«АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі ... . 4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12

2 «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру ... ... ... . 24

3 «АКА» ЖШС.ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі ... .
4
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
7
1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
12

2 АКА ЖШС қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
13
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.2 Кәсіпорын қаржысының құралу көздері және құрылымы ... ... ... ... ... ... ...
17
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру ... ... ... .
24

3 АКА ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
3.1 Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары ... ... ... ... ... ... ...
28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ...
29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.
Шаруашылық субъектілерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету шаруашылық қызметін экономикалық тұрғыдан сауатты басқаруды талап етеді, ал ол өз кезегінде шаруашылық қызметін талдаумен тығыз байланысты. Экономикалық талдау көмегімен кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оған әсер етуші факторлардың даму тенденциясы, өзгеру себептері жан-жақты терең талданады, басқарушылық жоспарлары мен шешімдері негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады.
Қаржылық және басқарушылық талдау бизнесте басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми базасы болып саналады. Басқару шешімдерін негіздеу үшін өндірістік және қаржылық тәуекел деңгейіне баға беріп, баламалы шешімдер арасынан кәсіпорын үшін ең ұтымдысын таңдай алу керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажет болатын кәсіпорын қызметінің нәтижесін экономикалық талдау, объектінің ағымдағы және күтілетін жағдайын бағалау қабілетін анықтау.
Зерттеу тақырыбының міндеті - кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижесін талдап, соның негізінде талдаудың жеке көрсеткіштерін айқындау.
Зерттеу объектісі - "АКА" ЖШС. Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.
Қаржы ресурстарын құру көздерін қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде "АКА" ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негізі
1.1 Кәсіпорындар қаржысы түсінігі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар - халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.
Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар - ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар - ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар - ақша қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй - коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.
Меншік формаларының дамуы кооператив, акционерлік қоғам, фирма, бірлескен жаңа тұрпаттағы кәсіпорындары туғызады. Мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына берілуі меншік түрін өзгертті.
Түбегейлі экономикалық реформа барысында пайда болған мемлекеттік меншіктің сан алуан формалары - республикалық, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың сан алуан формалары шығуына жеткізеді. Коммерциялық шаруашылық есептердің дамуы, аймақтардың біршама дербестік алуы бұл процесті тереңдете тұседі.
Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым - қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін - өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми - техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы ролін баса көрсетуде.
Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы өндіріс қызметін орындайды деп тұжыруға болады. Ұдайы өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері, кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен, уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.
Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі - жиынтық қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс кәсіпорындар мен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал жабдықтарды толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың (табыстың) бір бөлігі қайта бөлу барысында орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы, әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды қаржыландыруға түседі.
Кәсіпорын экономикасында қаржының бақылау қызметі маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек, материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы - несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады. Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара қарым - қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие органдарымен іс- қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге асырылады.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
2) ақшалай табыстарды бөлу;
3) кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық - заттық және ақша формасы қалады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.
Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

1.2 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері
Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының деңгейін жобалау мақсатымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:
:: қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
:: қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
:: қаржылық тұрақтылық - бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.
Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері - тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (Yenа) айырмасы ретінде анықталады: Ма.к.=Мк-Yenа
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
oo кәсіпорынның салалық ерекшелігі;
oo шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет);
oo жарғылық капитал көлемі;
oo шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
oo мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
oo кәсіпорынды басқару тиімділігі, т.б.
Сыртқы факторлар:
oo мемлекеттегі саяси - экономикалық жағдай;
oo төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;
oo салық және несие саясаты;
oo құқықтық - нормативтік база;
oo сыртқы - экономикалық байланыстар, т.б.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау - кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
* кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;
* кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;
* қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;
* қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.
Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
1. Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен капитал құрылымын талдау.
2. Капиталды пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау.
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін талдау.
4. Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.
5. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті - меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.
1. Ол кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижеллігін талдау.
