Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)



КІРІСПЕ
1 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Айналым капиталы түсінігі мен мәні
1.2 Айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері
1.3 Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару
1.4 Отандық жағдайда айналым қаражаттарын басқару ерекшеліктері

2 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (“АСТАНА ТРЭЙД ИНТЕРНЭШНЛ” АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық.экономикалық жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның айналым капиталындағы жоспарлық қажеттілігін анықтау
2.3 Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі элементтерін басқаруын талдау
2.4 Іскерлік белсенділікті бағалау

3 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Айналым капиталын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтері
3.2 Ұсыныстардың экономикалық тиімділігін бағалау
3.3 Айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Кәсіпорынның айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық
экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін
жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі
жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым
қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның
сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға
болады. Айналым қаражаттарын олардың жеткіліксіздігі жағдайында үнемді
қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі
болып табылады.
Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты
Қазақстан халқына Жолдауында: Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік
экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен
жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды
қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу
елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі
ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту деген 1, 5-6 б. Осы орайда
кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың айналым
қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен
тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. Берілген жұмыстың өзектілігі
одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін айналым капиталын
тиімді басқару маңызды қажеттілігіне айналған шағын және орта
кәсіпорындар санының өсуімен анықталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18
ақпандағы Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында атты Жолдауында: Біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның
бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген 2, 3-4
б, осы орайда бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының ажырамас
бөлігі болып табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның
өміршеңдігін сақтап қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық
деңгейде қызмет етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның айналым
капиталының тиімді басқарылуын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Қазақстандық автор Жүйріков К.К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының
өзгерісінің күрделі себептерін, соның ішінде олардың айналым қаражаттарының
жағдайына әсерін анықтау үшін кәсіпорын қызметін сипаттайтын көптеген
көрсеткіштерді зерттеу қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кешенді талдау негізінде кәсіпорынның
айналым қаражаттарын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды
жүзеге асыруға ұсыну.
Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Астана Трэйд Интернэшнл акционерлік қоғамының айналым қаражаттарының
жағдайын және қолдану тиімділігін бағалау;
- Астана Трэйд Интернэшнл акционерлік қоғамының меншікті айналым
қаражаттары мен ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару тиімділігін
бағалау;
- айналым капиталын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтерін
іздестіру.
Зерттеу объектісі – Астана Трэйд Интернэшнл акционерлік қоғамының
айналым қаражаттары.
Зерттеу пәні - кәсіпорынның айналым капиталын басқару.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері
құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық
мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның
айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның
ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.
Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық
есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық
құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент
саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің
нәтижелері кәсіпорынның ағымдық қаржылық қызметінде айналым қаражаттарының
айналымдылығын жылдамдату мақсатымен, қайта айналымға енгізу және жартылай
босап шығу есебінен айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету мақсатымен
қолданылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен
алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні,
әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің
тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың теориялық
негіздері келтірілген; олардың қаржыландару көздері мен нарықтық
экономикадағы ролі көрсетілген, кәсіпорындағы айналым қаражаттарын
ұйымдастыру мәселері және олардың қазіргі қазақстандық жағдайлардағы қызмет
ету ерекшеліктері аталған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі айналым қаражаттарын басқару мен
талдаудың әдістемелік аспектілеріне арналған: қаржылық талдау негізінде
кәсіпорынның айналым қаражаттарына деген жоспарлы қажеттілігі анықталған;
көрсеткіштердің динамикасы бағаланған; іскерлік белсенділік коэффиценттері
анықталып, олардың айналым қаражаттары жағдайына әсері көрсетілген.
Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде кәсіпорынның айналым
қаражаттарын басқару механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар
ойластырылған.

1 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

Айналым капиталы түсінігіне анықтама беріліп, оның құрамы мен құрылымы
ашып көрсетілген, айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері
анықталған. Сонымен қатар біздің отандық жағдайда айналым капиталын басқару
ерекшеліктері көрсетілген.

