Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі



ЖОСПАР:
І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
А) Ж.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары
Б) Шығыс ойшылдарын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымы академик В.В.Бартольдтің еңбектері.
В) Ресей шығыстанушыларының басқа да ірі зерттеулері

ІІІ Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ресей ғалымдарының шығыс ойшылдарын зерттеуі

ЖОСПАР:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім
А) Ж.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы
ғалымдары
Б) Шығыс ойшылдарын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымы академик
В.В.Бартольдтің еңбектері.
В) Ресей шығыстанушыларының басқа да ірі зерттеулері

ІІІ Қорытынды.

Орта Азия мен Қазақстан халқының ежелгі мәдени мұраларын зерттеу ісі ХІХ
ғ. ІІ жартысынан басталған болатын. Прогрессивтік бағыттағы орыс
ғалымдары орта Азия мен Қазақстан халқының тарихын зерттеуге, оған ғылыми
негізде бағалауға ерекше көңіл бөлді. М.: А.А.Бартольд, А.А.Радлов,
Б.В.Григорьев, К.А.Иностранцев және басқа орыстың шығысты зерттеуші
ғалымдары Орта Азияның ежелгі тарихы туралы жазылған ескі араб, парсы,
қытай, армян тілдеріндегі әдебиеттерді тауып зерттеді.
1890 жылы және 1896 жылы В.А.Жуковский ескі Мерв қаласының орнын
қазып зерттеді. В.Л.Вяткин 1903 жылы Ұлықбектің Самарқандтағы
обсерваториясының орнын тапты. Ұлы Октябрь революциясына дейін орта
Азиядағы археологиялық жұмыстардың нәтижесі мардымды болмады. Өйткені
патша өкіметі жылдарында ғана археологтардың ескі Хорезм, көне Үргеніш,
Соғд, Мерв маңайынан тапқан тарихи ескерткіштері Орта Азияның ұмытылған
тарихын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Ғалымдар Г.Г.Григорьев,
Массон, С.Толстов, А.Якубовский, И.Юшкеевич, Я.Гулямов бастаған
археологиялық эксперименттер көптеген жаңа материалдар тапты. А.Ю.
Якубовскийдің айтуына қарағанда Соғдының жоғары мәдениеті, бай бейнелеу
өнері араб шабуылы салдарынан жойылып кетті немесе одан әрі дамымай тоқтап
қалды. Ю.Рушка ІХ-Х ғғ. өз еңбектерін араб тілінде жазған математиктер мен
астрономдарды зерттей келіп, олардың түгелдей дерлік Хорасан, Трансоксания,
Бактрия және Ферғана жерінің тұрғындары екенін атап көрсетеді. Сол сияқты
акдемик В.В.Бартольд: Бағдад қаласында мұсылман елдерінің көптеген
әдебиеттері мен ғалымдары болған. Бірақ олардың басым көпшілігі Таяу Шығыс
және Орта Азиядан еді деп жазды.
Ж.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы
ғалымдары В.В.Бартольд пен Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен
әдебиеттанушы ғалым Е.Э.Бертельс пен А.Н.Самойлович, А.Н.Кононов,Радлов
және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Поэманы ғылыми негізінде
В.В.Радлов 1891-1910 жж. Түп-нұсқаны аудармамен салыстыра отырып, зерттеп
шықты. 1884 ж. Радлов Венадан шығарманың көшірмесін сұрайды. 1890 ж.
Каирлық жазудың нақты мазмұны беріледі. 1897 ж. ғалым өзінің
транскрипциясын жазып және Құдатғу білікті аударуды бастайды. Бірақ дәл
сол жылы каирлық кітапханадан табылған жаңа шығармаға байланысты зерттеу
тоқтатылады. 1897 ж . немістің араб зерттеушісі Эдуард Зохау Радловқа каир
кітапханасының директоры тапқан шағырманың бір бөлігінің көшірмесін
жібереді. Бұл профессор Бернгард Мориц болады. Кітапхананың тәртібі бойынша
Санк-Петербургке шығарманы жіберуге болмады, сондықтан шығарманың
көшірмесін түсіруді Бернгард Мориц ұсынды. 1910 ж. толық зерттеліп болды.
