Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы адам капиталының рөлі



КІРІСПЕ

1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Бәсекеге қабілеттілік: түсінігі, пайда болуы және шарттары
1.2. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттің рөлі
1.3. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық қамтамасыз ету жолдары

2. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫНЫҢ РӨЛІ
2.1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды бағалау өлшемдері
2.2. Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы адам капиталының орны
2.3. Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру
2.4. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бәсекені дамыту болашағы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5-29
1.1. Бәсекеге қабілеттілік: түсінігі, пайда болуы және шарттары 5
1.2. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттің рөлі 15
1.3. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық
қамтамасыз ету жолдары 25

2. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АДАМ
КАПИТАЛЫНЫҢ РӨЛІ 30-52
2.1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды бағалау
өлшемдері 30
2.2. Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы
адам капиталының орны 36
2.3. Әлемдік экономикадағы білім беру прогресінің үрдістері және
білім саласындағы адам дамуы принциптерін іске асыру 41
2.4. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бәсекені дамыту болашағы
47

ҚОРЫТЫНДЫ 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 55

КІРІСПЕ

Еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету
механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың
тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Осындай басты
рыноктық экономика элементтерінің бірі бәсеке болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың
негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен
кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды
орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік
және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін
арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының
нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады. Немістің белгілі
экономист-ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестіктің экономика үшін қажеттілігін
келесі жолдармен көрсетеді: “...рыноктық шаруашылық және оның қызмет ету
механизмі еркін бәсекелестіктен ажырап қызмет етуі мүмкін емес”. Бәсекенің
экономикалық табиғаты жеке меншіктік қатынастармен тығыз байланысты болады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың өткен
жылғы “Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және
бәсекеге қабілетті халық” атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін
өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың
бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде дамып, әлемдегі дамыған елдер
қатарына қосылу керектігін атап көрсеткен болатын 1.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткізуінің өзі
бәсекеге қабілеттіліктің қалыптасуы мен дамуы есебінен болып отыр.
“Қазақстан-2030” даму стратегиясында жеке меншік құқығын қамтамасыз ету,
сондай-ақ рынокта еркін бәсекелестік ортаны қалыптастырып және
антимонополиялық реттеуді сенімді түрде жүргізу керектігін атап өткен.
Қазіргі кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгілейтін тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп айту қиындау. Өйткені фирмалар белгілі бір
рынокта, белгілі бәсеке жағдайында және белгілі рынок құрылымының негізінде
әрекет жасайды.
Еліміздің рыноктық қатынасқа өтуі, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрі қалыптасып және олардың қызмет
ету механизмі күрделене түсті. Рынок құрылымы негізінен мынадай түрлерден
тұрады: жетілген бәсеке нарығы, монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
Рынок құрылымдарының жіктелуі фирмалардың саладағы санына, фирманың
көлеміне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңілдігіне немесе ақпараттың
қолда болуына байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бәсеке өз
кезегінде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негізгі элементі
болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты - ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты
дамуының бірден-бір жолы екендігін атап көрсету. Сонымен қатар, осы
мақсатқа жету үшін дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттерді
айқындап алу керек:
- бәсекеге қабілеттіліктің мәні және оның экономикадағы орнын
анықтау;
- рынок құрылымына байланысты бәсекенің ерекшеліктерін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекелік ортаның қалыптасуы мен даму
мәселелерін және оны шешу жолдарын қарастыру;
- адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустриалды-
инновациялық экономика жүйесін құрудың негізгі бағыттарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,
екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Бәсекеге қабілеттілік: түсінігі, пайда болуы және шарттары

