Ішкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу



Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынастарға өту жағдайында есеп жүргiзу әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi өзгерiстер орын алды.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап бухгалтерлiк есеп Стандарттары және субъектiлердiң қаржылық – шаруашылық қызметi счеттарының Бас жоспарының әрекетке енгiзiлуi, сондай – ақ қаржылық есеп беру формаларын халықаралық стандарттар талабына сәйкестендiру ұйым мүлкiнiң жағдайын есепке алудың дәстүрлi әдiстерiне жаңаша көзқарасты өңдеу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Мұндай көзқарас шаруашылық жүргiзушi субъекттер арасында қалыпты байланыстардың дамуына ықпал ететiн қаржылық есептiң шынайлығын анықтау үшiн қажет, сондай –ақ бұл әрiптестердi таңдауға негiз болады, өндiрiстiк циклға ағымдағы бақылау мен үздiксiз мониторинг жүргiзуге, ақпаратты пайдаланушыларға өз мүлкiнiң жағдайын неғұрлым толық және шынайы бағалауға мүмкiндiк бередi.
Ешбiр ұйым өз мүлкiнiң талан – тараж болуын қаламайды. Алайда, қазiргi кезде ұйымды мүддесi ортақ бiртұтас ұжым ретiнде қарастыруға болмайды. Себебi бiз құрылтайшыларға, яғни ұйымның иелерi мен оның жалдамалы жұмысшыларына бөлiнемiз. Осыған байланысты түгендеуге кәсiпкердiң жеке
Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Ә. Әбдiманапов. «Бухгалтерлiк есеп теориясы және принциптерi» Алматы 2001 жыл
2. А.А. Сәтмырзаев, Б.Е. Укашев «Аудит теориясы» Алматы 2000 жыл.
3. Ф.С. Сейдахметова «Документирование и инвентаризация бухгалтерского учета». Учебное пособие Алматы 2001 жыл.
4. Э. Нурсеитова. Внутрихозяйственный расчет. Инвентаризация имущества предприятия. Вестник предпринимателя. 2000 жыл, № 1. С.24-26.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Iшкi бақылаудың негiзгi элементi – түгендеу.

Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынастарға өту
жағдайында есеп жүргiзу әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi өзгерiстер
орын алды.
1977 жылдың қаңтар айынан бастап бухгалтерлiк есеп Стандарттары және
субъектiлердiң қаржылық – шаруашылық қызметi счеттарының Бас жоспарының
әрекетке енгiзiлуi, сондай – ақ қаржылық есеп беру формаларын халықаралық
стандарттар талабына сәйкестендiру ұйым мүлкiнiң жағдайын есепке алудың
дәстүрлi әдiстерiне жаңаша көзқарасты өңдеу қажеттiлiгiн туындатып отыр.
Мұндай көзқарас шаруашылық жүргiзушi субъекттер арасында қалыпты
байланыстардың дамуына ықпал ететiн қаржылық есептiң шынайлығын анықтау
үшiн қажет, сондай –ақ бұл әрiптестердi таңдауға негiз болады, өндiрiстiк
циклға ағымдағы бақылау мен үздiксiз мониторинг жүргiзуге, ақпаратты
пайдаланушыларға өз мүлкiнiң жағдайын неғұрлым толық және шынайы бағалауға
мүмкiндiк бередi.
Ешбiр ұйым өз мүлкiнiң талан – тараж болуын қаламайды. Алайда,
қазiргi кезде ұйымды мүддесi ортақ бiртұтас ұжым ретiнде қарастыруға
болмайды. Себебi бiз құрылтайшыларға, яғни ұйымның иелерi мен оның
жалдамалы жұмысшыларына бөлiнемiз. Осыған байланысты түгендеуге кәсiпкердiң
жеке қаражаттары мен жоғары пайызбен алынған несиелерi салынған меншiктi
мүлiктiң дұрыс сақталуын қамтамасыз ететiн әдiс ретiнде қарау керек.