Поэманың кейбір үзінділерін орыс тіліне бірінші рет Малов
аударып шықты.
Малов Жүсіп Баласағұнның Құдатғу білік шығармасын араб
әріптерімен жазып, оны көшіруші үйғыр әріптерімен жазғанына көңіл бөлді.
Негізі шығарманың үш нұсқасы бар; 1) вендік-үйғыр әріптерімен жазылған, 2)
киарлік-каирдегі араб әріптерімен жазылған, 3)намангандық-Ташкентте
сақталған, араб әріптерімен жазылған.
Құтты ілім атты құдатқу біліктің толық кескін орыс
тіліне С.Н.Иванов аударып шықты. А.Н.Кононов пен С.Н.Ивановтың академиялық
етуімен жекелеген бәйіттердің басылымы академиялық дәрежеде жүзеге асты.
1970 ж. Ленинградта Құдатғу білікке арналған IV түркологиялық конференция
өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі
аталынып өтті.
Ж.Баласағұнның Қудатғу білік поэмасы түрік тіліндегі
мұсылман дінін үгіттейтін бірден-бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп
есептейді А.Н.Кононов. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық
элементтер қалыптасқан деп есептейді ол.
А.Н.Кононовтың айтуынша, Ж.Баласағұнның қутатғу білік
поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі
мұсылман идеологиясына негізделген және сол идеологияны уағыздаған
бірінші шығарма. Дастанның идеялық жемісін сипаттаған А.Н.Кононовпен
С.Н.Иванов Ислам элементтеріне қоса сопылық реңктің бой көрсететінін атап
көрсетті. А.Н.Кононов қудатғу білікті Философиялық шығарма дей отырып,
Мұсылман идеологиясына негізделген және сол идеологияны насихаттайтын
түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек деп сипаттайды. Дастан философиялық
негізде нақтылы талдауды талап етеді, көп жағдайда, - деп тұжырымдайды
С.Н.Иванов – олар таза мұсылмандық белгілерді және жалпы мұсылман
дүниетанымындағы сoпылық реңктердің мазмұнын дәл анықтау деп білеміз.
С.Н.Ивановтың аударуымен, академик А.Н.Кононовтың редакциялық
басқаруымен Жүсіп дастанын Әдеби ескерткіштер сериясынан
шығарып,көпшілікке кеңінен таныстырған еғбектерін айрықша бағалаған
жөн.Олардың айтуынша,Жүсіптің филасофиялық ойлары әлі терең ашылмаған,
негізінде ақын философиясы Әл-Фараби әсерінде жан-жақты қарастырылуы тиіс
еді.
Ресей шығыстанушысы академик В.В.Бартольдтың зерттеулері.
Ұйғыр қағанатындағы Қытай жазуларымен және бірнеше Түрік тіліндегі
Орхон әріптерімен жазылған Соғды жазулары Түріктер арасында жаңа алфавиттің
таралуын дәлелдейтін факт болып табылады, (жазу IX ғ. I жартысына
жатады.)Манихейліктер Вавилонннан өздерінің алфавитін алып келді,сонымен
қатар Соғды ұлттық алфавитін қолданды.Соғдылықтар мен Ирандықтардың бұл
алфавитін арабтар ыңыстырды .Мұсылмандардың бұл алфавитті қолданғандығы
белгісіз. Бұл алфавиттің бар екендігі мұсылмандарға белгілі еді. Бұл туралы
автор XIII ғ. Фахр ад-дин Мубарахшах Мервуди де айтады. Ибн Хордатбек
Қытайға баратын жолды жазған ең ежелгі Араб авторының бірі.