Елдің бәсекеге қабілеттілігі - бұл ел экономикасының халықаралық
саудаға қатынасу, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап
тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі.
Бәсекелестік - екі немесе көп агенттердің олардың тарапынан қандай
да бір күш жұмсау арқылы қолжетімді болатын бір ғана шектеулі ресурсқа
бағытталған әрекеттері.
Бәсекеге қабілеттілік ұғымының әртүрлі анықтамалары бар. Мысалы,
америка авторларының пікірінше ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы
ұлттық экономиканың басқа елдерде өндірілетін тауарлар және қызмет
түрлерімен бәсекелестік күрес жағдайындағы тауар және қызмет түрлерін
өндіруі мен тұтынуына қабілеттілігі, бұған қоса мұның нәтижесінде
халықаралық экологиялық стандартты сақтай отырып, халықтың өмір сүру
деңгейі артуға тиіс. Ресейдің бірқатар ғалымдарының пікірінше білім деңгей
і- экономикалық инфрақұрылым-өмір сапасы күрделі жүйесіндегі интерактивті
байланыстар болмаған жағдайда өздігінен алғанда аса маңызды болып табылатын
сыртқы сауданың оң балансы да, оң төлем балансы да, алтын –валюта қорының
өсуі де бәсекеге қабілеттіліктің абсолютті жеткілікті критерийлері бола
алмайды. Қаралып отырған проблеманың Ресей экономикасы үшін XX ғасырдың 90-
жылдары өзектілігінің артуы ресейлік зерттеушілерінің назарының дәстүрлі
тиімділік проблемасынан бәсекеге қабілеттілік проблемасына ойысуына әкелді.
Ресейлік зерттеулер арасында РФ Сараптау институты мен Сауда-өнеркәсіптік
палатысының баяндамасы, РФ Монополияға қарсы саяат министрлігінің
еңбектері, сондай-ақ ғалымдардың бірқатар монографиялық зерттеулері ерекше
қызығушылық тудырады.
XX ғасырдың екінші жартысында бәсекелестік жаңа белгілерге толығады.
Біріншіден, бастапқы ашық нарықтардағы жеке тауар өндірушілердің еркін
бәсекелестігі әртүрлі формада біршама жабық нарықтардағы монополистік және
олигополистік құрылымдардың бәсекелестігімен үйлеседі. Екіншіден,
бәсекелестіктің бағалық әдістерінен бірте-бірте бейбағалық әдістерге қарай
жылысу байқалады, дегенмен де ақиқаттағы экономикаларда әрдайым бұлардың
үйлесіп отыруы байқалады. Үшіншіден, сұраныс құрылымының жаппай
біркелкілендірілген өнімді тұтынудың жеке тұтынушылық және инвестициялық
сұраныстарды қанағаттандыруға қарай өзгеруі бәсекелестік қарқынының
дамуымен байланысты әртүрлі бөліктерге ыдыраған нарықтардың туындауына алып
келеді. Бәсекеге түсуші субьектілерге түбегейлі өзгеріп отыратын сұраныс,
нарықтың біршама күрделі конфигурациясы жағдайында өндіріс өнімділігі және
еңбек пен капиталды тиімді пайдалануда қалыпты немесе одан жақсы
нәтижелерге қол жеткізіп отыру қажет. Тұтынушы үшін бәсекелестік уақыт
өткен сайын агрессивті сипат алып келе жатыр- ең күшті инноватор ғана өмір
сүре алады. Көп жағдайда бәсекелестік күрес жойқын сипатқа боялады. Осының
салдарынан бәсекелестер серіктестік қатынасқа түсетін бәсекеге
қабілеттіліктің жаңа, біршама жоғары деңгейі қалыптасады. Икемді
альянстардың құрылуы, бәсекелес- серіктестердің жаңа ғылыми- техникалық
жетістіктер, инновациялар, ноу-хаумен алмасуы оларды байытып, екі жақтың да
бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек. Бұлармен қатар мемлекет адал
бәсекелестікті қорғау үшін астам монополияланған альянстар құруды
зерттеудің жаңа тәсілдерін іздестіреді.
Индустриялдық қоғамдағы жиынтық сұраныстың өсуі мен материалдық
өндірістің тиімділігінің қарқынды артуы, бір жағынан, материалдық
қажеттіліктің өсуіне шектеу қойса, екінші жағынан, жұмыс күшінің едәуір
бөлігінің қызмет көрсету аясына құйылуына қолайлы алғышарттар жасады.
Өндірістік қоғам шеңберінде 21 ғасырдың ерекше белгісіне айналып отырған
постөндірістік кезеңге өтудің жағдайлары пісіп- жетіліп келеді.
Постөндірістік қоғам 20 ғасырдың 70- жылдарының ортасынан бастап
қалыптасып жатыр, ол ғылымды қажет ететін тауарлар мен зияткерлік қызметті
өндіруге құрылады. Базасында ақпараттық технологиялар дамитын білім мен
ақпарат бәрінен жоғары бағаланады. Қазіргі кезде әлемдік шаруашылықтың
жаһандануы мен жаңа экономика мен білім экономикасының қалыптасуы
жағдайында бәсекеге қабілеттілік проблемасы айрықша қызығушылық тудырып
отыр. Проблеманың мәні айтарлықтай дамып отырған елдердің ақпараттық
технологиялармен (мысалы, Интернет-технологиялармен) байланысты Интернет-
кеңістік сияқты қарқында кеңейіп келе жатқан ақпарат кеңістіктерінің тиімді
бөліктерін жаулап алуына мүмкіндік беретін бәсекелік басымдықтарын
пайдалануында жатыр. Шынында да қазіргі экономикада бәсекелестік
басымдықтар ақпараттық төңкеріспен тығыз байланысты. Бұл 20 және 21
ғасырлар межесінде телекоммуникациялық фирмалардың капиталдандыру шамалары
бойынша мұнай-газ, автокөлік және металлургия өнеркәсібіндегі дәстүрлі
фирмаларды басып озып, көшбасшылық орынға ие болуынан туындап отыр. Жалпы
алғанда елдің әлемдік нарықтардағы жаһандық бәсекеге қабілеттілігімен
ұлттық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ ұлттық және әлемдік
нарықтардағы микродеңгейлердегі (фирмалар деңгейіндегі) бәсекеге
қабілеттілігін ажыратқан жөн.
Әлемдік экономикалық әдебиетте бәсекеге қабілеттілік тақырыбы соңғы
жиырма бес жылдың ішінде өзектілердің біріне айналып отыр.
Бұл мәселе (нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік ретінде емес) кең
көлемде алғанда АҚШ-та 20 ғасырдың 80-жылдардың басында жапон экономикасы
табыстылығының себептеріне, америка экономикасын бейиндустриалдау
қаупінің алдын алу жолдарына жауап іздеудің нәтижесінде пайда болып, ұлттық
бәсекеге қабілеттілік бойынша Кеңестің сараптамалық басылымдарында
көтеріліп отырды.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қатысты ғылыми зерттеулер ішінде
жылдық баяндамаларында жарияланып тұратын Бүкіләлемдік экономикалық
форумның әзірлемелері ( Word Economic Forum- WEF) Ерекше орын алады. WEF-
тің салыстырмалы бағыттағы зерттеулері әлемдік экономикалық жүйенің
жаһандануының қарыштап өскен 20 ғасырдың 90-жылдары ерекше танымалдылыққа
ие болды.
Жаһандық деңгейдегі елдердің макро және микробәсекеге қабілеттілігін
салғастыру проблемасын нақты талдауға және қолданбалы теорияларды
әзірлеуге, сондай-ақ осы тақырып бойынша кең көлемді мәліметтер қорын
қалыптастыруға БЭФ сарапшыларының сіңірген еңбегі зор. Макроэкономикалық
және институционалды факторларға қосымша БЭФ сарапшыларының басты назарына
фирманың сапасы мен кәсіпкердің орта сапасы да ілікті.
Сондай-ақ Менеджмент және даму халықаралық институтының (IMD, Word
Competitiveness Yearbook, Лозанна, Швейцария) да 1989 жылдан бастап
әзірленіп, жарияланып отыратын елдердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі
туралы жылдық басылым- кітаптары да ғылыми ортаға әбден танымал болып отыр.
Жинақталған аналитикалық ақпараттары бай әрі құнды болып табылатын (20
негізгі көрсеткіштер бойынша біріктірілген, елдердің бәсекеге
қабілеттілігінің төрт басты факторы негізінде өңделген 314 критерий) аса
ерекше басылым ғылыми ортада жоғары кәсібилігі қорытындыларының
орындылығымен жоғары бағаланады.
Бұл жұмыс ДЭФ және Гарвард университетінің жаһандық бәсекеге
қабілеттілік проблемалары жөніндегі сарапшылар мен мамандарының қазіргі
әдіс-тәсілдерінің ғылыми және практикалық деңгейін анықтаудың бірден-бір
негізіне айналды. Еларалық бәсекеге қабілеттілікті зерттеуден Еуропалық
экономикалық комиссия (ЕЭК) да құр алақан емес. Ол 1996 жылдан бастап жыл
сайын еуропалық бәсекеге қабілеттілік туралы баяндама жариялап отырады. Бұл
баяндамада елдің бәсекеге қабілеттілігі- мүмкін болатын ең төменгі шамадағы
жұмыссыздықпен бірге алғандағы халықтың өмір сүру стандарттары өсуінің
критерийлері арқылы қарастырылады. Бұған қоса жалпы ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар мен инновациялардың жиынтықта алғандағы
өндіріс факторларының өнімділігін және экономикалық дамуды арттыруға
қосатын үлесін талдауға ерекше назар аударылады.
Бәсекеге қабілеттілік проблемасына қатысты шетел авторларының іргелі
еңбектерінің санатында Гарвард университетінің профессоры М.Портердің 1993
жылы Халықаралық бәсекелестік атымен орыс тілінде жарық көрген Елдердің
бәсекелік басымдығы атты зерттеуін атауға болады. Мұнда автор жаһандық
көлемдегі елдердің бәсекелік басымдығының эволюциясын, халықаралық
қарсыластықтағы елдердің бәсекелік басымдықтарының детерминанттары мен
динамикасынан тұратын елдердің бәсекелік басымдығының жаңа теориясын
(кеңейтілген тұжырымдамасын) жасайды.
М. Вебердің классикалық анықтамасы бойынша бәсекелестік- басқалар
үшін де қалаулы мүмкіншіліктер мен артықшылықтар үстінен бақылау орнатудың
бейбіт тәсілдері. Бәсекелестіктің туындауының бастапқы алғышартына қандай
да бір күш жұмсаудың нәтижесінде қол жеткізе алатын бірнеше агенттердің бір
мезгілдегі қалауына ілінген шектеулі көлемдегі ресурстардың болуы жатады.
Олар ресурстың шектеулілігі, оның тартымдылығы және бірнеше нарыққа
қатысушылардың оған қол жетімділігі сияқты элементтердің болуы
бәсекелестіктің тууы үшін міндетті болып саналады. Егер ресурс шектеулі
немесе тартымды болмаса бәсекелестік проблемасы туындамайды. Себебі ол
тараптар жағынан қиындықтарды жеңу, күш салу әрекеттерін талап етеді. Егер
ресурсқа тек қана бір агент таласса, онда жарыс алаңы болмайды. Сондай-ақ
принципті түрде ресурс бірнеше жарысушылар үшін қол жетімсіз болса, мұнда
да бәсекелестік туралы айтудың қажеті жоқ.
Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім ( ІЖӨ) өндірісі мен тұтынуының
жоғары деңгейі дамыған елдерде әлемдік экономикалық кеңістіктегі еларалық
және фирмааралық бәсекелестік үшін біршама сапалы жағдайлар тудыруға түрткі
болады. Өндірістік даму барысында нарықтық ортада тауарды жасап, оны
өндірушіден тұтынушыға жеткізуге дейінгі барлық кезеңдердегі ғылыми-
техникалық жетістіктер мен инновацияларға негізделген салыстырмалы ұлттық
басымдылықтарды басымдықпен пайдаланудан бастап динамикалы түрде өзгеріп
отыратын бәсекелік артықшылықтарды пайдалануға дейінгі бәсекелестіктің
жалпы бағытын өзгертіп отыратын жаңа жағдайлар туындайды.
Салыстырмалы артықшылықтар әр елге табиғатынан тән болады, олар
тұрақты, мәңгі емес, қайталанбайды. Бәсекелік артықшылықтар динамикалы,
инновациялар және адам капиталының, зияткерлігінің дамуымен байланысты,
табиғаты жағынан шексіз. Сондықтан салыстырмалы және бәсекелік
артықшылықтарды ажырату керек. Бір елдің ішіндегі салыстырмалы және
бәсекелік артықшылықтардың интеграциясы оның жаһандық экономикалық
кеңістегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Бәсекелестікті талдау тәсілдерінің әртүрлілігін зерттеу жасауды
басшылыққа алмайтынын, мұнда басты назар үш тірек тәсілге аударылады.
Зерттеуде жетілген бәсекелестік ұғымын сипаттайтын идеалды алғышарттар
жиынтығы алға қойылады. Бұл алғышарттарды мейнстрим өкілдерінің бірі Дж.
Стиглер былай сипаттайды:
1. Берілген өнімді шығаратын фирмалар саны ешбір фирма өнімінің
бағасына айтарлықтай әсер ете алмайтындай едәуір көп;
2. Өндірілетін тауарлар біртекті, сондай-ақ тұтынушылар қандай да бір
белгілі фирманың тауарына артықшылық бермейді;
3. Фирмалар бір-біріне тәуелсіз әрекет етіп, бірнеше дербес сгенттерді
құрайды;
4. Фирма өкілдері маңызды нарық факторлары жөнінде толық білімдар.

