1840 – 1860 жж Франция



І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім:

а) 1830.1848 шілде.монархиясы.
ә) 1848 жылғы ақпан революциясы.
б) Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі.
в) Мемлекеттік төңкеріс, екінші империяның орнауы
г) 1852.1870 жылдарғы Екінші империя тұсындағы Франция.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім:

а) 1830-1848 шілде-монархиясы.

ә) 1848 жылғы ақпан революциясы.

б) Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі.

в) Мемлекеттік төңкеріс, екінші империяның орнауы

г) 1852-1870 жылдарғы Екінші империя тұсындағы Франция.

ІІІ Қортынды.

IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Тақырыбы: 1840 – 1860 ж Франция.

Франция – Батыс Европадағы ірі капиталистік мемлекеттердің бірі.
Жерінің аумағы жөнінен шетелдік Европада 1 орын алады. Солтүстігінде және
оңтүстік шығысында Бельгия мен Германия федерациясының республикасымен,
шығысында - Швецария, Италиямен, оңтүстік батысында – Испания мен
шектеседі. Солтүстік батысын Па – де – кале және Ла – Манш бұғаздары,
батысын – Атлант мұхитының Бискай шығанағы, оңтүстігін – Жерорта теңізі
шаяды. Оңтүстігіндегі коршка, Жерорта теңіздік, және Бискай шығанағындағы
бірқатар шағын аралдар Францияға қарайды. Жері – 551,6 мың км, халқы 52,8
млн (1976ж). Астанасы Париж қаласы. Францияға 4 “ теңіз сыртындағы
департамент ” (Мартиника, Гводелупа, Гвиана, Франциялық реоньон) және
“ теңіз сыртындағы аймақтар ” ( жаңа Каледония, француздық
поликезелия, Афолор және Исса иелігі Сфен – Пьер және Микелон аралдары
бағынды. Әкімшілік жағынан 95 департаментке бөлінеді. 5 тарихи
провинцияның да ( Лотарингия, Эльзас, Бретань, Карманьдия, Прованс) маңызды
сақталған. Бесінші республика болып аталады. Францияның тарихы жайлы осы
мен қолданған кітаптарда толығымен жазылған.
Шілде монархиясының орнауы. Үкімет 1830 ж. шілде депутаттар
палатасын тарату және сайлау правосын бұрынғыдан да көбірек тежеу жөнінде
жариялады. Оған жауап ретінде Парижде ревалюция бұрқ ете түсті. Оны жасаған
жұмысшылар, қолөнершілер, алдыңғы қатарлы студенттер болды. Көтерілісшілер
республика орнайды деп үміттеніп, астананы алды. Қайтыс болған XVIII
Людовиктің інісі король X Карл және көптеген ақсүйектер шетелге қашты.
Халық бұқарасында ұйымшылдықтың болмауын пайдаланып, монархияны
сақтап қалуды қалаған ірі буржуазия өкіметті басып алды. Банкирлер мен
ірі газеттердің қожалары уақытша үкімет құрды. Депутаттар палатасы
құлатылған Бурбондардың туысы Луи Филипп Орлеанскийді король етіп
жариялады. Оның басқаруы шілде монархиясы деп аталды және ол 1848 ж. дейін
өмір сүрді. Тек бай меншік иелеріне ғана сайлау правосы кеңейтілді.
Сайлаушылар саны өсті, бірақ ол халықтың 1 процентінен аспады. Орта
буржуазия, ұсақ дүкеншілер, қолөнершілер, жұмысшылар мен шаруалар саяси
право ала алмады. Банкир Лаффит: Бүгіннен бастап Францияны банкирлер
билейтін болады, - деді. Оның айтқаны келді. Өкімет билігі ескі феодал
ақсүйектерден буржуазияның жоғарғы тобына – банкирлерге, аса ірі
өнеркәсіп және жер иленушілеріне, темір жол, көмір кені иелеріне ауысты.
Бұл жаңа финанс ақсүйектері еді.
Капитализмнің дамуы. Қалпына келтіру және Шілде монархиясы
жылдарында Францияда өнеркәсіп пен сауда, жол және канал құрылысы өсті,
темір жол пайда болды. Капитализм ауыл шаруашылығына тереңдеп ене берді.
