Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 ҚХЕС жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.5 Қайта құрылымдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті Есеп, аудит және талдау кафедрасы

Курстық жұмыс

Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

Орындаған: Есетова Жансая
Тексерген: Аленова Бибігүл Леспекқызы

АСТАНА-2011
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
0.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 ҚХЕС жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.5 Қайта құрылымдау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты - осы тақырыпты жан жақты ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті - Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігін ашып көрсету, шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланысқа сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.
37(IAS) ХҚЕС Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер кәсіпорынның міндеттемелер мен активтеріне қатысты мүмкін емес келесі жағдайларда қарастырылады:
:: Бір мәнді оқиғаның фактісін белгілеу;
:: Оның сандық көз қарасын бағалау.
37(IAS) ХҚЕС сәйкес келесі мақсаттарды көздейді:
oo Резервтердің бағалану мен мойындалу рәсімінің қолдану кезектілігін қамтамасыз ету;
oo Резервтер, шартты міндеттемелер шартты активтер туралы ақпаратты ашып көрсетуге талап қою, яғни кәсіпорын қызметінің ағымдағы және болашақ нәтижелеріне олардың есептілікке әсерлерін қолданылатын тұтынушыларға жеткілікті көлемде түсінікті болуы қажет.
37(IAS) ХҚЕС сәйкес тыйым салынады:
:: Шығындарға көлемді негізделмеген есептен шығаруды жасау;
:: Бар болған берешектермен байланысты емес резервтерді құру;
:: Резервтер көмегімен пайда көрсеткіштерін реттеу.

1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері

1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі

Халықаралық бухгалтерлік стандарттаудың пайда болуы ең әуелі мына объективті алғы шарттарға байланысты:
1. Әлеуметтік экономика, қаржылық және инвестициялық нарықтың біркелкі қажеттілік интеграциясы, өзара тәуелділігі, өзара келісімділігі.
2. Трансұлттық корпорациялардың қызметтерін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындардың көшірілуі, корпорациялар мен әр түрлі елдердің капиталына өзара кіруі.
3. Әлемдік өнім шығарушылардың күшін көлемді, жаһанды және ұлттық деңгейге дейін дамыту.
4. Жетекші елдердің валюталарының тәуелсіз конвертациясы және бірден европалық валютаны енгізу.
5. Үйлестіру және стандарттау сияқты жолдармен әлеуметтік, экономикалық, қаржылық сфераларында экономикалық процестерді басқарудың ұлтаралық бағдарламаларын жүзеге асыру.
6. Ұлттық қағидалар мен ережелер аясынан қалыс қалмау.
7. Бұрыс шешім қабылдау үшін нақты, әрі түсінікті ақпарат алу жолында халықаралық ережелерге сай есеп жүргізуге құралдар жұмсамау.
Есептік мәселелерді шешудің көп нұсқаулық жолдарының болуы ҚХЕС айқын ерекшелігі болып табылады. ҚХЕС әр түрлі елдердің, әсіресе АҚШ-та есептік тәжірбиесінің енгізілуіне тәуелді.
ҚХЕС-ты оқи отырып, оны қолдану кәсіпорындарға, жалпы қолданыстағы нұсқаның кеңінен қолданылатын түрін таңдауға мүмкіндік береді. Бұдан ҚХЕС сәйкес есеп және есептілік ақпараттарының артықшылықтары мен кемшіліктері туындайды.
1-кесте
ҚХЕС-тің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
* Халықаралық капитал нарығына тарту мүмкіншілігін кеңейту.
* Қолданушыға нақты шешім қабылдауға көмек беретін көлемдегі ақпараттың айқындылығы, тиімділігі және мәнінің айқын түсіндірілуі.
* Жергілікті жұмыстарға уақыттың және т.б, оның ішінде материалды қолдануды қысқарту.
* Республика экономикасының деңгейі тұрақты болу үшін бухгалтерлаердің жауапкершілігін, білімін, тәжірбиесін, беделін жоғарлату.
* Ақпарттың ашықтығы, тәуекелдің төмендігі және сенімділік арқасында басқа мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істеуді кеңейту.
* Қаржылық ақпарттың нақты сапасының негізінде басқа елдермен экономиканы біріктіру.
* Есеп және есептілікті үндестіру және экономикалық интеграцияның жақындастырылуы.
* Стандарттардың жалпы сипатта болуы.
* Есептік тәсілдің көп болуы
* Нақты жағдайлардың мәнінің мұқият ашылмауы.
* Әр елдің даму деңгейінің әркелкі болуы.
* Экономиканың дәстүрі мен ұлттық ерекшелігінің және тәртіп пен ережелердің жоқтығы.
* ҚХЕС-тың ұлттық есеп беру жүйесіне бейімдеуде жекелеген жағдайларды жұмыстың қолайсыздығы.
* Бухгалтерлердің білімі мен тәжірбиесінің төмен болуы, сонымен қатар оқуға деген қажеттілік.
* Кейбір терминдердің дұрыс аударылмауына байланысты жайсыз қабылдануы.
* Жекелеген мәселелер бойынша нормативті құқықтық жүйесінің сәйкес келмеуі.