Бұл тәсіл белгілі экономистер тарапынан көп қайтара жан-жақты сынға
алынған болатын. Жетілмеген бәсекелестік (Дж. Робенсон) және монополистік
бәсекелестік (Э.Чемберлен) теориялары шеңберінде бірнеше беделді сыни
дәйектемелер ұсынылған болатын. Ақиқаттағы шаруашылық өмірде жетілген
бәсекелестік үлгісінің постулаттарының болмайтыны пайымдалады. Жетліген
(таза) бәсекелестіктің жағдайы қарама-қарсы полюсінде бір ғана сатушының
болуын талап ететін абсолюттік монополия орналасқан осьтің шеткі нүктесі
болып табылады. Осы екі қарама-қарсы ұғымдардың синтезі нарықтың
бөлшектенушілік алғышарты арұылы жүзеге асырылады. Тауарлар жиынтығы
біртекті емес, керісінше ол гетерогенді және әрбәр өндіруші басқа
субституттауарлардан оқшауланып алынған өз тауарының монополисі ретінде
көрінеді. Бұған қоса бәсекелестіктің өзі бұл бөлшектенушілікті тудырады,
өйткені әрбір фирма өзіндік бөлек нарықтық бет-бейнесін құрып, бекіткісі
еледі. Сатып алушылардың қалаулары да бірдей емес. Бұл-сұраныстың мұндай
иілгіштігін, жетілген бәсекелестік теориясында көрсетілгендей,
абсолюттіктен мүлде алшақ екендігін білдіреді. Салыстырмалы бағалар
өзгергенде сатып алушылар берілген өнімнен бірден бас тартпайды. Бұл
олардың тек баға деңгейіне ғана назар аударып қоймайтындығымен де көп
байланысты. Өнімнің сапасын арттыру, қосымша қызмет көрсету, жарнама
арқылы тауарды нарықта алға жылжыту және т.б. сияқты бейбағалық
бәсекелестік формалары да үлкен маңызға ие. Бұл туралы Дж. Робинсон: Шын
мәнінде сатып алушыны бәсекелесуші өндірушінің тағайындаған бағалары ғана
қызықтырмайды; ол басқа да көптеген ойларды басшылыққа алады ... Бәсекеге
түсуші өндірушілер өзара тауар сапасы жағынан да, сатып алушыға жасалатын
жеңілдіктер бойынша да, жарнамадан да дәл баға жағынан сияқты жарысқа
түседі. Нарықтың әртүрлі бөліктеріндегі сұраныс иілгіштігіне қарай бір
түрлі тауарға бірнеше өндірушінің түрліше баға қоюы арқылы көрініс табатын
бағалық дискриминация сияқты ұғым да бар. Жетілген бәсекелестік
теориясының сынында оның классикалық оппоненті Ф.Хайектің мынадай тұжырымы
белгілі: Жетілген бәсекелестік теориясында сөз болғандардың бәсекелестік
деп аталуға құқығы мүлдемаз ... бұл теория сол бәсекелестіктік процесі қол
жеткізіп, соның барысында жасалуға тиісті жағдайларды әрдайым тұрған,
қалыпты жағдайлар ретінде қарастырады. Сонымен, бұл теория ақиқаттағы
шаруашылық өмірде қол жеткізу мүмкін емес жағдайлардағы ұзақ мерзімді
бірқалыптылықтың идеалды жағдайларын суреттейді. Бұған балама ретінде Ф
Хайек бастапқы нүктеде біркелкі емес, толымсыз әлі бытыраңқы ақпарттарға ие
нарық қатысушыларынан тұратын бәсекелестіктің динамикалық үлгісін ұсынады.
Бәсекелестік жетіспейтін білімдерді жинақтау ісі жүзеге асатын жаңа
мүмкіндіктер ашу процесіне айналады. Ақпарат жинау тек бнлгілі бір дәрежеде
ғана нарықтық процеске практикалық қатысудың алдында жүреді, бұл агенттер
үшін сонымен бірге ақпараттық ағынды игеру процесіне айналады.
Бұған қоса іртүрлі фирмалар ұсынатын өнімдер мен қызметтер біркелкі
емес, бұл жетілген бәсекелестік теориясындағыға қарағанда бәсекелестікті
біршама күрделі көпдеңгейлі процесс екенін көрсетеді. Ф.Хайек нарықтарда
орын алатын монополиялардың екі түрі тиімділіктің артықшылығына негізделеді
де, басқа қатысушылар тарапынан тиімділік жағынан айырмашылық жойылғанша
қолда бар артықшылықтарды қамтамасыз етіп отырады. Бұл жақдайда пайда
болатын бәсекелестік нарық қатысушыларының әрекеттеріне байланысты
болмайды, ол рационалды әрі тиімді қатысушылары заңды артықшылықтарғы ие
болатын жеке кәсіпкерлік күш салудың нәтижесі ретінде қарастырылады. Алайда
ол айрықша құқықтық басымдылыққа- ресурстарға ерекше рұқсатқа негізделген
монополияның екінші түрінің салдарынан туындаған кез келген бәсекелестікке
қарағанда артық болады.
М.Портердің пікірінше Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек
ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмір сүру
деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты.
Адам ресурстарын пайдаланудағы өнімділік олардың жалақысымен анықталады, ал
капиталды пайдаланудағы өнімділікті анықтайтын табыс. Егер ел бәсекеге
қабілеттіліктің артықшылықтарына ие болса, онда фирма бәсеке
қабілеттілігінің артықшылықтарын барлық түрде алады, яғни экономиканың
бәсееге қабілеттілігі фирмалар мен салалардың халықаралық
тұжырымдамасындағы сұрақтың анықтаушысы болады. Портердің теориясына сәйкес
экономиканың бәсекеге қабілеттілігі алты детермианатпен анықталады:
D1 - факторлық жағдайлар, яғни, аймақта қажетті (еңбек,
интеллектуалды, өндірістік, қаржылық) өндіріс факторларының бар болуы;
D2 – сұраныс жағдайы- бұл аймақтағы бағаланып отырған өнімге белсенді
сұраныс, яғнм, бәсекеге қабілетті өнім әрқашанда ішкі нарықтағы сұраныстан
басталады;
D3 – ұқсас салалардың ықпалы -өндірістің жаңдануыеа қажетті бәсекеге
қабілетті, қолдаушы салалардың аймақта болуы;
D4 – фирмалардың стратегиясы мен бақталасуы: белсенді бәсекелестік
күрес өндірісті оптимизациялау стратегиясын дұрыс таңдауға көмектеседі;
D5 – үкіметтің ықпалы - өндіріс прцесіне көмектесетін немесе кедергі
келтіретін институтционалды жағдай;
D6 – жағдай әсері – жаңарпаларды күшейту үшін қолдану аумағын
алмастыру, жаңашылдықты қолданудың артуын қолдау.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің алты детерминанты

