Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама



КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Тыныс алу жүйесі туралы түсінік
1.2. Тыныс алу жүйесінің қалыпты жағдайдағы физиологиялық көрсеткіштері.

ІІ. Тыныс алу мүшелеріне анатомо . гистологиялық сипаттама
2.1.Тыныс алу мүшелерінің аномалиялары
2.2.Сыртқы тыныс қызметін зерттеу

ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Қызылорда қаласы территориясының ауа құрамын ластаушы көздер
3.2 2011 жылғы Қызылорда қаласындағы стационарлық постылардан алынған бақылау бойынша атмосфералық ауаның ластану жағдайы
3.3 Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныс алу жүйесі ауруларының экологиялық жағдайға байланысты динамикасы.

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
Практикалық ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ. Р. Денсаулық сақтау министрлігі

Қызылорда медициналық колледжі

Ғылыми жетекшісі: Б.А. Дүйсенбаева

Орындағандар: Маханова Айнұр
Даникерова Айша
Теменов Дінмұхамед
“Емдеу ісі” бөлімі 38 оқу тобы

Жалпы кәсіптік пәндер әдістемелік бірлестік мәжілісінде бекітілді.
№ 9 хаттама 22 сәуір 2011 жыл

Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аномалиялары

Ж О С П А Р Ы

КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Тыныс алу жүйесі туралы түсінік
1.2. Тыныс алу жүйесінің қалыпты жағдайдағы физиологиялық көрсеткіштері.

ІІ. Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
2.1.Тыныс алу мүшелерінің аномалиялары
2.2.Сыртқы тыныс қызметін зерттеу

ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Қызылорда қаласы территориясының ауа құрамын ластаушы көздер

3.2 2011 жылғы Қызылорда қаласындағы стационарлық постылардан алынған
бақылау бойынша атмосфералық ауаның ластану жағдайы

3.3 Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныс алу жүйесі ауруларының
экологиялық жағдайға байланысты динамикасы.

ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
Практикалық ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ғылыми жұмыстың мақсаты:
Тыныс алу мүшелерінің қалыпты жағдайы мен аномалияларын анықтап,
салыстырмалы сипаттама беру

Мақсатқа байланысты келесі міндеттер қойылды:

1.Тыныс алу жүйесіне жататын мүшелерге сипаттама беру.
2.Тыныс жолдарының аномалиялық жағдайын анықтау.

КІРІСПЕ

Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық
бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде
қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы
бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық
физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы
— өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы —
қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының
деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа
техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі
ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың
көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен
басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір
типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни үшінші табиғатқа айналуына
байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері
артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса
да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына
әкелетінін уақыт ағымы көрсетіп отыр.

1.1.Тыныс алу жүйесі туралы түсінік

Тыныс алу мүшелерінің организм тіршілігінде маңызы зор. Тыныс алу
мүшелері дем алған ауамен бірге өкпе арқылы қанға оттегін жеткізіп, дем
шығарған кезде көмір қышқыл газын шығару үшін қызмет етеді. Сонымен қатар
олар дыбыс шығару, сөйлеу, иіс сезу қызметтерін атқарады. Тыныс алу
жолдарын мына төменде көрсетілген құрлымдарға былайша бөлуге болады.

Тыныс алу жүйесі

Жоғарғы тыныс Төменгі тыныс Газ алмасу
мүшесі
алу жолдары алу жолдары

мұрын қуысы көмей
өкпе
жұтқыншақ кеңірдек
бронхылар және
бронхылар тармағы

Жоғарғы және төменгі ауа жолдарының ерекшелігі – олардың
қабырғаларының қатты тіндерден (сүйек пен шеміршек) құралуында, сол
себепті қабырғалары босаңсымайды да, қысымның оңнан теріске қарай
күрт өзгеруіне қарамастан ауа дем алып, дем шығарғанда еркін
қозғалады.
Мұрын қуысы. Мұрын пердесі арқылы екі симметриялы жарғыға бөлінген,
олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың көмегімен атмосфера
ауасымен, ал арт жағынан хоана тесіктері арқылы жұтқыншақпен, одан әрі
көмекеймен қатынасады. Мұрын қуысы, біріншіден, кірпікшелі эпителиймен
астарланған, оның кірпікшелері тұтас кілемше түзіп, оған шаң-тозаң шөгіп
қалады. Кірпікшелердің толқынды жыбырлауы нәтижесінде шөккен шаң-тозаң
мұрын қуысынан шығарылады. Екіншіден, шырышты қабықшада кілегей бездері
орналасқан, олардың шығаратын секреті шаң-тозаңды орап, оның шығарылуына
жағдай жасайды, ауаны ылғалдандырады. Үшіншіден, шырышты қабықша вена
тамырларына бай, олар төменгі жарғақта және ортаңғы жарғақтың төменгі
жиегінде қалың өрілім түзеді, олар зақымданғанда мұрыннан қан кетеді. Бұл
түзілістердің маңызы мұрын арқылы өтетін ауа ағынын жылытатындығында.
Мұрынның терімен жабылған сүйектері мен шеміршектері сыртқы мұрынды
құрайды. Онда жоғарыда орналасқан мұрын түбірін , төмен қараған мұрын ұшын
және орта сызықта қосылып, алға қараған мұрын қырын түзетін екі бүйір
қабырғасын ажыратады. Мұын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы
және төменгі қауашақтары орналасқан. Осы қауашақтар аралығында бір-бірімен
қатысатын жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары жатады. Төменгі
мұрын жолында мұрын жас каналының өзегі ашылады. Жоғарғы мұрын жолында иіс
сезу жүйкелерінің ұштары: иіс сезу рецепторлары орналасқандықтан, мұрын иіс
сезу анализаторы функциясын да атқарады. Мұрынның төменгі жиектері мұрын
қуысына ауа өткізетін танауларды шектеп тұрады.