1.1 Айналым капиталы түсінігі мен мәні

Нарықтық қатынастар жағдайында айналым капиталы ерекше мәнді иеленіп
келеді. Өйткені олар өз құнын жаңа өндірілген өнімге толықтай көшіріп,
капиталдың әр айналымының соңында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып
келетін өндіріс капиталының бір бөлігі болып табылады. Сөйтіп, айналым
капиталы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий болып
саналады.
Айналым капиталы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы
мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды шарттарының
бірі. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа шарттарын
анықтайды. Жоғары инфляция, төлемсіздік және басқа да қолайсыз жағдайлар
кәсіпорындарды айналым капиталына қатысты саясатын өзгертуге, толықтырудың
жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесін зерттеуге
итермелейді.
Өндіріс үздіксіздігін қамтамасыз етуші маңызды шарттардың бірі болып
оның материалдық негізін, яғни өндіріс қаражаттарын үнемі жаңартып отыру
саналады. Ол өз алдына өндіріс қаражаттары қозғалысының үздіксіздігін алдын
ала анықтайды.
Өзінің айналысында айналым қаражаттары ақшалай, өндірістік және тауалы
нысандарға ие болып отырады. Ол айналым қаражаттарының өндірістік
қаражаттар және айналыс қаражаттары болып бөлінуіне сәйкес келеді.
Өндірістік қорлардың материалдық нұсқаушысы болып өндіріс құралдары
табылады. Олар еңбек кұралдары және еңбек заттарына бөлінеді. Дайын өнім
ақшалай қаражаттар мен есептегі қаражаттармен бірігіп айналыс қаражаттарын
құрайды.
Кәсіпорын қорларының айналымы құнның ақшалай нысанын шикізат материал,
отын және басқа да өндіріс құралдарын сатып алуға авансталудан басталады.
Нәтижесінде ақшалай қаражаттар өндіріс қорлары нысанын айналыс сферасынан
өндіріс сферасына өту арқылы қабылдайды. Бұл жағдайда құн шығындалмайды,
тек авансталады, себебі айналыс соңында ол қайтарылады. Бірінші саты
соңында тауарлық айналыс тоқтатылады, бірақ айналым жалғасады.
Айналымның екінші стадиясы өндіріс процесінде жүзеге асырылады.
Жұмысшылар күші жаңа құрылған және орын алмастырылған құнды өзіне
кіргізетін жаңа өнімді дайындайды. Авансталған құн өзінің нысанын өзгертеді
- өндірістіктен тауарлыға өтеді.
Айналымның үшінші сатысында өндірілген дайын өнім өткізіліп, ақшалай
қаражаттар алынады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс
сферасынан айналыс сферасына өтеді. Үзілген тауарлы айналым жалғасады және
құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға өтеді. Өнімнің өндірілуі мен
өткізілуіне жұмсалған ақшалай қаражаттар мен өндірілген өнімді өткізуден
түскен ақшалай қаражаттар арасындағы айырма кәсіпорынның ақшалай жинақтарын
құрайды.
Бір айналымды аяқтап болған соң, айналым қаражаттары жаңа айналымға
түседі, сөйтіп үздіксіз айналым жүзеге асырылады. Айналым қаражаттарының
үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз
етуші негіз болып табылады. Кәсіпорындардың қорлар айналымының анализі мына
жағдайға көз жеткізеді: авансталған құн тек әртүрлі нысандарды қабылдап
қана қоймай, сонымен қатар үнемі осы нысандарда анықталған мөлшерлерде
болады. Басқа сөзбен айтқанда, авансталған құн айналымның әрбір сәтінде
әртүрлі бөліктерімен бір уақытта ақшалай, өндірістік, тауарлы нысандарда
болады. Кәсіпорын қорларының айналымы ақшалай нысандағы авансталған құнның
белгілі бір мөлшерінде ғана жүзеге асырылады. Айналымға түскен авансталған
құн өзінің функционалдық нысандарын өзгерте отырып одан шықпайды. Ақшалай
нысандағы көрсетілген құн кәсіпорынның айналым қаражаты болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде қабылданады. Олар
материалдық құндылықтар болып табылмайды, себебі олардан дайын өнім
өндіруге болмайды. Ал ақшалай нысандағы құн бола отырып, айналым
қаражаттары айналым процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс,
дайын өнім нысандарын қабылдайды. Тауарлы-материалдық қорларға қарағанда
айналым қаражаттары шығындалмайды, жойылмайды, олар авансталады.
Айналым қаражаттарының мәнін ашып зерттеу айналым қорларын және айналыс
қорларын қарастыруды ойластырады. Айналым қаражаттары және айналыс
қаражаттары өзара байланыста болады, бірақ олардың арасында еленерліктей
айырмашылықтар бар. Айналым қаражаттары үнемі кәсіпорын қызметінің барлық
сатыларына қатысады, ал өндірістік қорлар болса шикізаттың, отынның,
негізгі және көмекші материалдардың жаңа партияларымен алмастырылатын
өндірістік процесті өтеді. Өндірістік қорлар айналым қорларының құрамдас
бөлігі бола отырып, өндіріс процесіне өтеді. Дайын өнімге айнала отырып,
кәсіпорыннан шығады. Айналым қаражаттары өндіріс процесінде өз құнын дайын
өнімге бере отырып толығымен тұтынылады. Олардың сомасы айналым
қаражаттарының сомасынан он есе көп болуы мүмкін.
Айналыс процесінде айналым қаражаттары өз құнын айналым қорларында
көрсетеді, сондықтан осы қорлардың арқасында айналым қаражаттары өндіріс
процесіне қатысады, өндіріс шығындарын қалыптастыруға қатысады.
Егер айналым қаражаттары жаңа өнімді қалыптастыруға тікелей немесе жанама
қатысса, онда олар біртіндеп азайып, айналыстың аяғына дейін жойылуы керек
еді.
Айналым қаражаттары тұтыну қоры бола тұра бір ғана нысанда қолданылады,
ол өндірістік нысан. Айналым қаражаттары біртіндеп әртүрлі нысандар
қабылдап қана қоймай, сонымен қатар белгілі бөліктерде осы нысандарда
болады.
Келтірілген жағдайлар айналым қорлары мен айналым қаражаттары айналысын
шектеудің объективті қажеттілігін тудырады.
Айналым қаражаттарын олардың айналыс сатысындағы функционалдық нысаны,
яғни айналыс қорларымен салыстыру келесі нәтижелерге әкеледі. Кәсіпорын
қорларының айналысы өнімнің өткізілу үрдісімен аяқталады. Берілген үрдістің
дұрыс жүзеге асырылуы үшін олар негізгі және айналым қорларымен қатар
айналыс қорларына ие болуы қажет.
Айналыс қорларының айналымы өндірістік айналым қорларының айналымымен
тығыз байланысты және оның жалғасы мен соңы болып табылады. Айналыс жасай
отыра бұл қаражаттар жалпы айналым құрады. Бұл үрдісте еңбек өніміне
көшірілген айналым қорларының құны өндіріс сферасынан айналыс сферасына
көшеді, ал авансталған құн мөлшеріндегі айналыс қорлары құны айналыс
сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Сөйтіп, әртүрлі функционалдық нысаннан
өтіп, бастапқы ақшалай нысанға оралатын авансталған қаражаттардың айналымы
жүзеге асырылады. Айналым қаражаттары айналым жасай отырып, өндіріс
сферасынан айналыс сферасына өтеді.
Айналым қаражаттарын өндірістік айналым және айналыс қорлары запастарына
авансталған ақшалай қаражат ретінде қарастыру бұл категорияның толық
экономикалық мәнін ашпайды. Ол ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасын
аванстаумен қатар бұл запастарға өндіріс үрдісінде өндірілетін қосымша өнім
құны авансталу үрдісі болатынын ескермейді. Сондықтан рентабельді
кәсіпорындарда қорлар айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым
қаражаттары сомасы түскен пайданың белгілі бір сомасына өседі. Рентабельді
емес мағынада ақшалай қаражаттар деп атауға болмайды. Өндірістегі және
айналыстағы қаражаттарды ақшамен шатастыруға болмайды. Жиынтық құн ақша
нысанында авансталады және өндіріс пен айналыс үрдісінен өтіп, қайтадан осы
нысанды иемденеді. Ақшалай қаражаттар қаражаттар қозғалысында делдал болып
табылады. Ақшамен көрсетілген жиынтық құн тек арасында ғана және
бөліктермен нақты ақшаға айналады. Сөйтіп, айналым қаражаттары минималды
қажетті мөлшердегі айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларының
жоспарлы құрылуы мен қолданылуы үшін ақшалай нысандағы авансталатын құн
болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік бағдарлама мен есептесуді
уақтылы жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бірінші суретте (Сурет 1)
кәсіпорынның айналым қаражаттарының схемасы көрсетілген.