Бәсекеге Бәсекеге қабілеттілік сипаттамасы
қабілеттілік
детерминанты-ның
атауы
Жүйелі-функционалды
жүктемесі Атауы
D1 – факторлық D1 анықтайтын А11 – факторлық қызметті жаңалауға
жағдайлар бастапқы көлемді инвестициялар, А12 –
сипаттамалар интенсивті ғылыми зерттеулер, А13 –
білімге көлемді инвестициялар, А14 –
білікті жұмысшылар, А15 –
жұмысшылардың жоғары жалақысы
Жүйеқұраушы қасиетіС13 – транспорт инфрақұрылымының
дамуы, С14 – коммуникациялар
инфрақұрылымының дамуы
Интегративті d 11 – факторлық жағдайлар жасаудың
қасиеті механизмі
Динамикалық Е11 - өндірісті автоматтандыру
бағытталуы құлшынысы
D2 – сұраныс D2 анықтайтын А22 – ыңғайлылық пен қанағаттандыруды
жағдайлары бастапқы қамтуға бағытталған үміт тауарлары,
сипаттамалар А23 – сұраныс басқа кәсіпорындар мен
салалардың инвестициясына әсер етеді.
Интегративті D23 – сұраныстың басқа аймақтарға
қасиеті интеграциялануы
Динамикалық Е21 – сұраныстың артуы инновацияны
бағытталуы ынталандырады
Шектеуші жағдай G21 – ішкі нарықтың үлкен көлемі
D3 – ұқсас D3 анықтайтын А32 – машина жасау
салалардың бастапқы
ықпалы сипаттамалар
D3 анықтайтын С31 – инновацияға қолайлы жағдай, С32
жүйеқұраушы қасиеті– көшбасшы көптеген басқа салалармен
байланысты
Интегративті D31 – салаларды кластерлеу бүкіл
қасиеті экономиканы қамтиды
D4 – фирмалардыңD4 анықтайтын А41 – жалпылама өндірістің өнімін
стратегиясы мен бастапқы стандарттау, А44 - өндіріс
ықпалдасуы сипаттамалар жұмысшыларының жоғары уәждемесі, А45
– өндірістік-экономикалық ой
туындысын көпшіліктің мойындағандығы
( сол экономикада)
Интегративті D41 – экономиканың бәсекеге
қасиеті негізделуі
D5 – үкіметтің D5 анықтайтын А52 – білімге инвестициялар, А53 –
ықпалы бастапқы сипаттама ғылымға инвестициялар, А55 – бәсекені
қорғау
Интегративті D52- жаңартпаны дамытуды қолдау
қасиеті
D6 – жағдай D6 шығу мінездемесіА61 – жанжалды ахуал (соғыс)
әсері
D6 анықтайтын С61 – жанжалды (соғыс) уақыттың
жүйеқұраушы қасиетітиімді технологияны іздеуге әсері
Интегративті D61 – ғылыми зерттеудің,
қасиеті технологияның деңгейін көтеру

Елдердің бәсекелік артықшылықтары

1. Факторларға жағдайлар. Білікті күш немесе инфрақұрылымның болуы
сияқты өндіріс факторларындағы елдің ұстанымын белгілі бір салада бәсекелік
күресін жүргізуде қажетті.
2. Сұраныс жағдайы. Салалық өнім немесе қызметке арналған ішкі
нарықтағы сұраныс мінезі.
3. Ұқсас және қолдаушы салалар. Аталған елде халықаралық деңгейдегі
бәсекеге қабілетті жеткізуші салалар немесе ілеспе салалардың болуы немесе
болмауы.
4. Орнықты стратегия, құрылым және бақталасу. Елде компанияларды құру,
ұйымдастыру және басқару жағдайларының болуы, сондай-ақ, ішкі бәсекенің
мінезі.
Бұл факторлар компаниялардың пайда болатын және бәсекелесуді үйренетін
ұлттық ортаның пайда болуын анықтайды. Ромб суретінде көрсетілгендей әрбәр
шың және тұтастай – халықаралық масштабтағы бәсекеде жетістікке жетуде
маңызды болатындығын көрсетеді: ресурстар мен білікті жұмыс күшіне қол
жетімділік саладағы бәсекелік артықшылығын қамтамасыз етуде қажетті;
компанияға сезілетіндей қолайлы мүмкіндіктерді қалыптастыратын ақпараттар
және олар өздерінің ресурстары мен қыөметкерлерінің біліктілігін қолданатын
бағыттар; компания иегерлері, менеджерлер және жекелей қызметкерлердің
мақсаттары және өте маңыздысы, компанияны салымдар жасау мен жаңартпаларды
енгізуге мәжбүрлейтін қысымның болуы.
Салада бәсекеге қабілеттіліктің болуы ол бір елге айтарлықтай
артықшылықтар беретін және белгілі бір салада бәсекелік артықшылығының көзі
болып саналатын омпанияның сол немесе басқа фирмалардың басқару тәжірибесі
мен ұйымдастыру моделі аумағыгдағы едәуір жетістіктерін біріктірудегі
нәтижесі.
М.Портердің Халықаралық бәсеке атты еңбегіндегі қалыптасқан
теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын
негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық
экономиканының бәсекегег қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп
көрсетіледі.

