Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт.азаттық көтеріліс
2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836.1838жж.)
3. ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы
ұлт-азаттық көтеріліс
2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі
(1836-1838жж.)
3. ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ішкі Орданың құрылуы. Көтерілістің ошағы болған Ішкі Орда немесе Бөкей
хандығының саяси-экономикалық жағдайының, географиялық және тарихи
жағдайларға байланысты өзгешелігі бар еді.
Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне
дейінгі жазықтықты ХVІІІ ғ. бірнеше жыл Еділ қалмақтары мекендеді. Олардан
бұрын да, олармен қатарлас та бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді.
Бертін келе патша өкіметі, Орал казак әскері басшылары қазақ ауылдарына
Жайықтан өтуге әлденеше рет тыйым салып көрді. Ол үшін әскер күшін де
қолданды. Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып
жүрді. 1771 ж. Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп,
Еділ мен Жайық арасындағы дала босады.
Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап
Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген
болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі
қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің тауып-
өскен отаны - Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай
ығысып, дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан
бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің бөкей сұлтан басқарған бес
мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың
құрылуына бастапқы негіз болды.
Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай
Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар
адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей
хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор
шекара комиссиясы бекітеді.

1. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (Бөкей)
ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
2.
Зерттеушілер Сырым қозғалысы мен қазақ билеушілерінің өзара қырқысулары
өкімет тыйым салса да Оралдың арғы бетіне қазақ шаруаларының көптеп келуіне
себеп болғанын атап көрсетеді.
Орал казак әскері қазақтарға маза бермеген соң, қоныстануға жоғарыдан
ресми құжат қажет болды. 1801 ж. 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын
Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей жайлауға ресми рұқсат берді. Бұл
хандықтың құрылуын патша шенеуніктері мен зерттеушілері ұлы ағзамның
“қайырымдылығы” мен Бөкей сұлтан атына байланыстырып келеді. Шын мәнінде
рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған сияқты. Қазақтарды Жайықтан
өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтындығына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың
көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы
орыс-казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойына
қазақтардың көптеп жиналуынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Патша
үкіметі Кіші жүзді бөлшектеп, “бөліп ал да билей бер” саясатын жүргізуді
ойластырды.
Орда басында Сыртқы істер министрлігіне, кейіннен Мемлекеттік мүлік
министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық
арасындағы даланың солтүстікте Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстікте Каспий
жағалауына дейін жайлауы көрсетілді. Бөкей билейтін қазақ рулары өз алдына
хандық құрып “Кіші қайсақ ордасы” болып аталды. Жер көлемі 6 млн десятинаны
құрады.
Әуелгі жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен
бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны көбейіп, 1812
ж. 7500 үйге, 1814 ж. 8,5 мың үйге, 1828 ж. 10,3 мың үйге жетті. Сонымен
жаңа хандық Ресей империясының қарамағына еніп, казак әскерінің қоршауында
болды. Шығыстан — Орал әскері, солтүстіктен “Ішкі Орал”, батысы — Астрахань
казак әскерлерінің бақылауында болды. Қазақ шаруалары екі бірдей езгіге:
феодалдық және отарлық қанауға түсті.
Көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы. Бөкейдің заманында-ақ Бөкей
ордасындағы елдің қонысы тарыла бастады. Жерге құныққан Орал әскербасылары
1813 ж. Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, әскер линияларын
көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен
қоса тартып алды. Тартып алған жерлерге бекет, форпостылар салып
(Таловский, Абинский, Вербовский, т.б.), казак-орыстарды көшіріп әкелді.
Жақсы қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап, елдің бірқатары
бөкейліктерді тастап, бері өте бастады.
1815 ж. Бөкей қайтыс болады. Оның жас баласы Жәңгір (1801—1845) хан
болып сайланады. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің
інісі Шығай сұлтан биледі. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды.
Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға, не
суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды. Орал әскері жерінің
жайылымын, суатын жалдап алуға байлардың ғана мүмкіндігі болды. Шаруа
арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дауды ылғи өз пайдасына
шешіп отырды. Қыста шеп тұрғындары шаруаларға пішендерін сатып, әрбір шана
шөпті 6–20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді.
Сөйтіп, сол кездегі патша офицерлерінің мойындауынша, қазақ шаруалары
екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшілік өз үстемдігін іске асырып,
бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады.
