ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ СОЦИОЛОГИЯСЫ



1. Жеке тұлға және оны әлеуметтендіру туралы түсінік. Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру
2. Құқықтық мінез.құлыққа социологиялык талдау
3. Құқық бұзушы тұлғаның ерекшеліктері

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ СОЦИОЛОГИЯСЫ

1. Жеке тұлға және оны әлеуметтендіру туралы түсінік. Жеке тұлғаны
құқықтық әлеуметтендіру
2. Құқықтық мінез-құлыққа социологиялык талдау
3. Құқық бұзушы тұлғаның ерекшеліктері

1. Жеке тұлға және оны әлеуметтендіру туралы түсінік. Жеке тұлғаны
құқықтық әлеуметтендіру

Адамның өмір сүру әрекеттерінің коғамдық негіздері туралы дәстүрлі
білім жеке тұлғаның қалыптасуы, эмоционалды ерік сапалары, өзін-өзі тану,
өзін іске асыру механизмдері туралы білімдермен толыға түсті. Социологияның
өзіндік аспектісі осында жатыр, оған назар аударған түбі ресейлік американ
социолога ІІитирим Сорокин (1889-1968). П.Сорокин социологияның зерттеу
обьектісі, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік мінез-құлығы мен әрекеті,
әлеуметтік топтар және бүтіндей қоғам болып саналатындығын айтады. Оның
ойынша, барлық қоғамдық өмір мен барлық әлеуметтік процестер екі немесе
одан да көп индивидтердің өзара әсерлесу құбылыстары мен процестеріне
бөлінуі мүмкін.
Индивид (лат-individ – бөлінбейтін, ақырғы) - адамзат тегінің бір ғана
өкілі және оның "алғашқы кірпіші", жеке даралық бір индивидті басқасынан
ажыратушы қасиеттер жиынтығы. Материалистік ұстанымға сәйкес, адам - тарихи
процестің субьектісі, Жердегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуы
(homo zapiens түрінің өкілі). Адам табиғатынан мәдениетті игеруге, қоғамға
енуге, әлеуметтік жан, тұлға болуға қабілетті.
Егер адам қоғамда өсіп, өмір сүрсе, оның әлеуметтену қабілеті дамиды.
Егер оның өмірі қоғамнан тыс болса, оның әлеуметтену қабілеті өшеді. Адам -
тек қоғамда ғана адам.
Әлеуметтену, әлеуметтік рольдерді орындау барысында адам өзін қоршаған
ортадан бөле отырып, өзінің "жеке" өмір сүруі туралы санасын
қалыптастырады, өз мінез-құлығының негізі, өзегі ретіндегі өзінің
субьективтік "Менін" сезінеді. Ол сондай-ақ мәдени идеалға ие болып, оған
сәйкес келуге ұмтылады.
Барлық адам белгілі бір жалпы, барлығына ортақ қасиеттерге ие. Сыртқы
келбеттерінің айырмашылықтарына қарамастан, барлық адамдар биологиялық
тұрғыда бір түрге жатады. Жалпы қасиеттер социумға енуге қабілетті мінез-
құлықтың жоғары дәрежедегі икемділігі.
Сонымен бірге адам - биоәлеуметтік тіршілік иесі: ол -табиғаттың бөлігі
және әлеуметгік индивид, нақты қоғам мүшесі. "Адам" ұғымы биологиялық және
әлеуметтік мәндердің бірлігі, бұл адамның әлеуметтік мәнінде табиғи
негіздер жатқанымен, оны табиғаттың өзге бөліктерінен ерекшелендіреді.
Әлеуметгік мәннің қалыптасуы, әлеуметтену процесі ондағы биологиялық
бастамалардың жойылып кетуін білдірмейді, қоғам қажетгілігіне сәйкес
биологиялық сапаларының әлеуметтікке айналуын білдіреді. Егер бұл процесс
табысты өтсе, біз жеке тұлға туралы айтамыз. Жеке тұлғаның қасиеттерін түзу
нерв әрекеттерінің, темпераментінің, нейродинамикалық, құрылымдық-
биохимиялық процестер типінің ерекшеліктеріне байланысты болатынын ескерту
қажет. Барлық тұлғалардың өзінің биологиялық, психологиялық сипаттамалары
(эмоциялары, интелектісі, әдеттері, мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары
және т.т.) болады. Бұл сипаттамалар әрбір тұлғаға жеке мінез береді.