Ұлттық экономиканының бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары

Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке. Іс жүзінде барлық ұлттық
салалар әлемдік нарықта ойдағыдай әрекет етуде, бәсеке күресіндегі өзінің
артықшылықтарына негізгі өндіріс факторларының арқасында жетуде: табиғи
ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай,
жартылай білікті арзан жұмыс күші. Осындай экономикада ел ішіндегі фирмалар
арасындағы бісеке қарапайым және қол жетімді технологияны талап ететін
салаларда өнімнің бағасын төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс
факторына сүйемелденген экономикада ішкі нарыққа бағдарланған салалар
ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды құру
арқылы кеңейтіледі. Алайда, алмастырушы тауарларды өндіретін отандық
салалардың бәсекеге қабілеттілік деңгейге әлемдік нарыққа шығу үшін
жеткілікті дәрежеде емес, ал кейбір импорттық шектеулерде экономиканың
тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Инвестиция негізінде бәсекенің дамуы. Экономиканың бәсекелік
артықшылығы ұлттық фирмалардың агрессивті инвестициялауға дайындығы мен
қабілетіне негізделеді. Фирмалар қаражаттарын әлемдік нарықтан сатып алуға
болатсын соңғы, тиімді жабдықтар мен үздік технологияларға салады.
Инвестиция көлемінің өсімі алдыңғы қатарлы жаңа факторлардың (ғылым
сйымдылығы жоғары жаңа технологиялар, алдын-ала құрамдық байытылған
материалдар және т.б.). Құрылуы мен қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамуына
алып келеді. Осы сатыда жетудің айтарлықтай жағдайы ұлттық фирмалардың
тәуекелге байланысты іс-әрекеттердің жеңіл қабылдауы болып табылады, сондай-
ақ, аутсайдерлер санының өсімі көптеген салалардың ішкі бәсекесін
күшейтеді.
Инвестиция негізінде бәсеке қабілеттлігін арттыру жоғары капитал
сыйымдылық, көлемді өндіоістің есебінен едәуір үнемдеу, стандартталған өнім
сияқты әлбеттегі мінездемесіне сәйкес белгілі класстардағы салаларда ғана
мүмкін.
Мемлекет бұл саладағы факторларды құру мен оны көтеруді инвестициялау
бағытында басты рол ойнайды, алайда фирманың осы саладағы белсенділігі де
артта түсу қажет.
Жаңартпа енгізу негізінде бәсекені дамыту. Факторлық шығын есебінен
ұлттық экономиканың бәсеке арттықшылығын қамтамасыз ету сирек жағдай бола
түсуде. Енді факторлардың болуы емес, керісінше, олардың жетіспеуі жаңа
технологияларды енгізуді ынталандыра отырып, бәсекеге қабілеттіліктің
өсуіне алып келеді. Университеттер, ғылыми мекемелер мен инфрақұрылымдық
ұйымдар санының өсуімен құрылымдырының күрделенуі жүруде. Нақты салалардың
қажеттілігін бағдарлану дәрежесі өсе түскен өндіріс факторларында жаңа
механизмдердің қалыптасуы мен соңғы үлгіде жарақтандырулар пайда болды.
Фирмалар ғаламдық стратегиялар жасауда , халықаралық жеткізулер мен
қызмет көрсетудің өзіндік жүйесін жасауда. Өндірісті щетелге шығаруға
мүмкіндіктер туындайды.
Дамыған елдер арасында Ұлыбритания жаңартпа енгізу сатысына 19
ғасырдың 1 жартысында жетті, АҚШ,Германия және Швеция 19-20 жүз жылдықтың
бірнеше он жылдық аралығында жетті, Италия мен Жапония бұл сатыға иек 20
жүз жылдықтың 70 жылдары жетті.
Байлық негізіндегі бәсеке. Байлық негізіндегі бәсекелестік сатысының
алғашқы үшеуінен айырмашылығы соңғы есепте өндірістің құлдырауына алып
келеді. Экономиканың күшпен жылжуы ол молшлыққа жеткен болып табылады.
Байлықтың арасында жылжып отырған экономиканның басты проблемасы негізінді
құрылып , жаулап алынған ұстанымдар мен артықшылықтардың қабілеттіліктерін
жоғалта бастауында болып тұр.
Осы сатыда фирмалар халықаралық бәскелер өздерінің позицмясын жоғалта
бастайды. Бұл басты бейнеде өздернің бұрынғы ұстанымын күшейтуге емес,
сақтап қалуға көбірек көңіл бөлу нәтижесінде компанияның инвестициялауға
деген қызушылығы төмендеуінен болады.
Экономика аясы бәсеке артықшылықтарын жоғалту есбінен алғашында
базисті салалар мен соңғы өнім өндірісінде, сосын буып-түю бұйымдарын
шығару саласында және сонында машина жасауда тарылады. Сол уақыттағы
салалрдың үлкен сатысында қатысты жаңартпа енгізу сатысы бәсеке
қабілеттілігіне жағдай жасау кезінде, байлық сатысы, керісінше, өзінің
бәсеке артықшылықтарын жоғарғы деңгейде ұстап тура алатын салалр аясы
тарыла түседі.

