Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Кәсіпкерліктің мәні, экономикадағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Кәсіпкерліктің негізгі формалары, түрлері олардың өзара қатынастары ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер олардың алдын алу ... ... ... ... ... ..14

II Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талдау ... ... ... 18
2.2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік климатты мемлекеттік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

III Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлерін жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпкерлік қызметті дамыту дамыған елдер тәжірибесін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Аталған курстық жұмыста кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлеріне
түсініктеме, олардың ерекшеліктеріне тоқталып, Қазақстан Республикасында
кәсіпкерліктің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарына талдау
жүргізілген.
Шет елдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шаралардың көп
екенін байқауға болады. Республикамызда кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес,
шет елдегі сияқты нақты көмек қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің негізгі
формалары мен түрлерін жетілдіру жолында шет ел тәжірибесін пайдалану
нәтижелігі мен мүмкіндіктер бағыттары қарастырылған.

I.КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикадағы орны.

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда нарық
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Гарвард
университетінің профессоры Иозев Алиоз Шумпетер (1883-1950) мән берді.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшан экономисті Ричард Кантильон
(1650 – 1734) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында
табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін
жатқызады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Кәсіпкер түсінігінің қалыптасу эволюциясы тауар және қызмет көрсету
түрлерін өндіру, айырбастау және бөлу үрдістерінің қалыптасу тарихымен және
ғылыми-техникалық прогресс деңгейінің дамуымен байланысты.
Кесте 1
Кәсіпкер және Кәсіпкерлік түсінігінің эволюциясы

Уақыты Анықтаманың Анықтаманың мәні
авторы
Орта ғасыр - Кәсіпкер- көлемді құрылыс немесе өндірістік
жобаны орындауға жауапты адам.
1770 А.Тюрго Кәсіпкер тек нақты ақпараттарды ғана емес,
капиталды да иеленуі керек.
1776 Адам Смит Кәсіпкер-кәсіпорын иесі және коммерциялық
пікірді жүзеге асырушы. Негізгі қызметі-
нарықтық шаруашылық жағдайында өндірісті
басқару және ұйымдастыру.
1797 Карно Бодо Кәсіпкер – бұл алған ісіне жауап беретін,
жоспарлайтын, бақылау жасайтын, ұйымдастыра
алатын және кәсіпорынды иеленетін тұлға.
1830 Жан Батист Сэй Кәсіпкерлік – нарық кеңістігіндегі белгілі
нүктедегі өндіріс факторының ұтымды
комбинациясы.
1876 Фрэнсис Уокер Кәсіпкер – бұл өзінің ұйымдастырушы
қабілеттілігі арқасында пайда алатын адам.
1890 Альфред Маршалл Әрбір ынта білдіргеннің бәрі кәсіпкер бола
алмайды. Кәсіпкер табиғи іріктеу заңына
сәйкес жүреді.
1910 Макс Вебер Кәсіпкерлік қызмет ұтымдылықты жүзеге асуы (
ұтымдылық деп, ол функционалды тиімділікті
түсінді: салынған қаржыны пайдаланудан жоғарғы
түсім алу)
1911 Иозеф Шумпетер Кәсіпкерліктің ең бастысы – инновациялық
қызмет. Ең бастысы ...басқалар істемейтін
істі істеу және олар істегеннен басқаша
істеу
1913 И.Фон Тюнен Кәсіпкер – ерекше сапа иегері, тәуекелділік
жасағаны үшін және қосымша коммерциялық әсер
алуы мүмкін.
1921 Ф.Найт Кәсіпкер өндіріс пен айырбастың дамуының
негізгі көрсеткіштерін болжамдайды және
қосымша коммерциялық әсер алуы мүмкін.
1936 Дж.Кейнс Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты- ең
жақсыға ұмтылу, тәуелсіздік, мұраға бар
бағалықты қалдыруға талаптануы.
1961 Дэвид Кәсіпкер – бұл энергиясы мол, болмашы
Макклелланд тәуекелділік жағдайында әрекет ететін адам.
1964 Питер Друкер Кәсіпкер бұл энергиясы мол, болмашы
тәуекелділік жағдайында әрекет ететін адам.
1975 Альберт Шапиро Кәсіпкер – бұл инициативалы, әлеуметтік
экономикалық механизмді ұйымдастыратын,
тәуекелділік жағдайында әрекет етеді, ал
антрепренерлер жаңа кәсіпорын салады.
1980 Карл Веспер Кәсіпкер экономистерге, психологтарға, басқа
да мамандар мен саясаткерлерге әртүрлі болып
көрінеді.
1983 Гиффорд Пиншо Интрапренерлік фирманың өз ішіндегі
кәсіпкерлік. Интрапренерлер жұмыс істеп тұрған
кәсіпорын жағдайында әрекет етеді, ал
антрепренерлер жаңа кәсіпорын салады.
1985 Роберт Хизрич Кәсіпкерлік бұл құны бар, жаңа қандай да болса
бір затты салу үрдісі, ал кәсіпкер – бұл
осыған барлық қажетті уақытты және күшті
жұмсайтын, өзіне түгел қаржыны, психологиялық
және әлеуметтік тәуекелділікті алатын адам,
марапатқа алатыны ақша және қол жеткенге
қанағаттануы.
1988 М.Алле Кәсіпкер нарықтық жағдайда
ұйымдастырылғантшаруашылықта жетекші рөл
алады.
1993 Т.Ю.Горьков Кәсіпкер бұл бизнесте негізгі фигура, ол өзіне
өндірістің барлық факторларын біріңғай
шаруашылық үрдіске біріктіру міндетін қояды.

Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше
жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен
ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-
экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды
мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны
құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық
экономикасының негізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі. А.
Маршаллдың бойынша - кәсіпкер – экономикалық процестерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Кәсіпкерлік – шаруашылық қызметті атқаратын келесі сипаттағы түсінікті
қарастырамыз:
1. Неғұрлым көп пайдаға ұмтылушылық
2. Тәуекелділікке баруға даяршылық
3. Жаңаға ұмтылушылық
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға
бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі
негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен,
дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық
қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің
белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері) және
мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген
түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, иннновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздарымен операциялар бола алады.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын
түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату,
жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола
алады:
- Қазақтанның азаматтары
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлік ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық
заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
- меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Экономиканың тұрақты болуы және бәсекелес сипатының қалыптастырудың басты
күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерліті
дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқықтығы болы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,
өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына
жұмсау.
- Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге
тәуекелділікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген
жауапкершілік болмайтын болса, онда кәсіпкерліктің де болмағаны.
- Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жету бағдарын
ұстануы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен
байланысты. Яғни кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы,
әлеуметтік экономикалық шарттары қолданылуы қажет.
- Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын
қалайды.

1.2 Кәсіпкерліктің түрлері олардың өзара қатынастары

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыру
болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі,
демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті
өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске
асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде
қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру
және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге
– байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшалады сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік –
бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.
Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын алып отыратын
қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік
табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай – кәсіпкер қызметінің қажетті
буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін. Кәсіпкерліктің
бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация жасайтын
экономикалық агент ретінде анықтай отырып А.Смиттің тұжырымын толықтырған
Ж.Б.Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық,
қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады.
Алайда қарыз капиталын пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады.
Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі
өседі.
Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқ тек
қана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек қана
мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке адамға
мүмкіндік ашты, бұл жағдай нарық экономикасының тұтынушылар қажеттіліктері
мен ҒТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік құру - өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты
міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты барынша
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін көтеруге
Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін
қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде
бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары
– жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерін, біріккен адамдар тобы яғни,
ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар,
холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің даму кешені және көп деңгейлі сипат
алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық
базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозеф Шумппетердің (1883-1950 жылдары)
пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе басқа
игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа жаңа әдісін ендіруге, жаңа
өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жартылай фабрикаттардың жаңа
көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз бетінше
жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен
ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбрінде ұқсамайды және әлеуметтік-
экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды
мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны
құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық
экономикасының негізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі. А.
Маршаллдың бойынша - кәсіпкер – экономикалық процестерді жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселелерді шешкен жоқ. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
Кәсіпкерлік әртүрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі
жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз:
ұлттандару кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, -
себебі, үкісеттің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында.
Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- Бизнес көлемі шектелмеген.
- Қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар,
- серіктестік (жолдастық)
- корпороция (акционерлік қоғам)
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершідігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке
кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген
өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация
үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің
т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлісіп айналысатын бизнесті
атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы
сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл.
Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе
жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын
оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе
зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік
формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет
сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы
аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген,
сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік
қоғам деп аталады. Корпорация табысына корпорацияға салынған салық
ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерліктің формасы Қазақстанда жиі кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоротивті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер
жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушаларға дивиденд түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының
бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының
бөлігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық
салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S
корпорациялары (small business conporation) статусын алуға рұқсат
етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иетерінің табысы
болып саналады және тек табыс салығы алынады;
- экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай
нақты құны жщқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген
иелер арасында орналыстырылған корпорацияларда бақылау функциясы
меншік функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға
ұмтылады, ал менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында
дивидендтерді азайтуға тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын
артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көліміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу үшін
және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін
келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету,
тауарларды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек
түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына
енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды., сондай-ақ
өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерйиялық
ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің
рынок талаптарына сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты күйіп
кетуге тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты
бітіріп, тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны
АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды.
Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның
ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелуіне тура келеді, осының нәтижесінде
ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл
жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист болып табылатын,
тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерге арналған
техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады. Оның
рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған.
Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар
формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық
серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам
(ашық және жабық), еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе діни ұйым,
қайырымдылық қор фирмаларында құрылады.
Кәсіпкерлік жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының
маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса
басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік
өзінің мәнін жете түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық
жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту
формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады.

