Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік



КІРІСПЕ

1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ
11 Интеллектуалдық меншіктің негзігі ұғымы
1.2 Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы

2 САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
2.3 Сабақ құқықтарды қорғау

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ
1. Интеллектуалдық меншіктің негзігі ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының
арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8
2.2 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Сабақ құқықтарды
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17

КІРІСПЕ
Интеллектуалдық меншік түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты,
соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық
құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы
сипатқа ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 49 – тарау осы
интеллектаулдық меншікке арналған.
Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе
қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы,
қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде
интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады [1,
505.].
Курстық жұмыстың тақырыбы сабақтас құқаққа арнлаған. Сабақтас құқық
интеллектуалдық меншік құқығының объктілерінің бірі болып табылады.
Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және
кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке
мүлiктiк емес құқытары.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға,
эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың
мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен
нысандарына қарамастан қолданылады.
Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау
ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға,
эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың
мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына
қарамастан қолданылады.
Курстық жұмыс кіріспе, 2 – тарау, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫ 
1.1 Интеллектуалдық меншіктің негзігі ұғымы

Интеллектуалдық шығармаларға және оларға теңестірілген объектілірге
қатысты ерекше құқықтарға арналған Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексінің нормалары өзінің жиынтығы бойынша қазақстандық азаматтық
құқықтың ерекше саласын құрайды. Интеллектуалдық меншік объектілердің
жиындық көлемі бойынша және қайнар көздерінің жүйесі бойынша қарастырып
отырған азаматтық құқық саласы өзара тәуелсіз төрт институтқа бөлінеді.
Өзара ұқсас ерекшеліқтеріне қарамастан, әрбір институттың құқықтық
нормаларда көрініс тапқан өзіне тиесілі белгілері бар. 
Ең алдымен Авторлық құқық пен сабақтас құқық ерекшеленеді. Бұл құқықпен
ғылым, әдебиет пен өнер, фонограмма, қойылым, эфирлік хабарларды (сабақтас
құқық) шығару және қолданумен байланысты қатынастар реттеледі. Кейінне
авторлық құқық деп аталатын екі құқықтық институттың бірігуі сабақтас
құқықтың пайда болуы мен қамсыздандырылуында автордың шығармашылық
құқықтарына бағыныштылығымен сипатталады, сонымен қатар жоғары аталған
құқықтарға байланысты қатынастар бір заңмен реттеледі. 
Интеллектуалдық меншік құқығы саласына кіретін тағы бір институты
болып патенттік құқық табылады. Ол шығармаларды және маңызды өндірістік
үлгілерді қалыптастыру мен қолдануда пайда болатын мүліктік және олармен
байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. 
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты нарықтық
экономиканы дамыту барысында оның элементтері болып табылатын фирмалардың
атаулары, тауар белгілері, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған
жерлердің атаулары сияқты өндірістік меншік объектілері аса маңызды
элементтері болып табылады. 
Тауар иеленушілері үшін шаруашылықтың теңдігін орнату, олардың әрекеттеріне
бәсекелік бастау мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті көбейтуді енгізу,
тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін нарықты тауармен және
қызметпен қамсыздандыру құқықтық тетіктегі (механизм) кәсіпорын мен
ұйымдардың, сондай-ақ олар өндіретін тауар мен қызметтің лайықты
дербестігін қамтамасыз етудегі объективтік қажеттілікті ескертеді. Мұндай
құқықтық тетік (механизм) азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы, нақтырақ
айтатын болсақ, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен олармен өндірілетін
өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты болып табылады. Бұл
құқықтық институт патенттік құқық сияқты өндірістік меншікпен, яғни өндіріс
сферасындағы жүзеге асырылатын ерекше құқықтармен, сауда айналымы, қызмет
көрсету т.б. байланысты. Қарастырып отырған интеллектуалдық меншік
институтының негізгі функциясы өндірушелірдің және олардың тауарлар, жұмыс
пен қызметтің тиісті дербестігін қамтамасыз ету болып табылады [2, 32 б.]. 
Ғылым, әдебиет пен өнердің өнімі болып табылатын шығармалар, сонымен
бірге өндірістік үлгі мен модельдер шығармалары шығрмашылық әрекетінің
нәтижелерінің әртүрлілік қабілеттерін таусылтпайды. Солармен қатар
адамдардың шығармашылық қабілеті нәтижесінде пайда болатын басқа да
объектілер бар, олардың қоғам үшін аса зор маңызы бар, және де оларды
қоғамның тануы мен құқықтық корғауда мұқтаж болады. Авторлық құқық пен
патенттік құқықпен қорғалатын қарапайым объектілер, сонымен қатар азаматтық
айналым қатысушылардың дербестік құрал институтымен қатар, қазақстандық
азаматтық құқық селикциондық жетістіктердің, интегралды микросхемалардың
топологияларының, коммерциялық құпия ақпараттарының және интеллектуалдық
әрекеттің басқа да нәтижелерінің қорғауын қамтамасыз етеді. Аталған
интеллектуалдық әрекеттің нәтижелерінің дәстүрлі интеллектуалдық меншік
объектілерінен айырмашылығына сүйене отырып, оларды біртұтас құқықтық
институтына, яғни интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді
қорғау институтына жатқызуға болады. 
Сонымен, азаматтық құқықтың сала ішіндегі саласы – интеллектуалдық
меншік құқығы – жоғарыда аталған төрт институт көлемімен сипатталған, олар:
авторлық құқық, патенттік құқық, азаматтық айналымдағы қатысушылар мен
олармен өндірілетін өнімнің (жұмыс, қызмет) дербестік құрал институты және
интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерді қорғау институты.

2. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық
объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де
көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға
қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт, интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен
теңестіруге негізделсе, екінші бағыт құқықтарды заттық құқықтарға емес,
керісінше ерекше сипатты құқықтарға жатқызуға негізделеді. 
Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама
(propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі
ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған. 
Проприетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кез келген қызмет барысында, соның
ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге
меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде, интеллектуалдық өнімді
жааушы субъектінің осы өнімге мүліктік және өзіндік мүліктік емес
құқықтарының қосындысын интеллектуалдық меншік деп атауды ұсынады.
Нәтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында интеллектуалдық меншік ұғымы мен оның
құрамдас бөліктері болып табылатын әдеби меншік және өнеркәсіптік
меншік ұғымдары әлемнің көптеген елдердің заңдары мен маңызды халықаралық
конвенцияларда кеңінен қолданыла бастайды [3, 34б.]. 
Мәселенің бұлай шешілуіне және интеллектуалдық меншік ұғымын құқықтық
ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан ерекше құқықтар теориясының
өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық
шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент
иелерінің және олардың құқық мирасқорларның құқықтары әуел бастан уақыт
бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын
қоғауға арналған виндикалық және басқа да талаптардан өзге құқықтық
құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге
жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың
құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан интеллектуалдық
меншік терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті. 
ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың
арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі
уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екіқырлы екендігіне
ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық
мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады. Шынында да шығармашылық
нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты
құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер
арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле
алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және
абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін-еркін беріле
алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан,
авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес
(моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл
құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға
жатпайтын құқықтар болып табылады. 
Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын интеллектуалдық меншік
терминімен атау қазіргі уақытта шыртты түрде алынғаны түсінікті. Әйтсе де,
бұл терминнен мүлдем бас тартып, тілге тиек болып отырған нәтижелерге
қатысты тек ерекше құқықтар терминін пайдалануды немесе бұл терминдерді
заң актілерінде, ең болмағанда, синоимдер ретінде қатар қолдануды
ұсынушылар қатары әлі де аз емес. 
Кеңес өкіметінің соңғы жылдарына дейін буржуазиялық институт ретінде
пайдаланудан бас тартылып келген интеллектуалдық меншік ұғымы қайта
оралған атаулардың бірі болып табылады. Ол КСРО-ның құқықтық кеңістігінде
алғаш рет 1990 жылы 6 наурыздағы КСРО-дағы меншік туралы заңда қолданыла
бастады. 
Осы саланы зертеушілердің еңбектерінде интеллектуалдық меншікке
материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық шығармашылық
қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген азаматтық айналымның
субъектілері мен объектілерін дараландыру құралдарына азаматтық құқық
субъектісінің өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының кешені
(жиынтығы). 
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125-бабында
интеллектуалдық меншік пен ерекше құқықтар категорияларын теңестіру
орын алған. 
Бұлайша теңестіруді себептерге байланысты қателік деп қарастыруға
болады. Жоғарыда айтылғандай, интеллектуалдық меншіктің мүліктік
құқықтармен қатар өзіндік мүліктік емес құқықтардың да жиынтығы болып
табылатындығы белгілі. Ал, Азаматтық Кодекстің 964-бабына сәйкес, ерекше
құқық – интеллектуалдық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша
кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы болып танылады және
зерттеушілердің барлығы дерлік бұл құқықты интеллектуалдық меншік
объектісіне құқықтардың ішіндегі ең бастысы деп таниды. Әйтсе де, ерекше
құқық интеллектуалдық меншік ұғымы қамтитын құқықтар кешенінің бір
бөлігін ғана құрайтындықтан, бұл құқықтық конструкциядан өзіндік мүліктік
емес құқықтар тыс қалады. 
Осы айтылғандардың негізінде АК-тің 125-бабы 2-тармағының редакциясынан
Ерекше құқықтардың... деген сөз тіркесін алып тастап: Интеллектуалдық
меншік объектісі болуы мүмкін интеллектуалдық шығармашылық қызметтің
нәтижелері мен дараландыру пайдалану ... деп беруді ұсынамыз. 
Бұл орайда, интеллектуалдық меншік және ерекше меншік ұғымдарын тең
дәрежеде қарастырудың орынсыздығы Қазақстан Республикасы заңдарына ғана
қатысты екенін айта кеткен жөн. Мәселен, ерекше құқық Ресей мен
Өзбекстанның азаматтық заңдарында құрамына интеллектуалдық меншік
объектісіне өзіндік мүліктік емес құқықтармен қатар, мүліктік құқықтар да
енетін категория ретінде түсіндіріледі. Дәл осы секілді позиция ТМД
елдерінде Модельдік Азаматтық Кодексінде де бекітілген. Ал, Қазақстан
заңдары бойынша, жоғарыда айтылғандай, бұл категорияға тек мүліктік
құқықтар енеді. 
Сонымен бірге, ерекше құқық деп тек мүліктік құқықтың танылатындығы
туралы Азаматтық Кодексте бекітілген ережемен Қазақстан Ғалымдарының бірдей
келісе бермейтіндігін айта кету керек. Бұл орайда, біз Т.Қаудыровтың: ...
мәселен, мүліктік емес авторлық құқығының ерекшелік сипаты бар (осы
туындыға немесе өнертабысқа басқа бір тұлғаның осы тәрізді құқығы жоққа
шығарылады). Кейбір субъективті құқықтардың кешені ретіндегі ерекше құқық
конструкциясының болуы бұл конструкцияға енбеген өзіндік мүліктік емес
құқықтардың ерекшелік қасиетінің болуына бөгет болмайды деген пікірімен
келісе отырып, терминологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында
республикамыздың азаматтық заңдарына интеллектуалдық меншік және ерекше
құқықтар терминдерін тең мағыналы ұғымдар ретінде қолданбауды ұсынамыз.

1. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Сабақтас құқық ұғымы

Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және
кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке
мүлiктiк емес құқытары.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға,
эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың
мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен
нысандарына қарамастан қолданылады.
Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар
тарату ұйымдары сабақтас құқық субъектілері болып табылады.
ҚР аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы ҚР
аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерінің,
сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының құқықтық мирасқорларының
құқықтары танылады [4, 58 б.].
Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін
немесе қойылғаннан кейін елу жыл бойы күшінде болады. Орындаушының өз аты-
жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары
мерзімсіз қорғалады.
Орындаушының құқықтары ҚР заңдарына сәйкес мынадай жағдайларда
танылады:
- орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса; 
- орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында
жүзеге асырылса; 
- орындаушылық, қойылым қорғалатын фонограммаға жазылса; 
- фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қорғалатын эфирлiк немесе
кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына енгiзiлген болса. танылады.
Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi
орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының
хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi
бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде
белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған
болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты
Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шарттарға сәйкес танылады.
Орындаушының құқықтары:
1. орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадiр-
қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де
қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы); 
2. орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы
алу құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы берiледi. 

2. Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері

Сабақтас құқықтың субьектісі болып, тікелей және кабельдік хабарлау
ұйымдарының әуенжазба өндірушілері мен орындаушылары болып табылады:
• әуенжазбаны өндіруші хабарлама ұйымдары, әуенжазбаға жазылған автордың
шығармаларын эфирге және кабельге беру құқығын жүзеге асырады.
• орындаушы орындайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық шартты рәсімдеу
Авторлық құқық. Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқыққа салыстырмалы анализ және түсінік
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Автордың мүліктік құқықтары
Авторлық құқық тарихы
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Пәндер