ҚХЕС-тің негізгі ақпарат базасы ретінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізудің себебі-есептіліктегі ұлттық ерекшеліктерді барынша азайту және әр түрлі тұтынушылардың шешім қабылдаы үшін сенімді ақпарттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Есеп беру жүйесін стандарттау-бұл объективті қажеттілік, әр елдерге есеп беру жүйесін зерттеулерде, жүктеуде және топтауда қорытындыларды және есеп пен есептілікті жаңалау кеңесін құру. Әр ел өзінің ұлттық есеп беру жүйесін жалпы қағидаға сүйене отырып қабылданған.

1.2 Халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі
Халықаралық стандарт- ҚХЕС ұлттық есеп беру ерекшелігін сақтай отырып, қолдану жағдайында ҚХЕС комитетінің мүшесіне кіретін елдерде қолданылатын ереже. Халықаралық стандарттың дамуына есеп беруді стандарттау дәстүрінің қалыптасуы, практиканы бір немесе басқа объектінің және басқа жағдайларда есеп беруге енгізіге әәсер етеді.
Әр кезде өзгеріп отыратын жүйе, ол өзінің атауын үнемі өзгерітп отырады. Бұл өзгертуде әлем бойныша компаниялар өзінің қаржылық есебін жүргізуге қажетті бухгалтерлік есептің қағидалары жатады. Ескі теория мен тәжірбиенің даму негізінің өзгеруіне қажетті және оларды қолдануға байланысты стандарттарды қайта қарау кезеңіне, әрі ол есеп беруді стандарттауға өз үлесін қосады.
Бірқатар елдердегі мәлімет деңгейінде орташа компанияларинфляцияның әсеріне есеп пен есептілікке ықпал етуі жөнінде өзінді шешім қабылдауға құқылы. Кейбір елдерде байланыстың бөлек баптары ғана өзгертіледі, бұл негізгі жабдықтармен, оның ішінде ұзақ мерзімді қапиталдық және қаржылық салымдар жайлы ақпарт береді.
2-кесте
ҚХЕС-ты қолданудың реттілігі
Мемлекеттер
ҚХЕС ұлттық стандар ретінде қолданылады.
Кипр, Кувейт, Латвия, Мальта, Пәкістан, Тринидад, Тобаго, Хорватия.
ҚХЕС ұлттық стандарт ретінде қолданылады, бірақ онда қарастырылмаған мәселелер үшін ұлттық стандарттар жасалады.
Малайзия және Папуа, Жаңа Гвиния.
ҚХЕС ұлттық стандарт ретінде қолданылады, бірақ кейбір жағдайлар ұлттық ерекшеліктерге сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Албания, Бангладеш, Барбадел, Замбия, Зимбабве, Кения, Калумбия, Польша, Судан, Тайланд, Уругвай, Ямайка.
Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, қосымша түсініктерді қамтамасыз етеді.
Кйтай, Иран, Словения, Тунис, Филипин.
Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, Бірақ оған қарағанда жекелеген стандарттар аса бөлшектенген.
Бразилия, Үндістан, Ирландия, Лива, Мавритания, Намибия, Нидерланды, Норвегия, Сингапур, Словакия, Туркия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Африка.
Ұлттық стандарт ҚХЕС-ке негізделген, алайда әр ұлттық стандарт ҚХЕС-пен жеке-дара байланысты.
Австралия, Ганконг, Дания, Италия, Жаңа Зеландия, Швеция, Югославия