Сонымен жайылым, суат, орман, қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ
шаруалары үшін көкейтесті, шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс
жағдайын күйзелтіп, қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей, Орал әскерінің
атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, жер үй салуға, ағаш шабуға, балық
аулауға, көптеген сордан тұз алуға да тыйым салды. Отаршылдардың бір тобы
басы губернатор Эссен, Сухтелен, Перовский болып қазақтардың егінмен
шұғылданып, отырықшылануы мал шаруашылығының дамуына кедергі болады деп
санады.
1836 ж. губернатор Перовский басшылығымен 550 казак жасағы құпия
дайындалып, Бозащы және Адай ауылдарына “қарақшыларды жазалаймыз” деген
сылтаумен шабуыл жасап, бейбіт елді үш апта бойы талады. Сөйтіп, олар 7 мың
қой, мыңға тарта түйені айдап әкетеді. Патша әкімдеріне керегі екі халықтың
еңбекші бұқарасын бір-біріне қарсы қойып, ұлт араздығын қоздыру, татар,
башқұрт, қыпшақ, қарақалпақ, ноғай еңбекшілерін де патша офицерлері
қазақтарға қарсы қойып, әдейі жер таласын тудырып, өзара шапқыншылық
ұйымдастырып тұрды.
Жоғарыда айтылғандай қазақтардың Жайықтан әрлі-берлі өтіп, көшіп-қонып
жүруі Оралдың әскери кеңсесі мен патша әкімшілігіне ұнамады. Олар Ішкі
ордадан Кіші жүзге көшуге тыйым салып, арнайы билет жүйесі енгізілді. Бұл
билеттен тек 1836 ж. 50 мың сом жиналып, Орынбордағы Неплюев әскери-
офицерлік училищесін жарақтандырды.
1823 ж. 20 қарашада (кейбір деректер бойынша 22 маусымда) әкесінің
тағына отырған Жәңгір хан (1823—1845) ең алдымен өзі шұрайлы жерді
иемденіп, 400 мың десятина орманды, сулы, климаты жұмсақ жайылымды алды.
Жәңгірдің 4274 жылқысы, 232 түйесі, 719 сиыры, 17097 қой-ешкісі бар еді.
“Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевский дегеннің қолында өседі.
Орысша, арабша, парсыша жақсы тәрбие алды. Өткен замандағы арабтың
салтанатты патшалары, орыстың Романынан шыққан патшалары Жәңгірге үлгі
болды. Қазақтың салты, қазақтың тұрмысы, әдеті, заңы туралы Жәңгірге
тәрбиешілер, әрине, бір ауыз да айтқан жоқ. Жәңгір өзімшіл, патшашыл,
орысшыл, діншіл болып, ел билеу туралы, қазақ жайын дым білмейтін болып
шықты”, — деп жазды 1925 ж. Халел Досмұхамедұлы.
Хан 1830 жылдан бастап патша өкіметімен келісе отырып, жерді жеке
меншікке беруді кеңінен қолдана бастады. Құнарлы, сулы жерлерді сұлтан,
қожалар, молдалар, байларға берген. Жәңгір шаруаларға алым-салықтың да неше
бір түрін шығарып, жалпы санын 20-ға жеткізді делінеді: соғым, зекет,
пітір, құшыр, т.б. Жәңгір хан өзінің 12 биін ұстауға, хатшыларын,
молдаларын, атшабар, тілмаштарын асырау үшін елден алым-салық жинаған.
Кіші жүз ХІХ ғасырдың 20–30-жылдары саяси бірлігі ыдыраған, шаруашылығы
артта қалған ел еді. Қазақ билеушілерінің арасындағы қақтығыстар да жиілей
түсті. Нұралының екінші баласы Қаратай 1809 ж. Кіші жүз билеушісі Жантөрені
өлтірді. Осылайша, Кіші жүз Жантөре ханның (1805—1809) орнына хан
сайлағанда екіге бөлінді. Әлімұлы рулары Айшуақұлы Шерғазыны (1812—1824)
хан сайласа, Байұлы рулары Нұралы тұқымы қуатты Бөкейді (1812—1815) хан
сайлады. Ал Жетіру екіге жарылды. Арғы бет, бергі бет болып екіге бөліну
патша өкіметінің тілегіне сай келді. Патша өкіметі бұл өлкенің саяси-
экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеу үшін, Қазақ хандығын одан әрі
әлсірету мақсатында 1812 ж. Кіші жүзді екі хандыққа бөлді. Бұл бөлу Кіші
жүзді одан әрі саяси әлсіздікке әкеліп, феодалдық қырқысты күшейтті. 1824
ж. патша өкіметі Кіші жүздің Жайық өзенінен шығысқа, Торғайға дейінгі жерін
тағы үш бөлікке бөліп, басына билеуші сұлтандарды қойды. Бұл — Батыс, Орта,
Шығыс бөліктерін билеуші сұлтандар Ресей шекарасына жақын жерден мекен
алып, орыс әскерінің қорғауына сүйеніп, елді биледі. Мысалы, Батыс бөлігін
Баймағамбет Айшуақұлы сұлтан биледі, ал оның ставкасы мен билеуіндегі
Үстірт, Маңғыстау арасы 800 км болды.