Сурет 1. Айналым қаражаттарының схемасы

Кәсіпорынның айналым қаражаттары екі функция атқарады: өндірістік және
есептік. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым қаражаттары
өндірістік айналым қаражаттарына авансталады, өндірістік үрдістің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді және өзінің құнын өндірілген өнімге
көшіреді. Өндірістің аяғында айналым қаражаттары айналыс қорлары түрінде
айналыс сферасына өтеді. Онда олар екінші функциясын атқарады, бұл
функцияның мәні – айналым қаражаттарының тауарлы формадан ақшаға айналуы
және айналыстың аяқталуы. 3, 64-65б
Айналым капиталы компоненттерінің сыныпталуы мынадай белгілері бойынша
жүзеге асырылуы мүмкін:
- ликвидтілік дәрежесі бойынша;
- өндірістегі функционалдық ролі бойынша;
- капиталды орналастыру тәуекелі дәрежесі бойынша;
- қаржыландыру көздері бойынша бойынша.
Айналым капиталының мөлшері тек өндірістік үрдістің қажеттіліктерімен
ғана емес, сонымен қатар кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан
айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады.
Тұрақты айналым капиталы ақшалай қаражаттардың, дебиторлық қарыздардың,
өндірістік қорлардың белгілі бір бөлігі болып табылады. Операциялық цикл
кезінде оларға деген қажеттілік салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл
кәсіпорынның тұрақты қарауындағы уақыттық параметрлермен орташаландырылған
ағымдық активтердің мөлшері. Ауыспалы айналым капиталы категориясы ең ауыр
кезеңдерде немесе сақтандыру қоры ретінде қажет етілетін қосымша ағымдық
активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық қорларға деген
қажеттілік маусымдық өткізу кезіндегі сатудың жоғары деңгейін қадағалап
отырумен байланысты болуы мүмкін.
Айналым капиталын басқарудың мақсаты айналым капиталының көлемі мен
құрылымын, олардың жабылу көздері мен кәсіпорынның тиімді қаржылық және
ұзақ мерзімді өндірістік қызметін қамтамасыз етуге қажетті олардың
арақатынасын анықтау болып табылады. Бұл мақсат стратегиялық сипатқа ие;
ағымдық қызметті басқаруды тиімді ететін мөлшерде айналым капиталын ұстау
да маңызды болып табылады. Осы позиция жағынан алғанда өтімділік
кәсіпорынның маңызды қаржы-шаруашылық сипаттамасы болып табылады, яғни бұл
қысқа мерзімді кредиторлық қарызды уақытылы қайтаруды білдіреді. Айналым
капиталының төмен деңгейінде өндірістік қызмет өзіне сәйкес деңгейінде
болмайды, осыдан мынадай қиыншылықтар тууы мүмкін: өтімділікті жоғалту,
жұмыстағы қайталанып отыратын ақаулар және төмен пайда. Айналым капиталының
кейбір оптималды деңгейінде пайда максималды болады. Айналым капиталының
одан да әрі өсуі кәсіпорынға өз иелігінде мерзімді бос, айналыстағы емес
ағымдық активтерді, сонымен қатар қаржыландырудың артық шығындарын ұстауға
мүмкіндік береді. Бұл пайданың төмендеуіне әкеледі (Сурет 2).

Пайда

Орташа Айналым
капиталы деңгейі

Сурет 2. Айналым капиталы мен пайданың өзара әсері

Кәсіпорын жұмысының жоғары нәтижелігі, бірыңғайлығы оның айналым
қаражаттарымен қажетті деңгейінде қамтамасыз етілуіне байланысты.
Материалдық қорларды сатып алуға авансталған қаражаттардың жеткіліксіздігі
өндірістің қысқартылуына, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкелуі
мүмкін. Мөлшерден тыс қаражаттарды қорларға салу ресурстарды тиімсіз
қолдануға әкеп соқтырады.
Айналым қаражаттары өзіне материалдық және ақшалай ресурстарды кіргізетін
болғандықтан, олардың ұйымдастырылуы мен тиімді қолданылуы материалды
өндіріс үрдісіне ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер етеді. 4, 230б

