Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
1.1.Табиғи ластану
1.2. Жасанды ластану.
1.3. Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
1.4. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы
1.4.1. Дiрiлдеу және шу.
1.4.2. Электромагнитті өрiстер
1.4.3. Фондық электромагниттік өрістер.
1.4.4. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi.
1.4.5. ТД және радиохабар.
1.4.6. Ұялы байланыс.
1.4.7. Энергетика және электрлік көлiк.
1.4.8. Компьютер және кеңсе техникасы.
1.4.9. Тұрмыстық техника.
1.5. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
1.6. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер[/i]

Кіріспе 
Негізгі бөлім
1. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. 
1.1.Табиғи ластану
1.2. Жасанды ластану. 
1.3. Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы
1.4. Атмосфераның физикалық әсерлермен ластануы 
1.4.1. Дiрiлдеу және шу. 
1.4.2. Электромагнитті өрiстер
1.4.3. Фондық электромагниттік өрістер. 
1.4.4. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi. 
1.4.5. ТД және радиохабар. 
1.4.6. Ұялы байланыс. 
1.4.7. Энергетика және электрлік көлiк. 
1.4.8. Компьютер және кеңсе техникасы. 
1.4.9. Тұрмыстық техника. 
1.5. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
1.6. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер[i]

Кіріспе
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты
қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын
пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен
ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар
жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын
интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек
табатын мәселелердің қатарына жатады. 
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес.
Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз
өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің,
жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс
процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі
мүмкін.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен
болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына
байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және
машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл
процесс тезірек жүреді. 

Негізгі бөлім
2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. 
Өндiрiстiң қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының
мөлшері жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды
деуге болады. Адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы
күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса,
соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана
жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының
концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке үлкен
əсер етедi. 

Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот,
20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01%
басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер
бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмдіктердiң тiршiлiк əрекеттерi
нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi
кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек
пайдаланушылар болып есептеледi. Көмірқышқыл газы атмосфераға тiрi
организмдердің тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың
ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы
мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етеді. 
Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады. 

1.1.Табиғи ластану. 
Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи
процестер нəтижесiнде түзiледi. 
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне
космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы,
орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық
шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар —
бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б.
түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде
болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.

Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль
атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның
түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi
организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. 
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ
бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот,
көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады. 
2.2. Жасанды ластану.

Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе
автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып табылады. Есептеулер
бойынша, (слайд) автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл
газы — 9%, көмiртек оксидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек
-2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006%
барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Атмосфераға
транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны
анықталған.

Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса,
үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат үшiн
қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын
үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың
автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық
емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Яғни физико-химиялық қоспалар тыныс алу
кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды.

Келесі ластаушыларымыз – жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр
станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5т күкiрттi
ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен əсер
ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар
мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар
мөлшерiн бiршама азайтады. 
Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Есептеулер бойынша,
реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кгм3 альдегидтер, 6,5 кг
көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кгм3
қатты бөлшектер бөледi екен.

Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде
осы уақытта 25000га жердiң орманы бөлетiн оттектi жұмсайды екен.
Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ
өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т.б. арқылы
жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi
қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар
көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен
өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек
оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна күкiрт оксидi,
53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.

Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми техникалық прогресстiң аса
маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл
адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi
техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай
болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге
болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90%
биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге
қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген
мөлшерiнен де асып түседi.

Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне,
т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi. Көмiрқышқыл газы
инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр
концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына
əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 20%,
бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк
қасиетi бар. 

Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды
проблемалардың бiрi болып отыр. Қышқыл жаңбырлар ағаштар мен ауыл
шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар
заттардың табиғи айналымына қосылып, су мен топырақта көп мөлшерде
жинақталып тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының
тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.

2.3. Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету
байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер —
радиоактивтi ыдырау кезінде бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл
сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде
сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң
тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде
түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық
өзгерiстер туғызады. 
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық
сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық
қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Радиоактивтi
элементтердi өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу
жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi
мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады,
олардың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi,
асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды
əсер етедi.

Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың
жарылуы кезiнде ластанады. 
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық
өнiмдерi арқылы да таралады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп,
олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке
пайдаланады, т.с.с. 
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған
атом бомбаларының зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда. 1949жылы Семей
жеріндегі ядролық сынақтың зардаптары да әлі сезілуде. 1963 жылы Москва
қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды
атмосферада, космос кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы
келiсiмге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Жауын – шашынның ластануы
Ауаны ластаушы көздер туралы
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Алматы қаласының техникалық жөндеу орталықтарының қоршаған ортаға ықпалы
Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы жайлы
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалдары
Пәндер