4621069-70 ж.ж. Қашғарда Ж.Баласағұнның жергілікті ханға арналған
Түрік тілінде Құдатғу білік дидактикалық поэмасы жазылды. Бақытты
ететін білім немесе Патшаларға сай білім. Билікті көрсету үшін кут
сөзі бақыт поэмада көп қолданды. Ж.Баласағұнның шығармаларында нақты сол
кездің тарихи тұлғаларының аттары берілмеген . Құдатғу білік бізге үш
жазумен келді. Біреуі ұйғыр алфавитімен 1439 ж. Гератта жазылған және екеуі
араб алфавитімен, біреуі Египетте,біреуі Ферғанада табылған. Автор араб
жіне ұйғыр тілдеріндегі әріптерімен қалай жазғандығы туралы әлі күнге дейін
талас сұрақтары туындап отыр. Құдатғу біліктің басын Монғол дәуірінде де
кездестіреміз, Шыңғыс ханның нақыл сөздерінің жинағы осылай аталады. XV ғ.
Ибн Арабшахтың айтуы бойынша құдатғу сөзі монғолдар мен ұйғыр алфавитінде
қолданылды. Бұл сөзді қателесіп Шыңғыс хан шыққан тайпасының атына
жақындастырады. М.Қашқаридің еңбегінен кейін Қарахандар өздерін ұйғырлар
деп атағандығы белгілі болды. Ж.Баласағұнның жазған тілі ұйғыр тілі еді.
Богра ханның Құдатғу білігі ислам дінінің іліміне еніп, ұйғырлар
меңгеріп, ақырында моңғолдарға әсерін тигізуі мүмкін емес еді. М.Қашқаридің
сөздерінен өзінің лингвистикалық еңбегін жазып бастағанан екі жыл бұрын Ж.
Балсағұнның шығармасы жазылғандығын білгендігі білінеді. Мартин Хертман
Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридің еңбектерінің арасында айырмашылық бар
екендігін көрді. Біріншісі –сарай маңындағыларға, екіншісі – халық
поэзиясының салтына көңіл бөлді. М.Қашқари өзінің өлеңдерінің ішінде сарай
маңындағыларға көңіл бөлді. Ж.Баласағұн өзінің дидактикалық мақсаты үшін
халықтық даналықты қолданды. Құдатғу білікте Махмуд Қашқаридің кітабында
келтірілген халықтық даналықтың үлгілері дәл сол сөзбен және ойлармен
білдірілген.
Сарайшықта Жайық сағасының маңында Құдатғу біліктің өлеңдері жазылған
қыш ыдыс табылғандықтан болу керек қазірге дейін белгілі болған
шығармалардың көптігіне қарамастан Құдатғу білік өз заманында әйгілі
болды.Сонымен қатар Түркияда да осындай ескерткіштер табылған.
Әулие Ахмет Иассауй Түркістан қаласында тұрған және 5621166-67 ж.ж.
өлген. Кейбір деректерге қарағанда Ахмет Иассауй Сайрамнан шыққан. Сайрам
Түркістандағы қала емес, қазіргі Шымкент ұаласының шығысына жақын Испиджаб
және Ақ қала атымен белгілі болған қала. Ахмет түріктерден Әке Иассауй
деген ат алғанына қарағанда түріктердің арасында ислам және мұсылман
мистицизмін таратуда елеулі орын алды. Оның Түрік тілдегі мистикалық
рухтағы өлеңдері үлкен әйгілікке ие болды. Қазірдің өзінде Орта Азиялық
халық ақындары оған еліктейді. Өкінішке орай оның өлеңдері сол қалпында
бізге жетпеген. Көптеген көшіріп жазып алушылар түп нұсқасының тілін
өзгертіп,басқа да қоспалар қосқан. А.Иассауйдің өмір баяны бізге аңыз
әңгімелерден белгілі. Сол аңыздарға сүйенсек Ахмет Иассауйдің түрік
ізбасары Арслан-баб немесе Баб-Арслан болған. Арсланның баласы Мансур-Ата
Ахметтің ең бірінші халифі немесе мирасқоры болған. Ахмет өзі Хамаданнан
Түркістанға парсылық мистик Жүсіп Хамаданиге келген үшінші халифі болған.
