Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жұмыс күші миграциясының теориялық негіздері
1.1 Еңбек миграциясының түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Жұмыс күші миграциясының теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2. Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
2.1 Донор ел үшін эмиграциялық экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен тенденциялары ... ... ... ... ...16
2.3 Импортер елдер үшін жұмысша күші миграциясының экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

3. Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі
3.1 Миграция процестерін реттеудегі халықаралық ұйымдардың іс.әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күші миграциясының мәселелері ... ... ...27
3.3 Қазақстанның көші.қон саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Жұмыс күші миграциясының теориялық негіздері

1. Еңбек миграциясының түсінігі мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Жұмыс күші миграциясының теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2. Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі
орталықтары мен ауқымы

1. Донор ел үшін эмиграциялық экономикалық салдары
... ... ... ... ... ... ..13
2. Жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен
тенденциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .16
3. Импортер елдер үшін жұмысша күші миграциясының экономикалық салдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .19

3. Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі
1. Миграция процестерін реттеудегі халықаралық ұйымдардың іс-
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2. Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күші миграциясының мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..27
3. Қазақстанның көші-қон саясаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .33
Кіріспе
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылықтың үдерісі халықаралық
экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тыңыз байланысты. Әлемдік
шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік
шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі
түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Қазақтан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары
әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономикалық амал тәсілдеріне бейімделіп, өте
тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған
елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз - ел азаматтарының әл-
ауқатын артырып, әлеуметтік экономикалық экономикалық жағдайын жақсарту,
әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық шарттары бар. Қазақстан
Республикасының Президенті үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Халыққа
Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық
басымдылықтарын атап көрсетті. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық
бағытан арылу үшін, елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық инновациялық
даму стратегиясы бағдарламасы әзірленді.
Сонымен, курстық жұмыстың мақсаты - әлемдік еңбек рыногы және
халықаралық жұмыс күші миграциясының теориялық және әдістемелік негіздеріне
сүйене отырып, яғни халықаралық жұмыс күші нарығының тиімділігін арттыру
жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыста
келесідей сұрақтарға беруді қарастырып отырмыз:
- бұл курстық жұмыста ең алдымен Еңбек рыногы және Халықаралық жұмыс күші
миграциясының мәні мен маңызын түсіну, оның құрылымы, оларды жүзеге
асырудың тетіктері қарастырылған;
- жұмыс күші миграциясының теорияларын анықтау;
- жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны;
- миграциялық саясатты анықтау;
- миграциялық тартылудың негізгі орталықтары мен ауқымын;
- жоғары маманданған қызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі мен
тенденцияларын;
- қазақстан көші-қон саясатын;
- Қазақстан Республикасындағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін
анықтау сияқты экономикалық ынтымақтастық мәселелері талданған.
Халықаралық экономикалық қатынастың әрбір мәселесі Қазақстан
экономикасының әлемдік экономикалық қоғамдастықтағы орны, ролі және онымен
ынтымақтасу мүмкіндіктері тұрғысынан зерттелген.

1. ЖҰМЫС КҮШІ МИГРАЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. . Еңбек миграциясының түсінігі мен түрлері

Еңбек миграциясы - адамзаттын өмір сүруі сияқты көне құбылыс.
Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы
байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінін әр түрлі түрлерін
енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-кону, ең алдымен,
өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа
негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа
жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық
қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына
байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен қүлдар саудасы,
мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс
күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін
кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы –
арқылы жүзеге асырылды.
Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт
өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды.
Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық
мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге
шығады.
Территориялық мобильдіктің күшеюі, бір жағынан жұмысшының өндіріс
құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің
тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші
қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш
күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді.
Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша
айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.
Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік
түсінік болған.
1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір
бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі
машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе
аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа,
Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және
Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды
әкелуінен басталды.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бүрынғы әлемдік шаруашы-лық
байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек
күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне
елеулі өзгерістер әкелді.
Сөйтіп, еңбек миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір
қоғамның экономикалық к.ажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін
орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы
және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының,
ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету
болып табылады.
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция,
білімділердің кетуі, миграциялық сальдо үғымдары тән.
Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі
мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция - жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс
орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып
келуі (оралмандар).
"Милардың ағымы" - жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы
айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс
болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция
иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің
келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның
төмендегідей түрлері бар:
1. Қайтпайтын - тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция.
Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада,
Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
2. Маусымдық- қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс
табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық мигранттар болып табылады.
3. Маятникті мигранттарды "фронтальерлер" деп атайды. Жұмысшы-
фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан
өтеді.
4. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден
болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек
ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.
Соғыстан кейінгі жылдары болған ірі миграциялық ағымдар жаңа
мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социализм жүйесінің пайда болуы және
Отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия
шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер
ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. адам
көшірілді.
Израиль, Вьетнам, Куба, Эфиопия, Ауғаныстанда саяси өзгерістер,
басқаша айтқанда әскери агрессия мен азаматтық соғыстар халықтың ірі көшіп-
қонуына әсер етті.
XX ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999 жылы әлемде олардың саны
27,4 млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6 млн.) Амалсыз миграция көптеген
елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигрантгардың басым белігі -
83 пайызы - дамушы елдерде орнықты.
Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция ресми және
заңсыз болып бөлінеді.
Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар,
турист ретіне) немесе зансыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдәр.
Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.
Халықаралық миграцияға біркатар заңдылықтар тән:
1.Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы алады.
Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында еңбек
детерминантасы басты болып табылады.
2.Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде
күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде дамуда. Әлемдік
миграция айналымына көптеген елдердің жұмысшылары қатысуда. Сондықтан
капитал, тауар рыноюгарымен бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда
болып, оның негізгі қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
3.Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда
4.Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі
өсуде.

