Батырлар жырындағы тарихи сөздер



КІРІСПЕ

1. Батырлар жырындағы архаизмдер :
1. 1. Мата.кездеме атауларына байланысты атаулар.
1.2. Халық өлшемдеріне байланысты ұғымдар
1. 3 . Киім.кешек, ыдыс.аяқ атауларына байланысты мағынасы күңгірт сөздер
1 . 4. Батырлар жырындағы салт . дәстүр, әдет . ғұрып атауларына байланысты көнерген сөздер
1. 5 . Діни . мифологиялық персонаждардың атаулары.
1. 6 . Дәстүрлі сан атауларына байланысты архаизмдер.
1. 7 . Әртүрлі ұғымға байланысты көнерген сөздер.

2. Батырлар жырындағы тарихи сөздер .
2. 1. Батырлар жырындағы қару атаулары.
2. 2. Батырлар жырындағы жарақ атауларына байланысты сөздер.
2. 3. Жырлардағы дәстүрлі шен атауларына байланысты сөздер.

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайданылған әдебиеттер :

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ауыз әдебиеті – халқымыздың тұрмыс – тіршілігінің, ғасырлар бойы
жасаған өмір парақтарының айнасы, көшпелі рухының нақты көрінісі. Халықтың
мифтік дәуірден бергі барлық ұлттық болмысы мен ерекше табиғаты осы ауыз
әдебиетінің үлгілерінде, әсіресе, батырлар жырында соншалықты асқан
дәлдікпен сипатталады. Батырлар жырында халқымыздың соны дүниетанымы,
пайымды парасаты ұлтымыздың көне сөздері арқылы бейнеленеді. Көне сөздер
- белгілі бір заманалардың тұрмысы мен тіршілігін көрсететін, әрі
тіліміздің пассив қабатын құрайтын , мағынасы күңгірт сөздер. Осы көне
сөздердің мағыналық топтары түгелімен эпостық жырларымызда ұшырасады.
Солардың негізгі топтары : салт – дәстүр, әдет – ғұрып, киім – кешек, ыдыс
– аяқ, өлшем, қару – жарақ, дәстүрлі шен, сан атаулары – ұлттығымызды
танытатын негізгі атрибуттар.
Жырлардағы салт – дәстүр, әдет – ғұрыпқа байланысты “қыз ойнақ”, “ұрын
бару”, “құрсақ шашу” сияқты дәстүрлер архаикалық сипат ала бастаған
жоралғылардың бірі. XIX ғасырдың орта шеніне дейін қолданылып келген бұл
дәстүрлерді бүгінде біреулер білсе, біреулер білмейді. Сол сияқты “лыпа”,
“кебін”, “мосы” атаулары да бүгінде нақыл сөздер мен фразалық тіркестерде
ғана ұшырасатын ұғымдардың бірі. Адам баласының ертеден ойлап тауып, кейін
тіпті белгілі бір мемлекеттің негізгі нышандарының біріне айналған
“батпан”, “құлаш”, “елі”, “қарыс”, “аршын” сияқты атаулар нарықтық
экономиканың өресіндегі тілімізде мағынасы көмескі тартып, көнекөз
қариялардың көкірегінде ғана сақталған күйі бар. Ал, “үш”, “жеті”,
“тоғыз”, “қырық” секілді дәстүрлі сан атаулары иманы, сенімі, діні мықты
халқымыздың дүниетанымында әлі де киелі сандардың қатарында болғанымен,
бүгінгі күн тұрғысынан “киелі сан” ретінде тіркесімділік табиғаты тарылып
бара жатқан ұғымдардың бірі. Жырларда батырларға дем беруші “ Баба Түкті
Шашты Әзіз”, “Ғайып – ерен қырық шілтен” сияқты киелі рухтар тек ата -
әжелеріміз беретін баталардың кейбірінде ғана ұшырасады. Этностың тұтас бір
қоғамдық саласын қамтитын қару – жарақ, дәстүрлі шен атауларына байланысты
ұғымдар – халқымыздың дәстүрлі жауынгерлік мәдениетінің әлемдік өркениетке
қосқан сүбелі үлесін танытады.

Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеті.

Батырлар жырындағы мағынасы көне сөздерді сөздіктерден, тарих,
этнография, тіл білімі саласындағы ғылыми еңбектерден, көне жазбалардан
қарастыра отырып, олардың арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды
салыстыру.
-Көнерген сөздерді сипаты мен қолданылу ерекшеліктеріне байланысты ірі
екі топқа бөлу. Архаизмдерді бір бөлек, тарихи сөздерді бір бөлек
қарастыру.
-Көнерген атаулардың шығу төркінін туыстас түркі тілдерімен , алтай,
үнді-еуропа семьясына жататын тілдермен салыстырып, сол тілдердің
фактілерін пайдалана отырып, көмескі мағыналар табиғатына тоқталу.
-Мағынасы күңгірт атаулардың этимологиясына бара отырып, олардың ұлттық
сипаттағы қырларын ашу.
-Салт-дәстүр, өлшем, қару-жарақ, киім, жалпы түркі тілдеріне тән
атаулардың тек өз тілімізде ғана емес, туысқан түркі тілдерінде ұшырасуы
мен ерекшеліктеріне тоқталу. Материалдық мәдениет тұрғысынан көрініс
беруіне назар аудару.
-Санмен байланысты ұғымдардың мағыналық-контексттік ерекшеліктеріне
тоқталу.
-Діни мифологиялық персонаждардың шығу тарихы мен тілде ұшырасу
фактілеріне бару.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Дана халқымыздың ғасырлар бойында жинақтап, саралап, күнделікті тұрмыс-
тіршілігінде қолданған атаулары бүгінгі күнге мағынасы күңгірт, көмескі боп
жеткендіктен олардың ерекше бір лексикалық топты құрайтындығы сөзсіз.
Ұлттық дүниетаным мен болмысымызды анық көрсетіп берер бұл сөздердің
мағыналық, этимологиялық, тарихи даму ерекшеліктеріне мән бере отырып
қарасақ олардың баршаға бірдей түсінікті бола бермейтін соны қырларын
танып жатамыз. Ғылым үшін де қажетті көптеген фактілердің беті ашылып
жатады. Нақты ғылыми жүйеге негізделген, әрі нақты дәлелдермен анықталған
сөздерді бүгінгі ұрпақ алдына қайта әкеліп, тарихи танымымызды түгендеу,
ұлтымыздың ұлағат болар мұраларын бүтіндеу-жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының дереккөздері.