1.2 Айналым капиталын қалыптастыру мен қаржыландыру көздері

Кәсіпорындардың айналым қаражаттары айналымның барлық сатылары өндірістің
материалдық және ақшалай ресурстарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
есептесулердің өз уақытылығын қамтамасыз етуге, айналым капиталын
пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға, айналым қаражаттарының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Айналым қаражаттарын
қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып бөлінеді. Меншікті
қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды рольді иемденеді.
Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар істі рентабельді
жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке тартылуы үшін
белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік тәуелсіздікке ие болуы
қажет.
Айналым қаражаттарының қалыптасуы кәсіпорынның құрылуы кезінде, дәлірек
айтсақ, жарғылық қорының құрылуы кезінде жүзеге асады. Бұл жағдайда
қалыптасудың көзі ретіде кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық
қаражаттары алынады. Қызмет процесінде айналым қаражаттарының толықтырылу
көзі болып түскен пайда және меншікті қаражаттарға теңестірілген тұрақты
пассивтер табылады. Бұл қаражаттар кәсіпорын иелігінде болмайды, бірақ
үнемі айналыств болады. Бұндай қаражаттар айналыс капиталының минималды
қалдығы сомасының қалыптасу көзі ретінде қолданылады. Оларға мыналарды
жатқызуға болады: кәсіпорын жұмысшыларының айдан айға өтетін минималды
еңбекақы төлемі, шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет және
бюджеттік емес ұйымдар алдындағы минималды қарыздар, кредиторлар
қаражаттар.
Еңбекақы бойынша минималды қарызды есептеген кезде еңбекақыны есептеген
және оны төлеген күндер аралығындағы кезең анықталады. Содан кейін бір
күндік еңбекақы мөлшері анықталып, ол кәсіпорын айналысы есебіндегі
минималды күндер санына көбейтіледі. 5, 800б
Шығындарды және төлемдерді жабуға арналған резервтер құрамында жөндеу
және демалыс күндері үшін төлемдер қоры қалыптасады. Бөлініп отыратын
қаражаттар тең үлестермен ай сайын осы резервтерге түсіп отырады, ол
бухгалтерлік есеп шоттарында өз көрінісін табады. Демалыс күндері үшін
төлемдер қоры резерві жұмысшының демалысқа кеткен күнінен бастап
қолданылады. Демалыс төлемдерін есептеу және төлеу күндерінің арасында
белгілі бір уақыт мерзімі өтетіндіктен мөлшері тұрақты болып табылатын
ақшалай қаражаттар қалдығы қалыптасады. Бұл қалдық келе жатқан кезеңдегі
еңбекақы қоры өсімін есепке ала отырып, минималды қарыз ретінде есептеледі.
Бұл резервті қалыптастыру жөніндегі шешімді кәсіпорын өз бетімен
қабылдайды. Жөндеу қоры да кәсіпорын шешімімен құрылады және негізгі
өндірістік қорларды жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде
қолданылады. Жинақталған қаражаттардың жөндеуге шығындалуына дейін оларды
кәсіпорын айналыс капиталы ретінде қолдануы мүмкін.
Бюджет алдындағы минималды қарыздар есептелу мерзімі олардың төлену
мерзімінен бұрынырақ болатын салық төлемдері бойынша анықталады. Бұл
шаруашылық жүргізуші субъект болып табылатын кәсіпорын салығына, сонымен
қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің бюджетке төлейтін табыс салығына
қатысты.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттардан басқа айналым капиталын
қалыптастыру көзі ретінде кәсіпорынның кредиторлық қарызы да алынуы мүмкін
(кәсіпорынның иелігіндегі емес, бірақ уақытша оның айналысындағы
қаражаттар). Егер тұрақты міндеттемелерді жоспарлауға болатын болса, ал
кредиторлық қарызды есептесулердің ерекшеліктеріне байланысты туындайтын
нормальді және сатып алушылардың есептесу құжаттарының төлену мерзімі
бұзылуы нәтижесінде пайда болатын нормальді емес деп бөлуге болады. Соңғы
айтылған жағдайда жабдықтаушыдан тауар алып, оның құнын уақытында төлемеген
сатып алушы өз иелігіндегі емес қаражаттарды қолданылады.
Айналым капиталын қалыптастырудың басқа да көздері ретінде пайда есебінен
түзілген, уақытша қолданыстағы емес арнайы мақсатта қолданылатын қорлардың
қалдығын атауға болады. Кәсіпорынның айналыс қаражаттарына деген мұқтаждығы
жыл ішінде тұрақты болмайды. Ол әртүрлі факторларға байланысты құбылуы
мүмкін: өндірістің маусымдығы, өткізілген өнім үшін ақшалай қаражаттардың
уақытылы келіп түспеуі, қоймада өткізілмеген дайын өнімнің жинақталуы және
тағы да басқа жағдайлар. Кейбір аталып өткен факторлар өндірістің
айрықшалығына, өнім өткізудің әдісіне, яғни өндірістің қалыпты жағдайларына
және нақты кәсіпорындағы өнім өткізілуінің себептеріне байланысты.
Сондықтан айналым капиталын тек меншікті қаражаттар есебінен қалыптастыру
экономикалық тұрғыдан қарағанда дұрыс емес, себебі бұл кәсіпорынның басқа
шығындарды қаржыландыру мүмкіншілігін төмендетеді.
Айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті төмендету және олардың
тиімді қолданылуын ынталандару үшін қарыз қаражаттарын тарту маңызды болып
табылады. Айналым капиталына деген қосымша қажеттіліктерді
қанағаттандыратын банктердің қысқа мерзімді несиелері қарыз қаражат
көздерінің негізгісі болып табылады. Несиелерді беру кәсіпорынның қаржылық
жағдайымен, оның төлемқабілеттілігімен байланыстырылады. Несие берместен
бұрын банк ссуда мөлшері мен мерзімін, кәсіпорынның шаруашылық қызметі
нәтижелерін назарға ала отырып, талдау жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі
уақытта банктер кәсіпорындарға мүлік кепілдігі нысанында немесе несиені
қайтара алмау тәуекелдігін сақтандару нысаны жағдайында несие береді. 6,
19-26б
Айналым қаражаттарын қалыптастыру мақсатында несиелерді тартудың негізгі
бағыттары: шшикізат және материалдардың маусымдық қорларын несиелендіру;
меншікті айналым қаражаттары жетіспеушілігін уақытша толықтыру;
есептесулерді жүзеге асыру.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында айналым қаражаттарын қалыптастыру
көзі болып табылатын несиенің ролі төмендеген жоқ. Кәсіпорынның айналым
қаражаттарына деген нормативтан тыс мұқтажд ығын қанағаттандырумен қатар
банк несиесінің маңыздылығын жоғарылататын жаңа факторлар пайда болды.
Олардың бірі болып инфляция табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына
инфляция тікелей және жанама әсер етеді. Тікелей әсер айналым
қаражаттарының олардың айналысы барысында құнсыздануымен сипатталады, яғни
айналыс аяқталғаннан кейін кәсіпорын өнім өткізуден түскен пайда құрамында
айналым қаражаттарының авансталған сомасын алмайды.
Жанама әсер төлемсіздік кризисінен қаражаттардың айналымы төмендеуімен
сипатталады. Төлемсіздік кризисі туындауының басқа да себептеріне еңбек
өнімділігінің төмендеуін; өндірістің шектен тыс тиімсіздігін;
басқарушылардың жаңа жағдайларға бейімделе алмауын; жаңа шешімдер іздеу,
тауар ассортиментін өзгертуін жатқызуға болады.
Төлемсіздіктермен күресу және қаржылық көмек көрсету мақсатында үлкен
қаражаттар кәсіпорынның айналым қаражаттарын толықтыру үшін бөлінеді.
Бірақ бөлінетін қаражаттар әрдайым өз бағытымен қолданыла бермейді.
Жоғарыда айтылған себептер кәсіпорындардың қарыз қаражаттарына деген
қызығушылығы қандай жағдайларға байланысты туындағанын түсіндіреді. Бұл
жағдайда несиені айналым қаражаттарын қалыптастыру көзі ретінде қолданылу
мәселесі пайда болады. Осы мәселе несиені қолданудың кәсіпорынның қаржылық
жағдайына және айналым қаражаттарының жағдайына екі жақты әсер етуімен
байланыстырылады.
Бір жағынан алғанда, меншікті қаражаттың жетіспеушілігі жағдайында
айналымға несиелік ресурстарды тартпау үшін кәсіпорын өндірісті қысқартуы
немесе толығымен тоқтатуы қажет, ол қаржылық қиыншылықтарға әкелуі мүмкін,
тіпті кәсіпорынның банкротыққа ұшырауына әкеп соқтыруы ықтимал. Басқа
жағынан қарасақ, туындаған мәселелерді тек несие арқылы шешу кәсіпорынның
несиелік ресурстарға тәуелдігін жоғарылатады. Бұл қаржылық жағдайдың
тұрақсыздығының ұлғаюына әкеп соқтырады, меншікті айналым қаражаттары
жоғалады, себебі кәсіпорындар банктік пайыз ретінде салынған капиталға
пайда нормасын қамтамасыз етпейді. Кредиторлық қарыз айналым қаражаттарын
қалыптастырудың жоспарлы емес тартылған көзіне жатады. Оның бар болуы
кәсіпорын айналысында басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты бар
екенін білдіреді. Сонымен қатар қредиторлық қарыз төлем тәртібінің бұзылуы
нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Кәсіпорындарда түсірілген тауар үшін жабдықтаушыларға кредиторлық қарызы,
орындалған жұмыс үшін жұмысшыларға, салық пен төлемдер бойынша салық
инспекциясына, бюджеттік емес ұйымдарға төлемдер бойынша кредиторлық
қарыздары болуы мүмкін.
Ақшалай қаражаттардың босап шығуының тиімді әдісі болып алдын ала
төлемдер мен консигнационды келісімдердің бірге қолданылуы саналады. Бұл
әдіс мынадай шарттарға негізделеді: алдын ала жасалатын төлемдер сатушы
кәсіпорын үшін тәуекелдікті минимализациялау факторы бола келе ақшалай
қаражаттардың уақытша босауына мүмкіндік береді, бұл арқылы айналым
капиталын толықтыруға болады. Басқа жағынан, консигнация шарттары әкелінген
тауар үшін төлемдердің мерзімін ұзартуды қарастырады. Өндіруші мен соңғы
тұтынушы арасындағы кәсіпорын алдын ала төлем жасау шартында тапсырыстар
портфелін қалыптастырады. Әкелінетін тауар түріне, тапсырыс көлеміне,
әкеліну шарттарына байланысты аванс мөлшері және тауардың әкеліп түсірілу
мерзімдері келісіледі. Дәл осы уақытта өндіруші кәсіпорында консигнация
шарттарында тауарларды сатып алу жүргізіледі. Консигнация мерзімдері мен
сомасы тапсырыстың мөлшері мен түріне байланысты құбылуы мүмкін. Сөйтіп,
өндіруші мен тұтынушы арасындағы кәсіпорын уақытша бос ақшалай
қаражаттардың белгілі бір мөлшерін құрады, ал бұл қаражаттардың көлемі мен
оларды қолдану мерзімі келісім шарттарымен келісілген.
Айналым капиталын қалыптастырушы меншікті, қарыздық және тартылған
қаражаттар көздері арасындағы дұрыс қатынас кәсіпорынның қаржылық жағдайын
тұрақтандыруда маңызды роль алады.
Кәсіпорынның активтерін, соның ішінде айналым капиталын басқарудың басты
мақсаты кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету
жағдайында пайданы максимизациялау болып табылады.
Айналым капиталын тиімді қолдану мен оны өсірудің негізгі жолдары
келесідей.
Айналым капиталы қажеттілігіне қолданылмайтын қандай да болмасын
қаражаттар міндеттемелерді төлеуге бағытталады. Сонымен қатар олар негізгі
капиталды сатып алуға қолданылуы мүмкін немесе иеленушілерге пайда ретінде
төлене алады. Айналым капиталын үнемдеу үшін материалды-техникалық
ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдарын ескеруіміз қажет. Ол келесі
шаралар арқылы жүзеге асады:
- қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
- қатаң өндірістік жүйелерді енгізу;
- қазіргі заманғы қоймаларды қолдану;
- сұранысты болжауды жетілдіру;
- тез жеткізу.
Айналым капиталына деген қажеттілікті азайтудың екінші әдісі несиелік
саясатты қатаңдату, басқа мақсатта қолданылуы мүмкін қажетті емес
қорларды, төленуге тиісті шоттарды бағалау жолдарымен дебиторлар шоттарын
азайту арқылы жүзеге асырылады.
Айналым капиталы шығындарын қысқартудың үшінші әдісі бойынша қолма-қол
ақшалай қаражаттардың дұрыс қолданылуы көзделеді. Фирмалар өздерінің өтімді
активтерін ұстайтын банктік шоттар бойынша пайыз төленбейді. Бірақ басқа
өтімді активтер (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік
сертификаттар) пайданы пайыз түрінде береді. 7, 47-53б