1.2 Жұмыс күші миграциясының теориялары

Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды,
осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде
елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы
анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.
Бірқатар ғалым-экономистердің пікірінше, халықаралық енбек миграциясы
- бұл басқа елдің территориясындағы еңбек іс-әрекетімен байланысты халықтың
территориялық қозғалысының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұл жерде
территориялық халық қозғалысы оның басқа түрлерімен - табиғи және
әлеуметтік-қозғалысымен – тығыз байланыстылығы түсіндіріледі.
Зерттеушілердің бір бөлігі миграцияны еңбек рыногында ішкі тепе-
теңсіздікті жою әдісі ретінде қарастыруда. Егер елде еңбек күшінің
тапшылығы болса, шетел жұмысшы күші тартылады, ал артықшылығы болса,
жұмысшыларды шетелге жұмысқа орналастыру ынталандырылады.
Батыс экономикалық әдебиеттерінде еңбек күшінің территориялық
қозғалысы экономикалықғылымның дәстүрлі тақырыбы болып табылады.
Белгілі ғалымдар Е.Ли, Р.Харрис, М.Тодаро, М.Тапинос еңбек-терінде
миграция донор-елдер мен рецепиент-елдердегі жағдай теңсіздігі салдары
немесе осы екі топ елдердің ішкі теңсіздіктер нәтижесі ретінде көрсетілген.
Бұл авторлар миграцияның қозғаушы мүдделерін, нақтылап, жекелеген факторлар
арасындағы сандық тәуелділігін анықтап және миграция ағымдарының
қарқындылығын нақтылауға талаптанды. Көрсетілген авторлар халықаралық
миграцияны рецепиент-елдің экономикасына мигранттардың еңбегін пайдаланудың
салдары негізінде қарастырды.
А.Льюис пен К.Кандлебергер экономикалық өсу мен шетелдік еңбекті
шексіз пайдалану мүмкіндігі арасындағы тікелей байланыс-тылық туралы
тұжырымды алға шығарды. Осы теориялық негізде-мелер Екінші Дүниөжүзілік
соғыстан кейін ОЭСР елдерінің ресми доктринасының негізіне кірді. Осы
доктрина тұрғысынан шетел еңбегін тарту экономикалық есудін ынталандырушы
қүралы ретінде қарастырылды.
Неокейнсшілер миграция нәтижесіңце, әсіресе жоғары маманды жұмысшылар
эмиграциясы елдің экономикалық жағдайының нашарлануына әкелу мүмкіндігін
мойындаған.
Соңғы жылдары миграцияны талдауда негізгі көңіл эконо-микалык, өсудің
эндогендік факторы ретіндегі адам капиталының шоғырлануын зерттеуге ауды.
Өйткені жинақталған адамзаттық потенциал экономикалық дамудың алғышарты
болып табылады. Миграция теориясында бұл тәсіл елдер арасындағы
экономикалық өсу қарқынындағы айырмашылықтың бір түсініктемесі болуда.
Осы көзқарасты бірқатар зерттеушілер де үстанып, жұмысшы күшін шеттен
тарту экономикалық тоқыраудан қүтқармайтындығын, өйткені шетел
жұмысшыларының санын реттеудің бұрынғыдай кең мүмкіндіктері жоқ
болмағанымен түсіндіруде. Сондықтан, миграцияны капиталистік экономиканың
трансүлттандырудың жалпы заңдылықтарының керінісі ретінде қарастыру
крнцепциясы алға тартылды. Шетел еңбегін пайдалану ішкі отарлау терминімен
сипаттала бастады. Басты назар мигранттардың алдын ала еңбек рыногының
екіншілік сегменті шеңберінде жұмысқа душар болатындығына аударылды. Ол
еңбектіц ауыр және зиян жағдайларымен, кәсіби өсу мүмкіндігі жоқтығымен
сипатталады.
Айта кететін жағдай, бар концепциялардың біреуі де іс жүзінде
дәлелденбей, миграция жолында қабырғалардың және онда есіктердің неліктен
болуын түсіндірмеді.
ХХ-ғасырдың 80-90 жылдары неолиберализм тұрғысынан халықаралық
миграцияны зерттеу кең тарады1. Бұл жерде миграция адам капиталының
қозғалысының моделі ретінде көрсетілді. Бұл концепциянын негізгі қағидасы
Дж.Саймонның "Иммиграцияның экономикалық салдары" еңбегінде көрсетілді. АҚШ-
ты мысал ретінде ала отырып, Дж.Саймон мынаны дәлелдеді:
Иммигранттар отбасы - инвестиция үшін тиімді объект.
Иммигранттар жанама (сұранысты кеңейту арқылы) және жаңа
бизнесті дамыту арқылы тікелей, жаңа жұмыс орындарын
жасақтауға ықпал етеді.
Иммиграция жалақы мен табыс бөлінудің орта деңгейіне елеулі әсер
бермейді. Тек жекелеген жағдайларда белгілі кәсіптік топтар ішіндегі
бәсекелестіктің күшеюіне, кейде жалақының төмендеуіне әкеледі. Бәсекелестік
кұшеюінен бір мамандық өкілдері ұтылса да, жалпы алғанда, қоғам ұтыста
болады.
Халықаралық еңбек миграциясы өндіріс факторларының тиімді пайдалануына
әсер етеді.
Донор-елдерде ақша аудару түріндегі мигранттардан тұсетін
валюталық қаржылар оң әсерін береді.
Бірақ, миграцияның жалпы теориясы әлі де толық жасақталған жоқ, ал
өндіріс факторлар теориясы миграция құбылысын толық тұсіндіре алмайды.
Арзан жұмысшы күші мен жоғары пайда мүмкіндігі, еңбек күші молдылығымен
сипатталатын елге капитал тартылу үшін жеткіліксіз.

