Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері



М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ

І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.

1.1. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
1.2. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ

І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.

1. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және
принциптері мен әдістері
2. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әлеуметтік жұмысқа қойылатын талаптар әлеуметтік сферадағы терең
және жан-жақтылы реформаны қайта ұйымдастыру жағдайы, жаңа экономикалық
қатнастың қоғамдық жағдайға ауысуы, экономикалық білімді меңгеру болып
табылады.
Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық цикл сияқты жалпы
мамандандырылған тәртіп циклі бойынша да әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша
мемлекеттік деңгейде жоғары мамандандырылған білім экономикалық білімге
көлемінің қажеттілігін көрсетеді.
Оқу құралында курстық тақырып әлеуметтік және экономикалық негізін,
мемлекеттік экономикалық саясатының әлеуметтік бағыты және әлеуметтік даму
сұрақтары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік жұмыстың
экономикалық кеңістігінің түсінігі мен мәні, әлеуметтік сферада
субъекттердің экономикалық қарым – қатнастардың қарастыру болып табылады.
Қоғамдағы әлеуметтік стратификация және оның әлеуметтік –
экономикалық зардаптары, нарықтық қатнасқа ауысу кезеңінде халықтың
материалдық жағдайының жақсаруы мен динамикасы түсіндіріледі.
Халықты әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырудың
ұжымдық – экономикалық негізі, әлеуметтік қызмет көрсету орындарының өкілі,
салық салу, қаржы мен байланысты мәселелерді қарастырады.
Экономикалық ұжым, кадырлық қамтамасыздандырылу және әлеуметтік
жұмысшының еңбек ақысын төлеу тақырыптары енгізілді.

І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.

1.1. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және
принциптері мен әдістері.

Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі
философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында
экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
Экономия термині грек тілінің ойкос (үй, шаруашылық) және номос
(ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы
ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл рыноктық
шаруашылық категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы,
қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін
ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік
қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды
қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау
және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша
экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам
және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп
немесе аз міндеттерді өз мойнына алады.
Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың
экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын
тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша
халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі.
Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық
ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес,
белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, ... зат түрінде қызмет
көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді.... Бұл жерде материалдық –
заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады,
және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді.
Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер,
тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы
автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру,
әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына
ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің
материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың
адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға
бағытталуы біріктіреді.[1].
Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында әлеуметтік жұмыс деп аталған
қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау
және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның
объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын
мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған
мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет
ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және
меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде
қысқаруына әкеледі.
Бұл да рыноктық экономика қалыптасуы кезінде әлеуметтік жұмыс
экономикасының бір ерекшелігі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері курсының зерттеу пәні –
бұл рыноктық экономика жағдайында әлеуметтіксферадағы және халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық процестердің заңдылықтары,
экономикалық факторлардың бүкіл қоғамның, жекелеген әлеуметтік топтарға
көрсететін ықпалы.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы қоғам мүшелері мен мемлекет және басқа
да саяси жүйелер арасындағы экономикалық қатнастарды зерттейді.
Әлеуметтік жұмыс экономикаға қоғамның материалдық негізі ретінде
тоқталады. Бұл әсіресе қазіргі кезде өндіріс құлдырауы мен жұмыссыздықтың,
инфляцияның өсуі, тауарлар мен қызметтердің барлық түрлерінің қымбаттауы
байқалған өтпелі кезеңде маңызды болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері атты курс қоғамның
әлеуметтік организіміндегі экономикалық байланыстарды, оның өтпелі
экономикадағы өзгерісін және экономикалық, құқықтық және басқа да
әлеуметтік құқықтары төмен халықтың бөлігін әлеуметтік қорғауға
бағытталғандығын, рыноктық қатынастардың қоғамның әлеуметтік организіміне
ықпалын, экономикада жүріп жатқан процестерді және оның қоғамның
әлеуметтік өміріне, оның жекелеген әлеуметтік топтары мен оның мүшелеріне,
қоғамдағы отбасына және отбасындағы жеке адамға ықпалын зерттейді.[2].
Қоғамның экономикалық қатнастары оның жекелеген мүшелеріне тікелей
әсер етеді. Әсіресе өндіріс құрал – жабдықтарына байланысты қатнастар
үлкен ықпал етеді. Өндіріс құрал – жабдықтарымен бөтенсіту жұмысбастылық
және әлеуметтік жіктелуіне, отбасындағы экономикалық, әлеуметтік
мәселелерге алып келеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру әлеуметтік жұмыстың
міндеті. Мұнда қартаю, жұмысқа қабілеттілігін жою жағдайына байланысты
әлеуметтік сақтандырудың, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік
кепілдіктің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы экономикалық теорияның негізгі
категорияларымен анықталады: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Жеке адам және қоғам мүдделерін іске асыру кезінде адамдар қызметінің
шешуші саласы – рыноктық қатынастар қалыптасу жағдайында өмірлік
игіліктерді өндіру және бөлу саласына ерекше көңіл бөлінеді.
Материалдық игіліктерді өндіру – адам және қоғам өмірінің негізі.
Экономикалық ғылым категориясы ретіндегі бөлу – бұл тек қоғамдық
өндіріс нәтижесін бөлу ғана емес. Бұл ресурстарды немесе өндіріс
факторларын да бөлу болып табылады.
Шаруашылық рыноктың жүйесінің қалыптасуы және осы негізде меншік
иелері тобының қалыптасуы жинақталған мүлік бойынша бөлу принципінің
ықпалын күшейтеді. Мұнда халықтың өз табысының қалыптасуы
дифференциялануының өсуіне, қоғамның әлеуметтік, экономикалық жіктелуіне
алып келеді. Бұл әлеуметтік ауыртпалықты жою үшін, халықтың әлсіз жүйесін
қалыптастыру үшін жүйелі мемлекеттік араласуды талап етеді.
Әлеуметтік – экономикалық көмек мемлекеттік бағдарламасының негізінде
азаматтардың конституциялық құқықпен қамтамасыз ету іске асырылады: тегін
білім беру менмедициналық қызмет көрсету, қарттар мен жұмысқа
қабілетсіздерді қамтамасыз ету, аналық пен балалықты қолдау және тағы сол
сияқты. Оларды қанағаттандыру дәрежесі осындай жағдайдағы экономикалық
даму деңгейімен анықталды.[3].
Бөлу процесін реттеу бойынша мемлекеттің қызметі негізгі үш бағыт
бойынша іске асырылады.
Бірінші бағытта халықтың түсімі оның еңбегінің нәтижесіне, өмір сүруді
қамтамасыз ету үшін қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін есепке ала отырып
тәуелді болады.
Екінші бағыт бірінші орында жәрдемақысы, арнайы емдеуге берілген
төлемдердің бағытталған қажеттіліктер көлемімен сипатталады.
Мемлекеттік қолдаудың үшінші бағытының ерекшелігі өндірістік емес
сфералардың сәйкес мекемелері арқылы халықтың заңмен анықталған топтарына
берілетін жеңілдіктер және қызметтер арқылы бейнеленеді.
Әлеуметтік – экономикалық қолдау бағдарламасы еңбек процесіне тыс
себептерге байланысты табыс деңгейіндегі айырмашылықты жоюға бағытталады.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы жалпы экономикалық теория шеңберінде қала
отырып, оның халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуге ықпалын, экономикалық,
саяси, тарихи, ұлттық, этникалық және басқа да қоғам өмірінің нормаларына
тәуелді болатын мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік
стандартын анықтауды зерттеумен айналысады.
Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету экономикалық категориясы
қоғамның өндірістік күштеріне, рыноктық экономикасына қызмет етуі және
дамуы жағдайында әлеуметтік – экономикалық қатнастарға сәйкес келетін
сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Бұл тұрғыда халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің әлеуметтік –
экономикалық үлгісі қызығушылық туғызады.
Қазіргі рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі мен ғылымға
халықты өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесі экономикалық категориясын
енгізу теориялық тұрғыда дәлелденген және Қазақстанда жоғары деңгейде
дамыған, әлеуметтік әділетті қоғамның қалыптасуын мемлекеттің білікті
түрде қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.[4].
2. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі.