1.3 Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару

Тауарлы-материалдық құндылықтардың қорларын қалыптастыруға авансталатын
қаржылық құралдардың қажетті көлемін анықтау қорлардың әр түріне
қажеттілікті анықтау арқылы жүзеге асады. Қажеттілікті анықтау кезінде
тауарлы-материалдық құндылықтар келесідей топтастырылады:
-өндірістік қорлар
-дайын өнім қоры.
Қорлардың әр түріне деген қажеттілік мынадай топтар бойынша анықталады:
1) ағымдық сақтау қорлары (үнемі жаңартылып отыратын қорлар,
өндіріс немесе тұтынушыларға өткізу үрдісі кезінде тұтынылады).
2) маусымдық сақтау қорлары (бұндай қорларды қалыптастыру
өндірістің маусымдық ерекшеліктеріне және шикізатты сатып алуға
байланысты, сонымен қатар дайын өнімді тұтынудың маусымдық
ерекшеліктеріне де байланысты).
3) мақсатты бағытталған қорлар (кәсіпорында бұндай қорларды
қалыптастыру оның қызметінің айрықша мақсаттарымен анықталады).
Осы топ қорлардың ішінен ерекше назар ағымдық сақтау қорларына деген
қажеттілікті анықтауға аударылуы қажет.
Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының қалыптастырылуына авансталатын
қаржылық құралдардың қажетті көлемі мына формула арқылы анықталады:

ФС3=СР*Н3–КЗ (1)

мұндағы, ФС 3 - қорларға авансталатын қаржылық құралдар көлемі;
СР - қорлардың орташа шығындалу көлемі, соммамен;
Н 3 - қорларды сақтау нормативі, күндермен;
КЗ – сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін есептесу бойынша
кредиторлық қарыздың орташа сомасы.
Есептесу қорлардың әр түрі бойынша жүргізіледі. Есептесу нәтижелерін қосу
арқылы қорларды қалыптастыруға авансталатын қаржылық ресуртарға жалпы
қажеттілікті анықтауға болады. Яғни, айналым активтерінің нақты мөлшерін
анықтауға мүмкіндік туады.
Қорларды толықтыру бойынша ағымдық шығындарды минимизациялау оларды
нормалау үрдісі кезінде шешілетін оптимизациялық мәселе болып табылады.
Өндірістік қорлар үшін бұл мәселенің мақсаты мынада: келіп түсірілетін
тауарлар мен шикізаттар партиясының оптималды мөлшерін анықтау. Келіп
түсірілетін материалдар партиясының мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын
соғұрлым тапсырыстарды орындау, тауарларды әкелу бойынша ағымдық
шығындардың салыстырмалы мөлшері төмен (ағымдық шығындардың бұл түрін ТЗ 1
деп белгілейміз). Бірақ партияның үлкен мөлшері қордың орташа үлкен
мөлшерін анықтайды – егер шикізатты екі айда бір рет сатып алынса, онда
оның қорының орташа мөлшері 30 күнді құрайды, ал егер партия көлемін екі
есе қысқартса, яғни шикізатты айда бір рет алса, оның қорының орташа
мөлшері 15 күнді құрайды. Бұл жағдайда қорларды сақтау бойынша ағымдық
шығындар көлемі азаяды (ағымдық шығындардың бұл түрін ТЗ 2 деп
белгілейміз).
Келіп түсетін партияның оптималды мөлшерін есептеу Уилсон моделі деп
аталатын формула бойынша жүзеге асырылады:

ОРп = √(2 * Зг * ТЗ 1) ТЗ 2 , (2)

мұндағы, ОРп – келіп түсетін партияның оптималды мөлшері;
Зг – тауарлардың жылына қажетті көлемі;
ТЗ 1 – тапсырысты орындау, тауарларды жеткізу бойынша ағымдық шығындар
көлемі, жеткізілетін бір партияға шаққанда;
ТЗ 2 – қорлардың бірліктерін сақтау бойынша ағымдық шығындар мөлшері.
Дайын өнім қорлары үшін ағымдық шығындарды минимизациялау мәселесі
өндірілетін өнімнің оптималды мөлшерін анықтауда жатыр. Егер белгілі бір
тауарды аз партиялармен өндірсе, онда дайын өнім түрінде (ТЗ 2) оның
қорларын сақтау бойынша шығындар минималды болады. Дәл осы кезде
кәсіпорынның өндірісті дайындау және басқалармен байланысты ағымдық
шығындары айтарлықтай өседі. Дайын өнім қорларын қолдану бойынша ағымдық
шығындардың жиынтық мөлшерін минимизациялау Уилсон моделі негізінде жүзеге
асырылуы мүмкін (ТЗ 1 және ТЗ 2 көрсеткіштерінің басқа мәндерінде). Бұл
жағдайда тауардың қажетті көлемінің орнына өндірістің немесе дайын өнім
сатылысының жоспарланған көлемі қолданылады.
Шаруашылық айналымға тауарлы-материалдық құндылықтарының артық қорларын
уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету ағымдық қаржылық қызметтің мониторингі
негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда шаралар өндірістік менеджмент және
маркетинг бөлімдерімен ойластырылып табылады. Бұл шаралардың негізгі
мақсаты – нормадан тыс қорлардағы қаржылық құралдардың босап шығуы.
Босап шығатын қаржылық құралдар мөлшері мына формуламен анықталады:

ФСв = Зн – Зф = (ЗДн – ЗДф) * СР,
(3)