Өнеркәсіпте станоктары және бу машиналары бар өз заманындағы ірі
фабрикалар пайда болды, шойын балқыту және көмір өндіру өсті. Алайда
Франциядағы өнеркәсіп төнкерісі Англиядағыдан гөрі әлдеқайда баяу жүрді.
Фабрикаларға қарағанда мануфактуралар өте көп болды. Ұсақ шеберханалар
басым еді, бұл жөнінен Франция Европада жетекші орын алды.
Француз деревнясында ұсақ, өте мардымсыз жер учаскелері бар
қожайындар барынша басым болды, олар бүкіл семьясымен ертеден кешке
дейін жыл бойы жұмыс істесе де тапқандары күнделікті өміріне бірде
жетіп, бірде жетпеді.
Шілде монархиясы кезеңінде Франция бай Алжир отарын жаулап алды.
Француз әскері онда 1830 ж. шілде революциясының қарсаңында – ақ барып
түскен болатын, бірақ Алжирді басып алу үшін бірнеше онжылдықтар керек
болды. Тонаушылық , отаршылдық – соғыстар капитализмге тән қасиет.
Францияның билеуші топтары соғыс халық бұқарасының назарын капиталистік
қанау туғызған қиыншылықтардан аударады деп үміттенеді. Алжир халқы
шапқыншыларға табанды қарсылық көрсетті. Полициялық қуғындау Шілде
монархиясының тәртібіне жұмысшылардың ғана емес, сонымен қатар орта және
ұсақ буржуазияның да назарлығын тоқтата алмады. Жұмысшылар және бірқатар
ұсақ буржуазия арасында республикалық идеялар тарады.
Лион көтерілісін басқарғаннан кейін Францияда республикалық
астыртын қоғамдардың әрекеті күшейді. Олардың ішіндегі ең ірісі
революционер Огюст Бланки басқарған Жыл мезгілі қоғамы еді. Бабефтің
көзқарастарын зерттеген Бланки коммунистік идеялардың жақтаушысы болды.
Ол батыл, әрі майталман күрескер ретінде қимыл жасады. Бірақ Бланки
бұқаралық қозғалыстың ролін түсінбеді, жұмысшы табының тарихи ролін
көрмеді. Ол ер жүрек революционерлердің астыртын тобымен капиталистік
құрылысты құлатуды іске асыруға болады деп ойлады. Бланкидің атымен
байланысты бланкизм деген сөз халық бұқарасына сүйенбей – ақ, күрестің
астыртын тактикасын жүргізуді көрсетеді. Бұл тактика еш уақытта өзін
ақтаған емес.
Орта буржуазияның бір бөлігі республиканы енгізуді және сайлау
правосын ұлғайтуды қалады, бірақ оны халық бұқарасына, әсірісе
жұмысшыларға бергісі келмеді. Ұсақ буржуазиялық республикашылар ерлер үшін
жалпыға бірдей сайлау правосы бар демократиялық республика орнатуды,
кедейлердің жағдайын жеңілдететін бірқатар шара қолдануды, ең алдымен
барлығына еңбек ету правосын қамтамасыз ету, яғни жұмыссыздықты жоюды,
жұмыс алғысы келетіндердің бәріне жұмыс істеу правосын беру керек деп
есептеді.
40 – ж жаппай жұмысшылардың қозғалысы. 1840 жылдары XIX ғ
жұмысшылар қозғалысы жаңа сатыға көтерілді. Парижде 1846 жылы 262 жұмысшы
ұйымы құрылды. Көп жерлерде осы жұмысшы ұйымдары көтерілістер ұйымдастыра
бастады. Француз жұмысшыларының Францияда тұрып жатқан неміс
жұмысшыларымен қарым – қатынастары жақсы болды. Жұмысшылар мен әскери
адамдар арасында соқтығыстар болды. 1840 жылы шілде – тамыз айларында
Парижде жұмысшылар көтерілістерге шықты. Бұл көтерілісті 7 қыркүйекте
үкімет басшылары басып тастады. 1844 ж рив – де – Жье деген уголь
бассейінің мазонда матерлардың бір жарым айға созылған ереулі болды.