Ұлттық стандарттарға келетін болсақ, олардың құрылуына әртүрлі құрылымдар үлес қосуда, соның ішінде бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясы, биржалық комиссия, орталық банктер, институттар және т.б ғылыми ұйымдар, салық органдар. Бұл кезеңдегі үлесінде есеп беру стандартын құруы әр түрлі. Египеттің бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясының президенті М. Яхья 21 елдің сараптамасы негізңнде жүргізген зерттеулердің нәтиесінде 32% -бен мамандандырылған бухгалтерлік ұйымдар жетекшілік рөлде, құқық шығарушы органдар -18%, биржалық комиссиялар-14%, орталық банктер-13%, салық ведомстволары-9%, басқа құрылымдар-14%.
Бұл құрылымдардың көлемі нақтыланған мәселелерді туындатады және ол стандартты дамытудағы жұмыстар есеп берудегі үндестіру процесінің қиындауына әкеліп соғады. Сондықтан, көптеген елдер халықаралық стандартты қабылдағанды жөн санайды.
Ескертетін жағдай қазіргі уақытта компаниялардың өздері ҚХЕС қолдануда қозғаушылық көзқарастары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді.

ҚХЕС енгізудегі қызығушылық білдіруіне байланысты
кәсіпорындардың әр түрлілігі

1-тип. ҚХЕС қолданатын немесе қолдануды жоспарлайтын фирмалар мен компаниялар.
Шетел ұйымдарының филиалдары мен өкілеттіліктері
Шетел инвесторларын өздеріне тартатын кәсіпорындар
Бағалы қағаздардың халықаралық нарығына шығатын кәсіпорындар.
2-тип. ҚХЕС пайдалануға қажеті жоқ ірі және орташа компаниялар.
Инвестициялық тартымдылық үшін ҚХЕС қолданушыылар, бірақ тиісті қаржылық және кадрлық мүмкіндіктері жоқ
Өзі жайлы қандай да бір шынайы ақпарттың мәнін ашуға құлшыныс білдірмейтіндер
3-тип. ҚХЕС өтуге қызықпайтын кәсіпорындар
Шығын кәсіпкерліктің субъектісі
3- кесте

Берілген суреттегі 1-ші тип кәсіпорнына келетін болсақ, қазіргі уақытта ӨХЕС бойынша есеп берудің бұл тобы екі түрлі қарама-қайшы есеп жүргізеді немесе бұл өзінің есептік тәжірбиесінде "трансфармация" деп аталатын тәртіпті қолданады. Бірақ бұл арада көптеген қиыншылықтар туындауды, соның ішінде ең маңыздысы қаржылық есеп жүргізуге уақыт пен құралдардың көп жұмсалуы.
Екінші топ кісңпорындары ҚХЕС қолдануға қызығушылығы тудырады, бірақ олардың қаржылық және кадрлық мүмкіншіліктері жоқ, бұл маңызды үлесті құрайды. Сондықтан есептік жүйедегі заңдылықты қайта құрып жатқан елдер халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік беретін нормативтік акілерді жетілдіру қажет.
Өз қызметтері жайлы ақпарат бермейтін кәсіпорныдар тобына, объективті материалдарды, осыған байланысты салық салыну жайлы мәліметтерді ұсынғысы келмейтіндер немесе көрсетуге мүмкіншілігі жоқ кәсіпорындарды жатқызуға болады.
Ал үшінші типтегі шығын кәсіпорындарға ҚХЕС-ке көшуге байланысты бағдарламалық өнімді жаңартқысы келмейтін елеусіз көлемдегі қызметпен айналысатын орташа кәсіпорындарды жатқызамыз. Соныме бірге, бұл жерде мамандық тәжірбиені көтеруге және әкімшілік шығындарды төлеуге кететін шығындар да туындайды, бұл олардың қызметіне әсер етеді.
Осыған байланысты бізідң республикамызға ҚХЕС енгізу үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:
* Стандартты құрудың жағдайы мен болашағын объективті бағалау;
* Стандарттауды енгізудің реттілігі мен нәтижесін анықтау;
* Бухгалтерлік есептің нормативтік базасынынң өзгеруі;
* Білім беру жүйесін кеңейту және біліктілік дәрежесін көтеру;
* Қолдануға ынталандыратын механизмді дамыту.