Мұрын жанандағы қойнаулар , ауаны желдетуге қосымша тетік қызметін
атқарады, оларда мұрынның шырышты қабығының тікелей жалғасы болып табылатын
шырышты қабығымен астарланған.
1) жоғарғы жақ сүйек қойнауы, қанқаланқан бас сүйектегі кең гаймор
қуысы тесігі кішкене саңылаулан басқа жерде шырышты қабықпен
жабылады:
2) маңдай қойнауы;
3) тұтасай тор сүйекті құрайтын торлы сүйек ұяшықтары;
4) сына тәрізді қойнау;
Тірі адамның мұрын қуысын қарағанда шырышты қабық қызыл түсті. Мұрын
қалқанары, мұрын жолдары, торлы сүйек ұяшықтары әрі маңдай мен жоғарғы
жақсүйек қойнаулары көрінеді. Мұрын қаландары мен мұрын жанындағы
қойнаулары шырышты қабықтың бетін қлғайтады, онымен жанасу жұтатын ауаның
жақсы өң делуін қамтамасыз етеді. Сүйектерден құрылып, гиалинді шеміршектер
мен толыққан мұрын қуысы ауаның еркін айналуына жағдай жасайды.
Жұтылған ауа хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрындық,, онан кейін
ауыздық бөлігіне, одан әрі көмейге келеді.
Көмей ІҮ, Ү және ҮІ мойын омыртқалары деңгейінде дәл тіл асты
сүйегінің астында, мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Көмейдің қалқандық
қыры тері астында білініп жатады. Көмейдің жандарынан мойынның ірі қан
тамырлары өтеді, көмей төменде кеңірдекке айналады.
Көмей тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу
аппаратының да бөлігі болып табылады.
Көмей шеміршектері гиалин және серпімді шеміршектерден тұрады. Оның
тақ шеміршектері: қалқанша шеміршектері, оймақ тәрізді шеміршек, көмекей
қақпақшасы немесе бөбешік шеміршегі. Ал жұп шеміршектеріне ожаау және
мүйізше шеміршектері жатады.
Көмей шеміршектері. Жүзік тәрізді шеміршек. Гиалинді, жүзік пішінді,
артқы жағынан жалпақ табақшадан, және алды мен бүйірлерінен доғадан тұрады.
Табақшаның жиегі мен бүйір бетінде ожау тәрізді және қалқанша
шеміршектерімен қосылуға арналған буын алаңшалары болады.
Қалқанша шеміршек. Көмей шеміршектерінің ең ірісі, гиалинді, алдына
қарай бұрыш жасай тұтасатын екі табақшадан тұрады. Бала мен әйелдерде бұл
табақшалар дөңгелектене қосылады, сондықтан олар ересек еркектердегі сияқты
бұрышты шодыр болмайды. Жоғарғы жиегінде ортаңғы сызық бойында тілік
болады. Әр табақшаның қалыңдаған артқы жиегі, ұзын жоғарғы мүйізге және
қысқа төменгі мүйізге созылады, соңғы мүйіздің ұшында іш жағынан
жүзіктәрізді шеміршекпен буындасуға арналған алаң жатады. Қалқанша
шеміршектің әр табақшасының сыртқы бетінде қиғаш сызық байқалады.
Ожау тәрізді шеміршектердің дауыс байламдары мен бұлшықеттеріне
тікелей қатысы бар. Олардың негіздері жоғарғы жиегінде орналасқан, ал
ұштары жоғары қараған пирамидаларға ұқсайды. Алдыңғы бүйір беті барынша
кең. Негізінде 2 өсінді жатады:
1. алдыңғы өсінді
2. латералды бұлшықеттік өсінді.
Көмей қақпашығы алдында және тікелей тіл негізінен артқа қарай орналасқан
жапырақ пішінді серпімді шеміршек тінді табақша. Ол төмен қарай тарылып,
көмей қақпақшығының сабақшасын түзеді. Қарама-қарсы кеңдей шеті жоғары
қарайды. Көмей жаққа қараған дөңесті-ойысты дорсалды беті, өн бойына
шырышты қабықпен жабылған; төменгі дөңес бөлігі көмей қуысына қарай шығып
тұрады. Тіл жаққа қараған алдыңғы немесе вентралды беті, тек жоғарғы
бөлігінде ғана байламдар бекуден бос болады.
Көмей байламдары. Көмей тіл асты сүйегі мен қалқанша шеміршек арасында
керілген тіласты сүйегіне ілініп тұрған сияқты.
Жүзік тәрізді шеміршек доғасы мен қалқанша шеміршек жиегі арасында
ортаңғы сызық бойымен серпімді талшықтардан тұратын берік байлам созылып
жатады.
1. Қалқанша шеміршектің төменгі мүйіздері мен жүзіктәрізді шеміршек
арасында көлденең айналу білігі бар үйлесімді буын түзіледі. Бұл буында
қалқанша шеміршек алға және артқа қарай қозғалып, ожаутәрізді шеміршектен
алыстап, не оған жақындайды, сол себепті олардың арасында орналасқан дауыс
байламы бірде керіліп бірде босаңсиды.
2. Әрбір ожаутәрізді шеміршек негізі мен жүзіктәрізді шеміршек арасында
вертикалды біліктік жұп жатады, аталған білік бойында ожаутәрізді шеміршек