Батырлар жыры мен түркі, қазақ, орыс тіл біліміндегі тарихи-
этнографиялық зерттеу материалдары, осы тілдердегі сөздіктер, тақырыпқа
қатысты жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалар пайдаланылды. Көне сөздердің
этимологиясы ашылу мақсатында Ә.Қайдардың, Ә.Наджиптің, А.Махмұтовтың,
Р.Сыздықтың, Е.Шипованың еңбектеріне, ал этнолингвистикалық қырларын ашу
мақсатында С.Кенжеахметұлы, А.Жүнісов, Н.Уәлиевтің зерттеулері мен
мақалалары қарастырылды.

Зерттеу нысаны.

Батырлар жырындағы көне сөздердің этимологиялық, этнолингвистикалық ,
этномәдени жақтарына тоқталу.

Зерттеуде қолданылған негізгі әдістер.

Тақырыптың ерекшелігі мен зерттеу нысанына байланысты диахрондық-
синхрондық , сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, этнолингвистикалық талдау
әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы.

Ғылыми еңбектің жаңалығы қазақ тіл білімінде әлі де көне сөздер
қатарында қаралмайтын діни – мифологиялық кейіпкерлер, өлшем атаулары мен
сан ұғымына байланысты сөздер мағынасы күңгірт ұғымдар қатарына енгізілген.
Көне сөздер мағыналық табиғатына, әрі бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша
жіктелген.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Көнерген сөздер туысқан түркі тілдерінде біршама жүйеленіп зерттелді.
Ә.Н.Наджип Современный уйгурский язык деген еңбегінде ұйғыр тілінің
лексикалық құрамын тарихи тұрғыдан қарастырғанда онда әріден келе жатқан
жалпы көне түркі-монғол тілдеріне тән қабатты (пласт), көне ұйғыр тілінің
қабатын, көне соғди және санскрит сөздерінің қабатын, діни әдебиеттерді
аударуға байланысты бергі дәуірде оғыздардың тілінен енген сөздердің
қабатын, ислам дінін қабылдау арқылы араб және парсы тілдерінен енген
сөздердің қабатын шаруашылық қарым-қатынаспен байланысты орыс тілінен енген
сөздердің барлығы байқалатындығын ескертеді. 1 13
Мұндай пікірді өзбек тілі жайында жазылған еңбектерден де
кездестіруімізге болады. Ал атақты қырғыз ғалымы М.Юнусалиев Киргизская
лексикология деген еңбегінде кейбір көнерген сөздердің түпкі негіздерін
көрсетіп, этимологиясын түсіндіреді.
Түркімен тілінде жазылған материалдар көнерген сөздердің тарихи сөз,
архаизм болып бөлінетіндігін, олардың бір-бірінен негізгі айырмашылықтарын
көрсетіп, архаизмдердің лексикалық, семантикалық топтарына тоқталады. Халық
шаруашылығы мен мәдениетіне байланысты көнерген сөздерді бұл тілде де
архаизмдер мен тарихи сөздердің ара жігі ажыратылмаған бірнеше салаға
бөледі.
Көне сөздер тек туысқан түркі тілдерінде ғана емес, қазақ тілінде де
біршама жүйелі зерттелді. Қазақ ғалымдарының ішінде көне сөздердің
лұғатымен ерекше ден қоя отырып айналысқан ғалымдардың бірі -Рәбиға Сыздық
еді. Ғалымның 1980 жылы жарық көрген Сөздер сөйлейді атты еңбегінде
сөздердің қолданылу тарихынан сыр шертеді. Еңбекте 97 сөздің төркіні
талданған. Батырлар жыры мен лиро-эпостардағы, XV-XIX ғ.ғ. өмір сүрген
қазақтың ақын-жырауларының шығармаларындағы, ертеден келе жатқан мақал-
мәтелдердегі бұл күнде мағынасы күңгірт тартқан немесе мүлдем түсініксіз
болып кеткен сөздердің контексттегі көрінісі, түп-төркіні мен мән-мағынасы
ашылған. 2 200
Тілімізде ерекше қабат құрап, сөздік қабаттың пассивті бөлігі ретінде
жеке қаралатын топ-архаизм мен тарихи сөздермен айналысқан Айдарбек
Махмұтов болатын. Ғалым жалпытүркілік лексикаға тән көптеген мағынасы
күңгірт сөздердің төркінін ашып, тарихына тоқталады. Көнерген сөздердің
мағыналық топтарына тоқталып, олардың жеке ерекшеліктері туралы сөз
қозғайды. Аталған сөздердің жырларда, әдеби шығармаларда кездесуі мен
тарихи негіздеріне тоқталады.
Ғ.Мұсабаев Современный казахский язык деген еңбегінде қазақ
тілінің көнерген сөздерін лексика-морфологиялық ерекшеліктеріне орай алтыға
бөледі:
1. Қазақтың көнерген байырғы сөздері: жақ, жебе, ат
ұстар.
2.Ескі түркі тілдеріне тән сөздер: будун, ұлыс, ұлық т.б.
3.Араб-иран тілдерінен енген сөздер: жаназа, зікір,
підия.
4.Орыс тілінен енген сөздер: совдеп, эсер.
5.Бір компоненті байырғы қазақ сөзі де, екінші
компоненті кірме сөз болып келетін көнерген сөздер: кедейлер комитеті.
6.Калькалық жолмен енген сөздер: өзара салық
(обложение).2 82-84
Қазақ тілінде көне сөздердің соның ішінде өлшем атауларының
табиғатын барынша ашуға тырысқан ғалымдардың бірі –К.Күркебаев. Ол өзінің
Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты деген
еңбегінде қазіргі күнде пассив лексика қабатынан орын алатын өлшем
атауларының түрлері мен олардың этимологиялық, этнолингвистикалық жақтарына
тоқталады.
Б.Қарағұлова Тарихи жырлардағы тарихи лексика мәселесі деген
еңбегінде тарихи жырлардағы көнерген сөздердің этимологиясы мен жырларда
кездесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, олардың туысқан түркі және алтай,
монғол тілдерінде ұшырасу фактілерін ашып беруге тырысады.
Ал Қ.Тәжиев Киелі сандардың генезисі және эпикалық жырлар мен жыраулар
поэзиясындағы көркемдік қызметі атты еңбегінде халқымыздың өміріндегі сан
ұғымын дәстүрлі және киелі сандар деп екі үлкен топқа бөліп, олардың тек
қазақ ұғымында ғана емес, жалпы әлемдік тұрғыдағы ерекшелігі мен
киелілігіне тоқталады. Жеті кәміл баба, Ғайып-ерен қырық шілтен сияқты
діни кейіпкерлер атауларының шығу тарихына, әрі олардың шығармаларда
кездесу ерекшеліктері туралы баян етеді.
Жалпы тіліміздегі көнерген сөздердің қабатын тек тіл ғалымдары ғана
емес этнография, тарих саласындағы мамандар да қарап, олардың тілдік,
тарихи, этнографиялық қырларын ашуда. Сондай айтулы еңбектердің бірі, тарих
ғылымдарының докторы Қалиолла Саматұлы Ахметжанның Қазақтың дәстүрлі қару-
жарағы, даму тарихы, құрылымы, этномәдени құрылымы атты еңбегінде қазақтың
дәстүрлі қару-жарағы мен оның шығу тарихын, типтерін, қолданылу
ерекшеліктерін тек тарихи-этнографиялық тұрғыдан ғана емес, тілдік тұрғыдан
да жан-жақты қарастырады.
Аталған еңбек тарих саласының маманы ұсынған монография болса,
этнография саласынан Х.Арғынбаев Қазақ отбасы атты еңбегінде ұмытылып
бара жатқан салт-дәстүр атауларын тек этнографиялық тұрғыдан ғана емес,
тілдік тұрғыдан да қарастыруға, дәстүр атауларының шығу тарихына да
тоқталуға тырысады.