1.3 ҚХЕС стандарттарының жіктелуі
ҚХЕС мәні, мазмұны және т.б сындарына қарай жіктеуге болады, сонымен қатар әр түрлі бағыттар бойынша топтауға болады. Жіктеу латын сөзінен аударғанда қандай да бір білім саласының сабақтасқан ұғымдар жүйесін ( кластар, объектілер) білдіреді. Басқаша айтқанда, Жіктеу қандай да бір объектінің тұтас бір жүйеде байланысу заңдылығын тіркеітің жалпы белгілеріне байланысты сыныптарға бөлуді білдіреді.
ҚХЕС байланысты жіктеу термині әр түрлі ақпараттар көздерінде әр келкі түсіндіріледі. Бұл стандарттың әр жылдары және әр түрлі функционалды мақсаттарда құрылғанына байланысты.
ҚХЕС жіктелуінің әр түрлі болуы халықаралық ереже бойынша есептің жүргізілуіне нақты түсінікті енгізу, стандарттардың бір типтес құрылымы мен белгілерін айқындауды мақсат ету болды.
Басқаша айтқанда, ҚХЕС-ті жіктеу- бұл қандай да бір жағдайда қолданылатын кез келген ұқсас критерийлер бойынша стандарттарды топтастыру мүмкіндігін мынандай блоктарға бөліп көрсетуге болады:
1. Жалпы әдістемелік стандарттар, оның негізінде бухгалтерлік есептің халықаралық қағидаларын құру жатыр.
2. Қаржылық есептің мазмұны мен құрамын көрсететін стандарттар.
3. Жекеленген объектілерді есептеу ережелерін анықтайтын стандарттар.
Берілген топ объектілердің көп түрлі болуына байланысты қосымша ішкі топтарға бөлінуі мүмкін.

Белгіленуі бойынша стандарттардың жіктелуі

4 - кесте
Жалпы әдістемелік стандарттар
ҚХЕС 1,7,8,10,14,15 ПКИ,8,17,18
ҚХЕС 21 және ПКИ 7,11,19
ҚХЕС 29,30,34,36,37
Қаржылық есептің құрамын, мазмұның және біріктірілуін реттейтін стандарттар
ҚХЕС 1,10,14,27,29,30,31,34
ҚХЕС 22 және ПКИ 9,22
ҚХЕС 31 жәнеә ПКИ 13
Жекеленген объектілердің есебін анықтайтын стандарттар
Есептің стандарттары:
- Қорлар ҚХЕС 1 және ПКИ 1;
- ҚХЕС ұзақ мерзімді активтері 11,16,38,40 ПКИ 14,26,6;
- ҚХЕС қаржылық активтер 17,23,25,28,40,ПКИ 15,2,3,20-ҚХЕС қаржылық аспаптары 32,39, ПКИ 5,16;
- Кірістері ҚХЕС 19,20 және ПКИ 5,16;
- Кірістері ҚХЕС 19,20 және ПКИ 10;
- Пайдасы ҚХЕС 12,33 және ПКИ 21,25,24
- ҚХЕС қызметкерлерді қамтамасыз ету 19,26

Жоғарыда келтірілген стандарттардың белгіленуі бойынша жіктеулермен қатар оларды экономикалық мазмұны бойынша жіктеуге болады, оның негізінде экономикалық қатынастар барысында туындаған есептік мәселелердің шешуін білдіретін топтастырулар жатыр. Мысалы, мұндай қатынастар жиынтығына М.И.Кутердің "бухгалтерлік есеп теориясы" атты еңбегінде ұсынылған қатынастарды айтуға болады.
Келесі сызбада көріп тұрғандай бұндай жіктеудің негізіндегі қатынастарды төмендегілердің арасында бөлеміз:
* Жалпы ұлттық бюджеттің құрылуы кезінде нақті мүдделердің өзера іс-әрекетін білдіретін мемлекет пен кәсіпкерліктін арасында;
* Тауарлардың ұсынысы мен сатушылардың қалауларының кері әсері мен келісушілігін құрайтын тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасында.