Гизонның басқаруы (1840- 1848 ) 1840 жылдан бастап Гизо шетелдер ісі
жөніндегі министр болып сайланып, елде бишілік жүргізді, ол 1847 жылдан
бастап елде билікті ресми түрде жүргізді. Гизонның үкіметі ұзақ және орта
буржуазияның барлық мүмкіндіктеріне шек қойды. Француз өнер – кәсіп
буржуазиясы Гизоның ішкі және сыртқы саясатына да қарсы болды. Француз
өнеркәсіпшілер үкіметтен сыртқы саясатта белсенді болуын талап етті. Алайда
Гизо үкіметі Англиямен қақтығыстардан қалып отырды. Осылайша Гизоның
сыртқы әлсіз жүргізуінің себебі қаржы мәселесі болды. Бұл саматты Маркс
“ соғыс қағаздың 3- 4% төмендетеді ” деп түсіндірді. Гизо үкіметі
Европадағы революциялық қозғаласқа дейін көтерілгенге қрықты және Австрия,
Испания, Швецариямен қарым – қатынасын түзеді. Гизо осылайша тыныш
соматты ұстады.
Алжирді жаулап алуы ( 1830 – 1847) Шілде монархиясы қарсаңында
Франция бай Алжир колонасын жаулап алды. 1830 жылы 30 мыңдай француз
әскерлері Алжир қаласын жаулап алған болатын. Бірақ халқы табандылық пен
күресті. Жаулап алушы француз әскерлері Алжирда ұзақ қақтығысты. Талантты
алжир қолбасшысы Абд – Эль – Кадир бастаған отряды француз әскерлерімен
ұзақ қақтығысты. Мыңдаған француз әскерлері Алжир халқына өрт жаудырып,
қаланы тонады. Әйел балаларын да қырды. 1845 ж француз әскерлері таулы
дара аймағына алжир халқын қуып сол жерде оларды түтінмен түншықтырып
тастады. Осындай аяусыз іс әрекеттері генерал Кавеньянға қолданды. 1847 ж
француз армиясы Абд – Эль – Кадирдің әскерлерін қоршап алды.
Ақпан революция қарсаңында. 1846 – 1847 жылдардағы экономикалық
дағдарыс басталды. Ол көп елді оның ішінде францияны да қамтыды, елде
революциялық жағдай туды. Дағдарыс революцияның басты себебі емес еді,
бірақ ол революциялық жағдайдың пайда болуына көмектесті, соған қоса
халықтың көргезылығын, кедейлік пен жоқшылықты одан әрі күшейте түсті.
Елде саяси күрес те шиелінесе түсті. Жаппай жұмыссыздық етек алды, еңбекке
аңы тосау екі есеге дейін төмендеді.
1848 – 1849 ж Европаның көптеген елдерінде жаңа буржуазиялық
революциялар болды. Ол Францияны бірқатар герман итальен мемлекеттерін
Австрия империясын қамтыды. 1848 – 1849 ж революциялар капитализімнің
өнер-кәсіп буржуазиясының, жұмысшы табына, одан әрі өсуінің нәтижесі еді.
Герман Итальян мемлекеттеріндей Австрия империясындағы революциялар
феодалдық тәртіптердің капиталистік дамудың одан әрі өркендеуіне кедергі
болуының салдары еді, францияда жағдай басқаша болды. Ондағы феодалдық
тәртіптер 1789 – 1794 жылдардағы және 1830 ж революциялардың барысында
жойылған болатын. Алайда шілде монархиясының тәртібі өнеркәсіп және
сауда буржуазиясының ауқымды тобының мүддесіне сәйкес келмеді, жұмысшы
табының және бүкіл халықтың паразылығын және өшпенділігін тудырды. 1848
ж Франциядағы революцияны капитализімнің ішкі қайшылықтарының дамуын
туғызды және ол жұмысшы табының буржуазиялық құрылысқа қарсы күресінің
барынша шиеленіскен жағдайында өтті.
Революцияның себептері: шілде монархиясы тұсында француз
буржуазияның барлығы түгелдей үстемдік жүргізген жоқ, тек оның бір
франциясы ғана жүргізді, - деп жазды К. Маркс. Бұлар ең алдымен банкирлер,
темір жолдардың, көмір шахталары мен темір рудниктерінің және орман иелері
еді. Сайлау правосы елдегі халықтың процентінен азы ғана пайдаланды.