Көнерген сөздер.

Сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуелі
қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың
біреуіне жеткенімен, кейінгілерге емін – еркін жете алмай, түсініксіз болып
ұмытыла бастайды. Бара – бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері
тілден жоғалып та кетуі мүмкін.Көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу
ерекшелігіне байланысты көнерген сөздер архаизмдер мен историзмдер болып
екі салаға бөлінеді.
Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт –сана тұрмысына, әдет –
ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып
отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде
арха измдердің мынандай түрлері бар:
1. Мата – кездеме атауларымен байланысты архаизмдер торқа,
мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат, ләстек, ақсаң, репес, манат,
дүрия, патсайы, берен, тұқаба т. б.
2. Салт – сана, әдет – ғұрыпқа байланысты архаизмдер сауын айту,
ұрын бару, киіт кию, жылу жинау, тілеу азық, мертікас, жарысқазан,
томыртқа, тоқымқағар, отқасалар, бесік құда, беташар, тасаттық, бастаңғы,
қолкесер, барымта, қалың мал, өлтірі, қырық жеті.
3. Киім – кешек, ыдыс – аяқ атауларына қатысты архаизмдер шидем,
шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, жарғақ, аба, кісе, қоқы, жағлан, күләпара,
кебеже, саптыаяқ, қазанқап, көнек, асадал, талыс, шөншік, керсен, астау,
кебене т. б.
4. Діни ұғымға қатысты архаизмдер қиямет – қайым, мүңкір – нәңкір,
бірәдар, мүфти, підия, ахирет, қалпе, зекет, құшыр, жарапазан, әзірейіл,
сәресі, ішірткі, кітап ашу, дем салу, үшкірту, аптау, пірге қол тапсыру,
ақтық байлау, жын, пері т. б.
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер лашық, итарқа,
жаппа, шошала, жолым үй, ергенек, иткірмес, дағара, қақыра, аран, шопан
ата, қамбар ата, ойсыл қара, зеңгі баба, шекшек ата т. б.
6. Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер аламан, алапа, албан,
аластау, ақсарбас, дат, ақсақалдық, ақшом, ақшомшы, ақсүйек, ақтаяқ,
ақыретшіл, жаушы, жоралғы, мор, бұзаушық, тоғанақ т. б.
7. Жалпы түркі тілдеріне тән архаизмдер будун, ұлық, ұлыс, жұрт,
Тәңір, толағай, адақ, дархан, бек, мешін т. б.

Тарихи сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған
сөздер.
Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола
жоғалуымен байланысты болады. Тарихи сөздерді де бірнеше топқа бөлуге
болады
1. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер хан, ханша,
ханым, ханзада, тақ, таж, уәзір, бек, бекзада, датқа, патша, аға
сұлтан, ауылнай, болыс, старшын, би, қазы, атшабар, шабарман,
нөкер, құл, күң, орда, малай, бикеш, бәйбіше, тоқал, дуан, елубасы,
урядник, пристав т. б.
2. Әскери атақ пен қару – жараққа қатысты тарихи сөздер садақ, жақ,
жебе, қорамсақ, оқшантай, сауыт, қалқан, айбалта, найза, жасақ,
қосын, шеру, дулыға, байрақ, адырна, қозы жауырын, ақберен,
шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтық, шиті мылтық,
алдаспан т. б.

3. Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер нарком, губком, совдеп,
рабфак, жалком, отарба, тоз, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл әскер,
қызыл отау, НЭП, нэпман, қосшы, өзара салық, БК ( б ) П, ұя хатшы, саужой
т. б. 3 180,181,182,183
Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің лұғатымен алғаш айналысқан
ғалымдардың бірі-А.МахмұтовҚазақ тіліндегі архаизмдер мен историзмдер
атты докторлық диссертациясында архаизмдер мен тарихи сөздердің мынандай
ерекшеліктеріне тоқталады:

Историзмдердің архаизмдерден айырмашылықтары:

1. Қазір мүлдем құрып кеткенімен, бір заманға тән көне дәуірдегі
шындықты көрсететін сөздер тобы: құл, күң, атшабар.
2. Историзмнің қазіргі әдеби тілде синонимі болмайды. Мысалы: құл,
күң.
3. Историзмнің қазіргі әдеби тілде архаизмге қарағанда ауыспалы
мағынасы жоқтың қасы.
4. Историзмге көбінесе термин сөздер жатады: хан, патша, тәж.
5. Историзм құрып кеткен заттар мен оқиғалардың атауы болғандықтан,
қазіргі әдеби тілде жаңа мағынаға ие бола алмайды. Мысалы: болыс, сұлтан,
жасауыл.
6. Историзмдер көркем әдебиетте, тарихи шығармаларда, саяси
мақалаларда өзінің бастапқы тура мағынасында қолданылады. 4 51

Архаизмдердің историзмдерден ерекшелігі.

1. Архаизмдердің қазіргі әдеби тілде ауыспалы мағыналары көп болады.
Мысалы : құн сөзінің бір мағынасы – кісі өлтірген адамнан алынатын айып,
алым, зат бағасының мөлшері, нарқы.
2. Архаизмдердің синонимдері болады : құн-баға-нарық , сабан-соқа ,
найза-сүңгі-шанышқы.
3. Кейбір архаизмдердің мағынасы жаңарып, активті сөздікке қайта ауысып
отырады. Мысалы : бай, қалыңдық, бәйбіше, шопан.
4. Архаизмдер кейде историзмдерге ауысады : талыс, шөншік.
5. Архаизмдер көркем әдебиетте көтеріңкі стиль жасауға қажетті сөздер :
сұлу қыздың кірпігін жазушы садақ жебесінің масағымен салыстыруы мүмк

Көнерген сөздердің шығу тарихы мен олардың ерекше табиғатын зерттеу
еңбектеріне арқау еткен ғалымдардың еңбектерін жүйелей отырып, батырлар
жырында кездесетін көнерген сөздерді мынандай лексика-семантикалық топтарға
бөлдік :
Батырлар жырындағы архаизмдер :

1. Мата-кездеме атауларына байланысты сөздер : барқыт, патсайы.
2. Ұзындық, өлшем атаулары : құлаш, аршын.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары : кебенек, мосы.
4. Дәстүрлі сан атауларына байланысты сөздер : қырық құлаш, қырық
қақпа.
5. ”Астары бар атаулар” немесе діни-мифологиялық персонаждардың
атаулары : Ғайып-ерен қырық шілтен, машайық.
6. Әртүрлі ұғымға байланысты сөздер.