Экономикалық мазмұны бойынша қаржылық есептілік стандарттарының жіктелуі
Салалақ ерекшелікті сипаттайтын операциялар есебінің стандарты
Халықаралық экономикалық мүмкіншіліктерді сипаттайтын операциялар есебінің стандарты
Валюталық операциялар есебінің стандарты Бірлескен өнеркәсіптің қызметінің есебінің стандарты
Экономикалық мазмұны
Жалпы экономикалық сипаттағы стандарттар
Есеп қағидаларының стандарты
Есептік саясаттың стандарты
Қаржылық есеп стандарты
Серіктестердің экономикалық мүддесіне баланысты операциялар есебінің стандарты
Кіріс пен шығыс есебінің стандарты
Салық есебінің стандарты
Мемлекеттік инвестиция есебінің стандарты
Бизне бойынша әріптестердің экономикалық мүддесіне байланысты операциялар есебінің стандарты
Бірлескен қызмет нәтижесінің есебінің стандарты
Басқа компанияға инвестициялау есебінің стандарты
Сегменттер қызметінің есебінің стандарты Компанияның бірігу есебінің стандарты
Мемлекет пен кәсіпорының экономикалық мүддесіне байланысты операциялар есебінің стандарты
5 - кесте

Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу бойынша операциялар есебінің стандарты
Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу бойынша операциялар есебінің стандарты
Еңбекті төлеуге кететін шығындар есебінің стандарты
Зейнетақыны қамсыздандыру шығындар есебінің стандарты
Еңбекті төлеуге кететін шығындар есебінің стандарты
Зейнетақыны қамсыздандыру шығындар есебінің стандарты

Банктік операциялар есебінің стандарты Сақтандыру бойынша операциялар есебінң стандарты
Құрылыс жұмыстарының есебінің стандарты
Банктік операциялар есебінің стандарты Сақтандыру бойынша операциялар есебінң стандарты
Құрылыс жұмыстарының есебінің стандарты

* Көлденең өнеркәсіптер, яғни тиімді келісім-шартқа жүзеге асыратын экономикалық мүдделер негізі болып табылатын өнеркәсіптік серіктестер арасында.
* Компанияның құрылымдық звенолары, жеке өзінің дамуын және компанияың тұтасымен дамуын көздейді.
* Акционерлік қағамның біріккен капиталына өатысушы салымшылар, салынған капиталға пропорционалды пайда алуды көздейді.
* Жұмыс берушімен жұмыс арасында, өзара тиімді және өзара байланыс тек қана жеке фирмалар деңгейінде емес, тұтас мемлекеттер мен континенттер деңгейінде болуына байланысты.
Жоғарыда аталған экономикалық қатынас топтарымен қатар субъектілерімен өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде ппайда болатын басқа да ішік топтарды анықтауға болады. Тәжірбиеде көрсетілгендей стандарттардың қоладнылуы ҚХЕС келтірілген экономикалық құбылыстар мен терминдерді әр түрлі қарама-қарсы әрекет ететін жеке мүдделердің әр түрлі қабылдауын көрстетеді. Бұл стандарт сиптатталған есептік әдістерді қолдану кезінде көрініс табады.
Сондай-ақ, стандарттардың әр келкі бөлінуі өзара байланысты экономикалық мүдделерді халақаралық деңгңейде және дәл осылайша мемлекеттің ішінде қолданылуын нақты көрсетуді мақсат етеді. Қолданудың экономикалық қатынастардың өзара байланысын нақты бейнелейтіндігіне бағытталуы керек. Бұл орайда стандарттардың мәні мен мазмұны халықаралық контексте есепті жүргізудің түрлі аспектілерін сипаттауы тиіс.