Жұмысшылар мен шаруалар ғана емес, сондай – ақ орта және ұсақ буржуазияның
да депутаттары сайлауға правосы болмады, демек буржуазияның көпшілігі бүкіл
халық саяси правосыз қалды. Алайда буржуазияның немесе “самарқау
республикашылар жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі шараларға
батыл қарсы шықты. Буржуазияның басым көпшілігі жиналыс, банкеттерге
сайлау правосын кеңейту туралы талаптар арқылы шілде монархиясынан
жеңілдік алуға болады деп сенеді.
Республиканы ең батыл тақтаушылар жұмысшылар болды: олардың басым
көпшілігі еңбекшілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін, ең алдымен,
жұмыссыздықты жоятын барлық азаматтар үшін еңбек ету правосы туралы заң
қабылдайтын, жұмыс күшін қысқартатын еңбек жағдайын жақсартатын
республиканы талап етті. Жұмысшылардың бұл талаптары буржуазияға аса күшті
үрей туғызды. Гролеторматтың таптық күресінің өсуімен бірге, өнеркәсіп
буржуазиясымен бүкіл халықтың финанс ақсүйектерінің үстемдігіне наразылығы
– франциядағы 1848 ж революцияның негізгі себептері болды. К. Маркс
революцияның кезеңдерін үшке бөлді: 1) Ақпан кезеңі – ол 24 ақпаннан 4
майға дейін 1848 жылдық; 2) республика кезеңі немесе халық жиналысы – ол 4
майдан 1848 – 1849 жылдардың 28 майына дейін; 3) Конститутцияның республика
немесе заңда халық жиналыс кезеңі – ол 1849 ж 28 майынан 1851 жылдың екінші
желтоқсанына дейін.
Ақпан революциясы 1848 жылғы. 1847 ж 28 желтоқсанда парламенттің
заңды сессиясы ашылды. Буржуазияның наразы топтары ақпанда бірқатар
жиналыс өткізіп, сайлау цензісін төмендетуді талап етті. Жиналысқа халық
тобымен келе бастады – бұқараның белсенділігі артты. Бір үлкен жиналыс
өткізбекші болғанда , оған үкімет тиым салды. Буржуазия қайраткерлері
жиналысқа бармай қалды, бірақ сонда да, жиналыс өткізілетін орынға қарай,
мыңдаған адам – жұмысшылар, қол - өнершілер, студенттер қаптап келе жатты.
Астыртын әрекет жасайтын революцияшыл қоғамдар халықты көтеріліс жасауға
шақырды. 24 ақпанда барлық Парижде халық баррикада құра бастады. Келесі
күні зәресі ұшқан король министірлердің орнынан түскенін жариялады, бірақ
революция басталып кетті. Халық бұқарасы көшеге шықты. Үкіметтің реформаны
жақтаушылардың кезекті банкетін тарту әрекетіне қарсы көтерілісіне шыққан
халық патша сарайын шабуылымен алып, корольдің тағын бастилия алақына өртеп
жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді. Луи
Филипп Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп,
республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші жұмысшылар республика
өздеріне әлуметтік озаттық әпереді. Кешкісін әскер демонстрацияға
қатысушыларға оқ жаудырды. Көп адам өлді, жараланды. “ Қару алыңдар! ” “
Бауырластарымызды өлтіріп жатыр! ” деген айқай шықты. Бұған үн қоса
көтерілген астананың еңбекші бұқарасы жабыла сапқп тұрды. Түні бойы қаланың
шығыс кварталдарында көптеген баррикадалар құрылды. 1848 ж 24 ақпанда
көтерілісші халық қару – жарақ қоймаларын және астананың басты пунктерін
басып алды. Шілде монархиясы құлатылды.
Уақытша үкімет республикасының орнауы. Еңбек ету құқығы олардың
басты ұраны болды, қарулы көтеріліс ревалюцияны жеңіске жеткізді. Бірақ
депутаттар палатасы үкіметті король семьясындағылардың біреуіне беруге
әрекет жасады. Бұған жауап ретінде палатаға басып кірген қарулы
көтерілісшілер дауыс көтеріп “ республика жасасын! ” деді.