Батырлар жырындағы тарихи сөздер :

1. Жырлардағы қару атаулары.
2. Жарақ атауларына байланысты ұғымдар.
3. Дәстүрлі шен атаулары.

1. Батырлар жырындағы архаизмдер :

1. 1. Мата-кездеме атауларына байланысты атаулар.

Мата-кездеме атаулары дана халқымыздың ментальдық ерекшелігін
көрсететін материалдық мәдениетіміздің ерекше бір түріне жатады. Уақыттың
өтпелілігіне әрі қоғамдық өзгерістердің сан түрлілігіне байланысты мата-
кездеме атауларының кейбірінің мағыналары көмескі тартып, сөздік қабаттан
ығысып жатса, кейбірінің мағыналары кеңіп, бірнеше ұғымдарға атау болып,
бір сөздің өзі бірнеше мағынаға ие болып жатады. Мысалы Қобыланды батыр
жырындағы берен сөзі.

Сонша ердің соңында
Күмбезді найза қолында
Ағын судың сағасы,
Берен тонның жағасы,
Қызылбастың ағасы,
Көбікті ханның баласы.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері бұл сөздің көп мағыналы екендігін
айтып келеді. Көп томдық түсіндірме сөздік бұл сөздің көп мағыналарының
бірі “ гүл салып тоқылған масаты” деп түсіндірсе, екі томдық түсіндірме
сөздік :
1. Қымбат, асыл мата.
2. Болаттан жасалған батырлар киетін сауыт.
3. Ұңғысы ұзын шиті мылтық.
4. Пышақ сияқты қару.
Ауыспалы.Өжет, өткір.5 Қ.Т.Т.С. 269 Р.Сыздықтың пікірінше
Ильминскийдің түсіндірмесі : “бірі- ең жақсы барқыт, екіншісі-ең мықты
болат” дұрыс пікір сияқты. Осы ғалымның қазақтар мақта матаны көбіне мата
деп, барқытты барқыт, мақпал деп, жібекті шұға, шәйі, атлас, масаты деп
атағаны белгілі. 6 46 Сондықтан өлең-жырларда кездесетін берен сөзінің
бір мағынасын” ең жақсы барқыт “деп түсінген жөн деген пікірге қосыламыз,
себебі, біз туып -өскен обылыстың көне көз қарияларының айтуынша (
Қызылорда обылысы, Жалағаш ауданы. ) жібек матаны жасалу түрлеріне
байланысты шұға, шәйі, атлас деп бөліп, тек масаты атауын ғана басқа қалың
мата түрімен байланыстырады. Берен сөзінің екінші мағынасын Н.И.Ильминский
көрсеткен мағынасынан ауысып , берік металл шығыршықтардан жасалған сауытты
да ( көбе, сауыт, кіреуке сөздерін ), асыл болаттан жасалған семсер немесе
қылышты да ( кейде тіпті кездік, пышақтарды да ) берен деп атағаны дұрыс
пікір сияқты. Себебі,” Алпамыс батыр” жырында , береннің осы мағынасы
контекске сай ұшырасады :

Қынабынан суырып
Қолына алды беренді

Берен сөзінің тағы бір мағынасы болаттай мықты, күшті адам, асыл адам
мағынасы өткенде де, қазірде де кей жерлерде қолданыла береді.
Жырларда көп кездесетін матаның тағы бір түрі-қамқа. Қ.Т.Т.С. бұл сөзге
екі түрлі анықтама берген : “ қамқа ир. зат. Алтындатқан яки күмістеткен,
зерлі жіппен тоқылған жібек мата. “ ( 1).
Осы ұғым жайында қазақтың зерделі ғалымдарының бірі Ә . Қайдар өзінің
“Берен” деген айтулы мақаласында : “ Туыстас тілдер дерегін салыстырудан
берен сөзінің ( фонетикалық варианттары бараң, пәрең, фаранг т. б.)
салғырт лексикалық элемент ретінде жұмсалатындығын, тіпті түркі тілдерінің
көпшілігінде кездеспейтіндігін байқаймыз. Бұл – оның даусыз өзге тілдік
элемент екендігін көрсетеді. Кейбір түркі тілдері берен сөзіне
лексикографиялық сипаттама бергенде, әр түрлі белгілермен ( мысалы, ұйғыр
тілі сөздігінде ир – “ иран “, өзбек тілі сөздігінде п – т – а, парсы
–тәжік –араб, қазақ тілі сөздігінде n – “ парсы “ ) оның өзге тілдік сөз
екендігін көрсетіп отырады. Ал кейбір түркі тілдерінің сөздігінде,
этимологиясы көмескі деп танылғандықтан болу керек, мұндай белгілер
көрсетілмеген деп, осы сөздің жоғарыдағы варианттарына жеке – жеке
түсініктеме беріп өтеді. Біз солардың мата атауына байланысты берілген
этимологиялық негіздеріне тоқтам жасадық.
Берен – қымбат мата, барқыттың таңдаулы түрі.
Бараң – ир. көне матаның жұқа түрі; бараңдан кылган көк чепкен.
Фаранг - фаранг румал – жұқа, жеңіл, әрі жылтырағы бар орамал. Қазіргі
ұйғыр тіліндегі пәрәң өзара байланыссыз екі түрлі мағынаны білдіреді : 1.)
қызыл, ал қызыл, қызғылт : пәрәң яғлиқ “ қызыл ( жібек, үлдір, үлбірек )
орамал'' , пәрәңдәк қизил “пәреңдей қызыл” ( плеонастық тіркес ) және 2.)
“француз” ( “француздық” пәрәң консул “француз консулы” ) ( Шыңжан
ұйғырлары тілінде ) 6 27

Қамқа зат. Қара түсті, терісі қымбат, көбінесе суда өмір сүретін аң. (
2 ). 5 Қ.Т.Т.С.612
Е.Шипова “Словарь тюркизмов в русском языке” деген еңбегінде : “Камка
старинная шелковая цветная ткань с узорами “;
камчатный, камчатый.
1 . сделанный из камки;
2. похожий по рисунку на камку ( о льняной ткани ) ;

камчатная скатерть; камчатка то же, что камчатная ткань. др –рус. Камка
( с 1486 г), камчатый ( с 1392 г.) ( Срезневский ) Поликарпов, 1704 камка
; Вейсманн, 1731, 125 платье камчатое ; Лекс; 1762 камчатной ; Рос.
Целлариус, 1771, 191 камчатный ; Нордстет, 1780 камчатый сл. Акад ; 1956,
заимств. древнего времени из перс. Радлов камка ( алт. тел. каз. кирг. )
камка китайская шелковая материя; А. Махмұтов “ алтындатқан, күмістеткен
жіптен тығыз етіп тоқылған жібек мата”-дейді.
Қамқа сөзі тек біздің қазақ тілінде емес, барша Орта Азия халықтарына
ортақ атау. Кымкан (кимхаб, кимхо ) түрінде кездеседі. Оның шығу тарихын
кейбір ғалымдар Қытаймен байланыстырады. Бірақ ол Шығыс елдерінде пайда
болған атау. 7 247
Жырларымызда торқа атауы да кездеседі.
Тоғыз қабат торқадан
Қамзол киді қынама,
Таңдап Назым тимесе
Толқыған көңіл тына ма? Қамбар батыр.