"Әлеуметтену" ұғымы дәстүрлі "тәрбие" және "білім беру" ұғымдарынан
кеңірек. Әлеуметтенуге білім беру де, тәрбие де, жеке тұлғаның
қалыптасуына, иңдивидтердің әлеуметгік топтарға ассимиляциялану процесіне
әсер ететін ешкім жоспарламаған стихиялары да енеді. Әлеуметтену қоғамның
иңдивидтерге әсері ғана емес, сонымен бірге индивидтердің өзінің де
белсенділігі. Әлеуметтену - адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын ұзақ
процесс. Әлеуметтенудің бірнеше кезеңі бар. Бірінші әлеуметтенудің агенті
отбасы болып саналады, өйткені бұл кезеңге балалық шақ енеді. Екінші
әлеуметтену неғұрлым ұзақ болады, оған сонымен бірге есейген және қарттық
жас кезеңі енеді.
Жеке тұлға - әлеуметтік сапалар жиынтығы бар адами индивид. Мұңдай
сапалары аз болған сайын, ол тұлғалық қасиеті де аз. Оны өз ішіндегі тұлға
деп атауға болады, өйткені оның тұлғалық қасиеттері оның әрекеттерінен,
қылықтарынан және басқа адамдарға қарым-қатынасынан көрінеді. Адамның
қылықтары арқылы оның ішкі әлемі, адамгершілік және басқа қасиеттері
(жағымды, жағымсыз) туралы пікір түюге болады.
Бұл мәселемен айналысатын ғалымдар "күнделікті өмірде маңызды роль
атқаратын кейбір мінез-құлық үлгілері инстинкті болуы мүмкін", әйтсе де
адамның барлық мінез-құлығын инстинктермен түсіндіруге болмайды, өйткені
мұндай реакцияларды көбіне сыртқа жібере алмайды, бірақ туа біткен
бейімділіктердің болатынын жоққа шығару қате болар еді дейді.
Оның үстіне, балалық шақта қалыптасқан сезімдер үлгісі бүкіл ересек
өмірі бойымен өтетін үрдіс екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,
кейбіреулер барлық беделді тұлғаларға -мұғалімге, полицияға, шеберлерге
және т.б. — көбінесе өз ата-апаларына жасамайтын ілтипат жасайды.
Кейбіреулер өз өмірі бойында ата-анасына деген жек көрушілігін басқаларға
аударады.
Әлеуметтік психологтар бәрінен де маңыздысы сезімді өз басынан
өткізеді. Мен - тұжырымдамасын адам әлеуметтік матрица ішіңде жасайды, ол
өзін өзіне басқалардың (яғни айналадағы жақын адамдар) қалай қарағанына
қарай бағалайды.
Өз құңдылығын сезіну адамның өзіне тең санайтын адамының махаббаты мен
құрметіне байланысты. Педагогикалық және психологиялық практиканың
көрсеткеніндей, кейбір ата-аналар өз балалары "жақсы" және олардың
талаптарына жауап бергенде ғана оларды сүйеді. Кейбір ата-аналар балаларын
өздері қол жеткізе алмаған ұмтылыстарын жүзеге асырушы деп таниды да, бала
кезден бастап баласы ешқандай қызықпаса да, мансапқа жетуге дайындай
бастайды. Мұндай балалар көптеген артықшылықтарға ие болады, бірақ олар
сәтсіздікке де ұшырап, ұжданы алдында азап шегіп өзін ешнәрсеге қажетсіз
деп санайды.
Адам өте жас болып және алда күтіп тұрған табыстар мен сәтсіздіктерге
байланысты өзгермесе, оның өзіндік адамгершілік сезімі қалыптасады. Өзін
сүйкімсіз деп санайтындардың басқаларды сүюі де қиын. Өзіндік адамгершілігі
төмен деңгейдегі адам құрметтеу мен махаббатқа мұқтаж, бірақ ол өзін-өзі
қорғау үшін пайда әкелетін нысаннан басқа біреуді сүюге қабілетсіздігін
ойлайды.
