заңына сәйкес Литва Республикасы Жоғарғы Кеңесі
депутаттары мен осы Жоғарғы Кеңес ұйымдастырған үкіметтің мүшелеріне,
олардың өкілеттік мерзімі өткеннен соң, олар қызметтен босағанда орташа
қызметкерлер жалақысының 6 айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ,
Жоғарғы Кеңес депутаттарына 6 айлық пайдаланылмаған демалыс ақысы төленген.
Егер Жоғарғы Кеңес депутатының немесе Үкімет мүшесінің өкілеттік
мерзімі әйелдер үшін — 52, ерлер үшін — 57 жаста немесе әйелдердің жұмыс
стажы 30 жылдан, ал ерлердін жұмыс стажы 35 жылдан кем болмаған жағдайда
тоқтатылса, онда оларға алып жүрген еңбек ақы мөлшерінің 75 проценті
көлемінде зейнетақы тағайындалады.
Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір
жылдық мөлшері 37.854 ф. ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру
шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға
бөлінеді. Қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы
мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, Құрама
корольдіктің кез келген жеріне, егер бұл сапар тікелей қызметтік
міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне
парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші
жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу
мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.
Ал, лордтар палатасы мүшелері парламентте істегені үшін ешбір ақы
алмайды. Оларға тек парламент кызметіне байланысты болған көлік және тағы
басқа шығындар ғана төленеді.
Жапония Парламентінің қатардағы депутаттары ай сайын 1 млн. иен
мөлшерінде айлық алады (жапондардың жалдамалы жұмысшысының орташа айлық
табысы 350—400 мың иен), ал екі палатаның төрағаларын қаржылап қамтамасыз
ету үшін 1 млн. 835 мың иен белгіленген. Оның үстіне палата төрағалары,
олардың орынбасарлары, парламент комиссияларының арнайы және тұрақты
басшылары жұмыс істеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)
Басқару нысанының негізгі ережелері мен түрлері
Әлемдегі ең ашық-шашық полигон
Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері
Конституциялық бақылау нысандары
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттілігі
Саяси ілімдер мен бағыттар
Пәндер