Әлеуметтік жұмыс бүкіл әлеуметтік кеңістікке кіретін белгілі
экономикалық кеңістікте іске асырылады.
Оқымыстылардың (Яковлева А.И., Холостова Е.И., және тағы басқалары.)
пікірінше әлеуметтік кеңістік қоғамдық тұрмыс формасы ретінде қызмет
етпейді. Бұл процесс уақыт аралығында барлық құрылымдық элементтерді
үздіксіз қозғалысында болады.
Әлеуметтік кеңістікте экономикалық байланыстар іске асырылады,
әлеуметтік субъектілердің (жеке адам, отбасы, еңбек ұжымы, қауым, топ және
тағы басқалары.) арақатынасының экономикалық формалары өзіндік экономикалық
кеңістік жасай отырып көрініс табады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі (ӘЖЭК) – бұл қоғам
мүшелерінің қалыпты өмір сүруін, олардың қажеттіліктерін оптималды
қанағаттандыруға және жеке адамның шығармашылық потенциалын іске асыруды
қамтамасыз ететін тұрақты дамушы, реттелген әлеуметтік жүйе, әлеуметтік
қорғау институтының экономикалық қатынастар өркениетті қоғамда материалдық
және рухани игіліктерді әділетті өмір сүруін қамтамасыз етуде сенімді
кепілдікке негізделген түрде құрылуы тиіс. Бұл әлеуметтік жұмыстың тиімді
экономикалық негізін құрудың қажетті алғышарты болып табылады.
Әлеуметтік кеңістік құрылымы өте күрделі. Оның экономикалық байланысы
тек әлеуметтік қолдаумен көмек көрсетуді қажет ететіндерге ғана емес,
сонымен қатар мемлекеттің бүкіл халқына қызмет көрсетуге бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жұмыс және тұрғылықты
орын бойынша, еңбек мекемелерінде, әлеуметтік қызмет көрсетудің әртүрлі
станционарлық емес мекемелерінде (ЦСО, мейманхана, қызмет) яғни қарттар,
мүгедектер, жетімдер, босқындар, үйі жоқ немесе табиғи апатқа ұшыраған
адамдар тұратын жерлерде іске асырылады. Бұл сфералардың әрқайсысында
әлеуметтік жұмыстың өзіндік құрылымы болады.
Әлеуметтік жұьыстың экономикалық кеңістігі түсінігі әлеуметтік
сфера түсінігімен оның экономикалық, саяси және рухани сфералармен
арақатынасы арқылы байланысты.
Әлеуметтік сфераның басты міндеті субъектілердің (жеке адам, отбасы,
ұжымдар және тағы басқалары), сол сатыдағы қоғамның ғылыми негізделген
нормалары мен экономикалық потенциалын айқындау болып табылады.[9].
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі әлеуметтік қорғау жүйесінің
экономикасын, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек қатнастары сферасын,
мәдениет, тұрмыс экономикасын және тағы басқаларын қамтиды.
1.Бұл сфералардың әрқайсысының экономикасының өзіндік ерекшеліктері
болады және ерекше қызметтер атқарады.
Кәсіпорындарда әлеуметтік қамтамасызету және әлеуметтік сақтандыру
қорларына аударымдар есебінен халықты әлеуметтік қорғаудың материалдық
базасы құрылады, жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары қалыптасады, тұрғын-
ұй құрылысы іске асырылады, жұмысшылардың әлеуметтік – тұрмыстық қызмет
көрсетуі және олардың материалды –экономикалық қолдауы іске асырылады.
Өндірістік кәсіпорындар, мекемелер, өз қызметтерінің демалысы, емделуіне,
квалификациясын арттыруына көп көңіл бөлінеді.
Қызметкерлердің кәсіптік одақтары экономикалық қатынастарда белгілі
роль атқарады. Рыноктық қатынас жағдайында қоғам мүшелерінің мүдделерін
анықтаушы және қорғаушы ретінде оның мәні арта түседі.
Меншікті мемлекет иелігінен алу және меншік формасын өзгерту, халық
құрамындағы жұмыссыздардың көбеюі, қарт адамдар үлесінің артуы салдарынан
тұрғылықты жер бойынша әлеуметтік жұмыстың ролі күрт артады. Бұл оның
экономикалық базасын нығайтуды талап етеді. Ресей Федерациясындағы
жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңында (1991 жылдың 6-шілдеде
қабылданған), Ресей Федерациясының азаматтық кодексіне сәйкес және тағы
басқа нормативті актілерге сәйкес аймақтың қоғамдық өзін-өзі басқару
органдары әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында әлеуметтік қызмет мекемелері, кәсіпорындарын құру мен ресурстық
қамтамасыз етуге белсенді қатысуда.
Сонымен қатар мақсатты әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыруда,
тұрғын-ұй қоры мен әлеуметтік инфроқұрылым объектілерін құру мен жөндеуде,
шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық қызметін белсендетуде, халықтың
өзін-өзі қамтамасыз ету үшін қолайлы экономикалық жағдай құруда олардың
ролі арта түсуде.
1. Әлеуметтік кеңістікте пенитенциарлық мекемелердегі әлеуметтік –
экономикалық жағдайымен қамтамасыз ету міндеті мәселесі күрделене
түседі. Оның шешімі әлеуметтік сфераның көптеген субъектілеріне тәуелді,
ішкі істер министірлігі, еңбек және әлеуметтік даму, білім беру
денсаулық сақтау және мәдениеттану министірлігі, сондай-ақ
қайырылымдылық ұйымдары.
Әлеуметтік кеңістіктің бұл сигментінің қызмет етуін қамтамасыз ету
үшін адамдармен жұмыс істеудің жаңа әлеуметтік – экономикалық
конститутциясын жасау қажет.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің ажырамас бөлігі
әлеуметтік қорғау сферасы, қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі және
тағы басқалары болып табылады. Оларды материалдық және қаржылық қамтамасыз
ету, кәсіпкерлік қызметті дамытуды қайта құру және жетілдіру талап етіледі.

