Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық аспектілері
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы ... ... ... .6
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары ... ... ...10

ІІ. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ІІІ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- --
----------------3

І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық аспектілері
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы-------------
6
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері-------------------------
---8
1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары-----------10

ІІ. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы
қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері-----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
------------------13
2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау----------------------------
--15
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының даму бағыты----
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-------20

ІІІ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамытудың жолдары---
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-----22

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
-------------26

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------28

Қосымша---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------29

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар құрылуын,
мәнін және олардың түрлерін, олардың қалыптасуы мен дамуын және ондағы
қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып
табылатын адам.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы (2004 ж) заңы
бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта
ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен
міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі
шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс
істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады.
Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның
фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне
қарай, ашық акционерлік қоғам немесе "жабық акционерлік қоғам" деген
сөздер немесе тиісінше "Ашық Акционерлік Қоғам" және "Жабық Акционерлік
Қоғам" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен
мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акционерлік Қоғамдардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар - жұмыс
істеп тұрган заңды тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін
біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың
осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда
болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі-бір мерзімде өткізілген
акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып
есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық
мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа
қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан
әрбір қоғамның барлық өзгергең деректері жаңа қоғамның акционерлеріне
баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық
өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі
мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының
қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар
екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру
кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп,
банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде
өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп,
қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі
бағытта жүзеге асады:
1. Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін
қабылдайды. Бұл заңдар:
- акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және
реттейді;
- бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу
түрлерін анықтап реттейді;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға
салық кесімдерін реттейді;
- биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін
операциялар түрлерін анықтап реттейді.
2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар
рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар,
қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы
қағаздарды айналымға шығарады.
3. Ұлттық банктің ақша – несие саясаты арқылы бағалы қағаздар
рыногына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай
айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз
байланысты.

Зерттеудің мақсаты: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар нарығының
мәнін, түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және
заңдылықтарына тоқталу. Акционерлік нысан ғана ірі және ең ірі өндірісті
құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль
атқарады. Мысалы, АҚШ-да 80-шы жылдардың ортасында 32 млн. корпорация болды
және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке
белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция
шығару жолымен құрылады және оны барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы
келетіндерге сатады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 85-ші бабына сай
акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің
барлық акциясы иеленген жағдайында тек бір тұлғадан тұрады.
Зерттеудің құрылымы: Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың теориялық негізі
1.1. Акционерлік қоғамдардың түсінігі және оның құрылымы

Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың
басында пайда болды. Бұл кезде Қазақстанның өнеркәсібі өте нашар дамыды.
Тек ғана таукен өнеркәсібі алғашқы қадамдарын бастап, шетел капиталы сол
салаға ұмтылды. Зыран қазба байлығы 1886-шы жылы француздардың қолына өтіп
"Зыран таукен өндіруші қоғамы" кұрылтайшылығы құрылды. Американдықтар
"Спасс қоғамы", "Орыс-азиат корпорациясы" акцияларын ұстап , Қазақстанда
екі "балалық" құрылтайшы қоғам құрылды. Олар-Риддер полиметалдық қазба
байлығы ("Риддер акционерлік қоғамы") және Екібастұз көмір аумағы. Ағылшын
кәсіпкерлеріне жататын — "Батыс-Орал мұнай қоғамы", "Солтүстік-Каспий мұнай
компаниясы" да бізге белгілі. Сондай-ақ шетел капиталының негізінде
құрылған "Нобель серіктестігі", "Колхида", "Қырғыз тау өнеркәсібі қоғамы",
"Виннер" т.б. атауға болады.
Қазақстан 1899-шы жылы бай Копес Деров құрған Воскресенск тау-кен
өнеркәсіп қоғамы құрылды. Бұл бірінші ірі тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорны
орыс капиталының негізіне құрылып, Павлодардан Балхашқа дейінгі
кеңістіктегі тас көмір мен күміс-қорғасын рудасы бар көп жерді жалға алды.
Сондай-ақ ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында Ембіде бірінші мұнай өнеркәсібі
компаниясы пайда болып, оған отставкадағы штаб-капитан Ясман басшылық
жасады. Орыс қоғамы "Ембі -Каспий" және "Орал-Каспий" мұнай өнеркәсібі
қоғамы шетел "Орал-Каспий мұнай өнеркәсібі қоғамы" мен "Орал-Каспий мұнай
корпорациясын" бақылады.
Большевиктердің 1917-шы жылы өкімет басына келуіне орай және Кеңес
үкіметінің құрылуымен акционерлік меншік түрі жойылды. Алайда жаңа
экономикалық саясатқа көшуге байланысты акционерлік қатынастар қайта туа
бастады. Қысқа мерзімде 1922-24- ші жылдары - 120-дан астам сауда,
өнеркәсіп және несие компаниялары тіркеліп үлгерді. Акционерлік механизм
арқасында мемлекет жеке капиталды экономиканың қажетті саласына тарта
бастады. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің 1929-шы жылдың аяғында қалыптасуы
мемлекеттің экономикадағы нарықтық қатынастардан толық бас тартуына әкелді.
Нәтижесінде акционерлік қоғамның тіршілігі тоқтады.
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші
жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне
қарай бұл процесс өте ауыр жүрді. Сондай-ақ оның экономикада қалыптасуы мен
қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең басты ассоциация құрылтайшылардың қатысу
үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ең басты ұйымында "балалық"
кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.
Акционерлік ұйымның мұндай бірлестігі ірі өндірістік кешеннің жұмысын
кепілдікпен атқарады. Бұлай атқару өз саласында бір-бірімен байланысқан
дайын білімді өткеретін, шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар,
конструкторлық және жобалық ұйымдар, зерттеу-іздеу мекемелерін т.б. тиімді
тарту нәтижесінде жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компаниялар
болды. Өте белгілі холдингтер — "Камкор-холдинг" (Қазақ мемлекеттік
автосервис пен сауда холдингтік компаниясы), "Казагрореммаш" (ауыл
шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы),
"Интеркаспий", "Каратау", "Монтажспецстрой", Акционерлік қоғам акциясын,
жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы
түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген (женілдік
пайдаланатын) акция дивидендті акция ұстаушыға тұрақты мөлшерде төлеуге
Кепілдік жасайды. Дивиденд пайдадан төленеді, ал оның жетіспеген кезінде
резервтік кор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген
акция иесі пайданың бір бөлігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар
иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады, бірақ кәдімгі
дауысқа түсетін акциядан жоғары.
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен түрлері
Қазақстанда 1991-1994 жж. қаржы нарығы, оның құрамында құнды қағаздар
нарығы қалыптаса бастады. Осы кездегі жұмыс істеп тұрған құнды қағаздар
нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
1. Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелік қағаздары (облигациялары)
тұрақты түрде айналымға шығарылып келеді.
2. Ірі коммерциялық банктердің акциялары және басқа да қаржы қағаздары
соңғы жылдары ұтымды түрде сыртқы әлемдік және ішкі ұлттық нарық
жүйесінде орналыстырыла бастады.
3. Мұнай - газ, энергетика, қара және түсті металлургия компаниялары
шығарған акциялар Қазақстанның және Орталық Азия қор биржаларында тіркеліп
бағамдалып келеді.
4. Қазақтелеком, КЕГОК, Қазақойл сияқты жаңаша құрылған
компаниялардың акцияларына сұраным жоғары қалыптасқан.
Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда
негізінен екі түрлі ғылыми-әдістсмелік көзқарас - пікір қалыптасқан.
Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық
жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны
белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет
атқару жағдайларымен байланыстырып қарайтын пікір-көзқарас басымдылық
алып келеді.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толық қалыптасып болды және
тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда
құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр,
нарық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қаржы - инвестициялық
құрылымдарымен келісімге келіп өзінің орта мерзімдік (3-5 жылдық)
облигацияларын Еуропада орналастырды. Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінде
қалыптасқан қаржы дағдарысы Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының одан әрі
қанат жайып дамуын осы күндері шектеп отыр.
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық
тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының
үлесі өсіп отыр. Соңғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артьш,
Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда
балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді шетке сату әдісі.
Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын
әлем нарығына орналастыру деген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың
әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның іішкі ұлттық
өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық
өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Қазақстан экономикасының өндірістік кұрылымын қайта құрып жетілдіру
мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып
экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі
мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының
қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар
екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің
мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру
кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр.
Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп,
банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда
тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі.
Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде
өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп,
қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.

1.3. Акционерлік қоғамның бағалы қағаздармен операциялары
Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция —
акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз
және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алу
құқын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық
банк, кооперативтер мен басқада мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке
негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция
бағалы қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция
бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның
номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық
курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді.
Сондай-ақ алынатын дивиденд мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты
да өзгереді.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі қолданылады:
а) атаулы акциялар;
ә) ұсынушыға арналған акциялар;
6) жай акциялар;
в) артықшылығы бар акциялар.
Біздің елімізде жай акция шығарылған жеңілдікпен пайдаланатын табысы
болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған процент түрінде қатты
табысты алуларына құқық береді. Алайда жеңілдікпен пайдаланатын акция
шектелген мерзімде қолданылады және белгілі уақыттан соң, акционерлік қоғам
оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік қоғам жұмысын басқаруда
ешкандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын акциялар акционерлік
қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома мөлшерінде ғана шығарылады.
Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы,
кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымының акциясын
мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын,
кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана
таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.
Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден,
көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға жұмылдыру,
екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі
кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.
Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немесе
жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кез келген меншіктегі кәсіпорын
акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы
таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар
есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп
болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді
акциялар қолданылады. Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ
адамдар болуыда әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған карсы өте тиімді тәсіл
белгілі, мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5 %-тік акциясына иесі оған ай
сайын оның сатып алу- сату жайында есеп беріп отырады.
Әрбір атаулы акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді.
Акция бланксінде есімді акция ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Акция
бланкнің көрсетілген түрінде оны ұстаушының аты-жөні жазылмайды. Акция
тіркеу кітабында жалпы шығарылған акцияның көрсетушіге қатыстысы ғана
белгіленеді.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін
біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы
ресурстары мен еңбекшілердің сақтық көріп орталықтандыруға жұмылдырады.
Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық
саласында құрыла алады. Сондай-ак, қаржы мен өндірістік-шаруашылық
қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған
жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқада ұжым
түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің
жиналысы болып табылады, жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз
өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер
ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне
ие болайы. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі
акция да жетеді.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша қорын
өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып
табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номиналды құнмен шығарады және
дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайшігі, ал
облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік
қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді.
Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы
жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номиналды бағамен ғана
алады.
Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, еркін
нарықта сатылмайтын түрін "жабық" дейміз. Акциясы еркін сатылатын және
сатып алынатын түрін "ашық" дейміз. Қазақстан республикасының "Азаматтық
Кодесінде" акционерлік қоғам жайлы ереже бар.