айналады.
Бұл жерде сырғымалы қозғалыстар – ожаутәрізді шеміршектердің бір-
бірімен жақындасуы және бірінен-бірі алыстауы мүмкін.
Көмей бұлшықеттері көмей шеміршектерін қозғалысқа келтіріп, оның
қуысы мен дауыс байламдары арқылы шектелген дауыс саңылауы еніп, сондай-ақ
дауыс байламдары кернеуін өзгертеді. Сондықтан олар қызметі жағынан мынадай
топтарға бөлінеді: 1) тарылтқыштар (констрикторлар); 2) кеңейткіштер
(дилятаторлар); дауыс байламдарының кернеуін өзгертетін бұлшықеттер.
Кейбір бұлшықеттерді аралас типті болғандықтан ана топқада мына топқа да
жатқызуға болады. Олардың барлығы да көлденен жолақты еркін бұлшықет
тінінен құралған. Бірінше топ бұлшықеттеріне жататындар:
Латералды жүзік тәрізді бұлшықет жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан
басталып, жоғары және кейін қарай өтіп, ожаутәрізді шеміршекке бекиді.
Қалқанша көмей бұлшықеті – шаршы тәрізді бұлшықет. Қалқанша шеміршек
табақшаларының ішкі бетінен басталып, ожаутәрізді шеміршекке бекиді.
Көлденең ожаутәрізді бұлшықет – тақ бұлшықет, ожаутәрізді
шеміршектердің дорсалды ойыс беттерінде жатады. Жиырылған кезде ожаутәрізді
шеміршектерді жақындастырып, дауыс саңылауының артқы бөлігін тарылтады.
Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет – тікелей артында жататын және сүйір бұрыш
жасай бір-бірімен айқасатын жұп бұлшықеттер будасы.
Қалқанша – көмей қақпашығы бұлшықеті. Қалқанша шеміршектің
табақшасының ішкі бетінен басталып, көмей қақпағы жиегіне бекиді.
Көмей қуысы. Көмей кірісі, алдыңғы жағынан көмей қақпағының бос
жиегімен, артынан шырышты қабық қатпарларымен бірге ожаутәрізді шеміршектер
ұштарымен, бүйірлерінен көмей қақпашығы мен ожаутәрізді шеміршектер
арасында керілген шырышты қабық қатпарларымен шектелген. Соңғылардың
бүйірлерінде жұтқыншақ қабырғасының алмұрттәрізді қалта орналасқан. Көмей
қуысы пішіні жағынан құм сағатына ұқсайды – ортаңғы бөлігі қысыңқы, жоғары
және төмен қарай кеңейген. Көмей қуысының жоғарғы кеңейген бөлімі көмей
кіреберісі деп аталады. Көмей қуысының ортаңғы тарылған бөлімі – меншікті
дауыс аппараты өте күрделі құрылған. Ол жоғары және төменгі бөлімдерден
көмейдің бүйір қабырғаларында екі жұп шырышты қабық қатпарымен бөлінген.
Дауыс түзілу дем шығарғанда іске асады. Олардың себебі дауыс
байламдарының тербелісінен болады, олар ауа ағыны әсерімен пассивті
термелмейді. Дауыс байламдары тудыратын дыбыста негізгі үннен басқа
бірқатар қосымша үндер болады. Дегенмен бұл байламдық дыбыс әлі де мүлдем
тірі адам даусына ұқсамайды, дауыс адамға тән тембірді резонаторлар жүйесі
арқылы алады . Табиғат өте үнемді құрлысшы болғандықтан, резонаторлар рөлін
тыныс алу жолының дауыс байламдарын қоршайтын түрлі ауа қуыстары атқарады.
Ең басты резонаторлар – жұтқыншақ пен ауыз құрлысы.
Кеңірдек 16 – 20 жартылай сақиналы шеміршектен тұрады, оның ұзындығы
9-15 см. Кеңірдек көмейдің жалғасы ретінде ҮІ мойын омыртқа тұсынан
көмекейдің оймақ тәрізді шеміршегінен басталып, көкірек қуысымен төмен
түсіп, өңештің алдыңғы жағынан Ү көкірек омыртқа тұсында оң жақ және сол
жақ бронхыларға бөлінеді.
Кеңірдектің топографясы. Мойындық бөлімі жоғары жағынан қалқанша
безбен қамтылып, артқы жағынан өңешке жалғасады, ал бүйір жақтарында жалпы
ұйқы артериялары орналасады. Кеңірдектің өңеш алдында орналасуы оның
алдыңғы ішектің вентралды қабырғасынан дамуына байланысты.
Кеңірдектің құрылысы. Кеңірдек қабырғасы фиброзды, сақиналы
байламдармен қосылған 16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан тұрады;
әрбір сақина шеңбердің 23 бөлігін ғана алып жатады. Кеңірдектің артқы
жарғақты қабырғасы жалпайған және онда көлденең және бойлық, тыныс
алғанда, жөтелгенде және т.б. жағдайларда кеңірдектің белсенді қозғалысын
қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшықет тіні будалары болады. Көмей мен
кеңірдектің шырышты қабығы кірпікшелі эпителимен жабылған және лимфа тіні
мен шырышты бездерге бай.