Бухгалтерлiк есеп шаруашылық қорлары және олардың қалыптасу көздерi
құрамындағы, шаруашылық процестер мен олардың нәтижелерiндегi орын алатын
барлық өзгерiстердi дер кезiнде және дәл көрсетуге арналған. Есеп
мәлiметтерi шаруашылық қорларының нақты көлемiне сәйкес болуы керек, бiрақ
тәжiрибеде айырмашылықтар болып тұрады. Айырмашылықтар табиғи шығын,
тауарлы – материалдық құндылықтарды тасымалдау, өлшеу құралдарының
жарамсыздығы, операцияларды рәсiмдеу кезiндегi арифметикалық қателер және
материалды жауапты тұлғалар мен бөгде кiсiлердi қызмет бабын пайдалана
отырып зиянкелтiруi нәтижесiнде пайда болады. Бұл есеп мәлiметтерiн нақты
мәлiметтермен үнемi салыстырып отыру қажеттiгiне алып келедi, сондықтан
бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiнiң шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында
әрбiр шаруашылық жүргiзушi субъект мүлкi мен қаржылық мiндеттемелерiн
түгендеп отыруға мiндеттi.
Ресейлiк әдебиеттерде түгендеу – бұл материалды жауапты тұлғалардың
жауапкершiлiгiндегi нақты мүлiк пен қаржылық мiндеттемелер көлемiн анықтау
деген түсiнiк берiлсе, Қазақстандық әдебиеттерде түгендеу – негiзгi
құралдарды, материалдық емес активтердi, тауарлы – материалдық
құндылықтарды, аяқталмаған өндiрiстi, ақша қаражаттарын, есеп айырысуларды
салыстыруды көздейтiн бухгалтерлiк есеп әдiс элементтерiнiң бiрi деген
анықтама берiлдi.
Түгендеу жұмыстары меншiк формасына, қызмет түрiне, жұмыс iстеу
ырғақтылығына байланыссыз барлық шаруашылық жүргiзушi субъекттерде
жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есептiң № 24 ,,Мүлiктер мен мiндеттемелерге түгендеу
жүргiзу тәртiбi жайлы,, стандартының әдiстемелiк нұсқауына сәйкес түгендеу
жылына 1 рет жылдық есеп беру алдында, ал iрi субъектiлер үшiн 1 қазанда
жүргiзiлуi керек. Түгендеу келесi жағдайларда жүргiзiледi:
- материалды жауапты тұлғалардың өзгеруi;
- төтенше жағдайлар;
- бухгалтерлiк есеп пен қойма есебiнiң мәлiметтерi арасында ауытқулар жайлы
хабар анықталғанда,
- ұйым тарату кезiнде жойылу балансын жасар алдында Түгендеу барысында
келесi мiндеттер шешiледi;
- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақты мөлшерi мен сақталу
жағдайы анықталады;
- есеп айырысу операцияларының есепте дұрыс көрсетiлуi бағаланады;
- субъектiге қажетсiз немесе сапасыз құндылықтар анықталады;
- материалдық құндылықтардың дұрыс сақталмау фактiлерi анықталады;
- қойма ғимараттары мен құрал – жабдықтарының жағдайы тексерiледi;
- материалды жауапты тұлғалардың жұмысы қадағаланады;
- құндылықтардың жетiспеушiлiгi мен басқа да шығындар, мүлiктiң тоналуы
т.б. анықталады;
- бастапқы бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережелерiнiң сақталуы тексерiледi;
- бастапқы бухгалтерлiк есеп сапасы бағаланады.
Түгендеу жұмыстары белгiлi бiр тәртiпте жүргiзiледi. Шартты түрде бұл
процесстi бiрнеше кезеңге бөлуге болады: даярлық, түгендеу жүргiзу,
рәсiмдеу, нәтижелерiн анықтау және есепке алу, шешiм қабылдау.

Түгендеу дегенiмiз - қоғамдық меншiктiң сақталуын, есеп мәлiметтерiнiң
дәлдiгiн және толықтығын тексеретiн тәсiл немесе түгендеу шаруашылық
өндiрiс құралдарының түрлерiн және олардың қайнар құралу көздерiн бiр
мезгiлде нақтылай барын тексеру. Түгендеудiң негiзгi мақсаты қоғамдық
меншiктiң сақталуын анықтау. Түгендеу арқылы өздiгiнен кемiген материалдық
құндылықтарды, ұрланған немесе жоғалған заттарды анықтап бiлiп отырамыз.
Құндылықтардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етiп отыру, бұл үрдiстi
басқару, күнделiктi бақылау жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Кейде
шаруашылық өмiрде кездесетiн апат, төтенше жағдай (өрттен, су тасқынынан,
ұрлықтан) себептерiне байланысты түгендеу жұмысын жүргiзу қажеттiгi
туындайды. Түгендеу жұмысы көлемiне қарай – толық және жекелеген объектiлер
бойынша түгендеу болып екi топқа бөлiнедi.
Толық түгендеу кәсiпорынның барлық қаржы – шаруашылық қызметi
деңгейiнде жүргiзiледi. Толық түгендеу бiр жылда бiр рет, әдетте жылдық
қорытынды есеп жасаудың алдында, бiрiншi қаңтарға қарай орындалады.
Бухгалтерлiк есеп объектiлерiнiң жекелеген учаскелерiндегi
құндылықтарды түгендеудi нысанды түгендеу деп те атайды.
Мысалы, кәсiпорын басшысы қолда бар барлық мүлiктер мен активтердi
түгендеудi бұйырса, онда мұндай түгендеудi толық түгендеу, ал шикiзат
қоймасындағы құндылықтарды түгендеудi бұйырса, онда бұл түгендеудi нысанды
түгендеу немесе бөлiп түгендеу деп те атайды.
Түгендеудiң келесi бiр түрi осы кәсiпорын иелiгiндегi құндылықтардың
орналасқан орнына қарай түгендеу. Мысалыға, жалға берiлген мүлiктердi,
сатып алушыларға жөнелтiлген тауарларды түгендеу т.с.с. Сонымен қатар
кәсiпорын өз қызметiн бастаудың алдында алғашқы кезеңдегi қолда бар
мүлiктер мен т.б. құндылықтарды түгендеп тексеру жұмыстары да жасалынуы
мүмкiн. Ағымдағы тiркеп түгендеу жұмыстары негiзiнен төмендегiдей
жағдайларда iске асырылады:
1. жасалған жоспар бойынша;
2. тауарлы – материалды құндылықтардың дұрыс сақталынбай, есебi
бұрмаланып, талан – таражға түсе бастағаны кәсiпорын басшыларына
хабарланған жағдайда;
3. төтенше жағдайға (өртке, су тасқыны) байланысты құндылықтардың
көлемiн анықтау;
4. құндылықтарды қайта бағалауда.
Түгендеудiң келесi түрi материалды жауапты адамдар ауысқан жағдайда
бұлардың жауапкершiлiгiнде қалатын құндылықтар дәлме – дәл түгенделедi.
Мiндеттi түрде жүргiзiлетiн түгендеудiң ең бастысы кәсiпорында
жайылып, банкротқа ұшыраған жағдайда орындалады. Банкротқа ұшырап,
тарқатылған кәсiпорын басқалар алдында берешек қарызға ұшырайды. Банкротқа
ұшыраған кәсiпорынға конкурстық басқарушы тағайындалып, бұл кәсiпорынның
мүлiктерiн сатып, басқалардың қарызын өтеу мақсаты қойылады.
Тiркеп түгендеу жұмыстары арнайы жасалған есеп саясатындағы ережеге
сай жүргiзiлуi керек. Бұл үшiн кәсiпорын басшысының шешiмiмен арнайы
комиссия құрылып, түгендеу жұмысының басталуы мен аяқтау мерзiмi
көрсетiледi. Комиссия құрамына есеп қызметкерлерi мен түгендеу жүргiзу
кезiндегi мәлiметтер салыстырылып, салыстыру ведомстысы жасалады.