мұндағы, ФСв – қорлардың нормализациялау үрдісі кезінде босап шығатын
қаржылық қорлар сомасы;
Зн – қорлардың нормативі, сомамен;
Зф – қолданыстағы қорлар, сомамен;
ЗДн – қорлардың нормативі, күндермен;
ЗДф – қолданыстағы қорлар, күндермен;
СР – қорларды шығындаудың орташа тәуліктік көлемі, сомамен.
Дебиторлық қарыздың көлеміне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- сатып алушыларды өнім түріне, сатып алу мөлшеріне, клиенттердің
төлемқабілеттігіне байланысты сыныптау мен бағалау;
- дебиторлармен есептесуді бақылау, дебиторлық қарыздың нақты жағдайын
бағалау;
- инкассация коэффицентін ескере отырып, ақша ағымдарын жоспарлау мен
талдау.
Дебиторлық қарызды басқару екі жолмен жүзеге асырылады:
қаржыландырудың схемасымен байланысты қосымша пайданы өнімді өткізу
саясатының өзгерісі кезіндегі шығындармен салыстыру;
дебиторлық пен кредиторлық қарыздар мерзімі мен көлемін оптимизациялау мен
салыстыру.
Дебиторлық қарыздың нақты жағдайын бағалау – айналым капиталын басқарудың
маңызды мәселелерінің бірі. Бұл бағалау пайда болу мерзімі әртүрлі
дебиторлық қарыздардың бөлек топтары бойынша жүргізіледі. Айналым капиталын
басқарудың маңызды сәттерінің бірі дебиторлық және кредиторлық қарыздар
қатынасының тиімді мәнін анықтау. Ол үшін тұтынушыларды несиелендірудің тек
өз шарттарынының бағалануын ғана өткізіп қоймай, сонымен қатар шикізат пен
материалдар жабдықтаушыларының да шарттарын қарастыруы қажет.
Ағымдық шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ақшалай қаражаттардың
минималды қажетті мөлшерін анықтау ұлттық және шетел валюталарындағы
ақшалай активтердің қажетті қалдығының төменгі шегін анықтауға бағытталған.
Ақшалай активтердің минималды қажетті сомасын есептеу (қысқа мерзімдік
қаржылық салымдар нысанындағы резервтерін есептемегенде) ағымдық шаруашылық
қажеттіліктер бойынша жоспарланған ақшалай ағымға негізделеді.
Ағымдық шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін арналған ақшалай активтерге
қажеттілік келесі формула арқылы анықталады:

ДАmin = ПРдаОда, (4)

мұндағы, ДАmin – ағымдық шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ақшалай
активтерге минималды қажеттілік;
ПРда – ағымдық шаруашылық операциялар бойынша төлем айналымының күтілетін
көлемі;
Ода – есепті кезеңге сәйкес ақшалай активтердің айналымдылығы.
Ағымдық шаруашылық операциялардың негізгі түрлері бойыншаақшалай
активтерге минималды қажеттіліктің дифференциациясы тек сыртқы экономикалық
қызметті жүргізетін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.. Бұндай
дифференциацияның мәні кәсіпорынға қажетті валюталық қорларды қалыптастыру
мақсатымен ДАға деген жалпы минималды қажеттіліктен валюталық үлесін бөліп
шығару. Дифференциацияны жүзеге асырудың негізі сыртқы және ішкі
экономикалық операциялар бойынша ДАны шығындаудың жоспарлы көлемі.
Келе жатқан кезең сатылары бойынша ақшалай активтер қалдығының ауытқу
диапазонын анықтау айлар немесе декадалар аралығындағы ақшалай қаражаттарды
шығындау мен түсу жоспарының қорытынды көрсеткіштеріне негізделеді.
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесінде ДАның минималды, оптималды,
максималды және орташа қалдығын анықтаудың күрделі модельдері қолданылады.
Олар алдағы кезең төлемдерінің анықталмағандығына байланысты ақшалай
қаражаттарды шығындау мен келіп түсу жоспарын ай аралығы кезеңі арасында
құру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады.
Сөйтіп, Баумоль моделіне сәйкес алдағы кезеңдегі ДА қалдықтары келесідей
мөлшерлерде анықталады:
а) ДАның минималды қалдықтары нольдік болып қабылданады;
ә) оптималды (максималды) қалдық мына формула бойынша анықталады:

ДАmax = √(2*Рк*Ода)СПкфв, (5)

мұндағы, ДАmax – жоспарлы кезеңдегі ДАның оптималды қалдығы;
Рк – қысқа мерзімді қаржылық салымдармен бір операцияны жүргізу бойынша
шығындардың орташа сомасы;
Ода – алдағы кезеңдегі ақшалай активтердің жалпы шығыны;
СПкфв – қарастырылып отырған кезеңдегі қысқа мерзімді қаржылық салымдар
бойынша пайыздық мөлшерлемелер.
б) ақшалай активтердің орташа қалдығы оптималдының (максималдының)
жартысы ретінде жоспарланады.
Миллер-Орр моделіне сәйкес алдағы кезеңдегң ақшалай активтердің қалдығы
келесідей мөлшерлерде анықталады:
а) ақшалай активтердің минималды қалдығы олардың есепті кезеңдегі
минималды резерві мөлшерінде қабылданады (мәні нольден жоғары болуы қажет);
ә) ақшалай қаражаттардың оптималды қалдығы мына формула арқылы
есептелінеді:

ДАопт = 3√((3*Рк*ОТ^2да)(4*СПкфв)),
(6)

мұндағы, ОТ – есепті кезеңдегі ақшалай активтердің орташа мәннен
максималды ауытқу сомасы.
б) осы моделге сәйкес ақшалай қаражаттардың максималды қалдығы ДАопт- ның
үш есе мөлшерінде қабылданады. Бұл қалдықтың мөлшерден тыс көбеюі артық
ақшалай активтердің қысқа мерзімді қаржылық салымдарға трансформациялану
қажеттілігін анықтайды;
в) ақшалай активтердің орташа қалдығы келесідей формуламен есептелінеді:

ДАср = (ДАmin+ДАmax)2, (7)