Бронхтар - оң және сол басты бронхтар тұрған жерден тік бұрыш жасай
шығып, сәйкес өкпенің қақпаларына келеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан
кең. Өйткені оң өкпенің көлемі сол өкпенің көлемінен үлкен. Сонымен қатар
сол жақ бронх оң жақ бронхқа қарағанда екі есе ұзын, оң жақ бронхта 6-8, ал
сол жақ бронхта 9-12 шеміршекті сақина болады. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа
қарағанда тік орналасқан, сөйтіп, кеңірдектің жалғасы сияқты болады. Сол
жақ бронхтың үстінде қолқа доғасы жатады. Бронхтың шырышты қабығының
құрылысы кеңірдектің шырышты қабығының құрылысымен бірдей.
Тірі адамда бронхоскопия кезінде (яғни көмей мен кеңірдек арқылы
бронхоскопты енгізіп, кеңірдек пен бронхтарды қарағанда) шырышты қабық
сұрғылт түсті, шеміршекті сақиналар жақсы көрінеді.
Өкпе – кеуде қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа
бағанасының алдыңғы бетінде, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылып
жататын көкірекаралықпен, бір-бірінен бөлінген өкпе қабында орналасады. Оң
өкпе сол өкпеге қарағанда көлемі (шамамен 10%), әрі біршама қысқа және кең.
Бұл біріншіден, көкеттің оң күмбезінің сол күмбізінен жоғары тұруы
(бауырдың көлемі оң үлесінің әсерінен), екіншіден, жүрек солға ығысыңқарап
орналасып, сол өкпенің енін азайтуына байланысты.
Әрбір өкпе бұрыс конус пішінді, оның төмен қараған негізі және
дөңгелектенген ұшы болады. Ол алдыңғы жағында І қабырғадан 3 – 4 см жоғары
немесе бұғанадан 2 – 3 см жоғары тұрады, артқы жағынан ҮІІ мойын омыртқасы
деңгейіне жетеді. Өкпенің ұшында осы жерден өтетін бұғанаасты артериясы
қысымынан пайда болатын кішкене жүлге байқалады. Өкпенің үш бетін
ажыратады: төменгі беті, жанасып жататын көкеттің жоғарғы бетінің
дөңестігіне сәйкес ойыс келеді, кең қабырғалық беті, аралығында жатқан
қабырғааралық бұлшықеттермен қоса кеуде қуысы қабырғасы құрамына енетін
қабырғалардың ойысына сәйкес дөңес келеді, медиалды беті ойыс, көп жерінде
жүрекқаптың бедерін сақтайды. Ол көкірекаралыққа жанасып алдыңғы бөлікке
және омыртқа бағанасына жанасатын артқы бөлікке бөлінеді. Әрбір өкпенің
медиалды бетінде оның ортасынан жоғары және артқа қарай өкпе қақпасы
орналасады. Ол арқылы бронхтар мен өкпе артериясы (сондай-ақ нервтер)
өкпеге енеді. Ал екі өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады,
барлығы қосылып өкпе түбірін құрайды. Өкпе түбірінде бронх дорсалды
орналасады, өкпе артериясының орналасу қалпы оң және сол жақтарда бірдей
емес. Оң өкпе түбірінде бронхтан төмен, ал сол жағында бронхты қиып өтіп,
одан жоғары жатады. Өкпе веналары екі жағында да өкпе түбіріндегі өкпе
артериясы мен бронхтан төмен орналасқан. Артқы жағында, өкпенің қабырғалық
және медиалды беттерінің бір-біріне ауысатын жерінде үшкір жиек түзілмейді,
әрбір өкпенің дөңгелектелген бөлігі бұл жерде кеуде қуысында омыртқа
бағанасының жанында орналасады.
Өкпенің құрылысы. Бронхтардың тармақталуы. Өкпенің үлестерге бөлінуіне
сәйкес екі басты бронхтардың әрқайсысы өкпе қақпасына келіп, үлестік
бронхтарға бөліне бастайды. Оң жоғарғы үлестік бронх жоғарғы үлес
орталығына бағытталып, өкпе артериясы үстінен өтеді және артерия үстілік
деп аталады. Үлестік бронхтар өкпе затына еніп, өкпенің белгілі бір
бөліктерін – сегменттерін желдететін болғандықтан, сегменттік деп аталатын
ұсақ үшінші бронхтар бөліп шығарады. Сегменттік бронхтар өз кезегінде
дихотомдық жолмен (әқайсы 2 ге) одан да ұсақ 4-ші, 5-ш, т.с.с., шамамен 10-
11 реттік соңғы және тыныс алу бронхшаларына дейін бөлінеді.
Бронхтар қаңқасы өкпенің сырты мен ішінде олардың қабырғаларына
ағзалардың әртүрлі механикалық әсеріне қарай түрліше түзілген: өкпеден тыс
бронхтар қаңқасы шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады, ал өкпе
қақпаларына жақындағанда шеміршекті жартылай сақиналардың арасында
шеміршекті байланыстар пайда болып, олардың қабырғасының құрылысы торға
ұқсайды.
Сегменттік бронхтар мен олардың тармақтарында шеміршектер жартылай