Елде саяси бірліктің, күшті өкімет болмауы салдарынан феодалдық соғыс
күшейіп, бұл өне бойы елдің мазасын алып, шаруалардың бір жерге тұрақтанып
қоныс тебуіне, шаруашылықпен шұғылдануына мүмкіншілік бермейтін.
Феодалдардың өзара қырқысуы қазақ шаруалары үшін тағы бір басты қиындық
болып тиді. Байлар мен сұлтандардың бірі мен бірінің жауласуы, елді ру-руға
бөліп, шабыстыруы кеңінен өріс алды. Ру-рулардың ауылдары барымтамен кезек-
кезек таланды. Қыпшақ пен Арғындар, Шекті мен Шөміштінің арасындағы барымта
шаруалар үшін ауыр болды. Сол секілді Жағалбайлы мен Тілеуқабақ, Шөмекей,
Төртқара рулары арасындағы ұзақ жылға созылған талас-тартыстан көп адам
өліп, мал-дүние талан-таражға ұшырады.
Сұлтан, билер, патша әкімдері руды айдап салып, араздастырып отырды, ру
намысы, ауыл арын қорғау үшін қарапайым көшпелі шаруалар күшін пайдаланды.
Тұрмыстан қысылған көшпелі шаруалар Орал, Орынбор казак әскерлеріне
өтуге, аштан өлмес үшін христиан дінін қабылдап, аты-жөнін өзгертіп,
біржола туған елінен қол үзуге де мәжбүр болды.
Көтерілістің дамуы, кезеңдері. Үстем тапқа қарсы бас көтеру, қарсылық
білдіру стихиялы түрде жүрді. Осы уақытта Тайманұлы Исатай ел көзіне
түседі. Ханнан, оның атасы Қарауылқожадан, төрелерден жәбір-жапа
көргендердің бәрі Исатайға келіп шағынатын болады.
Исатай Беріш руының биі еді. Исатайдың 25 жылдай жайлап келген Қиғаш,
Күйген өзендері өңіріндегі қонысын орыс шаруаларына тартып әперген.
Махамбеттің:
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қандастық,
Тептер үшін тебістік, —
деуі осы күйігін білдіреді. Езілген шаруалар мұндай аз да болса
мемлекет, өлкені басқарудан хабары бар, 20 жылдай би болған, 3 рет ұсталып,
екі рет қамауда жатып көрген Исатайды көтеріліс басшысына сайлайды. Исатай
сауатсыз болса да сөзге шебер, әрі алғыр, батыр адам болған. Ел ішінде
беделі зор еді.
1835 ж. Исатай ханға қарсы ашық күреске шығады. Шаруалар арасында үгіт
таратып, хан әміріне бағынбауға шақырады. Байлар мен билерден зорлық көрген
шаруалар бір-бірлеп, тіпті тобымен кейде ауыл болып келіп оған қосыла
бастайды.
Көтерілістің басталу себептері:
1) Бөкей ордасындағы қауымдық жерлерді ірі орыс помещиктері Юсупов пен
Безбородко және хан туыстарының иеленіп алуы нәтижесіндегі жер тапшылығы;
2) Жәңгір хан өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі
өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы;
3) Алым-салықтың өсуі, бұқара шағымдарының қаралмауы, халық мүддесімен
санаспауы.
Көтеріліс 3 кезеңнен тұрады:
1) 1833—1836 жж. — көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы;
1) 1837 жыл — көтерілістің етек алған кезеңі, патша үкіметі күштерімен
қақтығыстар;
2) 1838 жылғы шілдеге дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреп жеңілуі.
Көтерілістің қозғаушы күші — қатардағы қарапайым малшы-шаруалар, сонымен
қатар, оған ру ақсақалдары, старшындар, билер қатысты. Исатай төңірегінде
көбінесе ру старшындары басым болды.
Беріш руы, Жайық бөлімінің старшыны, Исатайдың жауынгер серігі, белгілі
ақын Махамбет Өтемісұлы да беріш руының Исатай сияқты старшыны болды.