мұндағы, ДАср – жоспарланған кезеңдегі ақшалай активтердің орташа
қалдығы;
ДАmin, ДАmax – ақшалай активтердің минималды және максималды қалдығы.
Ақшалай активтердің қалдықтарына максималды және орташа қажеттілігін
төмендету мақсатымен жүргізілетін төлемдер ағымын түзету оны оперативті
реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Бірінші сатыда ақшалай қаражаттарды шығындаудың декадалық мерзімдері
реттеледі. Ол әр ай шегінде ақшалай активтердің қалдықтарын минималдауға
мүмкіндік береді.
Екінші сатыда ақшалай активтердің орташа қалдығының мөлшері бұл
активтердің резертік қорын есепке ала отырып тиімдендіріледі. Ең алдымен
резервтік қор мен төлемдердің бірқалыпсыздығын есепке ала отырып, ақшалай
активтердің максималды қалдығы анықталады, содан кейін олардың орташа
қалдығы.
Төлемдер ағымын түзету үрдісі кезінде босап шыққан ақшалай активтер
сомасы қысқа мерзімді қаржылық салымдарға немесе активтердің басқа
түрлеріне қайта инвестицияланады.
Ақшалай активтердің айналымын жеделдетуді қамтамасыз ету кәсіпорында
бұндай жеделдету резервтерін іздестірудің қажеттілігін тудырады. Бұндай
резевтердің негізгілері болып мыналар табылады:
а) ақшалай қаражаттардың инкассациясын жеделдету, осы кезде кассадағы
ақшалай активтердің қалдығы қысқарады;
ә) қолма-қол ақшамен есептесулерді қысқарту (қолма-қол ақшалай
есептесулер кассадағы ақшалай активтердің қалдығын ұлғайтады және
жабдықтаушылардың төлем құжаттары өткізілуі кезеңінде меншікті ақшалай
активтерді қолдану мерзімін қысқартады);
б) Жабдықтаушылармен есептесу көлемін чектер мен аккредитивтер көмегімен
қысқарту.
Ақшалай активтердің уақыиша бос қалдығын рентабельді қолдануды қамтамасыз
ету келесідей шаралар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
а) ақшалай қаражаттар қалдығын ағымдық сақтау шарттарын банкпен келісе
отырып бекіту;
ә) бос ақшалай қаражаттардың уақытша сақталынуы үшін қысқа мерзімдік
ақшалай құралдарды қолдану;
б) ақшалай активтердің резервін орналастыру үшін жоғары пайдалы қысқа
мерзімді қор құралдарын пайдалану (қысқа мерзімді депозиттік сертификаттар,
облигациялар, вексельдер). 8, 208-214б

1.4 Отандық жағдайда айналым қаражаттарын басқару ерекшеліктері

Көптеген кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жетіспеушілігінің маңызды
себептерінің бірі – шикізаттар келіп түсірілуінің тұрақты болмауы. Бұл
шикізаттардың кейбір кездерде тәуліктік тұтыну нормасынан 30-50 есе көп
сатып алынуына әкеледі. Төлемдер ұлғаяды, яғни үлкен айналым қаражатттары
қажет етіледі.
Төлемсіздік мәселесі кредиторларды мерзімі өткен кредиторлық қарыз және
төлем мерзімін кредиторлармен келісім бойынша қадағалауға байланысты
сыныптауға итермелейді. Яғни бұл төлемдерді қандай ретпен жүзеге асыру
қажеттілігін білдіреді. Кезектің бастапқы қатарларында коммерциялық
банктерге несиелер мен олар үшін пайыздар бойынша төлемдер мен бюджетке
салық бойынша төлемдер тұр.
Уақытылы емес төлемдер кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырататындай мөлшерде
штрафтар төлеуге оңай әкеп соқтырады. Қазіргі кезде банкроттық мүмкіндігі
кәсіпорынның үлкендігіне кері пропорционал, ал бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындар үшін бұл тәуелділік одан да күшті сезіледі.
Кәсіпорынға жұмысшы күші және шикізат үшін төлемдер жүргізуге, өткізу
және өндірістік қызметпен байланысты шығындарды жүргізуге мүмкіндік беретін
айналым қаражаттарының жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету тәжірибе жүзінде
кейбір күрделі мәселелерді шешу қажеттілігін тудырады. Солардың біріншісі
кәсіпорынның айналым капиталын толықтыруға үлкен үлес қосады, - қорларды
басқару. Қаржылық менеджменттің батыс оқулықтарының тұжырымы бойынша
айналым капиталының жеткіліктілігі тұрғысынан бірде-бір фактор тауарлық
қорлар айналымы жылдамдығы сияқты маңызға ие емес. Бірақ бұл фактордың
әсерін анықтау үшін кем дегенде қорлар жөнінде нақты ақпарат болуы қажет
және оларды қолданудың нормативтері есептелінеді. Яғни барлығы да есеп
мәселелерінен басталады. Бұл кәсіпорын қоймаларындағы есеп жүйесі
жетілдірілуді қажет етеді.
Кәсіпорын жиі бір шикізатты әртүрлі құнмен сатып алады. Қоймашыларда
барлық шикізат әртүрлі карточкаларда жазылады (себебі әртүрлі құнға ие).
Бухгалтерия бұл шикізатты белгілі бір құнмен есептен шығаруы қажет, бірақ
ол әртүрлі карточкалардан шығарылатын болғандықтан, есептен шығарудың жаңа
әдісі пайда болады – кездейсоқ әдіс. Осындай мәліметтер негізінде қаржыны
басқару, әрине, мүмкін емес.
Осы кезге дейін біздің елімізде өзіндік құн бойынша бағалау әдісі
қолданылып келді. Бірақ оны қорларды ұзақ сақтау жағдайында қолдану кезінде
біріншіден, өнімнің өзіндік құны төмендетіледі, екіншіден, материалдар
қалдығының құны төмендетіледі, яғни олардың айналымдылығы жасанды
шапшаңдатылады.
Материалдарды соңғы сатып алу әдісі бойынша бағалаудың әдісін (ЛИФО)
қолдану материалдар қалдығы мөлшерінің азаю жағына бұрмалануына және
нәтижесінде айналымдылық коэффицентінің жоғарылауына әкеледі. Тауарлы-
материлдық құндылықтарды алғашқы сатып алудың құны бойынша бағалау (ФИФО
әдісі) өткізілген өнім құнының материалдарға ең төменгі құн есебінен
қалыптастырылуына әкеледі, ал олардың қалдықтары ең максималды құн бойынша
бағаланады. Сондықтан осы жағдайдағы ағымдық активтердің айналымдылығы
қорларды бағалаудың қарастырылған әдістерін қолданған жағдайдайдағыдан
объективті төмен болады. Шешім күрделі емес – қоймада және бухгалтерияда
орташа құн бойынша есепті енгізу, бұл Минфиннің нұсқауларымен
қарастырылған. Айналым қаражаттарын ұлғайту мәселесінің екінші аспектісі -
есептеулер жүйесін жетілдіру. Есептеулерді жеделдету үшін ең алдымен
барлық төлеушілерді білу қажет. Келісілген соммалар, мерзімдер және
төлемдердің келіп түсуіне байланысты тағы да басқа жалпы мәліметтерді
кіргізетін реестр қажет. Сонымен қатар кімнің төлемдердің мерзімін
ұзартатынын және қандай уақыт аралығына, ал кімнің тіпті төлемейтінін
ескеру қажет. 9, 432-437б
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындарда айналым
қаражаттарының жағдайы нашарлады: біртұтас экономикалық кеңістіктің
құлдырауы, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағалардың өсуі және тағы да
басқалар. Айналым қаражаттарын басқарудың жаңа модельдерін кәсіпорындар өз
еркімен қабылдауы қажет.
Сонымен, айналым капиталы минималды қажетті мөлшердегі өндірістік айналым
және айналыс қорларының жоспарлы қалыптасуы мен қолданылуына арналған
ақшалай нысандағы авансталатын құнды білдіреді.
Айналым капиталы кәсіпорынның табыстылығын анықтаушы маңызды критерий
болып саналады.
Айналым капиталы - кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі. Олардың жағдайы
мен тиімді қолданылуы – кәсіпорынның сәтті қызметінің маңызды шарттарының
бірі.
Айналым қаражаттарын қаржыландырудың көздері меншікті және қаржылық болып
бөлінеді. Меншікті қаражаттар қорлардың айналымын ұйымдастыруда маңызды
рольді иемденеді. Себебі коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар
істі рентабельді жүргізу үшін және қабылдайтын шешімдеріне жауапкершілікке
тартылуы үшін белгілі бір деңгейдегі мүліктік және оперативтік
тәуелсіздікке ие болуы қажет.
Айналым капиталын қалыптастырушы меншікті, қарыздық және тартылған
қаражаттар көздері арасындағы дұрыс қатынас кәсіпорынның қаржылық жағдайын
тұрақтандыруда маңызды роль алады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындарда айналым
қаражаттарының жағдайы нашарлады. Дегенмен де отандық кәсіпорындар айналым
қаражаттарын басқарудың жаңа модельдерін өз еркімен қабылдап, оны жағдайын
жақсарту жолдарын іздестіруі қажет.