Қ.Т.Т.С – де : “1. Ең қымбат жібек мата.
2. Ауыс. Жанға жайлы, сүйкімді, жұмсақ”. 5 210
Қырғыз халқының этнографиялық ерекшеліктерін жан – жақты зерттеген
ғалым Абрамзон “Киргизи и их этногенетические и историко – культурные
связи” деген еңбегінде : “Говоря о тканях собственного изготовления в
хозяйстве кочевников, остановимся на еще одном виде тканей, в прошлом
применявшемся в одежде народов Средней Азии, ныне совершенно забытом, -
торка. Эта ткань вырабатывалась из волокна дикорастущего прядильного
растения кендырь ( Apocynum sibiricum ). Один из видов его - кызыл –
кендырь – издавна изпользовался как сырье для ткачества каракалпаками,
живущими по берегам рек и озер и сочетавшими в своем комплексном хозяйстве
земледелие и скотоводство с рыболовством. Первые упоминания о торка
содержатся в записках А. М. Никольского “О рыболовстве в водах Аральского
бассейна”, а также у И. И. Гейера, отмечавшего, что волокна кендыря ,
“будучи обработано, дает чудную ткань, по красоте и блеску мало чем
уступающую шелку”. Из нее, по предположению Т. А. Жданко привлекла внимание
этнографов к этой своеобразной ткани. Новые данные о торка были получены
нами от информаторов каракалпаков в 1976 г. По их воспоминаниям нам удалось
восстановить технологию изготовления торка : ручную обработку коры кызыл –
кендыря мужчинами, запаривание ее и трепание волокна. Полученное таким
образом тонкое, как волос, серебристое волокно женщины взбивали палочками
так же, как шерсть. Пряли с помощью обычного веретена уршик или самопрялки
шарык.
К сожалению, мы не располагаем пока этнографическими материалами о
существовании торка у других народов Средней Азии. Однако, по
лингвистическим данным, эта ткань была знакома в Средней Азии не одним
каракалпакам. В современных словарях тюркских народов торка переводится как
сорт “сорт драгоценной шелковой или шерстяной ткани”. Во всяком случае
наличие термина торка во многих тюркских языках свидетельствует о древности
происхождения и широком распространении в прошлом тюркском мире как самого
термина, так и его носителя – ткани, выработанной из волокон дикорастущих
растений, в том числе и из кендыря. Об особых сортах холста, вывозимых в
согдийские колонии VI – VII вв., возможно, также из волокна растительного
происхождения, сообщают китайские источники. 7 244 – 245

Жырларда осы берен, қамқа сияқты мата атауларынан басқа масаты, барқыт,
сияқты мата атаулары да кездесіп жатады. Мата түрлерімен қосарлана
айтылатын кездеме атауларынан жамбы сөзі ұшырасады.

Келмембет айтты:” Падишам”
Ноғайлының қызбадым
Тайтұяқ, жамбы, пұлына,
Ызғарына шыдамай ығыма
Жиылып шықты ығыма
Бәрі де қорқып жүр екен
Көңіліме салған дығына. Қамбар батыр.

Қ.Т.Т.С-де : “ Жамбы-зат;көне. әртүрлі формадағы жалтырауық қымбат
бағалы металл, күміс.” 5 603 Ал “Киргизско-русский словарь”
төмендегідей түсінік береді: Жамбы 1. кит. уст. слитки серебра различной
формы и различного веса, употреблявшиеся в Китае в качестве денег.
2. Общее название благородных металлов. Ертеректе бұл сөздің
ямб деп аталғанын В.И. Дальдің түсіндірме сөздігінде және басқа
материалдардан кездестіруге болады. Ұйғырша ямб-қой, ат тұяқтарының
көлеміндей әр түрлі формадағы қытайдың ақшасы. Ал монғол тіліндегі жамбы
юмбүү (юмбүү) –елу лан басындағы күміс. Ямба-дәреже, атақ, шен, мәртебе
ұғымын білдіреді.Жамбы сөзі өзінің дыбыстық құрамы мен мағынасы жағынан
қытай тіліндегі күміс ақша, сом күміс деген мағынаны білдіретін юаньбао
сөзімен дәл келеді. Жамбы сөзінің шығу төркіні жайында қазақ тілінің
этимологиялық сөздігінде толық қарастырылған.Ғалым Бафиннің пікірінше:
жамбы-қытайша юань және бао деген екі сөзден құралған. Қытай тілінде юяань-
монета, ақша, бао-құнды, бағалы ақша деген сөз. Сонымен бірге бұл сөздің
шығу төркіні жөнінде В.Н.Новгородский пікір айтқан. Сонымен қытайдың
юаньбао атауы ұйғыр тілінде ямбұ, қазақ тілінде жамбы болып қалыптасқан.
Бұл сөз алғаш қытай тілінде пайда болып, қазақ тіліне саудамен айналысқан
ұйғыр-өзбектер арқылы тараған болуы керек. 8 69-70

1. 2. Халық өлшемдеріне байланысты ұғымдар.

Халық өлшемдері-ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының
бірі. Халық өлшемдерінде халқымыздың терең дүниетанымы мен нақты өлшем
бірліктеріне сай негіз етілген ғылыми зердесі жатыр. Өлшемдерді қолданылу
аясы мен белгілі бір заттың, құбылыстың өлшемдік мәнін беру мақсатына
сәйкес : салмақ, ауырлық, көлем, уақыт, ауа-райы, ұзындық өлшемдері болып
топтастырылады. Батырлар жырында салмақ, көлем, ауырлық және ұзындық
өлшемдері көптеп ұшырасады. Солардың бірі, жырларда жиі ұшырасатын-мысқал
сөзі.