1.2. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттің рөлі

Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтарымен қатар оның елеулі
кемшіліктері бар. Рыноктық процестердің дайындықсыз жүруі шаруашылық
өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады.
Монополияға қарсы жаңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі
принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру,
екіншіден “парасаттылық принципін” ұстау. Өйткені көп жағдайларда трестерге
қарсы заңдардың ресми жалпы түрде жазылғаны сонша АҚШ федералдық соты осы
заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге
келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан “парасаттылық принципі” бойынша
тек жөнсіз, ақылға сйымайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану
сферасына жатады. Бірақ ақылға сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге
болады? Бұл мәселелердің бәрі трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың
қандай қиын екенін көрсетеді.
Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің
(мемлекеттің қандай да болмасын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен,
әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы
жіңішке жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер
өндірушілердің бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік
жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.
Өзгермелі экономикалық жағдайда бәсекеге қабілеттілікті құру және оны
ұстап тұру үшін соңғы жылдары тұтынушыларға бағытталған бизнес концепциясы
қарқынды дамуда. Жалпы алғанда, қазіргі кезеңдегі фирмалардың бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістеріне қатысты төмендегідей негізгі
қорытындылар жасауға болады:
- фирманы рационалды “жабық”, иерархиялы жүйе ретінде, ал бәсекелестік
мақсаттар мен міндеттер де ұзақ уақыт бойы басқа да шарттар секілді
өзгеріссіз қалады және бекітіледі деп санайтын дәстүрлі пікір өз қуатын
жоғалтуда;
- қазіргі менеджмент философиясы жүйелі және жағдаяттық әдістерге
негізделген. Фирма “ашық” жүйе ретінде қарастырылады. Фирманың жетістікке
жетуі оның дер кезінде сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаға жылдам
бейімделуінде. Фирманың назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағдайларға:
күшейген жаһандануды, ушыққан бәсекелестікті, шткізаттар мен материалдар
бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңдерінің қысқаруын жатқызуға
болады 15.
Осы мүмкіндіктерді қаншалықты іске асыра алуды білу және олардың
қоршаған ортаға қаншалықты қажет болатынын түсіну – бүгінгі күннің басты
талабы. Жетістікті фирмалар сыртқы қоршамға бейімделіп қана қоймай,
мүмкіндіктері жоғары дәрежеде сәйкес келетіндей өзінің айналасында осындай
орта қалыптастыру үшін белсенді әрекет етеді.
Фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты
арнайы әдебиеттерде берілген мәселенің 20-дан астам теориялық және
әдістемелік түрлері бар. Осылардың ішінде қызығушылық тудыратындары –
М.Портер, А.А.Томпсон және А.Стрикленд, И.Ансофф, К.Келлер, Т.Михальский
т.б. көзқарастары.
Ешқандай да фирма нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері
мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың
ішінен артықшылық беретіндерін таңдау және нарық жағдайының даму
тенденциясына көбірек сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті
жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Қазіргі
күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі
түрін: портфелдік және бәсекелестік деп бөледі.
Портфелді стратегия фирманың жалпы іс-әрекетін және жекелеген қызмет
аумақтарындағы бәсекелік артықшылықтарын анықтап және сол алынған бәсекелік
артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды
қамтамасыз етеді. И.Ансофф кез келген портфелді стратегия иеленуі тиіс төрт
сипаттаманы атайды 16:
- фирма іс-әрекетінің болашақ масштабы мен бағытын анықтайтын өсу
векторы;
- сәйкес әрекет аумақтарында қол жеткізгісі келетін бәсекелік
артықшылықтар. Мысал ретінде америкалық болат құю өнеркәсібіне қондырғылар
жеткізуші “Места мэшин” (АҚШ) компаниясын алуымызға болады. Компания
шетелдік өндірушілердің болат құю қондырғыларын техникалық жетілдіруілеріне
және қысқа мерзімде шетелдік бәсекелестіктердің жаңа технологиялар күшімен
төмен баға орнатуына мән бермеуінің нәтижесінде банкроттыққа ұшырады 17.
- фирма қызметінің түрлі аумақтарының арасында туындайтын синергизм;
- әрекет түрлерінің стратегиялық икемділігі. Мысал ретінде
диверсификацияны алуға болады. Әдетте глобалды компаниялар өз сату
көлемдері мен пайдаларындағы өзгерістерді бақылап отырады. Осы мақсатта
шетелдік нарықтарды іздей бастады. Осылайша, құлдыраушы бір елде сату
көлемі азайғанда, экономикалық өрлеп жатқан басқа бір елде сату көлемі
көтеріледі.
Жалпы алғанда, портфелдік стратегиялардың негізгі мақсаттары
инвестиция салуды қажет ететін бөлімшелерді таңдау. Кәсіпорын деңгейінде
алатын болсақ, тауар портфеліндегі тауарлардың қайсысына қаржы керек немесе
инвестициялауды тоқтату керектігін және кәсіпорынның жалпы стратегиялық
бағытын анықтау.
Портфелдік стратегияларға қосымша бәсекелік стратегиялар кәсіпорынның
әр қызмет бөлімінде не істеу қажет екенін анықтайды. Бәсекелік стратегияны
ауық-ауық стратегиялық шешімдермен қаптап отыру қажет стержень ретінде
қарастыруға болады. Мұндай шешімдерге:
- саладағы бәсекелестікті талдау;
- мақсаттарды анықтау;
- бәсекелестік стратегияларды жасау және іске асыру;
- бәсекелестік артықшылықты ұстап тұруды жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған компанияның әрекеттері өзара байланысты және бір-
бірін толықтырады. Мысалы, әрбір стратегиялық шешім сала туралы ақпаратты
қажет етеді. Бәсекелестік стратегияны жасау және іске асыруды компанияның
нақты алған қойған мақсатынсыз жүзеге асыру қиын. Нарықтағы жайғасымды
ұстап тұру сол стратегиялардың дер кезінде дұрыс іске асуына байланысты.
Бәсекелестік сипаты мен деңгейін анықтау үшін автор компанияның
бәсекелестік стратегияларын жоспарлауға қатысты М.Портердің
“Бәсекелестіктің бес күші” моделін май өнімдерін өндіру саласында
қарастырды. М.Портер моделіне сәйкес бәсекелестік стратегияларды құру екі
кезеңнен тұрады: кәсіпорын әрекет ететін саланы талдау және сол саладағы
бәсекелестер жайғасымын анықтау. Бұлар:
1) жаңа бәсекелестер пайда болу қауіп-қатері;
2) алмастыру - тауарлар пайда болу қаупі;
3) жинақтаушы бұйымдар жеткізушілерінің саудаласу қабілеттілігі;
4) тұтынушылардың саудаласу қабілеттілігі;
5) қазір әрекет етуші бәсекелестердің өзара бақталасуы.
Портердің бірінші бәсекелестік күші - сала ішіндегі компаниялардың
өзара бәсекелесуі. Аталған бес күштің ішіндегі ең маңыздысы нарықта қазір
жұмыс істеп жатқан компаниялардың бәсекелестігі. Нарықтағы бәсекелестік
салада жаңа бәсекелестік артықшылықтың пайда болуына компанияның реакциясы
ретінде жүреді. Бәсекелестік артықшылық фирманың жаңа бәсекелестік
стратегиясы арқылы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде бәсекелестер өз
стратегияларын өзгертулері немесе оны қайта құрулары қажет болады.
Сала ішіндегі бәсекелестік мәселелерін зерттей келе, бәсекелестік
күрестің негізгі құралдары және бәсекелестікті ушықтыруға әсер ететін
факторлар келесідей деген пікірге келесі (1 кесте).
Бәсекелестік түрін талдаулар көрсетуі бойынша саладағы бәсекелестік
ортаның белгілі бір деңгейлері бар (2 кесте).

1-кесте

Бәсекелестік күрес құралдары мен оған әсер ететін факторлар

Сала ішіндегі бәсекелестік күрес Саладағы бәсекелестікке әсер ететін
құралдары факторлар
Төмен бағаның болуы; Бәсекелесуші кәсіпорындарды олардың
Тауар қасиеттерін жақсарту; сату көлемдерін теңестіру арқылы
Клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сандарын көбейту;
деңгейі; Сұраныс өсуінің баяу қарқыны;
Тауарларды нарықта жылжытудың арнайы Әлсіздерді нарықтан шығару есебінен
әдістері нарық үлесін өсіру;
Төмен шығындар есебінен шетелдік
компаниялардың өз нарық үлестерін
ұстап қалу үшін күресі.