2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер

2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты
міндеттемелер түсінігі

ХҚЕС 37 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер стандарты - ұйымның шаруашылық жұмысының белгісіз оқиғаларымен байланысты бағалау, активтер және міндеттемелер туралы ақпаратты ашу олардың мойындау ретін анықтайды. Стандарт болатын әлде болмайтын яғни шартты оқиғаларға арналған. Бұл стандарт міндет жүктелген шарттардан басқа, орындалуға тиісті келісімшарттардың нәтижесі болып табылатын және басқа Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қарастырылатыннан басқа, барлық ұйымдардың бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерін және шартты активтерін есепке алуда қолданылады.
ХҚЕС 37 шартты оқиғаларда көрінетін 3 есептік категорияны көрсетеді:
:: Резервтер
:: Шартты активтер
:: Шартты міндеттемелер.
Шартты актив − белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал ақша қаражаттарының келіп түсуі. Шартты актив экономикалық пайда алуға мүмкіндік беретін жоспарланбаған оқиғалардан туады. Ол баланстан тыс категорияға жатады сондықтан одан табыс ешқашан алынбауы мүмкін. Шартты активтер мен міндеттемелер алшақ болып табылатын экономикалық пайданы құрайтын ресурстардың есептен шығуы немесе кіріске алудың ерекше жағдайды қоспағанда қаржылық есепте ашылуы тиіс. Шартты активтер мен міндеттемелер жиі бағалануы тиіс, себебі қаржылық есепте өзгерістердің бұл шағылысын сәйкесінше қамтамасыз етуі үшін. Егер экономикалық пайданың кіріс етілуі немесе шығуы шынында анықталған болса, онда актив міндеттеме және сәйкесінше табысшығын өзгеріс болған кезеңде қаржылық есепте танылады.
Шартты міндеттемелер - (a) бұрынғы оқиғалардан туындайтын және ұйымның бақылауында толық болмайтын бір немесе одан да көп белгісіз болашақ оқиғалардың басталуымен немесе басталмауымен расталатын ықтимал міндеттеме немесе (b) бұрынғы оқиғалардан туындайтын, бірақ:
(і) экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару міндеттемелерді реттеу үшін қажет болатындығына сенімнің жоқтығынан; немесе
(іі) міндеттеменің көлемі жеткілікті сенімділікпен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын ағымдағы міндеттеме сияқты шартты міндеттемені айқындайды. Шартты міндеттемелер бухгалтерлік баланста көрсетілмейді. Төлем күмәнді болған жағдайда ғана ұйым шартты міндеттемелер жөніндегі ақпаратты ашуға міндетті. Тек ерекше жеке жағдайларда сенімді баға жасала алмайтын болса, онда ол таныла алмайтын міндеттемелер болады. Мұндай міндеттемелер шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.
Компания шартты міндеттемелер мен активтерді танымауы тиіс, себебі олардың бар болуы компания бақылауында болмайтын анықталмаған болашақ оқиғалардың орындалуы мен орындалмауына тәуелді болады. Мысал ретінде нәтижесі анықталмаған жағдайда соттық тәртіппен компанияның шағымдануы бола алады. Компания міндеттемелер бойынша бірге жауапты болса, онда үшінші тараптардың төлейді деп күтілетін міндеттемелер бөлігі шартты міндеттемелер деп есептелінеді. Компания міндеттемелердің экономикалық пайданы құрайтын ресурстардың есептен шығуға ықтималды бөлігі бойынша резервті таниды. Сенімді баға жасай алмайтын ерекше жағдайларды қоспағанда.

2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің
арасындағы байланыс

Жалпы алғанда барлық резервтер шартты болып келеді, өйткені олардың уақыты немесе сомасы анықталмаған. Бірақ 37 ХҚЕС шартты термині міндеттемелер мен активтерге қолданылады, яғни кәсіпорынның бақылауындағы толық тұрмаған болашақта бірнеше немесе бір белгісіз оқиғалардың түсуі немесе түспеуі барысында ғана олардың мәнділігі бекітіледі.
Сонымен қатар шартты міндеттемелер мойындалу критериясына жауап бермейтін міндеттемелерге қолданылады.
Стандарт келесілерді айырады:
:: Болашақта шын міндеттемелер болатын резервтерді мойындалуына жатады;
:: Мойындалуына жатпайтын шартты міндеттемелер, өйткені келесілер болып табылады:
oo Тек мүмкін міндеттемелер;
oo Мойындалу критерияларына жауап бермейтін ағымдық міндеттемелер, яғни берілген міндеттемелер бойынша келесілер белгілі:
:: Экономикалық пайда қайтарылу ықтималдығының төмен болуы;
:: Сенімділік жеткілікті дәрежесімен бағалануына міндеттемелер көлемі берілмейді.
Резервтерді мойындау