Орысша да, ана тілінде де сауатты Махамбет Орынбор әкімшілігі мен қазақ
арасында белгілі еді. Алғашқыда Жәңгір сарайында жүрген кезінде-ақ халықтың
ауыр тұрмысы ақынды бей-жай қалдырмады. “Хан емессің, қасқырсың”, “Жәңгір
қолшоқпары Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, т.б. осы сияқты өлеңдерден
көтерілістің мақсаты мен талаптарын көруге болады.
1836 ж. ақпанда көтеріліс ұлт-азаттық сипат алды. Исатайдың серіктері —
Қабыланбай Қалдыбайұлы, Иса Төлегенұлы, Смайыл Өтемісұлы (Махамбеттің
інісі), Тінәлі Тайсойғанұлы, Қ.Қосаяқұлы, т.б. халықты көтеріліске шақырған
үндеулерін таратты. Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлығын
орындамауға шақырды. Орынбор губернаторына Қарауылқожа, князь Юсупов,
Безбородконың үстінен арыз-шағымдарын жіберумен болды. Бірақ олардың
артында тірек ретінде отаршыл саясаттың тұрғандығын түсінбегендік
байқалады. Исатай мен Махамбетке Қарауылқожаның көзін құртып, хан ордасын
шапса, халықты бостандыққа жеткізетіндей көрінді.
1837 ж. қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылын шауып, малын
айдап, шаруалардан жинап алған 3 мың сом ақшасын алып кетеді. Қарауылқожа
қашып құтылады. Көтерілісшілер хан ордасын басып алуға дайындалады.
Орынбордағылар Жәңгір ханға және патша үкіметінің отаршылдық саясатына
қарсы кең өріс ала бастаған көтеріліс қаупін сезіп, Исатай мен Махамбетті
ұстап сотқа тартуды көздейді.
Исатайды қамауға алу үшін 1837 ж. 2 қазанда Орал казак әскерінің атаманы
Покатилов басшылығымен екі жүз казак жасағы шығарылды. І Николай патша
“бүліктің” дереу басылуын, жаныштауды талап етті. Орынбор губернаторы
Перовский көтерілісті талқандау үшін подполковник Геке басқарған үлкен
жасақ жіберді.
1837 ж. қазан айында Жәңгір хан ордасын қоршау — көтерілістің шарықтау
шегі болды. Оған 3000–3500 көтерілісшілер қатысты. Уақыт ұту үшін полковник
Геке күресті тоқтату жайында
И. Тайманұлымен келіссөз жүргізе бастайды. Келіссөз қасақана ұзаққа
созылды. Осы кезде патша әскерлері мен Жәңгір хан жақтастары бірігіп
үлгереді. Бір жағынан Зеленый форпосты мен Кулагин бекінісінен, Меркулов
бастаған Горск бекінісінен, Астраханнан шыққан жазалаушы жасақтар 9
қарашада хан ставкасында бас қосты. 15 қарашада 3000–3500 адамнан тұратын
көтерілісшілер жазалаушы жасақтармен Тастөбе деген жерде кездесті. Қылыш,
садақ, найзамен ғана қаруланған Исатай қолы зеңбіректен атылған снарядтарға
қарсы төтеп бере алмады. Ұрыста көтерілісшілер тарапынан 60 жігіт қаза
тапты.
Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісінен кейін көтерілісшілер қатары
сирей бастады. Көтеріліске қатысқан ауылдарға кешірім жариялануы ыдырауды
тездетті. Ал полковник шенін алған Геке Исатайды қолға түсіру үшін тірідей
әкелгенге 1000 сом, басын әкелгенге 500 сом сыйлық тағайындайды.
Исатай болса 1837 ж. 13 желтоқсанда Жаманқала (Сарайшық) бекінісіне
жақын жерден жазалаушылар торын бұзып, Кіші жүзге өтіп кетті. Исатайдың
ізіне түскен Б. Айшуақұлы, т.б. сұлтандар жасағы тек Исатайдың отбасын
тұтқындайды.
Көтерілістің аяқталуы. 1838 ж. Кіші жүздің Шекті руы жерінде уақытша
қоныстанған Исатайдың көтерілісті қайта лаулатып, Ордаға қайта оралу ниеті
болды. Оның жасағы Горск бекінісіне қауіп төндіреді. Осы жағдай Орынбор
отаршылдық әкімшілігін Исатай көтерілісін түпкілікті басуға тезірек
қимылдауына әкелді. Екіншіден, осы кезде Кенесары Қасымұлы көтерілісі Кіші
жүз жеріне өткен болатын. Екі көтерілістің бір-біріне қосылып кетуі мүмкін
еді. Үшіншіден, Кіші жүздің батысында Қайыпқали Есімұлы, Жоламан Тіленшіұлы
наразылықтарының етек алуы.