1.3 Жұмыс күшінің халықаралық миграциясындағы еңбек рыногының орны

Еңбек рыногынсыз әлемдік экономикалық жүйөнің толық іс-әрекет етуі
мүмкін емес. Бұл жүйөнің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып
еңбек күші миграциясы табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел жұмысшы
күшінө ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда болады.
Сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактылы емес, жұмысшы күшінің оның
пайдалану жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.
Еңбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақтық), ұлттық
және халықаралық. Жергілікті (аймақтық) енбек рыноігына мыналар тән:
1.Еңбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті
деңгейде өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық
топтар, салалар, территорияда білініп, еңбек ресурстарының қүры-
лымдық тапшылығының пайда болуына әкелуі мүмкін.
2.Иммиграция жаңа жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.
Миграцияның оң және теріс әсері ұлттық еңбек рыногында жақсы
байқалады:
1.Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы
шиеленісті жоя алады.
2.Сыртқы еңбек миграциясы еңбек күшінің сапалық құрылы-
мының өзгеруіне әсер етеді.
3.Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші
тапшылығын жоюдың көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногы-
ның тиімді дамуы тек еңбек күшінің еларалық қозғалысының еркіндік
жағдайында болуы мүмкін;
4.Жоғары білікті мамандардың шетелге "ауып кетуі".
Халықаралық еңбек рыногында:
1.Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмінің тәсілі ретінде
көрінеді.
2.Миграция жергілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық
деңгейі бойынша қамтамасыз етеді.
3.Ол үлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функциясын атқарады.
Халықаралық еңбек рынокгарын зертгеу барысында қазіргі уақьпта енбеқ
қатынастарының негізгі модельдері айқынданғаны белгілі болды. Ол
модельдерге еуропалық (құрлықтық), англосаксондық, скандинавтік, жапондық
және тағы басқалары жатады.
Еуропалык (құрылықтық) моделі - жұмысшының қүқықтық қорғалуының
жоғарғы деңгейімен, жұмыс орындарын сақтауға бағытталған еңбек қүқығының
қатал ережелерімен, салалық тарифтік реттеумен, төлемақының салыстырмалы
заңды түрде белгіленген деңгейінің жоғарылығымен және салыстырмалы аз
дифференциямен сипатталады.
Кәсіпкерлер өндірісті үлғайтуды қосымша еңбек күші арқылы емес,
ендірісте еңбек өнімділігі және өсу қарқынын жоғарылату арқылы жүзеге
асыруға тырысады. Тірі еңбектің орнын басудың белсенді процесі салық
заңдарымен ынталандырылады. Мысалға жалақы қорына кәсіпкерлердің төлейтін
салығын жоғарылату.
Бұл модель еңбек рыногына жастар мен мамандық дәрежесі төмен
адамдардың кіруіндегі қиыншылықтар, еңбек төлемінің ынталандырушы ролінің
кемуі, экономикалық өсудің баяулауы сияқты себептерге байланысты дағдарыста
болған еді.
(Англия, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия) еңбек және азаматтық
құқықтар ұқсастығы, жұмыс берушінің жұмысқа алу мен босату мәселесіндегі
еркіндігі, сала мен аймақ деңгейінде емес, кәсіпорын, фирма деңгейінде жеке-
дара келісім қатынастардың басым болуы, еңбек күшінің мобильді-лігінің
жоғарылауы,' төлемақының жоғары дифференцациясы тән болды.
Бұл модель жаңа жұмыс орындарын жасақтау мен жұмыссыз-дықтың азаюына
әсер етеді. Бірақ ол модельде жұмыс істейтін кедейлер атты елеулі топ бар,
басқаша айтқанда еңбек табыстары минималды табыс стандартын қамтамасыз
етпей, кейде еңбекақы-лары әлеуметтік жәрдемақыдан аз болатын адамдарды
айтамыз. Кытайлык модель – мемлекеттік секторда мемлекеттік-социалистік
түріндегі еңбек қатынастарын қатаң реттеу мен жеке секторда ерте