2 АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (“АСТАНА ТРЭЙД
ИНТЕРНЭШНЛ” АҚ МЫСАЛЫНДА)

Екінші бөлімде кәсіпорынның қызметіне сипаттама беріліп, қаржылық жағдай
көрсеткіштерімен дәлелденеді. Айналым қаражаттарына деген жоспарлы
қажеттілікті анықтау үшін талдау өткізіледі. Айналым қаражаттарының
айналымдылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштері есептелініп, олардың
кәсіпорын қызметіне әсері анықталады.

2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау

Астана Трейд Интернэшнл акционерлiк коғамы сәулет, қала кұрылымы және
құрылыс қызметi саласында жұмыс орындау лицензиясы № 1546352 бар кәсіпорын.

1997 жылы Астана қаласында құрылды. Сол жылдардан берi компания Қазақстан
аумағында сәулет пен құрылыс саласында жұмыс iстеп, бойын нық көтерiп
келедi.
Жергiлiктi және шетел мамандарының бiлiмi мен күштерiн бiрiктiре отырып,
кәсiпорын қазіргі заман қалауына лайықты жоғарғы технологиялы құрылыс
жұмыстарына кiрiстi.
Компания өз жобасын iске асырмастан бұрын, алдына қойған мақсаттары-
жоғары сапалы материалдармен, әлемдегi алдыңғы қатардағы құрылыс
технологияларын қолдана отырып, еңсесiн көтерген тұрғын үйлердiң
қауiпсiздiгi мен жанға жайлылығын қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа сәйкес компанияның мiндеттерi төмендегiдей:
-сапа стандартарын мүлтiксiз орындау;
-кызметкерлерiнiң жоғарғы кәсiби деңгейi;
-қазiргi заман құрылыс технологияларын қолдану, инновацияларды енгiзу;
-әрiптестермен және клиенттермен дара тiл табу - бұл, компания қызметiнiң
басымдылық аспекттерi болып табылады.
2003 жылы аталмыш компания елiмiздiң экономикасының өркендеуiне өз
ықпалын тiгiзiп, Астанада 12,5 ш.м. тұрғын үй, және тағы да басқа
кәсiпорындар ғимараттарының қабырғасын қалады. Компанияның iскерлiгi
арқасында қала елiмiздiң сәулеттi, көркем де күрделi өндiрiс орнына
айналды.
Кәсiби жетiстiктерiмен қатар құрылыс-құрастыру трестерi, құрылыс материал
зауыттары, көлiк орындары қалыптасып, өркендеп өстi. Компания нарықтық
экономика және өзгертiлген инвестициялық саясат мерзiмiнде де құрамын
сақтап, жетiстiктен жетiстiкке жетiп келедi.
Компания өз жобасын iске асырмастан бұрын қойған мақсаты - жоғары сапалы
клиенттiң тiлек-қалауы бойынша бiр бөлмелiден бес бөлмелiге дейiн
пәтерлердiң жоспарлары бiрнеше нұсқауда ұсынылады. Ғимараттардың жоғарғы
қабаттарында орналасқан кез келген екi қабатты пәтерлердiң (пентхаустардың)
бiрiн таңдап алуға болады. Барлық пәтерлер сандық телефония, кабельдi
телевидение, интернет жүйесi сияқты телекоммуникациялық қызмет жиынтығымен
толық жабдықтандырылған.
Астана Трейд Интернэшнл қызметшiлерi (бұл —7000-нан астам адам)
кәсiптiк тәжiрибесi зор, бiлiктiлiгi жоғары мамандар болып табылады.
Компания еңбегi көптеген қазакстандық және халықаралық наградалармен,
Қазақстан басшылығының және аймақтық билiк орындарының құрмет
грамоталарымен аталып өттi.
Солардың iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғыс хаты мен
Бриллиант дәрежесiндегi Эра Качества халықаралық наградасын (2004 жыл
Женева Швейцария) атап көрсету қажет.
Астана Трейд Интернэшнл сыртқы экономикалық қатынастарға белсене
қатысады, шетел компанияларымен ынтымақтастық жөніндегі мол тәжірибе
жинақтаған. Компанияны жабдықтайтындар металл, цемент, қалайы және
пластикалық бұйымдар, құрылыс техникасын, басқа да қосалқы материалдар
шығаратын салалардың әйгілі алпауыттары болып табылады.
Құрылыста сырттан әкелінетін құрылыс материалдарын қолданумен бірге
компания өз өндірісін де белсенді дамытып отырады.
Компания Туран Әлем Банк, Казкоммерцбанк, Халық Банк сияқты
Қазақстанның жетекші банктерімен жоспарлы әрі сәтті жұмыс жүргізіп келеді.
Салынып жатқан нысандарын несиелеу мақсатында компания үлес қосу арқылы
қатысуға несие берудің халық үшін өте ыңғайлы әрі тиімді үлгісін
ойластырды.
Компания құрамында Астана трэйд-проект деп аталатын жобалау институты
бар. Онда азаматтық және өнеркәсіптік технологиялар, дизайн және сәулет
салаларының 200 – ден астам мамандары бар. 1997 жылдың 27 шілдесі -
компанияның құрылған күнi. "Ақмола арнайы экономикалық аймағын экономикалық
және әлеуметтiк дамыту қоры" мемлекеттiк мекемесi тiркелдi. 1998 жылдың
30 сәуiрi - компанияның акцияландырылған күнi. Астана Трейд Интернэшнл
акционерлік қоғамының жалғыз құрылтайшысы және акционерi – Алтынбеков
Болат. Компания салған үйлер, олардың ішінде Фортуна, Сезам,
Каминный, Апполон тағы да басқалары адамдардың қауіпсіздік, жайлық ,
жылулық және сұлулық сияқты мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін көтерілді.
Үйлер инновациялық технологиялармен, қазіргі заман материалдар және бірегей
өндіріс қуатын қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Қаржылық жоспарлау және болжау
Кәсіпорындардың әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынасы
«Халлибертон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржы коэффициенттерін қолдану арқылы қаржылық жағдайын талдау
Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Пайданың мәні және оның теориялық аспектілері
ҚР Банктік жүйесіндегі «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның алатын орны мен мән
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау туралы
Банк салымы шарты бойынша сыйақы
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
Пәндер