сақиналы пішінін жоғалтып, жекелеген табақшаларға ыдырайды, ал олардың
шамасы бронхтардың ені кішірейген сайын кеми береді; соңғы бронхшаларда
шеміршектер болмайды, оларда шырышты бездер де жоғалады, бірақ кірпікшелі
эпителий қалады.
Бұлшықетті шеміршектерден ішке қарай дөңгеленіп орналасқан бірыңғай
салалы бұлшық талшақтарынан тұрады. Бронхтардың бөлінетін жерлерінде ерекше
дөңгелек бұлшық ет будалары орналасады, олар қайсы бір бронхтарға кіре
берісті кішірейтіп, кейде оларды жауып тастауы мүмкін.
Өкпенің макро- және микроскопиялық құрылысы. Өкпе сегменттері олардың
шетін қалыңдығы 4 см қабатпен алып жататын екінші үлесшелерден тұрады.
Екінші үлесше – диаметрі 1 см жететін өкпе паренхимиясының пирамида пішінді
бөлігі. Ол дәнекер тінді қалқалар арқылы көршілес үлесшелерден бөлінеді.
Үлесше аралық дәнекер тінде веналар мен лимфа капиллярлары торы бар
және ол өкпенің тыныс алу қимылдары кезінде үлесшелердің қозғалмалы болуына
жағдай жасайды. Көп жағдайда онда жұтылған көмірқышқыл тозаңы жиналады да,
соның салдырынан үлесше шекаралары айқын байқалады.
Әрбір үлесшелердің ұшына қабырғаларында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ
(диаметрі 1мм) бронх (орташа 8 реттік) енеді (үлесшелік бронх). Әр өкпедегі
үлесшелік бронхтардың саны 800 ге жетеді, әр бір үлесшелік бронх үлесшенің
ішінде 16-18 жіңішке (диаметрі 0,3-0,5 мм) соңғы бронхшаларға тармақталады,
оларда шеміршектер мен бездер болмайды. Басты бронхтардан бастап соңғы
бронхшаларды қоса барлық бронхтар дем алып, дем шығарғанда ауа ағынын
өткізуге арналған тұтас бронх тармақтарын (бронх ағашын) құрайды; оларда
ауа мен қан арасында тыныстық газ алмасу жүрмейді. Соңғы бронхшалар
дихотомдық жолмен тармақталып, тыныс алу бронхшаларының бірнеше ретіне
бастама береді. Бұлардың айырмашылығы қабарғаларында, өкпе көпіршігінің
немесе альвеолалардың пайда болуында. Әрбір тыныс алу бронхшаларынан тұйық
көпіршіктер қапшаларымен, аяқталатын көпіршіктер жолдары, радиалды шығады.
Олардың әрқайсысының қабырғасын қан капиллярының қалын торы шырмап жатады.
Көпіршіктер қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді.
Тыныс алу бронхшалары, көпіршіктер жолдары мен көпіршіктер қапшалары
көпіршіктермен бірге бірегей көпіршіктер тармақтарын (ағашын) немесе
өкпенің тыныс алу паренхимасын құрайды. Бір соңғы бронхшадан пайда болатын
аталған құрылымдар, оның ацинус, (шоқ), деп аталатын өкпенің қызметтік
анатомиялық бірлігін түзеді.
Соңғы реттік бір тыныс алу бронхшасына жататын көпіршіктер жолдары мен
қапшалар бірінші үлесшені құрайды. Олардың ацинустағы саны 16-ға жуық.
Екі өкпедегі ацинустар саны 30 мыңға, ал көпіршелер (алвеолдар)
мөлшері 300-350 млн. жетеді. Өкпелердің тыныс алу бетінің ауданы дем
шығарғанда 35 м2-ге, ал терең тыныс алғанда 100 м2-ге жетеді, Ацинустар
жиынынан үлесшелер, үлесшелерден – сегменттер, сегменттерден – үлестер, ал
үлестерден тұтас өкпе құралады.
Өкпе және көкірекаралық. Көкірек қуысында мүлде оқашауланған үш
сіңірлі қап болады - әрбір өкпе бөлігі үшін біреуден және ортаңғысы жүрек
үшін. Өкпенің сіңірлі қабығы - өкпеқап деп аталады. Ол екі жапырақшадан
тұрады: висцералды өкпеқап және париеталды, қабырғалық өкпеқап.
Висцералды немесе өкпе өкпеқабы өкпенің өзін жауып, өкпе затымен тығыз
тұтасатындығы соншалық, тінді зақымдамай оны айырып алуға болмайды; ол өкпе
саңылауларына еніп өкпе үлестерін бір-бірінен бөледі.
Қабырғалық өкпеқап, өкпенің сіңірлі қабығының сыртқы жапырақшасы болып
табылады. Қабырғалық өкпеқап сыртқа бетімен кеуде қуысы қабырғаларымен
тұтасады, ал ішкі бетімен тікелей висцералды өкпеқапқа қарайды.
Өкпеқап транссудация (шығару) және резорбция (сіңіру) үрдістерінде аса
маңызды рөл атқарады. Олардың арасындағы қалыпты арақатынас кеуде қуысы
ағзалары ауырған кезде күрт бұзылады.
Микроскопиялық жағынан біртегіс және гистологиялық құрылымы жағынан
ұқсас бола тұра, париеталды және висцералды қабықшалар әр түрлі қызмет