капиталистік қатынастарға үқсас, ешқандай құқықтық реттеуі жоқ екі
сектордан тұрады. Бұл модель еңбек ресурстарының артықшылығы кезінде
жұмысшы қозғалысын болдырмайтын индустриализацияның алғашқы сатыларында,
авторитар саяси режимде орнықты бола алады.
Скандинавтык модель - көбінесе шведтік деген атаумен белгілі,
экономиканың әлеуметтік бағыттылығымен көзге түседі. Ол барлық жұмысшыларды
орташа еңбек ақысы бар жұмыспен қамтамасыз етуге негізделген. Еңбек
рыногындағы бұл саясат мемлекет көмегіне негізделіп, мемлекет бюджетінен
қаржыландырылады. Бюджет тапшылығы болғанда өндіріс тоқырауы басталып, ол
өз кезегінде жұмыстан шығаруға әкеледі.
Жапондык модель - бұл мемлекетгік, әсіресе сыртқы экономи-калық іс-
әрекетті (шетел азаматтарының кәсіби дискриминациясы) реттеуімен адам
капиталына, ішкі фирмалық инвестициялардың жоғарғы деңгейі мен үжымдықпен
(ынтымақтасу негізіндегі басқару, жұмыскерлердің көп белігі үшін өмірлік
жұмысқа алу жүйөсі, елеулі әлеуметтік қорғау, фирмалар мен корпорациялардың
өз қызметкерлеріне қамқорлығы, өмір бойлық күтім) сипатталатын дамыған ішкі
еңбек рыногының бірігуімен ерекшеленеді. Жұмыссыздық деңгейі 2-3 пайыз
қүрайды.
Жапонияда жұмысшылардың сағаттық еңбек ақысы басқа елдерге қарағанда
жоғары. Әлемдік рынокта бәсекелесе алатын өнімге, олар арзан еңбек күші
арқылы емес, мамандықтың және ұйымдасудың жоғары деңгейіне байланысты ие
болуда,
АҚШ еңбек рыногы туралы айтсақ, ол сыртқы ортаға өте
бағытталғандығымен ерекшеленді. Оларға тән сипаттар: жұмыс-сыздық деңгейі 5-
6 пайыз, еңбек күшінің территориялық және фирмааралық мобильдігінің
жоғарылығы, еңбекшілердің әлсіз әлеу-меттік қорғалуы мен көбінесе салалық
бағыты бар кәсіподақтармен аз қамтылуы, еңбек қатынастары мен әлеуметтік
сфераны басқаруда бейорталықтандырудың жоғары деңгейі. Американдық
жұмыстылық моделі еңбек рыногында экономикалық активті халықтың басым
белігі үшін жоғары еңбек өнімділігін қажет етпейтін жұмыс орындарын
жасақтауға бағытталған. Бұл жерде табысы аз адамдар саны мен еңбекақы
мөлшеріндегі айырмашылықтар ұлғая түсөді. Жұмыссыздық кеңтараған, бірақ
әрбір жұмысшы үшін қысқа мерзімді құбылыс ретінде қарастырылады. Мемлекет
еңбек енімділігі мен табыс төмендеуі есебінен болса да, сапасы темен жұмыс
орындарын жасақтап, адамдардың максималды санын жұмыспен қамтамасыз етуге
тырысады1.
Сөйтіп, көрсетілген модельдер мигранттардың халықаралық ағымдарына
белсенді әсер етеді. Еңбек миграциясы миграциялық процестер жиынтығының бір
бөлігі болып өз спецификасына ие болады. Оған әсер ететін факторлар,
жағдай, қүбылыс жиынтығы ретінде қарастырылып, өзара әрекет ету мен бірлесу
арқылы халықтың территориялық қозғалысындағы өзгешеліктерге әкеледі.
Еңбек миграциясының қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді, оның
ішіндегі ең маңыздыларына экономикалық, демогра-фиялық, қүқықтық және
саяси, тағы басқалары жатады.
Экономикалык жағдайлардын ішінен тәмендегілер ерекшеленеді.
1. Әлемдік интеграция процесі. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Халықарлық капитал мен тауар рыногының болуы, әлемдік шаруашылық айналымға
еңбек ресурстарын енгізіп, әлемдік еңбек рыногын қалыптастыруға әсер етті.
Мысал ретінде Еуропалық қауымдастықты алуға болады.
Қазіргі уақытта Еуропалық қауымдастықта 340 млн. адам түрады.
Еуропалық қауымдастықтың ішкі еңбек миграциясы жылына 5 млн. адамға дейін
көлемде болды. Біртұтас экономикалық кеңістіктің бар болғанына қарамастан,
еңбекақы мен жұмыс күнінің ұзақтығында ұлттық айырмашылықтар сақталуда.
Жұмыссыздық деңгейі бойынша да үлкен айырмашылықтар бар: 17 пайыз Испания
мен Ирландияда, ГФР-де 5-6 пайыз, Португалияда 8,5 пайыз.