1838 ж. 12 шілдеде Геке мен Падуров жасақтары мен көтерілісшілер
арасында Ақбұлақ түбінде ақтық шайқас болды. Өзінен басым күшке төтеп бере
алмаған көтерілісшілер тарапынан 70–80 адам оққа ұшады. Көтерілісшілер бас
сауғалап қашуға мәжбүр болды. Алты адаммен бірге Махамбеттің інісі
тұтқындалады. Орынбор губернаторы қолға түскендерге дүре соғып, Сібірге
айдайды. Көтерілісті басуда көзге түскен сұлтандар, билер, солдаттар
ақшалай сыйлыққа ие болып, шендері жоғарылады. Баймағамбет Айшуақұлы
подполковник шенін алды.
Көтерілістің жеңілу себептері: көтеріліске қосылған үстем тап
өкілдерінің опасыздығы; Кіші жүз бен Ішкі ордадағы және Кенесары Қасымұлы
жасақтарының басының қосылмауы; әскери қаруланудың төмен дәрежесі.

2. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі
(1836-1838жж.)

Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының
жерлерімен, Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің
солтүстік жағалауындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Оның ауқымы
шығыстан қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым
жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орынбор әкімшілігінің
қолдауымен Бөкей сұлтан 1812 жылы өзі құрған орданың ханы болып сайланады.
30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам
қоныстанды. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінеді. Қысқа мерзім ішінде
жердің үштен екі бөлігі қазақ
феодалдары мен орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік
иелігіне өтті.
Олардың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен боиындағы,Қамыс-Самар көлі
төңірегіндегі жерлерді қазақ-орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге
байланысты өткір дағдарысқа басқада маңызды зор жағдайлар келіп қосылды.
Бұл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің
мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар аралық басқару жүйесі
құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді
Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға жайық өзенінен өтуге және казак-
орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым
салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ
сұлтандарынан жалға алған жерлерінің құны үшін уақтылы есеп айрысуға тиісті
болды. Тек есеп арысқаннан кейін ғана олар помешиктер мен қазақ байларының
жеріне өздерінің малдарын бағыуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері
қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жылдан жылға өз қалауынша ала бастады,
олардан айыптар, әртүрлі салықтар жинап отырды.
1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды. Осыдан кейін хандық билік оның
баласы Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәмелетке толуына дейін орданы уақытша
Бөкей ханның туғуан інісі Шығай сұлтан басқарды. 1824 жылы Жәңгір патша
өкіметінің жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң,
патша әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірімен тұрмысының
жекеленген жақтарының, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін
қайта құруға кірісті. Ол көшпенділердің отырықшлануын, олрдың орыс
хуторлары сияқты мекендер салуына, қырдат пішен шабуын, ағаш өсіріуді
малдың тұқымдарын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарының
жаңа түрлерін алдыруды, мектептер, училищелер, мешіттер ашыуын және
ауылдарда мал санының артуына сауданың және басқарудың жаңа формаларына
көшіуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындарымен қазақ шонжарларының
мөдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.1827 жылы Жәңгір хан Нарын
құмындағы Жасқұс мкеніндегі тұрақты хан ордасын орнатып, елді осы
орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кенесі құрылып, оған 12 ата
Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға 12 старшын, сондай-ақ бірнеше
базар сұлтандар қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөліміне тұратын
кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергеуші штатта тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстаның барлық
бөліктерінде хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада
хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі шенеунігі басқарған Уақытша кенестің
қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүиене отырып,
барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ
бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дауына басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс
помешіктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға
құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз
иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Мендігерей Бөкейханов, би Балқы
Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан
көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық
салды, елдің қанын сүліктей сорды.
Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт
болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1818 жылы
Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай Таймановтың ең жақын серігі-
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846жж.). Оны анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар
және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс
жазушысы әрі этногров В.И. Дальмен таныс болған. Ішкі Ордада және Орынборда
қызмет істеген оқымысты – саяхатшысы Г.С.Карелинмен де тығыз қарым-қатнас
жасаған.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп
тағайындады. 1814 жылыдың аяғында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп,
уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын Өтеміс
Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады.
Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшын ретінде
Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды
сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады.
Атырау бекінісінен келген Дон казактарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол
бойында Исатай конвойдан қашып шығып, елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де
Жәңгір ханның Исатайдың сонына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр
халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың
озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті
одан әрі жалғастырды.
Бұл күрестің күшеюіне, әсірісе, 1833 жылы Жәңгір хан өз қайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Азаттықты аңсаған Исатай Тайманұлы
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Пәндер