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің құрамдас бөлігі
денсаулық сақтау болып табылады. Ресей Федерациясының Конститутциясының 41-
статиясина әрбір азаматтың денсаулық сақтау мен медициналық көмек құқығы
бар. Мемлекеттік және жергілікті мекемелердегі медициналық көмек бюджетке
сәйкес қаражаттары, сақтандыру жарналары, басқа да түсімдер есебінен
азаматтарға тегін көрсетіледі.
Халықтың денсаулығын болжауда ең басты оның қоғамдық – экономикалық
қатнастар мен құрылымға тәуелділігі, қоғамдық даму сипаты болып табылады.
Қазіргі кезде денсаулық қалыптасуына қатынасатын экономикалық, әлеуметтік
мемлекеттік, құқықтық, экологиялық және басқа да құрылымдар арақатынасының
жаңа формасын іздеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін халық денсаулығын
қорғау ісінде бүкіл жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілі қажет. Соның бірі
елімізде халыққа медициналық - әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар құру
болып табылады. [12].
Қазіргі кезде медико - әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау мен
қолдау саласында іс жүзінде мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
Денсаулықты экономикалық категория ретінде қарастыру қажет. Қоғамдық
денсаулық түсінігі халықты және жеке адамдардың денсаулық деңгейіне
мемлекеттің ықпалы, қоғамдық – экономикалық қатынас жөніндегі сұраққа жауап
ретінде пайда болған. Қоғамдық денсаулық – бұл жұмысшы күшін ұлғаймалы
ұдайы өндіруге тікелей ықпал ететін, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық
байлығын материалдық өндіру процесіне ықпал ететін макроэкономикалық
көрсеткіш. Басқа сөзбен айтқанда ол халық денсаулығының жоғары көрсеткішіне
жетуге ынталандырады.
Бұл тұрғыдан денсаулық сақтауды реформалау келесі негізгі принциптер
негізнде іске асырылуы тиіс, профилактикалық бағыттылықты жоғарылату,
медициналық ғылым мен денсаулық сақтау тәжірибесінің бірлігі, денсаулық
сақтаудың қаржылық мәселелерін шешуге халықтың қатысуы, медициналық қызмет
көлемі мен сапасына сәйкес халықтың – денсаулығын сақтау жүйесінде
қаржыландырудың көп арналылығы, медико - әлеуметтік профилактика және тағы
басқалары.
Рыноктық экономикаға өту денсаулық сақтау жүйесі экономикасында
реформалауды талап етті. Ең басты бағыттардың бірі Қазақстан халқының
барлығына міндетті медициналық сақтандыруды енгізу болып табылады. Ол тегін
қажетті медициналық көмектің минимумын алуға кепілдігін береді.
Мемлекет халақ денсаулығын қорғау мен нығайтудың федералды
бағдарламасын қаржыландырады. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік, муниципалдық
және жеке жүйелерін сақтау мен дамыту бойынша шаралар қолдануға арналады.
Сонымен қатар мемлекет игілігінен алу және осыған байланысты мемлекеттің
ресурстық және қаржылық мүмкіндіктерін азайту әлеуметтік сфера
қажеттіліктеріне деген қаражаттың қысқаруына алып келеді. Сондықтан
денсаулық сақтау сферасына қаржы ресурстарының мемлекеттік кепілдікке
адекваттылығын қамтамасыз етуге маңызы зор.
Қаржыландыру жүйесін жетілдіру ең алдымен қолда бар қаржылық
ресурстардың рационалды пайдалануына және олардың көрсетілетін медициналық
көмек көлемін сәйкестендіруге бағытталуы қажет. Бұл медициналық мекемелерді
олардың көрсететін қызметінің көлеміне тәуелсіз ұстау принципінен бас
тартуды талап етеді.
Мұнда денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесі қаржы ресурстарын
әлеуметтік және медициналық көмекті арттырудың экономикалық құралы ретінде
пайдалануға негізделеді.
Ресей Федерациясының денсаулық сақтауы мен медициналық ғылымды дамыту