Еуропалық қауымдастықтың еңбек рыногы ашықтылығымен сипатталады. Ресми
жұмыспен қамтылған шетелдіктер саны 13 млн. адам, баеқаша айтқанда әлемдегі
шетел жұмысшы күшінің тең жартысы (26 млн. адам) осы аймақта жұмыс істеуде.
Ал олардың отбасы мұшелерін, маусымдық-мигранттар мен заңсыз иммигранттарды
қоса есептесе, олардың саны ұлғаятыны сөзсіз. Шетел жұмысшылар саны елдер
бойынша былай бөлінген: Швейцарияда 0,6 млн. адам немесе барлық жұмысшының
18,2 пайызы, Белгияда 0,4 млн. адам - 9,5 пайыз, ГФР 1,9 млн. адам - 6,7
пайыз, Францияда 1,6 - 6,6 пайыз; Швецияда - 0,2 - 4,5 пайызы, Австрияда
0,2 млн. - 4,4 пайыз.
2.Елдердің экономикалық дамуындағы айырмашылығы. Әлемде
бір жағынан өмір деңгейі төмен және жұмыссыздық деңгейі жоғары
елдердің болуы, екінші жағынан экономикалық потенциалы жоғары
елдердің болуы әлемдік құрылымдағы теңсіздікке әкеліп, өз
кезегінде халық қозғалысының бір себебі болуда.
3.Еңбек күшінің ұсыныс пен сұраныс механизміндегі резервтік
еңбек армиясының интернационалдандырылуы еркін жұмысшы күшінің қолданылу
жерлеріне қарай қозғалуына әкеледі.
Демогоафиялық жағдайларға: халықтың көбеюі, яғни дамымаған елдердегі
демографиялық қысым - еңбек ресурстарының артық мелщері болса, екінші
жағынан экономикасы дамыған елдердегі халықтың қартаюы, соған сәйкес бұл
елдердің еңбек ресурстары-ның демографиялық толықпауы кіреді. Еңбек
миграциясы әлемдік еңбек күшінің реттеушісі болады.
Саяси құрылыс жұмысшы күшініч келуі мен кетуінің саяси жағдайларының
негізін қалайтын сыртқы саяеатты калыптастырады. Демократиялық және
тоталитарлық мемлекеттер өз халқы үшін ішкі және сыртқы миграцияға әр түрлі
жағдайларды қалып-тастырады.
Еңбек миграциясын анықтайтын күкықтык жағдайларға мемлекет, аймақ,
территория арасындағы еңбек ресурстарының қозғалысын реттеуге және
бақылауға көмектесетін, қүкықтык, және нормативті актілер, заңдар,
халықаралық, мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі келісімдерді жатқызамыз:
Миграциялық еңбек еркіндігі болу үшін қоғам бірқатар құқықтар мен
еркіндіктерді беруі қажет:
• Азаматтардың кәсіби (еңбек) іс-әрекетін жүргізу құқығы;
• Еркін қозғалу мен Отанына қайту (реэммиграция) құқығы;
• Тұрғылықты өмір сүру жерін таңдау қүқығы;
• Жұмысты делдал фирма арқылы немесе өзі іздеу құқығы.
Бірақ мигранттарды қабылдайтын көптеген елдерде өз мүмкіндігімен
жұмысқа орналасу шектелген:
• Әлемдік еңбек рыногы туралы (ұсыныс пен сұраныс) шынайы
ақпарат алу мен пайдалану, еңбек мигранттарының қүқығы мен
міндеттемелері туралы құқығы;
• Капитал айналым мен төлем айналымы еркіндігі құқығы.
Сыртқы енбек миграция факторларының ішінен ғылыми- техникалық прогресс
елеулі орын алады. ҚТП дамуы көбінесе шетел жұмысшы күшіне қажеттілікті
анықтайды. Бұл іс жүзіндө дәлелденуде ТҰК байланысты жаңа салаларды
қалыптастыру, Батыс елдерінде 50-60 жылдары жоғары маманды жұмысшыларға
сұраныстың өсуіне әкелді. Алғашқы уақытта ол қажеттіліктер жергілікті халық
есебінен қанағаттандырылып отырды. Бірақ басқа елдерде көбінесе қол жұмысы
сақталған еді. Енді өндірістің жаңа салалары жағынан жоғары маманды
жұмысшыларға сұраныстың өсуіне байланысты, осы салаларға жұмысшылар ауысуы
басталады. Олар босатқан еңбекті көп қажет ететін және төлемі аз жұмыс
орындарына дамымаған елдерден жұмысшылар келтірілді.
Алдыңғы қатарлы Батыс елдерінде дамып келе жатқан автоматизация
нәтижесінде маманданбаған жұмысшы күшіне қажеттілігінің азаюына әкеледі.
Инженерлік-техникалық қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер сияқты алдыңғы
қатарлы мамандарға сұраныс өсе түсті. Кәсіби оқыту жүйөсі сұранысты толық
қанағаттандырмағандықтан, ол қажеттілік басқа мемлекеттерден кадрларды
импорттау арқылы толықтырылды.