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
3. Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтің тиімділігін талдау.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты болып көп мөлшердегі емес ақпаратты параметрлерді алу.Талдаудың мақсаты аналитикалық есептің бір-біріне байланыстылығын анықтауда талданады. Аналитикалық есеп бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық есебі мен ақпараттық техникалық және әдістемелік мүмкіншілігін талдауын жүргізу үшін анализдеуді нақтылау болып табылады.Кәсіпорынның қажеттілігіне байәланысты сұрақтарын шешу үшін олар өндіріс, қамту қаржылық, инвестициялау және жаңадан енгізулер бойынша ақпараттың болуын бағалау және талдау үшін нәтижесі болып табылады. Қаржылық талдау ол кәсіпорынның басқару структурасының жоғары звеносы болып табылады. Қаржылық анализ ол кәсіпорынның басқару жүйесінде экономикалық процестерінде өзіне икемдеу тәсілі ретінде маңызды болып табылады.
1. Талдау объектісінің қаржылық жағдайының жалпы бағасы.
2. Қол жеткен қалыптастыратын жағдайын, жеткен мүмкіншіліктерін және факторларын анықтау.
3. Қаржы облысында басқару шешімдерін қабылдауда дайындау және жалпылау.
4. Баланстық шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарлату және қаржылық жағдайдың жақсарту резервтерің мобилизациясы және анықталуы.
Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.
Қаржылық талдау процесінде келесі қайнар көздерінен ақпарат алынады.
1. Өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат.
2. Нормативті ақпарат.
3. Жоспарлы ақпарат.
4. Экономикалық, яғни шаруашылық учет.
5. Есеп беру.
6. Жылдық қаржылық бухгалтерлік есеп беру, яғни жарияланатын.
7. Кварталдық (коммерциялық құпиясы бар жарияланатын )
8. Таңдалатын статистикалық және қаржылық есеп беру.
9. Міндетті статистикалық есептеу.
10. Басқа ақпарат
А) пресса
Б) басқарушы ұйымның сұрауы.
В) экспериметтік ақпарат.
Кәсіпорын бір - бірімен байланысатын параметрлерден тұрады. Партнерлерды негізгі және негізгі емес.
Негізгі партнерлық топ - ол кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің салымдарын салған және өздерінің қатысуымен қызығушылығына байланысты кәсіпкерлік қызметтің талдауы кезінде өзінің компенсациясына талап етілуіне қатысушылар, яғни негізгі партнерлік топтар, олар кәсіпорнның қаржы жағынан да олардың пайда түсіру, табыстық жағынан да өз мүмкіндігінше көмек беруіне ынталы болып келеді.
Негізгі емес партнерлік топтар:
1. жеке топтар
2. Қарыз берушілер
3. Әкімшілік басшылары
4. Еңбек персонал етуші
5. Еңбек затын және қаржысын қарыз етушілер
6. Сатып алушылар (клиенттер)
7. Статистикалық органы түріндегі қоғамдар
Партнерлік топтың салық жарналары.
1. Жеке капитал
2. Қарыздық капитал
3. Істі білу және басқаларды жүргізу
4. Өзінің бөлінген еңбегі бойынша жұмысты атқару.
5. Еңбек затын және құралдарын қамту.
6. Өнімді алуы.
7. Қызмет көрсетуі
Талап етушілерден компенсация түрі:
Дивиденд,пайыз, окладтан жоғары пайда мөлшері мен еңбекақы төлеу, персоналға еңбекақы, премиялар, әлеуметтік жағынан көмек, келісім бағасы, сатып алушылар арасындағы келісім бағасы, мерзімді толығыменалуды төлеу.
Қаржылық талдау кезінде жүргізілетін мақсат:
1. Қаржылық нәтиже мен қаржылық тұрақтылық.
2. Өтімділік, кәсіпорынның өз қарызы бойынша толығымен қарызды өтеуі.
3. Толық ақпараттың болуы.
4. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі.
5. Қаржылық жағдайы.
Қаржылық талдау - шаруашылық қызметтің толық және жалпы талдауының бөлігі яғни, екеуі бір- біріне байланысты бөлімнен тұрады.