концепциясына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық
ұйымдарды қаржылындырудың екі схемесы болуы мүмкін. Бірінші схема:
сақтандырушы функциясын атқаратын сақтандырушы медициналық ұйымдар арқылы
қаржыландыру. Екінші схема:медициналық ұйымдарды міндетті медициналық
сақтандыру қорларының аймақтық филиалдары арқылы қаржыландыру.[13].
Медициналық сақтандыру жүйесін қайта құрудың басым бағыттары емханалар
мен отбасылық дәрігерлер үшін ішінара қор ұстау жүйесі болып табылады.
Мемлекеттің денсаулық сақтауға бөлген қаражаттарын мақсатты және
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін міндетті медициналық сақтау
қаражаттарының жұмсалуына, денсаулық сақтау жүйесінің муниципалдық және
жергілікті ұйымдардың қаржылық – шаруашылық қызметіне тиімді бақылауды
қамтамасыз ететін шараларды заңдылыққа енгізу қажет.
Міндетті медициналық сақтау негізгі бағдарламасын қаржылық қамтамасыз
ету мақсатында концепция федералдық бюджетте қаржыландыру көзін қосымша құн
салығынан түскен түсімнің үлесі ретінде бекітуді және міндетті медициналық
сақтандырудың (ММС) федералдық қорына аударуды талап етеді.
Федералдық қордың ММС негізгі бағдарламасын іске асыруға бағытталған
аймақтың қаражаттарын теңестіру мүмкіндігін арттыру үшін сақтандыру
жарияларын келесідей арақатнасты бекіту көзделеді: Федералдық қор ММС –
0,5℅, аймақтық қор ММС – 3,4℅, міндетті медициналық сақтандырудың жиынтығы
– 3,9℅.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жергілікті саясатты
жүргізудің басты элементі қазіргі жағдайда денсаулық сақтау ұйымының
жүйесін рационалды құруды қамтамасыз ететін стратегиялық және ағымды
жоспарлаудың біртұтас жүйесі болып табылады.
Конституциялық кепілдікті орындау үшін шектеулі қаражаты бар
әлеуметтік бағытталған салаларда мақсатты жоспарлаумен бағдарлама жасаудың
қазіргі әдістерін кеңінен қолдану ресурстарды жұмсау тиімділігін арттыруға
және халықтың медициналық көмекке деген қажеттілігін дұрысты қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Жоспарлау мемлекеттік медициналық көмек көрсетумен денсаулық сақтау
жүйесінің дамыту міндеттемелерінің нақты мақсаты мен оны қаржылық
қамтамасыз етуді бекітуді талап етеді.
Басқару жүйесін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру денсаулық
сақтау органдары мен мекемелердің жетекшілері үшін келісімшарттық қатнастар
жүйесін енгізуге мүмкіндік беруі тиіс.
Әлеуметтік жұмыс экономикалық кеңістігінің субъектілерінің бірі білім
беру жүйесі болып табылады. Ресей Федерациясы Конститутциясының 43-
статиясында әрбір адамның білім алуға деген құқығы бар, мемлекеттік және
жергілікті мекемелерде мектепке дейін, негізгі және тегін болуына кепілдік
беріледі, әрбір адам конкурстық негізінде мемлекеттік немесе жергілікті
мекемелерде жоғарғы білімді тегін алуға құқығы бар.

ІІ Бөлім Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясатының бөлімі
ретінде.

2.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың объективтік қажеттілігі және мемлекеттік
стандарты

Кез-келген қалыпты қызмет ететін әлеуметтік жүйенің бөлінбейтін
факторлары тұрғын халықты әлеуметтік қорғау және оларға әлеуметтік-
экономикалық көмек көрсету болып табылады.
Адамдардың физикалық өміріне әлеуметтік көмек көрсету, олардың
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызмет көрсетудің табиғаты, оларды топтастыру. Қызмет көрсету нарығы
Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау
Әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Экономикалық тәрбие беру
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
Пәндер