Бәсекелестік күресте сапа деңгейі шамамен бірдей болғандықтан
артықшылық алу ең алдымен зауыттың ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне
және оларды рационалды пайдалануына байланысты болады.
М.Портер екінші күш - сала ішінде жаңа бәсекелестердің пайда болуы.
Салаға жаңа өндірістік қуат әкелетін және нарықтан өз үлесін алғысы келетін
жаңа бәсекелес-фирмалардың пайда болуы тауар ұсынысын көтереді де бағаға
қысым көрсетеді.
Автордың пікірінше, жаңа бәсекелестердің пайда болуы екі факторға
байланысты: сұраныстың көбеюі және экономика заңдылығына сәйкес бағаның
көтерілуі жаңа бәсекелестерді шақыру сигналы бола алады; нарыққа ену
барьерлерінің деңгейі және сол нарықта жұмыс істеп жатқан компаниялардың
жаңа бәсекелестерге реакциясы.
Нарыққа енуге кедергі келтіретін барьерлер:
- өндіріс масштабы: жаңа енген компания бірден көп көлемді өнім
шығаруы керек, сәйкесінше үлкен шығындарды қажет етеді. Ал нарықта артық
тауар көлемі пайда болып бұрыннан жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға қауіп-
қатер туғызуы мүмкін;
- технология мен ноу-хауға қол жеткізе алмау;
- “тәжірибеоқыту қисығының” эффектісі. Өндіріс шығындарын азайту сол
тауарды өндіру тәжірибесіне байланысты.
- айтарлықтай мөлшерде капитал салымын қажет етеді;
- өткізу арналарын білмеу;
- бақылаушы органдар іс-қимылдары;
- тарифтік және тарифтік емес шектеулер болуы мүмкін.
Осының барлығын ескеретін болсақ, бұл салада жаңа бәсекелестердің
пайда бола қоюы қиын.

2-кесте

Май өнімдері нарығындағы бәсекелестік орта деңгейі

Бәсекелестік деңгейіБелгілері Бәсекелестікке қатысушылар
Аймақтық ҚР-ның белгілі бір Сатушылар:
аймағындағы (облыстар) - май өндіруші зауыттар;
сатушылар арасындағы - сауда-агроөнеркәсіптік
бәсекелестік топтар;
- қаржылық-агроөнеркәсіптік
топтар;
- коммерциялық топтар (ТМД
елдерінен жеткізушілер,
көтерме саудагерлер және
т.б.)
- сатып алушылар.
Аймақаралық ҚР-ның әр аймақтарындағыСатушылар:
май өндіруші компаниялар- ірі өндірушілер;
немесе сатушылар - май өндіруші зауыттар;
- сауда-агроөнеркәсіптік
топтар;
- коммерциялық топтар;
- сатып алушылар.
Ұлттық (ТМД елдері ТМД елдері май - ТМД елдері мемлекеттерінің
территориясында) өндірушілерінен тауар өкілдіктері-сатушылар;
жеткізушілер арасындағы - сатып алушылар.
бәсекелестік
Халықаралық Ірі халықаралық Елдер-сатушылар және сатып
өндірушілер өнімдерін алушылар
жеткізушілері арасындағы
бәсекелестік