2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ТАРТЫЛУЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН АУҚЫМЫ

1. Донор ел үшін эмиграциялық экономикалық салдары

Кез келген елдің миграциялық заңы екі негізгі бөлікке бөлінеді:
миграциялық және эмиграциялық.
Донор ел - бұл жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет.
Миграциялық сальдосы теріс болады.
Реципиент ел - жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты
байқалатын мемлекет. Миграциялық сальдо оң болып табылады.
Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент-елдерге жоғары
дамыған елдер тобының кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.
Қазіргі экономикалық әдебиетте еңбек миграциясының түрлі елдердің
экономикасына әсер етуінің нәтижелері белсенді түрде зерттелуде. Ел
экономикасына экспорт-импорттың әсерін ашатын теориялар аса көп қызығушылық
тудыруда. Донор елдің экономикасында миграция нәтижесі бірден көрінбейді,
әсіресе теріс жақтары біраз мерзімнен кейін байқалады, ал реципиент -елдің
нәтижелері, керісінше, бірден көріне бастайды.
Донор елдің экономикасына миграция әсері туралы 80-жылдары өткізілген
зерттеулер нәтижелері сыртқы халық миграциясы көбінесе осы елдердің еңбек
рыноктарының қалыпты жағдайға келуін көрсетті.
Мысалға Пәкістанда 80-жылдардың екінші жартысындағы миграция елдегі
жұмыссыздық деңгейінің 13 бөлігіне азаюына әкелді. Осындай жағдайлар
Бангладеш пен Үндістанда да байқалды.
Көптеген мамандардын пікірінше, миграция процесінің дамуы донор елден
ең маманданған, белсенді еңбек ресурстарының кетуіне әкеліп соғады. Олар
шетелге білімділердің кетуі, ел экономикасына толтырылмайтын зиян әкеледі
деп есептеуде. Соңғы онжылдықтардағы зерттеулер бұл көзқарастарды растады.
Миграция нәтижесінде ел өз жұмысшы күшінің қаймағы болатын адамдарынан
айырылып, босаған жұмыс орындарына дайындығы мен белсенділігі төмен
жұмыскерлермен толықтырылатын жағдайлар болған. Мысалға Египетте құрылыс
жұмысшыларының Парсы шығанағына жаппай эммиграциясы елдің құрылыс
саласындағы еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Иордания да осыған
үқсас жағдайда, басқа елдерден агроөндірістік салалар мен ауыл
шаруашылығына жұмысшыларды тартуға мәжбүр болды. Еңбек миграцияның
ауқымдылығына байланысты, Йемен де елеулі экономикалық қиындықтарға душар
болды.
Сонымен бірге 80-жылдардағы зерттеулер жағдайлардың тек осындай сызба
бойынша дамымайтындығын айқын көрсетті.
Көптеген жағдайларда, миграция белсенділігі маманданбаған, жартылай
маманданған еңбек ресурстарының кетуіне байланысты екені белгілі болды.
Халықаралық ечбек ұйымы деректері негізінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі
бойынша, Таяушығыстық эконо-микалық өрлеу кезінде негізгі азиялық донор-
елдерден шыққан еңбек мигранттарының көбі аз маманданған немесе
маманданбаған болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта бұл елдерде кәсіптік-мамандану құрылымы сақталып, олар
үй қызметшілерін экспорттауға мамандануда.
Маманданған жұмысшылардың кетуі барлық жағдайда орны толмас зиян әкеле
бермейді. Оның салдары еңбек рыногындағы жағдай мен сыртқы миграцияға қай
кәсіптік то птар енетініне байланысты. Бірқатар Оңтүстік Азия елдерінде,
маманданған еңбек ұсынысы сұраныстан көп болғандықтан, еңбек миграциясы
жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоғарылатты.
Эмиграциялық мәліметтерді зерттеу миграцияның орта табыс пен жалақының
орта деңгейінің көтерілуіне әсер ететінін көрсетті. Тіпті халықтың ең кедей
топтарының табысы мен жалақысының деңгейін аз дегенде кемітпей,
жоғарылауына әкеледі. Сондықтан әлеуметтік салада миграцияның оң әсерін
көбінесе қоғамның барлығының болмаса да, бір бөлігінің әл-ауқатының
жоғарылауымен байланыстырылады.
Оның кері салдарына, көбінесе, әлеуметтік теңсіздіктің өсуі мен осы
негіздегі қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуін жатқызады. Бірақ бүгін
эксперттердің көпшілігі бұл көзқарасты, бірқатар зерттеулерге жүгініп,
қолдамайды.
Азия миграциясын ДЕҰ-БҰҰ жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеулер осы
елдердің мигранттарының көбісі шетелге жұмысқа орналасуына дейін әлеуметтік
сатысының ең төменгі топтарынан, маманданбаған еңбекшілер екенін анықтады.
Сондықтан еңбек миграциясы әлеуметтік теңсіздікке емес, қайта әлеуметтік
теңсіздіктің төменделуіне әкеледі.
Экспортер ел мен импортер ел үшін ең үлкен мәселе қабылдау-шы елдегі
жұмысқа алу, елге келу мен еңбек жағдайын реттейтін заңцарды бүзумен
байланысты заңсыз миграция болып табылады.
Заңсыз миграция мәселесі барлық елдерге тән. Бұл қүбылысқа теріс
көзқарас, елде ресми рүқсатсыз болудың ішкі енбек рыногында бәсекелестікті