Зерттеушілер жеке тұлға құрылымы төмендегідей компоненттерден
тұратындығын көрсетеді:
Бірінші компонент - әр түрлі қасиеттер, өзара әсерлесетін қажеттіліктер
мен мүдделер, идеялар, практикалық мақсаттар жүйесі енетін жеке тұлғаның
бағыттылығы. Бұлардың ішінде біреуі жетекші мәнге ие, ал қалғандары тірек
болу ролін атқарады. Мысалы, танымдық қажеттіліктердің жетекші рольге ие
болуы интеллектуалды әрекеттердің белсенділігін арттырады.
Екінші компонент - табысқа жетуде жеке тұлғаның мүмкіндіктері, оның
қабілеттері. Қабілеттер өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді.
Мысалы, А.С.Пушкин өзін тарихшы, талантты суретші ретінде көрсете білсе де,
оның ақындық дарыны басым.
Үшінші компонент -мінез, яғни адамның әлеуметтік ортадағы мінез-
құлығының стилі. Мінез – адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасының
бірлігінен тұратын күрделі синтетикалық білім беру. Мінез жеке тұлғаны
бүтіндей көрсете алмаса да, қасиеттер, бағыттылық пен еріктер,
интеллектуалды және эмоционалды сапалар, темпераментгерден (мысалы,
сангвиник, холерик және т.б) көрінетін типологиялық ерекшеліктердің күрделі
жүйесін білдіреді. Мінездер жүйесінен жетекші қасиеттерді де көруге болады.
Оған, бірінші кезекте, моральдік (адамдарға деген қайырымдылық не
рақымсыздық, айналасындағыларға деген жауапкершілік, қарапайымдылық және
т.б), екінші кезекте ерік сапалары (табаңдылық, өжеттік, сабырлылық және
т.б) жатады, олар белгілі бір мінез-құлық стилі мен практикалық міндеттерді
шешу тәсілдерін шешеді.
Мінез дегеніміз оған тән мінез-құлыққа алып келетін тұрақты жоғары
дәрежедегі дербес жеке тұлғаның ерекшеліктерінің жиынтығы (белгілі бір өмір
сүру жағдайлары мен шарттарында).
Сапалардың, мінездердің салыстырмалы түрдегі тұрақты жүйесі бола
отырып, бүкіл өмір жолы процесінде қалыптасып, дамиды. Мінез қоғамдық мінез
құрылымында, яғни басқа тұлғаларға, өз-өзіне, ісіне қатысты көрінеді.
Мінезді өзгермейтін статикалық сапалар жиынтығы ретінде қарауға болмайды.
Мінез икемді және оны тәрбиелеуге болады.
Басқаларына сүйенетін төртінші компонент, әдетте "Мен" ұғымын
білдіретін басқару жүйесі болып табылады.
"Мен" - жеке тұлғаның өзін тануы жөніндегі білім беру, ол өз-өзіне
бақылау жасау және әрекеттер мен қылықтарды реттеу, өмірді жоспарлау.
Жеке тұлғаның шындық өмірмен байланысы психикалық процестерді
қамтамасыз етеді, ол арқылы жеке тұлғаның қасиеті қалыптасады. Қалыптаскан
қасиеттер өз кезегінде процесс ағымына әсер етеді. Жеке тұлғаның психикалық
өмірінің құрылымы күрделі, көп қырлы және қөзғалыста болады. Оның барлық
компоненттері өзара байланысты және өзара шарттас.
Жеке тұлғаның дамуына байланысты оның құрылымында да өзгерістер болады.
Сонымен бірге әрбір тұлғаның құрылымы шартты түрде тұрақты. Онда адамды
адам ретінде сипаттайтын, одан өмір жағдайларында белгілі әрекеттерді
күтуге болатын қасиеттердің типтік жиынтығы болады. Соған сәйкес, әр адам
тұрақты және өзгергіш қасиеттер жиынтығы және осындай икемділік қана
адамның өзімен өзі болуын қамтамасыз етеді, жағдайға сәйкес икемділік
танытып, тиісті өмір сүруге мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаның "құрылымы" күрделі. Неғұрлым қарапайым тұлғалық қасиеттер
- жеке тұлғаның мәртебесі (статус). Көбінесе жеке тұлға мәртебесі жеке
тұлға қасиеті құрылымындағы бастапқы сәт болып есептеледі де, ол көбінесе
адамның мінез-құлығын, оның әлеуметтік ролін анықтайды.
Осылайша, "жеке тұлға" ұғымы адамға өз әрекеттерінен көрінетін
әлеуметтік- маңызды сапаларын, қасиеттерін, әлеуметтік жағын бейнелейді
(мысалы, адалдық, бір беткейлік, парасаттылық, ұқыптылық, білімділік және
т.б.).
Жеке тұлғаның құрылысына биологиялық та, рухани да, әлеуметтік те,
психикалық та элементтер енеді. Бұл жеке тұлғаның барлық элементтері
құрылымдануы керек. Яғни олар бір-біріне қарсы келмей, бір-бірін
толықтыруы, бір-біріне бағынуы, үндесуі керск. Егер мұндай үндесу болса,
бұл басқа адамдармен әлеуметтік қарым-қатынасқа түсуге қабілетті,
салауатты, қалыпты жеке тұлға. Егер ол болмаса, онда ол ұйымдаспаған болып
есептеледі, мұның өзі әлеуметтік байланыстар мен басқа да өмірлік
қиындықтарды асқындыра түседі.
Осылайша, егер әлеуметтендіру процесі табысты жүрсе, онда ол: адамның
мәдениетке қол жеткізуін, өзі жататын қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен
құндылықтарын өмір бойы игеруін қамтамасыз етеді.
Қазіргі социологияда жеке тұлға типологиясын құндылық бағыттылығына
байланысты болу кеңінен тарауда.
Дәстүрлі бағыттағылардың борыш, тәртіп, заң тыңдау, сол сияқты
дербестік, тіл табысқыштық, өзін жүзеге асыру сияқты қасиеттері неғұрлым
төмен.
Идеалистердің, керісінше, дәстүрлі нормаларға, тәуелсіздік және беделге
бой ұсынбау, қандай жағдайға болмасын, өзін дамытуға деген сындарлы
көзқарасы айқын байқалады.
Жеке тұлғаның фрустрирланған (сөзбе сөз: қиындықта қалған) типі үшін
өзін-өзі төмен бағалаушылық, жабырқаушылық, түнжырау, өмір ағымынан өзін
лақтырып тастағандай сипат тән болады.
Реалистерде борыш пен жауапкершілік сезімін дамыту арқылы өзін жүзеге
асыруға, өзіндік тәртіп пен өзін бақылауы басым салауатты скептицизмге
ұмтылу басым болады.
Гедонистикалық (грек, hedone - рахаттану) материалистер алдымен "осында
және қазір" ләззат алуға бағытталады және бұл өмір рахатын алуға деген
құштарлығы тұтынушылық тілегін қанағаттандыру формасына ие.
Социологияда жеке тұлғаның модалді, идеалды, базисті типтері бар. Жеке
тұлғаның модальді типі - осы қоғамда шынайы орын алғандар.
Жеке тұлғаның идеалды типі нақты жағдайларға байланысты болмайды. Жеке
тұлғаның бұл типі болашаққа тілек сияқты, Мысалы, К. Маркста жан-жақты және
үйлесімді дамыған тұлға.
Жеке тұлғаның базисті типі қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі
қажеттіліктеріне жақсы үлгіде жауап беретіндер.
Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның әлеуметтік типі қоғамдық жүйенің
адамның құндылық бағыттарына және олар арқылы нақты мінез-құлыққа әсер
етуіне қарай бейнелену.
Осылайша "әлеуметтендіру" ұғымы жалпы мағынада алғанда адами индивидтің
әлеуметтік қалыптасу процесін, оның әлеуметтік табиғатын қалыптастыру мен
дамуын білдіреді.
Құқықтық әлеуметтену — жалпы әлеуметтенудің қажетті және маңызды
бөлігі. Ол адамның, азаматтың өзінің қоғамдағы әлеуметтік ролі мен орнын
толық түсініп, әлеуметтік - құқықтық қатынастарға енуін білдіреді. Құқықтық
әлеуметтену жалпы әлеуметтену сияқты адамның барлық саналы ғұмырында өтеді.
Құқыктық әлеуметтену процесі үйрену жолымен өтеді: өмір шындығына
байланысты мінез-құлық пен әрекеттің белгілі бір бейнесіне дағдыландыру.
Бұл процеске саяси және құқықтық нормалар, саяси және қоғамдық
институттарды, олардың қызмет ету механизмін білу және т.б. жатады.
Бейнелей айтқанда, бұл өтіп жатқан құбылыстарды қабылдап, өзінің азаматтық
ролін орындауға мүмкіндік беретін қор болып саналады. Практикада ол игерген
нормалары мен құндылықтарын тексеруі мүмкін. Егер нормалар мен жеке
тәжірибе арасындағы айырмашылық терең болса, онда алғашқы шарттар бұзылады.
Егер болмаса онда оқығаны мен өз тәжірибесі негізінде алғанының арасында
сәйкестік болады.
Құқықтық әлеуметтену адамның өзі енетін топта сол сәттегі бар көрініске
негізделеді. Мысалы, "ел" ұғымы кеңістік ұғымына байланысты емес,
әлеуметтік және құқықтық микрокосмос тұрғысыңда қарастырылады.
Индивидтің әлеуметтену процесінің бөлінбес құрамдас бөлігі саяси және
құқықтық тәрбие. Оның мақсаты- білім, түрткі жүйелері мен әлеуметтік
белсенді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Құқықтық тәрбие әр түрлі
оқыту, білім алу, насихаттау формаларында жүзеге асырылады және әлеуметтік
нормалардың оның қалыпты мінез-құлығына айналуы оның сапасына байланысты
болады.
Құқықтық нормалардың индивидтің ішкі құрылымына ауысуы оның өзінің
күшінсіз, өзін-өзі тәрбиелеусіз болмайды. Құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу
жақсы жүрсе, кез-келген сыртқы келеңсіз әсерді жеңіп, қоғамға жат сапаларды
өзін-өзі мәжбүрлеу, өзіне-өзі бақылау жасау арқылы жеңуге мүмкіндік береді.
Құқықтық әлеуметтенудің жалпы процесінде әлеуметтенудің сыртқы
факторлары да роль атқарады. Әлеуметтенудің сыртқы факторлары (өмірдің
әлеуметтік жағдайлары, қоғамдық қатынастар, адамдар әрекеті, тәжірибе және
т.б.) мен индивидтің өзін-өзі тәрбиелеуінің қарым-қатынасы мәселесі
қоғамдық және жеке әрекеттердің барлық формаларының диалектикалық өзара
байланысы, әлеуметтік әрекеттер мақсаты жеке әрекеттер мақсатына сәйкес
келетіндей жағдай туғызу мәселесімен тығыз байланысты.

2. Құқықтық мінез-құлыққа әлеуметтік талдау жасау

Құқықтық әлеуметтену процесіне талдау жасау әлеуметтік макро не
микроорта, не құқықтық тәрбие шеңберінде ғана емес, сонымен бірге оған
бүкіл қоғам тұтастай және әлеуметтенудің обьектісі не субьектісі ретінде
әрбір индивид те; практикалық әрекеттер мен әлеуметтік қатынастардың барлық
түрлері мен формалары да кіреді, құқықтық тәрбие әлеуметтенуге жататын
құрал ретінде қарастырылады.
Әлеуметтену адам тұлғасын қалыптастырады және оны қоғамдағы өмірге
бейімдейді, адамдармен қатынасқа түсуге мүмкіндік беріп, қоғамдық және
нақты тұрмыстық мақсатқа жету үшін қалай әрекет етуді үйретеді.
Адам мінез-құлығын реттегіштердің бірі - жеке тұлғаның құндылықтар
жүйесі болып саналады. Құндылық дегеніміз - құбылыс, идея не институт,
нақты не қиялдағы заттар, бірақ оған қатысты алғанда индивид немесе
әлеуметгік топтар өз өмірінде маңызды деп санайтын құрметке бөленуі тиіс,
ал оған қол жеткізуге ұмтылуды қажет, міндет деп есептеуі керек. Кейбір
топтарда, мысалы, маңызды рольді - ақша, байлық, билік, ал кейбірінде -
идеология, үшіншісінде саясат не ар, абырой, әлеуметтік мәртебе атқаруы
мүмкін.
Құқық социологиясы, жекелей алғанда, құқықтың әлеуметтік
құндылығы, оның қоғамдағы мәртебесі мәселесімен айналысады. Жеке
тұлғаның құндылық жүйесінде құқықтық нормалардың қандай орын
алуына байланысты оның құқықтық мінез-құлығы айқындалады.
Әлеуметтену процесінде кейбір нормалар интериорлануы мүмкін, яғни индивид
норманы сақтау оның құндылығын іштей көз жеткізуінің нәтижесі екенін терең
меңгеруі болуы мүмкін. Бірақ әрдайым бұлай бола бермейді. Кейбір жағдайда
индивидтің мінез -құлығы мүмкін болатын санкциядан қорқуға бейімделуі
мүмкін. Бұл жеке тұлғаның шынайы әлеуметтенбегенін білдіреді.
Құқықтық мінез-құлық - жеке не ұжымдық субьектілердің санасы мен еркіне
бағынатын, құқық нормаларында қарастырылған және заңды нәтижесі болатын
әлеуметгік маңызы бар мінез-құлығы. Бұл анықтама жоғарыда келтірілген бүкіл
белгілерді қамтиды және сол арқылы құқықтық мінез-құлықты әлеуметтік мінез-
құлықтың өзге түрлерінен ажыратады.
Тұрмыстағы, жұмыстағы, жеке қарым-қатынастағы мінез-құлық, бұл - заңды
мінез-құлық.
Біздің Конституция бойынша, барлық азаматтар заң мен сот алдында тең.
Бірақ бұл азаматтардың құқықтық әрекеттері, яғни олардың жасаған заңды мәні
бар қылықтарының бәрі бірдей деген сөз емес. Бұл көптеген факторларға:
адамның жасына, олардың әлеуметтік жағдайына; мүдде шеңберіне, обьективті
мүмкіндіктеріне өмір сүру жағдайларына және т.б. байланысты. Мысалы, әp
жастағы азаматтардың құқықтық мінезқұлқы әр түрлі санатқа жататын
тұлғалардың қызметтері сәйкес келмейтіндіктен, әр түрлі болады.
Мысалы, еңбек құқығы 16-19 жастағы не одан жоғарыдағыларға
(зейнеткерлік жасқа дейінгі) тиісті болады. Ал әлеуметтік қамтамасыз ету
жағынан заңды әрекеттер, негізінен, зейнеткер жасындағыларды қамтиды.
Некеге тұруда 20-24 жастағы әйелдер мен еркектер (әйелдердің 52
проценті) белсенділік танытса, одан кейін 20 жасқа дейінгілер (әйелдердің
30 проценті), 25-29 жас (әйелдердің 8 процент) және 30 жастан асқандар
(әйелдердің 10 проценті) тұрады. Ажырасуға келгенде, ол 30-35 жас
аралығында жиірек. Сонымен бірге бала тәрбиесіне байланысты неке-отбасылық
қатынастарға қатысты құқықтық мінез-құлық неғұрлым ұзақ жас кезеңіне сәйкес
келеді (25-45 жас).
Бұдан байқағанымыздай, құқықтық мінез-құлық барлық жас топтарында
болады, бірақ олардың мазмұны әр түрлі. Мұндай көріністер көбінесе құқыққа
қарсы мінез құлықтан көрінеді. Қылмыстық істерді зерттеу нәтижелері мынаны
көрсетті: кәмелетке толмағандардың (14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық социологиясының пәні
Жастар социологиясы
Құқық социологиясының пәні мен әдістемесі
Жастар әлеуметтануы туралы
Адам және саясат туралы
Еңбек социологиясы
Социология пәні
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Пәндер