Алмастырушы тауарлардың бәсекелестік күштері.
Қол жетерлік және бәсекеге қабілетті тауар-субинституттардың болуы
өнеркәсіптік кәсіпорындарға тұтынушыларды сол ұқсас тауарларға кетіп
қалмауы үшін ұстап тұрарлық жаңа бағалық, ынталандырушылық, жылжыту
шараларын ұйымдастыруды талап етеді. Бірақ жаңа баға төмендетуі сәйкесінше
пайда деңгейін төмендетуге, ал ынталандыру немесе жылжыту шараларына
қосымша шығын қажет етіледі. Ол өз кезегінде бағаны жоғарылатуға әкеледі.
Яғни екі жақты әсер береді. Ол мәселені шешу үшін өндіріс шығындарын
азайтудың жолдарын іздестіру қажет.
Алмастырушы тауарлардың пайда болуы тұтынушыларға олардың бағасын ғана
емес, сонымен қатар сапалық қасиеттерін салыстыруға итермелейді.
Алмастырушы тауарлар бағасы төмен болған сайын, тұтынушы шығаратын шығыны
азаяды, яғни алмастырушы тауар тарапынан бәсекелестікке әсері күшейеді.
Тауар-алмастырушылардың бәсекелестік күштерінің көрсеткіштері: олардың
сату көлемінің өсу қарқыны, оларды нарықта жылжыту жолдары, пайда
деңгейлері.
Сары май өнімінің субинституты ретінде өсімдікті-сүтті майларды
қарастыра аламыз. Яғни бұл жерде айталық “Доброе” тауар маркасы “МаслоДел”
компаниясының басқа тауар “Жайлау” жеңілдетілген сары майымен компания сары
майларымен бәсекелесе алса, сонымен қатар “Вита” ЖШС-нің “Масло к чаю”
тауар маркасымен бәсекелестікке түседі.
Жеткізушілердің саудаласу қабілеттілігі төменнен жоғарыға дейін шекте
болуы мүмкін. Ол нарықта бар ресурстардың саны мен сапасына және олардың
жеткізетін тауарларының маңыздылығына байланысты. Жеткізушілердің әсер ету
дәрежесі сонымен қатар тауардың алмастырушы болуына да байланысты. Мысалы
майонез өнімдерін әйнек бөтелкелерге салатын өндірушілер желім ыдыстарға
көшуі мүмкін. Жеткізушілерге егер олар тек бір салада ер олар тек бір
салада ғана жұмыс істей алатын болса, өз талаптарын қоюы қиынға түседі.
Мұндай жағдайда олар өз сатып алушыларын ұстап қалу үшін түрлі шаралар
қолданып бағады 18, 88.
Жеткізушілер өз талаптарын егер олардың ресурстары ерекше сенімділікті
және сапалы болған жағдай баға арқылы қоя алады.
Тұтынушылардың өз талаптарын орындау мүмкіндігі. Тұтынушылар ірі
бәсекелестік күш бола алады, егер олар бағаға, тауар сапасына, қызмет
көрсету деңгейіне және басқа сату шарттарына әсер ете алса, тұтынушылардың
бәсекелестік күші де әлсіз немесе күшті бола алады. Жоғарыда аталған бес
күштік ұжымды түрде әсер етуі ҚР-дағы май өндіру нарығындағы бәсекелестік
күрес сипатын, нәтижесінде өндірушілердің (сатушылардың) пайдасын
анықтайды. Бәсекелестік күштер құрылымындағы өзгеріс келесідей қозғаушы
күштер: елдің ұзақ мерзімдік экономикалық өсу тенденциясының өзгерісі;
үкіметтің заңдары мен саясатындағы өзгерістің әсері; қоғамның жалпы
құндылықтарының өзгерісі; технологиялық өзгерістер әсерінен де болуы
мүмкін.
Бәсекелестіктің бес күші үлгісі саланың келесідей экономикалық
сипаттамаларын талдауға мүмкіндік береді: нарық өлшемін (жылдық табыс,
жалпы өндіріс көлемі, сату өсу қарқыны); нарыққа ұсынылып отырған тауардың
өміршеңдік кезеңіне (ену, өсу, кемелдену және құлдырау); саладағы
бәсекелестер санына (ұқсас тауар өндіруші компаниялар саны); нарықтағы әр
компанияның нарық үлесіне; салаға кіру берьерінің деңгейіне; саладағы
инновация деңгейіне; нарықта ұқсас тауарлардың шығу жиілігі, технологияның
өзгеру дәрежесі; шығындарды қысқару мүмкіндігіне: өндіріс масштабында,
жеткізушілерге, өндірістік қуаттың толық жұмыс істеуіне және “тәжірибе
қисығына”, саланың пайдалылығына, сұраныстың икемділігіне.
Бәсекелестік саясаттың мақсатын құра отырып, компания келесілерді
анықтауы тиіс:
- шығуы мүмкін нарық масштабы (локальді, ұлттық, аймақтық немесе
әлемдік);
- нарықты өңдеу мөлшері (бір немесе бірнеше сегмент, барлық нарық);
- стратегияның алғашқы мақсаты (нарық үлесін немесе пайданы өсіру).
Сонымен саладағы жайғасымды бәсекелестік артықшылық береді.
Бәсекелестік артықшылық екі негізгі түрге бөлінеді:
- төмен шығынды;
- тауарды түрлендіру.
Осы екі стратегиялық бағыттар негізінде төрт базалық стратегия
құрылады:
- шығындар үнемдеу есебінен көшбасшылық;
- түрлену;
- түрленуге шоғырлану;
- шығындарға шоғырлану.
Белгілі ғалым Ж.Ж.Ламбен бәсекелік артықшылықтарды сыртқы және ішкі
деп бөледі. Бәсекелік артықшылық “сыртқы” болады, егер тұтынушы үшін
құндылық беретін тауардың ерекше сапаларына негізделсе. Сыртқы бәсекелестік
артықшылық фирманың нарықтық күшін өсіреді. Сыртқы бәсекелік артықшылықтан
туындайтын стратегия - бұл фирманың маркетингтік ноу-хауына, қазір нарықта
бар тауарларға риза емес тұтынушылар үмітін қанағаттандырудағы
артықшылықтарына сүйенетін түрлендіру стратегиясы 18, 90.
Бәсекелестік артықшылық іштен пайда болады, егер ол бәсекелестерге
қарағанда төмен деңгейлі өзіндік құнға жеткізетін “өндіруші үшін
құндылықты” құратын фирманың немесе тауардың менеджменті, өндіріс
шығындарына қатысты артықшылық алатын болса.
Төменгі шығындар стратегиясына бағытталған кәсіпорындар қымбат емес,
бірақ салыстырмалы түрде сапалы тұтыну өнімдерін өндіреді. Бұл стратегияны
қолданып салада лидер болу үшін өндіріс пен тауар сату тораптарының
мөлшерлері, ресурсты үнемдеуші технологияларды қолдану, шығындарға қатаң
бақылау орнату, нарықтың үлкен иемдену тұрғысынан оңтайлы шығындарды қажет
етеді.
Шығындар бойынша лидерлік стратегиясын іске асыру фирма басшылығынан
бәсекелестерге қатысты шығындар деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа
технологиялық шешімдер қабылдауды талап етеді. Шамадан тыс шығындарды
төмендету тұтынушыларды шошытатындай сапасыз тауарларды ұсынуға әкеліп
соқпауы қажет.
Түрлендіру стратегиясы. Түрленген (бірегей) тауар (немесе олардың
қасиеттері) бәсекелестер шығаратын тауарлардан ерекшеленеді және ерекше
тұтынушылық құндылықтарға және сатудан кейінгі жоғарғы деңгейлі қызмет
көрсетуге, яғни ерекше құндылықтарға ие болады.
Түрлендіру фирмаға жоғары баға қоюға мүмкіндік береді және
бәсекелестерімен шығындары тең болса, үлкен пайдаға жеткізеді.
Түрлендірудің негізгі идеясы сол, сұранысы шектелген өнімдерге барлық күшін
салу, ол өз кезегінде қуаттырақ фирманың бағалық бәсекелестігінен қаша
отырып, олармен тұтынушылардың ерекше топтары үшін бәсекелесуге мүмкіндік
береді. Бұл жағдайда бәсекелестік артықшылыққа тұтынушылар фирма ұсынатын
тауардың немесе қызметтің жоғары сапасына үйреніп қалған кезде жетеді.
Түрлендіру стратегиясын қолдану кезінде бәсекелестік артықшылықтар
құру негізінде бірегей сапаға ие болу жатыр. Бәсекелестерге мәлімсіз білім
мен тәжірибе түрлендіру стратегиясының негізі бола алады және ең маңыздысы
нарықта тауарды сауатты түрде жылжыту, жарнамалау қажет. өйткені
аймарлықтай емес қосымша құндылықтар болғанымен сол қасиеттерді дұрыс
белсенді көрсете білген фирма жоғары баға қоя алады.
М.Портердің пікірінше, шығындар бойынша лидерлік және түрлендіру
стратегиясын бір мезгілде қолдану фирманың бәсекелестік жайғасымын
төмендетеді. Дегенмен, тәжірибелер көрсеткендей, бірқатар жағдайларда
стратегияларды біріктіру тиімділік әкелген. Біздің ойымызша, компания
ішінде өнім портфелінің әр түріне сәйкесінше екі стратегияны тиімді
қолданып, жалпы компанияның бәсекелестік қабілетін күшейтуге болады.
Нарықтағы фирманың жетістігі тек бәсекелестік артықшылық алып қана
қоймай, сонымен қатар сол артықшылықтарды ұстап тұру немесе нарықтағы
өзгерістерге сәйкес өзгертіп тұруында.
Монополиялану фактісін анықтау үшін монополияға қарсы реттеу
математикалық құралдары және жалпы Э.Чемберлиннің, Дж.Робинсонның,
В.Паретоның т.б. экономистердің жетілмеген бәсеке концепциясының барлық
теориялық аппаратын кеінен пайдалануды көздейді. Үкіметтің атқарушы
ұйымдары монополистік шектеулерді болдырмау үшін тек қана “жазалау” емес,
оның алдын алатын жұмыстарды да жүргізеді.
Ресурстар шектеулігінің себеп-салдарын, оларды пайдалануымен
байланысты бәсекеден іздеу керек. Бірақ мынаны жаырата білген жөн: бұл жеке
бір адамдар арасындағы бәсеке емес, мұндай бәсеке ресурстарды пайдалануымен
байланысты туындайды. Олай дейтініміз барлық ресурстар әртүрлі қажеттерді
қанағаттандыруға қызмет етеді. Мысалы, біздің еліміз мұнайға бай. Ал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің дамуы
Сапаның экономикалық маңызы
Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Фирманың бәсекелестік қабілеттігін арттырудағы қаржылық менеджменттің рөлі
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориясы
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі экономикалық жағдайда ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік инвестициялардың рөлі
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер