Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты



ЖОСПАР
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Шағын бизнес

1.1. Шағын бизнестiң мән.мазмұны, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Шағын бизнестің маңызы мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Шағын бизнес ісінің экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .12

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТЫ

2.1 Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің рөлі, мәселелері мен шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Шағын бизнес

1. Шағын бизнестiң мән-мазмұны, ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Шағын бизнестің маңызы мен міндеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Шағын бизнес ісінің экономикалық сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .12

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТЫ

2.1 Шағын бизнестің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы
... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің рөлі, мәселелері мен
шешу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2

КIРIСПЕ

Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық
өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты
өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он
төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе
жатқан экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар
кез жеттi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем
таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтан да болар
бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi
сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық
өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе
стратегиялар қажет.
Рыноктық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi – кәсiпкерлер.
“Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисi Ричард
Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде
қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлау типi
ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде. 1
Рыноктық экономика негiзiнде осындай тұрақты экономикалық өсуге
әкелетiн, бәсекеге қабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын,
елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты
құралдың бiрi – кәсiпкерлiк қызмет, нақтылай айтсақ, шағын кәсiпкерлiктiң
үлесi айтарлықтай болмақ. Әсiресе бұл салаға шағын инновациялық
кәсiпкерлiктiң берер нәтижесi ерекше. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей,
шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары
сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана
экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi. 3
Шағын кәсiпкерлiк – кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi
саласының бiрi. Ұсақ және орта кәсiпкерлiкке кез келген рыноктық
экономикасы дамыған елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады. Егер, Еуропа
елдерiнде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсiпорын болса, АҚШ-та ол
көрсеткiш 75 кәсiпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсiпорын ғана
құрайды екен. 9
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан
Республикасындағы ұсақ бизнестің дамуы” деп алдым. Жұмысты орындаудағы
мақсатым Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктiң қалыптасу
мәселелерi мен даму болашағын қарастыру.
Осыған байланысты шағын кәсiпкерлiк қызметтiң, кәсiпкерлiктiң
құқықтық-теориялық мәселелерiн, шағын кәсiпкерлiктiң жалпы экономикада
алатын орнын, оны мемлекеттiк қолдау саясатының басты бағыттарын, сондай-ақ
шағын бизнестi инновациялық қолдау саясатының артықшылықтарын, елiмiздiң
егемендiгiн алғаннан бастап қазiрге дейiнгi шағын бизнестiң қалыптасуы мен
дамуын, сондай-ақ туындап отырған мәселелерiн және одан шығу жолдарын
қарастыру жұмысты орындаудағы мiндетiм болып табылады.
Мен курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде экономикадағы кәсіпкерлік
ұғымына тоқталып және соның нәтижесінде туындайтын шағын кәсіпкерлік және
оның экономикалық өсумен байланысына тоқталып өтпекшімін. Ал жұмысымның 2-
ші бөлімінде еліміздегі шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын, оны
қолдау шараларын жан-жақты қарастырмақшымын. Жұмыс барысында көптеген
сызбалар, суреттер және статистика мәліметтерінен талдау жасалған
кескіндемелер кездеседі.
Бұл тақырыпта ой толғаған көптеген шетел және отандық ғалым
экономистер өте көп. Отандық еңбектердiң авторлары: Қ.Т. Битемiров,
М.Қ. Сүлейменов, В.А.Жакенов, Б.В.Покровский, А.И.Худяков,
К.А.Шайбеков және т.б. ғалымдарды атап өтуге болады.

І. Шағын бизнес

1.1 Шағын бизнестiң мән-мазмұны, ерекшеліктері

Рыноктық қатынастардың қазiргi заманғы жүйесiнiң қалыптасуы шағын
кәсiпкерлiктiң пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты.
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда
пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет
тәуекелмен жасалатын жекеменшiк , қарыздық және басқа да құралдар
мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi:
“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды
шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және
мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. 7
Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр
немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап,
жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын
кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын
кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге
болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық
өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда
орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
• Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
• инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық
сферасын қамтиды;
• Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық
зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк келесi
салалар бойынша бөлiнедi:
- шағын бизнестiң кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты:
өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай:
өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп
профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк
, агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық , құрылыста және басқада
халық шаруашылық салаларында . 3
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен
материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк
қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең
қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi.
Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл
шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес -
бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа
тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi
шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға,
тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани
игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен
айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен
өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы
мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы
жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес : коммерциялық немесе саудалық
бизнес - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты
iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын
бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар -
ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен.
Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты.
Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа
тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға
деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi
көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын
тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның
негiзiнде сатып алу - сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта
бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк , коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа
түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен
материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы
жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша
көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әрбiр бизнесмен өз
iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген
деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр
бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi
дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, сондықтан да операция аяқталғаннан
кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы
ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi
iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында
отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап
отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу
үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi
бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос
жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе
акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң
өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi
дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы
несиелiк сияқты әр түрлi салаларда жүзеге асырылады. Оның
негiзгi ерекшелiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi
болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе
бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды.
Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және
бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат.
Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан
өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк
бiтiмдiк қолына әкелiп қосады. 2
Егер делдалдылықты қызмет көрсетудiң белгiлi бiр түрi
ретiнде қарастырсақ, онда бұл тұрғыдан алғанда делдалда қызмет
көрсету жөнiндегi бизнесмендердiң тобына жатқызуға болады.
Сақтандыру бизнесi: сақтандыру экономикалық қарым-
қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк
кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi
жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында
белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiпорындармен
азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен
алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.

1.2 Шағын бизнес маңызы мен міндеті

Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр
немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап,
жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын
кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын
кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге
болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық
өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамту, қоғамда
орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын кәсiпкерлiк рынок қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта.
Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен рыноктың
тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi.
Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны
ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық
дамуында оның тұрақталығының индикаторы қоғамда орта тапты жасақтайды.
Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:
• Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу;
• Тұрмыс деңгейiнің жоғары болуын қамтамасыз ету;
• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;
Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға
болады:
• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
• Жаңа жұмыс орындарын ашу;
• Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
• Кластерлiк жүйенiң дамуы;
• Лизингтiк қатынастардың дамуы;
• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне өз үлесiн
қосады;
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму
қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та 2006 жылы барлық жұмыс күшiнiң
50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын
кәсiпкерлiк үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен
шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын
кәсiпкерлiк ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да,
өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50%
құрайды. 12
Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық
құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы
санының 70% ғана жұмыс iстейдi.
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың
басты көпшiлiгi Алматы қаласында орналасқан.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты талдағанда
агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын кәсiпкерлiк қазiргi уақытта елiмiздiң
экономикасына тиiстi үлес қоса алмай отырғанын немесе табысын
жасырып ұстайтынын байқауға болады . Сонымен бiрге экономиканы
сараптағанда мемлекеттiң стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын
бизнес басты құралдардың бiрiне айналды .
Шағын кәсiпкерлiк, әсiресе агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында
мықты дамуы тиiс. Өткен жылдары ауыл шаруашылық шикiзатының басым
бөлiгi республикадан тыс жерлерге тасымалданып , сол жерлерде
өнделiп , дайын өнiм сапасы төмендедi, шығынға жол берiлдi.
Бүгiнгi таңда шағын кәсiпкерлiк эканомикасының ерекше
бөлiгi ретiнде нақты жұмыс iстеп, даму үстiнде деп сенiммен айтуға
болады. Ал шағын кәсiпкерлiк Қазақстанды дағдарыстан алып шығатын
локомотивтiң нақ өзi.
Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi
экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында,
елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегия
екенiн атап көрсеттi. 9
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде
экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын
кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа
технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк
қызметтiң мемлекет тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң
ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Қазiр дамыған өркениеттi
елдердiң қайсысын алып қарасақ та шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыта
отырып, айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай
тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар
көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк –
экономикалық мәселелердi шешуге болады. Ұсақ кәсiпкерлiктi дамыту арқылы
елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң
жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев
өзiнiң “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында елiмiздiң
экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты шағын және орта бизнес
деп атаған болатын. 8
Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның
Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық саясат шеңберiнде
приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру
механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп
отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде
шағын бизнестiң ерекше роль атқаратындығы белгiлi.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың
негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен
кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi
инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске
ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер
шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады. Осылайша әрбiр кәсiпкердiң
бәсекеге қабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта
ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi артады. Ал осы аталған
нәтижелерге қол жеткізудің бірден-бір жолы шағын кәсіпкерліктің дамуы болып
табылады.
Салаларды қайта құрылымдауды және кәсiпорындарды реформалауды
жүргiзу кезiнде шағын кәсiпкерлiктiң артықшылықтары әлi де жете
пайданылмауда. Мемлекет қолдауындағы осы саладағы пәрмендi шараларының
бiрi болып өндiрiс және қызмет көрсетулер саласында жұмыс
iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында мемлекеттiк
тапсырысты орналастыру болып табылады. Ұсақ кәсiпкерлiктi қолдаудың
осындай практикасын одан әрi дамыту iрi компаниялардың шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiмен соңғыларда өнiмнiң белгiлi бiр түрлерiн
өндiру бойынша арқылы мүмкiн болмақ. 11

1.3 Шағын бизнес ісінің экономикалық сипаттамасы
(шетелдер мысалында)

Әлемдегi дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарасақ та олардың
экономикасының негiзi шағын бизнес салалары болып табылады. Сондай-ақ ол
мемлекеттердiң барлығы шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрстедi. Әлемдегi
шағын бизнес саласының неғұрлым дамыған елдерге мамандардың айтуы бойынша
АҚШ, Жапония және Германия елдерi жатады. 2
АҚШ-та шағын бизнеске мемлекеттiк қолдау саясатының бастамасы 1953
жылы, яғни “шағын бизнес туралы акт” қабылданғаннан кейiн басталды. Осы
жылы АҚШ-та тәуелсiз шағын бизнес Администрация құрылды. Оның басты мiндетi
шағын бизнес дамуына қаржылық, консультативтiк көмек көрсету болды. АҚШ
президентi жыл сайын Конгресте шағын бизнес жағдайы туралы баяндама
жасайды. Министрлiк деңгейде щағын бизнес дамуының жалпы жоспарлары жасалып
отырады.
Жалпы АҚШ-тағы шағын бизнестi қолдау шараларын келесi 1-шi
суреттен көруге болады. Шағын бизнестiң инновациялық дауының орталықтарына
инкубаторлар, технопарктер мен технополистер жатады.

Сурет-1
АҚШ-та шағын бизнестi қолдаудың құрылымдық органдары

АҚШ-та шағын бизнестi иновациялық дамытуға байланысты 12 федералдық
агенттiктер қызмет етедi. Олардың бюджет көлемi 100 млн. доллардан шағын
бизнестiң инновациялық саласын дамытуға жұмсалуы керек. Елдегi федералдық
қордан шағын бизнестiң ашқан жаңалықтарының 35%-ын қаржыландырады. Елдегi
28 штатта 40 технологиялық бағдарламалар iске асуда, олардың iшiндегi 5-i
мемлекет арқыл қаржыландырылады. Сондай-ақ елдiң шағын бизнесiн қолдаудың
барлық жеңiлдiктерi көрiнiс табады.
Жапония шағын бизнестi дамыту шағын бизнес туралы Корпорация
негiзiнде оған басқарушылық және техникалық көмек көрсету iске асады. Елде
шағын бизнестi қолдайтын 12 департамент және 6 бөлiмше қызмет етедi. Елдегi
шағын бизнестiң құқықтық негiзi 1963 жылы қабылданған “Шағын және орта
бизнестiң негiзгi заңы” болып табылады.
Жапонияда ендi құрылған шағын бизнес өкiлдерiне “стартовый” капитал
ретiнде 30% бастапқы қолдау көрсетiледi. Жапониядағы технологиялық
орталықтар шағын бизнестiң машина жасау, метал өңдеу, өнеркәсiп,
электроника салаларындағы шағын бизнестiң дамуына қолдау көрсетедi. 2
Бүгінгі таңда Жапонияда 6000-нан аса коммерциялық қаржы-несие ұйымдары
қызмет етеді. Банктік бизнес пен несиелік қатынастар Жапонияда ең басты
мемлекеттік реттеудің құрылымы болып табылады. Осы уақытқа дейін Жапония
бірде-бір банк немесе қаржылық-несиелік мекемелер банкротқа немесе
тоқырауға ұшыраған емес.
Жапонияның қаржы жүйесінің келесі құрылымының элементтері 47
сақтандыру компаниялары, яғни олар қаржы көздері мен ресурстарының басым
бөлігін шоғырландырыушы болып табылады. Ол компаниялар жиналған қаржыларды
бағалы қағаздарды инвестициялауға жұмсайды. Сонымен қатар елде 220 қор
компаниялары қызмет етуде. Олардың басым көпшілігі бағалы қағаздар
негізінде өз қызметтерін жүзеге асырады және олардың ішіндегі ірілері
халықаралық қор биржасы бағалы қағаздарымен операцияларға қатысып, әлемдегі
өздерінің көлемі жағынан ірі компаниялар болып табылады. Негізінен
Жапонияның қаржы жүйесі Американдық үлгіде қалыптасқан. Жапонияның әлемнің
басқа елдерінің қаржы жүйесінен айырмашылығы жапон қаржы жүйесінде банктер
мен қаржы компанияларының қызметтері мен операцияларын жүзеге асыру деңгейі
мен түрлері бойынша нақты заң қабылдаған, олар тек қана өзіне тиесілі
операцияларды ғана жүзеге асырады.
Жапонияның қаржы жүйесі келесідей жіктеледі:
1. Жапония Банкі (орталық банк);
2. Коммерциялық банктер;
3. Мамандандырылған несие институттары, яғни қаржы компаниялары (шағын
және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, басқа да
жекелеген қаржылық компаниялар жатады).
Сонымен қатар Жапонияның қаржы жүйесінде мамандандырылған банктердің
маңызы ерекше болып табылады. Оларға: Импорттық банк, Жапониялық даму
банкі, қаржылық корпорациялар, шағын бизнестің қаржылық корпорациясы.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТI
МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ САЯСАТЫ

2.1 Шағы бизнестің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы еліміздің егемендік алған
жылдарынан бастап жаппай көрініс таба бастады. Ол ең бірінші мемлекет
иелігінен алу, жекешелендіру кезеңдерінде сан жағынан да көбейе бастады.
Қазақстан экономикасы егемендiгiн алғаннан кейiн iрi кәсiпорындары бар
жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға өтуiне байланысты шаруашылық
қызметтiң негiзгi түрi, халықты жұмыспен қамтудың бiрден-бiр көзi, ел
дамуының болшағы шағын және орта бизнес болып табылды. Елiмiздегi шағын
кәсіпкерліктiң дамуы қарқынды түрде жекешелендiру бағдарламаларын iске
асырғаннан бастап көрiне бастады. Оның даму тарихы 15 жылдық ел
экономикасымен бiрге қатарласып жүрiп келе жатыр. Осы кезеңдегi шағын
кәсіпкерліктiң дамуын 4 кезеңге бөлсек болады: 9
Бiрiншi кезең – бағаларды либеризациялау (1991-1992), бұл кезеңнiң
ерекшелiгi 90-шы жылдардан кейiн iрi өнеркәсiптердiң жабылуына байланысты
мыңдаған жұмыссыз қалған қызметкерлердi жұмыспен қамту үшiн шаруашылықтың
сауда және қызмет көрсету салаларында шағын және орта бизнестi дамыту, яғни
бұл сфераларда ақша айналысы жылдам жүретiн болғандықтан. Осы уақытта
елiмiзде 34,5 мың Ұсақ бизнес субъектiлерi құрылды. Бiрақ олардың тек қана
6%-ғана экономикалық активтi қызмет ете алды. Ал олардың өндiрген
өнiмдерiнiң ЖIӨ-гi үлесi 7%-ды құрады.
Екiншi кезең – мемлекеттiң қатаң түрдегi монетарлық және қайта
құрылымдық фискальды саясаты, жекешелендiрудiң қарқынды жүргiзiлуi (1993-
1995). Бұл кезеңде елiмiздегi дағдарыстың ауыр болуы, мемлекеттiң қатаң
саясаттары өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң санын мүлдем азайтып жiбердi.
1995 жылы 1992 жылға қарағанда шағын кәсіпкерліктiң ЖIӨ-гi үлесi 4,7%-ды
ғана құрады. Осының салдарынан жұмыссыздық мәселесi өстi.
Үшiншi кезең – шағын бизнестегi бум (1996-1997). Бұл кезеңде шағын
кәсіпкерліктi мемлекеттiк және қаржы-несиелiк қолдаулар арқасында қайтадан
бұл сала жандана бастады. Нәтижесiнде елде ресторандар, кафелер, дүкендер,
қызмет көрсету оырндары, сауда-саттық кәсiпорындарының саны көбейе бастады.
Ұсақ бизнестiң ЖIӨ-гi үлесi 8,5%-ды құрады.
Төртiншi кезең – ел экономикасының сапалы түрде дамуы (1998-2007).
Бұл кезеңде елiмiздегi шағын және орта кәсіпкерліктi сапалы түрде дамыту,
олардың өнеркәсiптiк салаларда қызмет ететiндерiне қолдау шараларын күшейту
жүргiзiлдi. Сонымен қатар, ел экономикасының өсуiмен бiрге Ұсақ бизнес те
қарқынды дами бастады. Осының есебiнен жұмыссыздық та азаю көрiнiсiне ие
болды. Бүгiнде шағын кәiспкерлiктiң ЖIӨ-гi үлесi 30%-дан асты. Ал
Елбасымыздың ұсынысы бойынша ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз
ету үшiн шағын бизнес ЖIӨ-нiң 60%-ын құрауы керек. Ол алдағы жылдардың
еншiсiнде болып отыр. Жалпы елдегi Шағын бизнес кәсiпкерлiк саласындағы
үлесiн келесi суреттен көре аламыз: 12

Сурет-3

Шағын бизнестiң 2007 жылғы жалпы кәсiпкерлiк қызметтегi үлесi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi
айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты
экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн Шағын бизнес екенi белгiлi.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен
айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр
бесiншiсi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi.
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың
36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары
түрлi қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректерден сауда iсi әлi
де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлi де
өзгере қоймағанын көруге болады. Шағын кәсiпкерлiк саласында
жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық
кәсiпорындар есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Бiрақ елiмiздiң Шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып
отырған келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады: 9
• Өндiрiстiң негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған
өнiмдердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;
• Рыноктық қатынастардың, шағын бизнестiң, әсiресе бәсекелестiк
қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;
• Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымның жеткiлiксiздiгi;
• Қолданылып жүрген заңдарды жергiлiктi деңгейде орындау тәртiбiнiң
әлсiздiгi;
• Салық салу және салықтық тексеру жүйелерiнiң тым күрделiгi;
• Экономикалық қаржы секторында жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi өндiрiстiк
үй - жайларды сатып алу тәртiбiнiң күрделiлiгi және тым жоғары
жалға алу ақысы;
• Кадрларды даярлау және шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық
қолдауының тұтас жүйесiнiң жоқтығы;
• Шағын кәсiпкерлiктiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Ұсақ бизнес деген ұғым және оның маңызы
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес дамуын жетілдіру жолдары
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке салық салу механизмі
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Пәндер