Қалтай Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

1бөлім. Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылық жолы. (Қалағаң туралы бір үзік сыр) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.11

1.1 Ұлықтауға арналған ұлы достық. ( Қалтай Мұхамеджанов пен Шыңғыс Айтматов арасындағы әдеби байланыс)

2 бөлім. Қ.Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі
2.1. Ш.Айтматовтың көркем тілі және оны қазақ тіліне аударылуы
2.2. Мың бір түннің бір түні (Айуан тілін білетін дихан және балықшы туралы әңгіме хикаялары бойынша)

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.--------------------------- -----------------------------------
-------------3-4

1бөлім. Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылық жолы.
(Қалағаң туралы бір үзік сыр) -----------------------------
----------5-11

1.1. Ұлықтауға арналған ұлы достық.
( Қалтай Мұхамеджанов пен Шыңғыс Айтматов арасындағы әдеби байланыс)---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
12-21

2 бөлім. Қ.Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі

2.1. Ш.Айтматовтың көркем тілі және оны қазақ тіліне аударылуы --------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------22-34

2.2. Мың бір түннің бір түні (Айуан тілін білетін дихан және балықшы
туралы әңгіме хикаялары бойынша)--------------------------- ---------------
---35-48

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- --
--49-50

Пайдаланған әдебиеттер тізімі --------------------------------51- 52

І. Кіріспе.

Аударма - қазақ әдебиетінің төлтума бір саласы. Сол аударма ісімен
айналысып, әдеби қазынамызды ерен молайтуға үлес қосқан аудармашы-драматург
жазушының бірі – Қалтай Мұхамеджанов.
Көркем тіл мен тілдің арасында тартылған берік көпір, ой мен ойды
жалғастырып, сөз бен сөзді сабақтастырып, туыстырып тұрған терең арна,
алтын өзек. Аудармашының міндеті түпнұсқаның тілін түбегейлі білумен
шектелмейді. Ол жазушы ойының арғы аңғарын, сөз қолданыстарының құпия
сырларын, кейіпкерлері жан дүниесінің қатпар-қалтарыстарының сан қырлы
құбылыстарын аудармас бұрын бірнеше қайтара зерттеп, өз жүрегінен өткізе
білуі керек. Аудармашының бұл іске әуес, қабілеті болуы ғана жеткіліксіз,
ол сонымен қатар зерттеуші де болуға да тиіс, ол тарихшының да,
әдебиетшінің де дарынына, парасаттылық, ой жүйріктігі дарынына ие болуға
тиіс. Аудармашының сол шығармада сөз болып отырған елдің тарихын, тұрмыс-
салтын ерекшеліктерін, сөйлеу мәнерін жете білуі және өз алдына.Аудармашы
бүгінгі оқушының ойлы парасатты, білімді, эстетикалық сауаты мол екенін
етен шығармауы тиіс.
Аударма қайткен күнде де оқырманға барлық сыр бояуымен, жанды
образымен, барлық астар ишарасымен, автордың толық стилімен, көркемдік
кестесімен, кемел шеберлігімен, түпнұсқаны жеткізсе құнды болмақ
Көркем әдебиет аудармасы жөнінідегі практиканы дұрыс ұғынып байыптау
үшін аудармашы – Қалтай Мұхамеджановтың жұмысындағы сәтті табыстар мен
сәтсіздіктерін дұрыс бағалай білу керек.
Аударма көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол-сөз, әдебиет,
публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көп
замандарға созылған ұзақ тарихында тіл өзге басқа адамдар қауымын түсіндіру
құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың дәнекері болған.
Аударма өнері – көркем шығармашылықтың түрі және аудармашы да қаламгер
болғандықтан, суреткер сипатын ашатын нәзік сезмталдық, бақылағыштық,
творчестволық фантазия, интуиция, азаматтық өмірбаян, сара парасат,
шеберлік, шабыт сияқты ерекшеліктер аудармашыға тән. Осы ерекшеліктер
Қалтай ағамыздың бойына тән екендгін дәлелдегім келіп отыр.
Жалпы әдебиет тарихына көз жіберсек, өз уақытында шекесі шылқып өмір
сүрген адамдары саусақпен санарлықтай екеніне көз жетеді. Өйткені, оның
Құдай жаратқандағы табиғаты да, азаматтық міндеті де, қоғамдағы кемшілікті
әшекерлеп, адам баласын дұрыс жолға салуға жәрдемдесу ғой. Бұл орайда
Қалтай Мұхамедженов жүрек түбінде жатқан ішкі ниетін алғашқы шығармасынан
аңғартап, өз жолын бөлек бағытта белгілеп алған талант иелерінің санатына
жатады. Ол - өмірдегі келеңсіз, әзжуа құбылыстарды, кісі бойындағы
жарамсыз оспатар жайларды күлкі ету арқылы халқы армандаған биік мұраттарға
бағындыруды алдына мақсат етіп қойып, халық басындағы мұң мұқтажға батыл
кірісудің кілтін таба білген көркем сөз шебері. Соның нәтижеснде де,
сонау жылдар қатерлі саналған көптеген халық басына қордалоланған
мәселелерді баяндаудан, хабарлаудан гөрі оны жинақтап сахнаға шығара алған.

Қалтай Мұхамеджановтың қашанда халық басындағы толғағы жеткен
мәселелерді мәмлеге айналдыру үшін ақ қағазға үңілетін қалам иесі екенін
Құдағи келіпті комедиясынан аңғарамыз.
Драмтург халық басындағы осы батылсысыздықтың орнын толтыру үшін түн
ұйқысын төрт бөліп,шығармасының алтын қазығына айналдырып әлеуметтік
әділетсіздікті әжуа етеді.
Мемелекет ірге тасының беріктігі – адам тәрбиесі, соның ішінде
жастарға білім беріп, сан-салалы маман даярлауға қатысты десек, халықты
тегін оқыту, тегін емдеу сияқты көптеген иглікті мұраттары болғанымен, сол
мұратты жүзеге асыруға келегнде түрлі тосқауыл кемшіліктерге ұшырағаны
белгілі. Осы сырқаттың бірте-бірте асқынып, жазылмас ауруға айналған
шағында көрермендер мен сырласу мұңдасу үшін Қалтай Мұхамедженов бұлынғы
дағдысынша столға отырады. Өзіме де сол керек комедиясымен жоғары оқу
орындарына бала түсірудегі парақорлықтың ел арасында етек жайып біткенін
тағы да келемеж күлкіге айналдырады.
Қалтай Мұхамедженов алғаш қолына қалам ұстаған күннен бастап Алаш
партиясы көсемдерінің қастандықпен жойылуымен бірге халықтың ерксіз бой
тарта бастаған ұлттық сананы қалпына келтіру үшін сонау қылышына қан
тамған қиын заманда қажыр, қайратын сарп еткен қалам иесі. Өйткені,
ұлттық сана оянбаған жерде ұлттық мүдде, тәуелсіздік, экономикалық
дербестік жайында сөз қозғаудың өзі ағаттық. Өйткені, халық басындағы барша
қадір-қасиет, мінез-құлық, тіл мен діл, дәстүр мен діннің бастау алар
жері осы ұлттық сана. Сондықтан да Қалаған Қазақстан тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен кейін де күдікті тұсымызды дөп басып, публицистикалық мақала
жазудан жалықпаған сөз зергері, қоғам қайраткері.
Қалтай Мұхамеджанов комедия, сын – мақалалар жазу мен қатар,
аудармашылық қызметпен де айналысып жүрді. Аударма саласына ерте араласуы
кейінгі уақытта үлкен шығармашылық табысқа жетуіне ықпалын тигізді.
Садриддин Айнидің “Құлдар” романының Қалтай Мұхамеджанов аударған
болатын. Бұл жұмысты ол 1957 жылы бастап, 1958 жылы аяқтады. “Құлдар”
романы қазақ тілінде кітап болып шықты.
Біз Қалтай Мұхамеджановпен Шыңғыс Айтматов арасындағы әдеби
байланыстың негізін ашуға тырыстық. Неге Қалтай Шыңғыстың творчествосына
тереңірек үңіліп, шығармаларын аударды деген мәселеге кеңірек тоқталдық.
Қалтай мен Шыңғыс арасындағы шығармашылық байланыс “ Құс жолы”
повесінің аударылған кезінен басталады.
Әдебиет әлеміндегі көркем аудармалардың әрқайсысының өзіне тән тарихы
мен сыры болады. Қалтайдың “Құс жолы” повесін аударуда драматургтің
алғашында аударма жасаумен тұрақты түрде шұғылданғанының арқасы. Осы
аудармасы арқылы Қалтай ең жақсы аудармашы, жақсы жазушы деген қағиданың
дұрыстығын дәлелдеп шықты. Аудармашылық талант дегеніміз тек қана тіл білу
емес, ол сонымен қатар жазушылық талант.
Егер Қалтай Шыңғыс шығармаларын аудару кезіндегі шын мәніндегі
жазушылық талант көрсете алмаса, онда төл шығарманың түпнұсқадағы көркемдік
сапасы өз дәрежесіне жете алмас еді. Қалай дегенде де Шыңғыс шығармаларын
аудару арқылы Қалтай өзін жазушы ретінде дәлелдейді. Оның бойына біткен осы
жазушылық талант Шыңғыспен достасуына септігін тигізді. Шындығында да,
Шыңғыс Айтматов повестерінің қазақ тілдегі аудармасын қатты ұнатты.
Қазақ аударма ісінің зерттелуіне батыл үлес қосқан Қалтай Мұхамеджанов
– осы уақытқа дейін аударма саласына қосқан үлесі зерттелмеген тұлға
болғандықтан, бір жағынан қиындық туғызғанымен, екінші жағынан жаңа дүние
ашуға деген қызығушылығымды арттырды.
Адам баласына дүниелік алтын қорына жататын көркем шығармалар өз
қалпында, өз бояуында, өз стилінде аударылуы тиісті. Қалтай осы жолмен
аударған.

І. Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылық жолы.
(Қалағаң туралы бір үзік сыр)

Қалтай ағамыз творчестволық қадамын театр сынынан бастаған 1959 жылы
алғаш Бөлтірік бөрік астында пъесасын жазды. Содан кейінгі жылдарда
Құдағи келіпті (1961), Қуырдақ дайын (1964), Жат елде (1967)
пьесалары дүниеге келді.
Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы
Шіркейлі совхозында дүниеге келген Қызылорда Педогогикалық институтында
оқып кейі,н Ташкенттегі Гитистің театртану факультетіне ауысқан. 1950 жыл
ы А.В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнер институтының 3-ші
курсына қабылданып, 1953 жылы бітіріп шықты.
1953-56 жж Қаз ССР Мәдениет министрі 1956-69 жылдар Қазақ әдебиеті
газетінде, журналда Қазақстан Жазушылар Одағында істеген.
Қалтайдың балалық шағы қиыншылықпен өтті. Он жасында әкесі халық
жауы атанып, бейкүнә атылып кетті. Ташкент, Мәскеу жағалап, оқу іздегенде,
алдынан халық жауының баласы деген қара даққа кезігумен болды. Қалтай аш-
жалаңаш елде егін екті, шөп шапты, хат тасыды, мал бақты, ауылдық кеңесте
хатшы, есепші болды. Жоқ-жұқа күй кешіп, Мәскеудің Луначарский атындағы
театр институтын бітіріп, сонда ассистент болып қалды.
С. Шаумаханов: Кейін Алматыға келіп, жеңгеміз Фаридамен бас қосты.
Өміршең дүниелерді осы кезде бірінен соң бірін туындатса да, қасақана
қолдан қойылған кесір кедергілерден құлашын жаза алмай-ақ қойды. Бөлтірік
бөрік астында әрең сахнаға шықты. Жат елдегінің билеті сатылып
қойылғанның өзінде қойғызбады. КГБ-ның тергеуіне түсті 10,59 Біз
періште емеспіз спектаклі 28 жыл тартпада жатты. Не керек, Қалекең аяқтан
шалудың неше атасын көрді. Қалекең тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы ғой.
Осыншама қиындықтар Қалекеңді майыстыра, қайыстыра, сындыра алмады, іштей
егілгенмен езілмеді, мойымады, қайта шындала, шыныға түсті, бәрін де
жеңді. Тарихта Қазақтың қалтайы болып қалды.
Халық жазушысы Қалтай (азан шақырып қойған аты Ғалиолла) атын Қалтай
деп өзгертуінің себебі атеизм, коммунизм зұлматынан қорғанудың,
бүркемелеудің бір амалы еді. Туған ағасы Әбибулланы Әби деп, туған
інісі Ибраһимді Қырғызбек өзгертіп жіберуге мәжбүр болған. Қазақтың
барлық асылдары мен ардақтылардың, жақсылары мен жайсаңдарының туған
елінен, кіндік қаны тамған жерінен, өз атынан, әкесінің, атасының атынан,
әкесінің, атасының атынан, тілінен, ділінен, нанымынан, сенімінен, шынайы
тарихынан бездірген безбүйрек, қатыгез заман-ай. Қалекеңнің тағдыры-
миллиондардың тағдыры.
Қалтайдың әкесі Мұхамеджан – Арқа мен сырға әйгілі оқымысты, ғұлама
Нұрмұхаммед ахунның шәкірті, Бұхарадағы Мир Араб медресесін үздік
бітірген ғұлама ғалым. Халық арасында Қара молда деп аталу себебі ол
кісінің өіңнің қаралығынан емес қара сөзінің ескі түрікше беретін ұлы
деген мағынасына байланысты Мұхамеджан медресені софылық дәрежемен
тамамдаған, сегіз тілде таза сөйлеген, Араб, парсы, шағатай, түрік, өзбек,
түркімен, қырғыз, орыс тілдерін жетік меңгерген тума талант иесі болған,
өте алғыр да зерек, зерделі, шариғатқа терең теолог – ғалым болған кісі.
Құранның аяттарын, пайғамбардың хадистерін жатқа білген дейді.
Зеректігі соншалық, құран аяттарының кітаптың қай бетінде, нешінші
қатарына екеніне дейін есінде көне көздер жыр етіп айтатын.
Бір дерек. 1960 жылы М.Әуезовті Қалтай үйіне қонаққа шақырыпты. Дәм
үстінде әңгімелесіп отырып, Мұхаң Қалтайдан Пайғамбарымыздың нешінші
ұрпағы боласың? 11 – деп сұрапты. Қалтай 49-шы ұрпағымын – деп жауап
беріпті. Сонда ұлы Мұхаң: Шамаң дұрыс, менің Ернарым Мұхаммед
пайғамбарымның 53-ші ұрпағы, өзім 52- ші ұрпағымын деген екен. Мұхаммед
пайғамбарымыздың 28-ші ұрпағы Мақайыл софыдан және Камалатдин шейхіден
екі ұл туады.
Мұхтар Әуезов Камалатдин шейхтан, ал Қалтай Мұхамеджанов Айна софыдан
тарайды. Қалтай Мұхамеджанов –Мұхаммед пайғамбардың, Әзіреті Ғалидің. Ысқақ
баптың, Құл Қожа Ахмед Яссауидің, Күдері ақынның ұрпағы, ұлы Мұхтардың
бауыры, інісі еді. Келтірілген деректің барлығы Қалтайдың текті ұрпақтан
шыққанын дәлелдейді.
Көк тәңірі жарылқап, бойына ерекше қабілет дарытып, қолына қалам
ұстатқан, пешенесіне ел тағдырын ойлауды жазған жандарды өмір сүрген
тарихи ортадан бөле қарау мүмкін емес. Әсіресе, бұл тұрғыдан ХХ-шы ғасырдың
алғашқы жартысында ес біліп, етек жапқан қоғам қайраткерлерімен өнер
адамдарының тағдыр талайы ерекше деуге болады.
1950—ші жылдардың өзінде-ақ ұлттық сананы сақтап қалудың қажеттігін
сезінген саусақпен санарлықтай жазушылардың өртенге шыққан сүйріктей бой
көрсете бастағанын бұл күндерде өткенге ой жүгірткен кісінің байқауы
бәлендей қиын шаруа емес. Олар Әлейхан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет
Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатовпен қатар т.б көптеген
қазақтың марғасқа ұлдарының қастандықпен дәуір сахнасынна ығыстыруымен
бірге қара түнек басқан ұлт санасына қайтадан сәуле түсіруге талпынған
жандар болды. Ал солардың қақ ортасында жұлдыздай жарқырап тырнақ алды
туындысы Бөлтірік бөрік астында комедиясымен ана тілінің тағдырына жан
ұшыра дауыс көтерген Қалтай Мұхамеджанов жүргенін уақыт өткен сайын
айқынырақ танимыз.
Жалпы әдебиет тарихына көз жіберсек, өз уақытында шекесі шылқып өмір
сүрген адамдары саусақпен санарлықтай екеніне көз жетеді. Өйткені, оның
Құдай жаратқандағы табиғаты да, азаматтық міндеті де, қоғамдағы кемшілікті
әшекерлеп, адам баласын дұрыс жолға салуға жәрдемдесу ғой. Бұл орайда
Қалтай Мұхамеджанов жүрек түбінде жатқан ішкі ниетін алғашқы шығармасынан
аңғартып, өз жолын бөлек бағытта белгілеп алған талант иелерінің санатына
жатады. Ол - өмірдегі келеңсіз, әзжуа құбылыстарды, кісі бойындағы
жарамсыз жайларды күлкі ету арқылы халқы армандаған биік мұраттарға
бағындыруды алдына мақсат етіп қойып, халық басындағы мұң мұқтажға батыл
кірісудің кілтін таба білген көркем сөз шебері. Соның нәтижеснде де,
сонау жылдар қатерлі саналған көптеген халық басына қордаланған мәселелерді
баяндаудан, хабарлаудан гөрі оны жинақтап сахнаға шығара алған.
Қалтай Мұхамеджановтың қашанда халық басындағы толғағы жеткен
мәселелерді мәмлеге айналдыру үшін ақ қағазға үңілетін қалам иесі екенін
Құдағи келіпті комедиясынан аңғарамыз. Әдетте пьесадағы тартыс Сұңғат
пен тұрмыс құрып елге кеткен қызы Марфуғаның шешесі Айшаның қалаға алып
кеткенді төңірегінде өрбитін сияқты көрінгенімен драматург ауыл адамдарының
көкірегін шерлі еткен проблемаға қарай кенеттен жалт бұрылғанын байқауға
болады.
Драмтург халық басындағы осы батылсысыздықтың орнын толтыру үшін түн
ұйқысын төрт бөліп,шығармасының алтын қазығына айналдырып әлеуметтік
әділетсіздікті әжуа етеді. Малшылардың балаларына арнап интернат салу үшін
мектеп оқушылары құйған жетпіс мың кесекке алдымен колхоз бастығы Сәрсеннің
өзіне үй тұрғызғысы келіпқолқалауы, мектеп директоры Кеңестің малшы
балалары жатып оқитын интернат керек деп шырылдауы, соған қарамастан
ақырында кесектің Дауылбай сиыршыға қора соғу үшін берілуі біріншіден, сол
кездегі қазақ халқының мүшкіл халінен хабардар етіп тұрса, екіншіден бодан
елдің кісісінен гөрі малдың қамының жоғары саналатынын айғақтайтын бірден-
бірі дәлел емес пе!
Мемелекет ірге тасының беріктігі – адам тәрбиесі, соның ішінде
жастарға білім беріп, сан-салалы маман даярлауға қатысты десек, халықты
тегін оқыту, тегін емдеу сияқты көптеген иглікті мұраттары болғанымен, сол
мұратты жүзеге асыруға келгенде түрлі тосқауыл кемшіліктерге ұшырағаны
белгілі. Осы сырқаттың бірте-бірте асқынып, жазылмас ауруға айналған
шағында көрермендер мен сырласу мұңдасу үшін Қалтай Мұхамедженов бұрынғы
дағдысынша столға отырады. Өзіме де сол керек комедиясымен жоғары оқу
орындарына бала түсірудегі парақорлықтың ел арасында етек жайып біткенін
тағы да келемеж күлкіге айналдырады.10,29
Қалтай Мұхамедженов алғаш қолына қалам ұстаған күнен бастап Алаш
партиясы көсемдерінің қастандықпен жойылуымен бірге халықтың еріксіз бой
тарта бастаған ұлттық сананы қалпына келтіру үшін сонау қылышына қан
тамған қиын заманда қажыр, қайратын сарп еткен қалам иесі. Өйткені,
ұлттық сана оянбаған жерде ұлттық мүдде, тәуелсіздік, экономикалық
дербестік жайында сөз қозғаудың өзі ағаттық. Өйткені, халық басындағы барша
қадір-қасиет, мінез-құлық, тіл мен діл, дәстүр мен діннің бастау алар
жері осы ұлттық сана. Сондықтан да Қалаған Қазақстан тәуелсіздікке қол
жеткізгеннен кейін де күдікті тұсымызды дөп басып, публицистикалық мақала
жазудан жалықпаған сөз зергері, қоғам қайраткері.
Халықтың көңіл күйін, жазушылық дарынымен зерделеп, жіті түсініп,
ондаған жылдардан бері біріне – бірі ұласып (ашаршылық, қуғын-сүргін,
соғыс) елдің бойын жаздырмай келген уайым-қайғы сейіле бастаған сәтте осы
халқымды бір көңілдендірейін дегендей сол комедияны жазып, жарыққа шығарып
еді. Ол комедия көрермен халықты бір серпілтіп тастаған және ол серпіліс
көп жылдар бойы халық жүрегінде болды.
Сол жылдар Қалекеңнің өткір қалжыңдары Бүйенбайдың айтқандары деген
атпен Қазақ әдебиеті газетінде жарияланып жүрді. Ол қалжыңдарының өзі езу
жидырмай күлдіретін. Қалың жұртшылықты үнемі күлдіре беруге болмайтынын да
дер кезінде түсінген Қалекең 1980 жылдағы Біз періште емеспіз деген
трагедиялық драма жазды. Сонда 1937 жылғы халық жаулары деген жауыздық
жаламен ұсталған ұлы арыстардың жиынтық образы, оларды көрсеткен сол
кездегі қырағы зұлымдардың бүгінгі академик рөліндегі бейнесі суреттелген.
Жиынтық образ Сәкен бейнесінде көрсетілген.
Осындай шығармалардан қолы босамай жатып әлем әдебиетінің әдемі
үлгісі саналатын Мың бір түн хикаясына аударып үлгірді. Арасында басқа да
қаншама қызмет. Оның үстіне жаңа ашылған Түркістан газетінің бас
редакторы, ал газет жұмысының көптігі, жауапкершілігі қандай! 10,67
Қалекеңнің жай адами мінезінің өзі қандай еді. Үнемі жымия күліп
тұратыны, бірден жарасымды басталатын қалжыңы, қандай адаммен болса да
бірқалыпты, өз қатарындай ұнамды сөйлесуі – бәрі-бәрі адамды жақындатып
тұратын еді.
Енді міне, қоғам қайраткері, жазушы – драматург Қалтай Мұхамеджанды
тану кезеңі басталды. Әрине, ғылыми тұрғыдан. Бұл, әсіресе,
әдебиетзерттеушілерінің иығына көбірек түсетін жүк.
Қалағаңда энциклопедиялық білім бар. Бұл жөнінде К. Адырбекұлы:
Қалағаң көп оқитын. Жарықтық мен оқудан жалықпайтын адаммын-
деуші еді. 1 Әлемдік әдебиетті, тарихты, философияны ақтарған жан, әр
алуан діндерге де талдау жасаған. Оған үйіндегі 14700 кітаптан тұратын
қазанаты дәлел. Тек зерттеушілердің ол оқыған кітаптарды оқымай, оның жан
дүниесіне тереңдеп баруы қиын.
Драматургиясы туралы кезінде Правда газетінен бастап, одақтық,
республикалық басылымдарда материалдар жарияланды. Есімдері әлемге мәшһүр
қаламгерлер К.Симонов, Р.Карман, Е.Сурков, А.Анастасьев, М.Әуезов,
Ш.Айтматов, т.б. драмалық туындыларын жоғары бағалаған. Бір өкініштісі
дүние жүзінің көптеген елдері сахналарында қойылған Көктөбедегің
кездесуіне мемлекеттік сыйлық берілмей қалды.
Қалағаңның қысқа әзіл-қалжыңдарының өзі бір төбе. Әрқайсысының
астарында терең мән бар. Олары Ана тілі, Жас Алаш, Түркістан
газеттері мен Парасат, Қазақстан әйелдері басқа да газет-журналдарда
жарияланды. Ел аузында жүргендері қаншама.
Қалағаңның публицистикасы тың тақырып. Оған әзірге қалам тартып,
талдау жасағандар жоқ. Ол Тәуелсіздігіміздің алды мен одан кейінгі уақытта
осы жанрға ден қойып, барын салды. Өндіріп жазып, әлеуметтік құнды ой-
пікірлерін ортаға салды. Ел тұтқасын ұстағандарға ақсақалдық кеңесін берді.
Тәуелсіздігіміздің мәнін жұртқа тереңнен түсіндірді. Ана тііліміздің
тағдырына араша түсіп, жан дауысымен қорғады. Ұлттың бірлігін, ынтымағын
ойлады.
Халқы сүйген Қалағаң құрметтен кенде де болған жоқ. Қызылорда
қаласындағы оның атында гимназия мектебі және сонда Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров
үшеуіне арнап орнатылған ескерткіші тұр. Алматыда бұрын өзі тұрған үйдің
қабырғасына тақтасы ілінді. Екі сериялы деректі фильм жарық көрді. Енді
міне, осы қаладағы жаңа көшелердің біріне Қалағаңның есімі берілмекші.
Иә, Қалтай Мұхамеджанов шын мәніндегі халықтық ұғым мен таным
биігіне көтерілген суреткер еді. Ол өзінің ұлт пен ұрпақтар қажетіне қызмет
етер өміршең туындыларында адам ойы мен санасының қиял жете бермес
қатпарларын, мәңгілік сипаттарын қалай шебер өрнектесе, оқырманның
арқасында драматург есімі әлемнің түкпір-түкпірін еркін шарлап, пьесалары
көптеген тілге аударылып, ондаған әлем театрларында қойылды. Көзі тірісінде
аты аңызға айналды...
Ұлты бөлек, тілі басқа екі ел жазушыларының бірігіп көкем
шығарма жазуы сирек кездесетін құбылыс.Осы орайға байланысты Шыңғыс
Айтаматовтың Менің Қалтай досым атты мақаласын мысал атап өтуді жөн
көрдік.
Творчестволық достық дейтіннің өзі тағдырдың таңдап берер ғажап бір
сыйы ғой.Қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджанов екеуміз көп жылдан бері
осындай достық дәнекерімен жалғасқанбыз.Не жазып, не қойсам да оның зейін
қойып оқып шығарына,зерделеп, бағасын береріне сенімім кәміл.Сондықтан көп
уақыт өтпей –ақ телефон соғып па,әлде хат жазып па, немесе жүздесе қалсақ
,ауызекі түрде ме,ол менің туындым-көркем шығармам яки публицистикам
жайындағы өз ойын айтады.Мен де,өз тарапымнан,оны хас шебер деп
бағалаймын.Өйткені әдебиеттегі қияметтің қиын жанры –дрматургияның күрмеуі
көп күрделілігін жан-тәніммен жақын сезінемін.
Біздің елде жақсы жазушы көп.Әйтсе де жазу –сызудың ауқымдық
жинақтаушылық тәсілін,прозаиктің қалт етпес дәлдігін,ақынның
әсершілдігін,философтың сарабдалдығын қатар меңгерген және-мұның сыртында-
артистік іштей түлеу қабілеғтін дарытқан адам ғана пьеса жасай
алады.Сондықтан да бізде нағыз дрматургтер тым аз,ал мен Қалтай
Мұхамеджанов досымды,сондай дегдарлар санатына қосамын.
Екеуміз бірігіп Көктөбедегі кездесу дейтін пьеса жазған
едік.Қазір ол дүние жүзінің елінде жүріп жатыр,көпшілік көрерменнің
ілтипатына бөленген. Мұнда материалды дәл түзіп, орналастыра алатын,
сюжеттің қозғаушы тетіктерін таба білетін Қалтайдай хас шебердің даусыз
үлесі бар.
Майдан кешкен, азамат боп қалыптасқан, бірақ өз жолдасымның
алдындағы ортақ айыптан арыла алмаған тұрғыластарым жайында шиеленіскен
повесть жазсам дейтін ой көптен көкейімде жүретін. Сөйте тұра, осыдан бір
пьеса шығар еді-ау деп өзім біртүрлі іштей ширығып та жүрщдім, оның үстіне
Москваның Современник театры бұл ойымды мақұлдап, осыны жазсаңшы деп қыр
соңыма түскеніне бірталай болған. Бұрын пьеса жазып көрмеген басым, мұндай
шаруаны бір өзім қолға алуға жүрексіне бердім. Телавтор жөніндегі идея
осылай туды да. Алматыдағы бір ұшырасу кезінде ойланып көрші деп өз
сюжетімді Қалтайға айттым,
Бұл бір тамаша кеш болып еді. Біз Алматының көшелерін
кезіп,әңгімелесіп,пікірлесіп,даулас ып көп жүрдік.Мен көкейдегімнің бәрі
прозалық шығармада қалай іске асатынын жақсы білетін ем.Мұнда,қажет
болса,жазушы қисынын келтіре беруге ерікті,мұның әр алуан тәсілдері мен
айшықты амалдары оның өз қолында.Ал пьесаның бұлжымас қаңқасы болуы
керек,онда бәрі жалаң, бәрі ашық. Бұл жерде кейіпкерлерді біріктіріп, басын
қосатын, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін неғұрлым түптен тартып, айқын
көрсететін ерекше бір амал табу керек екенін екеуміз де түсіндік. Биік
парасат тұрғысындағңы персонаж - әрі даугер, әрі дос, әділ қазы керек еді.
Міне, осындай персонажды – біздің кейіпкерлерлерімізді өсіріп,
тәрбиеленген бұрынғы мұғалім, жаны ізгі кейуана Айша апаны тапқан дәл сол,
драматург Қалтай Мұхамеджанов болды. Сол-ақ екен, бәрі орны-орнын тауып,
құлпырып ойнап шыға келді. Қалтай пьесаның алғашқы қазақша нұсқасын жазды,
ал мен оны орысшаға аудардым.
Содан бері талай уақыт өтті, Бірақ мен сол бір творчестваоық шат
күндерді – драманың әрбір сәтін, әр нақышын, әр бұлтарысын таразылай
талдаған, қызығы мен қиыны бірдей жұмыс күндерін жиі еске аламын. Шіркін,
сондай бір жұмыс тағы болсашы - депа қазір иара-тұра ойлап қоятыным бар
Мен драматургия айрықша ойлау тәсілін, айрықша шеберлікті қалайтынын ұқтым.
Әдеби материалдан спекиакльдің премьерасына дейінгі соқтықпалы жолдан
өткенде тағы бір ұққан маңызды нәрсем: драматургтің кәсіби білігімен қоса
ғаламат шыдамдылығы, актерлер, режиссерлер коллективімен және театрдың
басқа да қызметкерлерімен жарасып, тіл табыса білу қабілеті болуы керек
екен. Тек сонда ғана жолың болып, ісің оңғарылады екен. Осындай тәлімі үшін
Қалтайға мың да бір рақмет; біздің ынтымағымыз маған өте-мөте мәінді терең
мағыналы болды.
Қалтай Мұхамеджановтың пьесаларыф бойынша көптеген спектакль қойылды.
Қазір ол – творчестволық қуаты толысқан, әйгілі драматург. Бірде ол маған
әрі қызық, тіпті жауапты сияқтанып көрінді: жарты әлемді жаулап алған
жаһангердің тағдыры... Құдірет те, күш те бір басына жетерлік... Ал, ақыры
қандай? Менің пайымдауымша,ғ болашақ шығармадағы ойдың түп қазығы мынаған
саяды: соғыс, зорлық-зомбылық жаулаушының өзін де, оның серіктерін де
ешқашан ұшпаққа шығармайды, өйткені ол адамға да, қоғамға да, халыққа да
өте-мөте жат. Барлық халықтарға жат. Бұл мені қатты толғандырады. Осы
пьесасына Қалтай қаншалықты жүрек тебіренісін, парасаты мен дарынын аямай
жұмсауы керектігін, бұған қаншама көңіл қойып, табан аудармай мұқият жұмыс
істеуіне тура келетінін мен шамалаймын. Алайда, менің ойымша, Қалтай
Мұхамеджанов – қалыптасқан үлкен суреткер. Сондықтан бұл оның қолынан
келеді.4,6-9

Қазақтың дара Қалтайы

Күшің жоқ кезде тісің жоқ, тісің жоқ кезде ісің жоқ,
Жолыққан сайын күлуші ең:
Бармысың, жолбарысым! деп.

Бармын мен, аға, - дейтінмін, - тәттінің көрдік өтімін,
Жаламай жүрсің жолбарыс,қант жаққан билік етегін!
Жарайсың,- деуші ең тағы да,- даңқ кімнің қонса, шашына
Өзгеден жақын көрініп,шаштараз жетер қасына..
Әр сөзің мірдің оғындай,күлкіден күмбез тұрғыздың,
Өмірде қанша түнерген Құлмахандарды күлгіздің?!
Әлемнің ойшыл қауымын айналу үшін досыңа,
Шыңғыспен бірге шырқадың Фудзияма таудың басында...

Бұл өмір кімнен өтпеген түлкідей қызыл алтайы,
Пейіште нұрың шалқысын, қазақтың дара Қалтайы!

Мұхтар Шаханов

2.1 Ұлықтауға арналған ұлы достық.
( Қалтай мен Шыңғыс арасындағы әдеби байланыс)

Әдебиет әлемінде бір жазушы мен екінші жазушының арасындағы
шығармашылық байланыстың болуы қалыптасқан дәстүр. Туған әдебиетіміздегі
екі жазушының бірігіп туынды жасауы М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә.Әбішовтерден
қалған үлгі. Әрі бұл жақсы жеміс берген тәжірбие. Сол тәжірбие отызыншы-
елуінші жылдардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін созылып келеді. Екі
қаламгердің өзара одақтастығының жақсы нәтиже беретінін орыс әдебиетіндегі
Ильин мен Петров бірлесіп жазған повесть. Тіпті әлемдік әдебиеттегі
Бальзак, Шекспир, Барнард Шоу тағы басқалардың арасындағы шығармашылық
одақтастық бұл күнде бүкіл дүниежүзілік тәлім- тәрбие арнасын тартып отыр.
Ал енді ұлты бөлек, екі жазушының бірігіп көркем шығарма жазуы сирек
кездесетін құбылыс. Бұл ретте қазақ әдебиетінде М.Әуезов, орыс жазушысы Л.
Соболевпен бірігіп, Абай трагедиясын жазуы арқылы игілікті дәстүрге есік
ашты. Бірақ, одан кейінгі уақытта біраз жылдарға дейін аталмыш дәстүр
жалғасын таппай келді. Тек жетпісінші жылдары Қ. Мұхамеджанов пен Ш.
Айтматов Көктөбеде кездесу пьесасын жазған кезде ғана көрермендер
жоғалғаны табылғандай күй кешті. Ал, енді жазушылардың бір-бірімен
одақтастыққа баруының басты себебі неде? Оларды идеялық бірлікке шақыратын
қандай шығармашылық күш. Бұндай сұрақтарға жауап беру сырттай қарағанда аса
қиын шаруа болмауы да мүмкін. Тіпті жазушылар арасындағы шығармашылық
одақтастықтың құпия сырын ашудың әдебиет тану саласына қажеті бар ма?
Көркемдік сапасаы жоғары, эстетикалық мәні терең шығарманы бірлесіп әкелген
жазушылардың сол шығармаға қайсысының талант қуатының жоғары екенін
анықтаудың екі елдің әдебиетіне де абырой әпермесі анық. Шындығында да
Көктөбедегі кездесуді Қалтай жазды ма, әлде Шыңғыс жазды ма деген сұрақ
туғанда қырғыз оқырманының Шыңғыс, ал қазақ оқырманының Қалтай жазды деп
айтуы әбден мүмкін.Әйтпесе, екі жазушының әлемдік аренадағы атақ, абыройын,
даңқын саралап, тарзылай келіп, мұндай шығарманы Шыңғыс қана жазуы тиіс
қой деп ойлауға қақысы бар. Болмаса әдебиеттегі әрбір жанрдың өзіндік
ерекшекліктерін дұрыс ажырата білетін оқырман драма жазуға Қалтай бейімдеу
ғой - деп жауап беріп жатса оның да әбестігі жоқ.17
Ал, М.Әуезов пен Л.Соболевтің Абай трагедиясын жазуға қайсысы көбірек
еңбек сіңірді деген сауал қойса кез-келген оқырман әлбетте М,Әуезовтің
еңбегі көп деп жауап беруі сөзсіз.Әрі бұл шындыққа соншалықты жанасымды
болып шығар еді. Өйткені, ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, оның
өскен ортасын бәрін-бәрін Соболев Әуезовтен артық білмес. Білмегендіктенде
Абай жайындағы эпопеяны Соболев емес, Әуезов жазды. Сонда екі жазушы не
үшін шығармашылық одақ құрды. Әлде оларды мұндай іске бастаған екеуінің
арасындағы қыл өтпес достық па? Әлде бір-бірінің талант құдіретін
қадірлегендік пе? Әлде жазылуға тиіс шығарманың маңызы мен мәніне деген
жауапкершілік күшін терең сезінгендік пе? Әлде екі жазушының бір-біріне
деген жанашырлығы ма?
Міне. Жауабын күтіп тұрған, осындай бірнеше сауалдар жазушылар
арасындағы одақтастық табиғатын тексеруге бастайды.
Ал енді, Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматов арасындағы шығармашылық
байланыстың себептерін тым әріден бастаған дұрыс. Бұған ең әуелі Әуезов пен
қырғыздың көп ғасырлық оқиғасын құрайтын эпикалық жыры Манас арасындағы,
сондай-ақ М. Әуезов пен Ш. Айтматов арасын байланыстырған оқиғңалардың
әсері тимеді деп айта алмаймыз.18.20. Ол ертеден тегі бір, тілінде де көп
айырмашылық сезілмейтін екі халықтың бір-біріне деген туыстық сезімін
күшейткен оқиғалар еді. Сол оқиғалар қығыздарға М. Әуезовті қырғыз
жазушысындай, ал Ш. Айтматовты қазақ жазушысындай сезіндіре түсті. М.
Әуезвтің Манас жырының қырғыз аузы әдебиетінің еншісіне қалуына
Ш.Айтматовтың Жәмила повесінің тез арада әлем тілдеріне аударылып кетуіне
жасаған ықпалы 1956. Екі халықтың бір-біріне деген құрмет сезімін туғызып
қана қоймай, өзінен кейінгі қазақ жазушыларының Шыңғыс шығармаларын ерекше
құрметтеуге үйретіп кетті. Шыңғыстың орыс тілінде жарық көрген повестерін
ізбе-із қазақ тіліне аударып отырғандығы куә. Жалпы, жұртшылық М. Әуезовтің
Шыңғыстың, Жәмила, повесін 1958 жылы аударып, Лениншіл жас газетіне
жариялағанын біледі. Бір жылдан кейін бұл хикаят қазақ тілінде жеке кітап
болып басылып шықты.
Оы дәстүрдің лезде етек алып кеткенін 1964 жылы шыққан Тау мен дала
атты кітап дәлелдейді. Осы кітапқа енген Шыңғыстың Құс жолы, Алғашқы
мұғалім, Бетпе-бет, Шынарым менің шырайлым менің, Ботагөз секілді
повесть әңгімелерін Қалтай Мұхамеджанов пен Қалжан Нұрмаханов аударған
болатын. Демек, Қалтай мен Шыңғыс арасындағы шығармашылық байланыс Құс
жолы қазақ тіліне аударылған кезінен басталады. Дегенмен, екі ұлттың екі
бірдей жас жазушылары өзді-өзінің басынан өткрген талайының ұқсас екенін
байқаған жоқ. Ол ұқсастық Шыңғыстың Жәмила повесі бүкілодақ жазушылары
мен сыншылары арасында қызу пікір таласын туғызып жатса, Қалтайдың
Бөлтірік бөрік астында комедиясы да бүкіл қазақ студент жастары мен жалпы
көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, турлі дискуссияның өзегіне айналған
еді.
Әдебиет әлеміндегі көркем аудармалардың әрқайсысының өзіне тән тарихы
мен сыры болады. Қалтайдың Құс жолы повесін аударуы да драматургтің
алғашында аударма жасаумен тұрақты түрде шұғылданғандығының арқасы. Осы
аудармасы арқылы Қалтай ең жақсы аудармашы жақсы жазушы деген қағиданың
дұрыстығын дәлелдеп шықты. Аудармашылық талант дегеніміз тек қана тіл білу
емес, ол сонымен қатар жазушылық талант.
Егер Қалтай Құс жолын аудару кезіндегі шын мәніндегі жазушылық
талант көрсете алмаса онда повестің түпнұсқадағы көркемдік сапасы өз
дәрежесінде жетпес еді. Қалай дегенде де осы повесті аудару арқылы Қалтай
өзін жазушы ретінде дәлелдейді. Оның бойына біткен осы жазушылық талант Ш.
Айтматовпен достасуына септігін тигізді.
Шындығында да, Ш. Айтматов Құс жолы повесінің қазақ тіліндегі
аудармасын қатты ұнатты.
Арада он жылдан астам уақыт өттің. Бұл кезде Шыңғыс ондаған повестің,
Қалтай төрт комедиямен екіә драманың авторы болды. Шыңғыс алғашқы
повестеріндегі лиро-романтикалық әуеннен психологиялық драматизмге, ал,
Қалтай комедиядан драмаға бой ұрды. Сөйтіп, екеуініңде суреткерлңк түйсігі
драмадан тоғысты. Бұл олардың жазушылық тағдырындағы екінші ұқсастыққа жол
ашты. Ал үшінші ұқсастық тақырып таңдауларынан көрінді. Мысалы: Шыңғыс Қош
бол, Гүлсарыны 1967 жылы жазса, 13. 179-бет. Қалтай Менің дертім атты
драмалық пьесасын 1961 жылы жазды. Бұл екі пьесада да 1937 жылдың халық
тағдырына әкелген қасіреті астарлы түрде суреттеледі. Шыңғыс бұл мәселені
елуінші жылдардағы адамдар басындағы әлеуметтік тарихи жағдайларды суреттей
отырып, баяндаса, Қалтай тап сол уақыттың шындығын сол күйінде баяндауға
күш салды. Бұл жай ұқсастық емес, бұл қаламгердің дүниетанымындағы,
түсінігіндегі ұқсастық, тағдыр ұқсастығы. Олардың асыра сілтеушілік
тақырыбын қозғауының басты себебі екеуініңде әкесінің сол асыра сілтеу
болмасын, аша тұяқ қалмасын дейтін солақай саясаттың құрбаны болғандығы.
Екеуініңде әкесі репрессия құрбаны болды. Жазушының шығармашылық қиялында,
балалық шақтың сәулесі жататындығы дәлелденген шындық. Қалтайда, Шыңғыста
өмірдің ащы дәмін татқан суреткерлер. Олардың санасында туған әкелерінен
ерте айырған мейірімсіз уақыттың кермек дәмі көбірек сақталған.
Шыңғыс қандайда бір тыйым салынған шындықты астарлап айтудың шебері.
Сол шеберлік Кеңес Одағы әдебиетіндегі айтуға рұқсат етілмеген жабулы
тақырыпты қозғауға мүмкіндік берді. Аталмыш повеске пікір айтқан жазушылар
мен білгір сыншылардың өзі Танабайдың басынан өткерген тағдыры мен
репрессияға ұшыраған адамдардың тағдырындағы ұқсастық туралы ләм деп ауыз
ашпауы – астарлап айтудың қорғампаздығын көрсетеді. Қалтай Біз періште
емеспіз пьесасының идеялық мазмұнына қай кездің, қай дәуірдің оқиғасы өзек
етілгендігін тайға таңба басқандай айқын бейнеленгендіктен цензура қаһарына
бірден ұшырады.
Қос жазушының туындыларына жан-жақты зер салып, үңіле зерттей түссек,
бұдан да басқа ұқсастықтардың бар екенін байқауға болады. Қалтай
Мұхамеджанов Қуырдақ дайын комедиясының ремаркасында: оқиға темір жол
бойындағы мал шаруашылығымен шұғылданатын совхоздарда өтеді. Оқиғаның
басынан аяғына дейін өткен-кеткен поезд қозғалыстары сезіліп отырады. Бұл
үлкен өмір жолындай арқау болуы шарт 17,56 деп жазады. Шығңыс
Айтматовтың Боранды бекет романынан: бұл өлкеде поездар шығыстан батысқа
қарай,батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады 2. 10-бет деген жолдарды
оқисыз. Алғашқы ремаркамен кейінгі ремаркадағы сөйлемдердің мазмұнында да,
мағынасында да алшақтық жоқ. Тіпті, жолма-жол қайталанғандай әсер етеді.
Қалтай секілді Шыңғыс та поезды арлы-берлі жөнелген қозғалысын уақыт
тынысына контраст ретінде алып отыр. Пьесадағы оқиға да, романдағы оқиға да
темір жол бойында өтеді. Романдағы басты кейіпкер Едіге тұратын ауыл
Сарыөзек екенін білеміз. Ал, Қуырдақ дайын комедиясында оқиға өткен
мекеннің аты, нақты аталып айтылмайды. Бірақ, автордың туып өскен ауылы –
Тереңөзек. Сарыөзек, Тереңөзек бір-біріне ұқсас ұғымдар. Роман авторы
өзінің қиялынан шыққан Сарыөзектегі қасірет пен Тереңөзек маңындағы
қасіреттің өзара ұқсастығын оқырмандарға ұқтыруға тырысқан. Мәселе, жердің
атауында емес, мәселе екі жазушының техникалық прогрес дамуының айқын
белгісі бола алатын таңдауында жатыр. Бұл реттен алғанда олардың ойы мен
түсінігі, дүниетанымы бір жерден түйісіп тұр. Ал, уақыт тынысын бейнелеуді
түрлі ойлау тәсілімен жүзеге асырған Қалтай Мұхамеджанов Қуырдақ дайын
пьесасында өткен-кеткен поезд қозғалыстарын техникалық прогрес пен ұлттық
сана аралығындағы алшақтықты бейнелеуді нысанаға ұстаса, Шыңғыс Айтматов ХХ
ғасырдағы өркениеттің жалпы адамзаттық болмысқа тигізген әсерін сипаттауды
авторлық концепция ретінде қолданады. Екі жазушының бір мәселеге екі түрлі
авторлық кеонцепция ұстауынан ойлау тәсілін жанрлық шарттарға бағындыра
білетіндіктерін аңғаруға болады.
Енді Қуырдақ дайын комедиясымен Боранды бекет романының жазылу
мерзімдерінің әртүрлілігіне назар аударып көрейік. Қуырдақ дайын Шыңғыс
роман жанрына қалам тартпаған болаты. Сонда Шыңғыс Қалтайдан үйреніп отыр
ма? Жоқ әлде ол қолданған тәсілді жаңғырта пайдалануды мақсат тұтқандық па?
Бұл жазушылардың дүниетанымындағы ұқсастық.
Ал, қос жазушының техникалық прогрестің ұлттық болмысқа тигізген
әсерін сипаттауға арналған әлгі деталді бірінің ерте, бірінің кеш
қолдануының басты себебі ұлттық интеллектуалді дүниетаным мен жазушы
дүниетанымының өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Алғашқысы тұтас бір
халықтың интелектуалді даму кезеңінде пайда болатыны, ондай промблеманы ең
әуелі ауыз екі сөйлеу пародиясынды көрінетінін Қ.Мұхамеджановтың
комедияларын талдаған уақытта айтылған болатын. Сондықтан, драматургтің
поездың арлы-берлі қозғалысын бейнелейтін деталді Шыңғыстың көп бұрын
қолдануы табиғи заңдылық.Бұның бұлтартпас шындық екеніне ұлттық ой-сана
проблемасының уақытша құбылыс екені дәлел бола алады.
Жазушы дүние танымы-үздіксіз процесс. Ол жазушылық тәжірибемен бірге
толысады.Ш. Айтматов техникалық прогрестің тек ұлтттық болмысты ғана емес,
адамзаттық болмысты өзгертушілік күшінің себеп-салдарын көркем шындыққа
айналдыру үшін дүниетаным деңгейн барынша кеңейтумен бірге жазушылық
тәжірибеден өтуі тиіс еді. Бұның қабатында жазушылық ойлау тәсілін, жазу
стилін қалыптастыру керек-ті.
Көктөбедегі кездесу пьесасы Кеңес Одағы қарауындағы
республикалармен қатар әлемнің көптеген елдерінің сахнасында қойылды.
Спектакельдің Москвадағы Современник театрындағы қойылымы жайында орыстың
көрнекті жазушысы К.Симоновтан бастап Е.Сурков, В.Максимов, Б.Панкина,
М.Левин т.б. театр мамандары мен сыншылар, сондай-ак қазақтың М.Әуезов
атындағы академиялық драма театрының қойылымы жайында белгілі қазақ
қаламгерлері, театр, әдебиет сыншылары. Өз пікірлерін ортаға салып,
драманы құбылыс ретінде бағалады, Спектакль сол кездегі қоғамда орын алған
моральдық әлеуметтік мәселелерге қорықпай, тайсалмай баруымен көпшіліктің
назарын ерекше аударды.
Шындықты шыжғырып айтудың жолы тәжірибелі жазушылар түгілі Шыңғыс
Айтматов даңқы әлемге жойылған жазушылар үшін де оңай болған жоқ.
Көктөбедегі кездесудің сахналық нұсқасы дайын болғаннан кейін, белгісіз
себептермен көрермендеріне жете алмай алты ай жатты. Бұған Ш.Айтматовқа
қазіргі күннің тақырыбына пьеса жазуды тапсырған талантты режиссерлердің
өзі де ықпал жасай алмады. Ақырында Шыңғыс Айтматовтың өзі жарты жылдан
кейін бұрынғы ССРО мәдениет министрі Л.Демичевке кіріп, спектакльдің
қойылуына рұқсат етуін сұраған.
Жалпы Көктөбедегі кездесу драмасының хазылу тарихы қос жазушының
шығармашылық лабораториясының құүпия кілтін ашуға жетелейді. Әрине, біз,
Ш.Айтматовтың қойын дәптерінде пьесаныңғ жазылу тарихы жөнінде не
жазылғанын білмейміз. Бірақ, Қ.Мұхамеджановтың жеке шығармашылық
лабораториясының өзі көп жайтты ұғындырады. Бұл жайында көрнекті драматург
мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен интервьюлерінде шет-
пұшпақтан айтты.\17,156\
Сол қолда бар материалдар Ш.Айтматов пен Қ.Мұхамеджановтың
адамгершілік моральдық тақырыпқа арнап бір драма жазуға іштей дайындық
жасап жүргенін айғақтайды. Оның үстіне Ш.Айтматовтың Қайткенде адам қалады
адам болып деген концепцияның жазушысы екендігі бүкіл оқырман қауым
мойындаған шындық болатын. Осы сауалды пьесаның идеялық мазмұнына сіңіруде
Қ.Мұхамеджановтың да көп үлесі бар.
Екі қаламгерді бір пьесаға түйістірген авторлық концепцияның
үйлесімділігі екендігін шығармашылық лаборатория дәлелдейді. Пьесаны жазу
идеясы 1971 жылдың 3 желтоқсанында Алматыға келген Шыңғыс пен Қалтайдың
ұзақ түн сырласқан әңгімесінен кейін туындаған. Сол қырбық қар жауып тұрған
астананың қолайлы түнінде айтылған, адамгершілік, азаматтық, ел алдындағы
борышты ақтау секілді мәселеге арнап бірігіп, бір нәрсе жазбаққа
бекінеді.19,3 Аталмыш драманың кей тұстарын Шыңғыс пен Қалтай орысша, кей
тұстарын қазақша жазып отырған. Өйткені қырғызшасы Қалтайға, қазақшасы
Шыңғысқа түсінікті болған. Екеуінің бір-бірінің ұлттық тілдерінен
хабардарлығы да жәрдемдескен.
Тақырып табу, тақырып таңдау – күрделі мәселе. Бұл мәселеге аяқ
тірерде әр жазушының арқа тұтар нәрсесі дүниетанымының кеңдігі, өмір
тәжірибесінің молдығы. Драмаға Көктөбедегі кездесу деген тақырып
қойылынғанға дейін авторлардың талант қарымы, дүниетаным дәрежесі қиын
сыннан өтті. Жапониядағы фудзияма туралы аңыздың идеялық мазмұнындағы
күнәдан тазару, арылу туралы ойдың басты нысанаға алынуына бәлкім,
Ш.Айтматов көбірек үлес қосқан шығар. Олай болуы заңды да ғой. Сол жылдары
Ш.Айтматов көрші елдердің мифтік түсініктеріне барлау жасап, оны бүкіл
адамзатқұа ортақ идеялармен қаруландырудың мәселесіне келгенде