Бәйбіше барды аңырап,
Қоздаған қойдай маңырап,

Қазына аузын ашқалы

Таратты алтын-күмістен
Қалғанынша мысқалы,- деген Алпамыс батыр
жолдардағы мысқал сөзі өте аз мөлшерде қалған бай қазынасы туралы айтып
отыр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде : “мысқал- 25 грамға тең салмақ
өлшемі ,бір қадақта 96 мысқал бар” –деп берілген. 5 235
Араб тілінде жазылған алғашқы медициналық сөздіктердің бірі –“Китаб ат
–танвир фи-л-иси-лахат аттиб-бийа ” деген еңбегінде : “ мискал-один и три
седьмых дирхама” деп түсіндіріледі. Салмағы жағынан өте аз, жеңіл өлшемдік
мағынаны білдіретін бұл өлшемдік бірлік күллі шығыс елдерінде, оның ішінде
Үндістан мен Шығыс Африкада, Орталық Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем
ретінде қолданылған. Бұл атау Шығыс елдерімен қатар түркі халықтарының
көпшілігінде де осы салмақ мағынасында қолданған. Оған дәлел Орта Азия мен
Қазақстанды мекендеген халықтар арасында мысқалдың бірнеше вариаты
ұшырасады. Мысқалдың баламасында Хорезмде-4,55 г, Бұхарада-4,8-5,0 г.
Самарқанда-4,46г. алынған. Мысқал-халық арасында соңғы кезге дейін дәрі-
дәрмек, бояу мөлшерін анықтаудағы ең көп қолданылатын бірліктердің бірі
болған. Ерте кездің өзінде-ақ мысқалдың дәл мәнін өзгеріссіз ұстау үшін
оның баламасы болып табылатын шыны сауыттар жасалған.Бертініректе б.з.б.780
ж. жасалған осындай шыны сауыттар табылды. Қазіргі зерттеулердің көрсетуі
бойынша олар миллиграмның 31 дейінгі дәлдікпен істелінген. Сол сауыттардың
салмағы бойынша бағаласақ, мысқал 431 г-ға тең. Мысқал негізінен алтын мен
күміс ақшалардың , бағалы заттар мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылады.
Әр жерде әртүрлі мөлшерде өлшенген. Египетте-4,68 г, Иранда-4,6 г, Иракта-
4,46 г, Үндістанда- 4,538 г; XIVғ. Қыпшақтар арасында қолданылған “Азов
мысқалы” үшін 4,41 г алынған. 10 49
Мұсылман елдерінің өлшем бірліктерін зерттеген В.Хинц : “ Основу всех
мусульманских весов составляют дирхамы, который восходит к греческой
драхме, который основывается на римско-византийском солиде.Канонический ,
т.е. согласно шариату, мискал и дирхам относятся как 10: 7, в то же время
как на практике-как 3 : 2” 11 11 Бүгінгі сөздік қолданыста да мысқал
сөзі түркі тілдерінде көнерген өлшем атауы ретінде қарастырылады.
Жырларда кездесетін тағы бір өлшем атауы- батпан .

Темір шынжыр арқаны
Ұстап берді баланы.
Ауырлығы бір батпан
Бұршақтай шоқпар ұрады. Алпамыс батыр.

Осы жолдардағы батпан сөзін Қ.Т.Т.С : “ Батпан –салмақ өлшемі ( бір
батпанда 250-300 г-ға тең ) деп түсіндіреді. 5 149 Қашқари сөздігінде
де батпан сөзіне осы мағынамен байланысты bir batman et ( бір батпан ет )
деген түсінік беріледі. Ресейде батпан туралы алғашқы дерек Афанасий
Никитиннің Үш теңіздің ар жағына саяхат атты кітабында кездеседі.
Жергілікті орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қазақ
губерниясында батпан үшін 4,5 пұт астық мөлшері алынған. Әр елде
батпанның әр түрлі мөлшері пайдаланылған. Батпан-батман Орталық және Шығыс
Азияда манн деген атаумен белгілі болған. Бұл өлшем атауы тек Азияда ғана
емес, Еуропа елдерінде де кең етек алған еді. Осы атаудың этимологиясы
туралы Күркебаев Кенжетай “Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың
этнолингвистикалық сипаты” деген монографиясында мынандай пікір айтады : “
Батпан батман атауы түркі тілдерінде батман, batman, патман, badman
сияқты әртүрлі фонетикалық вариантта кездеседі. Батпан туралы ең көне дерек
жоғарыдағы М.Қашқари еңбегінде ұшырасады.
Көне түркі сөздігінде батманға “180 кг-нан 300 кг-ға дейін салмақ
өлшемін білдіретін атау” деген анықтама берілген. Қазақ тілінде ол салмақ
өлшемін білдіреді.
Батман қырғыз тілінде :
1. Батман-Ферғана аңғарында 4-тен 1-пұтқа дейінгі салмақ өлшемі, Талас
өзенінің аңғарында 12 пұтқа сәйкес өлшем.
2. Батман (Cевортян ) –белгісіз, салмағы ауыр қандайда бір нәрсенің
саны.
3. Батман-екі десятинаға жуық жер өлшемі.