Резерв келесі жағдайларда мойындалуы қажет:
oo Өткен оқиға нәтижесінде кәсіпорында шын міндеттеме (заңды немесе фактілік) бар;
oo Міндеттемелерді өтеу үшін экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстардың шығуын талап етуі мүмкін;
oo Міндеттемелердің соммасына сенімді құн жасалуы мүмкін.
Шын (нақты) міндеттемелер
Шын міндеттемелер өткен оқиға болғандықтан кәсіпорында міндеттемелерді орындау баламасы жоқ болса, онда экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстардың шығуына әкеледі. Кейбір жағдайда ағымдық міндеттемелердің бар немесе жоқ екенін айқындала алмайды. Мұндай уақытта ағымдық міндеттемені өткен оқиға құрайтынын есептеу қажет. Егер барлық болатын айғақтарды ескере отырып жоқ ықтималдығына қарағанда ағымдық міндеттемелер есепті күніне бар ықтималдығы жоғары. Барлық дерлік жағдайларда өткен оқиғалар ағымдағы міндеттемелерді әкелуін айқындайды. Сирек жағдайларда, мысалы, соттық іс бойынша белгілі бір оқиғаның болуы туралы дауылдасу мүмкін сияқты ағымдық міндеттемелерді мұндай оқиға әкелгені туралы дауылдасу. Осындай жағдайда кәсіпорын есепті күніне ағымдық міндеттемелер бар ма екенін анықтайды, оған қоса барлық бар болатын айғақтарды ескере отыруына көңіл аудару.
Келесі айғақтың негізінде:
1) Ағымдық міндеттемелердің жоқ ықтималдығына қарағанда есепті күніне олардың бар болуы ықтималдығы жоғарығ кәсіпорын резервтерді мойындайды. (мойындалу критерийлердің орындалу барысында).

Есеп
Өндіруші сату уақытында сатып алушыларға кепілдеме ұсынады. Сату келісім шарттың шарттарына сәйкес өндіруші сату күнінен бастап 3 жыл ішінде пайда болған өндірістік кемшілікті жөндеу немесе ауыстыру жолымен түзету міндеттемелерін өз жауапкершілігіне алады. Өткен тәжирибеден шығатын ықтималдығы сату бойынша кейбір шағымдар болу мүмкін.
Сұрақ. Резервті құру қажет пе?
Шешуі:
Міндеттелген оқиға құқықтық міндеттеменің пайда болуына әкелетін кепілдемемен тауарды сату болып табылады.
Ресурстарды шығару - жалпы кепілдеме үшін ықтимал. Сәйкесінше мынадай қорытынды жасауға болады, яғни есепті күніне дейін сатылған кепілдеме бойынша бұйымның түзетуіне кеткен шығынның ең жақсы бағалануы үшін резерв мойындаланады.
Ағымдағы міндеттеме есептілік кезеңіне сәйкес келмеу ықтималдығы жоғары болса, онда кәсіпорын шартты міндеттеме ашады. Ал экономикалық пайданы алуға бағытталған резервтердің шығару ықтималдығыалыс болып табылады.

Өткен оқиға
Ағымдық міндеттемелерді туғызатын өткен оқиғалар деп аталады. Оқиға міндеттелінген болу үшін кәсіпорын осы оқиғамен құрылған міндеттемелерді өтеу үшін баламалары жоқ болуы тиіс. Бұл жағдайда пайда болу тиіс қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәжбүрлі түрде міндеттемелердің өтелуі жүзеге асырылуы мүмкін.
Есеп
Мұнай өндірісі өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды, нақты елдерде заңнамалықтың қолданыста болуы және талап етілуі кезінде ғана тазарту жұмыстарын жүргізеді.
Бұл кәсіпорын қоршаған ортаны ластау салдарынан шығаруды талап ететін заңнамасы жоқ бір елде қызметін атқарады және бірнеше жылдар бойы кәсіпорын осы лдегі жер қыртысын ластады. 2007 жылдың 31 желтоқсанына жыл аяқталғаннан кейін жақында іс әрекетке тазалау жұмыстарын жүргізуге талап ететін заңның проекті бойынша түсінікті болып тұр.
Сұрақ: Резерв құрылуы қажет пе?
Шешуі:
Міндеттелінген оқиғалар тазалау жұмыстарын жүргізуді талап ететін заңның нақты белгілері кесірінен жер қыртысының ластауы болып табылады. Сондықтан тазалау жұмыстарының шығындарын бағалау үшін резерв құрылады.
Есеп.
Мұнай өндіру кәсіпорны қоршаған ортаны қорғау аумағындағы заңнамалар жоқ елдегі жер қыртысын ластайды және іс жүргізеді. Бірақ кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау аумағындағы өз саясаты туралы ақпаратты кең жариялайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
IFRS халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Бағалау міндеттемелері
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Қаржы құралдар нарығы
Қаржылық қорытынды есептің мақсаттары
Сатып алушыны айқындау
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Банктің пассивтеріне талдау жүргізу
Пәндер