Бухгалтерлiк есеп тәжiрибесiнде түгендеу жұмысын бастамас бұрын
барлық кiрiс-шығыс құжаттары толығымен өңделiп счеттарға түсiрiледi. Әрбiр
қолданбалы счеттар бойынша соңғы қалдық шығарылады. Түгендеу объектiсiне
жататын барлық құндылықтардың аттары мен сортына, саны мен сомасына қарай
жинағы шығарылады. Түгендеу жұмысы әрбiр қоймалар, сақтауда тұрған орындар,
есеп беруге жауапты әрбiр атқарушы адамдардың тiкелей қатысуымен
жүргiзiледi. Салыстыру ведомостысы жасалып, бұл құжатқа комиссия мүшелерi
қолдарын қояды. Түгендеудiң нәтижесiнде артық не кем шыққан құндылықтардың
саны мен сомасы, мұндай жағдайлардың себебi анықталады. Кем немесе артық
шыққан құндылықтардың себебi анықталғаннан соң арнайы құрылған әлгiндегi
комиссия шешiм қабылдайды. Мысалға, табиғи жағдайларға байланысты, нормадан
тыс жетпей қалушылықтан пайда болған сома кәсiпорын басшысы шешiмiне қарай
шығындар құрамына жазылады. Талан – таражға түсiп, ұрланған, себепсiз
бүлiнген құндылықтар сомасы жауапты адамдардың есебiне өндiрiледi. Егер
нақтылы жауапты адамдар анықталмаған жағдайда кем шыққан құндылықтар сомасы
шығындар құрамына жазылады.
Кем шыққан, жоғалған, ұрланған, бүлiнген, табиғат апатынан т.б.
жағдайлардан орын алған тауарлы материалды құндылықтар есебiн жүргiзуге
арналған счеттардың кредитiнен өндiрiстiк шығындар есебiн жүргiзуге
арналған счеттардың дебетiне жазылады. Түгендеу кезiнде әртүрлi себептермен
артық шыққан құндылықтардың сомасы қайта кiрiске алынып, шығындар есебiн
жүргiзуге арналған счеттардағы соманы азайтады.
Бухгалтерлiк есеп жүйесiндегi түгендеу принципi – қаттау – тiркеу құжатын
жүргiзу жолдарымен жүзеге асырылады. ,, Қаттап – тiркеу ,, деп ат қойылған
құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап – тiркеу құжатын iске
асыру арқылы белгiлi жағдайды сипаттап салыстыруға, қолда бар
құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактiлер
дәрежесiн анықтауға болады. Белгiлi бiр объектiлердегi құндылықтарды қаттап
– тiркеу үшiн, бұл объектiлердiң ерекшелiк жағдайларын (қойманың, цехтiң,
ферманың, жөндеу хананың т.б.) бiлген жөн. Қаттап – тiркеу фактiсiнiң
негiзi – натуралдық өлшем бiрлiгiндегi құндылықтар.
Натуралдық өлшем бiрлiгi ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап,
экономикалық қабатқа түсiп, кәсiпорынның тауарлы – материалды құндылықтарын
– ресурстарының жағдайын көрсетедi. Сонымен қатар түгендеп – қаттау құжаты
құқықтық құжат болып танылып, кәсiпорын деңгейiндегi жауапты адамдардың
жауапкершiлiк деңгейiн көрсетедi.
Қаттап - түгендеу принципiнiң түпкi мақсаты қолда бар нақтылы
құндылықтар мен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiндегi құндылықтардың айырымын,
салыстыру ведомстарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап – түгендеу
объектiсiне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелiнуiн
түгендеу үшiн натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды
шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, токсировкалау,
сандық өлшемдi ақша өлшемiмен көбейту әдiстерiн қолдану арқылы орындалады.
Сонымен, қаттап – түгендеу дегенiмiз натуралды қалдықтарды белгiлi бiр
кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады. Кәсiпорындағы жауапты қызмет
атқарушы адамдар мен бухгалтерлердiң жауапкершiлiгiндегi құндылықтардың бар
– жоғын түгендеу үшiн кәсiпорын басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап –
түгендеу үшiн iсiн iске асырады. Қаттап – түгендеу iсiнiң қорытындысы
шығарылып, артық не кем шыққан құндылықтардың көлемi салыстыру
ведомостысына жазылғаннан соң арнайы шешiм қабылданады. Кем шыққан, жетпей
қалған құндылықтарды есептен шығару үшiн меншiк иесiнiң келiсiмi немесе
соттың шешiмi шығарылады. Натуралды құндылықтар мен есеп мәлiметтерi
арасындағы айырым болуын есептеу кезiнде кеткен қателiктерден де
болатындығын есте сақтау керек.