ІІ. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар
нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.1. Акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздардың заңдылық негіздері
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын
құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар
мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан
Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттық комиссиясы құрылған, 1995
жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың
акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже әзірленіп бекітілді,
бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында
тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың
Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің
қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді
лицензиялау туралы ережелер, және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-
дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен
толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент
жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк
қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар
жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.
Акционерлік қоғамның зор мүмкіндіктерге ие ірі және күрделі жүйе
екенін, оның қатысушылары көп санды және мүдделерінің әр-қилылығын
ескерсек, акционерлік қоғам басқаруының ұйымдастырушылық құрылымын
қалыптастыруда қиын және келіспеушіліктерді туғызатын мәселелер туындайды.
Біздің мемлекетіміздің заңы акционерлік қоғамдар органдарының үш буынды
құрылымын анықтайды: акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі,
атқарушы орган.
Кворумды қамтамасыз ете тұра, акционерлердің жалпы жиналысының
құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін акционерлер жалпы жиналысын шақыру
мен өткізу өзекті мәселелердің бірі болса, "Акционерлік қоғамдар туралы"
жаңа Заңның 36-бабының 1-тармағының 1,3-тармақшаларында аталған мәселелер
бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде
төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік дауыспен қабылданады. 1998 жылғы
Заңға назар аударсақ, қоғам жарғысына өзге-рістер мен толықтыруларды енгізу
мәселесі бойынша шешім қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының
үштен екі мөлшеріндегі көпшілікпен, ал қоғамның жарияланған жарғылық
капитал мөлшерін өзгерту бойынша туындайтын мәселе дауыс беруге қатысатын
қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен
қабылданатын. Әрине, білікті көпшілік планкасын көтеру акционерлердің
өздерінің міндеттеріне жауапты қарауына әкелгенімен, осы мәселелер бойынша
жалпы жиналысқа кворумның жиналуы бірден-бір мәселе болып қала береді.
Акционерлік заңнама акционерлік қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты
жүзеге асырудың екі нұсқасын белгілейді:
1) қоғамның жеке-дара атқарушы органы арқылы (директор, бас
директор, президент);
2) қоғамның алқалы атқарушы органы арқылы жүргізу.
Атқарушы органның құзыретіне акционерлердің жалпы жиналысы немесе
директорлар кеңесінің кұзыретіне жатпайтын қоғамның ағымдағы қызметіне
басқаруда туындайтын мәселелер жатады. Қоғамның атқарушы органының басты
мақсаты — акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімін
орындауды ұйымдастыру. Атқарушы орган қоғам мүддесіне сай әрекет етуге, өз
міндеттерін адал атқаруға және құқықтарын толық көлемде жүзеге асыруға
тиіс.
Акционерлік қоғамдар - қазақстандық қаржы нарығының қайнар көзі бола
тұра, аумақаралық және халықаралық кәсіпкерліктің дамуына ықпал ете отырып,
жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, экономиканың нығаюына үлес
қосатын ұйымдар. Акционерлік қоғамдар тұтынушылар нарығын баскаруда кең
мүмкіндіктерге ие, өздерінің іскерлік беделін, фирмалық атауларын пайдалану
арқылы, сұраныстың туындауы мен қалыптасуына ықпал ететін азаматтық
айналымның ірі субъектілерінің бірі. Қоғамның өз акционерлеріне қатысты
жүргізетін кең көлемді шаралары акционерлердің өз міндеттерін орындауына,
жалпы жиналысқа белсенді қатысу арқылы алдымен қоғамға тиімді шешімдерді
қабылдауына тиіс. Акционерлердін, қоғам қызметі мәселелерін шешуде
пассивтілігі, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда біліктіліктерінің төмен
болулары, сондай-ақ қабылдаған шешімдері үшін жауаптылыққа тартудың
көзделмеуі менеджменттік дұрыс жүргізілмеуіне әкеледі.

2.2. Акционерлік қоғамдардың қызметін талдау

Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал
акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция
қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына)
қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын
куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен
жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелер бойынша жауап бермейді және
өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты
зияндарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ТЕОРИЯЛАРЫ
Акционерлік қоғамның қоғамда алатын орны
Қаржы нарығы және қор биржасы
Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі
Меншіктің акционерлік формасы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы: негізгі элементтері мен реттеуші жүйелер
Пәндер