әріптестерінен көш ілгері жатқан болатын. Ал Қ.Мұхамеджанов бұдан он шақты
жыл бұрын Көктөбе деген роман жазуға талпынған. Бірақ, оған жоғарыдағыдай
мақсат өзек етілмеген. Қалай десек те, қос қаламгерлердің санасына
Көктөбе ұғымының пьеса жазылмай тұрған уақыттың өзінде сіңе түскені
ақиқат. Драма жазу кезінде сол ұғымының санадағы сілемі қайта жаңғырып,
мазмұны жағынан мүлдем жаңарып шықты. Қ.Мұхамеджановтың қолымен жазылған
алғашқы нұсқа Фудзиямаға шыққанда деп аталады. Бұл бірігіп пьеса жазу
жөнінде Шыңғыс Айтматовпен келіскеннен кейін қағазға түскен нұсқа.
Аяқталмаған Көктөбе романы атауының пьеса нұсқасына өзгеріспен ауысуы
драматургтің аталмыш ұғымға мүлдем басқа мақсатпен қарағанын көрсетеді.
Кейінгі нұсқа Көктөбедегі кездесу делінеді. Мұнда Қ.Мұхамеджанов
Көктөбе ұғымына қайта оралған Бұл оралыста авторлар алға қойған
мақсаттарын идеялық тұрғыдан жан-жақты айқындап барынша жетілдіре түскен.
Фудзиямға шыққанда нұсқасының драманың идеялық мазмұны тұрғысынан толық
пісіп-жетілмегенін тақырыптың өзі бір айғақтаса, оған қатысушы
кейіпкерлердің кейінгі нұсқада мүлде басқа есіммен аталуы, саны жағынан
ықшамдалуы тағы бір дәлелдейді. Алғашқы нұсқада Айша апай аталмайды. Ендеше
пьеса композициялық тұрғыда бір жүйеге түспеген.
Көктөбеде кездесу пьесасындағы кейіпкерлер саны онға жуықтайды. Жас
шамалары да деңгейлес. Қырықтан асып, елуге жақын қалғандар. Оқиға
Алатаудың баурайындағы Көктөбеде өтеді. Кейіпкерлер бұрыннан дос адамдар,
ескі көз таныстар. Олар Көктөбеде (Фудзиямада) бір түн, бір күн
семьяларымен бас қосады. Отызыншы жылдары интернатта бірге оқыған, аштықты
да, жақсылық-жамандықты да бірге көрген, мейірімсіз соғысқа бірге аттанған
– бесеу. Бүгін Көктөбеде кездесіп отырған олардың арасында тек Сабыр ғана
жоқ. Сабырды бәрі де құрметтейдіә, ол өзі әлі жер басып жүргенімен
араларынан көрінбейді. Бәрі бірдей оны аяушылықпен еске алады, тағдыры
бәрін толғантады. Оның жазықсыздан-жазықсыз сотталып кеткеніне кім кінәлі
екенін ешқайсысы таба алмай пұшайман болады. Сабырдан басқаларының бәрі
өмірден өз орнын тапқандар. 18, 6
Бірі ғылым докторы, бірі артистка, бірі журналист, бірі агроном, бірі
мұғалім. Барлығы Айша алдында бастарынан өткен шындықты ақтара айтуға
талпынады. Өкінішке орай аласапыран күйбең тірліктің тізгінен шыға алмай,
көп жылдар бойы кездеспеген достар тек шындықты айтуға талпынады. Өкінішке
орай аласапыран күйбең тірліктің тізгінен шыға алмай, көп жылдар бойы
кездеспеген достар тек шындықты айтуға бекінгенмен Сабырды ұстап берген
сатқынның кім екенін анықтай алмайды.
Шыңғыс пен Қалтайдың дүниетанымындағы ұқсастықтарын айқындауға
пьесадағы Сабыр образы жан-жақты көмектесе алады. Сабырды оқиғаға тікелей
қатыстырмау, оның пессимистік рухтағы плоэмасын штабтағыларға кімнің
жеткізіп барғанын белгісіз қалдыру – драматургтардың ең үлкен табысы. Кім
тыңшы, кім ашықауыз, кім жансыз деген сұрақтар 1937 жылғы репрессия
зобалаңың бастан өткерген адамдардың, соған қатысты бар ұрпақтың
әрқайсысының көкіректерінен әлі күнге дейін өшкен жоқ. Бұл ұлттық ой-сана
проблемасының логикасыздық (қиынсыздық) өлшеміне бой алдырған халықтардың
ұлттық болмысын әлсірететін сұрақ. Осы сауал әкелерін репрессия жалмаған
Шыңғыс пен Қалтайдың жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатып келгені рас. Осы
бір жан жарасын жазу жоғарыдағы сауалға жауап тапқанда ғана мүмкін болмақ.
Сабырды кеудесінде жанды бар тірі өлік ретінде алғанда қос драматург
талантқа тағзым етпеудің зардабын айтуды ғана діттемеген, ұлттық
психологиядағы қиынсыздық қасіретін көрермендерге бір сәт те болса
ұғындыруға күш салған. Расында да, Сабыр кім? Ол адам ба, әлде аруақ па?
Әрине, ол өмірде бар, бізбен тіршілік кешіп жатқан адам. Онымен бірге
оқыған кластарымен, тіпті оны оқытқан апайымен сахнада бетпе-бет
жүздесеміз. Содан соң Сабырдың тірі жүргеніне сенеміз. 20, 142.
Ия, Сабыр образының символдық та мәні бар. Басқаша айтсақ ол
репрессия құрбаны болған азаматтар әруағының символы. Сабыр ұлттық
психология салдарынан тағдыры тәлкекке ұшыраған халықтың символы. Бұл,
сондай-ақ Кеңес Одағының рухани жарымжандығының символы. Аталмыш
проблемалар төңірегі тұрғысынан ой қозғаған да қос қаламгердің ұқсастығын
анықтайтын уақыт жақындап қалғандай. Оның поэмасы радиодан берілмеген,
газетке жарияланбаған, қойын дәптерінің бетіне ған түскен. Сонда поэманың
идеялық кемшілігін кім айтып барған. Міне, осы айдай ақиқатқа қарсы қарап,
шындықты айтуға келгенде Өсіпбай мен Исабектің, Досбергеннің табаны
тайғанақтай береді.
Драматургтер дүниетанымы мен ойлау жүйесінің бірлігін қамтуда үлкен
роль атқарған образдың бірі – Айша. Пьесаға қатысатын қаһармандарды
анықтауда драматургтерге көп қиындық әкелген де осы Айша. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалтай Мұхамеджанов публицист, драматург, сатирик
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Әңгіме жанры туралы түсінік
Шерменде дәуір шежірешісі
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметі және оның аудармалық ерекшелігі жөнінде
Сатира сипаты және белгілері
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Пәндер