Ал өзбекше-орысша сөздік : “ботмон, доссор-өте үлкен, ауыр” деп
берілген.
Шағатай кітаби тілінде түркімендер, османдықтар, хиуалықтар мен
қазандықтар батпан деп, 4 пұт салмақты айтқан. Қазандықтар батпанды салмақ
өлшемі мен жер мөлшері мәнінде де, яғни “ жарты десятина” мағынасында
қолданылады.
Батпанның шығу төркіні туралы Г.Г.Ахметьяновтың берген мәліметі қызық.
“Татар тілінде батпанға балды сақтау үшін және балдың салмақ мөлшерін
білдіру үшін ерте уақыттарда бүтін ағаш дінінен ( өзегінен ) жасалған ыдыс
ұғымы сәйкес келеді. Ол 12 фунт бал 4 пұт бидайға тең болған, Еділ бойы
халықтары үшін ол кезде фунт пен пұт сөздері белгісіз 6болған. Осыған орай
бал 116 сәйкестікте бидайға айырбасталған болар дейміз”-дейді.
Батман атауы башқұрт тілінде “төгілген заттарды өлшейтін ежелгі салмақ
өлшемі” деп көрсетілсе, татар диалектісінде “бір батманға сәйкес келетін
шашылып-төгілетін заттардың да ыдысын батман” деп көрсеткенін атайды.
Мұнымен қатар батман атауы башқұрт тілінде де “сауыт” (колчан) және “салқын
қойма” (погреб) деген мағынада қолданылатыны да кездеседі. Ғалымның
пікірінше , батман атауының шығу төркіні араб-парсы тілдерінен енген болуы
мүмкін. Өйткені батман атауының алғашында айтқан татар-башқұрт тілдеріндегі
“балды өлшеу үшін жасалған ағаш ыдыс”, қарашай-балқар тілдерінде “себет” (
корзина ) , ыдыс, құмық тілінде “топырақтан құйылған ыдыс, жүннің салмақ
өлшемі” деген нұсқалармен байланысы бар деген пікір айтады. Ғалым батман
атауының шығу тарихын безмен атауымен де байланыстырады. Безмен атауының
Скандинав және Герман тілдерінде кездесуіне қарағанда, бұл тілдерге араб,
түркі тілдерінен енген болса керек.
Э.Севортян бұл сөздің әр тілде әртүрлі дыбыстық өзгеріске ұшыраған
түрлерін көрсетіп, салмақ, ыдыс, жер өлшемдерінің мағыналары бар екендігін
айта отырып, ғалым Ф.Миллочиштің батпан сөзін безмен сөзімен салыстырғанын,
бұндай салыстыруды М.Рясенен де қолдағанын айтады. Севортян өз сөздігінде
Рясененнің де пікірін келтіреді : “ М. Рясенен также прибегает к этому
сопостовлению исходя из чувашского pasma , pasman ( a ) старая мера для
зерна, примерно 4 пуда восходящего по автору, к древней форме basma ( n )
источником которого может перс. varnan ар. wasn “вес”.
Безмен атауы ежелгі түркі тілдерінде де кездеседі. Мәселен, чуваш
тілінде- “пасман, barman 4 пудқа тең салмақ өлшемі”, солтүстік кавказ
тілдерінде- “бозман”, сібір татарларының диалектісінде-“басман, 10-12
фунтқа тең” т.б. Осыған қарағанда ежелгі түркі тілдерінде “beriman (
bediman ) betiman” вариантында кездескен атаулардың прототипі санскрит
тіліндегі “pariman,” “parimana” сөздері болуы мүмкін. Өйткені бұл сөздердің
де мән-мағынасы өлшемге қатысты “ пропорция”, “номер”, “баға”, “ұзындық”,
“булавайды” өлшеуге арналған , “ұшында кірі (чер) бар жіп” немесе “таяқ”
дегенді білдірген. 12 101
Батман атауы туралы белгілі ғалым Вальтер Хинц “Мусульманские меры и
веса с переводом в метрическую систему” деген мұсылман халықтарының
өлшем бірліктерін жүйелі түрде зерттеген еңбегінде : “ Точный размер и
происхождение манна в 47-49,5 фунта позволил установить анализ восточных
источников. Оказалось, что манн бухарско-самаркандского происхождения,
равный 4000 мискалей по 5,0 г, т. е. 20 кг. В Хорезме он был пересчитан в
местные хорезмискийе мискали по 4,53 г, которых в нем оказалось 4416. Этот
манн употреблялся в Хиве, Хазараспе, Ургенче, Кунграде, Бишарыке, Шурахане,
Шейх-Абасс-вали ( Шаббазе) манн был в два раза тяжелее, т. е. 40 кг.
В русских источниках XVII века имеются следующие сведения о хивинских
батманах ( маннах ) того времени : “ Сообщения Ивана Федотьева и братьев
Пазухиных совпадают, следовательно существование в Хиве XVII века манна в
10 русских гривенок не вызывает сомнений.
А. Грибов свидетельствует о несколько более тяжелом манне.
Сосуществование более двух близких по весу маннов само по себе не
исключено, но не следует упускать из виду возможность неточной информации
А. Грибова. 10 85-86
Жырларда кездесетін тағы бір өлшем атауы- құлаш .

Төсекте жатып Қызыл ер
Қобландыны көреді
“Аяғыммен күрес”,- деп,
Бір аяғын береді
Алпыс құлаш ала арқан,
Қызыл ердің ілулі
Босағада тұр еді. Қобыланды батыр.

Қ.Т.Т.С-де : “ Иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы “ 5
458
Бұл атауды тарихи тұрғыдан қарастырсақ, түркі тілдеріне ортақ екенін
байқаймыз. М. Қашқари XI ғасырдың өзінде кулач сөзі қол +а+ч, яғни қолды
аш, қолды жаз және қол+аш деген есім мен етістіктің бірігуінен жасалған деп
жобалайды.
Көшпенділер өмірінде өлшемнің нақты метрикалық жүйесіне түскенге
дейінгі өз қызметін өнімді атқарған, бұл атау 1838 жылғы мәлімет бойынша
Ферғана құлашы 166-170 см. болса, Қазақстанда қолданылып келген Бұхар
құлашы 142 см-ге тең екен. Құлаш- сауда-саттық жұмысында, тұрмыста, тіпті
салық өткізу кезінде кеңінен пайдаланылғанын зерттеу материалдары дәлелдей
түседі. 13 63

Сол уақыттар болғанда,
Топ қара ағаш қасынан,
Бір шеңгелдің басынан
Иіліп келіп бір шыбық,
Маңдайынан тіреді.
Жазайыншы дегенде
Екі елі батып кіреді. Алпамыс батыр.
Осы өлшем бірлігіне Қ.Т.Т.С-де : “ Саусақтың көлденең ұзындығы,
қалыңдығы, ені ( өлшем мөлшері, өлшеу бірлігі ). 5 331
Түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл атау
туыстас түркі тілдерінің біразында әртүрлі фонетикалық варианттарда
кездесетіні анықталып отыр. Мәселен, алтай тілдерінде- ely, elii,өлy
olii, татар, башқұрт тілдерінде-илі, ілі, иллі іllі, илиғ ilir, тува
тілінде- ilirilig, қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ тілдерінде елі түрінде
ұшырасады.
1 . Бұл атау түркі тілдерінің көпшілігінде әртүрлі фонетикалық
вариантта кездесіп,” саусақтың ені, саусақтың қалыңдығы”- деген мағынаны
білдіреді.
2 . Алтай тіліндегі елі атауы орыстың 4,4 см. шамасындағы көне
ұзындық өлшемі вершокқа сәйкес келеді. К. К. Юдахинның орыс-қырғыз
сөздігінде еліге 4,4 см-ге барабар ұзындық өлшемі деген түсініктеме
берілген. Э. В. Севортян өз сөздігінде елі атауына берілген Броккельманның
пікірін құптап, елі атауының мағынасы алақанның еніне сәйкес келетін
өлшемдік бірлік- дейді. 12 466
Елі атауының генетикалық коды жалпытүркілік қол мағынасын білдіретін ел
атауымен байланысты. Түркі тілдерінде түбір ел атауы төрт аяқтылардың
алдыңғы аяғы және қол, саусақ, алақанның ені дегенді білдірген. Осыған
қарағанда тіліміздегі өлшемдік мәнге ие елі атауының шығу төркінін қол,
саусақ мағынасын білдіретін түркі тілдеріндегі alik, ilik, илгек, aliч
сөздерімен ұштас болуы мүмкін деген пікір айтады. 9 45

Келесі өлшем атауларының бірі - аршын.