Көтерілісшілердің қысымымен депутаттар палатасы буржуазиялық
қайраткерлерден құрылған уақытша үкіметті бекітті. Осы уақытша үкіметтің
мүшелері буржуазиялық – республика газеті “ Пасиональ ”, солшыл республика
газеті “ реформада ” да жарияланды. Үкіметтің басында іс жүзінде атақты
француз поэт – романтик А. Ламартин тұрды, ол шетел істері жөніндегі
министр болды. Үкіметке ұзақ екі буржуазия өкілдері кірді – А. Ледрю –
Роллен, ол ішкі істер жөніндегі министр болды және Флонон, ол “ реформа ”
газетінің бас редакторы болды.
Уақытша үкімет үш топтан құралды: буржуазиялық республикашылар, ұсақ
буржуазия демократтары және социалистер. Үкіметте басқару ісі буржуазиялық
республикашылардың қолында болды. Уақытша үкіметтің председателі адвокат
Дюптан болды. Социалистік Луи Блан мен Альбер портфельсіз министрлер
болды. Үкіметтегі басты ықпалға республикашылар “ самарқаушылар ” ие болды.
Көтерілісшілердің көзілін аулаған болып, үкімет құрамына Лион
көтерілісіне қатысқан жұмысшы Альбер және ұсақ буржуазияшыл демократ әрі
социалист Луи Блан енгізілді. Іс жүзінде Луи Бланның жұмысшылардың
мүдделеріне көзқарасы алшақ еді. Ол пролетарларды қожайындарымен
келістіруді көздеді жіне одан ертеректе социализімге өтудің құралы ретінде
мемлекеттік шеберханалар құрудың утопияшыл жоспарын ұсынды.
Альбер мен Луи Бланның жұмысшы табынан шықты деген атпен үкімет
құрамына енуі тек жұмысшыларға зияны тиді. Жағдайдың жарасты сәтіндегі бір
қате – осы болатын. Луи Блан мен Альбер уақытша үкіметте орнылық болды.
Олардың ықпалы шамалы еді, бірақ олар осы үкіметтің жұмысшы табына қарсы
бүкіл өшпенділігін, сатқындығын, осыларды іске асырудағы жауапкершілікті
ерікті түрде бөлісті. Ал олардың осындайуәкілдік рольге ие болғысы келген
кінәрәтті қырсығы жұмысшы тобының революцияның белсенділігін әлсіретті.
В.И. Ленин Луи Бланның келісілігіпаздығы яғни оның буржуазиялық үкімет пен
келісіп қимыл жасауға және оған кіруге әзір тұруы тек “ буржуазияның
плитариятқа ықпал етуін нығайтуға ” қызмет етті деп атап көрсетті.
Уақытша үкімет “ Еңбекшілердің үкімет комисиясын ” құрды. Оның
төрағасы Луи Блан болды, ал орынбасары жұмысшы Альбер болды, еңбек
министірлігі немесе Люксембург комиссиясы ( олар мәжіліс құрған сарай
аты) аталған бұл комиссиегеде ешқандай билік те, қаржы да болмады. Бұл
жұмысшыларды алдау амалы еді.
Луи Блан – ұсақ буржуазияшыл социалист, жұмысшылардың шынайы
мүдделерінен алшақ адам еді. Оның ұсынған ілімі - “
қоғамдық шеберханаларда ” капиталистер мен жұмысшылар қоян – қолтық
қызмет істеу арқылы және кәсіпкерлерді жойып, қонаудан құтылды және
мемлекет көмегімен бейбіт түрде социализімге бейім қоғам құруға болады
дегені ол кезеңде іске аспайтын қиял еді. Луи Блан – француз утопияшыл
социалисі, тарихшы, журналист, 1848 жылғы революция қайраткері. Дүниеге
көзқарасында Сен – Симонның идеяларын басшылыққа алды. Еңбекті
ұйымдастыру деген еңбек жазды. Мұнда әлуметтік өзгеріс жоспарларын
баяндайды. 1843 жылдан ұсақ буржуазияшыл Реформ газетінде қызмет істеді.