1. Қаржылық талдау.
2. Өндіріс басқарушылық талдау.

1.3 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы
Қаржылық талдаудың нәтижелігі негізінен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан тәуелді. Қаржылық талдаудың негізгі ақпарат көзі - кәсіпорынның қаржылық есебі. Кәсіпорынның қаржылық есебі келесі есеп беру формаларын қамтиды:
1. Бухгалтерлік баланс.
2. Пайда мен зиян туралы есеп.
3. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі.
4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі. Сонымен бірге, ішкі қаржылық талдау өндірістің техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалана алады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты - ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесі мен есепті кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, мәнді, әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және несие беру шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз еткенімен, экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебі коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиіс қаржылық ақпарат көлемін шектейді. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есепті негізгі ақпарат көзі ретінде қабылдауы тиіс.
1. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңыны бейнелейді. Ол субъектінің мүліктік жағдайын көрсетеді, оның мәліметтерін ішкі және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.
Баланс мәліметтері негізінде сыртқы пайдаланушылар осы кәсіпорынмен серіктес болу не болмауды негіздейді, өз салымдарының тәуекелін анықтайды, субъектінің құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешімдер қабылдайды. Осы себепті кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.
Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1. Қысқа мерзімді активтер.
2. Ұзақ мерзімді активтер.
3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
5. Капитал мен резервтер.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің 3 элементін: активтер, меншікті капитал мен міндеттемелерді қамтиды. Қалған екі элемент табыстар мен шығындар - қаржылық есептің №2 формасында бейнеленеді.
2. Пайда мен зиян туралы есепте кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жинақталып, жалпы пайда, жалғастырылатын қызметтен пайда, салық салғанға дейінгі пайда, қорытынды пайда,
1 акцияға пайда түрінде бейнеленеді.
3. Қаржылық есептің №3 Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі формасында белгілі кезең аралығындағы кәсіпорын қаражаттарының көздері мен осы қаражат қалай пайдаланылғаны көрсетіледі.Ол пайдаланушыларды есепті кезеңде кәсіпорынға операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
4. Қаржылық есептің №4 Капиалдағы өзгерістер туралы есепте жыл ішінде капитал мен резервтер сомасында болған өзгерістердің себептері келесідей бағыттар бойынша ашып көрсетеді: есеп саясатындағы өзгерістердің әсері, активтерді қайта бағалаудың әсері, жыл ішінде шеккен пайда не зиян, акциялар эмиссиясы, қайта сатып алынған меншікті үлестік құралдар, т.б.


2 АКА ЖШС қаржылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Луговое ауылында орналасқан " АКА " жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988 жылдың қараша айының бесінші жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999 жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жерінің ерекшелігі бар. Ол Республикалық маңызы бар " Алматы-Екатеринбург " тас жолының бойында орналасқан. Сонымен қатар Темір жолдың бойындағы " Тастақ " станциясына жақын орналасқан.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" заңға сәйкес қалыптасқан күннен бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғанын құрылтайшысы Ахмедин Қуанышбек Ахмединұлы серіктестікті анықталмаған мерзімге аша отырып, 103 мың теңге көлемінде ақша сомасымен жарғылық қорын құрастырған.
1999 жылы кәсіпорын ең алғаш қызметін көктемгі егін егу науқанына дайындықпен, сонымен қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен бастады. Серіктестікте егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен оны өңдеуді жүзеге асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы савхозды жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар құрылтайшысының өзі қосқан (интелектуалды салымдары қоспағанда) мүлкі мен серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.