Жүсіп Хамадани 1140ж. Мерфте өлген, сонда ол мистикалық мектептің басшысы
болған. Ж.Хамадани биографтардың айтуы бойынша түрік тілін білмеген. Бұл
түрік мистицизімінің негізін салушыны оқушыға алуына кедергі
келтірмеді.Жүсіптің екінші халифі 1157 ж. өлген Ахметтің ізбасары Шейх Абу
Мухаммед б. Хусейн ал-Айкади болған. Ал-Айкади туралы оның танысы Сам”ани
мәліметттер береді. Ахмет Иассауйдің діні Сыр-Дария аймағында қатты
сақталған. Оны XIV ғ. Темір салғызған кесенеден көруге болады. Шәкірттері
мен мирасқорлары арасында Ахметтің көптеген мистиктері болды.,соның ішінде
Хорезммен қызметі тығыз байланысты болған Хаким Ата немесе Сулеймен
Бакыргани болған. Ахмет сияқты өлеңдер ретінде емес, Хаким Ата түрік
тілінде проза түрінде мистикалық жинақ қалдырды. XV ғ. Египетте Абу Насыр
Серахсидің шығармасы татар тілінен оңтүстік Түрік тіліне аударылды. Сыр-
Дарияның төменгі ағысында Барчкент қаласында сонымен бірге Барчын және
Барчынлаг атымен белгілі болған қаласында XIII ғ. II жартысында өмір
сүрген ойшыл Факих Хусам ад-дин Хамиди ал-асими Барчынлагидің үш тілде
жазған шығармасы белгілі. Джемал Каршидің айтуы бойынша араб тіліндегі
шығармасы –тілге шешен, парсы тіліндегісі –тапқыр, Түрік тіліндегісі –
шыншыл болды.Бұл мұсылман әдебиетіндегі бірінші араб,парсы,түрік тілдерінің
салыстырылуы болып есептеледі. Джемал Карши 1230 ж. Алмалықтан
шыққан,өмірінің көп бөлігін Кашғарда өткізген. Хусан ад-дин мен 672\1273-74
ж.ж. Барчыгенге барғанда танысқан. Бабур XVI ғ. Басында классик чагатай
ақыны Мир Аль-Шира Невайдың шығармалары сол кезде Ферғанада Андижан
қаласында сөйлеген тілмен жазды деп жорамалдаған. Радлов 1888 ж. Бабурдың
қателескендігін дәлелдегісі келді. Ол чагатай тілі жергілікті қарым-қатынас
тіліне қатысы жоқ деп түсінді. Оның ойынша бұл тілдің пайда болуы Шығыс
мәдениетінің Батысқа әсер етуінен пайда болды.
Джемал ад-дин 1221 ж. Хорезмнен келіп,сол жылдың қараша айында
Үндістанға қашып, 1223 ж. бастап батыс Персияда қызмет істеп 1231 ж.
монғолдармен соғыста қайтыс болды. Мухаммед б. Комс құрастырған түрік тілі
туралы араб тілінде Үлкен кітап шықты. Бұл Мухаммед Қашқаридің
шығармасынан кейінгі түрік тілі туралы бірінші шығарма. Өкінішке орай
Мухаммед б.Кайстың бұл еңбегі бізге дейін жеткен жоқ. Бұл кітаптың бар
екенін біз тек Монғол дәуірінде жазған Джемал ад-дин Ибн Муханның еңбегінен
білеміз. Зафар-наменің үшінші редакциясы 1419 ж. Басталған 1425 ж.
Аяқталған Шереф ад-дин Йездидің шығармасы белгілі.Бұл шығарма XVIII ғ.
Француз тіліне аударылған ескі түрінде берілген. Дүние жүзінің тарихын
Темір басып алғанға дейінгі және Монғол империясының тарихы туралы әлі
күнге дейін ешкім жазған емес. Темір таихына жататын Темірдің немересі
Ескедірге арналған 1412 ж. жазылған жалпы тарихқа жататын аноним еңбегі
жазылған. Бұл жазудың екі түрі сақталған Лондонда және Ленинградта . Шереф
ад-дин сияқты автор Фаресте жазды, бірақ Орта Азияның солтүстік дәстүрлері,
ырымдары мен көзқарастарымен жақсы белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заратуштра және Анахарсис
Орталық Азия ойшылдарының экономикалық ойлары
Ұлт мәселелері Ресей тарихнамасында
Абай шығармаларында адамды зерттеуі
Бейнелеу өнері пәнін оқытудағы интеграциялау мәселелері
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Түркітануға кіріспе
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Пәндер