Талайдан бермен жұмсаған,
Қан көрмесең – сусаған,
Қанға тойсаң – жусаған,
Тауға салсам - тас кескен,
Кеудеге салсам –бас кескен,
Алты аршын ақ болат,
Қынаптан алып суырып,
Шаба алмасам, маған серт Ер Тарғын.
Метрге жуық ұзындық өлшемі, кез. 5 Қ.Т.Т.С. 355
Түркі тілдерінің көпшілігінде бұл сөз әртүрлі фонетикалық вариантта
кездеседі. Татар, башқұрт, өзбек, қарақалпақ, қырым татарлары, әзербайжан,
түрік тілдерінде –аршин, аршын ( arsin ), якут тілінде – ассы : н ( arsi :
n ), чуваш тілінде – аршан ( apsan ).
Э. В. Севортяннің сөздігінде бұл атаудың төмендегідей мағыналары
көрсетіледі :
1 . Шынтақ ( локоть ), ұзындық өлшемі.
2. 40, 65, 75, 100 сантиметрге тең ұзындық өлшемі. Этимолог ғалымдар
аршын атауын парсы тілдерінен енген, ол тілдерде де аршын – зат есім сөз,
ұзындық өлшемін білдіреді, - деп топшылайды. 12 183
В . Г. Егоров аршын атауын парсы тіліндегі арадж, арандж тұлғасында
қолданып, шынтақ деген мағынаны білдіреді. Түркі тілдеріне сол тілден
ауысқан – дейді. 14 33
Сондай – ақ , бұл атау монғол, бурят тілдерінде де аршан, аршам
тұлғаларында кездесіп, осы өлшемдік мағынада қолданылады. Жалпы бұл ұзындық
өлшемін білдіретін атау шынтақ мағынасында, славян тілдеріне де енген деген
пікірді зерттеуші ғалымдардың көпшілігі құптайды. Түркі тілін
зерттеушілердің көпшілігі бұл ұзындық өлшемін білдіретін атау славян
тілдеріне түркі тілдерінен ауысқан деп жобалайды. Мәселен, Н. К. Дмитриев
орыс тіліндегі аршин атауын бұл тілге татар тілінен енгендігін нақты
мысалдармен көрсетеді. Г. Я. Романова “Найменования мер длины в русском
языке” деген еңбегінде : XV ғ. соңында орыстың жазба ескерткіштерінде аршин
атауының қолданыла бастауына мынандай уәж келтіреді : “ Москва мемлекетінің
Польша – Литвалық грамматикасында князь Иван Васильевичтен король Казимирге
жіберілген қонақтардың тізімі көрсетілген. Мұнда Каф қаласынан тауармен
шығып, Литва қалаларында тонауға ұшыраған керуендердің кейіннен тізімдеп,
тауарларын санай бастағанда, осы тізімнің ішінен алғаш рет аршын сөзін
кездестіреді. Мұнда ол “Кафин аршыны” деген тіркеспен берілген сөздің
“матаның ұзындық өлшемі” мағынасын береді - деп көрсетеді. Бұл атаудың
шығу төркіні жөнінде зерттеу жүргізген ғалымдардың көпшілігі парсы тілінен
түркі тілдеріне түбір формада арш болып еніп, -ын, -ун қосымшалары
жалғанып, кішірейту – ұқсастыру мағынасын берген деп тұжырымдайды. Ә.
Нұрмағанбетов парсы тіліндегі “әрш” сөзі бізде “шынтақ” деген мағына
береді, кейде шынтақ пен саусақ ұшына дейінгі аралықты да арш деп атаған.
Осы түбірдің біріне = ын жұрнағы қосылып, аршын атауы пайда болған дейді. 9
71
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты. Ер Тарғын.

Осы жолдардағы қарыс өлшеміне Қ. Т. Т. С – де : “ бас бармақ пен
ортаңғы саусақтың аралығымен өлшейтін ұзындық өлшемі. 5 119
М. Қашқари сөздігінде “қаruч қарыс хаrus” сияқты фонетикалық
варианттарда кездеседі. М. Қашқари сөздігінде “қаruш” түрінде ұшырасып,
“bir karur” деген мысал келтірілген.
Ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауының шығу төркіні туралы
пікірлерде бірізділіктің жоқ екенін байқаймыз. Көптеген зерттеушілер бұл
атау – ежелгі ұзындық өлшемі, яғни бас бармақ пен ортаңғы саусақты
жазғандағы аралығы дей отырып, түркі тілдерінің біразында кездесетін зат
есім сөз – “қар”, “қары” атауымен байланыстырады. Қары түркі тілдерінің
кейбірінде “шынтақтан иыққа дейінгі аралық бөлік” дегенді білдіреді. Қары
сөзіне өнімсіз = ич жұрнағы жалғану арқылы көптеген түркі тілдерінде
әртүрлі фонетикалық вариантта кездесетін қарыш, қарыс, қарыч атаулары
жасалған деп тұжырымдайды. Мұндағы ш – с дыбыс сәйкестігі арқылы қазақ
тіліне қарыс болып өзгергенін байқауымызға болады. Е . Жанпейісов өз
монографиясында Э. Севортян : “ Ежелгі “ қары ”атауын - ыш, -ыс, -ис, - с
жұрнақтары арқылы зат есім жасай отырып, бұрынғы мағынасының үстіне қосымша
ұқсастыру, кішірейту мағынасын үстейді”.
Осы пікіріне сүйене отырып, ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауының
семантикалық құрылымын құлашпен, аршынмен, қарымен, шынтақпен, сүйеммен
салыстырғанда ұзындықтың кіші ширегін ( шынтақтың 4 1 бөлігі білдіреді,
- деген қорытынды ұсынамыз.
Түрколог ғалым К. Дыйканов қарыш ( с ) атауына мынандай түсініктеме
береді : ”Бұл сөз екі морфемадан тұрады, алғашқы морфема “қар “ “қол
“деген мағынаны білдірсе, екінші морфема – “иш” ( ич ) “қолдың ішкі бөлігі”
деген мағынаны білдіреді, екеуі қосылып “қолдың ішкі бөлігінің ұзындығы”
екенін анықтайды.
Қарыстың шығу төркіні туралы Ә. Нұрмағамбетов : “ қарыс сөзі парсы
тілінде “ ғәрыс “ тұлғасында ұшырасып, “ен, енділік” деген мағынаны
білдірген, қазақ тіліне қарыс қалпына дейін өзгеріске ұшыраған”.
Өлшемдік мәнді білдіретін бұл атаудың түркі тілдерінде кейбір
мағыналық ерекшелігін де байқауға болады. Өзбек тілінде қарыс атауы 140 –
145 см – ге тең ұзындық өлшемі шынтақтан саусақ ұшына дейінгі аралық. – деп
көрсетілген. 9 95

1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Батырлар жырын оқыту
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
Пәндер