атқарады, бұл, олардың эмбриологиялық шығу тегінің әр түрлі болуына
байланысты. Лимфа тамырларына қарағанда қан тамырлары тым басым болатын
висцералды жапырақша негізінен шығару қызметін атқарады. Қабырғалық
бөлімінде сірлі қуыстардын сіңіріп алатын арнаулы аппараттары бар және
лимфа тамырлары қан тамырлардан басым келетін париеталды жапырақша
ризорбция (сіңіру) қызметін атқарады. Бір-біріне жанаса жатқан париеталды
және висцералды жапырақшалар арасындағы саңылаутәрізді кеңістік өкпеқап
қуысы деп аталады.
Тыныштық жағдайда өкпеқап қуысында 1-2 мл сұйықтық болады, ол
капиллярлық қабықпен өкпеқап жапырақшаларының жанасатын беттерін бөледі.
Осы сұйықтықтың арқасында қарама-қарсы күштердің, кеуде торының
инсператорлық керілуі мен өкпе тінінің серпімді тартылуы әсеріндегі екі бет
ілінісіп ұстасады. Осы екі қарама-қарсы күштің, бір жағынан өкпе тінінің
серпімді керілуі, екінші жағынан кеуде торы қабырғасының созылуы әсерінен
өкпеқап қуысында теріс қысым пайда болады, ол қысым қайсыбір газдың қысымы
емес, аталған күштердің әсерінен туады. Кеуде торын жарып ашқанда өкпеқап
қуысы жасанды үлкейеді, өйткені, атмосфералық қысымның сыртқа және сондай-
ақ ішкі жағынан (бронхтар жағынан да) теңелуіне байланысты өкпе қабысады.
Өкпе және өкпелердің шекаралары. Оң және сол өкпеқап симметриялы емес.
Оң өкпеқап сол жақтағыдан біршама қысқа әрі кең.
Асимметрия қапшықтардың алдыңғы жиектерінің пішіндерінен де байқалады.
Жоғарыда айтылғандай, өкпеқаптың ұштары кеуде торының жоғарғы тесігінен
шығыңқырап, І қабырғаның басына жетеді (бұл нүкте шамамен тірі адамда ұстап
байқалатын ҮІІ мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді) немесе І
қабырғаның алдыңғы ұшынан 3 – 4 см жоғары тұрады. Өкпеқаптың артқы шекарасы
қабырғалық өкпеқаптың көкірекаралық өкпеқапқа ауысуы сызығына сәйкес
тұрақты болады, ол омыртқа бағанасы бойымен созылып, ХІІ қабырғалардың
бастарында аяқталады.
Өкпеқаптың алдыңғы шекарасы екі жағынан да өкпе ұшынан төс-бұғана
буынына өтеді. Одан әрі оң жағында өкпеқаптың жиегі төс-бұғана буынынан төс
тұтқасы мен денесінің қосылатын жеріне жақын ортаңғы сызыққа келіп, одан
тік төмен түсіп, ҮІ – ҮІІ қабырғалар немесе семсертәрізді өсіндінің
деңгейінде оңға бұрылып, оның төменгі шекарасына ауысады. Сол жақта
өкпеқаптың алдыңғы жиегі төс-бұғана буынынан қиғаш және төмен жүріп ортаңғы
сызыққа келеді. ІҮ қабырға деңгейінде ол латералды қисайып, осы жерде
орналасқан жүрекқаптың үшбұрышты бөлігін өкпеқаппен жабусыз қалдырады. Одан
кейін, сол өкпеқаптың шекарасы төс жиегіне параллелді ҮІ қабырға
шеміршегіне дейін келіп, сол жерде латералды қисайып, төменгі шекараға
ауысады.
Өкпе рентгенанатомиясы. Кеуде торын рентген сәулесімен зерттегенде екі
ақшыл өкпе алаңдары айқын көрінеді, солар бойынша өкпенің күйі туралы
қорытынды жасайды, өйткені оларда ауа болуына байланысты рентген сәулесін
оңай өткізеді. Екі өкпе алаңы бір-бірімен ортаңғы көлеңкемен бөлінеді. Бұл
көлеңке өкпе алаңдарының медиалды шекарасын құрайды; жоғарғы және латералды
шекараларын қабырғалар түзеді. Төменгі жағында көкет жатады.
Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында - 21% оттегі, 79% азот, 0,03%
көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы
ауада 16% оттегі, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы
және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының
айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу
диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз,
көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттегі қанға араласады,
ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды
сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттегі эритроциттерге өтеді де,
гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны
артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның
үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа
тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалыстарын
жасайды.