Нақты бақылау бухгалтерлiк есепте және аудит барысында ерекше орын алатын
бақылау-тексеру әдiсi. Оның негiзгi мақсаты кәсiпорын мүлкiнiң нақты есебiн
алып түгендеу. Бухгалтерлiк есептiң күдiксiз дұрыс екенiн, аналитикалық
және синтетикалық есеп көрсеткiштерiнiң дұрыс екенiн тек қана нақты тексеру
арқылы сенiмдi түрде анықтауға болады. Ол өз кезегiнде шаруашылық
субъектiлерiнiң қорытынды ақпарат көрсеткiштерiн нақты тексеруге болады.
Нақты тексеру методологиясы сенiмдi, күдiксiз әдiс, сол осы арқылы ғана ар
шындықты анықтауға болады. Өз кезегiнде нақты тексеру үш түрге бөлiнедi:
түгендеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.
Түгендеу – инвентаризация. Бухгалтерлiк есепте және аудитте түгендеу
әдiсi ол, кәсiпорын мүлкiнiң, негiзгi құралдардың, тауардың, материалдың,
ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерiнiң нақты бiр
кезеңде түгендеу барысында бухгалтерлiк есеп көрсеткiшiне сайма-сай дұрыс
екендiгiн анықтайды. Түгендеу процесiнiң қорытындысы, бухгалтерлiк есеп
көрсеткiшi мен нақты тексеру құжаты инвентарлық тiзiмде анықталған
сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни, бухгалтерлiк есеп көрсеткiшi
тiзiмi қорытындысынан артық болса, оның айырмасы жетпеген соманы көрсетедi.

Аудит барысында түгендеу процесiне тiкелей бақылау жасалынады.
Себебi, көп жағдайда есеп процесiндегi кемшiлiк немесе қиянатшылық осы
түгендеу процесiнде анықталады, екiншiден барлық бухгалтерлiк есеп
көрсеткiштерiнiң дұрыстығы көп жағдайда осы түгендеу қорытындысымен
тiкелей байланысты болады. Осы орайда, ерекше орын алатын есеп процесi ол
қоймадағы тауардың, материалдың аналитикалық есебi. Оны жүргiзу әдiсi
қазiргi кезде есептеу машинасы арқылы немесе компьютер қолдану арқылы, ал
көп жағдайда қолмен есеп карточкалары арқылы жүргiзiледi. Аудит барысында
аналитикалық есеп жұсысын тексеру өте күрделi процесс. Ол жұмыста қате
жiберiлсе немесе әдейi өзгерiстер енгiзiлсе оның кәсiпорын шаруашылығына
тигiзетiн әсерi өте күрделi. Соның салдарынан өндiрiс процесiнде
толқушылық, өндiрiс өнiмнiң сату қуатының өзгеруiне жалпы шаруашылық
қаржылық – табыстылық жағдайына әсерiн тигiзедi. Мысалы, өндiрiске қажеттi
материалдың сапалылығы өзгертiлсе оның бағасы да өзгередi. Ал, ол
өзгерiстер материалдарды кiрiс – шығыс жасауда құжатқа бiр бағамен, басқа
сапамен тiркейдi де аналитикалық есепте басқа бағамен басқа сапамен есепке
алынады. Соның әсерiнен бухгалтерлiк есеп көрсеткiшi мен аналитикалық есеп
көрсеткiштерiнiң арасында көптеген айырмашылықтар болады да ол бұзақылық
немесе заң бұзушылық, қылмыс жасаушылардың еншiсiне немесе пайдасында
қалады. Яғни, соның нәтижесiнде шаруашылықтағы субъектiлер, оның
сыбайластары көп зиян шегедi.
Кәсiпорын экономикасында материалдарды, тауарды түгендеу сияқты
негiзгi құралдарды түгендеу де жүргiзiледi. Оның тек негiзгi құралдық
бухгалтерлiк есебiндегi ерекшелiктерiне сәйкес өзiндiк айырмашылығы болады.
Мысалы, түгендеу тiзiмi негiзгi құралдың аналитикалық есеп карточкалары
арқылы толтырылады. Сол сияқты ақша қаржысы мен құнды қағазды түгендеу
процесi де өзiнiң бухгалтерлiк есеп, ереже – нұсқау талаптарына сәйкес
жүргiзiледi.