шиеленістіре түсуімен байланысты, өйткені заңсыз мигранттар ең төменгі
ақыға жұмыс істеуге келісіп, әлеуметтік төлемдерді талап етпейді. Оған
қосымша, олар мемлекетке салық төлемейді, өйткені жұмыс берушілер заңсыз
жұмысшыларды пайдалануын барынша жасыруға тырысады. Басқа жағынан бұл
жұмысшылар салық төлеушілер арқасында жасалған әлеуметтік игіліктерді
пайдалануға мүмкіндік алады, сондықтан олар қоғам үшін масылға (өз жағынан
ешқандай шығын шығармай қоғамдық игіліктерді пайдаланушы (экономикалық,
саяси, психологиялык. және тағы басқадай) айналады.
Заңсыз эмиграцияны, көбінесе еңбекке жарамды халықтың артық мөлшері
бар, дамушы елдердің төмен маманданған жұмыскерлері қолданады. Соңғы
уақытта бұл мәселе ұшықтырыла түсті. Мысалға АҚШ-та 1 млн. заңсыз
мигранттар бар, ал Германияда елге келгендердің 13 заңсызосы елде қалып
қояды.
Донор-елдердің экономикасы үшін мигранттардың валюталық қаржыларының
келуінің өте маңызды мәні бар. Олар көптеген елдерде қаржы жағдайының
жақсаруына көмектеседі.
Төлем балансының статистикасындағы еңбек күші миграциямен байланысты
көрсеткіштер ағымдағы операциялар балансының бір бөлігі болып табылып, 4
баппен топтастырылады:
Еңбек табысы, жұмыстыларға берілген төлем - ел резидент-теріне
мигранттардың (жекелеген резидент емес түлғалар) жасаған жұмысы үшін
алынған еңбекақы, нақты ақша немесе заттай басқа төлемдері. Жеке резидент
емес тұлғалар қатарына бір жылдан кем болған шетел жұмысшыларының бәрі,
оның ішінде маусымдық жұмысшылар, шекаралас мемлекеттерден келген
жұмысшылар, уақытша табысқа келген жұмысшылар, шетел өкілдіктеріндегі
жергілікті персонал кіреді.
Мигранттар ауысуы - мигранттардың басқа елге көшкендегі өзімен бірге
алынатын мүліктің ақшалай құнының бағалау кәрсеткіші. Бұл жердегі
эмигранттын мүлігін шығару елдің тауар экспорты ретінде көрсетіледі.
Жұмыскерлердің аударулары - мигранттардың отанында қалған туыстарына
ақша мен тауарды жіберулері. Жіберу кезінде олардың бағалық құны
есептелінеді.
Жеке төленбеген аударулар - мигранттардың кетер кездегі алынған мүлік
пен келесіде отанына тауар жіберулерінің ақшалай эквивалент бағасы1.
Экономистердін есептеулері бойынша, еңбек күшінің экспорттық
тиімділігі тауар экспортының тиімділігінен бес есе көп. Мысалға, жұмысшы
күшінөн алынған табыс үлттық төлем балансындағы барлық валюта түсімдерінің
20-30 пайызын құрайды1.
Бірқатар ел үшін, әсіресе кішігірім елдер үшін эмигранттардың ақшалай
аударулары валюталық түсімдердің маңызды көзі ретінде болуда. Мысалға,
Буркина-Фасода тауар экспортынан түсетін түсімдердің 31-42 пайызын, Капо
Вердеде -39-54 пайызын, Йеменде 28-72 пайызын құрайды.
Үндістан, Пәкістан сияқты ірі елдерде оның мөлшері экспорт
түсімдерінің 10-27 пайызын құрайды. Еңбек ресурстарының экспорты бойынша 1
орынды иеленетін Филиппинде бұл саладан жыл сайын 3 млрд АҚШ долларына
дейін ақша түсіп, тауар экспорты табысы тек 9 млн. АҚШ долларын құрауда.
Эмигрант-жұмысшылар үшін қор жинау нормасының жоғары болуы тән. Қор
жинаудың орташа нормасы түрік эмигранттарында 35 пайызға, пәкістандықтарда
70 пайызға дейін болуда.
Ақшалай аударулар өндірістін өсуі мен жұмыстылық деңгейіне әсер ете
алатын ішкі сұранысты ынталандырады. Бірқатар ішкі еңбек рыноктары тар
елдерде олар инфляциялық қысымды күшөйтіп, импорттың кеңеюіне әсер етуі
мүмкін.
Теориялық түрғыдан, еңбек күші экспортер-елдің табысының, басым бөлігі
эмигранттардың ақша аударулары болса да, онымен шектелмейді. Басқа да төлем
балансына оң ықпал ететіқ табыстар - шетелде жұмысқа орналастыратын
фирмаларға салынған салықтар, эмигранттардың өз еліне жасаған портфельді
және тікелей инвестициялар, оқытуға, денсаулық сақтау мен басқадай әлемдік
шығындардың азаюы т.б. Эксперттердің есебі бойынша,
отанына қайтқанда мигранттар өзімен бірге, алдында банктер арқылы жасалған
аудармаларға тең мөлшерде қаржы саналуда.
Экспортер - ел үшін болатын оң салдарға еңбек рыногыйдағы
жағдайдыңжақсаруы, әлеуметтік шиеленістің әлсіреуі, елге валюта қаржы
ағымының ұлғаюын жатқызуға болатыны сөзсіз. Отанына қайтып келетін
реэмигранттар өзімен бірге жоғары өндірістік және техникалық деңгейдегі
кәсіпорында істеген тәжірибесін, кәсіпкёрлік дағдыларды ала келеді. Бұл
елге құрал-жабдық, машиналар әкелінеді. Осы елді әлемдік шаруашылык. және
экономикалық мәдениетке, 1"артылуына мүмкіндік беріп, оған сауда-
экономикалық серіктес ретінде қызығушылықты жоғарылатады. Осының нәтиже-
сінде экспортер ел маманданған жұмысшыларды ақысыз алады. Жоғарыда
айтылғанды қорытындылай келе, еңбек миграциясы-ның теріс және оң салдары
бар екенін айтамыз. Оны 1-кестеде көрнекті түрде көруге болады.