Сурет 1. Тыныс алу мүшелері
1. кеңсірік (concha nasalis superior); 2.танау тесігі (nares) 3.жұмсақ
таңдай (palatum mole); 4.жұтқыншақ (pharynx); 5.көмей (larynx); 6.кеңірдек
(thrachea); 7. бронхылар (bronchus); 8. бронхиола (bronchiolus); 9.көкет
(diaphragma); 10.өкпе (pulmo); 11.қабырға (costa).

1.2. Тыныс алу жүйесінің қалыпты жағдайдағы физиологиялық көрсеткіштері
Тыныс алу негізінен үш кезеңнен тұрады:
1. Сыртқы тыныс алу ( өкпедегі газ алмасу);
2. Газдарды қан құрамында тасымалдау;
3. Ішкі тыныс алу (тіндердегі газ алмасу);
Адам қалыпты жағдайда тыныс алғанда, 500 мл көлемде
атмосфералық ауаны жұтады және шығарады. Бұл ауаның көлемі қалыпты
тыныс ауасы (ҚТА) деп аталады. ҚТА тұтасынан өкпе көпіршігіне
жетпейді, ол 150мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу процесіне
қатыспайды. Сондықтан тыныс жолын толтырған ауаны өлі кеңістік ауасы
деп атайды. Сөйтіп, сырттан келіп түскен ауаның 350 мл ғана өкпеге
жетіп, газ алмасу процесіне қатысады.
Демді әдеттегідей жай ғана ішке тартып қоймай, одан әрі
демді әлі келгенше тереңдете түссе, адам ҚТА-сына қосымша 1500-2000
мл ауаны жұта алады. Осылайша қатты дем алғанда, ҚТА-сына қосымша
жұтылатын ауа көлемін резервтік дем алу ауасы (РДАА) деп атайды.
Сөйтіп, демді қатты ішке тартса, тыныс жолдарын толтырып, өкпеге
жететін ауа мөлшері ҚТА (500 мл) мен РДАА –нан (1500-2000мл) тұрады.
Мұны дем алу мөлшері дейді. Ол 2000-2500 мл-ге тең.
Қалыпты тыныс алу кезінде әдеттегідей дем шығарып, дем
алмастан күшпен дем шығарса, тағы да сыртқа 1000-1500 мл ауа шығаруға
болады. Мұны резервтік дем шығару ауасы (РДША) дейді. Бұл ауа
қалыпты жағдайда өкпеде сақталады. Тек демді қатты шығарғанда,
сыртқа шығады, сондықтан бұл қоймадағы қор ауа деп те аталады.
Сонымен үш түрлі ауа – қалыпты тыныс ауасы, резевтік дем алу ауасы,
резевтік дем шығару ауасы бірігіп, өкпенің тіршілік сыйымдылығын
(ӨТС) құрайды.
ӨТС = ҚТА+РДАА+РДША
ӨТС = 500мл+200мл+1500мл = 4000 мл,
былайша айтқанда, ӨТС дегеніміз – терең дем алып, іле-шала терең дем
шығарған кезде, сыртқа шығатын ауаның көлемі. ӨТС ересек адамдарда
3500-5500 мл-дей. ӨТС адамның жасына, жынысына, бойына, дене
еттерінің (күшіне, ширақтығына) байланысты болады. ӨТС қарт адамдарда
аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қасиеті
төмендейді. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал
жолақ еттері әлсіздеу келеді. Спортшы адамдардың тыныс еттері
ширақ, күштірек келеді. Дем алған кезде, көкірек қаттырақ керіледі,
ӨТС-ы жоғары болады. ӨТС –ғының ауа көлемін спирограммамен өлшеп
немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спиграмма арқылы
табуға болады. Күш салып терең дем алған кезде, 1000-1500мл ауа
сыртқа шықпай, өкпеде қалып қояды. Мұны қалдық ауа (ҚА) дейді.
Қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасы қалыпты дем алып, дем
шығарған кезде, әрдайым өкпеде қалып отырады (өлі туған сәбилердің
өкпесінде сыртқы тыныс алу болмағандықтан , қалдық ауа болмайды,
сондықтан оны суға салса, батып кетеді. ) Мұндай екі түрлі ауаның
қосындысы функциялық қалдық ауа (ФҚА) деп аталады.
ФҚА =ҚА+РДША
Ал қалыпты дем алған кезде, ФҚА қалыпты тыныс ауасымен
ҚТА араласып, әрдайым аздап жаңарып отырады. Демді мейлінше ішке
тартқан кезде, өкпені толтырған ауаның жалпы мөлшері өкпенің
сыйымдылығы ( ӨЖС) деп аталады. ӨЖС өкпенің тіршілік сыйымдылығы
(ӨТС) мен қалдық ауадан (ҚА) тұрады.
ӨЖС = ӨТС+ҚА
Өкпедегі қалдық ауаның мөлшері өкпенің жалпы
сыйымдылығының 20-30 %– іне тең.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығының орташа мөлшері ер адамдарда 3,5-5
л, әйелдерде 2,5-4 л. Тіршілік көрсеткіші ерлерде 65-70 млкг,
әйелдерде 55-60млкг, спортшыларда 80 (70) млкг.
Тыныс алудың жиілігі кеуде клеткасының немесе құрсақ еттерінің бір
минуттегі қозғалу саны бойынша анықталады және организмнің оттегіне
физиологиялық қажеттілігіне тәуелді. Балаларда алмасу процесінің жоғары
болуы нәтижесінде оттегіне қажеттілік ересек адамдармен салыстырғанда,
біраз жоғары. Сондықтан тыныс алу жиілігі оларда жоғары болады. Дене еңбегі
кезінде оттегінің тез жұмсалуы нәтижесінде тыныс алу жиілігі де
жоғарылайды. Баланың жасы неғұрлым жоғары болса, оның тыныс алу жиілігі
соғұрлым сирей түседі. Жаңа туған балада минутына 40-60 рет қозғалыс,
төменгі класс оқушыларында 20-22, 12 жаста – 18, ал жоғары класс
оқушыларында ересек адамдардың мөлшеріне жақындайды, яғни минутына 16 рет.
Тыныс алу жиілігі ұлдарда, қыздарға қарағанда 8 жасқа дейін жоғары
болады, ал жыныстық жетілу кезеңінің басталуына сай қыздарда тыныс алу
жиілігі жас ерекшелікке байланысты. әйелдермен тең жағдайда болатын ер
адамдардың тыныс алуы біршама сирек, ол мүмкін өкпе көлемінің мөлшеріне
байланысты болуы.
Тыныс алу жиілігі ой еңбегі күшейген кезде, эмоцияның күшті өзгеруі
кезінде, жүйке күйзелісі кезінде де өзгеруі ықтимал.
Ұйқы кезінде тыныс алу сирей түседі, себебі организм тыныштық
жағдайда болғандықтан, оның оттегіне мұқтаждығы аз болады. Сөйлеу және
өлең айту кезінде дем алу, дем шығару ұзақтығының көбею есебінен, біраз
сиректеле түседі. Тыныс алу жиілігі мен жүрек жұмысының арасында белгілі
тәуліктің болатыны анықталды. Сөйтіп, балалардың бір рет тыныс алу
кезінде, тамырдың соғуы 3-4 рет үйлесімді келеді, ал ересек адамдарда – 4-5
рет. Бірақ адамның эмоциялық жағдайын ескерген жөн.