Осы жылдың көктемінде алғашқы рет жер өңдеп егін егілді. Алғашқы жылда атқарылған айтарлықтай жұмыстар:
oo Серіктестікте бидайды кептіретін, өндейтін, тартатын, тазартатын, сұрыптайтын екі диірмені жұмыс істеуге дайын тұрды;
oo Ауылшаруашылық техниканын жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін АЗС жұмысы қалыпты;
oo Көлік техникаларын жөндеудеуден өткізетін МТМ жұмысын жүйелендіру;
oo Құрылыс заттарын жасап шығаратын құрылыс алаңын қалпына келтірлді. Жаңа қалыптасып отырған серіктестік үшін оның маңызы зор еді. Құрылыс алаңының арқасында кейінгі жылдарға деген өндірісті ұлғайту жоспарлары қиындықсыз, қайта үлкен қарқынмен жүзеге асты;
oo Егін шаруашылығымен қоса серіктестік мал шаруашылығын да қоса дамытуды алдына мақсат қойды;
oo Сонымен қатар нан өнімдерін дайындайтын, оларды өңдейтін, пісіріп сататын нан пісіретін уйдің құрылысы осы алғашқы жылдарда атқарылған айтарлықтаз қызметтерінің қатарында болатын;
2000 жылы кәсіпорын қызыметін бастағаннан кейінгі екінші жыл болып табылады, бұл кәсіпорынның бірінші жылғы атқарылған қызметтінің алғаш жемісін кору деген сөз болып табылады.
Екінші жылдағы ең манызды шара. Ол шара жаңа, екінші жанар-жағар маймен қамтамасыз ету станциясының құрылысымен байланысты. Жаңа станцияның бұрынғыға қарағандағы ерекшелігі оның орналасқан жерінде! Яғни Республикалық маңызы бар "Алмата - Екатеринбург " тас жолының бойында орналасуы. Осының арқасында жанар-жағар май сатудан түсетін пайда тұракқты және өте жоғары болды.
2001 жылы Луговое ауылында Кеңсе құрылысын бастады. Кеңсе құрылысы 6 айға созылды. Жаңа евро-ремонт стандартына сәйкестендірілген кеңсе екі қабаттан тұрады. Біінші қабатында Луговое ауылды мекенінің әкімшілігі толықтай кошірілді. Екінші қабатта жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кеңсесі орналасты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Атқарушы орган - директорының жұмыс орны осы кеңседе орналасқан. Екінші қабатта сонымен қатар есеп айырысу кассасы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің экономикалық бөлімі, соның ішінді бухгалтериясы орналасқан.
2002 жылдан бастап кәсіпорын льготты салық түрін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және оларды өңдеу қызметінде пайдалануды бастады.
2004-2006 ж.ж аралығын егіннен түсетін пайдамен байланысты. Осы жылдар аралығында серіктестіктің экономикалық бөлімі бидайдан және бидай өнімдерін сатудан түскен пайда максималды болды деген тұжырымға келген. Ол темір жол арқылы экспортқа байланысты болатын.
2000 - 2003 ж.ж аралығында серіктестк егін шаруашылығы саласында дәнді дақылдардан тек қана бидай өсіріп келсе. Және де бидайдың " Астана " деп аталатын бір сорты ғана. 2004 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің егетін дақылдарының қатарына күнбағыс қосылды. Жоспар бойынша 2004 жылы "Май сығу" шағын зауыты жұмыс істеуге дайын болатын. Күнбағыс егумен қатар бидайдың жаңа сорты " Светланка " өсіру қолға алынды. Бидайдың бұл сорты жоғары сапалы болып табылады.
2006 жылы "Тас үгіту" зауытының құрылысы аяқталды. Жол құрылысымен айналысатын фирмаларға жол құрылысына арналған майда тас сату қызыметі жүзеге асырылды. Осы жылы Тас зауытымен қатар Астана қаласында орналасқан құрылыс нысанының жұмыс аяқталды. Бұл нысан бірнеше қызмет түрлерін атқаруға мүмкіншілік берді. Ол мүмкіншілікті "Қонақ үй" қызметін жүргізу мен кеңсені жалға беруге пайдаланды. Сол жерде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бас кеңсесі орналасқан. Бас кеңсе серіктестіктің генерелды директоры, бас бухгалтері, бас экнономисінің жұмыс орны.