Шаруашылық субъектiлерiнiң есеп айырысу әрекетiне түгендеу жүргiзу
өте күрделi, оның тауарлары аудит жұмысы үшiн өте қажет. Егер де
жабдықтаушыға алған тауары үшiн төлем жасалмаса немесе сатып алушылар алған
тауарына төлем жасамаса ол кәсiпорынның қаржылық, табыстылық жағдайы туралы
жұмысын тексеру мүмкiн емес.
Қорыта келгенде аудитор түгендеу жұмысы туралы өзiнiң қорытындысын
жасайды. Ал, кездейсоқ, өрескел жағдайлар анықталса тапсырушыға арнайы әр
фактiлер туралы жеке-жеке анықтама жасап тапсырылады, ол бiрақ аудиттiң
құпиялық принципiн сақтау тәртiбiмен жүргiзiледi.
Сараптап анықтау. Нақты тексеру барысында сараптап анықтау әдiсi
негiзiнде өндiрiс барысын бақылау ретiнде қолданылады. Оның iшiнде өндiрiс
технологиясының дұрыстығы, өндiрiске жiберiлетiн шикiзаттардың,
материалдардың, өндiрiс технологиясының талабына лайықты екенiн, жаңа өнiм
сапалылығын сараптау, өндiрiс процесiндегi шикiзат пен материалдардың
қосалқы шығынын сараптау тағы сол сияқты көптеген процестерге сараптау
жүргiзiледi.
Бақылау – анықтау әдiсi – бұл да нақты тексерудiң бiр түрi. Оның
негiзгi мақсаты күнделiктi шаруашылық барысын тексеру, бақылау жасау.
Мысалы, күнделiктi өндiрiс барысына бақылау жасау, еңбек жұмыс тәртiбiн
бақылау, материалдар тасу, дайын өнiмнiң сатылу барысын олардың қоймада
сақталу тәртiбiн бақылау.

Iшкi аудит бұрын қалыптасқан iшкi бақылау жұмысының жүйесiне жатады.
Оның ерекшелiгi кәсiпорын шаруашылығына iшкi бақылау арқылы тәуелсiз қызмет
көрсету. Iшкi бақылаудың тәуелсiздiгi сыртқы бақылау тәуелсiздiгi сияқты
өте қажет жұмыс тәртiбi. Сырттан қарағанда iшкi бақылаудың тәуелсiздiк
сақтауы мүмкiн емес сияқты. Соған қарамастан iшкi бақылау өзiнiң жұмысы,
ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестiгiн сақтайды.
Аудит қызметi қалыптасқан елдерде iшкi бақылау, үлкен және орталау
шаруашылық субъектiлерiнен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшелiктерi:
1. шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары, әкiмшiлiктерi iшкi бақылау қажет
деп тапқан жағдайда өзiне , iшкi тобын құруға шешiм қабылдап, аудиторлық
куәлiгi бар маман iздейдi;
2. аудитор маманы мен кәсiпорын басшылары келiсiм – шарт жасасып:
а) аудитор тобының атқаратын қызметiн нақты анықтайды ;
б) жұмыс атқару тәртiбi, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының мiндетi
нақты көрсетiледi ;
в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.
Бұл келiсiм – шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретiн
жағдай аудитор тобы келiсiм – шартта көрсетiлген еңбек ақысы туралы
тапсырушыға тәуелдi емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесi аудит қызметiне
ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Сондықтан да, iшкi бақылау тобы өз қызметiн
жүргiзуде, барлық өзiне қажет мәлiмет жинауда кәсiпорын басшыларынан
ешқандай қысым немесе тергеушiлiк кездестiрмейдi. Тағы да iшкi бақылау
тобының тәуелсiздiгi жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы
iске алады. Себебi, iшкi бақылау тобы өз жұмысы туралы тiкелей жоғарғы
сатыдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру
Дайын өнімнің аудиті
Өндірістік цикл аудиті
Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Валюталық операциялар жөнінде түсінік
Ішкі аудитті өткізу
Қаржылық бақылаудың әдістері
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Пәндер