Тыныс жиілігі жасқа байланысты сандық көрсеткіштері
Көрсеткіштер Нәресте 1 1-2 3-4 5-6 7-17 Ересек
ТЖ минрет 48-63 50-60 35-40 25-35 23-26 18-20 12-18

Тыныс алудың негізгі функциялық сипаты өкпенің тіршілік сыйымдылығы
ӨТС болып саналады яғни адамның алдын ала терең дем алып, дем шығару
кезіндегі ауаның максималды көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дем алу
көлемінен тұрады. Біркелкі тыныштық жағдайда демді ішке жай тартып сыртқа
шығарса өкпеге дейін кіріп-шығатын ауаның мөлшері адамда 500 мл-дей болады.
Осы жай дем алғанда тыныс ағзаларына еніп қайта шығатын ауаның мөлшерін
қалыпты тыныс ауасы (ҚТА) деп атайды.
Демді әдеттегідей жай ғана тартып қоймай, одан әрі демді әлі
келгенше тереңдете түссе, адам ҚТА-сына қосымша 1500-2000 мл ауаны жұта
алады. Ал максималды дем шығарғаннан кейін де өкпеде ауа қалып қояды, ол
қалдық ауа. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы спирометр құралы арқылы
анықталады.

II.Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама

Өкпе құрылысы кондуктивті, транзиторлы және респираторлы зоналарға
бөлінеді.
Кондуктивті зона анатомиялық жағынан кеңірдек пен ауа тамырлардан
тұрады.
Кондуктивті зонаның барлық бөлімдері сілемейлі, сілемей асты, талшықты
– шеміршекті және сыртқы қабықшалардан құралған. Сілемейлі қабықшаның
құрамына эпителиальды қабат және сілемейлі қабықшаның жеке пластинкасы
кірсе; сілемей асты қабат – талшықты құрылымнан, эластикалық және
коллагенді талшықтар, тегіс бұлшықеттер, ауа тамыр бездерінен, түтікті және
жүйкелі құрылымнан тұрады. Сыртқы қабықша фиброзды талшықты ұлпадан
құралады.
Кеңірдек – цилиндр түтік түріндегі ауа өткізуші орган. Оның ұзындығы
көмекейден бифуркацияға ( негізгі ауа тамырдың тармақтар) дейін 10-13 см .
Кеңірдектің сілемейлі және сілемей асты қабықшалары кондуктивті зона
құрылымына тән, талшықты - шеміршектісі тығыз талшықты дәнекер ұлпаман
байланысқан 16-20 гиалинді жалпақ жарты шеңберден тұрады. Талшықты
шеміршекті қабықшаның артқы бөлігі (мембранознан, жарғақты ) дәнекер
ұлпамен тегіс мускулатурадан құралған.

2.1.Тыныс алу мүшелерінің аномалиялары
Аномалия немесе ақау тыныс алу жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқуы,
ангенатальды және ерте постнатальды периодта пайда болады. Оған
кеңірдектің, бронхтардың, өкпе-бронх тармақтарының, диафрагманың сонымен
қатар өкпе ақаулары жатады.
Кейбір жағдайда тыныс алу жүйесінің ақаулары байқалмайды және
клиникалық көрінісі білінбейді. Сол себепті дәлірек мағлұмат беру қиын.
Тыныс алу жүйесінің ақауларының пайда болу себептері әлі күнге дейін
анықталмаған. Бұл аурудың тууы тұқымқуалаушылыққа апарады және ішкі
органикалық келеңсіз жағдайларынан туады (ананың ағзасына кері әсері,
әсіресе, жүктіліктің алғашқы айлары).
Жарақат немесе жатыр ішілік қан кету ұрықтың қоректенуіне және
дамуына немесе нәрестенің туа біткен аномалиясына әкеп соқтырады. Бұл
жағдайда түрлі зиянды заттар, әсіресе ішімдік қауіпті. Вирустық аурулар
ананың (корь, краснуха, опоясывающий лишай, оспа) әсіресе алғашқы 2 ай
жүктілігінде ақаудың тууына итермелеуі мумкін
Ақаулық аурулардың алдын алу шаралары және патологиялық қабынулардың
пайда болуы бірнеше сатылардын тұрады: жүктілік кезінде жұқпалы аурулардың
болуын ескерту, нәрестенің салқын тиюден және жұқпалы аурулардан сақ болуы.
егер қабыну пайда болған жағдайда – дәрігерге қаралуы және бронхиалдық –
сакациялық әдістер жүргізіледі.

Кеңірдек аномалиялары - агенезия және аплазия Агенезия (кеңірдектің
болмауы) және аплазия (кеңірдек жабық аяқталатын өскін түрінде болады)
жатыр ішілік дамудың бірінші – екінші айларында қалыптасады және ұрық
өміріне сай болмайды. Өте сирек кездеседі және жаңадан туылғандарды тексеру
кезінде анықталады. Сондықтан клиникалық маңызы жоқ.

Туа біткен тарылу-стеноз
Кеңірдектің туа біткен тарылуына (стенозға) гипоплазия, түтік тәрізді
тарылу мен шектеулі аумақтағы стеноз жатады. Кеңірдек гипоплазиясы
бронхоөкпелік аппараттың басқа ақауларымен байланысты және оның жалпы
жетілмеуімен сипатталады. Түтік тәрізді қысылу кезінде кеңірдектің пішіні
мен жарығы өзгереді: жуық бөлімнен қысылу кеңірдек бифуркациясына қарай
үлкейеді, бұл кезде бұның жарығы 1 мм-ге жетуі мүмкін.
Бұл ақау сирек кездеседі, шамамен басқа ақаулардың 0,00013 %-ын
құрайды. Кеңірдек стенозының жиі кездесетін түрі (50 % жағдайда кеңірдектің
туа бітіп тарылуы) оның шектелген бөліктегі қысылуы болып табылады.
Қысылудың созылмалылығы мен пішіні томо– және бронхография нәтижесінде
анықталады.
Кеңірдек қысымының барлық түріне тән клиникалық негізгі сипат – дем
алғандағы және дем шығарғандағы ауыр тыныс, ентігу, цианоз, ерте балалық
шақта кеңірдек стенозы гипоксия мен асфикцияға түсіп стридор түрінде пайда
болады.
Кеңірдектің туа біткен тарылуы шектелген аумақта ота жасау жолымен
залалсыздандырылады. Түтік тәрізді қысым кезінде кеңірдектің жуықтық
кесіндісі оны сөзсіз бифуркация зонасымен байланыстырады. Кеңірдек
гипоплазиясын симптоматиялық жолмен емдейді.

Туа біткен тарылу-стеноз

Туа біткен кеңею
Эластикалық және бұлшықет талшықтарының туа бітіп жетілмеуі
нәтижесінде кеңірдек пен негізгі ауа тамырларының кеңеюін
трахеобронхомегалия немесе трахеобронхомаляция, трахеоэктазия, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Балалардағы жүрек пен тамырлардың ерекшеліктері
Каспий бұзаубас балықтарының (perciformes, gobiidae) асқорыту жүйесінің морфо-функциональді ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Аналық малдарының жыныс органдарының анатомиясы
Егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне жоғары температураның әсері
Паратуберкулез
Өсімдік ұлпасының түрлерінің жіктелуі
Пәндер