Он жылдың тарихы (1841 – 44) атты кітабын шілде монархиясына қарсы
бағыттады, Француз ревалюциясының тарихы деген 12 томдық еңбектің 1
томында (1847) ( 1 – 12 томдары 1907 – 09 жылдары орысшаға аударылды)
революцияның якобиндік кезеңіне дұрыс баға берді. Б. тап күресін
мойындамады. 1848 жылғы Ревалюция кезінде уақытша үкіметке мүше болды,
пролетариаттың рев. Толқуына жол бермеуге ұмтылды. 1848ж. августа Англияға
қоныс аударды, 1848жылғы Ревалюцияның тарихын жазды, мұнда өзінің
келісімпаздық саясатын ақтауға тырысты. 1870 ж. Францияға қайта оралды;
1871 ж. Ұлттық жиналысқа сайланды да, Париж коммунасы (1871) жауларының
қатарында қалды.
Бланки Луи Огюст - француз революционері, утопияшыл – коммунист.
Реставрация кезеңінде Бурбондардың респ – демокр. Қозғалысына (1814 – 30),
июль революциясына (1830), июль монархиясына белсене қатысты. 1832 – 34ж.
коммунистік көзқарасқа келді. Б. 18 ғ – дағы француз материалистерінің
шәкірті, тарихты түсінуде идеалист болғанмен және таптық қанауды жоюдың
басты жолы әлуметтік рев. Деп есептегенімен, тап күресін мойындады, бірақ
пролитариатты қаналушы жалпы халықтап бөліп қарамады. Рес. құпия семьялар
қоғамы мен Жыл маусымдары қоғамын ұйымдастырды және басқарды. 12
майдағы көтеріліс жаншылғаннан кейін, Б. өлім жазасына кесілді, бірақ үкім
өмірлік тұтқында ұсталуға ауыстырылды. 1848 ж . Революция кезінде босанып
шықты да, Орталық республикалық қоғам атты клуб құрды, неғұрлым
революцияшыл пролетариат элементтерін басқарды. 1848 ж 15 майдағы
демонстрациядан кейін 10 жыл түрмеде отыруға кесілді. 1861 – 1865 ж тағы да
абақтыда болды. 1865 ж түрмеден қашып шықты. 4 құркүйектегі революциядан
және Екінші империя құлағаннан кейін, Б. Патри ан данже газетін
шығарды. Мұнда прустарға қарсы батыл күресуге шақырды. 1870 ж 31
октябрьдегі көтеріліске белсене қатысқаны үшін Б. тағы да өмірлік
тұтқында ұстауға кесілді де, түрмеде 1879 жылға дейін отырды. Париж
Коммунасы (1871) кезінде сырттай Коммуна мүшесі болып сайланды. Өмірінің
соңғы жылдары Б. соц. Және демокр. Насихаттан тайынбай, өз жақтастарын
(Бланкишілдерді) партия ұйымына топтастұруғажұмысшылардың сенім – үмітін
күшейтуге, ұлттық шеберханалардың ұйымдастырылуы да көмектесті. Мыңдаған
жұмысшылар әскершілер қатарында көшелерді жөндеу, тазалау, ағаш отырғызу
және т.б. жұмыстар атқарып күніне 2 франк ақша алып, күнкөрісін астырды.
Азғантай мерзімде бұл шеберханаларда 100 мыңнан астам жұмысшылар басы
қосылды. Осындай табыстарға қолы жеткен және жұмыс күнін 10 – 11 сағатқа
дейін қысқартқанға көңілі толған пролетариат тынышталып, болашақта өз
пайдаларына жақсылықтар туады деп күткен еді. Олар капитализімде
буржуазиямен қатар өздеріне де әлуметтік озаттық тиюі мүмкін екендігіне
сенеді.
Уақытша үкімет республика жайындағы мәселені шешуді сөзбұйдаға салып
кешеуілдете бергісі келді, бірақ келесі күні Луи Филиппті құлатқанан кейін
халық бұқарасы үкімет мәжіліс құрып жатқан қалалық ратушаны қоршап
алуды, оны францияны республика деп жариялауға мәжбүр етті.
Жұмысшылар оны өзінің қанымен жеңіп алды және республика туы қызыл
жалау болуын талап етті.Бірақ “ Самарқау ” республикашылар бірінші
республика тұсындағы үш түсті туды қабылдады, сөйтіп көзге көрініп тұрсын
дегендей – туға қызыл розетка қадады, кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы Қытай
Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Тайпин шаруалар соғысы
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Шомбал старшынның хандықтағы хан қызметкерлерінің арасындағы ықпалы айтарлықтай өсті
XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама
Пәндер