Қазақстан республикасында бірінші, валюталық дағдарыстан кейін қызметін ауылшаруашлық өнім өндіруден бастаған шағын кәсіпорын. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады. Он жылдың ішінде шағын кәсіпорыннан алуан түрлі өнім өндіретін, қызмет көрсететін қаржылық жағдайы тұрақты, өндірісті әрі қарай дамытуға қаржылық жағынан мүміншілігі өте зор серіктестікке айналды.
" АКА " Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық ұйым. Кез-келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның мақсаты озінің капиталының рентабелділігі, яғни пайда табу. Серіктестік өзінің пайда табу масатында алуан түрлі шаруашылық қызмет түрлерін жүргізеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алуан түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:
oo негізгі шаруашылық түрлері;
oo негізгі емес шаруашлық түрлері;
Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру болатын. Уақыт өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті. Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері
oo егін шаруашылығы:
○ бидайды өндіру, оны өңдеу;
○ күнбағысты өндіру, оны өңдеу;
oo мал шаруашылығы:
○ Мал басын кобейту мен бордақылау;
○ Ет өнімін сату;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналысатын қосымша қызмет түрлері:
oo құрылыс қызметі;
oo құрылыс материелдарын өндіру;
oo құрылыс материалдарын сату-сатып алу;
oo жол құрылыс материалдарын шығару;
oo жанар-жағар май саудасы;
oo қонақ үй, мейрамхана, кеңселерді жалға бепру қызмет көрсету саласы;
oo техникалық қызмет станциясы (СТО);
oo автоколік, техниканың қосалқы бөлшектерін өндіру, сату, атып алу,
oo кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау т.б б.т
Кәсіпорын өндірісін жүзеге асыруды және дамытуды тек қана ішкі қаржыландыру көзімен ғана жүзеге асырып отырған. Өнім өндіру мен қызмет көрсету серіктестік үшін пайда көзі болып табылады. Пайдаға жету үшін серіктестік қызыметінің заңдылықпен тиым салынбаған келесі негізгі түрлерін жүзеге асырады:
oo құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс жұмыстары, ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы, құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және сату;
oo Ұн тартатын өндірістік, ауыл шаруашылық өнімділігінің оның ішіндегі дән және дән өнімділігін және мал шаруашылығының барлық түрлерін жасау, өндіру және сату, дән, ұн тартатын және нан пісіретін өндірістік, мал және мал шаруашылығының өндіру өңдеу және сату, ауыл шаруашылық техниканы, минералды тыңайтқыштар мен химикаттарды сатып алу және сату, нан-бөлкелік, кондитерлік пен макарондық өнімдерін жасап сату, жер аумақтарын жалға беру;
oo Халық тұтыну тауарлары,тамақ өнімдерің жасау,сатып алу,жеткізу және сату, осы мақсатымен дүкендер,дәмханалар,мейрамханалар,б ар қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын ашу,халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу;
oo Әрлендіру,жарнамалық,кеңес беру жән делдалдық қызмет,басып шығару қызметі,полиграфиялық қызмет,ақпараттық материалдарды көрсету,инвестициялық,сауда және делдалдық қызметке қатысу, маркетинтік, қаожылық және басқа қызметтерді мекемелерге, ұйымдарға,көрсету,заңгерлік қызметтерді көрсету;
oo Мекемелер,азаматтарға автокөлік қызметтерін көрсету, теміржол тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып алу және сату, ТҚС, ЖҚС, автотұрақтар және көлік жуу нүктелерін ашу;
oo Халыққа тұрмыстық,әлеуметтік,тұрған және медициналық қызметтер көрсету,осы мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді, сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер, моншалар, сауаналар және демалыс аймақтарын ашу;
oo қағаз массасы қағаз және қатты қағазды шығару, сатып алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік кәсіпкерлік туралы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құралу көздері
Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
Қаржылық талдау
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамсыз етудегі ақшалай қаражаттарының есебі және талдауы
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Қызметкерлердің есеп берілетін сома бойынша дебиторлық берешегінің есебі
Пәндер