Теріс жақтары Оң жақтары
1.Активті эмиграция экономика, 1. Кәсіби ұтыс: кәсіби білімнің
ғылым.техниканың кейбір жо-ғарылауы, нарықтық
бағыт-тарының дамуын баяулатады. экономика-мен танысып, оны
басқару әдістерін білу.
2. Қоғам халықтық ең 2. Экономикаға валюта
интел-лектуалды тобы, жоғары қаржыларының келуі.
кәсіби, іс-әрекет белсенділігі
бар ғылыми-еңбек потенциалын
жоғалтады.
3. Халыктың кетуі елдегі 3. Еңбек рыногында шиеленісті
демо-графиялық жағдайға әсер төмендету.
етіп, оның қартаюына әкеледі.

2.2 Жоғары маманданған кызметкерлердің еңбек миграциясының келешегі
мен тенденциялары

Еңбек миграциясының бір өзекті мәселесі эмиграциядағы жұмысщы күшінің
арнайы тобы - жоғары маманданған кадрлар немесе білімділердің кетуі болып
табылады. Интеллектуалды капитал кез келген қоғамның ең бағалы игілігі
болып, оны жоғалтудың бағасы тек уақыт өткеннен кейін түсінікті болады.
Халцқаралық еңбек миграцияның құрылымында жоғары білікті жұмыскерлер
қозғалысы дәстүрлі түрде өте елеулі орын алады. Мысалға Ұлыбританияда
жұмысқа тұруға рұк.саттардың (иммигра-цияның міндетті шарты болып табылады)
85 пайызы жоғары маманданған қызметкерлер мен басқарушылар үлесіне тиеді.
Осы елде жұмыс істейтін иммигранттардың 23 бөлігі осы категорияға жатады.
АҚШ срңғы 25 жылда дамушы елдерден 250 мың мамандар келтіріп, әр түрлі
әлем аудандарынан интеллектуалды жұмысшы күшін тартудан үлкен пайда алды.
Дамыған елдер өздерінің иммиграциялық және абсорбациялық саясатын, көп
жағдайда, келіп жатқан жұмысшы күшінің құрылымын жоғары маманданған топтар
пайдасына өзгертуге тырысуда. Бірінші кезекте ғылыми қызметкерлер мен
техникалық мамандарға көңіл аударылады. Еңбек миграциясының қалыптасуының
әр түрлі кезеңдерінде кептеген елдер білімділердің кетуі мәселесімен
кездескен. Бұл процесс ез уақытында Жапония, Корея, Қытайға тән болған
еді.
Бұл құбылыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды.
Алғашында Ұлыбритания, ГФР, Канададан мигранттардың ағымы АҚШ-қа
бағытталған еді. 60-80 жылдары білімділердің кетуі негізінен дамушы Азия,
Латын Америка мен Африка елдерінде болды. Осы жылдар ішінде үшінші әлем
елдерінен 500 мыңнан аса инженер, ғалымдар, дәрігерлер сияқты мамандар
кетті.
Ғалымдардың пікірінше, осы уақытта білімділердіч кетуі терминінің мәні
кедей елдерден индустриалды орталыққа жоғары маманданған, талантты
индивидтердің миграциясы деген анықтама пайда болды. Білімділердің кетуі
термині алғашқы рет ресми түрде 1962 жылы қолданылды.
Осы уақытта социалистік лагерь (КСРО, Шығыс Еуропа, Қытай, Куба және
т.б.) деп аталған елдердің интеллектуалды бөлігінде АҚШ, Канада, Батыс
Еуропа елдерінің ғылыми орталықтары мен университтетерінде жұмыс істеу мен
оқуға қызығушылықтары пайда бола бастады. Бірақ елден еркін кетуге қүқығы
жоқтығы мен идеологиялық шектеулер миграцияның бұл түріне сенімді тосқауыл
болды.
80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында жағдай күрт өзгерді. Тек
1986-1990 жылдар кезеңінде Шығыс Еуропа мен бүрынғы КСРО елдерінен 1,5
миллион адам эмифациялап, оның басым бөлігін ғылыми және инженерлік-
техникалық жұмыскерлер қүрады.
Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ математиктердегі қажеттілігініі-і 50 пайызын
бүрынғы КСРО елдерінен келген эммиграция есебінен қанағаттандырды. Осының
нәтижесіндё 1975 жылмен салыстырған 90жылдар басындағы ғалымдар санының
үлес салмағы бізде 25 пайыздан 19 пайызға түссе, АҚШ-та сол кезеңде 23
пайыздан 31 пайызға өсті2.
Эксперттердің есебі бойынша, АҚШ-тың елге бір орташа гуманитарлық
ғалымды тартудың таза пайдасы 70-жылдары -230 мың доллар, қоғамдық
білімдердің ғалымын -235 мың, инженерді -253 мыч, дәрігерді -646 мың
долларға тең болды. Осының нәтижесінде АҚШ экономикасы тек білім беру мен
ғылыми іс-әрекет сферасында 15 млрд. доллардай үнемдеді.
Канаданың мигранттардын білімін тарту процесіндегі алынған пайдасы
дамушы елдерге көрсеткен көмегінен 7 есе артық. Британияда маман-мигранттар
келуінен алынған пайда, оның Азия мен Африкаға көрсететін көмегінен 3 есе
көп.
Көрнекті мысал ретінде 1948 жылы құрылған Израиль мемлекеті бола
алады. Осы мемлекеттің халық саны бастапқы кезде 650 мың адам болған. Сол
кезеңнен бастап елге 2,6 млн. аса адам келіп, оның ішінде 65 мың инженерлер
мен технологтар, 16 мыңдай дәрігерлер, 13 мыңғылым мен мәдениет саласының
жұмыскерлері, 28 мың мұғапімдер болды. Осының нәтижесінде Израиль
елініңхалқы 23 -ге өсті. Мамандардың мұндай ағымы бірде-бір елде жоқ1.
1973 жыл ғалым-иммигранттарды ғылыми қауымдастыққа енгізуге көмектесу
мен олардың интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану үшін ғылымдағы
абсорбация орталығы қүрылды.
Орталықтың мақсаттары - репатриант-ғалымдарды ғылым мен өндіріс
бағытына белсенді тартуды консультация мен жұмыс іздеуге көмектесу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Жұмысшы күші миграциясының мәселелері
Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Халықаралық дербес құқығындағы еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Еңбек күшінің халықаралық миграциясы
Пәндер