1.3 Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Кез- келген кәсіпкер өз жұмысын жүзеге асыру барысында қандай да бір
кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын
жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай
отырып, кәсіпкер өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы
мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания
тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол
шешімдердің табысты іске асырылуы ықтималдылығы кәсіпорынға іштей және
сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел
ұғымы пайда болады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерге тән қасиеттің бірі тәуекелділік
жасау. Тәуекелділік- бұл кәсіпкерлер еркіндігінің қарсы жағы. Тәуекелділік
шаруашылық шешімінің элементі ретінде, оған мынадай анықтама беруге болады
– бұл нарықтың қатынастың кез келген субъектісі қызметінің ситуациялық
сипаты. Өйткені, кәсіпкерлік іс нәтижесі бұл жағдайда анықталмаған, өз іс
әрекетінің нәтижесі жағымды немесе жағымсыз, пайдалы немесе зиянды болуы
ықтимал. Сондықтан да кәсіпкер өзінің нақты экономикалық шаруашылық
қызметінде қажетті нәтижені алу немесе ала алмау мүмкіндігінің дәрежесін
еске алуы қажет.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның, фирманың қызмет жасауы үнемі
айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтан да кәсіпорын жайлы
мыңдаған мінез-құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық
тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып
табылады.
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы
тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер
кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін
қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен
салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның
дефинициялануы мүмкін болатын салдарларды қоысп алады, үшіншісінде - өзінше
тәукелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және
ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық пайдалы
нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі
және тәуекелсіздік құралдырымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекелділік кез келген экономикалық қызмет түрлерінде кездеседі, сондықтан
да олардың түрлері аса көп және күрделі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқамен салыстырғанда
табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдылығы. Тәуекелдің бірнеше
түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, пайыздық.
Өндірістік тәуекел – кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асырумен
байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері –
межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық
яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б.
төлеу.
Өндірістік тәуекелділіктің құрамы:
– шаруашылық келісімінің орындалмай қалуы қауіпсіздігіне
тәуекелділік.
– Нарық конъюнктурасының өзгерісіне, бәсекелестіктің күшеюі
қауіптілігіне тәуекелділік жасау.
– Ойламаған шығындардың болуына тәуекелділік жасау
– Кәсіпорынды жоғалту мүмкіндігіне тәуекелділік.
Коммерциялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету
процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең
тараған түріне-тауардың сатып –алу бағасының өсуін, сатып- алу көлемінің
ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын,
айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлімінің төмендеуін және т.б.
жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы
қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға
бағаның төмендеу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемегендігімен
түсіндіріледі.
Жоғалту мөлшеріне байланысты тәуекелдің даулы облысы мен зонасын ерекше
бөліп қараймыз.
Жоғалту болмайтын облысты тәуекелсіздік зонасы дейміз және оған нөлдік
жоғалту тән.
Облыстың жіберуге болатын тәуекелділік зонасы деп, сол шеңбердегі
кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды яғни
жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона
тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер
қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сыңарлы тәуелділік зонасы – бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен күткен түсім
мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сипатталады және ол шығын мен
пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сыңдарлы тәуелділік зонасы
жоғалту қауіптілігімен сипатталады, сондықтан да күткен пайдадан артықтау
және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын жоғалтуына алып келуі
мүмкін. Қарастырған соңғы жағдайда кәсіпкер атқарған іс-әрекеттен ешқандай
табыс таба алмай ғана қалмайды, бірақ барлық жарамсыз шығындар сомасында
тақырға отырады.
Қауіп-қатерлі тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік
жағдайына сай мөлшеріне жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік
кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті,
оны жауып, мүлкін саттырады. Сондықтан қауіп-қатерлі тәуекелділік
категориясына мынандай тәуекелділік жатады: тікелей адам өмірін деген
қауіптілік пен байланысты немесе қауіп-қатердің тууымен.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе
отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін - өзін-өзі сақтандыруды қолданады,
тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирлеу жолымен басқа жеке тұлғаға немесе
ұйымға береді, опциондар., сақтандырулар жүргізіледі. Тәуекелділіктің
азайуына тиімді болжау мен жоспарлау, лимиттеу ықпал етеді.
Хеджирлеу дегеніміз не? Хеджирлеу – бұл фьючерлік іс-әрекет жасағында
тәуекелділіктен сақтандарылудың түрі. Хеджирлеу банктік, биржалық,
коммерциялық практикада қолданылады. Биржада ол фьючерлік контракта ретінде
жүзеге асады. Биржада хеджирлеу жасаған кезде іс-әрекетке қатысушылар өзін
бағаның ыңғайсыз келісімінің өзгеруінен және басқа операциялардан
сақтандыру мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп келешекте тауарларды алып келуді
ескереді. Хеджирлеудің кең тараған түрі – жедел валюталық іс-әрекетті
жасау. Біздің елімізде хеджирлеу тіпті қолданылмайды, ал әлемдік практикада
ол кең тараған.
Өзін-өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын кемітуі
мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе шеккен
зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшігімен жабады. Өзін-өзі
сақтандыру логикаға жататын нәрсе, себебі сақтандыру мүлігінің құны
бизнестегі барлық мүлік және қаржы параметерлерімен салыстырғанда аса үлкен
емес.
Кәсіпорынды өзін-өзі сақтандырудың және бір түрі опциондарды шығару болып
табылады. Опцион – алдағы келісім бойынша, сонда көрсетілген жағдайға
қарай, сатып алушының сатып алу құқығы. Опцион – мерзімі көрсетілген
қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің
құқығын пайдаланатынын хабарлауы керек.
Әлемдік практикада қымбат жұмыстардың басқа компанияларда жүзеге
асқанында қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін аудару кең тараған, себебі
барлық жоба сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі
көтереді.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына кері
тәеулді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру кәсіпкерлігімен
шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап
болашаққа болжау жасайды.
- Эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары
зерттеледі.
- Есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Сонымен, тәуекел жағдайында шешім қабылдау барысында кәсіпорынның
максималды табыс алуға деген ынтасы ғана емес, сонымен қатар оған қол
жеткізудің кепілдендірілген деңгейі де ескерілуі тиіс. Сол себепті жоспарлы
шешімдердің тиімділігін бағалаудың ең ұтымды критерийі болып –
кепілдендірілген максималды күтілетін табыс санала алады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өзекті мәселелері және
оларды шешу жолдарын талдау

Кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Бұл мәселе кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің дамуы мен
өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді.
Сондықтан да, Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа
үндеуінде кәсіпкерлік қызметті қолданудың тізбектілік тәртібіне тоқталып
өтті. Жолдауды Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып
табылады. Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір
қызметкер жылына он жеті мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған
елдерде бұл көрсеткіш тоқсан мың доллардан асып түседі. Қорытынды өте
түсінікті бізге жағдайды түзету - кәсіпкерлік субъектілерінің
белсенділігін ынталандыра отырып, өнімділікті арттыру, инновацияларды
ендіру керек. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына
жеткізеді. Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз
мойнына алуға, жаңа нарықты игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты
кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.
Нақ осы кәсіпкерлік қызметтің субъектілері экономиканы жаңғыртудың
қозғаушы күші болып табылады - деген болатын.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың
басты элементі болып табылады, онсыз мемлекет бірқалыпты дами алмайды.
Шағын кәс Қіпкерлік – бұл өркениетті нарықтық шаруашылықтың құрамдас
бөлігі, оған тән бәсекелестік механизмнің ажырамас бөлігі. Бұл кәсіпкерлік
түрі нарықтық экономикаға қажетті икемділік бере отырып, халықтың ірі
қаржылық және өндірістік ресурстарын жинақтайды, өзінде қуатты монополияға
қарсы потенциалды қалыптастыра отырып, ғылыми техникалық прогресстің
бірқатар бағыттары бойынша алға жылжуды қамтамасыз етеді және құрылымдық
қайта құрудың басты факторы болады, көп жағдайда нарықтық шаруашылықтың
еңбекпен қамту және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешеді. Сондықтан шағын
кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясатты қалыптастырудың стратегиялық
міндеті болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында:
өңірлік даму реформаларынсыз біз жедел әртараптандыруға қол жеткізе
алмаймыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды
бастау қажет. Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста – кен
металлургия кешені, атом, химия өнеркәсібі және аграрлық индустрия
дамытылуы тиіс – деп, атап өтті.
Жаңа кәсіпорындардың нарыққа шығуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Пәндер